Скачать 84.82 Kb.
|
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің география пәні мұғалімі Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы. Сабақтың тақырыбы: § 21 Мұхиттар Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Дүниежүзі мұхиттары туралы түсініктерін қалыптастырып, оларды картадан, таба білуге және оларды бір-бірімен салыстыру. Сабақтың міндеттері: 1.Дүниежүзілік мұхит және оның түрлеріне түсінік беру картадан көрсете білуге үйрету. 2. Мұхит ерекшеліктерін анықтау, оқушылардың қызығушылығын арттыру. 3.Картамен жұмыс істеу қабілетін дамыту және білімдерін тереңдету. Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: жарты шарлар картасы, интерактивті тақта, глобус, атлас кескін карта Сабақ түрі: аралас сабақ. Қолданылатын әдіс: сұрақ-жауап, тірек сызба. Пәнаралық байланыс: әдебиет. Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі 2 Үй тапсырмасын сұрау 3 Жаңа тақырып барысы 4 Бекіту кезеңі 5 Үйге тапсырма беру Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптың тазалығын бақылау, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ барысы :Үй тапсырмасымен байланыстыру. Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды мұхит деймізМұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos – мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен)..Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы 361, 1 млн шаршы шақырым немесе жер бетінің ¾ бөлігін алып жатыр. Дүние жүзі мұхиттарын төртке бөлінеді. Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхит . Мұхиттардың ішіндегі ауданы және көлемі жағынан ең үлкені , ең тереңі Тынық мұхиты.Екінші Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан Атлант мұхиты. Оңтүстікте орналасқан үнді мұхиты. Төртінші ауданы, көлемі жағынан ең кішкентайы , солтүстікте орналасқан Солтүстік мұзды мұхиты. Ендеше, балалар өлеңімізде айтылғандай, бүгінгі тақырыбымыз гидросфераның бір бөлігі мүхиттар. Бүгінгі сабақтың жоспары: 1. Дүниежүзілік мұхит және оның түрлері. 2.Мұхит суының температурасы. 3.Мұхит суының тұздылығы қандай? 4.Мұхиттағы ағыстар. 5. Мұхитта кездесетін пайдалы қазбалар. 6.Мұхиттағы тіршілік дүниесі қандай? 1 бағыт. Дүниежүзілік мұхит және оның түрлері. 1. Тынық мұхиты – ауданы жағынан ең үлкені. 2. Атлант мұхиты – ең созылыңқы және ең ерте игерілген. 3. Үнді мұхиты ең жылы әрі ең тұзды. 4. Солтүстік мұзды мұхит – ең кішісі, ең суығы. 2 бағыт. Мұхиттардың орташа температурасы. 1. Тынық мұхиты 19,4 ºС. 2. Атлант мұхиты 16,5 º С. 3. Үнді мұхиты 17,3 ºС. 4. Солтүстік мұзды мұхиты -1 ºС. 3 бағыт. Мұхит суының тұздылығы. 1. Мұхиттың суы тұзды және ішуге мүлдем жарамсыз. 2. Тұздылық санның мыңнан бір бөлігі – промиллемен өлшенеді. 3. 1 литрде 35 грамм тұз болады 4. Ең жоғарғы тұздылық Үнді мұхитында 36,5‰. Қызыл теңізде 41‰ 5. Ең төменгі тұздылық Солтүстік мұзды мұхитта 32‰ 6. Судың тұздылығы – еріген тұздардың 1 литр судағы граммен алынған мөлшері. 4 бағыт. Мұхиттағы ағыстар. 1. Жылы ағыстар картада қызыл түспен көрсетіледі. (Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты жылы ағыс- Гольфстрим) 2. Суық ағыстар картада көк түспен көрсетіледі. (Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты суық ағыс -Батыс желдер) 5 бағыт. Мұхиттағы пайдалы қазбалар. 1.Табиғи газ: Маңғыстау түбегінде. 2. Мұнай – парафин, бензин, гудрон, керосин. 3. Тыңайтқыштар – ауыл шаруашылығында пайдаланады. 4. Ас тұзы. 5. Құрылыс заттары – цемент, әктас. 6 бағыт. Мұхиттағы тіршілік дүниесі қандай? 1. Мұхитта 150мың жануар түрі мен 10000 балдыр кездеседі. 2. Мұхиттағы зерттеулерді ЮНЕСКО бақылайды. 3. Балықтар (теңіз мысығы, минтай, кашалот). 4. Өсімдіктері (теңіз капустасы, балдырлар). Мұхиттағы тіршіліктің таралуы қандай? (Слайд бойынша). Енді балалар, оқулықтың және атластың көмегімен кестені толтыру. Оқушылар топқа бөлініп жұмыс жасайды. Глобустан мұхитты табады, оқулықтан тақырыпты оқиды, жұмыс барысында талдауға салып, салыстырады, сараптама береді және олардан қорытынды шығарады. Слайд жұмысы (кесте мұхиттар) Мұхиттар.
Оқушылар тақтаға шығып тірек сызбаны қолдану арқылы жауап береді. Географиялық диктант.
Кім картаны жақсы біледі? (Географиялык объектілерді картадан көрсету.)
Кескін картамен жұмыс (кескін картаға мұхиттарды белгілеу) Географиялық орнын тап: Нүктенің орнына керекті сөзді жазу 1.Дүние жүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің ¾ бөлігі немесе______млн шқ тиеді. 2.____________-жер шарындағы ең үлкен әрі ең терең мұхит. 3. Дүние жүзілік мұхиттың бөліктері бір-бірімен____________ арқылы жалғасады. 4.Мұхит ағыстарының түрлері: 1)-------------- 2)------------------ 4.Су айналымдары: 1) ________________2)______________ «Бәйге» ойыны. (Кім бірінші жауап береді?) «Ең ерекше»
Бекіту кезеңі: 1. Мұхит дегеніміз не? 2. Мұхиттар жер бетінің неше пайызын құрайды?71% 3. Көлемі жағынан ең үлкен мұхитты ата? 4. Қай мұхит суының температурасы жылы? 5. Ең балыққа бай мұхитты ата? 6. Көлемі жағынан екінші мұхитты ата? 7. Тұздылығы жоғары теңізді ата? 8. Ең ауданы жағынан кіші мұхитты ата? 9. Ең тұздылығы төмен мұхитты ата? 10. Мұхитта қандай пайдалы қазбалар кездеседі? 11. Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты жылы ағысты ата? (Гольфстрим) 12. Ағыстар неше түрге бөлінеді?(жылы және суық) 13.Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты суық ағысты ата ( Батыс желдер) 14. Ең терең шұңғыманы ата? (Мариан) Қорытындылау кезеңі: Мұғалім: Сонымен, балалар бүгінгі тақырыбымызда мұхиттың түрлерімен, олардың тереңдігімен, қандай құрлық жағалауларын шайып жатқанын, мұхиттың түбімен, мұхиттағы кездесетін өсімдіктермен, жануарлармен, мұхиттағы болатын құбылыстармен таныстық. Үйге тапсырма беру: Оқуға: § 21 Мұхиттар 56бет, кескін картаға мұхиттарды түсіру. |
![]() | Ақтөбе қаласы, №36 қазақ орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Сапарова Жадыра Муханбетқазықызы Сабақтың тақырыбы Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға таныс түсініктерді еске түсіру, жаңа мағлұматтарды талдау, Еуразияның халқы мен елдері туралы... | ![]() | Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. Сабақтың мақсаты Сабақтың мақсаты: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі жайында жалпы білім беру, тарихи маңызын ашу |
![]() | Қызылорда қаласы №257 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Байтасова Айгүл Сабақтың тақырыбы Сабақтың мақсаты: Тұқым құрылысы, дамуы және қос жарнақты, дара жарнақты тұқымдардың құрылысы ерекшеліктері жөнінде жалпы мағлұмат... | ![]() | Ба тыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Восход жалпы орта білім беретін мектебі тарих пәні мұғалімі Жанабилова Тотия Жанабиловна Сабақтың тақырыбы: Н. Хрущевтың аграрлық саясаттағы «жаңа бағыты» және оның Қазақ кср-да жүзеге асырылуы, Қазақстанда тың және тыңайған... |
![]() | Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой орта мектебі Музыка пәнінің мұғалімі: Сыргабекова Айнагул Амитжановна. Сабақтың тақырыбы Сабақтың мақсаты: а Махамбет Өтемісұлы туралы ұғымдарын молайту,халық үшін белін буған батыр ретінде,ақын ретінде,күйші ретінде таныту.... | ![]() | Қарағанды облысы Шет ауданы Дария орта мектебі Абдрахманова Кульназия Сабақтың тақырыбы Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстандағы топырақ типтері, топырақ эрозиясы оны қалай қорғау туралы жалпы түсінік беру |
![]() | «Оғыз-нама» жыры. Ескендірова Гүлжамила Шайзиндақызы. Шымкент қаласы №31 В. Терешкова атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Сабақтың тақырыбы: «Оғыз-нама» жыры. Сабақтың мақсаты: Білімділігі «Оғыз-нама» жыры. Ескендірова Гүлжамила Шайзиндақызы. Шымкент қаласы №31 В. Терешкова атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті... | ![]() | Маңғыстау облысы,Бейнеу селосы,Үстірт орта мектебі. Тарих пәнінің мүғалімі. Альжанова Алия Сабақтың тақырыбы Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ-жауап, датамен жұмыс, тірек сызба, топтастыру әдісі, тестпен жұмыс |
![]() | Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы Мұратбаев атындағы орта мектебінің география пәнінің 2-санатты, ІІІ деңгейлі сертификатталған мұғалімі | ![]() | Қазақстан Республикасы Атырау облысы Талғайран негізгі мектебінің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каукарова Заря Маратқызы |