Алматы қалалық ЖҰмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының




НазваниеАлматы қалалық ЖҰмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының
страница1/7
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.75 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://almaty.kz/upload/files/strategplan_upr_mob_podg_kaz_280412.doc
  1   2   3   4   5   6   7
Алматы қаласы әкімдігінің

2011 ж. «___»__________

№ _____қаулысымен

бекітілді


АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС, АВАРИЯЛАР МЕН ДҮЛЕЙ ЗІЛЗАЛАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫ ЖӘНЕ ЖОЮДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН


СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ


1 тарау. Миссиясы және пайымы

Миссиясы

Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру және дамыту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою.

Пайымы

Жұмылдыру дайындығының, аумақтық және азаматтық қорғаныстың, халықты қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан, лаңкестік әрекет салдарынан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғаудың тиімді жүйесі, өңірдің экономикалық әлеуетін сақтау.

2 тарау. Қызметтің тиісті салаларының даму үрдісінің ағымдағы жағдайын талдау

1. 1 стратегиялық бағыт. Алматы қаласының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жүйесін дамыту.

1.1) Қызмет саласының немесе реттеуші сала дамуының негізгі параметрлері

Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында ҚР заңнамаларында белгіленген жұмылдыру дайындығы және жұмылдырудың талаптары мен нормативтеріне мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті дайындық деңгейін қамтамасыз ету.

1.2) Негізгі түйткілді мәселелерді талдау

Саланың ағымдағы және күтілетін түйткілді мәселелерінің ішінде:

- мемлекеттік билік органдарының, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстары бар кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмылдыру дайындығы жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін;

- соғыс жағдайында және соғыс уақыты жағдайындағы жұмысқа ауыстыру кезеңінде экономиканың тұрақты жұмыс істеуін басқаруды анықтайтын және реттейтін, ұйымдастырушылық және нормативтік құқықтық актілердің жетілмеуі;

- Еліміздің зардап шеккен азаматтарының мәселелерін шешу уақыты бойынша жедел және көлемі бойынша пара-пар келуге мүмкіндік бермейтін ТЖ зардаптарын жоюға көзделген материалдық резерв;

- Ұжымдық қорғану құралдарын күтіп-ұстау, техникалық қызмет көрсету, уақтылы жөндеу, жеке қорғану құралдарын жаңарту бойынша кәсіпорындардың және ұйымдардың жеткіліксіз жұмысы баяндалады.


1.3) Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Сала инфрақұрылымының жағдайы. Алматы қаласының жұмылдыру дайындығы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 127-1 «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Заңына, соғыс уақытында және жұмылдыру кезеңінде қала экономикасын үздіксіз жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында халықты, ұйымдарды, мемлекеттік органдарды алдын-ала дайындайтын, бейбіт уақытта өткізілетін жалпы мемлекеттік іс-шаралар көлемінде Алматы қаласының Жұмылдыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Саланың жетістіктері мен табыстары. Жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар ұйымдарда, жергілікті атқарушы органдарда бақылау тобы құрылған. Қызметкерлерді жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта жинау үшін хабарлау жоспары дайындалған. Алматы қаласының барлық департаменттері мен басқармалары соғыс уақытының штатын әзірледі.

Жұмылдыру дайындығының жағдайын талдау негізінде, жұмылдыру дайындығы жағдайында Қарулы Күштер және өзге де әскери құрылымдардың қажеттілігі үшін өнім өндірісі, адам ресурстарын, техникалар мен арнайы құрылымдарды жеткізу бойынша қала кәсіпорындары мен ұйымдарының мүмкіндіктері анықталды.

Қала экономикасы қажеттілігін және қала халқының шұғыл қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Жұмылдыру жоспарымен қатар есепті жылға арналған өнім өндірісі мен қызмет көрсетудің қалалық жоспары әзірленді.

Айрықша кезеңде халықты қорғауды қамтамасыз ету үшін «Азаматтық қорғаныстың арнайы мүліктері қоймасында ұзақ сақтау жөніндегі Нұсқаулыққа» сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің қоймасында сақталатын жеке және медициналық қорғау құралдарының, радиациялық және химиялық барлау құралдарының, мөлшерлеу құралдарының жұмылдыру резерві құрылды.

Радиациялық және химиялық барлау құралдарына тексеру жүргізілді.

Азаматтық қорғаныс қызметтері мен басқару органдары үшін аварияларды, дүлей апаттарды және төтенше жағдайларды, сондай-ақ лаңкестік актіден туындаған жайттарды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз етудің компьютерлік бағдарламалары дайындалып, енгізілді.

Қаржыландыру: Алматы қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландыру көлемі 2007 жылы 219 332,0 мың теңгені; 2008 жылы 281 422,0 мың теңгені; 2009 жылы 17591,0 мың теңгені, 2010 жылы 17591,0 мың теңгені құрады.


2. 2 стратегиялық бағыт. Алматы қаласының аумақтық қорғанысын дайындау.

2.1) Қызмет саласының немесе реттеуші сала дамуының негізгі параметрлері


Алматы қаласының халқын, нысандарын және байланысын қарсыластардың әрекетінен, диверсиялық немесе лаңкестік актілерден қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдай режимдерімен қамтамасыз ету және енгізу;

Айрықша кезеңде міндетті қорғау мен қорғанысқа жататын материалдық және мәдени құндылықтарды, нысандар мен байланысты қорғауға Алматы қаласы аумақтық қорғаныс жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету.


2.2) Негізгі мәселелерді талдау

Саланың ағымдағы және күтілетін түйткілді мәселелерінің ішінде:

- аумақтық қорғаныс аясында ұйымдастыру және нормативтік құқықтық актілердің жетілдірілмеуі;

- халықтың өмір сүруін және қала шаруашылығы қызметін қамтамасыз етуге қажетті нысандардың және кәсіпорындардың соғыс уақытында тұрақты жұмыс істеуін арттыру бойынша уәкілетті органдардың жеткіліксіз жұмысы атап көрсетіледі.


2.3) Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Сала инфрақұрылымының жағдайы. Алматы қаласы әкімінің 2002 жылғы 15 қаңтардағы № 01-7с шешімімен аумақтық қорғаныс міндеттерін шешу үшін қала 6 қорғаныс ауданына бөлінген. Аумақтық қорғаныстың құрылымы анықталды.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы бастығы бекіткен аумақтық қорғанысы бригадасының ұйымдастыру-штаттық құрылымына сәйкес құрамында басқару бригадасы, аумақтық қорғаныстың батальондары мен қамтамасыз ету бөлімшелері бар аумақтық қорғаныс бригадасы құрылды.

Саланың жетістіктері мен табыстары. Жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғанысты ұйымдастыруда әскери басқару органдарымен өзара іс-әрекет жасау мәселелерін пысықтау мақсатында «Қорғау», «Жалын», «Қуат» арнайы-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, жергілікті әскери басқару органдары, қаланың АҚ және ТЖ қызметтері мен басқару органдары, Құрлық әскерлерінің Әскери институты және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 16194 әскери бөлімі қатысты.

ҚР ҰҚКД Лаңкестікке қарсы орталығының Үйлестіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес Алатау елді мекеніндегі ҚР БҒМ Ядролық физика институтының базасында «Атом-Антитеррор-2008» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы және адам көп жиналатын нысандарда тұтқындарды босату және лаңкестік фактілерін болдырмау мәселелерін реттеу бойынша «Семсер-2007» арнайы оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығуды өткізу кезеңінде Алматы қаласы аумақтық қорғанысының бөлімшелері Құрлық әскерлерінің Әскери институтының оқу орталығында 192 адам негізгі мамандықтар бойынша қайта даярлаудан өтті, байланыс қызметі бойынша 60 адам, медицина қызметі бойынша 34 адам, химиялық қорғану қызметі бойынша 24 адам даярланды. Соғыс уақытында жұмыстарын жалғастыратын ұйымдарда жұмылдыру кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс күшінің қажеттілігі, жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақырылатын әскери міндеттілерді ауыстыру, өндіріс құрылымы мен көлемін ескере отырып, оларды қамтамасыз етудің жайы белгіленді.

Аудандық әскерге шақыру бөлімдері үшін дәрі-дәрмектер, жиһаз, оргтехника, кеңсе жабдықтары, ЖММ (ГСМ) сатып алынды.

Басқару нүктелерін құру және жабдықтау бойынша жұмыстар орындалды, аудандық әскерге шақыру бөлімдерін қажетті жабдықтармен жабдықтау үшін АҚ және АҚ мүліктерін сақтауға арналған қойма үлгісіндегі ангар, екі құтқарушы ұтқыр контейнер, заттай мүліктер және аумақтық қорғаныс бригадасы үшін арнайы киім-кешектер сатып алынды.

Қаржыландыру: Алматы қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландыру көлемі 2007 жылы 59 278,0 мың теңгені; 2008 жылы 80 000,0 мың теңгені; 2009 жылы 86 348,0 мың теңгені; 2010 жылы 102 035,0 мың теңгені құрады.

3. 3 стратегиялық бағыт. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, зақымдану құралдары факторларынан Алматы қаласының халқын, аумағын және шаруашылық нысандарын қорғауды қамтамасыз ету.


3.1) Қызмет саласының немесе реттеуші сала дамуының негізгі параметрлері


Төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, залал мен материалдық шығындар мөлшерін төмендету.


3.2) Негізгі түйткілді мәселелерді талдау

1. Сейсмикалық қауіпсіздіктің жалпы мәселесінде жер сілкінісін қысқа мерзімді болжау мәселесі бірден-бір маңызды орын алады. Осы тұрғыда мақсатты және ұйымдасқан жүйе жоқ. Сейсмология саласында жұмыс істеп тұрған ғылыми және зерттеу мекемелері көбінесе іргелі ғылыммен және сейсмологиялық жағдайды бақылаумен айналысады. Өз жұмысында қысқа мерзімді болжамның түрлі әдіс-тәсілдерін қолданатын және жаңасын дайындайтын өңірлік сейсмикалық орталық құру қажет.

2. Қаланың сейсмикалық шағын аудандастыру картасының тозуы салдарынан қала аумағының сейсмикалық сипаттамасын, тектоникалық опырылулардың ені мен орналасуын анықтау мәселелері шешілмей тұр. Қаланың басқа аумағымен салыстырғанда әлдеқайда сейсмоқауіпті болып табылатын опырылу орындарының аймағында түрлі мақсаттағы ғимараттар салынуда. Опырылу аймағында 20-дан аса жанармай құю бекеті орналасқан. Бұл факторды ескермей-ақ, тұрғын үйлер де салынуда. Сейсмикалық шағын аудандастырудың жаңа картасын жасау жөніндегі шешім орындалған жоқ.

3. Жойқын жер сілкінісі кезінде қаланың күші мен құралдарының есебінен толық көлемде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мүмкін емес, өйткені құрамалар бойынша да шығын болады. Зардап шеккен халыққа арналған барлық пункттерді жабдықтау және ұйымдастыруда қаланың мүмкіншілігі жоқ. Осы мәселелерді шешу тек өзге аудандар мен республика орталықтарының көмегімен орындалуы мүмкін. Республиканың өзге аймақтарынан күш пен құралдарды әкелу қажет. Республикалық деңгейде осы мәселе бойынша нормативтік құқықтық шешім жоқ.

4. Сейсмикалық қауіпті аймақтардағы биік құрылыстар және салынған ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту саласында да түйткілді мәселелер бар. Сейсмология институтының мәліметтері бойынша, қалада 8-9 балдық жер сілкінісіне төзімді 40 % жуық тұрғын үйлер салынған. Қалада тұрғын үйлерді сейсмикалық күшейту және сейсмикалық зерттеу бағдарламасы жоқ. Денсаулық сақтау және білім нысандарының 2004-2010 жылдарға арналған сейсмикалық күшейту бағдарламасы тек 40 %-ға орындалған. Құрылыстардың сейсмикалық тұрақтылығына бақылауды ұйымдастыру қажет, ережелерді, талаптарды және нормаларды күшейту керек.

5. Жойқын жер сілкінісі кезіндегі болжамды бағалау бойынша 200 мың адамды көшіру қажет. Оларды қабылдау орындары (елді мекендер, ұйымдар, зардап шеккендер үшін ғимараттар тізімі, зардап шеккендерді қабылдау және орналастыру мүмкіндігі) Алматы және Жамбыл облыстарында белгіленбеген.

6. Су басулардан және селдерден Алматы қаласын қорғаудың қолданыстағы жүйесі қауіп деңгейімен сәйкес келмейді және жаңарту мен жетілдіруді қажет етеді. Осы мәселелерді кешенді шешу «Қауіпті геологиялық және гидрогеологиялық құбылыстардан, экзогендік сипаттағы төтенше жағдайлардан Алматы қаласының экономика нысандары мен халқын қорғау», «Алматы қаласының өзендері мен су айдындары» қалалық бағдарламаларына енгізілген. Осы бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыс жоспарынан артта қала отырып орындалуда. Опырылмалы құбылыстардың алдын алу және болжау бойынша ғылымға негізделген бағдарлама жоқ, сондықтан қалада алдын-ала іс-шаралар өткізу мүмкін емес. Осы тұрғыда шаралар тек опырылу болғанда немесе оны қалыптастыруға айқын себептер көрініс тапқанда ғана қабылданады.

7. Қалада жыл сайын тіркелетін төтенше жағдайлардың жалпы санының 85-90%-ын өрт құрайды.

Басқару органдары және өрт сөндіру бөлімдері өртті сөндіру бойынша шараларды жедел қабылдайды. Аумаққа өрт сөндіру бөлімдері арқылы қызмет көрсетудің нормативті радиусі 3 шақырымды құрайды. Қалада 13 өрт сөндіру бөлімі бар. Өртке қарсы қауіпсіздік нормасы бойынша, олар қаланың тек 50 %-ын қамтамасыз етеді. Нормативтік талаптарды орындау үшін он бір өрт сөндіру депосын салу қажет. Өрт сөндіру қызметтерін толықтыру үшін негізгі және арнайы техникаларды, оның ішінде 30 м және одан да биік көлік сатысын алу қажет. Көп қабатты бірнеше ғимараттардың түтінге қарсы қорғау жүйесі қанағаттанарлықтай жағдайда емес. Жаңа шағынаудандарда, ірі базарларда өрт сөндіру техникасының су қорын толтырудың мүмкіндігі жоқ.

8. Қолданыстағы нормативтік талаптарға қарамастан, өзен арналарының су қоймасы аймағында, опырылмалы учаскелерде түрлі құрылыстарды жүргізу жалғасуда. Осы аумақтарда бұрын салынған ғимараттар бойынша шаралар қабылданбады.

9. Коммуналдық-тұрмыстық салада төмендетілген көмірсутекті газдарды қауіпсіз пайдалануға бақылау жасауды жүзеге асыратын құрылымның болмауы техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту ісінде маңызды мәселе болып табылады. Оны шешу үшін қала әкімдігі жанынан газды техникалық инспекция құру қажет. ҚР Премьер-Министрі облыс әкімдеріне, Алматы және Астана қалаларының әкімдеріне заңнамаға сәйкес газды техникалық инспекция құру туралы шешім қабылдауды тапсырды. Бірақ осы күнге дейін Алматы қаласында оны құру туралы шешім қабылданған жоқ.

10. Алматы қаласында АҚ және ТЖ саласында аумақты және халықты қорғауды қамтамасыз етудің бірыңғай стратегиялық тұжырымдамасы жоқ. Қолданыстағы бағдарламалар мен жоспарлар барлық мәселелерді қамти алмайды, өзара үйлестірілмеген, олардың орындалуы белгіленген мерзімнен артта қалуда.

Алматы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында бірыңғай саясат қалыптастыру мақсатында одан әрі қала қауіпсіздігінің тұжырымдамасын дайындай отырып, қала үшін әлеуетті қауіп пен қатерді зерделеу жөніндегі Орталықты құру қажет.


3.3) Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Сала инфрақұрылымының жағдайы. Төтенше жағдайларға бейімделу жүйесінің тәуліктік режимі іске қосылған. Оның негізін АҚ және ТЖ қызметінің авариялық-құтқару бригадасы, Алматы қаласының Құтқару қызметі бөлімшесі, штатты мамандандырылған құрылым құрайды.

Мониторинг, зертханалық бақылау және жобалау жүйесінің іс-әрекеті ұйымдастырылған.

Қаланың қауіпті нысандарына және барлық қызметтеріне, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерге ақпаратты жіберуге, қабылдауға мүмкіндігі бар, байланыс торабы мен қорғалған басқару бөлімі бар Алматы қаласының 112 – Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің Дағдарыс жағдайларын басқару орталығы жұмыс істейді.

Төтенше жағдайларда қала халқына және басқару органдарына хабарлау мәселесі шешілді. Бұл орайда, АҚ және ТЖ басқару органдарына хабарлау орталықтандырылған шақырудың автоматтандырылған жүйесі, ұялы телефон байланысы және «Миг» пейджингтік хабарлау жүйесі арқылы жүзеге асады. Халыққа хабарлау С-40 электро сиренді 283 бірлікпен жіберу («Барлығыңыз назар аударыңыз!» дабылы) арқылы, дауысзорайтқыш байланысымен хабарлаудың қозғалмалы құралымен, кабельді теледидардың 50 арнасын қамту жолымен радиофикация қалалық орталығының радиохабарларын таратушы 3 бағдарлама бойынша хабарлау сипатындағы ақпарат жіберу, коммерциялық теледидар және радио компанияларына хабарлау сипатындағы ақпарат беру арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында халықты және мамандарды дайындаудың көп деңгейлі жүйесі қалыптасты.

Қазақстан Республикасы Әскери доктринасының жоғары талаптарын ескере отырып, Азаматтық қорғаныста енгізу және ұйымдастыруда АҚ және ТЖ басқару органдарымен, жергілікті атқарушы органдармен Алматы қаласы Азаматтық қорғанысының Жоспары түзетілді. Қала әкімдігі құрылымының өзгеруін ескере отырып, АҚ және ТЖ қызметтері мен эвакуациялық комиссиясы, төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың ведомствоаралық комиссиясының құрамы қайта қаралды.

Саланың жетістіктері мен табыстары. 2004 жылы қала әкімдігі «Алматы қаласының Азаматтық қорғанысын 2010 жылға дейінгі кезеңде жетілдіру мен дамытудың негізгі бағыттары» және «Алматы қаласының Азаматтық қорғанысын 2010 жылға дейінгі кезеңде материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жоспары» кешенді бағдарламаларын әзірледі және бекітті.

Авариялық-құтқару қызметінің және авариялық-құтқару құрылымының төтенше жағдайларға бейімделу және оларды жою бойынша жұмыстар жүргізу дайындығы «Лаңкестікке қарсы», «Көктем», «Қыс», «Патогенді құс тұмауы», «Алатау» командалық-штабтық оқу-жаттығу және «Әуежай», «Жалын», «Қуат» тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысында пысықталды.

Телеарналарда оқу және анимациялық фильмдердің көрсетілуі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде оның алдын алу және халықтың іс-әрекеті мәселелері бойынша бүктеме қағаздар және жаднама, кітапшалардың таратылуы азаматтардың қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру, оларды дайындауды және ақпараттандыруды жақсартуға мүмкіндік береді.

Басқару органдары мен Азаматтық қорғаныс қызметтері үшін апат, дүлей зілзала және төтенше жағдайлар, сондай-ақ лаңкестік актіден туындаған іс-әрекеттер кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз етудің компьютерлік бағдарламалары әзірленді және енгізілді.

Апат, қирау және дүлей зілзаланың алдын алу және жою саласында тәжірибе алмасудың және халықаралық ынтымақтастықтың тетіктері сәтті әрекет етеді.

Олардың ішінде, «Әлем атынан серіктестік» НАТО бағдарламасы бойынша БҰҰ іс-шараларының аясындағы оқу-жаттығулар, «Еуразия – жол бермеу, құтқару, көмек» Халықаралық көрмелер, «GeoHazards» Халықаралық қауымдастықтың жалпы білім беретін мектептерінің ұстаздары мен еріктілері.

Алматы қаласы әкімдігі мен Халықаралық ынтымақтастық Жапон агенттігінің «Алматы қаласындағы жер сілкіну қауіп-қатерін басқаруды үйрену» бірлескен жобасы жүзеге асырылуда.

Қалада қабылданған шаралардың нәтижесінде төтенше жағдайлардың санын азайтудың оң динамикасы қалыптасты және қол жетімді болды.

ТЖ жағдайында материалдық-техникалық қор 12000 адамға арналған 4 ұтқыр автономдық шатырлы қалашықпен, арнайы қорғау жабдықтары бар контейнерлермен, химиялық және биологиялық жұғу аймағын бейтараптандырудың қозғалмалы зертханасымен, жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру және табу үшін қашықтықтан басқарушы роботпен, зардап шеккен 1000 адамды тез жазудың 2 дала госпитальімен, инженерлік қорғаудың ұтқыр жасағы үшін арнайы және ауыр инженерлік техниканың медициналық құрал-жабдықтарымен ұсынылған.

  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Алматы қалалық ЖҰмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының icon«Алғашқы әскери даярлық» пәні бойынша есеп
Ақтөбе әкімінің аппаратының әскери жұмылдыру және Азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлімімен бірлесе отырып 2011-2012 жылғы оқу жылында...
Алматы қалалық ЖҰмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының iconСемей қаласының шаруашылық ЖҮргізу объектілер бастықтарының назарына!
Р «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 23 бабына сәйкес, ұйымдардың басшылары бейбіт және соғыс уақытына арналған азаматтық қорғаныс...
Алматы қалалық ЖҰмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының iconАқтөбе қалалық ішкі істер басқармасының
Б криминогенді жағдайды тұрақтандыру, қылмыстардың алдын алу және ашуға сәйкес жүргізілетін жұмыстың тиімділігін арттыру және қоғамдық...
Алматы қалалық ЖҰмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының iconҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін...
Алматы қалалық ЖҰмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының icon«Азаматтық қорғау туралы»
Республикасы Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастыру қағидаттарын, Қазақстан Республикасының...
Алматы қалалық ЖҰмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының icon2010-2011 оқу жылындағы «Алғашқы әскери даярлық»
Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып 2010-2011 жылғы оқу жылында қаланың жалпыға бірдей...
Алматы қалалық ЖҰмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының icon«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының
Тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Қр тжм қазселденқоргау» мм-нің Алматы аумақтық пайдалану-техникалық...
Алматы қалалық ЖҰмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының icon«Қр тжм казселденкорғау» мм -сі Алматы аумақтық пайдалану-техникалық басқармасының
Тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Қр тжм қазселденқоргау» мм-нің Алматы аумақтық пайдалану-техникалық...
Алматы қалалық ЖҰмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының icon08. 02. 12 Мектеп директорларына!
Ақпан айының 29-ы күні қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының мәжіліс залында қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің...
Алматы қалалық ЖҰмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының iconБұйрық №367 19 қараша 2010 жыл Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу және ұйымдастыру
Шиелі аудандық білім бөлімі облыстық білім басқармасының 2010 жылғы 12 қараша №342 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница