«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2015




Название«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2015
страница1/5
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.66 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://kaznpu.kz/docs/postupaushim/6M020900.kaz_._doc.doc
  1   2   3   4   5
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ





Бекітемін

Көптілді білім беру

институтының директоры

____________________Т.Т.Аяпова

«_____» _____________2015ж.




«6М020900-ШЫҒЫСТАНУ»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ


АЛМАТЫ 2015


Бағдарлама «6М020900-Шығыстану» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: PhD докторы, доц. Б.Ш.Батырхан, филол.ғ.к., проф. Г.Абдрахманова, PhD докторы С.Айтқазы, филол.ғ.к., доц. Е.Есбосынов, ф.ғ.к., Кансеитова Э.Ж.


Бағдарлама кафедралар мәжілісінде

қарастырылған № хаттама


Шығыс тілдері кафедрасының

меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор ____________ К.И. Мирзоев


Қабылдау емтиханының бағдарламасы Көптілді білім беру институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.


МАЗМҰНЫ


1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері

Оқуға түсу емтихандарының бағдарламасы «Шығыс тілі», «Оқитын ел тарихы» және «Оқитын ел әдебиеті» пәндері бойынша магистрды дайындаудағы эксперименттік білім беру бағдарламасының мазмұнының минималды көлемін қамтиды.

«Шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының мақсаты бакалавариат оқу барысында жинақтаған білім қорын анықтау болып табылады. Сондай-ақ магистратураға түсуге талапкердің бакалавриат білім беру бағдарламасын оқу барысында қалыптасатын арнайы біліктілікті табысты меңгеруге қажетті жалпы біліктілігінің сай екенін бағалау болып табылады.

Емтихан міндеттері мынада:

    • ақпаратты синтездей алу және нақтылауға, танып таңдауға, іздеуге деген болашақ докторанттардың қабілеті мен дайындығын бағалау;

    • оқуға түсушілердің магистрлік білім беру бағдарламасындағы оқу пәнін ұғынғанын бағалау;

    • оқуға түсушінің қазіргі ақпараттық қорларды оқу барысында қолдана алу дайындығын бағалау;

    • Магистратура білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушінің оқуға деген ынта-жігерін, талабын анықтау.


Бұл үшін оқуға түсушілер өздерінің шығыс тілінің негізгі курс теориясына қатысты білімдерін, әр түрлі тақырып бойынша ауызша және жазбаша қатынас деңгейіндегі тілді практикалық тұрғыда қолдану машықтарын көрсетулері керек. Оқитын ел тарихының, әдебиетінің даму заңдылықтарын; оқитын елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын; Шығыс елдері қоғамдарының әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси салалардағы біршама өзгерістермен сипатталатын дамуына жаһандану үдерісінің тигізген ықпалын; Шығыс елдерінің дүниежүзілік шаруашылық-саяси жүйесіне интеграциялану кезеңіндегі бұл елдердің тарихындағы іргелі мәселелері жайында білулері қажет.

Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы шығыс тілін меңгерудің классикалық схемасы есепке алына отырып жасалған: біртұтастық пен сабақтастық, бөлімдердің өзара қарым-қатынасы, дара құбылыстарын және ерекшеліктерін жүйелеу. Бағдарлама оқуға түсушінің оқитын шығыс тілімен байланысты елге ерекше көңіл бөле отырып, шығыс қоғамдары мен мемлекеттерінің ерекшеліктері бойынша, діни даму, халықтың саяси санасы, саяси институттар, саяси партиялар, сыртқы саясат, экономика, әдебиет т.с. бағыттары бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында құрастырылған.


2. Магистратураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар

Магистратураға түсуші бакалаврларды дайындау деңгейіне сай жалпы кәсіби және жалпы мәдени біліктілікке ие болуы керек, атап айтқанда:

  • Ойлау мәдениетіне ие болуы, жалпылауға, талдауға, ақпаратты қабылдауға, мақсатты қойып, оған жету жолдарын таңдауға қабілетті болуы тиіс;

  • ауызша және жазбаша сөзді логикалық тұрғыда дұрыс, дәлелді және анық құра біледі;

  • өзін-өзі дамытуға, шеберлігі мен квалификациясын жетілдіруге ұмтылады;

  • болашақ мамандығының мәнділігін жете ұғынады, кәсіби қызметін орындауға деген ынта-жігері жоғары;

Магистратураға түсуші шығыс тілінен, Шығыс елдерінің тарихы және әдебиеті пәнінен мынадай (магистр деңгейіне сай) көлемде білімге, біліктілік және машыққа ие болуы тиіс.

Шығыс тілінің орфографиялық, орфоэпикалық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық норма біліміне ие болу. Лингвистикалық, әлеуметтік мәдени және прагматикалық жақтарын қамтыған сөз коммуникациясының әр түрлі саласында коммуникативті қызметті іс жүзінде атқара білу. Практика жүзінде сөйлеудің негізгі сөз формаларын қолдана білу: баяндау, сипаттау, пайымдау, монолог, диалог, полилог. Сөйлеу мәдениетін және сөйлеу этикетіне қатысты білімге ие болу. Шығыс елдері тарихына, оқитын ел тарихына, әдебиетіне қатысты білімге ие; оқитын елдің саяси жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық құрылысына қатысты сұрақтарға жауап бере алады. Магистратураға түсушілер шығыс қоғамдарының даму ерекшеліктерін және олардың іргелі мәселелерін терең түсінулері керек. Бұл аумақты және іргелі шығыстанушылық білім берудің негіздерінің бірі болып табылады.

Қабылдау емтихан, бакалаврдың іс-тәжірибелік әрі теориялық дайындығын анықтауға арналған және дайындық бағыты бойынша магистратурадағы білім беру талаптарына қатысты студенттердің білімі, машығы мен дағдысының сай келуін анықтау мақсатымен өткізіледі.

Емтиханның нысаны – құрамалы жазбаша-ауызша емтихан. Емтихан тапсыратын адамдар, емтихан билетіндегі сұрақтарға байланысты өз жауаптарын - жауап беру парақтарына жазады, ал емтихан комиссиясына ауызша жауап береді. Апелляция берілген жағдайда, қарастырудың негізі - жауап беру парақтарындағы жазбаша жазбалар болып табылады.

3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері

Базалық шығыс тілі – 3 кредит

Оқитын ел тарихы - 3 кредит

Оқитын ел әдебиеті: жаңа және қазіргі кезең- 3 кредит

Оқитын ел әдебиеті: көне және ортағасырлық әдебиет – 3 кредит


4. Емтихан тақырыптарының тізімі

«Базалық шығыс(араб тілі)» пәні

«Базалық шығыс(араб тілі)» пәні

  1. Түбір және сөздің түбірлік негізі. Түбір морфема, оның белгілері, сипаттары. Қосымша морфемалардың деривациялық және реляциялық мағыналары. Негіз түбірлер, оларға тән белгілер, қасиеттер. Негізгі түбірді ажыратудың принциптері . Негізгі түбір және түбір морфема. Негізгі түбір сөздердің буын құрамы. Туынды түбір, түбірдің негізге қатынасы. Туынды түбір тудырудағы жұрнақтардың қызметі, жалғаулардың қатысы.Түбір дыбыстары ұғымы. Екі әріпті түбір. Үш әріпті түбір. Төрт әріпті түбір. Бес әріпті түбір. Дұрыс және бұрыс түбірлер.

  2. Жалғаулар. Жалғаулардың түрлері. Көптік жалғау. Тәуелдік жалғау. Септік жалғауы. Жіктік жалғауы. Көптік категориясы мен көптік жалғауы. Көптік категориясының берілу тәсілдері: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Тәуелдеу категориясының жасалу жолдары: морфолгиялық, синтаксистік формасы. Септік жалғаулары, түрлері. Атау септігі, сұраулары, синтаксистік қызметі. Атау формалы сөзге тіркесіп қолданылатын шылаулар. Ілік септік, мағынасы, сұраулары, жалғаулары, синтаксистік қызметі. Изафеттік тіркес. Табыс септігі, оның мағынасы, сұраулары, жалғаулары, синтаксистік қызметі.

  3. Полярлылық қағидасы. Грамматикалық тек, түр және есімді топтар. Семит тілдерінде полярлылық құбылысы әрдайым таза күйінде болмайды. Белгілі грамматикалық элементтер қарама-қарсы категорияны белгілеуде орын ауыстырады. ة (та-марбутаға) аяқталса да, аталық текті білдіретін есім сөздер. Белгілілік артиклінің шығу тегі.

  4. Сөз таптары және олардың морфологиялық құрамы. Араб тіліндегі сөздерді семантика-морфолгиялық белгілеріне қарай есім сөздер, көмекші, етістік сөздер деп топтастыру. Зат есім. Лексика-грамматикалық сипаты. Адамзат және ғаламзат есімдер, ерекшеліктері.

  5. Етістікті негіздер. Етістіктің түрлері. Жіктеу, шақ жүйесі, есімшелер және қимыл атауы. Етістікті негізді – перфект, имперфект, императив формаларын сипаттау.

  6. Ішкі өсіммен кеңейген негіздер. Ішкі түбір дыбыстың геминациясы. Интенсивті негіз. Екінші және үшінші түбір дыбыстарының редупликациясы.

  7. Есімді негіздер. Қысқа дауысты бір буынды базалар. Қысқа дауысты екі буынды базалар. Бірінші және екінші буында созылыңқы дауыстысы бар екі буынды базалар. Әлсіз дауыссыздың инфиксациясы. Префиксті есім сөздер.

  8. Етістік баптары және олардың мәндері. Етістіктің жіктелуі. Араб етістігі біртұтас жүйе болып табылады. Бұл оның морфологиялық категориялар жиынтығында, әсіресе мәндерінде көрінеді. I бап. II бап. III бап. IV бап. V бап. VI бап. VII бап. VIII бап. IX бап. X бап.

  9. Рай функциясы. Имперфектегі етістік соңғы дауыстының флексиясына байланысты үш модификацияға ие. Ашық рай. Қалау рай. Шартты рай. Бұйрық рай.

  10. Ырықсыз етіс. Араб тілінде ырықсыз етіс, ең алдымен морфологиялық категория болып табылады. Бұл етіс негізгі етіс сияқты екі шақта болады – перфект және имперфект, бірақ императив формасы жоқ.

  11. Есімшелер және қимыл есімі. Араб грамматикасында есімшелер деп етістіктен туындаған есімнің екі категориясын атайды: негізгі етіс есімшесі. Ырықсыз етіс есімшесі. Қимыл есімі араб тілінде қимылдың абстрактылы атауын немесе ахуалын білдіреді. Масдар. Қимыл есімнің қолданысы.

  12. Бұрыс етістіктер классификациясы. Етістік классификациясы түбір классификациясына ұқсас. Етістіктер: Қосарланған. Хамзалы. Әлсіз етістіктер. Дұрыс етістіктерге ұқсас етістіктер Бос етістіктер. Нақыс етістіктер. Екі есе бұрыс етістіктер.

  13. Есім сөздер классификациясы. Етістіктен туындаған есім сөздер. Жалаң түбірден туындаған есім сөздер. Морфологиялық тәсілдер арқылы етістіктерден туындаған есім сөздер. Араб грамматистерінің классификациясы бойынша: «айқын есім сөз», «ой тасасындағы жобаланған есім сөз», «нақтыланбаған, күңгірт мәндегі есім сөз». Есім сөз (маусуфун). Сын есім (сифатун). . Сапалық сын есім. Сын есімдер етістіктен туындап, әрекет етуші есім (исм фа”ил), әрекетке түсуші есім(исм маф”ул), өз мәніндегі етістіктен туындаған есім болып бөлінеді. Қатыстық сын есім. Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай. Асырмалы шырай. Жалғыздылықты білдіретін есім сөз. Қимыл мәнерін білдіретін есім сөз. Мезгіл және мекен қимылы есім сөзі. Құрал-сайман есім сөзі. Жалқылық есім сөз. Қатыстық есім сөз. Кішірейтпе есім сөз

  14. Грамматикалық тек. Түр. Аналық текті есім сөздер: мәні жағынан, форма жағынан. Ортақ текті есімдер. Аналық тек формаларының жасалуы. Екілік түр. Көптік түр. Дұрыс және бұрыс көптік түрлер. Бұрыс көптікте түрленетін есім сөздер.

  15. Септеулер және олардың қызметтері. Сан есім. Екі септікте септелетін есім сөздер. Үш септікте септелетін есім сөздер. Аралас септелетін есім сөздер. Септіктер қызметтері. Қабысу. Формальды қабысу. Қабысудың ерекше түрлері. Есептік сан есім. Реттік сан есім. Еселі сан есім. Бөлшек сан есімдер.

  16. Есімдік. Қызметші сөздер. Жіктік есімдіктер: бөлек және бірігіп жазылатын есімдіктер. Сілтеу есімдіктері. Сұрау есімдіктері. Қатыстық есімдіктері. Бірігіп жазылатын демеулік шылаулар. Бөлек жазылатын септеуліктер. Септеулікке айналған көмекші сөздер. Үстеу. Қаратпа сөздер.

  17. Етістікті сөз тіркесі. Есімді сөз тіркесі. Есім сөздің етістікке бағынуы. Есімнің етістікке тура бағынуы. Есім сөзді етістік арқылы меңгеру. Болу етістіктері. Пайым етістіктері. Бастау етістіктері. Жақындық етістіктері.

  18. Есім сөздер қиысуы. Атрибутивті сөз тіркесі. Аппозитивті сөз тіркесі. Жіктік есімдікпен болған аппозитивті сөз тіркесі.

  19. Жай сөйлем. Есімді және етістікті сөйлем. Бір мүшелі есімді сөйлем. Екі мүшелі есімді сөйлем. Есімді сөйлем құрамы. Есімді сөйлемдегі қиысу. Есімді сөйлемдегі тұрлаулы мүшелердің орын тәртібі.

  20. Құрмалас сөйлем. Тұрлаулы мүшелер қызметіндегі сөйлемдер. Тұрлаусыз мүшелер қызметіндегі сөйлемдер. Толықтауышты бағыныңқылы сөйлем. Анықтауышты бағыныңқылы сөйлем. Шартты бағыныңқылы сөйлем.


«Оқитын елдің әдебиеті» пәні

21. «Араб әдебиеті» ұғымы. Даму кезеңдері. Хронологиялық шектеулер.

22. Исламға дейінгі поэзия. Оның ерекшеліктері. Көне поэзияның жанрлары, тақырыптары, мазмұны, тілі және формалары. Муаллақтар және олардың авторлары. Имру-л-Қайс – қасыда формасының негізін салушы. Құран әдеби ескерткіш тұрғысында. Сарай поэзиясы. Саяси поэзия өкілдері.

23. Қалалық және бәдәуи поэзиясы. Қалалық және бәдәуи поэзиясының жанрлары, тақырыптары, мазмұны, тілі және формалары. Омар ибн Әбу Рабианың қалалық лирикасы. Стиль ерекшеліктері.

24. «Жаңару» әдебиеті. Башшар ибн Бурд, Әбу Нууас, әл-Атахиа шығармашылықтары. «Жаңа стиль». Ерте-аббасидтік дәуір прозасы. «Калила мен Димна». «Мың бір түн». Жылнамалар жинағының жасалу тарихы. Хамданид тобына кіретін ақындар шығармашылығы. Әл-Мутанаббидің тілдік шеберлігі. Әл-Харири мақамдары. Мақама жанрының шығу тегі. Мазмұны, композициясы, кейіпкерлері. Синтез әдебиеті. Әл-Маарри шығармашылығы. Поэзия және трактаттар.

25. XIX ғасырдағы араб әдебиетінің дамуы. Европа әдебиетімен болған қатынас ықпалы аясындағы негізгі прозалық жанрлардың қалыптасуы. «Ан-Нахда» және мәдениеттің қайта жаңғыруы. Ағартушылық дәуірінің өзіндік ерекшеліктері. Ислам реформаторлары және олардың шығармашылықтарының әдебиетке тигізген әсері. Араб әдебиетіндегі египеттік және сириялық мектептер.

26. Жаңа заман әдебиеті. Араб прессасының пайда болуы. Наполеонның Египетке жасаған жорығы. Мұхаммед Әли билігі. Болашақ интелегенцияны дайындау. Рифаа ат-Тахтауи шығармашылығы. Ат-Тантауи және оның шығармалары. Мұхаммад Абдо, Әдиб Исхақтың ағартушылық идеялары мен шығармашылықтары. Араб күрескерлік публицистиканың тақырыптық-стилистикалық ерекшеліктері. Йакуба Санну, Абдалла Надим, Абд ар-Рахман әл-Кауакибидің публицистикалық шығармалары мен ағартушылық идеялары.

Селим әл-Бустанидің әңгімелері. «Египеттік модернизм» мектебі. «Ұлттық әдебиеттің египеттенуі».

27.«Египеттің қазіргі заман әдебиеті. «Жаңа реализм». Өкілдері және шығармалары. Әдебиеттегі ұлт-азаттық қозғалыстың бейнеленуі. «Жаңа реализмнің» негізі өкілдері. Таха Хусейннің шығармашылығы. Таха Хусейн араб әдебиетінің теоретигі тұрғысында. Зерттеу әдістері. Таха Хусейн шығармашылығының тақырыптық-стильдік ерекшеліктері, оның «Аййям» романы. Нагиб Махфуз шығармашылығы. Жазушы шығармашылығындағы тарихи тақырып. Каирлік романдар циклі. Жазушының трилогиясы.

28. Мағриб елдерінің қазіргі заман әдебиеті. Ағартушылар қызметтері, олардың әдебиеттің пайда болуындағы рөлі. Мароккодағы әдеби жанрлардың дамуы. Араб тілді жаңа заман әдебиеті. Мағриб елдері әдебиетіндегі екі тілділік мәселесі. Марокколық жаңа заман әдебиеті. Алжир әдебиеті жаңа типінің қалыптасу көздері. Көркем проза. Театр және драматургия. Француз тіліндегі әдебиет. Қазіргі Тунис прозасы: тақырыптары, сюжеттері және идеялары

29. Парсы шығанағы елдерінің әдебиеті. Машриқ әдеби жанрларының Шығанақ елдерінің қазіргі прозасының қалыптасуына тигізген ықпалы. Қазіргі заман авторларының шығармалары. Қазіргі прозаның көрнекті өкілдері. Шағын көлемді проза. Роман жанры. Қазіргі кездегі дәстүрлі поэзия.


«Оқитын елдің тарихы (араб елдері)» пәні

27.Араб елдерінің ежелгі тарихы

Солтүстік Арабия патшалықтары. Солтүстік арабиялық тайпалар мен мемлекеттік құрылымдар. Набатей патшалғы. Набатей патшалығының тарихын зерттеу бойынша деректер. Тадмур патшалығы. Хира мемлекеті. Ғассасиндер мемлекеті.

28.Оңтүстік арабиялық мемлекеттер

Ежелдегі Оңтүстік арабиялық мемлекеттер. Оңтүстік арабиялық тайпалардың саяси тарихы. Маин мемлекеті. Катабан, Хадрамаут және Саба патшалықтары. Химьяриттер мемлекеті. Хиджаз қалалары. Мекке. Оңтүстік Арабияның қоғамдық және саяси құрылымы. Ежелгі Арабия мәдениеті. Жазудың алфавиттік жүйесінің пайда болуы. Арабия түбегі мәдениетіне көрші тайпалар мен елдердің әсері.

29.Ерте ортағасырлардағы Арабия.

Арабтар тарихы бойынша дереккөздер. Шаруашылық (егіншілік пен малшылық). Қолөнер мен сауда. Арабия түбегіндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар. Жер иеленудің түрлері. Исламға дейінгі Арабия мәдениеті. Арабтардың көшпелі және отырықшы тайпаларының рулық құрылымы. Джаһилия дәуірі. Бәдәуи тайпаларының діни көзқарастары, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері.

30.Исламның пайда болуы мен таралуы.

Исламның пайда болуы мен таралуы. Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен қызметі. Араб халифаты. Пайғамбар өлімі мен билікке «әділетті төрт халифтің келуі». Әділетті төрт халифтердің билігі тұсындағы араб жаулаушылықтары.

31.Омейяд халифаты.

Араб жаулаушылықтары мен мұсұлмандық теократиялық мемлекеттің қалыптасуы. Омейяд халифатының құрылуы. Суфианидтер мен марванидтер билігі тұсындағы халифат. Дамаск халифатының қоғамдық құрылысы. Араб жаулаушылықтары.

32.Аббасид халифаты.

Бағдад халифаты. Бағдад халифатының мемлекеттік-әкімшілік жүйесі. Халифаттың саяси құрылымы. Егіншілік, қолөнер мен сауданың дамуы. Араб-мұсұлман мәдениетінің дамуы. Қайта өрлеу дәуірі.

Арабтардың Испанияны жаулауы. Пуатье түбіндегі шайқас. Кордова халифаты. Андалуз өркениеті. Өзара тартыс соғысының басы. Реконкиста.

33. Солтүстік Африка территориясында тәуелсіз араб мемлекеттерінің құрылуы.

Солтүстік Африка территориясында жартылай тәуелсіз княздіктердің пайда болуы. Идрисидтер (788-974), Ағлабидтер (800-909), Тулунидтер (868-905), Ихшидидтер (935-963), Хамдиндар (944-1003). Кордова халифаты. Арабтардың Испанияны жаулауы. Вестгот княздіктерін бағындыру. Пуатье түбіндегі шайқас.Бағдад халифатындағы халық қозғалыстары. Аббасид халифатының ыдырауы.

34.ХІ-ХVІ ғғ. Солтүстік Африка мен Испаниядағы араб мемлекеттері.

ХІ-ХV ғғ. Египет пен Сирия. Фатимидтер мемлекеті. Фатимидтер мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты. Айюбидтер мемлекеті. Крест жорықтары. Крестшілерге қарсы күрес. Египте пен Сирияда мәмлүктер билігінің орнауы. Таяу Шығыстағы моңғол басқыншылығы. Тимуридтер. Магриб аумағында дербес мемлекеттік бірігулердің пайда болуы. Мурабиттер. Альморавидтер мемлекеті. Альмохадтар империясы.

35. Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы түрік экспанциясы. Осман империясы құрамындағы араб елдері. Араб елдерінің қоғамдық құрылысы. Осман империясының араб провинцияларындағы егіншілік. Араб қалалары. Өнеркәсіптік өндірістің түрлері. Ауыл шаруашылығы. Осман жаулап алушылары және олардың араб вассалдарының бастырығы. ХҮІ ғ. аяғы – ХҮІІ ғ. Басындағы Осман империясындағы араб халықтарының көтерілістері. Сирии, Ливан мен Ирақтағы антитүріктік көтерілістер. Капитуляция режимі.

37. ХХ ғ. бірінші жартысындағы Судан.

ХХ ғ. басындағы Судан. Махдистер мемлекетінің (1898) қирағанынан кейінгі елдің жағдайы. Ағылшын-египеттік кондоминиумды жариялау. Отарлық тәуелділік жағдайындағы елдің экономикалық дамуы.

38. ХХ ғ. бірінші жартысындағы Мағриб елдері: Алжир, Марокко, Тунис, Ливия, Мавритания.

Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Мағриб елдері. Отаршы биліктің саясаты. 1914-1916 жж. қарулы көтерілістер. Мағриб елдеріндегі азаттық қозғалыстарының жандануы. Алжирде «туземдік кодекстің» алынуы. Империалистік державалардың Марокконы бөлісуі. 1921 ж. Риф Республикасының құрылуы. Антиотаршылдық ұйымдардың пайда болуы. Тунистік ұлтшылдық идеясының туындауы. «Жаңа Дестур» партиясының құрылуы. Мавританиядағы метрополияның отаршылдық саясаты. Маврлердің Францияның отаршылдық агрессиясына қарсы күресі. 1920-30 жж. антиотаршылдық күрес. 1936-1939 жж. Мағриб елдеріндегі ұлт-азаттық күрес. Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Мағриб елдері. Мағриб елдерінің территориясындағы әскери қимылдар.

39. 1914-1945 жж. Шығыс Жерорта теңізі елдері.

ХХ ғ. басындағы Сирия, Ливан. Сайкс-Пико келісімі (1916г.) Сирию мен Ливанға ағылшын-француздардың басып кіруі. Экономикалық және саяси жағдай. 1936 ж. Сирия мен Ливандағы көтеріліс. Франк-ливандық келісімге қол қою. Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Сирия мен Ливан.

41. 1914-1945 жж. Ирақ.

Англия мен Германияның Ираққа ықпал ету үшін бәсекелестігі. Ағылшын оккупациясы мен оның салдары. Сан-Ремодағы конференция мен оның мандаттар жөніндегі шешімі. Мандаттық кезеңдегі Ирақ. 1930 ж. формальды тәуелсіздіктің алынуы. Нури Саидтың үкіметі. Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Ирақ.

42. 1914-1945 жж. Арабия түбегіндегі елдер.

Сауд Арабиясы. Арабтардың бірігу мәселесі. Ибн Саудтың реформалары. Ихуандар көтерілісі. Ибн Саудтың сыртқы саясаты. Сауд Арабиясына американдық капиталдың енуі. Йемен. 1918-25 жж. Йемен. Итальяндық оккупацияға қарсы күрес. Бірінші кеңес-йемендік келісім. 1934 ж. ағылшын-йемендік келісім. Йемен мен Сауд Арабиясы арасындағы соғыс. БАӘ мен Оман. Қоғамдық құрылыс пен саяси құрылым. Соғыс арасындағы Келісілген Оман. Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Келісілген Оман. 1914-1939 жж. Оман. Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Келісілген Оман. Бахрейн мен Қатар. ХХ ғ. бірінші жартысындағы Бахрейн мен Қатар. Соғыс аралық кезеңде мұнай үшін күрес пен елдің саяси дамуы.

43. 1945-2013 жж. Египет.

Г.А.Насер билігі тұсындағы Египет. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. 1967 ж. алты күндік соғыс. А. Садаттың билікке келуі. Инфитах саясаты. 1973 ж. қазан соғысы. Кэмп-Дэвид келісімі мен Израильмен бейбітшілік келісіміне қол қою (1979). Х. Мубарак пен оның сыртқы саяси бағыты. Египет пен Парсы Шығанағындағы оқиғалар. Египттің экономикалық өсуі. ЕО мен Египет: серіктестік мәселелері.2011 ж. Египет революциясы. Мубарак режимінің құлауы.
  1   2   3   4   5

Похожие:

«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2015 icon«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
«6М020900-Шығыстану» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: филол.ғ....
«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2015 icon«6M070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012

«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2015 icon«6M021200– ТҮркітану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М021200 – Түркітану: филология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған
«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2015 icon«6М060700 биология» мамандығы бойынша
Магистратураға түсушілерге арналған мамандық бойынша түсу емтиханының бағдарламасы
«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2015 icon«6М075000 метрология» мамандығы бойынша
Магистратураға түсушілерге арналған мамандық бойынша түсу емтиханының бағдарламасы
«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2015 iconАлматы 2012
«Философия» мамандығына түсушілерге арналған мамандық бойынша магистратураға түсу емтиханының бағдарламасы
«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2015 icon«6М011000 – физика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «050110 –Физика» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушысы...
«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2015 icon«6М051300 – Әлемдік экономика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М051300 – Әлемдік экономика»» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған
«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2015 icon«6М051100 маркетинг» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М051100 Маркетинг» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар...
«6М020900-шығыстану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2015 icon«6М051600 – Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012
Бағдарлама «6М051600 халықаралық журналистика» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница