Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және




Скачать 80.24 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және
Дата конвертации12.02.2016
Размер80.24 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/_гос яз_0.doc





№ исх: 784 от: 09.07.2014

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық

Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және

Қытай Халық Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасындағы уақытша еңбек қызметі туралы

келісім


Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі

бір Тарап мемлекеті азаматтарының екінші Тарап мемлекетіндегі уақытша еңбек қызметін Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының перспективалы саласы ретінде қарастыра отырып,

халықтың еңбек көші-қоны процестерін реттеу және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласында Тараптардың ынтымақтастығы үшін құқықтық негізді қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,

Тараптар мемлекеттерінің еңбек нарығындағы ахуалды ескере отырып, жұмыс күшін тарту және пайдалану процестерін реттеудегі өзара мүдделілікті негізге ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:


1-бап


Осы Келісімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:

Кету тарапы – аумағында еңбекші көшіп-қонушыларды тұрақты тұратын және ақы төленетін еңбек қызметімен уақытша айналысу үшін Жұмысқа орналастыру тарапына шығатын мемлекет;

Жұмысқа орналастыру тарапы – аумағында Кету тарапынан келген еңбекші көшіп-қонушыларды жұмысқа орналастырушы мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес және еңбек шартының (келісімшарттың) талаптарымен ақылы еңбек қызметін уақытша жүзеге асыратын мемлекет;

уәкілетті органдар – Тараптар мемлекеттерінің осы Келісімді іске асыру жүктелетін органдары;

жұмыс беруші – Жұмысқа орналастыру тарапында жұмысқа орналастырушы мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес және еңбек шартының (келісімшарттың) талаптарымен жұмыс беретін заңды немесе жеке тұлға;

еңбек шарты (келісімшарт) – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, оған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің қағидаларын сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Жұмысқа орналастыру тарапының ұлттық заңнамасында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;

еңбекші көшіп-қонушы – Кету тарапының аумағында тұрақты тұратын, Жұмысқа орналастыру тарапының аумағында ақысы төленетін еңбек қызметімен заңды негізде уақытша айналысатын жеке тұлға;

еңбекші көшіп-қонушыларды тартуға арналған рұқсат – еңбекші көшіп-қонушыларды Жұмысқа орналастыру тарапының аумағында еңбек қызметін уақытша жүзеге асыру құқығын растайтын, Жұмысқа орналастыру тарапы белгілеген нысандағы құжат;

еңбек жағдайлары – еңбекке ақы төлеу, еңбекті нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақыты режимінің жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймақтарын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ Жұмысқа орналастыру тарапының ұлттық заңнамасына сәйкес өзге де еңбек жағдайлары.


2-бап


Осы Келісімнің күші Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасында жұмыс істейтін еңбекші көшіп-қонушыларына және Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін еңбекші көшіп-қонушыларына қолданылады.


3-бап


1. Еңбекші көшіп-қонушылардың Жұмысқа орналастыру тарапының аумағына келу, онда болу, кету және еңбек қызметін жүзеге асыру тәртібі Жұмысқа орналастыру тарапының ұлттық заңнамасымен, сондай-ақ Тараптар мемлекеттері арасында жасалған халықаралық шарттармен реттеледі.

2. Уәкілетті органдар еңбекші көшіп-қонушыларды тарту және пайдалану саласындағы ұлттық заңнамада болған өзгерістер туралы бірін-бірі уақтылы хабардар ететін болады.

3. Еңбекші көшіп-қонушы Жұмысқа орналастыру тарапының ұлттық заңнамасын бұзған жағдайларда, Тараптар оның кету тарапының аумағына мерзімінен бұрын қайтарылуын талап ете алады.


4-бап


Мыналар осы Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан – Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі және Қытай Халық Республикасының Адам ресурстары және әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жоғарыда аталған уәкілетті органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы уақтылы хабардар ететін болады.


5-бап


1. Еңбекші көшіп-қонушылардың Жұмысқа орналастыру тарапы аумағындағы еңбек қызметі Жұмысқа орналастыру тарапының ұлттық заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда берілетін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.

2. Тараптар шетелдік қызметкерлерді тартатын, сондай-ақ тартайын деп отырған қызметкерлер санаттары туралы бірін-бірі хабардар етеді.

3. Еңбекші көшіп-қонушылар мен жұмыс берушілер арасындағы еңбек қатынастары Жұмысқа орналастыру тарапының ұлттық заңнамасына сәйкес еңбек және (немесе) өзге де шарттармен ресімделеді.


6-бап


Тараптар еңбекші көшіп-қонушылардың еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы және өзара тиімді жағдайлар жасау мақсатында:

өз мемлекеттерінің еңбек көші-қоны саласындағы ұлттық заңнамалары және Тараптардың еңбек нарығындағы жұмыс күшіне деген қажеттіліктері туралы бірін-бірі хабардар етеді;

еңбекші көшіп-қонушыларды Жұмысқа орналастыру тарапының ұлттық заңнамасына сәйкес біліктігі жоғары жұмыстарға орналастыруға жәрдемдеседі.


7-бап


Тараптардың бірінің аумағында болған уақытта  еңбекші көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы Жұмысқа орналастыру тарапының ұлттық заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.


8-бап


1. Еңбек шарты (келісімшарт) жұмыс берушінің таратылуына не қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты, сондай-ақ еңбекші көшіп-қонушыларға тәуелді емес өзге де жағдайларда бұзылған жағдайда, оған Жұмысқа орналастыру тарапының ұлттық заңнамасында көзделген өтемақылар қолданылады.

Бұл жағдайда еңбекші көшіп-қонушы Кету тарапы аумағындағы тұрақты тұратын жеріне жұмыс берушінің қаражаты есебінен қайтарылуға жатады.

2. Еңбекші көшіп-қонушылар еңбек шарты (келісімшарт) бұзылғаннан кейін Жұмысқа орналастыру тарапының ұлттық заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде Жұмысқа орналастыру тарапының аумағынан кетуге міндетті.


9-бап


Еңбекші көшіп-қонушының Жұмысқа орналастыру тарапының аумағына келуіне, осы мемлекетте болуына және одан кетуіне байланысты шығыстар еңбек шартының (келісімшартының) ережелеріне сәйкес өтеледі.

Егер осы шығыстарды өтеу мәселелері еңбек шартының тиісті ережелерінде көзделмесе, олар жұмыс берушінің есебінен өтеледі.


10-бап


1. Егер Тараптар мемлекеттері арасында жасалған халықаралық шарттарда (келісімшарттарда) өзгеше көзделмесе, еңбекші көшіп-қонушыларға медициналық көмек Жұмысқа орналастыру тарапының ұлттық заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

2. Егер бұл еңбек шартында көзделген болса, еңбекші көшіп-қонушылардың меншікті қаражаты есебінен және/немесе жұмыс берушінің қаражаты есебінен ерікті сақтандырудың барлық түрлеріне құқығы бар.


11-бап


1. Еңбекші көшіп-қонушы еңбек қызметін жүзеге асыруға байланысты қайтыс болған жағдайда, Жұмысқа орналастыру тарапының жұмыс берушісі қайтыс болған адамның денесі (мәйіті) мен жеке заттарын Кету тарапының аумағына тасымалдауды ұйымдастырады, осыған байланысты барлық шығындарды көтереді, сондай-ақ қайтыс болу фактісі жөніндегі материалдарды ұсына отырып, Кету тарапының дипломатиялық өкілдігін немесе консулдық мекемесін хабардар етеді.

Тиісті өтемақы төлемдері Жұмысқа орналастыру тарапының ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Еңбекші көшіп-қонушының қайтыс болуы оның еңбек қызметін жүзеге асыруына байланысты болмаған жағдайда, Жұмысқа орналастыру тарапының жұмыс берушісі қайтыс болу фактісі туралы Кету тарапының дипломатиялық өкілдігін немесе консулдық мекемесін хабардар етеді.


12-бап


1. Еңбекші көшіп-қонушы Жұмысқа орналастыру тарапының ұлттық заңнамасына сәйкес Кету тарапының аумағына шетелдік валютада ақшалай қаражат әкетуге, жіберуге, аударуға, сондай-ақ – тиісінше Кету тарапы мен Жұмысқа орналастыру тарапының ұлттық заңнамасына сәйкес жеке мүлкін әкелуге және әкетуге құқығы бар.

2. Еңбекші көшіп-қонушылардың табысына салық салу Жұмысқа орналастыру тарапының ұлттық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.


13-бап


Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану бойынша даулар туындаған жағдайда, Тараптар оларды консультациялар мен келіссөздер жолымен шешетін болады.

Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделеді.


14-бап


1. Осы Келісім дипломатиялық арналар арқылы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.

2. Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалады және Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы екінші Тараптың оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы тиісті жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап алты ай өткенге дейін күшінде қалады.

3. Осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған жағдайда, оның қолданысы кезеңінде еңбекші көшіп-қонушыларды тартуға берілген рұқсат өзінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күшінде болады.

4. Осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған жағдайда, оның ережелері еңбекші көшіп-қонушылардың жұмыс берушімен жасасқан еңбек шарттарына қатысты олар жасалған мерзім аяқталғанға дейін күшінде қалады.


2013 жылғы 7 қыркүйекте Астана қаласында
әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.

Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.



Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Қытай Халық Республикасының Үкіметі үшін




Похожие:

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және iconҚаулысы постановление правительства республики к азахстан
Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және Қытай Халық Республикасы...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және iconҚазақстан Республикасының Үкіметі Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, Грузия және Түрік Республикасының Үкіметі мен арасындағы Қытай Халық Республикасы
Грузия және Түрік Республикасының Үкіметі мен арасындағы Қытай Халық Республикасы мемлекеттік шекарасы – Қазақстан Республикасы (Каспий...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және icon2015-2020 жылдарға арналған шекара маңындағы ынтымақтастық бағдарламасы
Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі, (бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және icon2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар Тәжікстан Республикасының
Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және iconКорея Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының
Екі елдің арасындағы достық қатынастарды нығайту, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің болуы мен жұмыс істеуінің...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және тұрақты өкілдіктердің
Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және тұрақты...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және iconҚазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 10-3 тармақшасына...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және iconҚазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-1 тармақшасына...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және iconМедициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 58-бабының...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымы арасындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл
Республикасының Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымы арасындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница