Қармақшы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 ақпанындағы Кезектен тыс 25- сессиясының №147 шешімімен бекітілген
2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы
Жосалы кенті, 2014 жыл | | Мазмұны
1. | Бағдарламаның төлқұжаты | 2. | Ағымдағы жағдайға талдау | 2.1 | Қармақшы ауданының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы | 2.2 | Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау Экономикалық даму Әлеуметтік сала Инфрақұрылымдық кешен Ауылдық аумақтарды дамыту, экология Мемлекеттік қызметтер | 2.3 | Қармақшы ауданының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары, тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама | 2.4 | Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданыстағы саясатын талдау | 3. | Өңір дамуының көрінісі | 4. | Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары. |
| 1 бағыт: Өңір экономикасын дамыту; |
| 2 бағыт: Әлеуметтік даму; |
| 3 бағыт: Инфрақұрылым; |
| 4 бағыт: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология; |
| 5 бағыт: Мемлекеттік қызметтер. | 5. | Қажетті қаржы | 6. | Бағдарламаны басқару | | | | |
| | | | БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ Бағдарлама атауы | 2011-2015 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасы | Бағдарламаны дайындауға негізі | «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы №827 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін мұнан әрі құрылымдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы №371 Жарлығы | Өңірдің негізгі сипаттамасы | Қармақшы ауданының аумағы 31,0 мың шаршы шақырым, немесе облыс аумағының 13,7% алып жатыр. Қармақшы ауданы–Қызылорда облысындағы жеті ауданның бірі, 1927 жылы құрылған. Оңтүстік шығысында Жалағаш, солтүстік батысында Қазалы ауданымен, оңтүстік батысында Өзбекстан Республикасымен, солтүстік шығысында Қарағанды облысымен шектеледі. Ауданның негізгі экономикалық бағыты-ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру. | Бағыттары | - Экономикалық даму - Әлеуметтік даму - Инфрақұрылым кешені - Аумақтарды дамыту - мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы | Бағдарламаның мақсаттары
| Агроөнеркәсіп кешенінде, өнеркәсіпте жоғары өнімді инновациялық технологияларды енгізу, туризм саласында қызмет көрсету сапасын жоғарлату негізінде аймақ экономикасының жылдамдатылған дамуы; Әлеуметтік саланы және адам әлеуетін дамыту, халықтың өмір сүру сапасының деңгейін жоғарылату, барлық сапалы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету; Сапалы тұрмыс-коммуналдық және көліктік қызметтерді қамтамасыз ету және экономиканың индустриализациясына жол беретін инфрақұрылымдық жиынтықты түрлендіру; Депрессивті аймақтардың динамикалық дамуы арқылы әкімшілік-аумақтық қалыптасулардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін тегістеу; Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы. | Бағдарламаның міндеттері | - Жалпы өңірлік өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляциялық процестерді тұрақтандыру - Жоғары қосымша құннымен жаңа өндірістер ашу. - Экономиканың өңдеу өнеркәсібін дамыту. - Балама энергия көздерін пайдалануды дамыту. - Агроөнеркәсіп кешені өнімін өндірудің тұрақты өсуінің есебінен ауданда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. - Ауданның мал шаруашылығының негізгі құрам бөлігі ретіндегі асыл тұқымды және жоғары өнімді малды дамыту. - Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау - Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өндірісті жетілдіру және әртараптандыру. - Инвестициялық қолайлы климат құру, ынтымақтастықты нығайту және дамыту, қаржы салу үшін жағдай жасау. - Ауданның инвестициялық жобаларында және тауар, жұмыс және қызметтер сатып алуда қазақстандық және жергілікті мазмұн үлесін ұлғайту. - Мектепте білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту. Педагог кадрлардың кәсіптілігін және мұғалім мамандығының абыройын жоғарылату. - Мектепке дейінгі ұйымдар санын көбейту және мектепке дейінгі білім беруде ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту. - Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы дайындау үшін жағдайлар жасау. - Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын жоғарылату. - Халықтың денсаулығын жақсарту және әлеуметтік мәні бар ауру зардаптарын төмендету. - Аудан халқын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және ықпал жасау. - Халықтың табысының өсуіне ықпал жасау. - Қиын өмірлік жағдайдағы адамдар үшін арнайы әлеуметтік қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз ету. - Жергілікті деңгейде мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүзеге асыру. - Дене тәрбиесін және спортты насихаттау және спортшылардың республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету - Туристік имиджді қалыптастыру және ұсынылатын қызмет сапасын жоғарылату. - Ауданда өмір сүріп жатқан барлық этностардың мәдениеттері мен дәстүрлерінің даму бостандығын одан әрі жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау. - Жастарды мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз ету. - Қоғамдық тәртіпті нығайту, қажетті деңгейде азаматтардың өмір қауіпсіздігін қолдау, есірткі бизнесі және қылмыспен күрес тиімділігін арттыру. - Зілзала, алай-дүлей, техногендік апаттарды азайту тәуекелдігі бойынша жағдайлар жасау. - Телекоммуникация және байланыс саласында сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. - Жергілікті бағыттағы көлік жолдарының дамуы . - Көлік қызметтерін , такси, автостанцияларды дамыту. - Ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметің дамыту. - Ауыз су жүйесінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету. - Елді мекендерінің әлеуметтік саласының мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету. - Экожүйені қалпына келтіру және сақтау бойынша жағдай жасау. - Орман ресурстарын үнемді пайдалануын сақтау, қайта өндіруді қамтамасыз. - Жергілікті атқарушы тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету. - Жылумен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету. | Мақсатты индикаторлар | - Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға пайызбен - Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі - Өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі - Электр энергиясын өндіруді арттыру - Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі - Ауыл шаруашылығы малдарының жалпы санындағы асыл тұқымды мал үлесінің артуы - Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімінің нақты көлем индексі - Бөлшек сауда көлемінің нақты индексі - Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың нақты көлем индексі - Инновация саласында кәсіпорындар мен ұйымдар белсенділігінің өсу деңгейі (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриалдық парктер және т.б.) - Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алудың жалпы көлемінде қазақстандық мазмұн көлемінің үлесін ұлғайту - Халықтың білім сапасы мен қол жетімділігіне қанағаттану деңгейі - Мектепке дейінгі 3-6 жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеумен қамту - Техникалық және кәсіби біліммен 14-24 жастағы жастарды қамту үлесі - Медициналық қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейі - Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы - Халықтың 1000 адамға шаққандағы жалпы өлімін төмендету - Жұмыссыздық деңгейі - Табысы күнкөрiс деңгейiнен төмен тұрғындар үлесі - Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылғандардың үлес салмағы (көмекті қажет ететіндердің жалпы санынан) - Аудан халқының мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі - Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі - Дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысатын барлық жастағы халықты қамтуды арттыру - Дене шынықтыру және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту - Туристік қызмет саласындағы ұйымдардың жиынтық табысының ұлғаюы - Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қатынасын оң қолдайтын халық үлесін арттыру - 14-29 жас аралығындағы халықтың мемлекеттік жастар саясатына қатысты қанағаттанарлық деңгейі - Халықтың ішкі істер органдарына сенімділігінің болжамдық деңгейі - Төтенше жағдайлардан адам және материалдық шығындарды азайту - Халықтың телекоммуникация және байланыс саласында қызмет көрсетудің сапасына қанағаттану деңгейі - Құрылыс жұмыстары көлемнің индексі - Тұрғын үйлерді пайдалануға беру, мың шаршы метр - Елді мекендерінің даму сызбаларымен қамтамасыз ету деңгейі - Қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының үлесі - Жүк айналымы - Жолаушылар айналымы - Тұтынушылардың коммуналдық қызметтер сапасымен қанағаттану деңгейі - Халықтың орталықтандырылған ауыз суға қол жетімділігі деңгейін көтеру - Жылумен қамтамасыз ету қызметімен қамтылу деңгейін арттыру - Халықты су алу қызметімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру - Даму әлеуеті жоғары елді мекендердің санын арттыру - Жалпы залалды заттардың шығарылуын азайту - Мемлекеттік орман қорының орманды алқабының алаңы - Халықтың әлеуметтік маңызды қызметтер көрсету сапасына қаңағаттану деңгейі | Қаржыландыру көздерімен көлемі | Қаржыландыру көздері: республикалық, облыстық және аудандық бюджеттер, инвесторлардың жеке қаражаты, қарыздық қаражат. Қаржыландыру көлемі: 2011 жылы 5 334,0 млн. теңге 2012 жылы 5 370,8 млн. теңге 2013 жылы 6 488,1 млн. теңге 2014 жылы 5 834,1 млн. теңге 2015 жылы 5 232,7 млн. теңге Барлығы : 22 425,6 млн теңге |
2.Қазіргі жағдайға талдау
2.1 Қармақшы ауданының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, оның Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық дамуына әсері.
Салалық мамандандыру есебінен Қармақшы ауданы ағрарлық аймақ болып табылады. Өңдеу өнеркәсібін дамыту деңгейінің өсуі оң тенденция болып табылады. Жоғарғы даму деңгейі құрылыс секторында байқалады, оның ішінде тұрғын үй құрылысында. 2012 жылдың қорытындысы кезенінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жағымсыз мезет болып, рейтингтің даму деңгейі бойынша және серпінділік көрсеткіштері бойынша аудан 7 орынға ие болды. Экономикалық әлеует.Қармақшы ауданының күріш өсіру әлеуеті жоғары өңірлердің бірі болып саналады. Қызылорда құрамында Қармақшы ауданы көлемі 14,0 пайыз жерді құрайды және Қызылорда облысы бойынша 20,0 пайыз сапалы күрішті өндіреді. Ет, сүт бағытында мал шаруашылығы дамып келеді.Жайымдылық жерлер мал басын көбейтуге және мал шаруашылығы өнімін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ауданның туристік әлеуетін аудан бойынша дамытуға өте үлкен мүмкіндік бар, басымшылығы негізделген тарихи-архитектуралық ескерткіштер және тарихи маңызды жерлер. Оның ішінде «Қорқыт ата», тарихи орталығы, «Байқоңыр» кешені болашақ дүниежүзілік туристік кешенді құруға ықпал етеді. Транспорттық әлеует. Қолданыстағы транзиттік әлеует Азиат аймағы, жақын және орта Шығыс, Еуропа мемлекеттермен өзара байланыстыратын аудан аумағында орналасқан экономикалық тиімділікпен айқындалады. Халықтың өмір сүру деңгейі. 2012 жылы демографиялық сферада көрсеткіштердің төмендеуі атап айтқанда туудың азаюы және өлімнің көбеюі байқалуда. Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту. 2012 жылы 2041 бірлік тіркелген, оның ішінде 4836 адам жұмыспен қамтылған. Өсімдік шаруашылығы дақылдарын өсіруге негізгі су ресурсының жетіспеушілігіне қарамастан ауданда мал шаруашылығын дамытуға жақсы мүмкіндіктер және перспективалар бар. Мал шаруашылығы сапасын тиімді дамыту мақсатындағы жұмыстар: -асыл тұқымды малдың базасын дамыту және малдың генетикалық потенциялын жоғарылату; -тұрақты жем базасын жасау, малды толық бағалы және баланс жасалған жеммен тамақтандыру, ол үшін мал азықтық егіс алқаптарын көбейту, мал азақтық тұқым себу айналымын енгізу, жайылымдарды және шөп шабуды рациональды түрде пайдалану. Потенциалды пайдаланудағы стратегиялық міндет аудан территориясы арқылы өтетін автомобиль және теміржол торабтарын дамыту, тасымалдың инфрақұрылымын дамыту. Алайда, ауданда бірқатар экономикалық және әлеуметтік мәселелері бар. Ауданның әлеуметтік саласындағы жағдайды бағалап отырып, жалпы мәселе, бұл материалдық-техникалық базасың әлсіздігінде. Білім және мәдениет саласындағы индустрия баяу дамуда. Көптеген ауылдық клубтары күрделі жөндеуді қажет етеді. Ауданның еңбек рыноғы жағдайындағы бұл мәселелердің ең бастысы: еңбек рыноғындағы көп сұраныс пен ұсыныстың сай келмеуі, білікті жұмысшылар және техникалық кадрларға деген сұраныс, жұмысшы күші сапасының төмен болуы, ауданның агротехникалық колледжінің материалдық-техникалық базаның әлсіз болуы. Жұмыссыздық сақталуда, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі ерекше жоғары. Кіші бизнес белсенділігі жеткіліксіз, аудан экономикасын және әлеуметтік саланы дамытудағы оның үлесі өте аз. Құрылымды кадр тапшылығы байқалады. Жоғары жұмысбастылықпен қамтамасыз етуде техникалық мамандық және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасайтын кадрлар тапшылығы байқалады. Атмосфераға ласзаттек қалдықтары көлемінің өсуі. Арал теңізінің кебуі және Байқоңыр кешенінің қызметін, автокөлік сандарының көбеюі, автокөлік жанар-жағар май сапасының төмендігі, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының, өндіріс қалдықтарын қадеге жарату шарттарының сақталмауынан орын алып отыр.
|