Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы




Скачать 55.07 Kb.
НазваниеОңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы
Дата конвертации12.02.2016
Размер55.07 Kb.
ТипДокументы
источникhttps://45minutkz.files.wordpress.com/2014/05/d29bd0b0d0b7d0b0d29bd181d182d0b0d0bd-d0bed0b1d0bbd
Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы

«Ұзын-Ата» жалпы орта мектебінің

информатика пәні мұғалімі

Қуатбаева Жанат


Сабақтың тақырыбы: Мәтінді редакциялау және пішімдеу.


Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушылар мәтінді редакциялауды және мәтінді пішімдеуді үйренеді.




  • Дамытушылық: өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуларына жағдай жасау.




  • Тәрбиелік: алған білімдерін жүйелі түрде қалыптастырып, пәнге қызығушылығын, ұйымшылдықпен жұмыс істеуін арттыру.


Сабақ түрі : Саяхат сабақ


Көрнекілігі: ДК, тест, тапсырма, билеттер


Пәнаралық байланыс: қазақ тілі


Өту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап


Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі


Оқушылармен амандасып, кезекші арқылы оқушыларды түгелдеу.

  • Информатикалық пойыз

  • Тестпен жұмыс, билет алу

  • 1. Ақпарат бекеті

  • 2. Компьютер бекеті

  • 3. Пернелер бекеті

  • 4. Тапсырмалар бекеті

  • 5. Білім қаласы


1. Үй тапсырмасын тексеру. Тест арқылы


1. Ctrl + С пернелері тіркесімі қандай қызмет атқарады?

A) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру

Ә) Бөлікті алмасу буферіне жылжыту

Б) Алмасу буферінің мазмүнын кірістіру

В) Құжатты дискіге көшіру

2.

батырмасының қызметі:

A) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру

Ә) Қүжатты алмасу буферіне жылжыту

Б) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне жылжыту

В) Нысанды алмасу буферінен қүжатқа кірістіру

3. Символдар ... анықталған жерге енгізіледі.

A) Алдыңғы символдың орнымен

Ә) Кез келген

Б) Адреспен

В) Курсордың орнымен

4. Қандай амал басқа барлық тандалған көрсеткішті бүзады?

A) Мәтіннің бөлігін Жою

B) Мәтіннің бөлігін Жылжыту

C) Мәтінді сақтау

D) Мәтіннің бөлігін Көшіру

5. Берілген үлгі бойынша мәтінде сөз іздеудегі ең маңызды үдеріс:

A) Ақпаратты сақтау

Ә) Акпаратты жөнелту

Б) Ақпаратты өңдеу

В) Ақпаратты алу

6. Егер бас әріпті енгізу керек болса

А) Home

Ә) Ctrl

Б) Shift

В) Alt

7. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса

А) CapsLock

Ә) Ctrl

Б) Shift

В) Alt

8. Мәтіндік редактор

А) Paint

Ә) Excel

Б) WordPad

В) Текст

9. Мәтін бойынша жылжу үшін

А) Delete

Ә) NumLock

Б) Home, End, PageUp, PageDown

В) Ctrl+End

10. Ctrl+End пернелер тіркесімі қандай қызмет атқарады?

А) Құжат беті көп болса, мәтін соңына бірден жету

Ә) Жол басына жету

Б) Жол соңына жету

В) Бір бетке төмен


Оқушылар тест жауабына қарай пойызға билет алып сапарға «Білім қаласына» шығады.


1.Ақпарат бекеті. Мұнда оқушылар жаңа сабақпен танысады.


§22. Мәтінді редакциялау және пішімдеу.


Мәтін бөліктерін түзетуге: жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.

Windows операциялық жүйесіндегі басқа нысандар сияқты, мәтіндердегі нысандарды Delete пернесімен - курсор-дан оң жақта орналасқан символды, Backspace пернесімен -курсордың сол жағында орналасқан символды жоюға болады.

Егер мөтінді Ауыстыру режимінде терсек, онда бүрын болған символдарды алмастыруға болады. Ол Insert пернесін басқанда қосылады. Мәтінді қосуды жалғастыру үшін, Insert пернесін қайтадан басу керек.

Егер мәтіннің барлық бөлігінде тұтас сөзді немесе сөз тіркесін алмастыру керек болса, онда Ауыстыру бұйрығын қолданған ыңғайлы.


WordPad мәтіндік редакторының мэтінді пішімдеу мумкіндіктері қандай?

Оларды ретімен қарастырайық.

Біріншіден, пішімдеу бұйрықтарын бірнеше тәсілмен шақыруға болады: Контекстік мәзір лентасындағы бүйрықтар батырмаларын шерту (101-сурет ),



Екіншіден, пішімдеу мәтіні енгізілгенге дейін тағайын-далу немесе енгізілгеннен кейін (бүл жағдайда мөтін алдымен ерекшеленуі керек) орындалуы мүмкін.

Әріптің кескінін мына батырмамен өзгертуге болады:


Times New Roman (Кириллица)

Экранда әріптердің көлемін өзгертуге де болады. Оларды үлкейтуге де, кішірейтуге де болады. Ол үшін



батырмасын қолданады. Келесі үш батырманың қызметі:


Әріптерді жуандатады;

Әріптерді цисайтады (мцндай әріп курсив деп аталады );


мәтіннің астын сызады.


2. Компьютер бекеті.

Тапсырма 1.

Сәтемір жеті жасында атасынан жетім қалған. Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған екен.

(Ы.Алтынсарин әңгімесінен)

Мәтініндегі Сәтемір сөзін Хан сөзіне ауыстырыңдар.




Тапсырма 2. Мына мәтінді осы пішімде жазыңдар.

Өлең керек


  • Сая болып жаныңа емен, терек,

  • Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.

  • Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,

  • Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!


М. Мақатаев


Сергіту сәті

Қол мен көзге жаттығу жасату


3. Пернелер бекеті


Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt )

Міне,тағы қиналып-ақ тұрмын мен,

Тақырыпты жаза алмай пернемен

Барлығы да кіші әріп қайтемін?

Көмек берші,енді нені басам мен? (Caps Lock )

Бірігіп кетті екі сөз,

Не істерімді білмедім

Қане, қайсысың маған тез,

Ажыратып бересің? (Пробел)

Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым

Ақыры есімімді жаза алмадым

Достарым,айтыңдаршы бас әріпті

Перненің қай жерінен таба аламын? (Shift + )


  1. Тапсырмалар бекеті


Жалпы вагондағы оқушыларға

Оқулықта 290 бет бар, әр бетте 37 жол бар, әр жолда 65 символ бар. Оқулықтың

ақпараттық көлемі қанша байтты құрайды?

Жауабы: 290 * 37 * 65=697450 байт


Плацкарттағы оқушыларға

Оқулықта 310 бет бар, әр бетте 41 жол бар, әр жолда 72 символ бар. Оқулықтың ақпараттық көлемі қанша Кбайт?

310 * 41 * 72=915120байт = 915,12 Кбайт


Купедегі оқушыларға

Оқулықта 250 бет бар, әр бетте 38 жол бар, әр жолда 55 символ бар. Оқулықтың ақпараттық көлемі қанша Мбайт? Оны көлемі 1,44 Мбайт дискіге сыйғызуға бола ма?

250 * 38 * 55=522500 байт= 0,5225 Мбайт


Соңғы бекет білім қаласы


Бағалау: Өзін-өзі бағалау


5- Тақырыпты жақсы меңгердім

4- Сабақты жақсыдан төмен

меңгердім,әлі де жұмыс

жасауым қажет

3- Бұл тақырып бойынша көп

жұмыс жасауым қажет


Үй тапсырмасы

Мәтін үзінділерімен жұмыс


Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы iconОңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы
Білімділігі: Оқушыларға органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері жайында түсінік бере отырып, оқушылардың білімін жетілдіру
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы iconОңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Раң ата ауылы, Б. Батырбекова атындағы орта мектеп

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы iconОңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы
Білімділік Оқушыларға судың химиялық қасиеттерін,табиғаттағы айналымын,судың тіршілік үшін маңызын түсіндіру,реакция теңдеулерін...
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 7 шілдедегі n 8/111-iv шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008...
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы iconРеспубликасы Үкіметінің
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 22-үй
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы iconШығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы
Мұратбаев атындағы орта мектебінің география пәнінің 2-санатты, ІІІ деңгейлі сертификатталған мұғалімі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы iconГ. Т. Кусепова Қызылорда облысы Шиелі ауданы
Мақсаты: ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып баланың ата-ана өміріндегі маңызын, ата-аналардың балаларға деген тәлім-тәрбиесін...
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы iconОңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемесі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы iconОңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы
Сабақтың тақырыбы: «Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы.» (көшіріп алу)
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы icon"Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 24 ақпандағы №2/16-v және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2012 жылғы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница