Қазалы аудандық Мәслихатының




НазваниеҚазалы аудандық Мәслихатының
страница2/10
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.37 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kazaly.gov.kz/admin/js/wysiwyg/image/file/20160119/20160119093000_63807.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
(«Бақыт» шаруа қожалығының «Қашқансу» №2 уч. көлінен; «Орын-Ай» ЖШС-нің «Мариям» №1 уч. көлінен; ЖК Ембергенованың «Мариям» №3 уч. көлінен; ЖК Мақсатбаевтың «Жанай» №1 уч. көлінен; ЖК Кеңесбайдың «Жанай» №2 уч. көлінен; ЖК Мейрамбектің «Томай» көлінен; ЖК Еңсепалиевтің «Қотанкөл» көлінен; ЖК Кенжалиевтің «Тұздыкөл» көлінен; «Орын-Ай» ЖШС-нің «Қуаңдария» көлінен; «Қуаныш» ЖШС-нің «Өтебас» көлінен; «Мақсатбай» шаруа қожалығының «Ақкөл» көлінен) жеке кәсіпкерлер аудан көлеміндегі тауарлы көлдерден белгіленген лимит бойынша балық аулап, «СПК Қызылорда Балық» ЖШС-і балық өнімдерін өңдеп, экспортқа өнімдер шығаруда.

«Жеңіс» шаруа қожалығы, «Сыр маржаны» ЖШС, «РЗА» АҚ, «Байқоңыргаз» ЖШС филиалы, «Аян», «Серимов К», «Аржиков Б» шаруа қожалықтары асыл тұқымды түйе, қой, жылқы шаруашылығын дамытуда белсенді жұмыс жасауда.

Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аймақтық үйлестіру кеңесіне 2010-2014 жылдары жалпы құны 4016,4 млн.теңге құрайтын 21 жоба ұсынылып, оның ішінде 2 жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді.

15 жоба толық іске қосылып, 188 жаңа жұмыс орны ашылды.

Бағдарлама аясында іске қосылған жобалар:

1. «Рза» АҚ-ның жалпы құны 2228,4 млн. теңге құрайтын «660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өндеу зауыты» жобасы. Қазіргі таңда асыл тұқымды мал саны 1743 басты құрап отыр.

Нақты кезеңде 566 сауынды сиырдан күніне орташа есеппен 28 литрден сүт сауылуда. Германия мен Италия мемлекеттерінің жоғары технологиялық құрал жабдықтарымен зауытта 2,5 %, 3,2 %, 6,0 % пастерленген, ультрапастерленгенсүт, айран, қаймақ, ірімшік, сары май өнімдері шығарылады. Жоба аясында 60 жаңа жұмыс орны ашылды..

Германия және Италия мемлекеттерінің жоғары технологиялық құрал жабдықтарымен жабдықталған зауытта 2,5%, 3,2%, 6,0% пастерленген, ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, ірімшік, сары май өнімдері шығарылады. Жоба аясында 60 жаңа жұмыс орны ашылды.

2. «СПК Қызылорда Балық» ЖШС-нің жалпы құны 150,0 млн. теңге құрайтын «Балық өңдеу зауытының құрылысын іске асыру» жобасы.

2014 жылдың 12 наурызында Еуропа елдеріне өнімді экспорттау мақсатында «еврокод» алынып, Дания, Германия, Австрия және т.б. елдерге экспортталуда.

Жоба аясында 40 жаңа жұмыс орны ашылды.

3. «Қазалы құрылыс» ЖШС-нің жалпы құны 120,0 млн. теңге құрайтын «Асфальт зауыты» мен темір-бетон бұйымдарын шығаратын цехын іске қосу» жобасы бойынша сағатына 60 тонна өнім шығаратын асфальт зауыты мен темір-бетон бұйымдарын шығаратын 2 шағын цех пайдалануға беріліп, 5 адам жаңа жұмыспен қамтылды.

4. «LCI-MK» ЖШС-і Қазалы филиалының («МО-1» ЖШС-нің Қазалы филиалы) жалпы құны 120,0 млн.теңге құрайтын «Темір-бетон бұйымдарын өндіру цехын кеңейту» жобасы бойынша филиал аумағынан жалпы аумағы 3200 шаршы метрлік жаңа алаң мен темір жол тұйығы салынып, 32 тонналық 2 кран және жылжымалы (КК-2032 маркалы) көтергіш, арнайы балкалар таситын платформа турникет алынып орнатылды.

Серіктестік аумағында ұзындығы 18, 21, 24 метрлік балкаларды келтіріп дайындайтын қалып құрылғылар орналасқан.

Аталған бұйымдар стандарттарға сәйкес дайындалып, республика аумағында пайдалануда. Полигонда айына 20-30 түрлі темір-бетон блоктар, плиталар өндіріледі. Жоба аясында 12 жаңа жұмыс орны ашылды.

5. «Қазалы Жолшы» ЖШС-нің жалпы құны 41,0 млн. теңге құрайтын «Асфальт зауытын іске қосу» жобасы бойынша тәулігіне 200 тонна асфальт өндіретін зауыт әкелініп, іске қосылды.

6 адам жаңа жұмыспен қамтылды.

6. «LCI-MK» ЖШС-і Қазалы филиалының («МО-1» ЖШС-нің Қазалы филиалы) құны 30,0 млн теңге құрайтын «Темір-бетон бұйымдары цехын кеңейту» жобасы бойынша электр бағаналарын дайындау цехының қондырғылары әкелініп, өнімдер сұранысқа сәйкес өнім шығарылуда. Жоба аясында 3 жаңа жұмыс орны ашылды.

7. «СПК Қызылорда балық» ЖШС-нің «Балық өнімдерін өңдеу цехын кеңейту жобасы» 3,0 млн. теңге жеке қаражаты есебінен қондырғы әкелініп, балық өнімдерінен фарш өндірілуде. Жоба аясында 2 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды.

8. «РЗА» АҚ-ның жалпы құны 20,9 млн. теңге құрайтын «Нан өнімдерін өндіру цехын кеңейту» жобасы.

Жобаны іске асыру үшін «Цесна банк» арқылы несие қаражаты алынып, нан өнімдерін өндіретін «JafPartners» ЖШС-мен келісім-шарт жасалынды. Еуропалық стандартты «Ревента» нан пісіру пешін орнатылып, іске қосылды. 3 адам жаңа жұмыспен қамтылды.

9. Жеке кәсіпкер Л.Мырзағұлованың жалпы құны 66,0 млн. теңге құрайтын «Нан және кондитер өнімдерін өндіру цехын іске асыру» жобасы.

Нан және кондитер өнімдерін шығару ғимараттарының құрылысы салынып, «БТА» АҚ-ы арқылы 14,0 млн. теңге несие қаражаты алынып, 2013 жылдың қараша айында іске қосылды. 10 адам жұмыспен қамтылды.

10. Жеке кәсіпкер Б.Әбдреймованың жалпы құны 70,0 млн. теңге құрайтын «Тәулігіне 5 тонна нан өнімдерін дайындау зауыты мен 200 тонналық ұн сақтау қоймасын жасақтау жобасы» бойынша ғимараттың құрылысы салынып, 2013 жылдың қарашасында іске қосылды. 10 адам жұмыспен қамтылды.

11. Жеке кәсіпкер К.Абдраманованың жалпы құны 5,2 млн. теңге болатын «Ағаш өңдеу цехын кеңейту жобасы» бойынша«Банк центр кредит» АҚ-ы арқылы несие қаражаты алынып, қажетті құрал-жабдықтар алынып, 3 адам жаңа жұмыспен қамтылды.

12. Жеке кәсіпкер Т.Игіліковтің жалпы құны 65,0 млн. теңге құрайтын «Балық өнімдерін өңдеу цехын іске асыру жобасы» бойынша «Банк центр кредит» арқылы 30,0 млн.теңге көлемінде несие алынып, тиісті балық өңдеу, сақтау ғимараттарының құрылысы салынып, 2013 жылдың қараша айында іске қосылды. Жоба аясында 5 жаңа жұмыс орны ашылды.

13. Жеке кәсіпкер Б.Бердымұратовтың жалпы құны 45,0 млн.теңге құрайтын «Полипропиленді қапқа флексобаспа жасау және ламинаттау цехын кеңейту жобасы».

Цех ғимаратының құрылысы салынып, тиісті қондырғылары әкелінді. Қазіргі таңда қызметкерлерді оқыту жұмыстары жүргізілді. Цех 2014 жылдың қазан айында пайдалануға беріліп, 3 адам жаңа жұмыспен қамтылды.

14. Жеке кәсіпкер Р.Мәмбетжановтың жалпы құны 50,0 млн. теңге құрайтын темірбетон бұйымдарын шығару жобасы. Жоба бойынша Әйтеке би кентінен ұйымдастырылып жатырған «Өндірістік аймақтан» 1 га жер учаскесін алып, цех құрылысы салынды. Маусымдық кезеңде 21 адам жұмыспен қамтылды.

15. Жеке кәсіпкер А.Рахметовтың жалпы құны 16,6 млн. теңге құрайтын құрылыс және жиһаз бұйымдарын дайындау цехын іске асыру жобасы. Жоба іске қосылып, 5 адам жұмыспен қамтылды.

Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жобалар бойынша:

  1. «Сыр маржаны» ЖШС-нің жалпы құны 355,5 млн.теңге құрайтын «500 басқа арналған мал бордақылау кешенін салу» жобасы бойынша жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2015 жылы іске қосылып, 16 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

  2. «Сенім-Табиғат» ЖШС-нің жалпы құны 500,0 млн.теңге құрайтын «Көп салалы ауылшаруашылығы өнімдері - Сауда орталығын салу» жобасы. Жоба аясында «Сауда-логистикалық орталықтан» 1 га жер учаскесі алынып, жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Жоба аясында 30 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлап отыр.

  3. Жеке кәсіпкер М.Абдрасулованың жалпы құны 9,2 млн. теңге құрайтын алкогольсіз сусындар шығару цехын іске асыру жобасы бойынша «Өндірістік аймақтан» жер учаскесін алып, тиісті құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында 7 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

  4. Жеке кәсіпкер «Zhankent LTD» ЖШС-нің жалпы құны 15,0 млн. теңге құрайтын «Тазартылған, құйылмалы ауыз су шығару» жобасы бойынша «Өндірістік аймақтан» жер учаскесін алып, тиісті құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 8 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады деп болжамдалуда.

  5. «Құрылыс материалдарын дайындау цехын іске асыру жобасы» («Асыл Ғани» ЖШС) қаржы-несиелік жағдайға байланысты тоқтап тұр.

  6. «Тұран Газ» ЖШС-нің жалпы құны 160,0 млн. теңге құрайтын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі бойынан «С» категориялы сервистік қызмет көрсету кешені» жобасы. «Батыс Европа - Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің 1475+300 шақырымында орналасатын «С» категориялы сервистік қызмет көрсету кешені «Тұран Газ» ЖШС-нің жобасы құрамында туристерді орналастыру, тамақтандыру және сервистік қызмет көрсету орталығын іске қосуды жоспарлап отыр. Қызмет көрсету орталығында 28 орындық қонақ үй, кафе, магазин, СТО, сұйық газ құю бекеті, шағын және ірі көлемді автокөліктерге арналған тұрақ салынады. Құрылыс кезінде 30 адам, іске қосылған кезде 22 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.


Ауылшаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі 2012 жылы – 100,5%, 2013 жылы 100,7 %, 2014 жылы 90,1 %, 2015 жылдың 10 айында 104,2 %.

Ауылшаруашылық саласындағы еңбек өнімділігі 2012 жылы - 101 %, 2013 жылы – 100 %, 2014 жылы 112,4 % болды.

Егін шаруашылығында тұқым сорттарын жаңарту мен машина-трактор паркін жаңалауда біраз жетістіктерге қол жеткізілді. Күріштің өнімді Янтарь, Новатор, Элита сорттары егілді. Күріштің тұқымын жаңартуға байланысты «Рза-Агро» ЖШС базасында тұқым шаруашылығы құрылды. Ауданда озық ауыл шаруашылығы техникалары «Джон-Дир» және «Класс» маркалы комбайндар мен дән сепкіштер жұмыс жасайды.

Мал шаруашылығында мал басының өсуі сипат алып отыр. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 2014 жылы 3 шаруа қожалық 24,5 млн. теңге несиеге 8 бас асыл тұқымды бұқа мен 142 бас аналық сиыр сатып алса, 2015 жылы 20 шаруа қожалығы өз қаржысы есебінен 51 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 13 шаруа қожалығы 103,3 млн. теңгеге 297 бас аналық бие, 47 бас асыл тұқымды айғыр сатып алды.

«Алтын асық» бағдарламасымен 2 шаруа қожалығы 12,1 млн. теңге несиеге 430 бас саулық, 19 бас асыл тұқымды қошқар сатып алынды. Және «Жайылымдарды суландыру» бағдарламасын іске асыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Шабындықтарды, жайылымдықтарды суландыру, үй іргелік жерлерді сумен қамтамасыз ету, көкөніс бақшалық дақылдарын егуді көбейту мақсатында көміліп қалған каналдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Коммуналдық меншікте 68 канал мен 9 бөгет, барлығы 77 нысан бар. Олардан 24-і облыстық «Табиғат» кәсіпорнының теңгеріміне өткізілді. 2013 жылы 34 каналдың жер актілері, 2014 жылы 35 каналдың техникалық паспорты жасалды. Бүгінге құжаттары толық дайын болған 44 каналды облыстық «Табиғат» МКК теңгеріміне өткізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар ауылшаруашылығын дамытуға үлес қосады.

Шағын және орта бизнес Бүгінде аумақтағы кіші және орта кәсіпкерлік қалыптасқан экономикалық сала болып бағаланады. Кіші және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының, тауар мен қызметтің кең профилінің қалыптасуының, салықтың елеулі үлесінің бюджетке түсуінің едәуір пайызын қамтамасыз етеді.

Аудандағы кіші және орта кәсіпкерлік көрсеткіштері қарқынды дамып, бұл экономиканың осы секторының дұрыс дамуын көрсетеді. 2014 жылы аудан бойынша 175 заңды тұлға, 3227 жеке кәсіпкер, 269 шаруа қожалығы, барлығы 3671 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері есепке алынса, 2015 жылдың 10 айында 180 заңды тұлға, 3460 жеке кәсіпкер, 289 шаруа қожалығы, барлығы 3934 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі есепке алынған. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында өнім өндіру мен қызмет көрсету 2015 жылдың 10 айында 3268,8 млн. теңгені құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 358,9 млн. теңгеге, яғни, 12,3 пайызға артқан.

2012 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны - 2828, 2013 жылы - 3358, 2014 жылы 3671, 2015 жылдың 10 айында 3934.

Бөлшек сауда. Нақты көлем индексі 2012 жылы – 106,6 %, 2013ж - 114,7%, 2014 жылы 119,5 %, 2015 жылдың 10 айында 104,4 пайызды құрады. Бөлшек сауданың өсуі жылдан-жылға сауда нүктелерінің, сауда орталықтарының, базарлар санының көбеюімен түсіндіріледі, қазіргі таңда 7 базар, 7 сауда орталығы, 686 сауда нүктесі бар.

Жалпы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы жұмыспен қамту деңгейінің артуына, аудан экономикасының дамуына әсерін тигізіп отыр. Ауданда кәсіпкерліктің дамуына «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асырудың өзіндік орны болып отыр. Бағдарлама аясында 2012-2015 жылдарда жалпы құны 576,7 млн. теңге құрайтын 23 жоба бойынша несиелік пайызды субсидиялау, кепілдендіру бағытындағы көмектер пайдаланылып, жаңадан 90 адам жұмыспен қамтылды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы «Өндірістік аймақ» ұйымдастыру мақсатында бірінші кезекте 12,7 гектар жеріне қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 153,6 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Аталған аймақтан кәсіпкерлікті дамыту үшін аудан кәсіпкерлері тарапынан жалпы құны 200,0 млн.теңгеден асатын жаңа 12 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жасалуда. Қазіргі таңда 6 жоба бойынша жер учаскесі алынды.

Тұрмыстық қызмет көрсету орындарын ашу, азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында «Сауда-логистикалық орталық ұйымдастыру» жобасы бойынша Әйтеке би кентінің орталығынан көлемі 2,05 га құрайтын жер учаскесі белгіленіп, инвестициялық жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда жаңа типтегі автобекет құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

«Көп салалы ауылшаруашылығы өнімдері қоймасы-Сауда орталығын салу» жобасы бойынша Жалпы аумағы 7461,0 шаршы метр аумақта орналасатын екі қабатты нысанда 1000 тонналық өнім сақтау қоймасы және азық-түліктер мен тұрмыстық заттар сату орындары орналасады.

Ірі сауда кешендерінің желілерін орналастыру үшін «Small», «Sulpak» т.б сауда орталықтарының жетекшілерімен алдын ала келісім жасалды.


Бағыт: Әлеуметтік сала

Білім.

Аудан бойынша барлығы 36 мектеп бар. Оқушылар саны 2012 жылы-14513, 2013 жылы 14183, 2014 жылы 14054, 2015 жылы 14115 болды. Жаратылыстану - математика пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) игерген білім алушылар 2012 жылы – 1175, 2013 жылы – 1062, 2014 жылы 996 болды, 2015 жылы 1315 болды, тиісінше жалпы оқушылар санындағы үлесі 2012 жылы – 54 %, 2013 жылы- 54,5 %, 2014 жылы 55 %, 2015 жылы 60 % -ды құрады.

Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған білім беру ұйымдарының саны 2013 жылы 1, 2014 жылы 3, 2015 жылы 3 немесе жалпы білім беру ұйымдарының санындағы үлесі 2013 жылы – 2 %, 2014 жылы 7,5 %, 2015 жылы 10 %.

Жалпы ауданда үш ауысымдық мектеп жоқ. Авариялық мектептер 2011 жылы 11 мектеп болды. 2012 жылы 1 мектеп, 2013 жылы 2 мектеп, 2014 жылы 1 мектеп, 2015 жылы 2 мектеп ғимаратының құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда аудан бойынша апаттық жағдайда 5 мектеп қалды.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 2012 жылы – 77 %, 2013 жылы – 81,5 %, 2014 жылы 87,9 %, 2015 жылдың 10 айында 92 % болды. Бұл жетістіктерге жету мектепке дейінгі тәрбиемен қамту ұйымдары санының артуымен түсіндіріледі. 2012 жылы 48, (19 балабақша, оның ішінде жеке 1), 2013 жылы 50 (19 балабақша,оның ішінде жеке 1), 2014 жылы 55 (24 балабақша, оның ішінде жеке 5), 2015 жылдың 10 айында 56 (26 балабақша, оның ішінде 6).

Техникалық және кәсіптік білім берумен типтік жастағы (14-24 жас) жастарды қамту аудандағы 4 колледжде жүзеге асырылуда. 4 колледждегі 14-24 жас аралығындағы жастар саны 2012 жылы - 767, 2013 жылы - 605, 2014 жылы – 519, 2015 жылы 525.

15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі 5,6 %.

Оқу орнын бірінші жылы бітірген түлектердің жалпы санындағы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандары 2012 жылы – 366, 2013 жылы - 322, 2014 жылы 223, 2015 жылы 321.

Денсаулық сақтау.

Аудан халқына 48 медициналық нысан қызмет көрсетеді (16-ДА, 3-ФАП, 15- МП, 2-ауылдық, 1 аудандық, 1 қалалық емханалар, 1 тері-жіңішке аурулар, 1 жедел жәрдем, 1 тубдиспансер, 1 аудандық, 1 қалалық, 4 ауылдық, 1 темір жол ауруханасы).

Денсаулық сақтау саласында 196 дәрігер 892 орта буын мамандары қызмет атқарады. 2011-2015 жылдар аралығында ана өлімі тіркелген жоқ.

Сәби өлімі 1000 тірі туылған балаға шаққанда 2012 жылы – 32-16,7, 2013 жылы – 16-8,2, 2014 жылы 17-8,9, 2015 жылдың 11 айында 15-8,9 болды.

Қан айналым жүйесі ауруларынан өлім-жітім 100 мың халыққа шаққанда 2012 жылы – 80-107,1, 2013 жылы –63 - 84,3, 2014 жылы 61-80,8, 2015 жылдың 11 айында – 50 - 65,8 болды. Онкологиялық аурулардан өлім-жітім 100 мың халыққа шаққанда 2012 жылы – 41-54,8, 2013 жылы – 74-98,5, 2014 жылы 59-79,4 2015 жылдың 11 айында 56-73,7 болып, төмендеу қалыптасты.

Туберкулезден өлім-жітім 100 мың халыққа шаққанда 2012 жылы – 1-1,3, 2013 жылы – 2-2,6, 2014 жылы өлім тіркелмеген, 2015 жылдың 11 айында 2-2,6 болды.


Халықты әлеуметтік қолдау.

Жұмыссыздық деңгейі 2012 жылы 5%, 2013 жылы 4,9 %, 2014 жылы 5,1 %, 2015 жылдың 10 айында 5,1 % -ды құрады.

Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған адамдардың санынан жұмысқа орналасқандар үлесі 2012 жылы - 48,8 %, 2013 жылы – 65,6 %, 2014 жылы 48,7 %, 2015 жылдың 10 айында 65 % -ды құрады.

Жұмыспен қамтылғандар саны 2012 жылы - 1641, 2013 жылы - 2650, 2014 жылы 2231, 2015 жылдың 10 айында 2198 болса, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 28,1 %, 2013 жылы 27,9 %, 2014 жылы 38,7 % болды.

Аудан бойынша арнайы әлеуметтік қызметтер алуға мұқтаж азаматтар саны 2012 жылы - 335, 2013 жылы - 325, 2014 жылы 334, 2015 жылы 318 болды. Осыдан арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылғандар 2012 жылы – 305, 2013 жылы – 296, 2014 жылы 322 болып, олардың жалпы санындағы үлесі 2012 жылы – 91,3 %, 2013 жылы – 91,3 %, 2014 жылы 96,5 %, 2015 жылы 97 % болды.


Мәдениет.

Қазіргі таңда аудан көлемінде 52 мәдениет пен өнер мекемелері бар, оның ішінде 24 мәдениет үйлері мен клубтар, 26 кітапхана, 2 мұражай. Мәдениет үйлері мен клубтардың басым бөлігі аудан орталығында орналасқан.

Аудан халқынына мәдени қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында мәдениет мекемелері мен нысандарын жаңарту, түрлі мәдени шараларды ұйымдастыру тұрақты жүргізіліп келеді.

Атап айтқанда: 2013 жылы 1 мәдениет Үйі және 1 мұражай, 2014 жылы 1 клуб 2015 жылы 1 клуб салынып, пайдалануға берілді.

2012 жылы 1 мәдениет Үйіне, 2014 жылы 4 мәдениет Үйі мен клубқа, 2015 жылы 4 мәдениет Үйі мен клубқа күрделі жөндеу жүргізілді. Жөндеу жұмыстары республикалық бюджет, «Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында және жергілікті бюджет есебінен жүргізілді. Стационарлы мекемелері жоқ ауылдық елді мекендердегі халыққа мәдени қызмет көрсету мақсатында облыстық бюджет есебінен ауданға дыбыстық және музыкалық аппаратпен толық жабдықталған «Зерде» автомобилі алынды.

Мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны 1000 адамға шаққанда төмендегіше қалыптасты.

2012 жылы –5443,7, оның ішінде кітапханаға келушілер 3371,9, мәдениет Үйлері мен клубтарға келушілер 1838,6, мұражайға келушілер 233,2.

2013 жылы –5806,5, оның ішінде кітапханаға келушілер 3357,5, мәдениет Үйлері мен клубтарға келушілер 2210,1, мұражайға келушілер 238,9.

2014 жылы–5711,4 оның ішінде кітапханаға келушілер 3334,8, мәдениет Үйлері мен клубтарға келушілер 2139,2, мұражайға келушілер 237,4.

2015 жылдың 11 айында 4968,8, оның ішінде кітапханаға келушілер 3086,8, мәдениет Үйлері мен клубтарға келушілер 1688,3, мұражайға келушілер 193,7.

Мәдениет ұйымдарына келушілер санындағы кітапханаға келушілердің азаюы қазіргі таңдағы жаңа технологиялардың көптеп пайдалануы себепті, кітап оқушылар санының кемігендігін байқалтады.

Мемлекеттік тілді игерген халық үлесі 2012 жылы – 98 %, 2013 жылы - 98 %, 2014 жылы- 99,9 %, 2015 жылы 99,9 %.


Дене шынықтыру және спорт.

Аудан халқының саны жылдан-жылға өсіп келеді. Сәйкесінше жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындар саны да өсуде. Олардың үлесі 2012 жылы - 21,5 %, 2013 жылы - 23 %, 2014 жылы - 24 %, 2015 жылы 25 % болды. Спортпен шұғылданушыладың санының артуы спорт саласындағы қолжетімді объектілер санының артуымен түсіндіріледі. 2012 жылы 9 спорт алаңы құрылысы, 2013 жылы 9 спорт алаңы құрылыс салынса, 2014-2015 жылдары аудан орталығынан 120 орындық 2 спорт кешені құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде аудан бойынша спорт объектілерінің саны 190-ға жетіп отыр. Оның ішінде 1 стадион, 129 спорт алаңы, 2 спорт кешені, 35 спорт залы, 10 тир, 8 икемделген зал.


Туризм

Ауданымызда туризм саласының дамуы тиісті деңгейге жеткен жоқ. Қазіргі таңда туризм нысандары қонақ үйлер, мейрамханалар мен 2 мұражаймен шектеліп отыр. Бүгінгі күнге облыс туристік индустрияны дамытуға айтарлықтай мүмкіншіліктерге ие болғанымен, ауданымыздың бұл саланы дамытудағы үлесі әзірге айтарлықтай емес .

Ауданымыздың Ұлы Жібек жолында орналасуы, аудан аумағында Жанкент қалашығының болуы келешек бұл саланың аудан деңгейінде дамуына септігін тигізеді деп күтіледі. Туризм дамуының басты көрсеткіштері тұрақты өсу тенденциясын көрсетеді.

Аудандағы туризм саласы дамуының басты көрсеткіштерінің динамикасы

№ р/н

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012ж.

2013ж.

2014ж.

1

Аудандағы орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілер саны

- резиденттер

адам

2573

3310

3177

-резидент еместер

адам

52

61

30

2

Орналастыру орындарының саны

бірлік

6

7

6

3

Орналастыру орындарының көрсетілген қызмет көлемі

млн. теңге

14280

35566

13862

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында жол маңы сервистік орталықтарын салу бойынша жұмыстар жүргізіліп, 5 жол бойы сервистік нысан салынатын жер белгіленген.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында конақ үй кешендерінің және жол бойы қызмет көрсету кешендерінің жобалары іске асырылуда.


Мемлекеттік тілді дамыту

Аудан бойынша мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатындағы барлық іс-шаралар Қазақстан халқының бірлігі мен өңірлік лингвистикалық капиталды сақтауға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған. Қорытындысымен аудан тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгергендері 2015 жылы 99 пайызды құрады, 2013 жылғы көрсеткішпен (98%) салыстырғанда 1 пайызға өскен. Мемлекеттік тілді меңгерудің жоғары көрсеткішке жетуі, соның ішінде облыстық байқаулардың жеңімпаздарын жергілікті «Тұран-Қазалы», «Қазалы», «Тәуекел Туы» газеттерінде және республикалық, облыстық интернет ресурстарында 74 мақалалар жарияланды.

Ауданда іс қағаздарын жүргізу мемлекеттік тілге көшірілген.

Аудан бойынша 2013-2015 жылдардағы шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100 %.

Мекеме атауы

Өлшем бірлігі

2013

2014

2015

(1қазанға)

Аудан әкімі аппараты мен ауылдық округ әкімдіктері

%

3298

7865

9593

Аудандық бөлімдер

%

14641

15336

13664

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторына қол жеткізуге дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында жыл сайын әртүрлі мақсаттағы кәсіби топтар арасында ҚАЗТЕСТ – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша байқау сынақтары ұйымдастырылып келеді.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жұмыстардың нәтижесімен 2013-2015 жылдары 549 адам ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша байқау сынақтарын тапсырды.

Аудан әкімдігі жанында аудандық ономастикалық жұмысшы тобының және мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысшы тобының жұмысы жүзеге асырылуда.

Тілдердің үштұғырлығы саясатын насихаттау мақсатында үш тілді меңгерген жастар арасында «Тіл – шебері», «Тіл – тұнық ойдың кәусары», «Тілдарын» атты аудандық байқаулары өткізіліп келеді.


Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп.

Ауданда криминогенді ахуал тұрақты қалыптасқан. Тіркелген қылмыстардың басым бөлігі аудан орталығында (жалпы қылмыстардың 82,0%).

Аудандық ішкі істер бөліміне тіркелген қылмыстар 2012 жылы - 543, 2013 – жылы - 689, 2014 жылы 626 болса, оның ішіндегі көшелерде жасалған қылмыс саны 2012 жылы – 103, 2013 жылы – 122, 2014 жылы 89 болды, яғни үлес салмағы тиісінше 2012 жылы - 19,6 %, 2013 жылы - 21,3 %, 2014 жылы - 14,9 %. 2013-2014 жылдары ауданымызда көше қылмыстылығының төмендеу тенденциясы қалыптасты. Ауданда жүйелі түрде жүргізілетін жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде оң әсерін тигізді. Көшелерде жасалған қылмысты азайту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Жыл сайын автокөлік санының артуына орай, жол қозғалысының қауіпсіздігі күшейтілуде. Соңғы жылдары автокөліктер саны көбейіп, 9199 бірлікті құрады (2013 жылы 8193, 2013 жылы 8723). Атап айтқанда жол-көлік оқиғалары 2013 жылы - 39, 2014 жылы 41, 2015 жылдың 11 айында 31 болды. Аудандағы автокөлік санына шаққанда 2013 жылы 1,9 %, 2014 жылы – 0,4 %, 2015 жылдың 11 айында 0,3 %.

Адам өліміне әкеліп соқтыратын жол-көлік оқиғаларының орын алудың негізгі себептері:

біріншіден, аудан көлеміндегі автокөлік паркінің қарқындап өсуі, тек соңғы 10 жылда ауданда автокөлік саны екі еседен астамға өсім алып, қазіргі таңда 9199-ды құраса (2005-3451), соңғы бір жыл ішінде 476 бірлікке өскен (5,4%);

екіншіден, автокөлік паркі мен оның жылдамдық сипаттамаларына сәйкес, жол тораптары мен инфрақұрылымын жетілдіру қажет етілуде;

үшіншіден, адами фактор, яғни жол қозғалысының күрделенуіне орай автокөлік жүргізушілерінің кінәсі. Талдау көрсеткендей, ауыр зардаптарға әкелген жол апаттарының басым бөлігі жылдамдықты шамадан тыс асыруынан, қиылыс пен жаяу жүргінші жолақтарынан өту ережелерін бұзу, қарсы бағытқа шығу салдарынан орын алған.

төртіншіден, жүргізушілерді даярлау жүйесі әлі де болса да жетілдіруді қажет етеді. Есепті мерзім ішінде Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен үнемі жолдар зерделеніп, анықталған кемшіліктерді жоюға  жол және коммуналдық мекемелеріне 150 ұйғарымдар жолданып, нәтижесінде ұйғарымдардың талаптарын орындамаған 8 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2015 жылдың 11 айында 5004 жолда жүру ережелерін бұзу деректері анықталған (2014 ж-4702), оның ішінде жол апаттарына тікелей септігін тигізетін: 1005 жылдамдықты арттыру, 911 қауіпсіздік белбеуін тақпау, 651 автокөлікті жүргізіп келе жатып ұялы телефонды пайдалану, 101 жаяу жүргінші жолақтарынан өту ережелерін бұзу ал, 154 (былтыр-150 2,6%-ға өскен) мас күйінде көлік басқару анықталған.

Төтенше жағдай.

Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 26 қаңтардағы №46 қаулысының негізінде «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия» құрылып, Ережесі бекітілді. Комиссия мүшелерінің функционалдық міндеттері белгіленген. Бүгінгі күнге Сырдария өзенінде қауіпті жағдайлар орын алған кезде оларды жою шараларына қажетті құрал жабдықтар жеткіліксіз. Сондықтан аудан бойынша төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында материалдық-техникалық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құру туралы тиісті басқармаға ұсыныс берілді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда дарияның арғы бетінде орналасқан елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері жоқ. Шалғай орналасқан ауылдардың өрт қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында Қожабақы елді мекенінен өрт сөндіру бекетін ашу жөнінде ұсыныс берілді. Аудан бойынша Қазалы қаласында орнатылған 1 қолмен қосылатын хабардар ету жүйесі (сирена) ескірген. Аудандық телекоммуникация торабындағы орталық құлақтандыру жүйесі 29 абонентке қосылған, оның 2 абоненті істен шыққан. Пластинкалары ескірген, жарылған. Басқа елді мекендерде хабардар ету жүйесі жоқ.

Бағыт: Инфрақұрылым.

Құрылыс.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2012 жылы 13933,0 млн. теңге, 2013 жылы 8582,2 млн. теңге, 2014 жылы 6257,4 млн. теңге, 2015 жылдың 10 айында 7704,9 млн. теңгені құрады.

2012-2015 жылдар аралығында бірқатар әлеуметтік саладағы нысандар құрылысын салуға, оның ішінде апаттық жағдайдағы нысандар құрылысын салуға қол жеткізілді. Атап айтқанда:

2013 жылы 3 мектептің, 1 балабақшаның, 5 дәрігерлік амбулатория мен мұражай құрылысы жүргізілді. Атап айтқанда:

Әйтеке би кентіндегі 600 орындық №170 мектеп, 600 орындық №204 мектеп, Байқожа елді мекеніндегі 50 орындық мектепке қоса 20 орындық балабақша, Әйтеке би кентіндегі 280 орындық балабақша, Басықара, Қ.Пірімов, Жаңқожа батыр, Шәкен және Қожабақы елді мекендерінде дәрігерлік амбулатория, 9 спорт алаңы құрылыстары.

2014-2015 жылдары 2 мектеп, 2 балабақша, 2 ауылдық клуб, 4 дәрігерлік амбулатория, 2 спорт кешенінің құрылысы жүргізілді. Атап айтқанда:

Сарбұлақ ауылындағы 100 орындық №78 мектеп, Аранды ауылындағы 100 орындық №98 мектеп, Жанқожа батыр ауылынан 90 орындық балабақша, Әйтеке би кентінен 280 орындық балабақша, Ү.Түктібаев және Абай ауылдарынан ауылдық клуб, Ақсуат, Жалаңтөс, Ү.Түктібаев, Ғ.Мұратбаев ауылдарынан дәрігерлік амбулатория, Әйтеке би кентінен 120 орындық және 160 орындық спорт кешенінің құрылыстары салынды.

Архитектура және тұрғын үй құрылысы

Ауданда Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің бас жоспары, 22 елді мекеннің даму сызбалары дайындалды. Аумағы жағынан ең үлен аудан орталығы Бас жоспарға сәйкес 5 аймаққа бөлінген. Оның ішінде, өндірістік аймақ 700 гектарды құрайды. Теміржолдың арғы беті 5 квартал аумағы 600 гектар; Оңтүстік-шығыс аудандық аурухана, Аймақаш аймағы аумағы 550 гектар; Қазалы қаласы бағытындағы аймақ 300 гектар; Орталық аймақтың аумағы 600 гектар; Батыс бөлігі Өндірістік аймақ (Промзона) 700 гектар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Похожие:

Қазалы аудандық Мәслихатының iconЗайсан аудандық мәслихатының аппараты” мемлекеттік мекемесінің
Зайсан аудандық мәслихатының, оның органдарын ұйымдастырушылық,құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге...
Қазалы аудандық Мәслихатының iconАудандық мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар тізімі
Жәнібек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №9-1 шешімі, Тіркеу №3143, 11. 01. 2013 ж] // Шұғыла. 2013. 25 қаңтар....
Қазалы аудандық Мәслихатының iconЖоба 5 сайланған Бейнеу аудандық мәслихатының шешімі
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік...
Қазалы аудандық Мәслихатының iconБесінші шақырылған Зайсан аудандық мәслихатының кезектен тыс алтыншы сессиясы
«Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011...
Қазалы аудандық Мәслихатының iconТемір қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 мамырдағы №38 шешімі Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2012 жылғы...
Қазалы аудандық Мәслихатының iconЗайсан аудандық мәслихатының
Зайсан ауданының 2006-2008 жылдарға арналған "электрондық әкімшілік" құру туралы бағдарламасы
Қазалы аудандық Мәслихатының iconЗайсан аудандық мәслихатының
...
Қазалы аудандық Мәслихатының icon2009 жылдың i-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар
Зайсан аудандық мәслихатының 1 шешімі мен Зайсан ауданының әкімдігінің 10 қаулысы келіп түсті. Келіп түскен қаулылар бойынша атқарылар...
Қазалы аудандық Мәслихатының iconБиржан ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Ауылдық округ әкімінің аппаратына 2011 жылдың 1 қаңтарынан есептік кезеңге дейін мемлекеттік мекемелер мен ведомоствалардан 124 қатынас...
Қазалы аудандық Мәслихатының iconАудандық әдістемелік кеңесі шешімімен бекітілді
Аудандық әдістемелік кабинет аудандық білім беру бөлімінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол білім беру саласында мемлекеттің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница