2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы




Название2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы
страница2/13
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.28 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://karmakshy.gov.kz/assets/files/pravo/kaz/PRT_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2. 2 Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау


ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ


Өнеркәсіп


2012 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары (қолданыстағы бағамен) өндірген өнім көлемі 2 860 млн теңгені құрайды. 2011 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 100,9 пайызды құрады. Кен өндіру өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркәсіп өнімнің ішінде 3,2 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 89,3 пайызды, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлуде 7,5 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің дамуында өсу қарқыны байқалып, 2011 жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға өсті. Ал кен өндіру өнеркәсібі 2011 жылмен салыстырғанда 93,1 пайызға орындалды.

2013 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім көлемі 3 751,0 млн теңгені құрайды. 2013 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 145,7 пайызды құрады.

Инновациялар мен инвестициялар

«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша 1 жоба ұсынылып, картаға енді.

Картаға енген «Дорстрой» ЖШС-нің «Қорқыт ата зиярат етушілер орталығы» жобасы. Жалпы құны 450,0 млн. теңгені құрайтын бұл жобаның есепті кезеңде 90,0 пайыз құрылыс жұмыстары атқарылды. Инфрақұрылым тарту жұмыстары «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен «Аман-Құрылыс» ЖШС-і 197,0 млн.теңгеге жүргізуде (электр желі, қосалқы станция, ауыз су желісі, аяқ су, насос станциясы). Қазіргі таңда аяқ су жинайтын қазандық құрылысы салынуда. Электр желісі тартылған, насос стансасы орнатылған, ауыз су Қорқыт станциясына тартылып жұмыс көлемі 95,0 пайызы аяқталған.

Жобаны жүзеге асыру барысында 57 адам жұмыспен қамтылып, жұмыс жасауда, жоба іске қосылғанда тұрақты 15 жұмыс орны ашылады.

Жоба бойынша «Қорқыт Ата зиярат етушілер орталығында» мейрамхана, намазхана, қонақ үй, автотұрақ, техникалық қызмет көрсету орталығы, жанар-жағар май бекеті, ұлттық қолөнер шеберханасы, туристер демалатын бақ жұмыс жасайтын болады. Қазіргі жағдай бойынша намазхана, мейрамхана, қонақ үй нысандарына сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

2013 жылы облыстық өңірлік индустрияландыру картасына енгізуге аудан тарапынан екі жоба ұсынылып картадан тыс бақылауға алынды. Олар «АНК-Даулет» ЖШС-нің «Темір-бетон бұйымдарын және құрылыс материалдарын шығаратын кіші зауыты» - құны 51,0 млн.теңге, «Мир-2001» ЖШС-нің «Заманауи технология ендіру арқылы бетон бұйымдары цехын ашу» құны 64,0 млн.теңге. Жобалардың іске асыру мерзімдері 2013-2014 жылдар аралығы.


Инвестициялар

Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 617,0 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,4 есеге өсті. Негізгі қорға тартылған инвестициялардың құрылымы қаржыландыру көздеріне қарай мынадай болып қалыптасты: бюджет қаржысының үлесі 32,4 пайыз, басқа көздер үлесі 67,6 пайызды құрады.

2013 жылдың 11 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 38 470 млн. теңге болып, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,9 есеге өсті. Негізгі қорға тартылған инвестициялардың құрылымы қаржыландыру көздеріне қарай мынадай болып қалыптасты: бюджет қаржысының үлесі 10,0 пайыз, басқа көздер үлесі 90,0 пайызды құрады.


Аграрлық сектор.


2012 жылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша 20 246 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары орналастырылды.

Өткен жылы егін жинау науханы жоғарғы ұйымдастырушылық деңгейде қарқынды жүргізілді. Сонын нәтижесінде 11770 гектардан 61 536 тонна сыр маржаны қанбаға құйылды. Сонымен қатар 160 тн мақсары, 12273 тонна көкөніс, 13148 тонна бақша, 21789 тонна картоп өнімдері алынды. Аудан бойынша 51331 тонна шөп дайындалды.

Ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан егілген ауылшаруашылық дақылдарына 212 781 мың теңге, минералды тыңайтқышқа 106 359 мың теңге, барлығы 319 140 мың. теңге субсидия берілді.

Мал саны 2011 жылмен салыстырғанда түйемен құс басынан басқа төмендеп кеткен. Атап айтқанда мүйізді ірі қара 97,4 пайызға, қой 90,5 пайызға, ешкі 96,9 жылқы 95,2 пайызға төмендесе , түйе 103,8 пайызға, құс 105,9 пайызғы өсті.

3 325 тонна ет, 4 618 тонна сүт, 905,0 мың дана жұмыртқа өнімдері өндірілді. 2011 жылмен салыстырғанда сүт өнімдері 101,8 пайызға өсіп, ет 99,7 пайызға, жұмыртқа 72,4 пайызға төмендеді.

Мал басын асылдандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы аясында несие арқылы шаруа қожалықтары 9 бас асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиырының бұқасын және 92 бас аналық сиыр сатып алды.

Ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 6 009,4 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 109,6 пайызға артты.

2013 жылы ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5 059,5 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 102,5 пайызға артты.


Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда


2012 жылы ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2041 бірлікті құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға өсіп отыр. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 4836 адамды құрап, 3,3 пайызға көбейген.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 916,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп (тауарлар, жұмыстар мен қызметтер), 2011 жылмен салыстырғанда 11,7 пайызға өсіп отыр.

Сондай-ақ, 2012 жылы шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен салықтар мен түсім көлемі 356,1 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 17,5 пайызға өсті.

Аймақтық үйлестіру кеңесіне индустрияландыру картасына енгізілуге 2012 жылы 4 жоба ұсынылып, қолдау тапты. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 4 жоба ұсынылып 3-і қолдау тапты. Оның ішінде 2 жоба бағдарламаның 1-ші бағыты «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бойынша және 1 жоба 3-ші бағыты «кәсіпкерлердің валюта тәуекелдерін төмендету» бойынша қанағаттандырылды.

Өткен жылы аудан кәсіпкерлері мен тұтынушылары түрлі қаржы ұйымдары арқылы жалпы құны 807,8 млн теңгенің несиесіне қол жеткізді.Оның ішінде 558,0 млн теңгесі тұтыну несиесі болса, 249,0 млн теңгесі нақты жобалар бойынша бөлінген.

2013 жылдың 11 айында ауданда тіркелген шағын субъектілердің саны 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,8 пайызға, онда жұмыспен қамтылғандар саны 113,9 пайызға артты.

Өнім өндіру, қызмет көрсету көлемі 105,5 пайызға өсіп, бюджетке түсірілген салықтар мен алымдар 101,0 пайызды құрады.

2012 жылы бөлшек сауда көлемі 2 235,5 млн теңгені құрады, немесе 2011 жылмен салыстырғанда 5,7 пайызға өсті.

2013 жылдың 11 айында бөлшек сауда көлемі 1 878,9 млн теңгені құрады, немесе 2012 жылмен салыстырғанда 112,8 пайызға өсті.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан әкімдігі аудандағы көтерме саудамен айналысатын 5 кәсіпкерлік субъектімен азық-түлік бағасын көтермеу жөнінде меморандум жасалды.

Аудандағы нан және ұн өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында 4 оператормен меморандум жасалынып, қазіргі уақытта 7 вагон арзандатылған ұн жеткізілді.

Сонымен қатар аудан тұрғындарын негізгі азық-түлік өнімдерімен қол жетімді бағада тұрақты қамтамасыз ету мақсатында ауданда 16 рет ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен сатылды.


ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ


Білім

Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты 21 орта, 1 орталау мектеп, 22 мектепке дейінгі мекемелер, аудандық оқушылар үйі, аудандық балалар әуез мектебі, кешкі мектебі бар.

2011-2012 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестке 599 оқушының 434-і қатынасты. Оқушының орташа балдық көрсеткіші - 64,92 құрады. Біздің аудан облыс көлемінде ІІІ-орынды иеленді.

Биылғы жылдың жазғы кезеңінде аудандағы 1-10 сынып аралығында жазғы демалыс және еңбекпен қамтуға 8584 оқушының 7556-сы, немесе 88 пайызы қамтылды. 1 сыныпқа қабылданған 878 оқушы ыстық тамақпен 100 пайыз қамтылып отыр.

Мектептерге оқулық сатып алуға 12,9 млн теңге бөлініп, жалпы 21626 дана оқулықтар алынды. 2012-2013 оқу жылында оқушылардың оқулықпен қамтылуы орташа 74,0,0 пайызды құрады. 1 сынып оқушылары және аз қамтылған отбасындағы оқушылар 100 пайыз оқулықпен қамтылып отыр.

Тасымалдау қажет ететін ауданда 158 мектеп оқушысы бар, атап айтқанда №250 лицей-мектебінің 102 оқушылары мен Көмекбаев ауылындағы №185 орта мектептің 56 оқушыларын тасымалмен қамту мәселесі толығымен шешіліп отыр.

№12 кәсіптік лицейде бүгінгі күн талабына сай газо-электросварщик, электр-монтер, тігінші, тас қалаушы, автокөлік жөндеу слесары сияқты мамандықтар бойынша мамандар даярлануда.

«Балапан» бағдарламасы аясында ауданда 22 мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 1727 бұлдіршін тәрбиеленсе, 18 мектепалды даярлық топтарында және «Балапан» шағын орталығында 365 бүлдіршін тартылған. Яғни 3-6 жас аралығындағы балалардың 75,9 пайызы балабақшамен қамтылып отыр.

Бүгінгі таңда балабақша кезегінде 632 бала тұр, оның ішінде 390-ы 3 жасқа дейінгі балалар. Қазіргі таңда балаларды балабақшамен қамту мақсатында «Толғанай» және «Тоғжан» балабақшаларында 2 топтан 80 бөбектер қабылдауға жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар Ақай ауылында 60 орындық жеке балабақша ашылуда. Биылғы жылы Төретам кентінде 280 орындық балабақшаның құрылысы басталады.

Аудан бойынша 5-6 жастағы балалар мектепалды даярлықпен 100 пайыз қамтылып отыр.

Төретам кентінде республикалық бюджет қаржысы есебінен 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. 2012 жылы Қызылтам елді мекенінде 100 орындық мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. 2013 жылы Төретам кентінде 600 орындық мектеп, Көмекбаев ауылында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді.Төретам кентінде 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде.


Денсаулық

Денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жедел медициналық көмек көрсету қызметіне 3 санитарлық автокөлік және жаңа медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды.

Дәрігерлерді ауылдық жерлерге тарту жұмыстары әлі де өз жалғасын табуда. Аудан бойынша жыл көлемінде 9 жас дәрігер келіп жұмыс жасауда.

100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен ауыру деңгейі 2011 жылмен салыстырғанда 89,5 пайызды құрады.

Туу көрсеткіші 2011 жылмен салыстырғанда 99,1 пайызды құрады, Халықтың өлім - жітім көрсеткіші бойынша 109,8 пайызды құрап, өсу тенденциясы байқалуда.

Төретам кентінде ауылдық емхана,Алдашбай ахун, Иркөл ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекет құрылысы салынып пайдалануға берілді.

Биылғы жылы көптен шешімін таппай жүрген Жосалы кентіндегі бір ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысы басталды.

Сонымен қатар Ақай және ІІІ-Интернационал ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге 4822 мың теңге бөлініп отыр.


Халықты әлеуметтік қорғау

2012 жылы жұмыс іздеуші ретінде жұмыссыздыққа 2550 жұмыссыз азамат тіркеуге алынды. Қазіргі таңда есепте тұрған жұмыссыздар саны 147 адам, тіркелген жұмыссыздық үлесі 0,3 пайызды құрайды. 858 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. 801 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекет тарапынан 297,0 млн теңгеге әлеуметтік төлем түрлері төленді. Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мақсатында кресло-арбалар, таяқтар мен балдақтар және басқа да құралдармен, қамтамасыз етіліп келеді.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы кәсіптік оқу курстарына 150 азамат жолданып, 113 азамат оқу орындарымен қамтылды. Олар «тігінші», «Оптикалық және электронды құрал жабдықтар», «Жолаушылар мен жүк тасымалды ұйымдастыру», «Мұнай және кең орындарын ұйымдастыру», «Бухгалтер», «Газ жабдықтауды пайдалану» «Мейірбике» тағы басқа мамандықтар бойынша оқытылуда.

Сонымен қатар қайта даярлау курстарына 75 азамат оқу курстарымен қамтылды.Қазіргі таңда қайта даярлау курстарынан өткен азаматтардың 10 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Осы бағдарлама аясында дипломнан кейінгі жастар тәжірибесіне 132 жас маман жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 249 азамат жолданды.

«Нұр-Рай» шағын несие ұйымы арқылы 46 азамат 78 млн теңге шағын несие алып, өз жоспарларына сәйкес жұмыстарын жүргізуде.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша Т.Көмекбаев ауылында инженерлік инфрақұрылымымен 30 тұрғын үй салынып, шалғай орналасқан Шобанқазған, Кекірелі елді мекендерінен көшуге ниет білдірген 30 отбасы орналастырылды.

Төртінші бағыты бойынша әріптестік аясында мемлекет тарапынан 21,0 млн теңге бөлініп, Жаңажол ауылының 1 көшесі жарықтандырылып, орталық алаңы абаттандырылды. Тағзым алаңы, шаруашылық ғимараты, сауда орталығы мен мейрамхана жеке сектор арқылы абаттандырылды. Бұған «Жаңажол» ЖШС тарапынан 120,0 млн теңге жұмсалды.

Сонымен қатар Ш-Интернационал ауылына 20,0 млн теңге бөлініп, орталық алаңы абаттандырылды.

2013 жылға жұмысқа орналастыру 850 адамды көзделген болса, 2013 жылдың 1 желтоқсанына 752 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 12 мүгедек азамат жұмыспен қамтылды .

Жыл көлемінде 9 рет «Бос жұмыс орындары» бойынша жәрменкелер өткізілді. Жәрменкі барысында 155 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.

«Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 2013 жылы Кәсіптік оқумен -75 адам , қайта даярлау-90 барлығы 165 жұмыссыздарды оқумен қамту жоспарланған. «Қайта даярлау» оқу курсына Қармақшы аграрлық – техникалық колледжіне «даяшы», «ағаш ұстасы», «тасқалаушы» 45 азамат, Байқоңыр қалалық «Космос » колледжіне «Плитамен қаптаушы», «Бояушы», «Байланыс технигі», «Құрғақ әдіс құрылысының маманы» 58 азамат, барлығы 103 азамат жолдама алып, қазіргі таңда 57 азамат толық курсын аяқтап,43 азамат оқуларын жалғастыруда. Аяқтаған 57 адамның 15 адамы тұрақты жұмыспен қамтылды. Қызылорда облысы көлеміндегі арнаулы орта оқу орындарына «Кәсіптік оқу » курстары негізінде 10 айлық оқу курстарына 75 жұмыссыз азамат жолданды .Осыған орай «Кәсіптік оқу» курсына жіберілген 75 азамттың ішінене жұмысқа қабілетті 3 мүгедек , 2013 жылы жалпы білім беретін мектеп түлектерінен 15 азамат 10 айлық оқу курстарына жолданды.

2013 жылы Республикалық бюджеттен «Жастар тәжірибесіне» 90 жас маманды жұмыспен қамтуға 20900,0 мың теңге қаралған. Бүгінгі таңда 67 жұмыс беруші мекемелерге 123 жас маман жолданған, тәжірибе жинақтаған жас мамандарымыздың ішінен сол жұмыс орындарына 8 жас түлек тұрақты жұмысқа орналасты.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша 143 адамға 252250 мың теңге шағын несие берілді

2013 жылдың 1 желтоқсанына жалпы аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың отбасы саны 115, оның ішінде адам саны 534. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылар саны 407 адамға азайды. Көмек алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті адамдардың үлесі 175 адам болып, 32,8%-ды құрады.

2013 жылы Бура шипажайына 28 жолдама беріліп, бүгінгі күнге 25 мүгедек шипажайға жіберіліп демалып қайтты. Сондай-ақ, Тараз Resort SPA шипажайына 48 жолдама беріліп, бүгінгі таңға 37 мүгедек шипажайға жіберілді.

Қызылорда қаласы,Талсуат округіндегі «Мүгедектер мен мүгедектерді оңалту орталығына» 37 мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен 41 зейнеткерге жолдама берілді.


Мәдениет және тілдерді дамыту

Мәдениет саласы бойынша жалпы жыл басынан бері 674 мәдени шаралар өткізіліп, оған 12531 көрермен тартылды.

Өткен жылы аудандық Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 70,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға бу қазандығы ғимараттан тысқары орналастырылып, ішкі беті қайта жаңғыртылып, шатыры жаңартылды.

2012 жылы Төретам кентіндеге 150 орындық клубтың құрылысы пайдалануға беріліп, Тұрмағамбет, Ақжар, Ақай елді мекендерінде дәл осы жобадағы клубтардың құрылысы басталып, 2013 жылы пайдалануға беріледі.

Тілдерді қолдану мен дамытудың бағдарламасына сай аудандық бюджеттен 400 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Орыс ұлт өкілдерінің арасында «Тіл-достықтың тірегі» атты қазақ тілі білгірлернің сайысы өткізілді. ІІІ-интернацинал ауылында қазақ,түрік, кәріс ұлттарының арасында «Тіл-халық жанын танудың кілті» атты достық фестивалі өткізілді. «Тілдің үш тұғырлы» саясатына байланысты «Тіл дарын – 2012» аудандық олимпиада өткізілді.


Дене шынықтыру және спорт, туризм

Спорт саласында дене шынықтыру және спортты дамытудағы ең басты көрсеткіштердің бірі - дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесі артты. Кент және ауыл округтерінде осы мақсатта өткен жылы 15 әдіскер-инструкторлар жұмыс жасаған болса, ағымдағы жылы 25 штат бірлігі болып көбейді.

Ерекше айтып кетейік, Байқоңыр қаласына 2011 жылы 3 әдіскер - инструктор штаты болса, өткен жылы 2 инструктор штаты қосылып, Ақай, Төретам, Байқоңыр қаласы тұрғындары үшін барлығы 7 инструктор қызмет көрсетуде.

2011 жылы аудан халқының 20,4 пайызы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданған болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 22,00 пайызға жетті.

Ауыл жастарының бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруда мақсатында өткен жылы Жосалы кентінде, Абыла, Иіркөл, Алдашбай ахун, Қуандария елді мекендерінде спорт алаңдары салынды. Сонымен қатар Жосалы кентінде 300 орындық стадион құрылысы пайдалануға берілді.Үстіміздегі жылы 7 спорт алаңдары салынуда.


Ішкі саясат

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүйелі жүргізіліп келеді. Аудан бойынша мемлекеттік тіркеуден өткен 15 үкіметтік емес ұйым жұмыс жасайды. Аудан әкімдігі тарапынан азаматтық қоғам құрылымдарымен әріптестік байланыстар орнатылған. Үкіметтік емес ұйымдар да өз кезегінде ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып келеді.

Үкіметтік емес ұйымдардың потенциалын ауданның өзекті мәселелерін шешуге пайдалану мақсатында өткен жылы мемлекеттік тапсырыс арқылы 3 млн 96 мың теңге қаржы қаралып, түрлі бағыттағы 7 әлеуметтік маңызы жоғары жоба жүзеге асырылды.

Аудан бойынша бүгінгі күнге тұрақты діни ахуал қалыптасып отыр. Қазіргі уақытта ауданда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты 10 мешіт, бұлардан өзге 2 діни бірлестік жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, 2012 жылы Қорқыт бекетінен «Қорқыт ата» мешіті пайдалануға берілді. Ақтөбе ауылынан мешіт үйі тұрғызылып, осы жылдың наурыз айында жамағатқа қызмет көрсетеді деп күтілуде.

Аудан әкімдігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша 2012 жылы «Жастар арасында діни экстремизм көріністерінің алдын алуға бағытталған шаралар ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба орындалды.

Саяси партиялар қатарында ауданда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының филиалы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының, «Ақжол» демократиялық партиясы мен Қазақстан халықтық коммунистік партияларының аудандық өкілдіктері жұмыс істейді. Саяси партия өкілдіктерімен ынтымақтастық және әріптестік байланыстар орнатылған.


Жастар саясаты

2012 жылы «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 796 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, 2 әлеуметтік тарсырысқа конкурс өткізілді. Соған сәйкес, «Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар арасында діни экстремизмнің көріністерінің алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» лоты бойынша, «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды ұйымдастыру» лоты бойынша жұмыстар жүргізді.

Жастар ұйымдарының ұйымдастыруымен 2012 жылы діни экстремизм және дінге байланысты басқа да өзекті мәселелер жөнінде барлық кент, ауылдық округтерде «Дін және зайырлы мемлекет», «Дін және жастар», «Дін және қоғам» және басқа да тақырыптық 13 семинар, 31 мамыр – саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Зұлмат жылдар зобалаңы зардапты» атты митинг, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің 20 жылдығына орай «Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер - егіз ұғым» атты мерекелік шара, дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Есірткісіз болашақ!», Елбасы Жолдауын жастар арасында насихаттау мақсатында «Жолдаудың сөзі – Жастардың көзімен» атты шығарма байқауы, «Болашақ бүгіннен басталады!» атты акция аясында «Гүлденсін Қармақшы!» тақырыбында тазалық шарасы, «Ескерткіштер - ел мұрасы» атты аудандық акция, 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай жас ақындар мүшәйрасы, тазалық акциясы, спорттық сайыстар мен мерекелік кеш және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытын тиімді пайдалану бағытында түрлі спорттық, мәдени шаралар өткізілді.

Сонымен қатар, 2012 жылдың ІІ жартыжылдығынан бастап «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан «Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы жастары арасында әріптестік пен қарым-қатынас орнату бойынша қызмет жұмысын ұйымдастыру» жобасына жарияланған конкурстың жеңімпазы болып танылып, Байқоңыр қаласы мен Төретам, Ақай елді мекендерінің жастары арасында түрлі мәдени-танымдық, спорттық шаралар ұйымдастыруда.


Қоғамдық тәртіп

2012 жылы аудан көлемінде 311 қылмыс тіркелді, оның ішінде 63,0 пайызын ұрлық құрайды. Тіркелген қылмыстар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,0 пайызға өсіп отыр. Қылмыстың ашылу деңгейі 21,0 пайызды құрайды. Арнайы-оперативтік "Допинг", "Канал", "Мак" шараларын жүргізілді. 2012 жылы Нашақорлықпен және наша саудасымен күрес шарасын жүргізу нәтижесінде ауданда қылмыс тіркелген жоқ.

Аудан аумағында мерзімдік су алу, қыс мезгіліндегі төтенші тұрмыстық, өндірістік және ландшафттық өрттер болып тұрады. Төтенше жағдайлардың пайда болу қауіпін барынша азайту, адамдардың денсаулығын және өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлардан болатын зияндардың және материалдық шығындардың мөлшерін төмендету үшін ауданда тұрақты түрде кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып тұрады.

Азаматтық қорғау іс-шаралары индустриялық-инновациялық дамыдың қарышты қадамдарына сай болуы керек және техногенді апаттардың пайда болу қауіптерің барлық факторларын есепке ала отырып құралады, оның ішінде террористік актілерден туындайтын себеп-салдарлар да ескеріледі. Ауылдық елді мекендер мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінен, оларға жедел қызмет көрсету радиусынан қашықты орналасқан, ал ең жақын өрт бөлімшелеріне дейінгі қашықтық 20 және одан да көп шақырымды құрайды.

Қысқы-көктемгі мерзімдегі су тасқынынан болатын жағымсыз жағдайлар көктемгі ауақытта аудандағы 4 елді мекендеріне су алу қаупін туғызады.


ИНФРАҚҰРЫЛЫМ КЕШЕНІ


Құрылыс

2012 жылы тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша 17 410 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 105,6 пайызға өсті. Оның ішінде мемлекеттік меншік 14,2 пайызды құраса, жеке меншік 85,8 пайызын құрап отыр.

2013 жылдың 11 айында тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша 14 962 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 103,0 пайызға өсті.

2012 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 9 883 млн теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 118,4 пайызға артты.

2013 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 13 767,2 млн теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге өсті.

Жосалы кентінің кіреберісіндегі «Қобыз» композициясы, қайта жаңғыртылған «Рәміздер алаңы», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы саябақ, абаттандырылған К. Рүстембеков атындағы жыраулар үйі, орталық көшелерге 8 жерден орнатылған аркалар және түрлі орнаментпен өрнектелген электр бағаналары бүгінгі күні халық игілігіне айналды.

Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін екі көшеге тротуар, яғни тас төсеніштер төселді.


Жол және көлік

Облыстық бюджеттен 140,0 млн теңгеге 7 елді мекеннің ұзындығы 13 шақырым болатын көшелеріне, аудандық бюджет есебінен 50,0 млн теңгеге Жосалы кентінің ұзындығы 4 шақырымдық 4 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Облыстық бюджеттен 100,0 млн теңгеге Жаңажол ауылындағы ұзындығы 7,2 шақырым болатын көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Облыстық бюджеттен 19,7 млн теңгеге аудандық маңыздағы «Самара- Шымкент- Жаңажол» автомобиль жолының 1,3 шақырымға жөндеу жұмыстары атқарылды.

2012 жылы жүк тасымалдау көлемі 5 873,2 мың тоннаға жетіп, 104,7 пайызға, жүк айналымы 804,8 млн.тонна шақырым болып, 101,4 пайызға, жолаушылар тасымалдау 4 037,5 мың адамды тасып, 119,1 пайызға, жолаушылар айналымы 99,3 млн.жолаушы шақырымды құрап, 109,2 пайызға өсті.

2013 жылы облыстық бюджеттен 336 440,0 мың теңге қаржы бөлініп, Жосалы кентінің 11 көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық маңыздағы «Самара- Шымкент- Ақжар- Тұрмағанбет- Көмекбаев» автомобиль жолының 15-30 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 166 752,0 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 286135,0 мың теңге қаржы бөлініп, Жосалы кенті, Ақжар, Ақай, Қармақшы, Иіркөл, Дауылкөл ауылдық округтері мен Төретам кентінің 8,3 шақырым көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ауданның 4 елді мекенінің көшелерін орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 25656,0 мың теңге бөлініп жұмыстары атқарылды.

«Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында облыстық бюджеттен 43 122,0 мың теңге қаржы бөлініп, Тұрмағанбет, Ақжар ауылдық округтері мен Төретам және Жосалы кенттерінің көшелері абаттандырылды.

Және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және оны күтіп ұстау жұмыстарына аудандық бюджеттен 25 943,0 ,0 мың теңге қаржы бөлініп, «Жақсылық» ЖШС тарапынан тиісті жұмыстары атқарылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.

Ауданда барлығы 73 көпқабатты тұрғын үйлер бар (Жосалы кенті – 54, Төретам кенті – 12, ІІІ Интернационал ауылы – 7). Онда барлығы 719 пәтер орналасқан (Жосалы кенті – 463, Төретам кенті – 188, ІІІ Интернационал ауылы – 68). Аталған нысандардың тозуы 60-70 пайыз аралығында.

Ауданда 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында жоғарыда аталып өткен үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында көпқабатты үйлер пәтер иелерінің «Жосалы» кооперативі құрылды.

«Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында Жосалы кентінде орналасқан 8 көпқабатты үйді жөндеу үшін құжаттары дайындалып, 5-уі мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Қазіргі таңда 4395,0 мың теңгеге Жосалы кентінің Көмекбаев көшесі №1 және №3 тұрғын үйлердің пәтер иелерінің толық келісімімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Ауыз сумен қамтамасыз ету

Кезен кезенмен аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамту мәселері шешілуде.

Елбасының 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде қазіргі таңда аудан тұрғындары 100% таза сумен қамтамасыз етіліп отыр.

Аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Республикалық және облыстық бюджеттен 237,1 млн теңге бөлініп, Ақжар, Ақтөбе елді мекендегі ауыз су жүйесін тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 746 үйге су құбыры кіргізілді және 252 көру құдығы қойылды.

АУЫЛДЫҚ АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Похожие:

2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы iconТӨлеби ауданының 2011-2015 жылдарға арналған орта мерзімді даму бағдарламасы
Негізгі бағыттары, міндеттері, мақсатты индикаторлар 153 бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері 176
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Абай ауданының даму бағдарламасы
БАҒдарламаның алғА ҚОЙҒан бағыттарына қол жеткізу жолдары, НӘтиже көрсеткіштерінің мақсаттық индикаторлары, мақсаттары мен міндеттері,...
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы сырдария ауданы, 2014 жыл
Сырдария ауданының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына...
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп
Мақсатты индикатор: Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға пайызбен
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon2012-2014 жылдарға арналған Арал ауданының аудандық деңгейдегі азаматтық бюджеті
Бюджет Кодексіне 2012-2016 жылдарға арналған Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлеріне және...
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты көрсеткіштер мен нәтиженің КӨрсеткіштері
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница