Авиакөлік Азаматтық авиацияны дамыту әуе тасымалдауын реттеуді бірте-бірте ырықтандырумен, авиатасымалдау инфрақұрылымын қолдауға инвестицияларды жүзеге асырумен, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды жоғарылатумен қатар жүреді. Авиакөлік саласындағы стратегиялық мақсаттар 2020 жылға қарай | 15 әуежай ИКАО санатына ие болды; әуе тасымалының бәсекелі нарығы құрылды; 4 халықаралық әуежай - «хаб» жұмыс істейді; транзиттік тасымалдаулардың көлемі екі еседен астам артады | 2015 жылға қарай | халықаралық әуе қатынастарының саны екі есе артты; еуропалық авиациялық стандарттар толық енгізілді | Су көлігі Су көлігі саласын дамытудың басым бағыттары порт және қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту, сауда флотын қалыптастыру, кадрлық әлеуетті дамыту және кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Су көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар 2020 жылға қарай | Қазақстанның теңіз порттарының өткізу қабілеті 48 млн. тоннаға дейін жеткізілді | 2016 жылға қарай | ұлттық теңіз сауда флоты Қазақстан Республикасының порттарынан Каспий теңізіне мұнай тасымалдау көлемінің 2/3 бөлігін және құрғақ жүк тасымалдау көлемінің 1/2 бөлігін қамтамасыз етеді | 2015 жылға қарай | Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясы мен ішкі су жолдарында кемелердің қауіпсіз жүзуі қамтамасыз етілді | Телекоммуникация Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) қарқынды дамуы мен бейімделуі экономикалық көрсеткіштерге ғана емес, адамдардың өмір сүру салтына да ықпал ете отырып, қоғамды жаңғыртудың басты факторларына айналып отыр. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті қалыптастыру мақсатында телекоммуникация саласының дамуын ынталандыру, АКТ саласының заманауи инфрақұрылымын құру, телекоммуникациялық және электрондық қызметтерді кеңінен тарату, сондай-ақ серпінді ақпараттық қоғамның негіздерін құру жалғасады. Ақпараттық-коммуникация саласындағы стратегиялық мақсаттар 2020 жылға қарай | жоғары жылдамдықты заманауи оптикалық және сымсыз технологияларға негізделетін, халыққа және ұйымдарға мультимедиалық қызметтер ұсынуға бағытталған телекоммуникация инфрақұрылымы қалыптасты; АКТ саласындағы базалық қызметтерге халықтың қол жетімділігінің жүз пайыздық деңгейі қамтамасыз етілді; халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі 80%-ға дейін артты; | 2016 жылға қарай | Қазақстан Республикасының бүкіл халқы үшін телефон байланысы қызметтеріне қосылу мен Интернет жетімділік мүмкіндігі қамтамасыз етілді; Қазақстанның халқын цифрлық телерадио хабарларын таратумен қамту 95%-ды құрайды | 2015 жылға қарай | жергілікті телефон байланысын цифрландырудың 100 пайыздық деңгейіне қол жеткізілді; халық саны 1 000 адам және одан да көп болатын елді мекендердің барлығы ұялы байланыс қызметтерімен қамтамасыз етілді; салалық стандарттау деңгейі халықаралық нормаларға дейін жеткізілді және Қазақстан Республикасында АКТ-ның дамуына ықпал ететін құқықтық негізі қалыптастырылды; халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі 54%-ға дейін артты; «электрондық үкімет» және «электрондық әкімдіктер» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет көрсетулердің кемінде 100%-ын электрондық нысанға көшіру қамтамасыз етілді; Интернет желісінің қазақстандық сегментін мемлекеттік қолдау шараларының жүйесі құрылды | Ғарыш саласындағы қызмет Экономиканың және қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын толыққанды ғарыш саласын қалыптастыру үшін ғарыш инфрақұрылымы, ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасы құрылуда және дамытылуда. Ғарыш саласындағы стратегиялық мақсаттар 2020 жылға қарай | ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш аппараты ұшырылады және пайдалануға енгiзілді; елiмiздiң дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация қызметтеріне деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру дәрежесі ҚР аумағының 80%-ын жабу; тұтынушыларға берiлетiн ғарыш деректерiнiң жалпы санындағы қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппараттары деректерiнiң үлесi 60%; ғылымды көп қажет ететін 12 технология, оның ішінде ғарыш техникасы мен материалдардың экспериментік үлгілері әзірленді және енгізілді | 2015 жылға қарай | «KazSat-3» байланыс және хабар тарату ғарыш аппараты ұшырылды және штаттық пайдалануға енгiзілді; Жерді қашықтықтан зондтау орта және жоғары шешiмдi оптикалық спутниктері ұшырылды және штаттық пайдалануға енгiзілді; тiркелген спутниктiк байланыс арналарында елiмiздiң қажеттiлiгiн қанағаттандыру дәрежесі 100%; елiмiздiң дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация қызметтеріне деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру дәрежесі ҚР аумағының 55%-ын жабу; тұтынушыларға берiлетiн ғарыш деректерiнiң жалпы санындағы қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппараттары деректерiнiң үлесi 50%; Астана қаласында ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы және тәжірибелік өндірісі бар ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенi салынды | Қоршаған ортаны қорғау және «жасыл» экономикаға көшу Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама Қазақстан халқының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын арттыру және елдің әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіруі арқылы қоршаған ортаға түсетін жүктеме мен табиғи ресурстардың тозуын барынша азайта отырып, жаңа тұрпаттағы экономикаға көшу мақсатында терең жүйелі жаңартулар үшін негіз қалайды. Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер: 1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін арттыру; 2) қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу; 3) қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельді жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын арттыру; 4) су ресурстарымен қамтамасыз ету. Тұжырымдамаға сәйкес «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі іс-шаралар мынадай 7 бағыт бойынша іске асырылатын болады: 1) су ресурстарын ұтымды пайдалану; 2) орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту; 3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; 4) электр энергетикасын дамыту; 5) қалдықтарды басқару жүйесін дамыту; 6) ауаның ластануын азайту; 7) экожүйелерді сақтап қалу және тиімді басқару. Қоршаған ортаны қорғау және «жасыл экономикаға» көшу саласындағы стратегиялық мақсаттар 2020 жылға қарай | ІЖӨ энергия сыйымдылығы 2008 жылғы деңгейден 25%-ға төмендейтін болады; электр энергиясын өндіруде баламалы көздердің үлесі кемінде 3%-ды құрайды; Ақмола және Қарағанды облыстарын газдандыру жүзеге асырылатын болады; электр энергиясын өндіруде газбен жұмыс істейтін электр станцияларының үлесі 20%-ды құрайды; электр энергетикасындағы көмірқышқыл газының қалдықтары 2012 жылғы деңгейге дейін төмендейтін болады | Су ресурстарын басқару Су ресурстарын басқару саласында су ресурстарының тапшылығын қысқарту бойынша мынадай шаралар мен тетіктер іске асырылуы тиіс: 1) ауыл шаруашылығында суды үнемдеу; 2) өнеркәсіпте суды пайдаланудың тиімділігін арттыру: энергия тиімділігі жоғары технологиялар енгізу; сарқынды суларды қайта пайдалану және айналымдық сумен жабдықтау; өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін суды тарту және тазарту стандарттарын жоғарылату; 3) коммуналдық шаруашылықта су пайдаланудың тиімділігін арттыру; 4) су ресурстарының қолжетімділігі мен сенімділігін арттыру. Бұдан басқа, су ресурстарын басқару саясатын жетілдіру талап етіледі: 1) барлық секторларда және барлық деңгейлерде суды пайдаланушылармен тиімді өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету үшін су ресурстарын ұлттық деңгейде және бассейндер деңгейінде басқару жүйесін жақсарту; 2) судың толық құнын көрсететін тарифтерді айқындау; су үнемдеуді қолдау үшін субсидиялар мен ынталандыруды қайта қарау. Су ресурстарын басқару саласындағы стратегиялық мақсаттар 2020 жылға қарай | республика халқының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігін қамтамасыз ету - 100%; ауылдық елді мекендердің жалпы санының 20%-ына ауыл халқының орталықтандырылған су тартуға қолжетімділігін қамтамасыз ету; орталықтандырылған су бұруға қала халқының қолжетімділігін қамтамасыз ету - 100%; алаңы 1800 мың гектар суармалы жерлердің ирригациялық жүйелерін дамыту, реконструкциялау және қайта жаңғырту арқылы суармалы сумен қамтамасыз ету; республика бойынша орташа суару нормасын 9180 текше метр /гектардан (м3/га) 8500 м3/га дейін азайту; суармалы алаңдардың 5% тамшылатып суару жүйелерін және суарудың басқа да су үнемдеуші технологияларын енгізу; ирригациялық және дренаждық жүйелердің 30%-ын қазіргі заманғы гидробекеттермен, суесептегіш құралдармен және технологиялық процесті автоматтандырылған басқару жүйесінің құралдарымен қамту | Түйінді бағыт: болашаққа инвестициялар Адами ресурстардың дамуы елдің ұзақ мерзімді даму стратегиясының жоғарғы басымдығы ретінде айқындалады. Болашақтағы экономикалық пайда жұмыс күшінің сапасы мен өнімділігін елеулі түрде арттыратын білім беру, ғылым мен денсаулық сақтауға инвестициялар салумен тығыз байланысты. Сондықтан келесі онжылдықта білім беру, ғылым мен денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын арттыруға ерекше мән берілетін болады. Халық санының, бірінші кезекте, оның табиғи өсімі мен ұтымды көші-қон саясатын жүргізу есебінен ұлғаюына зор көңіл бөлінеді. Отбасылық қолайсыздық пен әлеуметтік жетімдіктің, қараусыз және қадағалаусыз қалудың, құқық бұзушылық пен қылмыстың профилактикасы мен алдын алу мәселелерін кешенді түрде шешуге бағытталған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігі артатын болады. Мемлекеттік жастар саясаты бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыруға бағытталады, олар қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңаруларға белсенді қатысады. Жас ұрпақпен өзара іс-қимыл жасаудың отансүйгіштік сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, белсенді қоғамдық ұстаным мен саламатты өмір салтын қалыптастыруға, кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетті дамытуға, жас таланттарды табуға және қолдауға бағытталған тиімді моделі әзірленетін болады. |