050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығына арналған




Название050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығына арналған
страница1/3
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.57 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/98bb60dd-2feb-11e3-88ee-f6d299da70eeУМКД_Охрана_назем_3часть_каз_
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

Е ПОӘК 042-14.4.05.

1.20.32/013- 2013 ж.

ПOӘК

«Жер бетіндегі және судағы экожүйелерді қорғау» пәннінің оқу-әдістемелік материалдар

«__»____ 2013 ж.

№ 2 басылым



«ЖЕР БЕТІНДЕГІ ЖӘНЕ СУДАҒЫ ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ»


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей

2013


Кіріспе


1. ҚҰРАСТЫРУШЫ

Құрастырушы: техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экология және қоршаған ортаны қоргау» кафедрасының профессор м.а.

Сарсембенова О.Ж. ____________ « 28 » 08 2013 ж.


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедра отырысында


« 3 » 09 2013 ж. № 1 хаттама


Кафедра меңгерушісі,доцент ____________ Кабышева Ж.К.


2.2. Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюро отырысында

Хаттама № 1 «__18_» __09___ 2013ж.


АФ ОӘБ төрағасы _________ доцент м.а. Тлеубаева А.В.


3 БЕКІТІЛДІ


Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдап басып шығаруға ұсынады

Хаттама № 1 «_18__» ___09__ 2013ж.


Оқу- әдістемелік кеңестің төрағасы,

оқу – әдістемелік жұмысы бойынша проректор профессор Искакова Г.К.


4 №2 басылым 30.09.2009 ж. ауыстыруға кіргізілді. Кешен Қазақстан республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім стандарты МЖБС негізінде жаңартылған 5.04.019.-2011. Бакалавриат.


Мазмұны


1

Глоссарий




2

Дәріс сабақтары




3

Практикалық сабақтар




4

Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтары










































I Глоссарий

Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі.

ЭКОТОН - екі экологиялық жүйе арасындағы ауыспалы аймақ.

Биоценоз – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады.Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К.Мебиус (1877 ж.)

Биотоп – тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік ететін орта.Нәтижесінде биоценоз бен биотоп бірлесіп – биогеоценозды құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н.Сукачев енгізген.


Биологиялық ресурстар- экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдері немесе олардың бөліктері, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөліктері;

Табиғат жылнамасы – мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар және мемлекеттік өңірлік табиғи парктер ғылыми бөлімшелерінің мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелері мен объектілерінің жай-күйіне бірыңғай әдістеме бойынша жүзеге асыратын жүйелі байқаулар мәліметтерінің жиынтығы;

Табиғи кешендерді орнықты пайдалану – табиғи кешендердің биологиялық ресурстарын ұзақ мерзімді перспективада биологиялық саналуандылықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану;

Табиғат қорғау ұйымдары – мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер(табиғат қорғау мекемелері) және мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекетік дендрологиялық парктер;

Экологиялық дәліз – тірі табиғат объектілерінің табиғи қоныс аударуын қамтамасыз ету және биологиялық саналуандылықты сақтау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерімен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектілері учаскелерін білдіретін экологиялық желінің бір бөлігі;

Экологиялық желі - өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерімен экологиялық дәліздер арқылы байланысқан және өңірдің табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылған әртүрлі санаттар мен түрлердегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешені.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетінжер, су, орман және жер қойнауы учаскелері.

Мемлекеттік табиғи-қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған зат-болмыс ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған объектілерінің жиынтығы.

Қорық режимі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе арнайы бөлінген учаскелерде кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ қоршаған ортаның табиғи жай-күйін бұзатын өзге де қызметке тыйым салуды көздейді.

Заказник режимі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе арнайы бөлінген учаскелерде шаруашылық және өзге де қызметті белгілі бір маусымда, белгілі бір мерзімде ғана, мұның өзі мемлекеттік табиғи-қорық объектілерінің сақтаулуына қауіп төндірмейтіндей және олардың молығуын нашарлатпайтындай мөлшерде ғана жүргізуді көздейді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері: биоөрістік аумақтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи парктер; мемлекеттік табиғи парктер; мемлекеттік табиғи ескерткіштер; мемлекеттік қорық өңірлері; мемлекеттік табиғи заказниктер; мемлекеттік зоологиялық парктер; мемлекеттік ботаникалық бақтар; мемлекеттік дендрологиялық парктер; мемлекеттік қорғалатын табиғи аумақтардың ормандары; ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары; халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар; жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәденижәне өзге де жағынан ерекше құнды учаскелері.


II. Дәріс сабақтары

Дәрістер негізгі маќсаты пән бойынша таќырыптарды теориялыќ негізде жеткізе білу болып табылады.


Дәріс № 1

Тақырыбы: Жер бетіндегі және судағы экожүйелерді қорғаудың экологиялық негіздері мен міндеттері

Мақсаты: пәннің мақсаты, терминдер мен анықтаулармен танысу.


Жоспар

1) Жер бетіндегі және судағы экожүйелерін қорғау пәні мен міндеттері

2)Экожүйесінің жалпы мінездемесі

3)Экожүйе. Экожүйенің құрылымы

4).Экожүйенің жіктелуі


Тіршіліктің ұйымдасу дәрежесі мен негізгі заңдылықтары биологиялық жүйеге келтірілген. Онда тіршілік ұсақ, көзге ілінбейтін нышаннан бастап, бірте-бірте іріліне береді. Жүйенің үлгісі былай: Ген (тұқым қуалаудың бастапқы нышаны) – клетка –дене мүшесі- тірі дене – популяция (бір түрлі организмдер тобы) – сообщества (бірге өмір сүретін түрлі организмдер тобы).

Тірі организмдердің генасы мен клеткасын зерттеу арқылы мысалы, медицина ғылымы, денені немесе дененің жеке мүшелерін түрлі ауру – сырқаудан емдейді. Ал биологиялық жүйенің денеден жоғары сатысын зерттеуге гена мен клетка дәрежесі жеткіліксіз. Жүйенің жоғарғы сатысы болып саналатын популяция мен сообществаны экология зерттейді.

Бірге өмір сұретін түрлі организмдер мен оларды қоршаған табиғи орта ажырамайтын байланыста және тұрақты арақатынаста болады.

Тірі организмдер бірге өмір сұретін, өзара және табиғаттың өлі (абиотикалық) болектерімен қарым-қатынас жасайтын, жанды және жансыз бөлшектері арасында заттар айналымы болып тұратын ортаны экологиялық жүйе деп айтады.

Экологиялық жүйе тіршілікке қажетті жанды және жансыз табиғаттан тұратын болғандықтан ол табиғаттың құрамының негізі болып есептеледі де, барлық ғылыми зерттеулер экологиялық жүйеден басталады.

Экологиялық жүйе көлемі жағынан түрлі болып, кішкентай шалшық суда, үлкен орманда жеке жүйе қатарына жатуы мүмкін.

Көршілес орналасқан экологиялық жүйелер арасында белгілі қалыптасқан байланыстар мен зат айналымы болып тұрады. Бірақ қашанда болса жүйе ішіндегі байланыс пен зат айналымынан көп кем болады. Мысалға көл мен орман экологиялық жүйелері арасындағы байланыс пен зат айналымын алып қарауға болады.

Орманда шөппен қоректенетін жануарлар, оларды азық ететін жыртқыш аңдар, өзара тығыз байланыстары бар ұсақ организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, құрт-құмысқалар т.б.) өмір сүреді.

Содай байланыстар көлде де бар. Ондағы фитопланктондар (су қабатында «қалқып» жұретін ұсақ өсімдіктер, негізінен микроскоппен көрінетін балдырлар) мен зоопланктондар (су қабатында өмір сүретін ұсақ жәндіктер) қоректенеді. Оларды балықтар, балықты су жануарлары мен жыртқыш балықтар жеп күн көреді.

Былай алып қарағанда орман мен көл арасында байланыс жоқ сияқты. Бірақ, шынында олай емес. Күзде жапырақтар қурап желмен көл суына түсіп, шірігеннен кейін судағы жәндіктерге қорек болады. Суда өмірге келген жәндіктер өсе келе құрлыққа шығып орман тұрғынына айналады.

Экологиялық жүйелер арасында бекітілген шекара болмаған соң, жеке жүйелердің ерекшеліктері бірте-бірте азайып, араласып, келесі жүйеге тән қасиеттермен ауысып жатады. Осындай екі экологиялық жүйе арасындағы ауыспалы аймақты ЭКОТОН деп атайды

Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы. Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі. «Экожүйе» терминін 1935 жылы А.Тенсли енгізген.

Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғат пен адамның өзара қарым қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру.


Бақылау сұрақтары:

1. «Биоценоз» ұғымын қай ғалым енгізді?

2. «Экожүйе» ұғымына қысқаша сипаттама.

3. «Биогеоценоз» термині қай жылы шығарылды?

4. «Биотоп» терминін қалай түсінесіз?

5. Экожүйелер қандай белгілері бойынша ерекшеленеді?


Дәріс № 2, 3

Тақырыбы: Құрлық экожүйелері– тундра, тайга – қылқан жапырақты орман. Құрлық экожүйелері - қоңыржай зонасының жапырағы түсетін орманы

Мақсаты: Құрлық экожүйелерді қорғаудың экологиялық негіздері мен міндеттерімен танысу.

Жоспар

1.Тундра және тайга зоналары

2.Тундраның өсімдік және жануар әлемі

3.Экожүйелердің зоналарға бөлінуі

4.Өсімдік және жануар әлемі

5.Жойылу қауіпі бар орманды массивтерді тиімді пайдалану және сақтау мәселелері

Экологиялық жүйелер алатын энергия көздері мен құрылымына байланысты екіге бөлінеді.

Экологиялық жүйе үшін энергия қуаты «Қозғаушы күш» болып есептеледі де, онда болатын табиғи өзгерістер мен заттар айналымы энергия қуатының көзіне, санына және сапасына байланысты болады.

Энергия қуатының көздеріне қарай экологиялық жүйелер төмендегіше бөлінеді.

- Энергия күн сәулесінен алып, табиғаттың басқа көздерінен және адамдардан алмайтын жүйелер. Оған мұхиттармен биік таулар жатады.

- Энергияны күн сәулесінен және табиғат көздеріне алатындар. Оған шабындықтар, жағалаудағы шығанақтар өзенднрдің құйылыс сағалары, т.б. кіреді. Олар күн сәулесімен қатар құнарлы топырақта болатын органикалық заттарды пайдаланып алған энергия қуатын жинап бақаларға береді;

- Энергияны күн сәулесінен және адамдардан алатын жүйелер. Оған егістіктер мен су қабатында қолдан өнім өсіретін аймақтар жатады. Олар күн сәулесімен қатар, адамдардың сепке тұқымдарынан, жұмсаған жанар және жағар майлардың энергия қуатын пайдаланады;

- Энергияны отыннан алатын жүйелер. Оған қалалар өнеркәсіп орталықтары кіреді. Олар күн сәулесінен көрі жағылған отыннан алынатын энергия күшіне мұқтаж.

Экологиялық жүйелердің құрылымы бойынша бөлінуі өсімдік түрлері мен жер бетінің бедеріне байланысты болады. Құрлықтағы жүйелер өсімдіктер түрлеріне қарай, судағы жүйелер геологиялық және физикалық айырмашылықтарына сәйкес бөлінеді. Адамзат қоғамының өсіп - өркендеуі мен мәдени дамуы осы құрлықтағы экологиялық жүйелерде өтіп келеді.

Экологиялық жүйелердің саны мен құралымы туралы ғылымда тұрақты қалыптасқан, пікір әлі жоқ. И.С.Лупинович, П.С.Макеев, Ф.Н.Мальков, О.П.Одум, Н.Ф.Реймерс енбектерінде ірі табиғаттын экологиялық жүйелердің саны мен шекаралары жөнінде әртүрлі ойлар айтылып, бір-біріне қайшы келіп жатады.

Солардың ішінен көп тараған, біздінше дұрыс деген, аса ірі экологиялық жүйелердің құрылымы бойынша бөлінуін ұсынып отырмыз:

А. Қүрлықтық экологиялық жүйелер – тундра (солтүстіктегі ормансыз, мүк басқан дала), Тайга – солтүстіктегі ылқан жапырақты қалың орман), Орманды дала, Дала, шөлейт, шөл, тропик (жершары экваторынан солтүстікке және оңтүстікке қарай 23о 27о қашықтықта жатқан жер) және Таулар.

Б. Тұщы сулар экологиялық жұйелеріЛентті (Lentis – латынша «тыныш» деген сөз), сулар жүйесі немесе ағынсыз сулар (көлдер, су қоймалары), Лотты (Lotus– Латынша «жуушы» деген сөз) немесе ағынды сулар (өзендер, бұлақтар, жылғадар), Батпақты алқап (батпақтар мен онда өсетін ағаштар, өсімдіктер т.б.);

А. Құрылық экологиялық жүйелерді осы өңірдің топырағына, суына, климатына ыңғайлаған өсімдіктердің түрлеріне (шөп, тал, шілік, ағаш т.б.б) қарап айыруға болады.

Тундра Еуропа, Азия құрлықтарының солтүстігінде және солтүстік Америкада орналасқан. Гренландия аралының солтүстігін, Солтүстік Мұзды мұхиттағы аралдарды қамтиды. Солтүстік Арктикалық шөл аймақпен оңтүстікте қалың орманды өлкеге дейінгі алқапты алып жатыр.

Климаты өте суық, жазы қысқа (2-3 айдан аспайды) жаз айларының (шілде мен тамыз) орташа температурасы 4-12оС, қысы үзақ (8-9 ай), 60-80 тәулік бойы поляр түні болады. Қаңтар мен ақпан айларының орташа температурасы -50оС шамасында.

Өсімдіктер өсуге қолайлы күндер саны 50-100. Жылына 200-400 мм жауын-шашын, көбіне қар түседі, мәңгілік мүздар аймағы.

Өсетін өсімдіктер: қына, мүк, тапал қайын, көк Терек, дәнді шөптер, қияқ т.б.

Жануарлар дүниесі: солтүстік бұғы, қойөгіз, поляр қасқыры, түлкісі, жапалағы, ақ аю, қарибу, лемминг, ақ түлкі т.б. Қар кеткен кезде көптеген құстар мен шыбын-шіркейлер келеді.

Тундра – тез азатын, көпке дейін қалпына келе алмайтын адамдардың іс - әрекетіне қарсы тұра алмайтын экологиялық жүйе. Топырағы қышқыл, қоректік заттар өте аз. Өсімдіктер тез жойылып, үзақ жылдар қайта өспейді.

Аляскіде салынған құбырлар, Ресейдің солтүстігіндегі тау-кен кәсіпорындарының жұмысы тундыраны аздыру оңай, қалпына келтіру қиын екенін көрсетті.

Жергілікті халық бұғы өсіру, балық аулау, аң терілерін дайындаумен айналысады. Тас көмір, темір, мыс, никель т.б. пайдалы қазбалы кендерді қазу және өңдеу ұйымдастырылған.

Тундыраның оңтүстік бетін Мурман, Салехард, Дудинка, Нориль қалалары мен Хатанға селосы маңайын кейде орманды тундра деп атайды. Мұнда, әсіресе, өзендер мен –лимандар жағасында ерекше өсімдіктер тобы – селдер және сирек тоғайлар жиі кездеседі. Жеке тұрған тапал ағаш пен тамырлары жер бетінде болатын сирек тоғайлар өзеннің құмды жағалауында, болмаса биік қыраттарда өседі, себебі бүл жерлерде мәңгі мұздар қабаты теренде орналасқандықтардан топырақтағы су айналымы жақсы.

ТАЙГА. Солтүстік Еуропаның, Азияның, Американың көп жерінде, Батыс Еуропа, Кавказ, Тянь-Шань, Батыс Қытай, Солтүстік Американың Тынық Мұхит жағалауының таулы аймақтарында өсетін қалың орманнан тұрады. Америкада құрлығында Солтүстік Американың батыс жағалауын Орталық Калифорниядан Аляскіге дейінгі алқапты алып жатыр. Ресей жерінде тайганың оңтүстік шекарасы Санкт-Петербург қаласы Ильмен көлі, Рыбын су қоймасының оңтүстігі, Ярославль, Иванов, Новгород, Қазан, Төмен, Том, Краснояр қалаларының үстімен өтеді. Шығыстағы далалық тайға Саян және Забайқал таулы ормандарына барып қосылады.

Климаты, Тундра мен салыстырғанда жазы жылы, қысы суығырақ. Жылдық жауын-шашын мөлшері 300-600 мм, көбінесе қар болып түседі. Шығыс Еуропа тайгасында жауын-шашын 500-600 мм болса, Саха (Жақұт) тайгасында 200-300 мм аспайды.

Топырағы солтүстік тайгада жоғары калориялы, күлі аз шым тезектен, орталық тайгада – күлгін топырақтан, оңтүстік тайгада- шымды күлгін топырақтан тұрады.

Өсімдіктер дүниесі – ағаштары қанық жасыл қылқанды (шырша, май қарағай, самырсын қарағай) және солғын жасыл қылқанды (орман қарағайлы, бал қарағай, қарағайдың Америкалық кейбір түрлері) болып екіге бөлінеді. Бұлар біркелкі немесе аралас ағаш түрлерінен құралған орман болып келеді. Ағаштары күн сәулесінің аз түсуіне төзімді, сол аз сәуленің өзін толық пайдалануға дағдыланған. Мүндағы ормандарда бұталар жеміс-жидек түрлері көп болмайды. Тайганың үлкен алқаптары Сібір мен Қиыр Шығыста орналасқан. Жыл бойы орман іші қараңғы, хлорофиллі бар жасыл жапырақтар (қылқандар) қысы-жазы түспей сақталғандықтан, температура төмендігіне қарамастан өнімді көп береді. Тайганың оңтүстігінде қылқанды жапырақты ағаштар мен қатар үсақ жапырақты қайың мен көк терек те көп өседі.

Тайганың ағашын кесу күшейген сайын онда ашық, шабындықтар, әсіресе су жайлайтын жерлер көбейіп келеді.

Жануарлар дүниесі – мүнда бұлан, қоңыр аю, сілеусін, ақ тиын, ала тышқан, қоян, түлкі, елік, сібір күзені, бұлғын т.б. бар. Қүстардың да түрі көп: тоқылдақ, саңырау қүр, бал қарағай торғайы, жапалақ байғыз т.б. Бауырымен жорғалаушылардан улы сүр жылан мен кесіртке кездеседі. Жаз айларында шыбын шіркейлер өте көп.

Тайгада қазбалы кендер қоры мол. Олардың ішінде шым тезек, апатит, мұнай, тас көмір, алтын, алмас, слюда, (қабаттасып құралған минерал) т.б.Темір, никель, сирек кездесетін металдар, құрылыс тастары, графит қорлары да көп.

Ағаш өнімдері мен аң терілері көп дайындалады. Қылқанды жапырақты ағаштың ерекше қасиеті олар көп жыл бойы бұзылмай сақталады, сондықтан жақсы құрылыс материалы болып есептеледі.

Аң терілерін дайындауда тайганың орны бөлек. Мысалы Ресей мемлекеті барлық дайындалатын бұлғын терісін түгелдей, Сібір күзені терісінің 90 процентін, ақ тиын терісінің 85, қоян терісінің 65, ақ тышқан терісінің 50, андатр терісінің 40, түлкі терісінің 15 процентін осы тайга ормандарынан алады.


Дәріс № 4

Тақырыбы: Құрлық экожүйелері – Орманды дала және дала

Мақсаты: Құрлық экожүйелерді қорғаудың экологиялық негіздері мен міндеттерімен танысу.

Жоспар

1.Экожүйелердің зоналарға бөлінуі

2.Экожүйелердің өсімдік және жануарлар әлемі


Орманды дала. Қоңыржай белдеудегі орманды дала экологиялық жүйе Батыс Еуропаның көпшілік жерін, Шығыс Еуропа жазығын, Орал, Батыс Сібір, Орта Сібір тауалы үстірттерін Қиыр Шығыс алқабын алып жатыр.

Солтүстік Америкада солтүстік еңдіктін 36о-40о аралығындағы тынық мұхитжағалауынан Атлант мұхиты жағалауына дейін созылады. Оңтустік Американың батыс жағалауында Анд маңайы қамтиды. Жаңа Зеландия аралының оңтүстігінде шамалы алқапта ғана бар. Ертеде бүкіл Еуропа, Солтүстік Американың шығыс беті Австралия Жапония, Жаңа Зеландия орманды дала болатын. Қазыр ағаштар кесіліп, дала жыртылып, біртұтас ормандар бөлініп, шоқ ағаштарға айналды.

Қазақстан жерінде орманды дала экологиялық жүйесін Солтүстік Қазақстан облысы, Көкшетау облысының шағын бөлігімен Қостанай облысының солтүстік аудандары кіреді. Басқаша айтқанда жалпы сырт қыратының солтүстігі осы жүйеге жатады. Ол республика территориясының 7 процентін алып жатыр.

Климаты қатаң, қысы үзақ, жазы қоңыржай, Қысқы айларда температура - 40оС дейін төмендейді, жаз айларында 10-20оС аралығында болады.

Жыл бойы болатын жауын-шашын мөлшері жазық далада 300-1000 мм, таулы аудандарда 2500-3000 мм жетіп, көбінесе қар түрінде түседі. Жалпы жауын-шашын мөлшері буланған судар артық болуына байланысты өзендерінің суы мол, жағалары батпақты болып келеді.

Жылы күндер саны шығыста 105-120 дан, батыста -165 ке дейін көтеріледі. Өсімдіктер дүниесі 5-8 түрлі ағаштардан, түрлі-түсті шөптерден тұрады. Солтүстік жарты шардың қысы аязды өлкелерінде шырша, қарасамырсын, қарағай, балқарағай, олармен аралас қайың, көктеректер өседі. Мұхит жағалауындағы өңірде емен, шамшат, жөке, үйеңкі сияқты жалпақ жапырақтыағаштар тараған. Әуелде бұл жүйенің тең жартысы ағаш, қалғаны шөп болатын. Ағаштардың барлық жерлерде өте көп кесілуіне байланысты қазіргі сақталған ормандар көлемі тым азайып мысалға Украинада тек 10 проценті ғана қалды. Алдымен ағаштың құнды түрлері (емен, қарағай, шетен) кесіліп, олардың орнына қайың, көктерек қызыл қайың сияқты құрылыс материалы ретінде бағасы төмен ағаштар отырғызылды. Көп жыл өсіп, піскен ағаштардың орнын жақында отырғызылған, кесуге жарамайтын жас ағаштар алуда.

Ағашы аз даланың солтүстігінде түрлі дәнді шөптер, оңтүстігінде бетегелі ақ селеу өседі.

Топырағы құнарлы, өнімді көп беретін қара топырақтантүрады. Мысалы қалың қара топырақтың 1 гектарында 709 тонна өсімдіктерге өте қажет қарашірік (гумус) болса, сілтісі шайылған қаратопырақта – 549, күгінді қаратопырақта – 452, орманның топырағында -175 тонна ғана болады. Орманды даланың климаты мен топырағы дәнді және техникалық дақылдары өсіруге, бау-бақшаға қолайлы.

Жануарлар дүниесі – тайга мен далада болатын жануарлар түрінен құралған, өзіне тән жануарлар түрі жоқ. Ормандарда – бұлан, елік, сусар, ақ тиін, құстар, ашық далада – атжалман, саршұнақ, суыр, кұзен, қосаяқ, тышқан тектес кемірушілер, дуадақ, безгелдік, түлкі, қасқыр, т.б. болады.

Орманды дала көп уақыттан бері адамдардың азық-түлік қажетін өтейтін өлкеге айналған. Мұндағы егістіктер, шабындықтар және жайылымдар астық өндіруге, етті және сүтті мал мен құс өсіруге қолайлы.

Орманды дала қойнауы темір рудасына, мұнайға, газға, тас, және қоңыр көмірге, жанатын тақта тасқа, фосфорға, құрылыс материалдарын шығаратын шикізат қорларына өте бай.

ДАЛА –ормансыз негізінен жазық, шабындықтар мен жайылымдар өңірі. Еуропа, Азия, Солтүстік Американың ішкі өңірлері, Аргентина пампастары (шөп өсетін жазықтың жалпыатауы) мен Австралия осы экологиялық жүйеге жатады. Азов және Еділ маңындағы қыраттар, батыс Сібірдің алқабы, Қазақстанның солтүстік облыстары да дала экологиялық жүйеге кіреді.

Климаты – жылдық жауын-шашын көлемі 250-400 мм, шамасында. Судың булану мөлшері жауған қар мен жауыннан артық болуы себепті топырақта ылғал аз және тұрақты емес.

Жауын – шашын ырғақты болмауына байланысты құаншылық жылдар жиі кездеседі. Құрғақ ыстық жел топырақты тез кептіріп қүнарлы заттарын ұшырып әкетіп жатады. Жылы күндер Одесса қаласы маңында 210-нан батыс Сібір даласында 105 – 120-ға дейін азаяды.

Топырағы – қарашірігі 4-10 прценттен аспайтын қара топырақтан тұрады. Бидай, жүгері, күн бағар, т.б. ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге топырақтағы құнарлы заттар жеткілікті. Тек оңтүстіктегі сортаң және тұзды жерлердің құнарлығы төмен.

Өсімдіктері – далада орман жоқтың қасы. Ағаштар өзендер мен жылғалардың жағасында, ойпаттар мен өзенге жақын құмдарда өседі.

Ертеде өсімдіктердің көбі қауырсын жапырақты ақ селеу бетеге, көде сияқты тамырлары терең, жер асты суларын пайдаланып, көп жылдар бойы өсетін дәнді шөптер болатын. Олар жақсы жайылым болып саналатын. Өкінішке орай, Қазақстан мен батыс Сібірде тың және тыңайған жерлерді игергенде бүл жайылымдар жыртылып егістік жерлерге айналады. Жыртылмай қалған таулы – тасты, сор және сортаң жерлер, әрине, жайылыс болып жарытпайды.

Жануарлар дүниесі - әуелде даланы тұяқты ірі жануарлар (бөкен, жылқы т.б.б) жайласа, қазір тышқан тәрізді кеміргіштер мен соршұнақтар жиналған, олар көп жылдық шөптер мен егістіктердің қас жауы, жайылымдардың істен шығуы, азып – тозуы соның салдары.

Далада жоғары сапалы нан пісіретін, макарон жасайтын үн беретін бидайдың қатты және күшті түрлерін, тары, жүгері күнбағар т.б. өсімдіктер мен бау – бақшалар өсіріледі.

Далада мал шаруашылығы да кең өріс алған. Ірі қара мал, қой мен ешкі, жылқы және құс өсіру ұйымдастырылған.

Жер қойнауы қазбалы кендерге бай. Мұнда темір, марганец, хром фосфор рудалары, көмір, газ, тұз байлықтары бар.

Бұл экологиялық жүйеге Қазақстан территориясында Каспий маңы ойпатынан Алтай тауларына дейінгі 2200 км-ге созылған үлкен алқап кіреді. Жүйенің ені жер бедеріне байланысты 40 - 140 км-ге (кейде 400 км-ге) дейін ауытқиды. Республика жерінің 20 проценті далалық экологиялық жүйеге жатады. Ақмола, Павлодар, Көкшетау облыстары, Ақтөбе облысының шығысы, Қостанай облысының оңтүстігі, Семей облысының солтүстігі мен орталық аудандары осы жүйеге кіреді.

Климаты қуаң және құрғақ, жауын-шашын орта мөлшері 220 – 310 мм шамасында, жылы күндер саны 135 -170, қуаңшылық жылдар солтүстікте 2 – 3 жылда қайталанып отырады.

Топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай кәдімгі қаратопырақтан, қара қызыл қоңыр, қызыл қоңыр топырақ түрлеріне ауысып отырады.

Оңтүстік бөлігінде шоқылар, төбешіктер, аласа таулар (Көкшетау, Баянауыл, Ерейментау) кездеседі.

Қазақ даласында еркек шөп, бетеге, қау, атқонақ, ойпауытау келген ылғалды жерлерде жонышқа, бидайық, сортаң жерлерде ақ жусан, қара жусан , ақбас сортаң шөптер өседі.

Көкшетау, Арақарағай, Наурзым төңірегінде шоқ ормандар бар. Өзендер жағалауында терек, ақ қайың, тал түрлі бұталар өседі.

Жануарлардан көбірек кездесетіндері түлкі, қасқыр, киік, тырна т.б.

Қазақ даласы – пайдалы қазба кендер қоймасы болып есептеледі.

Шөлейт. Таралу орнына қарай шөлейт экологиялық жүйе қоңыржай, субтропиктік белдеулерге бөлінеді.

Солтүстік қоңыржай белдеулікке Еуропа мен Азияның шөлейт аудандары кіреді. Ол Каспий теңізінің батыс шетінен Ордастың қиыр шығысына дейінгі ұзындығы 10 мың км-ден астам, ені 500 км-ге жететін алқапты алып жатыр.

Солтүстік Америкада қоңыржай белдеулік Сеңгір тауларынан шығысқа қарай 1300 км-ге созылған.

Климаты қуаң, жылдың жауын-шашын орташа мөлшері 200 - 300 мм шамасында, көбіне жазда жауады. Шілденің орта температурасы 22 - 25оС.

Өсімдіктерден жусан, жүзгін, эфемер (тұрақсыз) өсімдіктер, қайың, қарағай, бұталар өседі. Жер бетінде ағын сулар аз, өзендері жазда тартылып, құрғап қалады. Негізінен мал жанға қолайлы.

Субтропиктік және тропиктік белдеулер Солтүстік жарты шарда – Сахара (Африка), Арабия түбегінде, Жерорта теңізінің шығысында, Үнді алқабында (Азия), Қоларада үстіртінде, үлкен Алапашта, Мексика таулы қыратында (Солтүстік Америка), Оңтүстік жарты шарда – Оңтүстік Американың батыс жағалауындағы АНД тауларынан шығысқа қарай жатқан бөлігінде, Оңтүстік және Оңтүстік батыс Австралияның ішкі алқаптарында қалыптасқан.

Субтропиктік белдеулер жеке үстірттерді, таулы және тау алды өңірлері алып жатыр.

Климаты қуаң, жылына 200 мм шамасында жауын-шашын болып көбіне қыс айларында түседі. Кактус, көп жылдың бұта сияқты қуаншылыққа төзімді өсімдік түрлері өседі. Суармалы дерлерде жеміс ағаштары бар.

Тропиктік белдеу Солтүстік жарты шардағы тропиктік шөлдің қиыр оңтүстігінен және оңтүстік жарты шардың солтүстігіндегі шөлейт аймақтардан құралған.

Климаты қуаң және ыстық. Жаз айларында ауаның орташа температурасы 30оС шамасында, ал ең жоғарғы температура 50оС –ке дейін көтеріледі. Қыс айларында 12 – 20оС төңірегінде. Жылына 500 мм-ге дейін жауын-шашын болады. Тұрақты ағындық өзендер аз, топырағы қызыл қоңыр. Бұталар мен аласа бойлы сирек ағаштар өседі.

Жалпы алғанда шөлейт экологиялық жүйенің климаты қуаң, жауын-шашын аз, ол сулардың булануы 3 – 6 есе артық. Ағын сулар көп емес, шағын өзендер мен жылғалар тез жаз айларында болады. Суы тұзды көлдер көп. Құмды, қиыршық тасты өңірде жарасты сулары түщы болып, 1,5 – 2 м терендікте кездесе береді.

Шөлейт жүйеде көбіне бозғылт қызыл қөңыр және қоңыр топырақ басым келеді. Өсімдіктері ылғал тапшылығына төзімді шөп пен бұталардан тұрады. Жер бетінің 50-80 процентін өсімдіктер жапқан, боз, бетеге, еркек шөп, жусан, қараған, Австралия шөлейтінде Эвкалипт, спинифекс т.б. өсімдіктер өседі.

Жануарлар дүниесі – құлан, бөкен, Пржевальский жылқысы, жылан, кемірушілердің көптеген түрлерінен түрады. Көшпелі және отарлы мал шаруашылығына қолайлы.

Қазақстанда шөлейт аймақ жердің 23 процентін алады. Солтүстік шекарасы Орал қаласынан басталып, Теңіз көлін, Қарағанды облысының оңтүстігін басып өтеді. Оңтүстік шекарасы Ақтобе облысының Ырғыз селосы, Жезқазған қаласы, Моинты теміржол станциясы арқылы өтеді. Бұл жүйеге Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысының Қызылқоға ауданы, Ақтөбе, Жезқазған облыстарының солтүстігі, Ақмола, Торғай, Қарағанды, Семей областарының оңтүстігі кіреді.

Климаты тым қатаң, жазы ыссы шілде айының орта температурасы 24 – 26оС болса, кей күндері +40 +45оС қа дейін көтерілуі мүмкін. Қысы суық, аязды. Қаңтар айының орта температурасы -14 -16оС болғанымен, кейде батыста -42оС, шығыста -49оС –қа дейін төмендейді. Жылы күндер саны шығыста 120-135, батыста – Каспий ойпатында 165-180. Жылына 150-200 мм жауын-шашын болып, буланатын ылғал мөлшерінен 3,5-4 есе кем болады. Күн сәулесі жылына 2500 сағат бойы түсіп түрады, Бұл Санкт – Петербургпен салыстырғанда 1000 сағатқа көп.

Топырағы боз, қызыл қоңыр, құнарлы қабат қалындығы 25 – 35 см, қарашірік қосындылары 2 – 4 проценттен аспайды.

Егіншілік қолдан суару арқылы, немесе су тасығанда жайылған жерлерде болуы мүмкін.

Өсімдіктер жаппай өспейді, тақырлар мен сортаң жерлер шөпсіз болады. Құрғақшылыққа төзімді дәнді шөптер (бетеге, көде, ақселеу), бұталар ұшағыр, тал, шілік), эфемерлер (жалбыз), қызғалдақтар кездеседі.

Жануарлардан ақ бөген, қоян, түлкі, қасқыр, қарсақ, сасық күзен, саршұнақ, кемірушілер, қосаяқ, құм тышқандары, құстардан бүркіт, дуадақ, жек тырна, көкек т.б. мекендейді.

Шөлейт өлкеде қой шаруашылығы, әсіресе жартылай биязы жүнді қойларды, етті және сүтті ірі қара малды, жылқы мен түйе өсіру жолға қойылған. Қолдан суарылатын егістік жерлер бар.

Қазақтың ұсақ шоқылығы (қыратты) шөлейт алқабы қазбалы кендерге өте бай. Мұнда мыстың, темір рудасының, мұнайдың, табиғи газдың, бораттың (металды қатайту үшін қолданылатын минерал), түсті металдың, марганецтың, тас және қоңыр көмірлердің үлкен қорлары бар.

Шөл. Бұл экологиялық жүйеге жататын алқаптар шөлейт жүйенің қоңыржай, субтропиктік және тропиктік белдеулерінде кездесе береді. Олардың ішінде Африка сахарасын, Австралия құмдарын, Солтүстік Американың батыс жағалауындағы құмдарын, Монголияның Гобиін, Қытайдың Тибетін, Боливия құмдарын айтуға болады.

Орта Азия мемлекеттері мен Ресейдің Астрахань облысыда осы жүйеге жатады.

Климаты өте қатал, жауын-шашын аз, буланатын ылғал 7 – 30 есе көп, өсімдіктер сирек, топырағы тұады.

Бұлтсыз ашық күндер 197 – 295 ке дейін? Жазы ыссы, шілденің орта температурасы 22 +32оС. Солтүстік Американың Ажал аңғарында 56,7оС дейін көтеріледі. Жер беті кейде 90оС қа дейін қызады. Жауын-шашын мөлшері жылына 175 – 200 мм-ден аспайды, ал Такла – Макан шөлінде 9 мм шамасында ғана болады. Жауын-шашын көбіне қыс және көктем айларына келеді. Шөлді алқаптардан басталатын – өзенде, ағын сулар жоқ, тек басқа өңірден басталған өзендер бұл алқап арқылы өтеді. Мысалы Сырдария, Эмудария, Ніл, Хуанхэ т.б. өзендер таулардан басталып шөл өлкелердің үстінен ағады.

Ылғалдың булануы жерке сіңуден көп болғандықтан кішірек өзендер сағаларына жетпей тартылып қалады. Көлдердің көбі кеуіп сорға айналады, ал ірі көлдердің (Лобнор, Чад, Эйр сияқты жағалауы тұрақты болмай, үнемі өзгеріп отырады. Жерасты сулардың тұзы көп, минералды сулар қатарына жатады.

Топырағы борпылдақ жыныстар үсті – құмды, үстірт пен тас алды жазықтар – малтатас пен қиыршық тасты, өзендердің ескі отыраулары – сазды тақырдан тұрады. Топырақ қабаттары нашар қалыптасқан, құрамында органикалық заттар аз, еритын тұздар көп болады.

Өсімдіктер дуниесі өте сирек, сексеуіл, кактус сияқты су тапшылығына төзімді түрлерден тұрады. Топырақ бетін жаппайтын, тамырлары терең, қуаңшылыққа тозімді ғана өсімдіктер мұнда күн көре алады. Болмаса күшті жаңбырды күтіп тұқымдары топырақта жататын, ондай жауыннан кейін тез қуалап өсіп, аз уақыттан кейін солып қалатын Эфемерлер (тұрақсыз) деп аталатын өсімдіктер өседі.

Жануарлар дүниесі де қоршаған ортаның қатал жағдайына бейімделгендерден құралады. Олар: ақ бөкен, қара құйрық, қосаяқ, шегіртке, құм саршұнақтары, кесіртке, жылан, тағы басқа кемірушілер мен бауырымен жорғалаушылар. Мұнда негізінен мал шаруашылығымен айналысады.

Жер шарының 2 проценті ғана шөлді өлкеге жатса. Қазақстан республикасы территориясының 40 проценті осы алқапқа кіреді ендіктің 48 нен төмен жатқан Қазақстан жерінің кең бөлігі шөлді болып саналады.

Бұл өңірдің климаты тым қуаң, күні мен түнінің температура айырмашылығы көп. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 200 мм шамасында, кей жерлерде 75 мм-ге дейін азаяды. Жаз айларында күннің ыстығы 40оС – қа дейін, ал құм ішінде 70оС қа дейін көтеріледі. Қысы суық, аязды болып келеді. Күн сәулесі жылына 2800 – 3000 сағатқа созылады.

Климаттың құрғақ болуына байланысты егін шаруашылығымен тек суармалы жерлерде ғана айналысады. Орта Азия мен Қазақстан жерлерін басып өтетін Сырдария, Әмудария, Іле, Шу өзендері халықты сумен қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады.

Жерасты тұщы суларды пйдалану да кезек күтпейтін шаруа Аралдың солтүстік маңында, Бетпақ даланың батысында Мойынқұмда және Қызылқұмда жерасты тұщы сулардың мол қоры бар, оларды халықтың ішуіне, шаруашылық қажеттеріне пайдалануға болады. (У.М.Ахметсафин, 1952). Өкінішке орай, аталған су қорлары ашылғалы 40 жыл уақыт өтсе де, оларды қажетімізге жарата алмай келеміз. Ал Байқоныр ғарыш аймағына орналасқан Ресей әскери құрамдары су құбырларынсалып жерасты бір өзеннің суын тегін пайдаланып отыр.

Топырағы солтүстікке қарашіріні 1 – 2 проценттен аспайтын қоңыр, оңтүстікке қарашіріні 1 процент шамасында сұр топырақ. Саз балшақ пен сортаңнан тұратын тақырлар көп. Олардың үсті қатты және тегіс, шөп шықпайды, жаңбыр жауса тұздар тез еріп, тақыр беті лай болады. Тау етектерінде қарашіріні 2 – 3 процент Сары топырақ кездеседі. Мұнда мақта, күріш, тағы басқа суармалы дақылдар егіледі.

Өсімдіктер дүниесі – сирек өсетін көп жылдық бұталар мен көктем суымен өсетін эыермерлер. Құмдағы өсімдіктер жылжымалы құм жағдайына бейімделген болса, сортаң жерлерде тұздан қорықпайтын ащы шөптер өседі. Өзендер жағалауы мен сағасында ағантар, бұталар, шабындық шөптер кездеседі.

Еділ, Жайық, Іле, Әмудария, Сырдария өзендерінің жағалауында қамыс өседі. Құрақ кезінде малға азық, күзде және қыста отын ретінде, құрылыс материалын, қағаз бен қалың қатырма қағаз (Картон) шығаруға пайдаланады.

Табиғи өсімдіктерден – боз, жусан, ақ селеу, құм бетегесі, еркек шөп, құмаршық, бұйірғын, құм қарағаны, теріскен, сексеуіл т.б.б өседі.

Жануарлардан – ақ бөкен, жайран, қабан, қоян, құлан, қасқыр, түлкі, қамыс мысығы, құм қосаяғы, жылан, тасбақа, кесіртке т.б. кездеседі.

Құстардан – жек, қырғаул, қызғыш т.б. мекендейді. Түлкі, қарсақ, саршүнақ, ондатра терілерін дайындау кәсіпшілігі ұйымдастырылған.

Шөл алқаптың табиғат ерекшелері жыл бойы малды жайылымда ұстауға, жүн және қаракөл елтірісін беретін қойларды өсіруге, ет және сүт малдарын бағуға жағдайлы. Суармалы жерлерде мақта, дәнді дақылдар, жонышқа, кенеп, темекі, көкөніс, бақша өсімдіктерін, бау мен жұзім ағаштарын өсіру жолға қойылған.

Шөл алқап қазбалы кендерге де бай. Мұнда мүнай, газ, тас және қоңыр көмір, күкірт, темір рудасы, тұсті металлдар, мыс, марганец, алтын, фосфат т.б. кенднрдің қорлары бар.

  1   2   3

Похожие:

050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығына арналған icon050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығына арналған
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экология және қоршаған ортаны қоргау» кафедрасының профессор м а
050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығына арналған icon«Апаттар медицинасы» пәнінің 050731 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған

050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығына арналған icon2 нормативті сілтемелер
В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған
050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығына арналған iconПсіздік негізі тәжірибелік жұмыстар істеуіне әдістемелі нұсқаулар 050731 «Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы студенттеріне арналған Кереку 2008
«Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы студенттеріне арналған
050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығына арналған icon5В073100– «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған
«Жер бетіндегі және судағы экожүйелерді қорғау» пәннінің студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешені
050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығына арналған iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған
050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығына арналған iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
«Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» пәнінен 5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығына арналған iconРабочая учебная программа Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасында...
050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығына арналған iconРабочая учебная программа Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасында...
050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығына арналған iconРабочая учебная программа Мамандық: 5В073100 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
Мамандық: 5В073100 – «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница