Қазақстан Республикасының Үкіметі Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, Грузия және Түрік Республикасының Үкіметі мен арасындағы Қытай Халық Республикасы




Скачать 82.03 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Үкіметі Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, Грузия және Түрік Республикасының Үкіметі мен арасындағы Қытай Халық Республикасы
Дата конвертации12.02.2016
Размер82.03 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://mid.gov.kz/images/stories/contents/solg_pprk_190220141743_kz.doc
Қазақстан Республикасының Үкіметі Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, Грузия және Түрік Республикасының Үкіметі мен арасындағы Қытай Халық Республикасы мемлекеттік шекарасы – Қазақстан Республикасы (Каспий теңізі) – Әзірбайжан Республикасы – Грузия – Түрік Республикасы учаскесінде темір жол-теңіз байланысында транзиттік тасымалдарды дамыту туралы келісім


Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Үкіметі, Әзірбайжан Республикасы Үкіметі, Грузия Үкіметі мен Түрік Республикасы Үкіметі,

Еуропа, Қара теңіз, Кавказ, Каспий теңізі мен Азия аймақтарында экономикалық қарым-қатынастардың, сауда мен көлік қатынасының жетілуінің бұдан әрі маңыздылығын мойындай отырып;

ТРАСЕКА дәлізі бойынша халықаралық нарыққа қолжетімділігін жеңілдету және жүктердің транзиттік тасымалға әрекеттесудің қажеттілігін ескере отырып;

Қытай Халық Республикасы – Қазақстан Республикасы (Каспий теңізі) – Әзірбайжан Республикасы – Грузия (Қара теңізі) – Түрік Республикасынан/ға одан әрі Еуропа бағытында жүктердің халықаралық мультимодалдық тасымалдарды жетілдіру саласы бойынша бұдан әрі дамыту және интымақтастықты нығайту мақсатында;

Халықаралық теміржол көлігі бойынша Негізгі Келісімге Техникалық Қосымшадағы ережелерге сәйкес, және ТРАСЕКА мультмодалдық тасымалдарды дамыту туралы Келісімнің ережелеріне сәйкес

төмендегілер туралы келісті:


1-бап

Жалпы ережелер


  1. Осы келісіммен Тараптардың жүктерді халықаралық темір жол-теңіз мультимодалдық тасымалдар саласындағы өзара қатынастары анықталады: Қытай Халық Республикасы – Қазақстан Республикасы (Каспий теңізі) –Әзірбайжан Республикасы – Грузия (Қара теңіз) – Түрік Республикасынан/ға одан әрі Еуропа бағытында;

  2. Осы келісімді іске асыру мақсатында Тараптардың құзіретті органдары болып анықталады:

– Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;

  • Әзірбайжан тарапынан –

  • Грузия тарапынан –

  • Түрік тарапынан

(Тараптармен ұсынылатын болады)


  1. Құзіретті органдардың ресми атауы немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

  2. Осы Келiсiм шеңберiндегi ынтымақтастық мемлекет Тараптарарының заңнамасымен және Тараптар қатысушылары болып табылатын немесе болуы мүмкін мемлекет Тараптар арасындағы жасасқан халықаралық шарттардан туындайтын, олардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.


2-бап

Келісім мақсаттары


  1. Осы Келісімнің мақсаттары:

а) Қытай Халық Республикасы – Қазақстан Республикасы (Каспий теңізі) – Әзірбайжан Республикасы – Грузия (Қара теңізі) – Түрік Республикасынан/ға одан әрі Еуропа бағытында жүктерді теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдасыру үшін көлік байланыстарының тиімділігін жоғарлату;

ә) жүктерді одан әрі контейнерлеуге көмек көрсету және мультмодалдық тасымалдарды дамыту;

б) осы келісімнің мемлекет Тараптарын теміржол көлігінің субъектілерін халықаралық қызмет нарығына қолжетімділігін жеңілдетуге көмек көрсету және Қытай Халық Республикасы – Қазақстан Республикасы (Каспий теңізі) – Әзірбайжан Республикасы – Грузия (Қара теңізі) – Түрік Республикасынан/ға одан әрі Еуропа бағытында жүк тасымалдары кезінде теміржол көлігі қызметінің тапсырыс берушілеріне тепе-тең жағдай құру;

в) сауда кеме қатынасын дамытуға көмек көрсету және Қытай Халық Республикасы – Қазақстан Республикасы (Каспий теңізі) – Әзірбайжан Республикасы – Грузия (Қара теңізі) – Түрік Республикасынан/ға одан әрі Еуропа бағытында Қара теңізі және Каспий теңізіне жүк ағынын тарту;

г) Осы келісімнің мемлекет Тараптарының порттары арасында тасымалдардың дамуын қиындататын кедергілерді жою бойынша ынтымақтасу;

ғ) жалпы қабылданған халықаралық нормалар және стандарттарға сәйкес қозғалыстың қауіпсіздігін, жүктердің сақталуын және қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету;

д) осы Келісімнің Тараптарының тиімді көлік-логистикалық әлеуетін дамыту;

2. Осы Келісімнің 2 бабының бірінші бөлімінде көрсетілген мақсаттарға сәйкес, Тараптар келесі бағытта ұлттық деңгейде тиісті шаралар қолданады:

а) мемлекет Тараптарының аумағы арқылы транзиттік жүктерді жеткізу мерзімін қысқарту;

ә) барлық тараптардың және маркетингтік жоспармен қабылданатын, біріңғай бас тарифінің келісуімен транзиттік тасымалдардың бәсекеге қабілетті тарифтерді қалыптастыру;

б) CIM/SMGS біріңғай көліктік жүкқұжатты пайдалану, қабылданған халықаралық шарттарға сәйкес мемлекет Тараптардың аумақтары арқылы транзиттік қатынаспен шекараны кесіп өткенде қүжаттарды ресімдеу процедураларын үйлестiру және оңайлату, сондай-ақ Тараптардың кеден органдары арасында алдын-ала ақпарат алмасу жүйесін құру және дамыту жолымен;

в) Тараптар порттарының бағыты бойынша жүк ағыны көлемін ұлғайту бойынша бастамашылықты жан-жақты бірлескен қолдау, әлеуетті жүк жөнелтушілерінің аймақтарын, мемлекет нарығында бірлескен мониторинг жүргізу бойынша бағдарлама ұйымдастыру және жүзеге асыру;

г) осы Келісім қолданыстағы жүк ағындарын одан әрі дамыту және ТРАСЕКА дәлізінің және Тараптар порттарының жаңа транзиттік мүмкіндіктерін іздеуге бағытталған зерттеулер жүргізу;

ғ) тиісті жылжымалы құрамда және тасымалдау құралдарында тиісті қажеттіліктерге уақытылы бақылау жүргізу; және транзиттік жүктердің оңтайлы уақытпен өтуін қамтамасыз ету мақсатында транзитті үшінші мемлекеттерге және олардың аумағына/нан бара жатқан, жылжымалы құрамы үшін барлық қажет техникалық жағдайлармен (RIV, білікті жүктеу, жол табанының ені, және т.б.) қамтамасыз ету;

д) көпшілік мақұлдаған әлемдік тәжірибеге сәйкес контейнерлерді тасымалдау кезінде көліктік логистика мәселелерін реттеу бойынша жұмыстар жүргізу;

е) порттар арасында теміржол бағытындағы пойыздар аймақтық және халықаралық мультимодалдық контейнерлік тасымалдарды болашақта жүзеге асыру үшін дайындау мақсатында нарықты ұлғайту процестеріне жәрдем көрсету;


3-бап

Жүктердің халықаралық тасымалдарына жәрдем көрсету


  1. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес Тараптар өз мемлекетінің аумағы бойынша жүктердің халықаралық транзиттік тасымалдарға тиімді жәрдем көрсетуін қамтамасыз етеді;

  2. Мемлекет Тараптарының қатысушылары болып табылатын, халықаралық шарттардың ережелеріне сәкес Қытай Халық Республикасы – Қазақстан Республикасы (Каспий теңізі) – Әзірбайжан Республикасы – Грузия (Қара теңізі) – Түрік Республикасынан/ға одан әрі Еуропа бағытында жүктерді тасымалдау кезінде Тараптар келісілген тарифтік саясатты жүргізеді.


4-бап

Үйлестіруші кеңес


  1. Осы Келісімді жүзеге асыру үшін тиісті сұрақтарды реттеу мақсатында, Тараптармен тағайындалған, олардың уәкілеттерінен тұратын, мемлекет Тараптарының ұлттық заңнамасына сәйкес, Тараптар Үйлестіруші кеңес құрайды.

  2. Үйлестіруші кеңес жүк тасымалдаудың ұйымдастыру және тарифтік саясатын мәселелерін қарастырады, Қытай Халық Республикасы – Қазақстан Республикасы (Каспий теңізі) – Әзірбайжан Республикасы – Грузия (Қара теңізі) – Түрік Республикасынан/ға одан әрі Еуропа бағытында жүк вагондарын пайдалану, тасымалдау, техникалық қызмет көрсету, қамтамасыз ету және пайдалану талаптарын анықтайды.

  3. Үйлестіруші кеңес кезең-кезеңмен Тараптар мемлекеті аумағында ағылшын алфавиті бойынша мемлекет атауы тәртібімен жылына бір реттен жиі емес немесе Тараптардың бастамасымен жиналады. Төраға етуші Үйлестіруші кеңес отырысында қабылдаушы Тарап.

  4. Үйлестіруші кеңес отырысына Тараптың құзыретті органы қажет болған жағдайда басқа мамандарды шақыруға құқығы бар.


5-бап

Дауларды шешу


  1. Осы Келісімді қолдану және бұзумен байланысты туындайтын келіспеушіліктер мен талаптар және келіссөздер жолымен шешуге келмейтін, Үйлестіруші кеңестің қарауына және реттеуіне тапсырылады.

  2. Егер Үйлестіруші Кеңес даулы мәселелердің реттеуіне келісімге келе алмаса, олар халықаралық құқық нормаларына сәйкес дипломатиялық арналар арқылы шешілетін болады.


6-бап

Келісімге қосу


  1. Осы Келісім барлық Тараптары келіскен жағдайда, Депозитарийге дипломатиялық арналар бойынша қосылу туралы құжаттарды беру арқылы оның мақсаттары мен қағидаттарын мақұлдайтын кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық.

Қосылатын мемлекет үшін осы Келісім депозитарий қосылу туралы құжатты алған күннен бастап отыс (30) күн өткен соң күшіне енеді.

  1. Осы Келісімнің 9 бабында көрсетілген, қосылу туралы құжат Депозитарийге сақтау үшін тапсырылады.

  2. Қосылған Тарап өзінің құзыретті органдары туралы Депозитарийге жазбаша түрде хабарлайды, Депозитарий бұл туралы Осы Келісімнің басқа Тараптарына хабарлайды.



7-бап

Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу


  1. Осы Келісімнің ережелеріне барлық Тараптардың келісуі бойынша Хаттамалармен ресімделген, осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

  2. Өзгерістер мен толықтырулардың ұсынылған мәтіндері Тараптар арасында, мәтінді ресми түрде ұсынып берген күннен бастап отыз (30) күн ішінде Депозитариймен таратылады.

  3. Өзгерістер мен толықтырулардың ұсынылған мәтіндері Тараптармен ресми түрде алынған күннен бастап алты (6) ай ішінде қарастырылады.

  4. Өзгерістер мен толықтырулардың ұсынылған мәтіндері барлық Тараптардың келісімі бойынша мәтінді ұсынып берген күннен бастап сегіз (8) айдан кеш емес мерзімде қабылданады.

  5. Егер Тарап немесе Тараптар мәтіндердің түзетулерін қабылдамаған жағдайда, осы Келісімнің әр Тарабы Келісімді ескертпемен қабылдауға құқылы.


8-бап

Келісімнің күшіне енуі, қолданыс мерзімі және тоқтату мерзімі


  1. Осы Келісім күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдердің орындалғаны туралы Тараптардың Депозитариймен соңғы жазбаша хабарламасы дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап отыз (30) күн өткен соң күшіне енеді. Осы Келісімнің күшіне енуі туралы Депозитарий барлық Тараптарға хабарлайды.

  2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.

  3. Әрбір Тарап кез келген уақытта Депозитарийді дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде хабардар ете отырып, осы Келісімнен шыға алады. Бұл жағдайда Депозитарийдің осы Келісімнен шығу туралы хабарлама алған күннен бастап, ол Тарап үшін алты (6) ай мерзімі өткен соң от тарап үшін күшін жояды.

  4. Осы Келісімді жүзеге асыру барысында Тараптардың өзіне қабылдаған міндеттемелері осы Келісімнен шыққанан кейін де, оларды толық орындауына шейін күшін сақтайды.


9-бап

Депозитарий


  1. Осы Келісімнің депозитарийі Әзірбайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігі болып табылады.

  2. Депозитарий Тараптарға осы Келісімнің расталған көшірмелерін береді. Депозитарий осы Келісімге кез келген басқа қатысушы қосылуы туралы Тараптарды немесе осы Келісімнің әрекеті тоқтатылғаны туралы бөлек Тарап үшін немесе барлық Тараптар үшін хабарлайды.


20__ жылғы «__» _________ ________ орыс және ағылшын тілдерінде төрт түпнұсқа данада жасалды, бірдей күші бар.


_________________________________

Қазақстан Республикасының Үкіметінен


___________________________________

Әзірбайжан Республикасының Үкіметінен


___________________________________

Грузия Республикасының Үкіметінен


_________________________________

Түрік Республикасының Үкіметінен

Похожие:

Қазақстан Республикасының Үкіметі Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, Грузия және Түрік Республикасының Үкіметі мен арасындағы Қытай Халық Республикасы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және
Ытай Халық Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасындағы уақытша еңбек қызметі туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, Грузия және Түрік Республикасының Үкіметі мен арасындағы Қытай Халық Республикасы icon2015-2020 жылдарға арналған шекара маңындағы ынтымақтастық бағдарламасы
Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі, (бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын)
Қазақстан Республикасының Үкіметі Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, Грузия және Түрік Республикасының Үкіметі мен арасындағы Қытай Халық Республикасы iconҚаулысы постановление правительства республики к азахстан
Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қытай Халық Республикасындағы және Қытай Халық Республикасы...
Қазақстан Республикасының Үкіметі Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, Грузия және Түрік Республикасының Үкіметі мен арасындағы Қытай Халық Республикасы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және тұрақты өкілдіктердің
Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және тұрақты...
Қазақстан Республикасының Үкіметі Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, Грузия және Түрік Республикасының Үкіметі мен арасындағы Қытай Халық Республикасы icon2006 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Еңбекші-мигранттар Тәжікстан Республикасының
Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Тәжікстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі мен құқықтарын қорғау туралы...
Қазақстан Республикасының Үкіметі Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, Грузия және Түрік Республикасының Үкіметі мен арасындағы Қытай Халық Республикасы iconКорея Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының
Екі елдің арасындағы достық қатынастарды нығайту, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің болуы мен жұмыс істеуінің...
Қазақстан Республикасының Үкіметі Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, Грузия және Түрік Республикасының Үкіметі мен арасындағы Қытай Халық Республикасы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымы арасындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл
Республикасының Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымы арасындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік...
Қазақстан Республикасының Үкіметі Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, Грузия және Түрік Республикасының Үкіметі мен арасындағы Қытай Халық Республикасы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды
Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды...
Қазақстан Республикасының Үкіметі Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, Грузия және Түрік Республикасының Үкіметі мен арасындағы Қытай Халық Республикасы icon1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің миссиясы мен пайымдауы
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді
Қазақстан Республикасының Үкіметі Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, Грузия және Түрік Республикасының Үкіметі мен арасындағы Қытай Халық Республикасы iconМедициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 58-бабының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница