2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы




Название2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы
страница3/13
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.28 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://karmakshy.gov.kz/assets/files/pravo/kaz/PRT_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Қармақшы ауданының жалпы сипаттамасы.

Қармақшы ауданы оңтүстік шығысында Жалағаш, солтүстік батысында Қазалы ауданымен, оңтүстік батысында Өзбекстан Республикасымен, солтүстік шығысында Қарағанды облысымен шектеседі.

Қармақшы ауданы – Қызылорда облысындағы жеті ауданның бірі, 1927 жылы құрылған. Аудан аумағы 31,0 мың шаршы шақырым, немесе облыс аумағының 13,7 % құрайды. Аудан халқы (2013 жылдың 1 қаңтарына) – 52,6 мың адам немесе облыс халқының 7,3 % .

XV-XIX ғасырдың бас кезіне дейін жатақ қазақтардың екі өзеннің қосылып құйылысқан жеріндегі күзет өткелін Қармақшы деп атаған. Қазақ халқының Ресеймен байланысы орныға бастаған, 1850 жылдан «Қармақшы форт №2» аталып, Европа – Азия күретамыры Орынбор – Ташкент темір жолының салынуына байланысты 1904 жылдан жоса бояу тасы шыққан Жосалы төбелерінің атымен үлкен бригадалық станцияның аты «Жосалы» болып аталады. Қазіргі кезде осы Қармақшы ауданының территориясынан өтетін ұзындығы 110 шақырым теміржолдың бойында 2 теміржол вокзалы және 8 теміржол бекеттері орналасқан.

Қармақшы ауданы қазба байлықтарына бай, бұл оған бәсекелестікте бірегей басымдықтар береді. Аудан халқының 46,8 % еңбек етуге қабілетті жаста.

Аудан аумағы Азия аймағы, Таяу және Орта Шығыс пен Европа мемлекеттері арасын байланыстыратын экономикалық тиімді түйіспе ( теміржол және автомобиль) жолдарды қамтиды. Туристік қызметті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар, өйткені Байқоңыр қаласы, Қорқыт ата және тарихи-сәулет ескерткіштері жеткілікті.

Абсолютті және салыстырмалы мәндері, халықтың өмір сүру деңгейі, адамзаттың даму индексі ретіндегі бірқатар көрсеткіштер динамикасы бойынша, аудандағы жалпы аумақтық өнім, жол және коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту деңгейі, сондай-ақ инвестициялық қаржыландыру көздеріндегі дербес қаржы үлесінде тиісті деңгейде емес.

«Дипломмен–ауылға» бағдарламасы» аясында 56 маманға 6343 мың теңге көтерме жәрдемақы , Дипломмен–ауылға» бағдарламасы аясында 44 маманға тұрғын үй сатып алуға 99507 мың. теңге несие берілді. «Өнірлерді дамыту» бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен 7,3 млн теңгеге Төребай би, Қуандария, Көмекбаев елді мекендердің көшелері жарықтандырылды.

Қармақшы аудандағы батыс жағалау шаруашылықаралық қашыртқыны күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 49,6 млн теңге бөлінді.


МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ


Мемлекеттік қызметтер


«Электронды үкіметтің өңірлік шлюзі ақпараттық жүйесі» аясында тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметті жақсарту мақсатында мемлекеттік мекеме тарапынан 9 қызмет бойынша қызмет көрсету жолға қойылды. 2012 жылы аудан бойынша электронды форматқа ауыстырылуға жататын барлығы 9 мемлекеттік қызметтер бойынша 1 мемлекеттік қызмет электронды форматқа ауыстырылып, 3 мемлекеттік қызмет электронды форматқа ауыстырылу жұмыстары жасалуда. Атап айтар болсақ қазіргі таңда аудандық білім бөлімі бойынша 1 қызмет электронды форматқа ауыстырылды, онымен қоса аталмыш бөлімде тағы да 1 қызметті электронды форматқа ауыстыру жұмыстары жасалуда және де аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 2 мемлекеттік қызмет электронды форматқа ауыстыру (барлығы 4 мемлекеттік қызмет) жұмыстары жасалуда.

2012 жылы жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, 2 тоқсанда 14 дербес бөлім және Жосалы кенті әкімі аппаратына электронды құжат айналымы бағдарламасын орнату мақсатында жергілікті желі жүргізілді. Қазіргі таңда аудан бойынша 29 мемлекеттік мекеменің 1 мекемесі электронды құжатайналымы айналымы бағдарламалық жүйесі (бұдан әрі ЭҚАБЖ) бойынша аудан әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі қамтамасыз етілген. ЭҚАБЖ бағдарламасы аясында Қармақшы ауданы әкімі аппараты 7 электронды цифралық қолтаңбамен қамтамасыз етіліп, сонымен қатар қазіргі таңда аталмыш бағдарламамен барлығы 28 қызметкер толық жұмыс жасауда.

Аудан бойынша 5 дана қоғамдық қол жетімділік пункттері тұрақты жұмыс жасауда.

Аудан халқының компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатында 9 мектеп базасында 8300 адам оқытылды. Бұл 40,0 пайызды құрайды.

2.3 Орта мерзімдегі келешекте Қармақшы ауданының тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндігін және бәсекелік артықшылығын тежейтін негізгі проблемалар, факторлар, қауіп катерлердің кешенді сипаттамасы.


Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының кешенді сипаттамасы, өңір дамуының күшті және әлсіз тұстарын, шектеулігін және оның даму мүмкіндіктерін анықтайтын SWOT –талдауда көрсетіледі.



Күшті жақтары (S)

Әлсіз тұстары (W)

1.Ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы топырақтық-климаттық жағдай;

2.Теміржол, және автомобиль көлігін пайдаланатын азия өңірі, Жақын және Орта Шығыс және Европа мемлекеттерін байланыстыратын транзиттік маршруттар үшін географиялық тиімді жағдай;

3. Өнеркәсіптің бірқатар салаларын дамыту үшін жергілікті шикізаттардың, минералды ресурстарға және пайдалы қазбаларға бай кең орындарының бар болуы;

4. Жергілікті дамыған ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік өндірістер.

5. Көңіл аударарлық тарихи және мәдени орындардың болуы, өсімдік және жануарлар дүниесінің байлығы;

6.Туристік қызметті дамытуға үлкен мүмкіндіктері, өйткені Байқоңыр кешені, Қорқыт ата және тарихи-сәулет ескерткіштері жеткілікті;

7.Шағын және орта бизнес секторының дамуы;

8. Қолайлы инвестициялық климат;

9.Электр энергиясына тұрақты сұраныстың болуы;

10.Әлеуметтік маңызы бар жобалардың республикалық, облыстық, жергілікті бюджеттер деңгейінде тұрақты қаржыландырылуы;

11. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастарға көмек көрсету бойынша әртүрлі қызмет орындарының қызметтерін ұйымдастырудың жолға қойылуы;

12. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруде ішкі және сыртқы нарықтың болуы.

1.Өндіріс құрылында айтарлықтай теңгерімсіздіктің болуы-тау кен өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсітінен басым болуы;

2.Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы инфрақұрылым деңгейінің төмендігі, машина-трактор паркінің тозуы.

3. Ауылдық жерлерде кәсіби біліктілігі бап мамандар мен медициналық құрал-жабдықтар жетіспеушілігі;

3.Халықтың арасында әлеуметтік-маңызды аурулар деңгейінің жоғарылығы.

4. Ауданда энергоресурстардың тапшылығы;

5. Әлеуметтік бағыттағы көрсеткіштердің төмендігі, аудан бойынша бала бақшалардың, алдын алу, сауықтыру мекемелерінің жетіспеушілігі;

6.Аграрлық секторда майда шаруашылық өндірістерінің көп болуы;

7.Мал басының едәуір бөлігінің жеке қорларда болуы, бұл саланың дамуына теріс әсерін тигізуде;

8.Бизнестің инновациялық белсенділігі деңгейініңе төмендігі;

9.Шағын бизнестің белсенділігінің және оның ауданның экономика саласына және әлеуметтік салаға қосқан үлесінің жеткіліксіздігі;

10.Техникалық маман кадрлардын және ауыл шаруашылығында жұмыс істеу үшін мамандардың жетіспеушілігі;

11.Туристік инфрақұрылымының дамымауы;

12.Электржелілік шаруашылықтардың жеткіліксіз дамуы, электр тарапынан желілердің өткізу қабілетінің шектеулігі;

13. Жастар саясатын дамыту жөнінде жастардың өзінің инициативі деңгейінің төмендігі;

14.Жастардың кәсіби деңгейі дайындығының және біліктілігінің төмендігі.

15.Жұмыссыздық деңгейінің жоғарлығы.

Мүмкіндіктер (OT)

Қауіп-қатер (T)

1.Жаңа энергетикалық өндірістер, энергияның балама көздерінің құрылысың салу (жел, күн) арқылы өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін алу;

2. шағын кәсіпкерлікті және туристік қызметті дамыту үшін көліктік-логистикалық орталық құрылысын салу;

3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кластерлерін қалыптастыру және дамыту үшін жағдайдын болуы.

4. Ауданның транзиттік жоғары әлеуетін, темір жол, автомобиль көлігі жолдары арқылы халықаралық көлік коридорына кіру мүмкіндігін пайдалану;

5.««Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ы базасында өңірдің экологиялық және экономикалывқ мәселелерін шешуге ықпал ететін технопарктер, бизнес-инкубаторлар құру арқылы инновациялық инфрақұрылымдарды дамыту және қалыптастыру;

6. Экологиялық мәселелерді шешуде, табиғат пайдалануды басқару тәсілінде және табиғат кешеніндегі кұлдырауды болдырмау және қалпына келтіруде жаңа технологияларды пайдалану;

7. Замануи туристік инфрақұрылымды, оның ішінде экотуризм, мінажат ету туризмін дамыту;

8. Қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру арқылы құрылыс материалдарының, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру;

9. Өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, көлік салаларында шағын және орта бизнесті дамыту;

10. Мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізу;

11. Жас азаматтарды әлеуметтік және құқықтық қорғау, отбасы институтын нығайту, олардың өмірдегі мәселелерін шешуге ықпал жасау;

12. Жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту.

1. Аудан өңірлерінің қуат көздерін және сумен қамтамасыз етудегі байланыстылығын күшейту;

2. Импорт тауарларының пайдасына, азық-түлік қауіпсіздігінің қауіп-қатеріне ішкі және сыртқы рынокты жою;

3. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша замануи қуаттылықтың болмауы, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлердің болуы, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің деңгейінің төмендігіне байланысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы;

4. Арал теңізінің құрғауы, атмосфераны ластайтын заттардың көлік құралдарымен және кәсіпорындармен залалды заттардың шығарылуы салдарынан экологиялық кауіпсіздікке қауіп-қатердің төнуі;

5.. Энергия тапшылығы;

6. Жастардың енжарлығы.

7.Жаһандық азық-тұлік қауіпсіздігіне төнетін қатер;

8.Жаһандық демографиялық теңгерімсіздік;

9.Судың тым тапшылығы;

10.Табиғи ресурстардың сарқылуы;

11.Әлеуметтік тұрақсыздық;


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы iconТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы
Негізгі бағыттары, міндеттері, мақсатты индикаторлар 153 бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері 176
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Абай ауданының даму бағдарламасы
БАҒдарламаның алғА ҚОЙҒан бағыттарына қол жеткізу жолдары, НӘтиже көрсеткіштерінің мақсаттық индикаторлары, мақсаттары мен міндеттері,...
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл
Сырдария ауданының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына...
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп
Мақсатты индикатор: Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға пайызбен
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon2012-2014 жылдарға арналған Арал ауданының аудандық деңгейдегі азаматтық бюджеті
Бюджет Кодексіне 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлеріне және...
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты көрсеткіштер мен нәтиженің КӨрсеткіштері
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница