Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған




НазваниеОңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған
страница1/4
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.5 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://ontustik.gov.kz/sites/default/files/pages/boljam.doc
  1   2   3   4






Оңтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2013 жылғы

____ қыркүйек № ___ қаулысына

қосымша


Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму

болжамы


Кіріспе

Облыстың 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі №263-IV Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы макроэкономикалық көрсеткіштердің және әлеуметтік параметрлердің болжамдарын, Оңтүстік Қазақстан облысының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен басымдықтарын құрайды.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жергілікті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, 2014 – 2016 жылдарға арналған жергілікті бюджеттерді, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге негіз болып табылады.


  1. 2012 – 2013 жылдардағы облыстық экономикалық даму үрдістері


1.1. Жалпы өңірлік өнім





Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнімінің (бұдан әрі – ЖӨӨ) көлемі 2012 жылы 1870,6 млрд. теңгені, республикадағы үлесі 6,2% құрады. Адам басына шаққанда жалпы өңірлік өнім 705,8 мың теңгені құрады.

ЖӨӨ-гі өндірістің үлесі – 41,8%, қызметтің – 58,2% құрады.


1.2. Өнеркәсіп

2012 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 496,8 млрд. теңгенің өнімін өндірді немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106,5% құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің жыл сайынғы өсімі 2005 жылы – 12,5 % құраса, 2006 жылы – 10,1 %, 2007 жылы – 5,3 %, 2008 жылы – 1,8 %, 2009 жылы – 2,7 %, 2010 жылы – 13,5 %, 2011 жылы – 1,9 % құрады. Келтірілген деректер жалпы өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексінде біркелкі болмаса да өсу динамикасының қалыптасқанын көрсетеді. Ал, 2012 жылы өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсу қарқыны тұрақталып 6,5 %-ды құрады және 2013 жылы – 5,1 %-ды құрайды деп күтілуде. Бұл саланы дамытудағы мақсатты және жүйелі жүргізіліп жатқан жұмыстардың айғағы болып табылады.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу. Облыс өнеркәсібінің 20%-дан астамын құрайтын кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында өндіріс көлемінің жыл сайынғы өсімі байқалады. 2012 жылы осы саладағы кәсіпорындар 140,2 млрд. теңгенің өнімін өндірді, нақты көлем индексі 109,6% құрады, ол металл кендерін өндіруде 9,5%-ға, кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары және техникалық қызмет көрсетудің 16,2%-ға өсуі есебінен орын алды.

Өңдеу өнеркәсібі. 2012 жылы осы саладағы кәсіпорындар 312,9 млрд. теңгеге өнім өндірді, нақты көлем индексі – 103,5% құрады. Оның ішінде: дайын металл бұйымдарын жасау – 148,5%, қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру – 142,2%, жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру – 142,1%, былғары және оған жататын өнімдерін өндіру – 131,2%, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру – 130,4%, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру – 122,5%, тоқыма бұйымдарын өндіру – 121,7%, металлургия өнеркәсібі – 121,6%, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру – 115,9%, сусындарды өндіру – 109,0%, машина жасау – 108,6%, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру – 102,8%, тамақ өнімдерін өндіруде – 100,1%, құрады.

Ал, 2012 жылы негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіруде 2011 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі – 73,0%, темекі өнімдерін өндіру – 52,3% құрады.

2013 жылға болжам. 2013 жылдың қаңтар-маусымында облыс бойынша 257,9 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2012 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 102,5% құрады. 2013 жылы 516,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 105,1% құрайды деп күтілуде.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласы бойынша 54,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе өнімінің нақты көлем индексі – 107,1% құрады. 2013 жылы салада 130,0 млрд. теңгеге өнім шығарылып, 2012 жылға қарағанда өнімінің нақты көлем индексі – 107,0%-ды құрайды деп көзделуде.

Өңдеу өнеркәсібінде 164,8 млрд. теңгенің өнімін өндірілді, алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнімнің нақты көлем индексі – 100,7% құрады. 2013 жылы салада 330 млрд. теңгенің өнімін өндіру, 2012 жылға қарағанда нақты көлем индексін – 101,2%-ға жеткізу көзделген.


1.3. Ауыл шаруашылығы

Агроөнеркәсіптік кешені соңғы жылдарда тұрақты дамуда. Ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі және азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу саласы артуында оң нәтижелер байқалуда.

2012 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 259,2 млрд. теңгені құрап, бұл көрсеткіш 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 109% жетті (2011 жылы –207,9 млрд. теңге), оның ішінде егін шаруашылығы –142,6 млрд. теңге, мал шаруашылығы –115,5 млрд. теңгені құрады.

Егін шаруашылығы

2012 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылық дақылдары 2011 жылмен салыстырғанда 9 мың гектарға артып, 742,2 мың гектарды құрады (2011 жыл – 733 мың га). 2012 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынған өнім көлемі 100 % дан 150 % дейін артты. Оның ішінде бақшадан 1100,0 мың тонна (148 %) , мақтадан 380 мың тонна (113 %), картоптан 242,0 мың тонна (114 %), көкөніс 750 мың тонна (103%), жүгері 94 мың тонна (110 %), майлы дақылдардан 73 мың тонна (101 %), жеміс-жидектен 78 мың тонна (143 %), жүзімнен 51,0 мың тонна (132 %) өнім жиналды. Облыста 441,0 мың га суармалы жерлердің 415 мың га немесе 94% игерілді. Ал, 2015 жылға дейін 292,0 мың га суармалы жерлердің көлемін кезең-кезеңімен қосымша ұлғайту бойынша облыс әкімдігінің 2012 жылғы 4 шілдедегі №203 қаулысы қабылданды. 2012 жылы 21,0 мың га суармалы жер қосымша іске қосылды. Елбасының жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру тек инновациялық технологияларды өндіріске ендіру арқылы нақты атап көрсетті. Осыған орай, облыста тамшылатып суғару технологиясының өндіріске ендіру мен жылыжайлар кешендерінің көлемін ұлғайтуда бір-шама жетістіктерге қол жеткізілді. 2012 жылы тамшылатып суғару әдісі 21,0 мың га ендіріліп соңғы 3 жылда он есеге артты, жалпы республикадағы көрсеткіштің 72 % құрады (жеміс-жидек - 4640 га, көкөніс - 5736 га, картоп, бақша, жүгері, қызылша, мақта 6020 га, жүзімдік 2840 га, басқа да көп жылдық екпелер -1584 га). Жылыжайлардың көлемі 4 есеге артып, жалпы көлемі 570 га жетіп, республикалық көрсеткіштің 87 % құрады. Осы жылыжайлар есебінен 2012 жылы 120,0 мың тонна көкөніс өнімі өндірілді. Тамшылатып суғару әдісінің тиімділігінің арқасында ағын су 2-3 есеге үнемделіп, өнімділік көкөністен 3 есе, жүзімнен 1,5 есе және мақтадан 2-2,5 есеге артып отыр. 2012 жылы көктемгі дала жұмыстарына және жанар жағар май субсидиялау облыстық бюджеттен 3950,4 млн.теңге, 2013 жылы 4267,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарының бірі - элиталық тұқым шаруашылығын дамыту болып табылады. Облыс бойынша 17 элиталық тұқым шаруашылығы жұмыс жасауда. Одан мақта шаруашылығы бойынша – 5, дәнді дақылдар бойынша – 6, көшет бойынша - 6. Тұқым шаруашылығын дамыту мақсатында республикалық бюджеттен 2011 жылы - 184,8 млн. тенге, облыстық бюджеттен - 232,5 млн. теңге, 2012 жылы республикалық бюджеттен – 219,4 млн. теңге, облыстық бюджеттен - 263,3 млн. теңге бөлінді. Ал, 2013 жылы республикалық бюджеттен - 192,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен - 301,3 млн. теңге бөлінді.

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері өткен жылмен салыстырғанда ет –4%-ға (175,0 мың тонна), жұмыртқа 4%-ға (276,6 млн.дана) артты, сүт – 99,9% (661,0 мың тонна) құрады.

Ірі мүйізді қара малдың саны 2,3%-ға (857,1 мың бас), жылқы 7,8%-ға (197,1 мың бас), түйе 4,5 % -ға (19,9 мың бас) өсті, құс басы 98 % (2431,7,0 мың бас), (қой мен ешкі 98,6 % 3794,6 мың бас).

Асыл тұқымды мал басының үлесі ІҚМ 2,7 %, қой-ешкі 8,1 %, жылқы 6,3 %, түйе 23 %, құс 10 % құрады.

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде әзірленген «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2011 жылы 4637 бас, 2012 жылы 5289 бас ІҚМ алынып меже 140 % орындалды.

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы бойынша шет елден 617 бас етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара сатып алынды.

Бордақылау алаңдарын ашу бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы «1000 басқа бордақылау алаңын салу» жобасы қаржыландырылды. Агроқұрылымдар өз қаржылары есебінен сиымдылығы 5600 бас ІҚМ бордақылау алаңдарын ашып, 4600 бас ІҚМ бордақылануда. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін республикалық бюджеттен 2011 жылы 398 млн. теңге, 2012 жылы 581 млн. теңге бөлінді, ал облыстық бюджеттен 2011 жылы 269,5 млн. теңге, 2012 жылы 550,1 млн. теңге бөлінді.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту Ауыл шаруашылық техникаларының паркі лизинг негізінде алу жолымен жаңалануда. 2012 жылы агроқұрылымдардың өз қаржы есебінен және лизинг негізінде облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 640 бірлік трактор, дән жинайтын комбайндар және басқа да ауыл шаруашылық техникалары алынды. 2012 жылы облыста 40 «машина – технологиялық» станциялар шаруалардың 43,9 мың гектар жерін өңдеп 228 млн. теңгеге ақылы қызмет көрсетті. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан қолдау көрсету мақсатында, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге 2012 жылы 71 мың тонна, 2013 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 32,0 мың тонна дизельдік отын бөлінді немесе ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің 88% дизельдік отынмен қамтамасыз етілді.

Қайта өңдеу Облыста 27 ет, 31 сүт, 38 жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс жасайды. Оның ішінде 2012 жылы 5 ет, 6 сүт, 7 жеміс- көкөніс өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар іске қосылды. Нәтижесінде жыл қорытындысымен ет өнімдерін қайта өңдеу үлесі 17 %, сүт өңдеу 18 %, жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу 7,5 % жетіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі 108,0 млрд.теңге құрап, нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 107,2 % жетті.

Жеміс көкөніс сақтау қоймалары Облыс тұрғындарын қысқы және ерте көктемгі мезгілде қол жетімді бағада жеміс - көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін сиымдылығы соңғы 3 жылда жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау қоймаларының сиымдылығы 34,0 мың тоннадан 177,0 мың тоннаға дейін немесе 5 есеге ұлғайды. Бүгінгі таңда осы қоймаларда бірінші кезектегі әлеуметтік маңызы бар картоп, пияз, көкөніс, жеміс-жидек өімдерін сақтап, жыл бойына облысымызды сапалы арзан бағадағы өнімдермен қамтамасыз етуге толық мүмкіншілік беріліп отыр.

Несиелендіру

2012 жылы қаржы институттары арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 18,7 млрд.теңгеге жуық несие қаржылары беріліп, өткен жылмен салыстырғанда несие көлемі 28% артып, 2421 ірі, орта, шағын жобалар қаржыландырылды.

(Оның ішінде:

- «ҚазАгро»ҰБХ»АҚ еншілес мекемелері арқылы 12,7 млрд.тг;

- «Максимум»АИО»ЖШС арқылы 3,1 млрд.тг;

- «Несие серіктестіктері арқылы 2,9 млрд.тг;

(«Үдемелі индустриялық – инновациялық дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2010-2014 ж.ж облыста 109 жоба индустриализациялау картасына ендірілсе, оның 41 % немесе 45 жоба 30,0 млрд.тг ауыл шаруашылығы саласы бойынша іске асырылуда, ашылатын жаңа жұмыс орны 3,2 мың.)

1.4. Көлік

Облыста бүгінгі күні 456 мыңдай автокөлік құралдары тіркелген, оның ішінде 176 мыңнан аса автокөлік Шымкент қаласында. Күнделікті облыс бойынша жолаушылар бағыттарына қызмет көрсетуге 2,6 мыңдай жолаушылар автокөлігі шығады. Облыстағы автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау бағыттарының жүйесі бүгінгі күнде 410 бағыттан тұрады, олардың ішінде: 126 қалаішілік (81 бағыт Шымкент қаласында), 137 ауданішілік, 147 қалааралық және ауданаралық бағыттар. Қазіргі уақытта автомобиль жолдары жоқтарын қоспағанда, облысымызда бағыттар жүйесімен қамтылмаған елді мекендер жоқ. Облыс тұрғындарына жолаушылар көлігімен қызмет көрсету қызметін 61 жеке тұлғадағы тасымалдаушылар жүзеге асырады. Облыс аумағында 31 автовокзалдар мен автобекеттер қызмет көрсетеді, оның ішінде 5 автовокзал мен 1 автобекет Шымкент қаласында орналасқан.

2007 жылдың 1 мамырынан бастап, қаламаңылық бағыттардың (50 шқ. дейінгі) құны 1 шқ. 2,8 теңгені, қалааралық бағыттардың (50 шқ. астам) құны 1 шқ 2,5 теңгені құрады. 2012 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, тұрақты ауданаралық (қалааралық, облысаралық) бағыттарды 1 шақырымға 3,7 теңгені құрады.

2008 жылдың тамыз айында қалалық қоғамдық көліктердегі жол ақысы автобустарда – 40 теңге, шағын автобустарда – 40 теңгені құрады, алайда 2009 жылдың 15 желтоқсанынан өзгеріп, автобустарда – 35 теңге, шағын автобустарда – 40 теңге құрады. Сонымен қатар, 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап, Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктердегі жол ақысы 45 теңгені құрап, ал 1 қазаннан бастап 50 теңгені құрады. Автомобиль көлігімен (көлік ұйымдарына жатпайтын мекемелер және жеке автокөлік иелері тасымалдаған жүктердің көлемі мен жолаушыларды есепке алғанда) 2011 жылы 106,5 млн. тонна жүк және 1799,6 млн. жолаушы тасымалданды, сәйкесінше жүк айналымы 6370,6 млн. тонна-км, жолаушылар айналымы 10507,4 млг.жкм құрады. 2012 жылы 123,8 млн. тонна жүк және 2149,8 млн. жолаушы тасымалданды, сәйкесінше жүк айналымы 7124,8 млн. тонна-км, жолаушылар айналымы 13675,6 млн.жкм құрады.

2013 жылы 132,5 млн. тонна жүк және 2300,3 млн. жолаушы тасымалданатыны бағалануда, сәйкесінше жүк айналымы – 7623,5 млн.тонна-км, ал жолаушылар айналымы 14632,9 млн.жкм. құрайтыны бағалануда.

Облыста жалпы жүк ағыны мен жолаушылар тасымалындағы жүк көлемінің және жолаушылардың ең үлкен үлесі автомобиль көлігіне тиесілі, тиісінше 100%.


Темір жол көлігі

Облыс аумағында Шымкент, Арыс, Сарыағаш қалаларында - 3 ірі теміржол торабы және 7 теміржол вокзалдары (Шымкент, Түркістан, Арыс, Түлкібас, Манкент, Бадам және Шеңгелді) орналасқан. «Шымкент – Сарыағаш» және «Шымкент – Түркістан» қаламаңы темір жол бағыттары облыс халқы үшін әлеуметтік маңызды болып табылады.

Қаламаңы теміржол бағыттарын негізінен теміржол торабында тұратын орташа деңгейдегі табысы бар және негізгі автомобиль жолдарынан едәуір қашық жерде орналасқан елді мекендер тұрғындары пайдаланады, әсіресе Арыс станциясынан Сарыағаш станциясына дейінгі аралықтағы ұсақ елді мекендер үшін альтернативті көлік қатынастары жоқ.

Облыстағы қаламаңы теміржол бағыттарын зерттеу кезінде поездарды теміржол торабында тұратын орташа деңгейдегі табысы бар елді мекендер тұрғындары (студенттер, зейнеткерлер, ауыл тұрғындары мен темір жол жұмысшыларының аз мөлшері) пайдаланатыны анықталды. Төменгі тарифті басқа көлік түрінің болмауына байланысты, бұл бағыттар жеке елді мекендер тұрғындарын облыс орталығымен, және басқа да ірі елді мекендермен байланыстыратын бірден-бір көлік байланысы болып отыр. Сондықтан, «Шымкент – Сарыағаш» және «Шымкент – Түркістан» қаламаңы теміржол поездары қазіргі уақытта әлеуметтік маңызға ие және де облыс тұрғындары үшін ауадай қажет. Сондықтан, ауданаралық (қалааралық) облысішілік теміржол бағыттарының облыс тұрғындары үшін әлеуметтік маңыздылығы ескеріліп, 2011 жылы облыстық бюджеттен 101 млн. 938 мың теңге, 2012 жылға облыстық бюджеттен 134,3 млн. теңге бөлінді. «Қала маңындағы тасымал» АҚ ұсынған болжамды шығындардың есебіне сәйкес, әлеуметтік маңызды «Шымкент – Сарыағаш» және «Шымкент – Түркістан» бағыттарын субсидиялауға 2013 жылға облыстық бюжеттен 161,1 млн. теңге қаржы бөлінді.

1.5. Әлеуметтік қорғау

Еңбек ресурстары. Облыс халқы 2012 жылдың соңына 2678,9 мың адамға жетіп, 2011 жылмен салыстырғанда 2,2 %- ға өсті.

Облыста орташа жылдық экономикалық белсенді халық саны 2012 жылы 1242,7 мың адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылғандары 1173,0 мың адам. Жұмыссыздардың саны 69,7 мың адам, жұмыссыздық деңгейі 5,7 %-дан 5,6 %-ға түсті.

Жұмыспен қамтылғандардың 619,9 мың адамы экономикалық қызмет түрлеріне байланысты жалданып жұмыс істейтіндер, 553,1 мың адам өздігінен жұмыспен қамтылғандар. Орташа айлық жалақы 75164 теңгені құрады.

Облыс бойынша 2012 жылы жұмыс іздеп келгендердің саны 58,8 мың адам, оның ішінде 57,5 мың адамға жұмыспен қамтылуға ықпал көрсетілді, жұмыс іздеушілердің жұмысқа орналасқандар үлесі 97,8 пайыз.

Облыста жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатында жыл сайын бекітілген кесте бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіп тұрады.

Кестеге сәйкес, 42 жәрмеңке өткізіліп, 1447 кәсіпорынның ұсынған 5890 жұмыс орнына 10492 жұмыссыздың 4781 адам жұмысқа жіберілді, 449 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 346 адам кәсіби оқуға жіберілді, 4996 адам заңнамалар бойынша кеңестер алды.

Тіркелген жұмыссыздар қатарынан 11166 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, аудан, қалалардағы әлеуметтік маңызды жұмыстарға қатысты.

Еңбек рыногының сұранысына сәйкес, 7511 адам кәсіби даярлауға қайта даярлауға жіберілді.

Облыс бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына 9229 адам жұмыссыздар есебінде тұрады. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,7 пайыз.

Жол картасы бойынша атқарылған жұмыстар

Жоғарғы және орта арнаулы, кәсіптік оқу орындарын бітірушілерге арналған «Жастар практикасына» 8150 жұмыссыз жастар жіберілді, оларға республикалық бюджет қаржысынан 931,0 млн.теңге бөлінді. Олар өздерінің мамандығына сәйкес еңбек дағдысынан өтіп, алдағы уақытта жұмыспен қамтылуына септігін тигізеді.



  1. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2014 2018 жылдарға арналған негізгі мақсаты мен басымдықтары

  1   2   3   4

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған iconОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есеп кезең есебі: 2014 жыл
Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № бұйрығымен бекітілген
Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған iconШығыс Қазақстан облысының 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша 2012-2014 жылдарға арналған шығыстардың болжамды көлемдері
Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған iconКодексінің 62-бабына
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған iconОңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының бастығы
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалымен...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған icon2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту
Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 30 маусымдағы n 23/271-iii шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған iconОңтүстік Қазақстан облысының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 7 шілдедегі n 8/111-iv шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница