Ергалиева Нагима Уткелбаевна




Скачать 45.69 Kb.
НазваниеЕргалиева Нагима Уткелбаевна
Дата конвертации12.02.2016
Размер45.69 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://14.astana-bilim.kz/files/sites/1383501188538231/files/saurtarbag.doc
Ергалиева Нагима Уткелбаевна

14 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі

№54 сабақ

Қазақстанның физикалық географиясы

Сынып: 8 «г»

07.04.2014 ж

Сабақ тақырыбы:

Сауыр-Тарбағатай

Сабақтың мақсаты:

Сауыр-Тарбағатайдың географиялық орны,табиғаты,пайдалы қазбаларына сипаттама бере отырып, оны түсіну,алған білімді өмірде дұрыс пайдаланып, ойлау қабілетін шыңдап, ойын еркін жеткізе алу.

Міндеттері:

1.Жаңа тақырыптың ашылуына мүмкіндік беру.

2. Сауыр-Тарбағатайдың географиялық орны,табиғат жағдайы,пайдалы қазбалары, ерекшеліктерімен таныстыра отырып,білім негізін қалыптастыру. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмыс, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа, экологиялық тәлім арқылы адамгершілікке, елін-жерін сүю арқылы патриоттыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

Сауыр-Тарбағатайдың географиялық орны,табиғат жағдайы,пайдалы қазбалары, ерекшеліктерімен таныса отырып,білім негізін қалыптасады. Сауыр-Тарбағатайдың Қазақстан даласы үшін маңыздылығын түсінеді. Тақырып бойынша алған білім негізін өмірде қолдана біледі.

Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігі артады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, диалогтік оқыту, ОБ, ОЖЕ, ОБК.

Пәнаралық байланыс: биология, тарих, химия, қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын тілі,музыка

Көрнекіліктер: Оқулық (оқу құралдары), үлестірмелі материалдар,суреттер,ИКТ.

Топтастыру

«мозайка»(суреттерді құрау арқылы) ( 1 мин)

Оқушылар топтасады.

Сергіту сәті

«Шебер суретші» (2 мин)

Жаттығулар жасайды,

Тапсырмалар:

Үй тапсырмасын сұрау.(5 мин)

Оқушылар өзара сұрақтар беру арқылы сұрайды.

Ой қозғау. (видео-ролик көрсету) (1 мин)

Аңыз –әңгіме айту.

1. Топтық жұмыс.Кластер құрау (4+4 мин)

1 топ- географиялық орны,геологиясы

2 топ- өсімдіктері мен жануарлары

3 топ- пайдалы қазбалары мен ресурстары

4 топ- жер бедері, топырағы

2. Деңгейлік тапсырмалар.

І. Жеке жұмыс . Артығын тап. (3+1 мин)

Сөйлемдердің ішінен дұрыс жауаптарын тап

ІІ. Картамен жұмыс.(3 +1 мин)

Оқулық мәтінін пайдаланып,Сауыр-Тарбағатай шекерасының сызбанұсқасын құрастыр.

ІІІ. Жұптық жұмыс. (3+4 мин)

Оқулық пен картаны пайдалана отырып,кестені толтыр.

ІV.Шығармашылық деңгей. (3+1 мин)

«Шетелде тұратын досыма хат»

3. Қорытындылау.(2+1 мин)

«иә» және «жоқ» тесті

Оқушылар жауап берген соң, мұғалім сабақтың мақсаты мен міндетін айтады.


Берілген тапсырмалар рет-ретімен орындалады.



Үйге тапсырма:

§ 46 оқу, кескін картаға түсіру. (1 мин)

Күнделікке жазып алады.

Бағалау:

Оқушылар бағалау парағы арқылы бағаланады,мұғалім айтып түсінік береді.( 2 мин)

Бағалары қойғызады.

Рефлексия

Өз ойларын, пікірлерімен ұсыныстарын жазып,оқиды, қалдырып кетеді.

(1 мин)



І. Жеке жұмыс . Артығын тап. (3+1 мин)

Берілген сөйлемдердің ішінен дұрыс жауаптарын тап,астын сыз.

Сауыр-Тарбағатай тауының биіктік белдеуі шөл,шөлейт,дала, орманды дала,орман табиғат зоналарынан тұрады.Сауыр-Тарбағатайдың солтүстік және оңтүстік бөлігі шөл табиғат зонасынан басталады.Жыралы жерлерінде Сиверс алмасы өседі.Сауыр –Тарбағатай Алтай мен Жетісу Алатауының аралығында жатыр.Таудан бастау алатын өзендердің қатарына Үржар, Емел, Жарма, Көкпекті өзендері жатады.Бұл ауданда Қаратау қорығы жақында ашылды.

ІІ. Картамен жұмыс.(2 +1 мин)

Оқулық мәтінін пайдаланып,Сауыр-Тарбағатай шекерасының сызбанұсқасын құрастыр.










ІІІ. Жұптық жұмыс. (3+4 мин)

Оқулық пен картаны пайдалана отырып,кестені толтыр.Досыңмен пікір алмас.

Географиялық нысанның сипаты

Географиялық нысан

Тарбағатайдың биік нүктесі

Мұзтау (3816 м)

Сауырдың биік нүктесі

Тастау (2992 м)

Мұздығы жоқ тау жотасы

Сауыр

Зайсанға құятын өзендер

Жарма,Қатындысу,Көкпекті

Сауыр-Тарбағатайдың климаты ұқсас

Алтай

Жер сілкіну болатын аумақ

Зайсан



3. Қорытындылау.(2+1 мин)

Тест тапсырмасы. («иә» және «жоқ» тесті)


1.Қазақстанда 9 табиғи-географиялық аймақтар бар. Иә

2.Тарбағатай тауында Майкүбі көмір кен орны бар. Жоқ

3.Жауын-шашынның орташа мөлшері 350-500 мм. Иә

4.Аймақ Ресей елімен шекерада орналасқан. Жоқ

5.Сауыр-Тарбағатай таулы аймағы еліміздің шығысында орналасқан. Иә

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница