Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы




Скачать 118.02 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы
Дата конвертации12.02.2016
Размер118.02 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.nationalbank.kz/cont/publish611161_2825.doc
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы

15 қарашадағы № 388 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының

мемлекеттiк жiктеушісiн-төлем белгiлеудiң бiрыңғай жiктеушісiн

қолдану ережесiне N 3 қосымша

 

                     Кiм ұсынып отыр ___________________________

                         (атауы)

20__ жылғы _______________ төлемдер бойынша

(есептi кезең)

 

МӘЛIМЕТТЕР

(бұдан әрi - Мәлiметтер)

Ақпараттың

алыну

көзі



Алушы

банктің   ББК,

алушы

банк

клиентінiң ЖБК

Бенефициар

Банктің ББК,

бенефициар

банк

клиентінiң

ЖБК

Тө

лем

белгісі



Ақша жіберуші

Бенефициар

Толық көрсету

Резиденттік

белгі



Экономика

секторы



Резиденттік

белгі



Экономика

секторы



Төлем

белгілеу

коды



Есепті

кезеңдегі

төлемдер

саны

Төлемнің

сомасы

(тенге)



Төлем

валютасы



Ел



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     БАСШЫ ___________

 

     БАС БУХГАЛТЕР ________________

 

Ескерту:

1. Мәлiметтер "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорын (бұдан әрi Орталық) белгiлеген беру форматтарымен электронды түрде ұсынылады.

2. Мәлiметтердi уақытылы ұсыну жауапкершiлiгi басшыға жүктеледi.

 

Мәлiметтердi толтыру тәртiбi

 

1. Ақша аударымының банкаралық жүйесi арқылы өткiзiлген төлемдер бойынша Орталықтың мәлiметтердi (бұдан әрi - Орталықтың мәлiметтерi) толтыру тәртiбi:

Орталық Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ақша аударымының банкаралық жүйесi (бұдан әрi - ААБЖ) арқылы өткiзiлген төлемдер жөнiндегi мәлiметтердi - өткен операциялық күнгi ақпаратты күн сайын және айлық ақпаратты есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-не дейiн ай сайын ұсынып отырады.

Орталықтың мәлiметтерi 13 бағаннан тұрады, оған төлем жөнiндегi мынадай ақпарат кiредi:

1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi және оған Орталықтың мәлiметтерi бойынша 01 саны қойылады;

2-баған - алушы банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), Алушы банк клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК). Егер төлем құжатында көрсетiлген ББК және ЖБК бiрге алғанда Орталықтың ААБЖ-iн жеке пайдаланушысымен бiрегей болса, бағанда деректемелердiң екеуi де көрсетiледi. Егер төлем құжатында көрсетiлген ББК және ЖБК бiрге алғанда Орталықтың ААБЖ-iн жеке пайдаланушысымен  бiрегей  болмаса, бағанда тек қана ББК көрсетiледi;

3-баған - бенефициар банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), Бенефициар банк клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК). 2-баған сияқты толтырылады;

4-баған - толтырылмайды;

5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi;

6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды;

7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi;

8-баған - бенефициардың экономика секторының коды;

9-баған - төлем белгiлеу коды;

10-баған - есептi кезеңдегi төлемдердiң саны. Бастапқы кездегi мәнi 0 болады. Бiр төлемдi көрсеткен кезде бағанның мәнi 1 болады. 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдер жаңа төлеммен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мәнi 1-ге ұлғайтылады, ал 11-бағандағы мәнi жаңа төлемнiң сомасына ұлғайтылады;

11-баған - төлемнiң сомасы теңгемен, үтiрден кейiн екі белгi;

12-баған - толтырылмайды;

13-баған - толтырылмайды.

2. Банктердiң, "Казпочта" акционерлiк қоғамының Мәлiметтердi толтыру тәртiбi (бұдан әрi - банктердiң мәлiметтерi):

банктер, "Казпочта" АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне мәлiметтердi есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-не дейiн ай сайын берiп отырады;

банктердiң мәлiметтерiне Қазақстан Республикасының аумағында жүргiзiлетiн (сондай-ақ Қазақстанға және Қазақстаннан жiберiлетiн), оның iшiнде банктiк есепшот ашпай жүргiзiлетiн төлемдер жөнiндегi ақпарат кiредi;

банктердiң мәлiметтерi:

1) шетелдiк банктердiң Ностро және Лоро корреспонденттiк есепшоттары бойынша банкаралық төлемдерi жөнiнде, оның iшiнде "Казпочта" ААҚ жүзеге асыратын аударымдық почта операциялары бойынша;

2) алынып тасталды

банктердiң мәлiметтерi 13 бағаннан тұрады, оған төлем бойынша мынадай ақпарат кiредi:

1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi және оған банктердiң мәлiметтерi бойынша 02 саны қойылады;

2-баған - алушы банктiң (бас банктiң) ББК қойылады;

3-баған - бенефициар банктiң (бас банктiң) ББК қойылады.

Халықаралық төлемдер жүзеге асырылған кезде, резидент емес банктерде ашылған шот арқылы оның пайдасына төлем жүргізілген/ одан алынған резидент емес банктің ББК-ы, сондай-ақ резидент банктің ББК-ы (2-баған немесе 3-баған) толтырылмайды;

4-баған - Төлем белгiсi (есеп берушi банк үшiн). Бұл  баған мынадай түрде толтырылады:

01 - есеп беретін банктің резидент-банкте ашылған корреспонденттік шоты бойынша резидент банкке жіберген төлемі;

02 - есеп беретін банктің резидент емес банкте/ резидент емес банкке ашылған корреспонденттік шоты бойынша шетелге жіберген төлемі;

03 - есеп беретін банктің резидент емес банкте/ резидент емес банкке ашылған корреспонденттік шоты бойынша шетелден алған төлемі;

09 - есеп беретін банктің резидент банкте ашылған корреспонденттік шоты бойынша резидент банктен алған төлемі;

10 - есеп беретін банктің қазақстандық  корреспондент банк арқылы шетелге жіберген төлемі;

11 - есеп беретін банктің қазақстандық  корреспондент банк арқылы шетелден алған төлемі;

12 - есеп беретін банктің резидент емес банкте ашылған корреспонденттік шоты бойынша резидент банкке жіберген төлемі;

13 - есеп беретін банктің резидент емес банкте ашылған корреспонденттік шоты бойынша резидент банктен алған төлемі;

14 - есеп беретін банктің резидент банктегі өзінің корреспонденттік шотынан ақшаны басқа да есептен шығаруы;

15 - есеп беретін банктің резидент банктегі өзінің корреспонденттік шотына ақшаны басқа да есептеуі;

16 - банк резидент емес банкте/резидент емес банкке ашқан корреспонденттік шотынан ақшаны өзге де есептен шығаруы;

17 - банк резидент емес банкте/резидент емес банкке ашқан корреспонденттік шотына ақшаны өзге де есептеуі.;

5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi;

6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды;

7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi;

8-баған - бенефициардың экономика секторының коды;

9-баған - төлем белгiлеу коды.

Тiкелей корреспонденттiк есепшоттар бойынша келiп түскен халықаралық төлемдердi көрсеткен кезде 5, 6, 9-бағандарды төлемдi жiберген корреспондент банктiң тапсырмасы және/немесе төлем жасау үшiн негiз болатын басқа да (төлемдiк емес) құжаттар негiзiнде есеп берушi банк толтырады;

10-баған - есептi кезеңдегi төлемдердiң саны. Бастапқы кездегi мәнi 0 болады. Бiр төлемдi көрсеткен кезде бағанның мәнi 1 болады. 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдер жаңа төлеммен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мәнi 1-ге ұлғайтылады, ал 11-бағандағы мәнi жаңа төлемнiң сомасына ұлғайтылады;

11-баған - төлем сомасы теңгемен, үтірден кейін екі белгі. Шетел валютасымен операциялар теңгемен қайта есептеледі;

12-баған - төлем валютасының коды. ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюта мен қорларды белгiлеу үшiн кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеуiштерiне сәйкес белгiленедi;

13-баған - қатысушы елдің - резидент еместің елі. ҚР МЖ 06 ИСО 3166. 1-2001 "Елдердің атауы мен олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерін белгілеуге арналған кодтар" деп аталатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес толтырылады. 1-бөлім. Елдер кодтары. "Резидент-Халықаралық қаржы ұйымы" үлгісіндегі төлемдерді көрсеткен кезде "Халықаралық қаржы ұйымдары" - ZZ коды қойылады. "Резидент-резидент" және "резидент емес-резидент емес" түріндегі төлемдерді көрсеткен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын ақша төлемін және/немесе аударымын негіздеуді растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейтін валюталық операциялар бойынша төлемдер үшін елдің коды қойылмайды.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Мәлiметтердi толтыру тәртiбi (бұдан әрi - Ұлттық Банктiң мәлiметтерi):

Ұлттық Банктiң мәлiметтерi жалпы алғанда Ұлттық Банктiң барлық жүйесi бойынша есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-не дейiн ай сайын қалыптастырылады;

Ұлттық Банктің мәліметтері Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттар бойынша ұлттық валютамен жүргізілетін төлемдер мен аударымдарды көрсетуге арналған;

Ұлттық Банктiң мәлiметтерi:

1) алып тасталды

2) банк пен оның клиентi арасында немесе осы банктiң екi түрлi клиенттерi арасында жүзеге асырылатын төлемдер бойынша жасалады.

Ұлттық Банктiң мәлiметтерi 13 бағаннан тұрады, оған төлем  жөнiндегi мынадай ақпарат кiредi:

1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi және оған Ұлттық Банктiң мәлiметтерi бойынша 03 саны қойылады;

2-баған - алушы банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), алушы банктiң клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК). Төлем немесе ақша аударымы өткiзiлген корреспонденттiк есепшот бойынша алушы банктiң БИК және банктiң/банк  операцияларының  жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның ЖБК қойылады;

3-баған - бенефициар банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), Бенефициар банктiң клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК) 2-баған сияқты толтырылады.

4-баған - төлем белгiсi. Бұл баған мынадай түрде толтырылады:

04 - Ұлттық Банк пен оның клиентi арасында немесе Ұлттық Банктiң жүйесiндегi екi түрлi клиенттер арасында жүзеге асырылатын төлем. Мұндай жағдайда Ұлттық Банк әрi алушы банк, сонымен қатар әрi енефициар банк болып табылады;

5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi;

6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды;

7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi;

8-баған - бенефициардың экономика секторының коды;

9-баған - төлем белгiлеу коды.

10-баған - есепті кезеңдегі төлемдердің саны;

11-баған - төлемнiң сомасы теңгедегі, үтiрден кейiн екі белгi;

12-баған - төлем валютасының коды. ҚР МЖ 07 ИСО 4217 - 2001 "Валюта мен қорларды белгiлеу үшiн кодтар" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеуiштерiне сәйкес белгiленедi;

13-баған - ел - ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1 - 2001 "Елдер атауы және олардың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiмшелерiн белгiлеу үшiн кодтар. I бөлiм. Елдер кодтары" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жiктеуiштерiне сәйкес толтырылады.

4. Клиринг ұйымдарының және орталықтың клиринг жүйесi арқылы өткiзiлген төлемдер жөнiндегi мәлiметтердi толтыру тәртiбi (бұдан әрi клиринг жөнiндегi мәлiметтер):

клиринг ұйымдары және Орталық клиринг жөнiндегi мәлiметтердi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне есептi кезеңнен кейiнгi айдың 7-сiне дейiн ай сайын, сондай-ақ Орталық - өткен операциялық күнгi мәлiметтi күн сайын берiп отырады;

клиринг жөнiндегi мәлiметтер Қазақстан Республикасының аумағында бөлшек төлемдер бойынша ақша ағынын көрсетуге арналған;

клиринг жөнiндегi мәлiметтер 13 бағаннан тұрады, оған төлем жөнiндегi мынадай ақпарат кiредi:

1-баған - ақпарат алу көзi. Мұнда алынатын ақпарат көзi көрсетiледi және оған клиринг ұйымдарының мәлiметтерi бойынша 04 саны қойылады;

2-баған - алушы банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), алушы банктiң клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК). Егер төлем құжатында көрсетiлген ББК және ЖБК бiрге алғанда Орталықтың ААБЖ-iн жеке пайдаланушысымен бiрегей болса, бағанда деректемелердiң екеуi де көрсетiледi. Егер төлем құжатында көрсетiлген ББК және ЖБК бiрге алғанда Орталықтың ААБЖ-iн жеке пайдаланушысымен бiрегей болмаса, бағанда тек қана ББК көрсетiледi;

3-баған - бенефициар банктiң банктiк бiрегейлендiрiлген коды (ББК), бенефициар банктiң клиентiнiң жеке бiрегейлендiрiлген коды (ЖБК) 2-баған сияқты толтырылады;

4-баған - төлем белгiсi. Бұл баған мынадай түрде толтырылады:

05 - банкаралық клирингтiк төлемдер;

5-баған - ақша жiберушiнiң резиденттiк белгiсi;

6-баған - ақша жiберушiнiң экономика секторының коды;

7-баған - бенефициардың резиденттiк белгiсi;

8-баған - бенефициардың экономика секторының коды;

9-баған - төлем белгiлеу коды;

10-баған - есептi кезеңдегi төлемдердiң саны. Бастапқы кездегi мәнi 0 болады. Бiр төлемдi көрсеткен кезде бағанның мәнi 1 болады. 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдер жаңа төлеммен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мәнi 1-ге ұлғайтылады, ал 11-бағандағы мәнi жаңа төлемнiң сомасына ұлғайтылады;

11-баған - төлемнiң сомасы теңгедегі, үтiрден кейiн екі белгi;

12-баған - толтырылмайды;

13-баған - толтырылмайды.

 

                                           

Похожие:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы №90 Қаулысы
«Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы iconКүші жойылды ҚҚА №49 23. 02. 07ж
Республикасының Әділет министрлігінде №904 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының “Екінші деңгейдегі банктердің...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 86-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы iconКассалық операция және құндылықтарды сақтау орталығы (бұдан әрі Орталық) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 1999 жылғы 20 тамыздағы
Орталық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 1999 жылғы 20 тамыздағы қаулысының шешімімен құрылған. Оның құрамына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница