Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы




НазваниеҚызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
страница1/14
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.18 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://e-kyzylorda.gov.kz/sites/default/files/documents/PlanZhospar/prog-oblas/programma_kazaksh
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




№ исх: 02-18/19 от: 08.01.2013

Қызылорда облыстық мәслихатының

2012 жылғы 6 желтоқсандағы

кезекті 12 сессиясының

№66 шешімімен бекітілген


Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға

арналған даму бағдарламасы


Қызылорда қаласы, 2012 жыл

Мазмұны


1.

Бағдарламаның төлқұжаты

2.

Ағымдағы жағдайға талдау

2.1

Қызылорда облысының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы

2.2

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.3

Қызылорда облысының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары, тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама

2.4

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданыстағы саясатын талдау

3.

Өңір дамуының көрінісі

4.

Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары.




1 бағыт: Өңір экономикасын дамыту;




2 бағыт: Әлеуметтік даму;




3 бағыт: Инфрақұрылым;




4 бағыт: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология;




5 бағыт: Мемлекеттік қызметтер.

5.

Қажетті қаржы

6.

Бағдарламаны басқару



Бағдарлама төлқұжаты


Бағдарлама атауы

Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы (Одан әрі - Бағдарлама)

Оны дайындауға

негіздеме

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы №827 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін мұнан әрі құрылымдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы №371 Жарлығы

Өңірдің негізгі сипаттамасы

Қызылорда облысының аумағы 226,0 мың шаршы шақырым немесе республика аумағының 8,3 %-ын алып жатыр, Тұран ойпатының кең байтақ жазықтау жерлеріне орналасқан, шығысында Қаратау сілемдері, солтүстік-батысында Қарақұм, ал оңтүстік – батысында Қызылқұммен шектеседі.

Облыста 7 аудан, 3 қала және 263 ауылдық елді мекен бар.

2012 жылдың 1 қаңтарына облыс халқы 713 мың адамды құрайды, халықтың орналасу тығыздығы әр 1 шаршы шақырымға 3,2 адамнан келеді.

Әкімшілік орталығы Қызылорда қаласы болып табылады.

Бағыттары

Өңір экономикасын дамыту;

Әлеуметтік даму;

Инфрақұрылым;

Ауылдық аумақтарды дамыту, экология;

Мемлекеттік қызметтер.

Бағдарламаның

мақсаттары

Облыстың дамуы және тиімді әлеуметтік-экономикалық әлеуеті негізінде тұрғындардың ахуалын жақсартуды қамтамасыз ету.

Міндеттері

Жалпы Өңірлік Өнімнің (одан әрі-ЖӨӨ) тұрақты өсуін және инфляциялық процестердің тұрақтануын қамтамасыз ету;

Экономиканың өңдеу саласын дамыту;

Балама энергия көздерін пайдалануды дамыту;

Агроөнеркәсіп кешені (одан әрі-АӨК) өнімдері экспорты және өндірісін тұрақты өсіру есебінен облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Шағын және орта кәсіпкерліктің қарқынды дамуын қамтамасыз ету;

Инвестициялық қолайлы ахуал құру, қарым-қатынасты нығайту және дамыту, қаржы салу үшін жағдай жасау;

Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өндірісті жетілдіру және әртараптандыру;

Облыстың инвестициялық жобаларында және тауар, жұмыс және қызмет түрлерін сатып алуда қазақстандық мазмұн үлесін ұлғайту;

Мектептегі білім беру деңгейін арттыру;

Мектепке дейінгі ұйымдар санын көбейту және мектепке дейінгі білім беруде ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту;

Бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы дайындау үшін жағдай жасау;

Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын жоғарылату;

Әлеуметтік мәні бар ауру зардаптарын төмендету және тұрғындардың денсаулығын жақсарту;

Облыс халқын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және ықпал жасау;

Кедейшілік деңгейін төмендетуге ықпал жасау;

Облыс тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсету;

Мәдениет саласындағы отандық өнімдердің талап етілу өсіміне жағдай жасау;

Жергілікті деңгейде мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуы;

Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту;

Туристік имиджді қалыптастыру және ұсынылатын қызмет сапасын жоғарылату;

Мемлекет және азаматтық қоғам институттарының қарым–қатынастарын және мемлекеттік ақпарат саясатының тиімділігін арттыру;

Елдің даму Стратегиясын жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту;

Азаматтық қоғам институттарының елдің стратегиялық дамуына қатысуын кеңейту;

Жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

Есірткі бизнесі, нашақорлық және қылмыстармен күрес тиімділігін арттыру және қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмір қауіпсіздігін қажетті деңгейде қолдау;

Техногенді апаттар мен төтенше жағдайлар салдарынан болатын шығындарды азайту бойынша шаралар қабылдау;

Байланыс және телекоммуникация саласында сапалы қызметпен қамтамасыз ету;

Жол инфрақұрылымын дамыту;

Көлік қызметін дамыту;

Облыстың коммуналдық-тұрғын үй шаруашылығын дамыту;

Ауыз сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету;

Жылу беру жүйелерінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету;

Кәріз жүйелерінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету;

Облыстың ауылдық елді мекендерін дамыту;

Экожүйені қайта қалпына келтіруге және сақтау бойынша жағдай жасау;

Орман және орман өндірісін өсіруге жағдай жасау;

Жергілікті атқарушы билік қызметінде тиімділікті арттыру

Іске асырылу мерзімдері


Мақсаттық

индикаторлар

2011-2015 жылдар


Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға қарағанда %-бен;

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі;

Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі;

Электр энергиясын шығаруды арттыру;

Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі;

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімнің нақты көлем индексі;

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі;

Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың нақты көлем индексі;

Инновациялар саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриялық парктер және т.б.) белсенділік деңгейінің өсімі;

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінде қазақстандық мазмұн үлесінің ұлғаюы;

Халықтың білімнің қолжетімділігі мен сапалылығына қанағаттанушылық деңгейі;

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту;

Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік (14-24 жас) жастағы жастардың үлесі;

Халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі;

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл;

1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітімділікті төмендету;

Жұмыссыздық деңгейі;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі;

Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында);

Халықтың мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі;

Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі;

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту;

Туристік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдардың жиынтық табысын ұлғайту;

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру;

Халықтың ішкі істер органдарына сенімінің болжамды деңгейі;

Төтенше жағдайлардан адами және материалдық шығынды төмендету;

Халықтың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі;

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі;

Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру, шаршы метр;

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

Жүк айналымының көлемі;

Жолаушылар айналымының көлемі;

Тұрғындардың коммуналдық қызметтердің сапалылығына қанағаттанушылық деңгейі;

Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігінің деңгейін арттыру;

Жылумен қамту қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру;

Халықтың су бұрғыш қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру;

Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер санын арттыру;

Зиянды заттар қалдықтарын тастауды азайту;

Мемлекеттік орман қорындағы орман алқаптарының көлемі;

Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі.

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық және облыстық бюджеттер, инвесторлардың жеке қаражаты, қарыздық қаражат.

Қаржыландыру көлемі:

2011 жылы 210205,6 млн. теңге

2012 жылы 137182,2 млн. теңге

2013 жылы 90970,3 млн. теңге

2014 жылы 65900,4 млн. теңге

2015 жылы 49156,9 млн. теңге

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылға нақтыланатын болады.


2. Ағымдық ахуалды талдау


Облыстың жалпы сипаттамасы

Қызылорда облысы Тұран ойпатының жазық алқабында орналасқан, шығысында Қаратау сілемдері, солтүстік батысында Қарақұм, ал оңтүстік батысында Қызылқұммен шектеседі.

Облыс орталығы – Қызылорда қаласы, құрылғанына 190 жыл толған ежелгі қалалардың бірі. Оңтүстігі мен солтүстігінің арасы тікелей 1000 шақырымға жуық.

Облыс аумағы 226,0 мың шаршы шақырым (одан әрі-мың шаршы ш.). Облыс халқы (2012 жылдың 1 қаңтарына жедел мәлімет бойынша ) – 713,0 мың адам (одан әрі-мың адам) немесе республика халқының 4,1 % -ы.

Қызылорда облысы бірегей бәсекелестік әлеуетін қамтитын аса маңызды қазба байлықтарға бай. Осы және 2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халықтың жалпы көлеміндегі тұрғындардың еңбекке қабілеттілігі 48 % құрайды.

Табиғи қазба қорлары уран, мұнай, ас тұзы, әк пен шынытас құмдар, темір және полиметалдық бай кен орындары болып табылады.

Облыс аумағы Азия аймағы, Таяу және Орта Шығыс пен Европа мемлекеттері арасын байланыстыратын экономикалық тиімді (әуежолы, теміржол және автомобиль) жол торабын қамтиды. Туристік қызметті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар, өйткені, курортты-рекреациялық аймақтар, тарихи-сәулет ескерткіштері жеткілікті.

2011 жылы өнеркәсіп өнімінің өндіру көлемі 1 063,1 миллиард теңгені (одан әрі-млрд. теңге) құрады немесе 2010 жылдың деңгейінде қалды (100 %).

Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 45,4 млрд. теңге.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 15 %-ға, оның ішінде: жұмыспен қамтылғандар 2,8 %-ға, шығарылған өнім көлемі 1,1 %-ға өсіп, 202,8 млрд. теңгені құрады.

Сауда көлемі 21,6 %-ға, сыртқы сауда айналымы 24,1 %-ға, оның ішінде экспорт 32,3 %-ға өсті.

Негізгі капиталға 222 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды.

құрылыс жұмыстарының көлемі 43,5 пайызға артты.

267 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 6 %-ға жоғары.

Есепті кезеңге жүк айналымы 44,5 %-ға, жүк тасымалдау көлемі 44 %-ға ұлғайды.

Статистикалық мәліметтер бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,9 %-дан 5,5 %-ға төмендеген, осымен қатар жұмыспен қамтылған адамдардың саны 302,2 мың адамнан
334,8 мың адамға өскен (32,6 мың адамға).

2011 жылы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі жыл бойы 1,4 % пайыздық шекке төмендеп, 5 %-ды құрады.

Орташа айлық жалақы жыл қорытындысымен 7,7 %-ға өсіп, орташа есеппен
81518 теңгені құрады. Халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 15,4 %-ға артты.


Индустриалды-инновациалық даму

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 14 сәуіріндегі № 303 қаулысымен бекітілген индустрияландыру Картасы шеңберінде 2010-2011 жылдары жалпы құны 80 млрд. теңгенің 21 жобасы іске асырылып, 1000 жаңа жұмыс орны ашылды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің аймағында теңдесі жоқ күкірт қышқылы зауытының құрылысы салынып, қамыс тақтайшалары өндірісі ұйымдастырылды. Күріш жаткаларын құрастыру және шығару бойынша Украинамен бірлескен кәсіпорын жұмысын бастады.

Индустриаландыру Картасы шеңберінде ашылған өндірістер мен өңдеуші өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 18 пайызы өндірілген.

2012 жылы тағы 20 жобаны жүзеге асыру мәселесі пысықталып жатыр
(1,2 млрд. теңге, 449 жұмыс орны), оның ішінде 1 жоба (700 млн. теңге шамасында)
2012 жыл аяғына дейін жүзеге асатын болады.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының облыстық деңгейдегі азаматтық бюджет
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы №1251 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы ережесіне» сәйкес...
Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы туралы
Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы“ Қазақстан Републикасы Президентiнiң 2003...
Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Экономикалық дамуын талдау
Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған Қызылорда қаласының даму бағдарламасын іске асыру туралы есеп
Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу және іс-шараларды орындау
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница