2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл




Название2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл
страница1/8
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.12 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://syrdarya.gov.kz/upload/userfiles/files/ПРТ каз 28,05,15.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8
Сырдария аудандық мәслихатының

2011 жылғы 12 мамырдағы кезекті

XXХІV сессиясының №316

шешімімен қабылданған 2014 жылғы

26 желтоқсандағы кезекті XXХVІІ

сессиясының №277 шешіміне қосымша


СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Сырдария ауданы, 2014 жыл

2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасы


Мазмұны


1.

Бағдарламаның төлқұжаты




2.

Ағымдағы жағдайға талдау




2.1

Сырдария ауданының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалауының жалпы сипаттамасы.




2.2

Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау




2.3

Сырдария ауданының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары, тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама




2.4

Сырдария ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданыстағы саясатын талдау







Өңір дамуының көрінісі




3.

Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары.







1 бағыт: Өңір экономикасын дамыту;







2 бағыт: Әлеуметтік даму;







3 бағыт: Инфрақұрылым;







4 бағыт: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология;







5 бағыт: Мемлекеттік қызметтер.




4.

Бағдарламаны басқару






БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ


Бағдарлама

атауы

Сырдария ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Оны құруға

негіздеме

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы №827 Жарлығына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін мұнан әрі құрылымдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы №371 Жарлығы

Өңірдің

негізгі згі сипаттамасы

Сырдария ауданының аумағы 40,7 мың шаршы км. Ауданда 13 ауылдық округі, 1 кент және 2 елді мекен бар. Аудан халқы 40,0 мың адамды құрайды, халықтың орналасу тығыздығы әрбір 1 шаршы км 2,8 адамнан келеді. Әкімшілік орталығы - Тереңөзек кенті.

Бағыттары

Экономика;

Әлеуметтік сала;

Инфрақұрылым;

Ауылдық аумақтарды дамыту, экология және жер ресурстары;

Мемлекеттік қызметтер;

Бағдарлама мақсаттары

Ауданның дамуы және тиімді әлеуметтік-экономикалық әлеуеті негізінде тұрғындардың ахуалын жақсартуды қамтамасыз ету;

Міндеттері



Жалпы өнімнің тұрақты өсуін және инфляциялық процестердің тұрақтануын қамтамасыз ету;

Экономиканың өңдеу саласын дамыту;

Балама энергия көздерін пайдалануды дамыту;

Агроөнеркәсіп кешені өнімдері өндірісін тұрақты өсіру есебінен ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Шағын және орта кәсіпкерліктің қарқынды дамуын қамтамасыз ету;

Инвестициялық қолайлы ахуал құру, қарым-қатынасты нығайту және дамыту, қаржы салу үшін жағдай жасау;

Инновациялық өндірістерді сақтау және жаңадан өндірістерді ашу арқылы жақсарту;

Мектептегі білім беру деңгейін арттыру;

Мектепке дейінгі ұйымдар санын көбейту және мектепке дейінгі білім беруде ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту;

Бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы дайындау үшін жағдай жасау;

Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын жоғарылату;

Әлеуметтік мәні бар ауру зардаптарын төмендету және тұрғындардың денсаулығын жақсарту;

Аудан халқын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және ықпал жасау;

Кедейшілік деңгейін төмендетуге ықпал жасау;

Аудан тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсету;

Мәдениет, өнер және мемлекеттік тіл саласын дамыту;

Бұқаралық спорт пен денешынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту;

Туристік имиджді қалыптастыру және ұсынылатын қызмет сапасын жоғарылату;

Мемлекет және азаматтық қоғам институттарының қарым–қатынастарын және мемлекеттік ақпарат саясатының тиімділігін арттыру;

Елдің даму Стратегиясын жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту;

Азаматтық қоғам институттарының елдің стратегиялық дамуына қатысуын кеңейту;

Жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмір қауіпсіздігін қажетті деңгейде қолдау;

Техногенді апаттар мен төтенше жағдайлар салдарынан болатын шығындарды азайту бойынша шаралар қабылдау;

Байланыс және телекоммуникация саласында сапалы қызметпен қамтамасыз ету;

Сәулет қызметі мен тұрғын үй құрылысын дамыту;

Жол инфрақұрылымын дамыту;

Көлік қызметін дамыту;

Ауданның коммуналдық-тұрғын үй шаруашылығын дамыту;

Ауыз сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету;

Ауданның ауылдық елді мекендерін дамыту;

Экожүйені қайта қалпына келтіруге және сақтау бойынша жағдай жасау;

Орман және орман өндірісін өсіруге жағдай жасау;

Жергілікті атқарушы билік қызметінде тиімділікті арттыру;

Іске асырылу мерзімдері

2011-2015 жылдар


Мақсатты индикаторлар

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға қарағанда %-бен;

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі;

Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі;

Электр энергиясын шығаруды арттыру;

Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі;

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімнің нақты көлем индексі;

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі;

Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың нақты көлем индексі;

Инновациялар саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриялық парктер және т.б.) белсенділік деңгейінің өсімі;

Халықтың білімге қолжетімділігі мен сапалылығына қанағаттанушылық деңгейі;

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту;

Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік (14-24 жас) жастағы жастардың үлесі;

Халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі;

1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітімділікті төмендету;

Жұмыссыздық деңгейі;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі;

Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында);

Халықтың мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі;

Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі;

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту;

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру;

Құқықтық тәртiп және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, құқықтық тәртіп пен азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды ескерту;

Халықтың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі;

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі;

Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру, шаршы метр;

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

Жүк айналымының көлемі;

Жолаушылар айналымының көлемі;

Тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді ұсыну сапасын арттыру;

Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігінің деңгейін арттыру;

Халықтың су бұрғыш қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру;

Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер санын арттыру;

Зиянды заттар қалдықтарын тастауды азайту;

Мемлекеттік орман қорындағы орман алқаптарының көлемі;

Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі.



2. Ағымдағы жағдайға талдау.


2.1. Сырдария ауданының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау.


Сырдария ауданы күріш өндіруші аймақ болып саналады.

Мал шаруашылығы секторында ет бағытындағы мал өсіру ыңғайлы.

Мал жайылымдары мал басын үлғайтуға тиімді.

Сырдария аумағы бойымен темір және автомобиль жолдары өтеді; бұл аудан экономикасына оң әсерін тигізуде.

Өмір сүрү деңгейі көтерілуде.

Су тапшылығына қарамай аудан шаруашылықтарында күріш өсіру жұмыстары жоғары деңгейде. Келешекте мал шаруашылығын дамытуға орасаң зор мүмкіншіліктер бар.

Мал шаруашылығын дамыту үшін;

асыл түқымды малды көбейту және жем шығару цехтер ашу.

Сонымен қатар ауданда экономикалық және әлеуметтік проблемелер бар.

Әлеуметтік салаларда материалдық техникалық базасы төмен.

Мәденте саласында селолық клубтарға жөндеулер қажет.

Жастар арасында жұмыссыздық көбейуде.

Аудан экономикасы мен әлеуметтік жүйеге шағын бизнестің үлес қосуы нашар.

Ауданда және ауданға қарасты елді мекендердің жолдары қанағаттандырарлықсыз жағдайда.

Кадрлер тапшылығы сақталуда.


2.2. Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау


Экономикалық даму.

Инфляциялық процесстерді тежеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 2011 жылы қолданыстағы тұтыну бағаларының индексі 101,2 пайыз болды оның ішінде азық-түлік тауарлары 101,1 пайыз, өндіріс тауарлары 102,3 пайыз. Қолданыстағы тұтыну бағаларының индексі 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда 101,4 пайыз, оның ішінде азық-түлік тауарлары 101,2 пайыз, өндіріс тауарлары 101,1пайыз.

Өнеркәсіп. 2011 жылы ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 998,1 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2010 жылдың 12 айдағы деңгейге қарағанда 86,0 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 941,2 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2010 жылдағы деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 84,7 пайыз болып отыр.

Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 2011 жылды 2010 жылмен салыстырғанда 86,0 пайызға орындалу себебі ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі шикізаты саналатын күріштің өңделуінің нақты өндіру көлемі есеп беріліп отырылған мерзім ішінде өткен жылмен салыстырғанда 16,4 пайызға төмендеген (2010 жылдың 12 айында 13016 тонна күріш өңделсе, 2011 жылы 12125 тонна немесе 891 тонна кем өңделген, немесе 83,6 пайызды құрап отыр).

Электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауа баптау, сумен жабдықтау бойынша есепті мерзім ішінде 56,8 млн. теңгені құрап отыр.

2012 жылы ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 1207,1 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2011 жылдың деңгейге қарағанда 63,0 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 1137,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2011 жылдағы деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 60,4 пайыз болып отыр.

Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 63,0 пайызға орындалу себебі ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі шикізаты саналатын күріштің өңделуінің нақты өндіру көлемі есеп беріліп отырылған мерзім ішінде өткен жылмен салыстырғанда 45,7 пайызға төмендеген (2011 жылы 11593,0 тонна күріш өңделсе, 2012 жылы 6295 тонна немесе 5298 тонна кем өңделген, немесе 54,3 пайызды құрап отыр).

Электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауа баптау 39,4 млн. теңге, сумен жабдықтау бойынша есепті мерзім ішінде 30,1 млн. теңгені құрап отыр.

2013 жылы ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 1157 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 87,2 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 1020,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2012 жылдағы деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 79,2 пайыз болып отыр.

Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда 87,2 пайызға орындалу себебі ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі шикізаты саналатын күріштің өңделуінің нақты өндіру көлемі есеп беріліп отырылған мерзім ішінде өткен жылмен салыстырғанда 42,6 пайызға төмендеген (2012 жылы 3434 тонна күріш өңделсе, 2013 жылы 1971 тонна немесе 1463 тонна кем өңделген, немесе 57,4 пайызды құрап отыр).

Электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауа баптау 42,9 млн. теңге, сумен жабдықтау бойынша есепті мерзім ішінде 88,8 млн. теңгені құрап отыр.

2014 жылы ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 942,0 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2013 жылдың деңгейіне қарағанда 20,5 пайызға ұлғайған.

Өңдеу өнеркәсібінде 2014 жылы 798,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2013 жылдағы деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 120,6 пайыз болып отыр.

Электрмен және сумен жабдықтау 86,8 млн. теңге болып, 2013 жылдың осы кезеңдегі деңгейіне қарағанда нақты көлем индексі 174,9 пайыз болып отыр.

Өнеркәсіптің өзекті мәселелері:

  • тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласында өнім шығаратын өндірістің аздығы.

  • шетелдің және отандық инвесторлардың жоқтығы.

  • шығарған өнімдердің бәсекеге төмендігі.

Агроөнеркәсіп кешені. Мемлекетіміздің ауыл шаруашылығы саласындағы саясатын жүзеге асыру нәтижесінде аудан көлемінде соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында оң нәтижелер байқалуда.

2011 жылы ауданда ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша 32349 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Бұл көрсеткіш 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 102,7 пайызға артып отыр. Оның ішінде 19851 гектары дәнді дақылдар, 540 гектарына майлы дақылдар, 3200 гектарға картоп, көкөніс, бақша және 9653 гектарға мал азығындық дақылдары егілді.

Егілген 18756 гектар күріш толығымен жиналып, 1,0 млн. центнерден астам астық алынып, орта өнім 53,5 ц/га-дан келді.

2011 жылы 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басының саны 1,7 %-ға (26532 бас болды), түйе 0,9 %-ға (923 бас болды) өскендігі, жылқы 7,0 %-ға (7623 бас болды), қой мен ешкі саны 17,4 %-ға (45985 бас) кемігені байқалды. Сондай - ақ, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша есепті кезеңде ет өндірісі 0,9%-ға (3520 тонна болды) ұлғайды, сүт өндірісі 2,5%-ға (8206 тонна), жұмыртқа 8,4%-ға (1093 мың дана) азайып отыр.

2012 жылы аудан бойынша 31958 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде 18915 гектар күріш, 732 гектар жаздық бидай, 200 гектар күздік бидай, 50 гектар мақсары, 1400 гектар картоп, 780 гектар көкөніс, 780 гектар бақша және 9101 гектарға мал азығындық дақылдар егілді.

Аудан бойынша 11 ауылдық округ күріш дақылын егумен айналысады. Күріш дақылының 17633 гектары іріленген шаруа құрылымдарына тиесілі болса, 1282 гектар 27 шаруа қожалықтарына тиесілі, яғни шаруа қожалықтарының үлес салмағы 6,7 пайыз.

Облыс бойынша егілген 75427 гектар күріштің Сырдария ауданы 25,1 пайызын құрап отыр.

Жиналған 18195 гектар күріштен 77,0 мың тонна, 200 гектар күздік бидайдан 140 тонна, 732 гектар жаздық бидайдан 343 тонна, 1400 гектар картоп 16,8 мың тонна, 780 гектар көкөністен 12,3 мың тонна, 780 гектар бақшадан 12,9 мың тонна және 50 гектар мақсарыдан 15 тонна өнім жиналды.

2012 жылы егілген ауыл шаруашылығы басым дақылдарына Үкімет тарапынан бөлінген жеңілдіктерден күріш, мақсары, жоңышқа дақылдарына, минералды тынайтқыштарға, су жеткізіп беру қызметіне барлығы 604,5 млн. теңге субсидия төленді.

Ауыл шаруашылығы жануарларын энзоотиялық ауруларына қарсы профилактикалық шаралар жүргізу мақсатында 4 түрлі ауруларға қарсы егу қызметіне аудандық бюджеттен 1,5 млн. теңге қаржы бөлініп қаржы толығымен игеріліп, малдың түрлі ауруына қарсы алдын алу шаралары жүргізілді.

Аудан бойынша барлығы 14 мал көмінділері бар, оның ішінде 6-і типтік жобадағы салынған биотермиялық шұнқұрлар.

Мал шаруашылығы. Есепті мерзімде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түйе 19,6 %-ға (1104 бас), жылқы 3,8 %-ға (7909 бас) өскендігі, мүйізді ірі қара басының саны 95,5 %-ға (25323 бас), қой 51,1 %-ға (13684 бас), ешкі 64,6 %-ға (10091 бас), құс 21,5 %-ға (5319 бас) дейін кемігені байқалды.

Сондай - ақ, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша есепті кезеңде ет өндірісі 6,1 %-ға (3734 тонна) өскендігі, сүт өндірісі 8,6%-ға (7501 тонна), жұмыртқа 71,7 %-ға (309,0 мың дана) азайып отыр.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы Қызылорда филиалы арқылы 7 жылға 6% өсіммен Ақжарма ауылдық округіндегі «Мақсат» шаруа қожалығы 17,0 млн. теңгеге 104 бас аналық сиыр малын сатып алды. Ақмола облысынан 4 бас «ақбас қызыл» бұқасын сатып алды.

Осы бағдарлама бойынша Тереңөзек кетінің тұрғыны жеке кәсіпкер Рахметов Бөлеген 60 бас аналық сиыр асыл тұқымды 3 бас бұқа малын, Қоғалыкөл ауылында «Шағырай» шаруа қожалығы 144 бас аналық сиыр, 5 бас бұқа сатып алды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы Ақжарма ауыл округіндегі «Байдәулет Ата» шаруа қожалығы 33 бас аналық сиыр, 2 бас бұқа, «Нұрсерік» шаруа қожалығы 29 аналық сиыр, 2 бас бұқа, жеке кәсіпкер Қ. Сыздықов 29 аналық сиыр, 2 бас бұқа малын сатып алды.

«Шаған Жер» ЖШС-гі «Қызылорда» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп 500 бас мал бордақылау жөнінде жұмыстар жүргізуде.

Мал өнімінің көлемін, сапасын арттырудың жолы мал басын асылдандыру, яғни асыл тұқымды бұқалар ұрығымен ұрықтандыру.

Аудан бойынша Айдарлы, Бесарық ауыл округтерінде мүйізді ірі қара малдарын қолдан ұрықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда барлығы 100 бас анылық сиыр қолдан ұрықтандырылды.

Қазіргі таңда С. Сейфуллин ауылында 1 мал сою пункті сапалы жұмыс жүргізуде. Қызмет көрсету қуаттылығы тәулігіне 1 тонна ет өндіруде. 2012 жылдың 11 ай қорытындысымен 253 бас ірі қара, 35 бас жылқы сойылды.

2013 жылы аудан бойынша 29603 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде 18550 гектар дәнді дақылдар, 378 гектар мақсары, 2960 гектарға картоп, көкөніс, бақша және 8592 гектар мал азығындық дақылдары.

Жыл қорытындысы бойынша егілген 17920 гектар күріш толық жиналып, орта өнім әр гектардан 51,5 центнерден келіп, 922880 центнер астық жиналды.

12 ай қорытындысымен 630 гектар жаздық бидай толық жиналып 4670 центнер өнім алынды, орта өнім 7,4 ц/га, 378 гектар мақсары дақылынан 1600 центнер өнім алынып, орта өнім 4,2 центнерден, картоп әр гектарынан 152,0 центнерден, көкөністен 175,0 центнерден, бақшадан 183 центнерден өнім жинауға қол жеткізді.

Ауданда өсіп келе жатқан мал басын жем шөппен қамтамасыз ету бағытында қажетті мал азығы қоры жасалды. Меже бойынша 47 мың тонна шөп дайындау қажет болса 56 мың тонна болып жоспар 119,1 пайызға артық орындалды.

2013 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарына бюджеттен 786,9 млн. теңге көлемінде субсидия төленді.

Осы жасалған жұмыстардың нәтижесінде Сырдария ауданы 2013 жылдың қорытындысы бойынша облыста егін шаруашылығы саласында «Үздік аудан» номинациясын жеңіп алды.

Мал шаруашылығы. Есепті мерзімде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басының саны 0,2 %-ға (26310 бас), оның ішінде сиыр 8,9 %-ға (11699 бас), қой 10,4 %-ға (15403 бас), түйе 1,2 %-ға (1108 бас), құс 16,8 %-ға (5485 бас) өскендігі, жылқы 11,5 %-ға (8492 бас), ешкі 15,7 %-ға (8500 бас) дейін кемігені байқалды.

Сондай - ақ, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша есепті кезеңде ет өндірісі 10,6 %-ға (3337 тонна), сүт өндірісі 14,5 %-ға (6417 тонна), жұмыртқа 56,7 %-ға (134 мың дана) азайып отыр.

2013 жылы ірі қара малға селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізуге «Рахметов» жеке кәсіпкер және «Шағырай», «Мырзабек», «Нұрсерік», «Оспанов», «Сейтбек», «Байдаулет Ата» шаруа қожалықтары 8,5 млн. теңге субсидия игерді.

2014 жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 6427,2 млн. теңгені құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 86,2 пайыз болып отыр.

Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдары 2014 жылы 29453 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын екті. Ауданымыздың негізгі дақылы күріш 20007 гектарды құрады.

Мал шаруашылығы. Есепті мерзімде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басының саны 105,6 %-ға (28941 бас), ешкі 101,4 %-ға (9540 бас), жылқы 115,1 %-ға (10600 бас), түйе 101,4%-ға (1193 бас) өскендігі, қой 97,5 %-ға (15920 бас), құс 80,8 % болып (4673 бас), кемігені байқалды.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша есепті кезеңде ет өндірісі 102,3 %-ға (2762,3 тонна), сүт өндірісі 103,3 %-ға (5385,5 тонна), жұмыртқа 101,7 %-ға (124 мың дана) дейін ұлғайып отыр.

2014 жылы ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 250 бас мүйізді ірі қара малын сатып алу жоспарланса, есепті кезенде барлығы 262 бас аналық сиыр, 17 бас асыл тұқымды бұқа малдары сатып алынып, бұл көрсеткіш 104,8 пайызға орындалды.

Ауданда шаруашылықтардың аналық малдарының асыл тұқымды бұқамен қамтылуы 100 пайызды құрап, Республика бойынша 147 аудандардың ішінен 30 орында, тұқымдық түрлендіруде 21 пайызбен 60 орында орналасты.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі өзекті мәселелер:

  • шаруашылықтарда ауылшаруашылық техникалары сын көтермейді;

  • шаруашылықтардың жаңа техникаларды сатып алуға каражаттары жеткіліксіз;

  • себілетін тұқымның сапасы төмендігі;

  • ауылшаруашылық жерлерінң тұздануы.

Шағын және орта бизнес. 2011 жылы аудан бойынша 1371 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркелген. Салада тiркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде барлығы 4982 адам жұмыспен қамтылған. 2011 жыл қорытындысы бойынша салада өнімдер шығару 745,1 млн. теңге болды. 2011 жылдың есепті 12 ай мерзімі бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 48,4 млн. теңгенің төлемдері өндіріліп, өткен жылғыдан 100,2 пайызды құрап отыр.

2011 жылы қаржыландыру институттарынан барлығы 587,0 млн. теңгенің неиелері берілді.

Нәтижесінде ауылдық жерде шағын және орта кәсіпкерлік желісінің дамуы біршама ұлғайды. Аудан көлемінде 19 күріш ақтау цехтары, 12 мал дәрігерлік қызмет көрсету пункттері, 85 жолаушылар тасымалдау қызметі, 13 монша, 14 шаштараз, 2 тігін шеберханасы, 4 фотосалон, 465 сауда нүктелері және 28 қоғамдық тамақтандыру орындары халыққа қызмет көрсетуде.

2012 жылы аудан бойынша 1392 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркелген. Салада тiркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде барлығы 5142 адам жұмыспен қамтылған. 2012 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша салада өнімдер шығару 753,6 млн. теңге көлемінде болып, 2011 жылдың 12 айымен салыстырғанда 101,0 пайызға артты. 2012 жылдың 12 айында шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 49,0 млн. теңгенің төлемдері түсіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 101,2 пайызға ұлғайды.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелік ресурстармен қамтамасыз ету мәселесі микрокредиттік ұйымдар, кредиттік серіктестіктер және екінші деңгейлі банк филиалдары арқылы шешілуде. 2012 жылы қаржыландыру институттарынан барлығы – 960,6 млн. теңгенің несиелері берілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ауданда біршама жұмыстар атқарылуда.

Жаңа жобаларды индустриаландыру картасына енгізу, бағдарламаның артықшылықтары мен оған қатысу жөнінде ауданда тұрақты семинар-тренингтер, түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылуда. Аудан бюджетінен бұл мақсатқа 2012 жылы 243,0 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. «Даму институттары мен екінші деңгейлі банкілердің ауылдағы кіші бизнесті несиелендіру туралы ашып айту» тақырыбында семинар «Құндызды» және «Аманкелді» ауылдық округтерінде «Сыр ұландары» жастар қоғамдық бірлестігі арқылы өткізілді.

Бөлшек тауар айналымының нақты көлемі 2013 жылдың 12 ай қорытындысымен 534,3 млн теңгені құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 113 пайызды құрап, өскен. 2013 жылдың қантар – желтоқсан айларында аудан бойынша 1415 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркелген. Салада тiркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде барлығы 5247 адам жұмыспен қамтылған.

2013 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша салада өнімдер шығару 755,8 млн. теңге көлемінде болып, бюджетке 50,1 млн. теңгенің төлемдері түсірілді.

2013 жылы өткізілген аймақтық үйлестіру кеңсінде ауданның «Ocean Energy Company» ЖШС-нің 2014-2015 жылдары іске асырылатын жоба құны 14,3 млрд. теңгені құрайтын «Кеңлік» кең орнында ілеспе мұнай газын тиімді пайдалану мақсатында электроэнергия шығару өндірісі жобасы мақұлданды.

Бөлшек тауар айналымының нақты көлемі 2014 жыл қорытындысымен 625,7 млн теңгені құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,5 пайызды құрап, өскен. 2014 жылдың қантар – қазан айларында аудан бойынша 1498 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркеліп, 2013 жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 5,9 пайызға ұлғайып отыр. Салада тiркелген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде барлығы 5122 адам жұмыспен қамтылып, 1,2 пайызға ұлғайған. 2014 жыл қорытындысы бойынша салада өнімдер шығару 707,6 млн. теңге болса, бюджетке 189,0 млн. теңгенің төлемдері түсірілді.

2014 жылы жарияланған Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға байланысты және ауданда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында кент және 13 ауылдық округі бойынша 82 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Өзекті мәселелер:

  • ұлықсат беру процедураларының қиындығы;

  • кредиттік ресурстарға қиын қолжетімділігі (банк жүйелерінің қатаң талап қоюы).

Инвестиция. 2011 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың бағалау көлемі 5666 млн. теңгені құрап, 2010 жылдың 12 айымен салыстырғанда 34,2 пайызды құрап отыр. Оның ішінде үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына, басқада күрделі жұмыстарға 4988,8 млн. теңге, машиналар, жабдықтар, аспаптар, құрал саймандар алуға 676,7 млн. теңге қаржыны құрады.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі республикалық бюджеттен 964,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 610,9 млн. теңге, жеке қаражаты 3164,6 млн. теңге, қарыз қаражаты 926,1 млн. теңгені құрап отыр.

2012 жылы аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың бағалау көлемі 6899,3 млн. теңге болып, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 120,3 пайызды құрады. Оның ішінде үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына, басқада күрделі жұмыстарға 4448,7 млн. теңге, машиналар, жабдықтар, аспаптар, құрал саймандар алуға 2450,6 млн. теңге бөлінген.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға республикалық бюджеттен 1047,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 567,3 млн. теңге, жеке қаражаттан 4355,9 млн. теңге, қарыз қаражатытан 198,2 млн. теңге, шетел қаражаты 730,3 млн. теңге көлемінде инвестициялар салынды.

2013 жылы аудан экономикасына 22773 млн.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9 есеге артық орындалуда.

Оның ішінде үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына, басқада күрделі жұмыстарға 17927,8 млн. теңге, машиналар, жабдықтар, аспаптар, құрал саймандар алуға 2017,7 млн. теңге бөлінген.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2013 жылы 10371 млн теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 2,4 есе өскен.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға республикалық бюджеттен 3970,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 992,0 млн. теңге, жеке қаражаттан 13285,0 млн. теңге, қарыз қаражатытан 4526,0 млн. теңге көлемінде инвестициялар салынды.

2014 жылы аудан экономикасына 32813,0 млн.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 165,4 пайыз болып отыр.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға республикалық бюджеттен 4346,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 1122,0 млн. теңге, жеке қаражаттан 23762,0 млн. теңге, қарыз қаражатытан 3583,0 млн. теңге көлемінде инвестициялар салынды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2014 жылдың 10 айында 3756 млн теңгені құрап, 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,3 пайыз болып отыр.

Өзекті мәселелер;

  • өндірістік инфраструктурасының дамымауы.

  • шағын инновациялық кәсіпкерлігінің дамымауы.

Элеуметтік сала.

Білім беру. Аудан бойынша 2011 жылы 45 білім ошақтары жұмыс істеп, онда 1159 мұғалім тәлім – тәрбие беруде. Мұғалімдердің 23-і жоғары, 531-і бірінші, 331-і екінші санатты мамандар.

Тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылы 40970,0 мың теңге қаржы аудан бюджетінен бөлініп, оған 1228 оқушыға бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылуда. 1 сынып оқушылары 100 пайыз бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.

2012 жылғы ҰБТ-ға мектеп бітіруші 554 оқушының 404-і сынама тестерге қатысты. ҰБТ-ы қорытындысымен аудан мектептерінен 1 оқушы «Алтын белгі», 3 оқушы үздік аттестатқа ие болды. Орташа бал 65,3 құрады.

Аз қамтылған отбасының 1016 баласына және бірінші және екінші сынып оқушыларына бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылып берілуде. Барлығы 2575 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Бұл мақсатта аудан бюджетінен «Жалпыға міндетті оқу қорынан» 38046,0 мың теңге, бірінші, екінші сынып оқушылары үшін 40398,0 мың теңге, барлығы 78444,0 мың теңге қаржы бөлінген.

Аудан мектептерінің орта мектеп курсын 2012-2013 оқу жылында 502 оқушы бітірді. ҰБТ-ға 313 мектеп бітіруші қатысты, орташа балы 74,31 құрады.

2014 жыл аудан бойынша 46 білім ошақтары жұмыс істеп, онда 1102 мұғалім тәлім – тәрбие беруде. Мұғалімдердің 47-сі жоғары, 556-сы бірінші, 327-сі екінші санатты мамандар.

Аз қамтылған отбасының 2662 баласына және бірінші және екінші сынып оқушыларына бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылып берілуде. Барлығы - 2586 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

ҰБТ-ға аудан бойынша 17 мектептен 297 оқушы қатысты. Бұл мектеп бітірушілердің 72,2 пайызын құрады. Орташа балл 69,91 болды. 2014 жылы Алтын белгіге 10 үміткер ұсынылып, оның 4-і дәлелдеп шықты. Үздік аттестатқа ұсынылған 1 оқушы дәлелдей алған жоқ.

Жұмыссыздық және жұмыспен қамту. 2011 жылы 932 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасқандардың 210 тұрмысы төмен отбасыларынан, оның ішінде бірде-бір жұмыс істемейтін отбасыларынан 15 адам жұмысқа орналастырылды.

2011 жылы қоғамдық жұмыспен 800 жұмыссызды қамту белгіленіп, жергілікті бюджеттен 41292,0 мың теңге қаржы бөлінген. 2011 жылы 908 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылып, қаржы толығымен игерілді.

Қоғамдық жұмыстың 18 түрі бойынша коммуналдық меншіктегі мекемелерден жұмыстар ұйымдастырылған. Оның 76 пайызы тазалық сақтау, көркейту көгалдандыру, 0,5 пайызы бу қазандығына от жағу және басқа түрлері бойынша ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Қоғамдық жұмысқа тартылғандардың орташа жалақысы 15999 теңге және мерзімі 6 айға дейін.

Аудан бойынша «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Бағдарламаның бірінші бағытына сәйкес кәсіптік оқуға 85 адам, қайта даярлауға 65 адам, біліктілігін арттыруға 27 адам жіберілді.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты микрокредит беру. Қаралған қаржының көлемі – 18000,0 мың теңге.

Аудан бойынша 2012 жылы 70 мекеме ұжымдық шартқа отырып, жалпы жұмыс жасайтын мекеменің 41 пайызын құрап отыр.

Ауданда бойынша 2012 жылы өңірлік бағдарлама бойынша 556 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2012 жылы 1400 адамды жұмысқа орналастыру белгіленіп, 2012 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 1721 адам хабарласып, 711 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасқандардың 45 тұрмысы төмен отбасыларынан, оның ішінде бірде-бір жұмыс істемейтін отбасыларынан 15 адам жұмысқа орналастырылды.

2012 жылы қоғамдық жұмыспен 800 жұмыссызды қамту белгіленіп, жергілікті бюджеттен 49,7 млн. теңге қаржы бөлінген. 2013 жылдың 1 қантарына 1009 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылып, қаржы толығымен игерілді.

2012 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген 28 мүгедектің 17-і қоғамдық жұмысқа, 10-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша кәсіптік даярлау курстарына – 67 адамға, қайта даярлау курстарына – 51 адам жолдама алды.

Аудан бойынша биылғы жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 27702,0 мың теңге қаржы қаралып, 186 адам жұмысқа тартылды

Жастар тәжірибесіне 2012 жылға 7816,0 мың теңге қаржы қаралып, 56 адам жолдама арқылы жұмысқа жолданды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «PROF КОНСАЛТИНГ» ЖШС-гі арқылы кәсіпкерлік негіздері курсында 84 адам оқып сертификат алды.

Микрокредит алуға республикалық бюджеттен – 225,0 млн. теңге қаржы қаралып, барлығы 145 адамға – 225,0 мың теңге қаржы берілді.

Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен 48,0 млн. теңге қаржы қаралып, қаржы толығымен игерілді. Оның ішінде Шаған ауылындағы №37 орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген 29,5 млн. теңге, ауылішілік жолдарын орташа жөндеуге 18,5 млн. теңге толығымен игерілді.

Ауданда бойынша 2013 жылы өңірлік бағдарлама бойынша 572 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2013 жылы 800 адамды жұмысқа орналастыру белгіленіп, 2013 жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2021 адам хабарласып, 747 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасқандардың 195 тұрмысы төмен отбасыларынан, оның ішінде бірде-бір жұмыс істемейтін отбасыларынан 28 адам жұмысқа орналастырылды.

2013 жылы қоғамдық жұмыспен 800 жұмыссызды қамту белгіленіп, жергілікті бюджеттен 53341,0 мың. теңге қаржы бөлінген. 2013 жылдың 1 қаңтарына 1051 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылып, қаржы 100 пайызға игерілді.

2013 жылдың 1 қаңтарына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген 20 мүгедектің 11-ы қоғамдық жұмысқа, 4-і тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бүгінгі күнге 8 мүгедек тіркеуде тұрады.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша кәсіптік даярлау курстарына – 50 адамға, қайта даярлау курстарына – 60 адамға жолдама беру жоспарланған. Қайта даярлау курстарын 30 адам бітіріп шықты.

Аудан бойынша есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 166 адам 27 мекемеге жұмысқа тартылды.

Жастар тәжірибесіне 2013 жылдың 12 айында 108 адам жолдама арқылы 64 мекемеге жұмысқа жолданды.

«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 2013 жылы республикалық бюджеттен ауданға 280,0 млн. теңге қаржы қаралып, оның 111,0 млн. теңгесін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие алуға ниет білдірушілерге тарату көзделіп, 67 адамға берілді.

Қалған 169,0 млн. теңге «Рита» микрокредиттік ұйымы арқылы 29 адамға 71,0 млн. теңге, «Серпін Даму Финанс» кредиттік серіктестігі арқылы 18 адамға 50,0 млн. теңге, «Аламан» кредиттік серіктестігі арқылы 7 адамға 17,0 млн. теңге, Қалжан ахун ауылдық округінен құрылған «Қабылкөл» кредиттік серіктестігі арқылы 8 адамға 15,0 млн. теңге несие беріліп, 16,0 млн. теңгеге «Заңғар» микрокредиттік ұйымы арқылы берілді.

2014 жылы 810 адамды жұмысқа орналастыру белгіленіп, 2014 жылдың 1 қазанына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 1961 адам хабарласып, 788 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасқандардың 148 тұрмысы төмен отбасыларынан, оның ішінде бірде-бір жұмыс істемейтін отбасыларынан 12 адам, жұмысқа жарамды 30 мүгедек жұмысқа орналастырылды.

2014 жылы қоғамдық жұмыспен 700 жұмыссызды қамту белгіленіп, жергілікті бюджеттен 23891,0 мың. теңге қаржы бөлінген. 2014 жылдың 1 қазанына 612 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылып, 30618,5 мың теңге қаржы игерілді.

Ауданда бойынша 2014 жылы өңірлік бағдарлама бойынша 660 жаңа жұмыс орындарын ашу белгіленген болса, 2014 жылдың 1 қазанына 771 жаңа жұмыс орындары ашылды.

«Жұмыспен қамту -2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы барысында бағдарламаның «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша 2014 жылы республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен бөлінген қаржы көлемі – 163544,0 мың теңге болса, игерілген қаржы көлемі 165780,0мың теңге, жұмысқа орналастырылған адам саны - 16.

Аудан бойынша есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 110 адам жоспарланып, қазіргі таңда 98 адам 18 мекемеге жұмысқа тартылды.

Жастар тәжірибесіне 2014 жылы 90 адам жоспарланып, қазіргі таңда 107 адам 53 мекемеге жұмысқа тартылды.

Бағдарламаның «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағыты аясында республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен 222,0 млн. теңге қаржы бөлініп 97 адамға таратылды.

Бағдарламаның «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты бойынша ауданға республикалық бюджеттен кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына 16,1 млн. теңге бөлінген.

Денсаулық сақтау. 2011 жылы аудандық денсаулық сақтау саласында 17 аудандық және ауылдық емдеу алдын-алу мекемелері халыққа қызмет көрсетеді.

Денсаулық сақтау саласында барлығы 755 қызметкер, оның ішінде 76 дәрігер.

Сырдария аудандық денсаулық саласының емдеу алдын алу мекемелеріне 2011 жылы 158150 тұрғын дәрігерлердің қарауында болды, бұл көрсеткіш 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,3 пайызға азайған.

Есепті кезеңде аудан бойынша 890 нәресте дүниеге келсе, 219 адам қайтыс болған.

Тұрғындар арасында туберкулез ауруын табу мақсатында 2011 жылдың 12 айында 24275 адам тексеріліп, 41 туберкулез ауруына шалдыққаны анықталған, қатерлі ісік ауруы бойынша 4412 адам тексеріліп, 41 ауру анықталып, есепке алынды.

Сырдария аудандық денсаулық саласының емдеу алдын алу мекемелеріне 2012 жыл қорытындысы бойынша 173180 тұрғын дәрігерлердің қарауында болды, бұл көрсеткіш 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,0 пайызға ұлғайған.

Есепті кезеңде аудан бойынша 897 нәресте дүниеге келсе, 197 адам қайтыс болған.

Тұрғындар арасында туберкулез ауруын табу мақсатында 2012 жылдың 12 айында 22908 адам тексеріліп, 28 туберкулез ауруына шалдыққаны анықталған, қатерлі ісік ауруы бойынша 4101 адам тексеріліп, 33 ауру анықталып, есепке алынды.

Сырдария аудандық денсаулық саласының емдеу алдын алу мекемелеріне 2013 жыл қорытындысы бойынша 152901 тұрғын дәрігерлердің қарауында болды, бұл көрсеткіш 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,0 пайызға азайған.

Есепті кезеңде аудан бойынша 898 нәресте дүниеге келсе, 208 адам қайтыс болған.

Тұрғындар арасында туберкулез ауруын табу мақсатында 2013 жылы 15904 адам тексеріліп, 21 туберкулез ауруына шалдыққаны анықталған, қатерлі ісік ауруы бойынша 2209 адам тексеріліп, 34 ауру анықталып, есепке алынды.

Мәдениет. 2011 жылы Сырдария ауданы клубтарында барлығы 928 мәдени-көпшілік шара өткізіліп оның 778 ауылдық жерде өткен.

Аудан көлемінде 49 тарихи – мәдени ескерткіш орналасқан. Оның 2 республикалық маңызы бар, 19 жергілікті маңызы бар және 28 алдын - ала тізімге алынған тарихи – мәдени мұра объектілері.

49 ескерткіштің 15 археологиялық ескерткіш, 34 қала құрылысы және сәулет ескерткіші болып бөлінеді.

2013 жылдың 12 айында 836 мәдени шара өткізіліп, оған 142570 көрермен қатысты.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 17 кітапхананың қорында 2013 жылдың 12 ай қорытындысымен 394750 дана кітап бар.

2014 жылдың 9 айында 594 мәдени шара өткізіліп, оған 109000 көрермен қатысты.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 17 кітапхананың қорында 2014 жылдың 9 ай қорытындысымен 397309 дана кітап бар.

Спорт. Аудан бойынша 2011 жылдың 12 айында 155 спорттық жарыс өткізіліп, оған 18829 спортшы тартылды. Оның 141-і аудандық денгейдегі жарыс болса, 10-ы облыстық, 3-і республикалық, 1-і халықаралық денгейдегі жарыс өткізілді. 2011 жылы спорттық іс-шараларға аудандық бюджеттен 23,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Жалпы аудан бойынша 7802 спортшы жүйелі түрде спортпен айналысуда, бұл халыққа шаққанда 20,1 пайызды құрап отыр.

Аудан бойынша 2012 жылы 168 спорттық жарыс өткізіліп, оған 16350 спортшы тартылды. Оның 160-ы аудандық денгейдегі жарыс болса, 6-ы облыстық, 1-і республикалық, 1-і - халықаралық денгейдегі жарыстар. 2012 жылы спорттық іс-шараларға аудандық бюджеттен 44,8 мың теңге қаражат бөлінді.

Аудан бойынша 2013 жылы 109 спорттық жарыс өткізіліп, оған 10122 спортшы тартылды. 2013 жылы спорттық іс-шараларға аудандық бюджеттен 20,3 мың теңге қаражат бөлінді.

Аудан бойынша 8730 спортшы жүйелі түрде спортпен айналысуда, бұл халыққа шаққанда 22,2 пайызды құрап отыр

Аудан бойынша 2014 жылдың 9 айында 111 спорттық жарыс өткізіліп, оған 5839 спортшы тартылды. 2014 жылы спорттық іс-шараларға аудандық бюджеттен 20,3 мың теңге қаражат бөлінді.

Жалпы аудан бойынша 9208 спортшы жүйелі түрде спортпен айналысуда, бұл халыққа шаққанда 23,03 пайызды құрап отыр.

  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл icon2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп
Мақсатты индикатор: Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға пайызбен
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл icon«Арал ауданы әкімінің аппараты» мм 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары Арал қаласы

2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл icon«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің функционалдық мүмкіндіктерін дамыту 19 бет
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты көрсеткіштер мен нәтиженің КӨрсеткіштері
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
...
2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл iconТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы
Негізгі бағыттары, міндеттері, мақсатты индикаторлар 153 бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері 176
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница