Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы




НазваниеОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
страница9/27
Дата конвертации12.02.2016
Размер3.51 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://ontustik.gov.kz/sites/default/files/pages/oblistin_2011-2015_j.j._damy_bagdarlamasi.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

2009-2014 жылдар аралығында туризм дамуының

көрсеткіштерінің динамикасы


Атауы


өлшемі

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

9 айында

Келу туризмі

мың адам

7,5

7,3

7,1

8,0

14,7

14,9

Ішкі туризм

мың адам

83,0

81,0

73,8

93,7

103,1

105,0

Туристік іс-шаралар саны


саны

16

15

15

15

11

10



Туризм саласындағы негізгі проблемалары:

- туристік және көліктік инфрақұрылымдардың жеткіліксіз дамуы;

- жоғары дәрежелі экскурсоводтардың, әсіресе шет ел тілін меңгерген (ағылшын, италян) туризм нұсқаушысының жоқтығы;


Агро-өнеркәсіп кешені

Ауыл шаруашылығы – тұрғындарды маңызды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін Оңтүстік-Қазақстан облысының негізгі салаларының бірі. Облыстың мақта, темекі, көкөніс бақша дақылдары мен жүзімдер өсіруге қолайлы климаттық жағдайлары бар, сонымен қатар жайылымдықтарды жыл бойына азықтық база ретінде қолдану мүмкіндігі бар және осы арқылы мал шаруашылығының дамуына ықпал ете алады.

2003-2008 жылдары агроөнеркәсіп кешенінің дамуы тұрақсыз болды. Осы жылдарда мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты жағдайында, өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің тербелісі байқалған. Егер 2003 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің 72%-ын өсімдік шаруашылығы, сәйкесінше 27,5 %-ын мал шаруашылығының өнімдері құраған болса. Мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласын қолдауының және облыс әкімдігі тарапынан атқырылған жұмыстардың арқасында 2008 жылдан бастап бұл қатынас теңеліп, 2012 жылы мал шаруашылығының өнімінің үлесі ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің 44,6 %, өсімдік шаруашылығының үлесі 55,0 % құрады. Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 259,2 млрд. теңгеге жетіп, 2011 жылмен салыстырғанда 51,3 млрд.тг ұлғайды. Нақты көлем индексі 108,5 % құрап, Республикада бірінші орынға шықты.

Ал 2013 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі өткен жылдан 37,8 млрд.тг ұлғайып 297,0 млрд. теңгеге жетті. Нақты көлем индексі 104,1 % құрады. 2009 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге немесе 159,1 млрд.тг. артты (2009 ж. 137,9 млрд.тг., 2010 ж. 163,8 млрд.тг., 2011 ж. 207,9 млрд.тг., 2012 ж. 259,2 млрд.тг.).

Көрсеткіштердің атауы

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі (млрд.тг.)

137,9

163,8

207,9

259,2

297,0

Нақты көлем индексі (%)

106,6

106

111

108,5

104,0


Облыстың ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 4485,1 мың. га құрайды, оның ішінде 2003 жылы егін алқабына 740,0 мың га қолданылып, су шаруашылығы нысандарының істен шығуына және басқа да себептерге байланысты 2009 жылы 641,0 га дейін төмендеген. 2009 жылы мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде республикалық, облыстық бюджеттен 14,0 млрд теңге қаржы бөлініп, су шаруашылығы объектілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп 2009 – 2012 ж.ж аралығында 104,0 мың суармалы жер қосымша айналымға қосылды. Нәтежиесінде 2012 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары алқаптары 742,2 мың га орналыстырылды. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынған өнім көлемі орташа есеппен 20 % артты. Оның ішінде бақшадан 1100,0 мың тонна (148 %), мақтадан 380 мың тонна (113 %), картоптан 242,0 мың тонна (114 %), көкөніс 750 мың тонна 103 %), жүгері 94 мың тонна (110 %), майлы дақылдардан 73 мың тонна (101 %), жеміс-жидектен 78 мың тонна (143 %), жүзімнен 51,0 мың тонна (132 %) өнім жиналды.

Облыс бойынша гектар түсімділігі 2011 жылмен салыстырғанда жүгеріден 3,6 цн/га, көкөніс, бақшадан 14,0 цн/га, картоптан 10,4 цн/га,мақта 4,4 цн/га, жеміс-жидектен 5,4 цн/га артты.

Сонымен қатар облыста 292,0 мың га суармалы жерлердің көлемін кезең-кезеңімен қосымша ұлғайту бойынша облыс әкімдігінің қаулысы қабылданды. Іс-шара бойынша 40,0 мың га іске қосылды (2012 ж 21,2 мың га, 2013 ж 18,6 мың га).

2013 жылы егіс көлемі өткен жылдан 32,0 мың га артып, 774,3 мың га жетті (2012 ж 742,2 мың га). 2015 жылы егіс алқаптарын 813,6 мың га жеткізу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан алынған өнім көлемі дәнді дақылдардан 471,4 мың тонна (2012 ж. %-бен 166,8%), бақшадан 1100,0 мың тонна (100,2 %), мақтадан 396,7 мың тонна (104,5 %), картоптан 238,4 мың тонна (98,6 %), көкөніс 756,2 мың тонна (100,9 %), жүгері 99,7 мың тонна (106,1%), майлы дақылдардан 94,3 мың тонна (129,8%) өнім жиналды. Облыс бойынша гектар түсімділігі 2012 жылмен салыстырғанда дәнді дақылдардан 6,2 цн/га, жүгеріден – 1,3 цн/га, бақшадан – 1,4 цн/га, картоптан – 2,0 цн/га, мақтадан – 2,5 цн/га, майлы дақылдардан 2,7 цн/га артты.

Оңтүстік-Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының жүйелік мәселесі, суғару суының жетіспеушілігі. Бұл мәселенің жалғыз шешімі – суғару тиімділігін арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу. Егін алқаптарын суғаруда бір гектарына орташа 6000-7000 метр куб су жұмсалынады. Бұл көрсеткіш алдыңғы қатарлы технологияларды енгізіп жатқан шаруашылықтарда, тамшылатып суғару есебінен су шығыны гектарына 3000-3500 метр кубқа қысқарған. Есептеулер көрсетіп отырғандай, қолдағы бар көлеммен, қазіргіге қарағанда, ОҚО алқаптарын 5-6 есеге артық суғаруға болады. Соңғы жылдары тамшылатып суғару әдісі ендірілген ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары ұлғайуда.

2013 жылы тамшылатып суғару әдісі жалпы 26,8 мың га ендірілді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 26,5 есеге артық (2008 ж. 1,0 мың га, 2009 ж. 2,1 мың га, 2010 ж. 7,2 мың га, 2011 ж. 14,8 мың га, 2012 ж. 20,8 мың га). Бұл Республикадағы көрсеткіштің 83,8 % құрады. 2015 жылға тамшылатып суғару әдісін 40,0 мың га жеткізу жоспарлануда.

Қазір республикадағы негізгі мәселенің бірі – республика халқын көкөніс-жеміс өнімдерінің барлық сапалы түрлерімен жыл бойына қамтамасыз ету болып отыр. Ерте пісетін көкөніс өнімінің көлемін ұлғайтуда жылыжайлардың қосатын үлесі мол. 2013 ж. жылыжайлар көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 8 есеге артып 720 га жетті. Бұл Республикалық көрсеткіштің 85,7 % құрады (2008 ж. 90 га, 2009 ж. 124,1 га, 2010 ж. 200,0 га, 2011 ж. 371,0 га, 2012 ж. 565,4 га). Жылыжайлар есебінен 2013 жылы 115,0 мың тонна көкөніс өнімдері жиналды. 2015 жылы жылыжайлардың көлемін 930 га жеткізу көзделуде.

Азық-түлік теңгеріміне сәйкес облысымыз бүгінгі таңда халыққа қажетті 14 түрлі негізгі өнімдердің 11 түрімен толық қамтамасыз етіп отыр. Осыдан үш-төрт жыл бұрын қысқы және ерте көктемгі мезгілдерде жеміс-көкөніс сақтау қоймаларының тапшылығынан азық-түлік қорын жинақтауда бір-шама қиындықтар кездескендігі баршамызға белгілі. Осы мәселені шешу бойынша облыс әкімінің тікелей ықпалымен қаржы институттарын тарта отырып, нақты жұмыстарды үйлестірудің арқасында, бүгінгі таңда жеміс - көкөніс сақтау қоймаларының сиымдылығы 34,0 мың тоннадан 200,0 мың тоннаға дейін немесе 6 есеге ұлғайды. Осы қоймаларда бірінші кезектегі әлеуметтік маңызы бар картоп, пияз, көкөніс, жеміс-жидек өнімдерін сақтап, азық-түлік бағаларының көтерілуіне жол бермей, жыл бойына облысымызды сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасының 1-ші бағыты АӨК-ні қаржылық сауықтыру бағыты бойынша, 2013 жылы 9 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №816 қаулысымен «Қаржылай сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау туралы» Қағида бекітіліп, қолданысқа енгізілді.

Қағидаға сәйкес, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 2013 – 2014 ж.ж ауыл шаруашылығы техникалары жылдық 12,8% берілуде, оның 7% мемлекет субсидиялап, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне жылдық пайыздық мөлшерлеме 5,8 пайыздан түсуде. Нәтижесінде 2013 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер қосымша 642 бірлік ауыл шаруашылығы техникаларын жаңадан сатып алып, оның 122 бірлігі «ҚазАгроҚаржы»АҚ арқылы лизингке алынды. Бүгінгі күнге облыс бойынша жалпы 17,7 мың тракторлар, 1,7 мың комбайндар, 2,5 мың жүк көліктері және 43,3 мыңнан астам түрлі түрдегі агрегаттар еспте тұр.

Мал шаруашылығы

2013 жылы 2009 жылмен салыстырғанда облыс шаруашылығының барлық санаттарындағы: ірі мүйізді қара малдың саны 112,0 % артып 838,7 мың басты, қой мен ешкі 102,4 % артып 3657,7 мың басты, жылқы 131,5 % артып 199,7 мың басты, түйе 116,4 % артып 19,9 мың басты, құс 108,6 % артып 2479,3 мың басты құрады.

Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру 2009 жылмен салыстырғанда: ет сойыс салмағында 119,7 % артып 99,5 мың тонна, жұмыртқа 111,9 % артып 276,6 млн.дана, жүн 104,0 % артып 7,2 мың тонна, сүт 110,0 % артып 679,5 мың тонна, орташа бір сауынды сиырдан сауылған сүт 105,0 % артып 2192 кг сүт алынды.

Мал шаруашылығы саласында «Ірі қара мал экспортының әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде «Сыбаға» бағдарламасымен 2013 жылы 10 541 бас аналық сатып алынып, тапсырма 123 % орындалды (2011 ж. - 4637 бас, 2012 ж. - 5289 бас). Тұқымдық түрлендіруге 20,2 мың бас аналық ІҚМ қатысуда.

Облыста 2012 жылы 198 бірлік қолдан ұрықтандыру бекеттері жұмыс жасаған болса, 2013 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен қосымша 79 бекет, аудандық бюджет есебінен 31 барлығы 110 қолдан ұрықтандыру бекеттерінің құрылысы аяқталды. 2014 жылы облыстық бюджет есебінен 154 бекет құрылысын жүргізу жоспарлануда.

2013 жылы өткен жылмен салыстырғанда ұрықтандырылған ІҚМ саны 30% артып 168,4 мың бас ІҚМ қолдан ұрықтандырылды (2009 ж. 38,0 мың бас, 2010 ж. 43,0 мың бас, 2011 ж. 85,6 мың бас, 2012 ж. 130,1 мың бас). Бұл жалпы аналық ІҚМ 47 % құрайды.

Сонымен қатар, облыста кәсіпкерлікті дамытып, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, ауыл халқының әл-ауқатын жақсарту мақсатында облыс әкімінің қаулысымен «Оңтүстік Қазақстан облысының мал шаруашылығын дамытудың 2014 – 2016 ж.ж. арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді. Іс-шаралар жоспарының негізгі бағыты, облыстың ерекшелігіне байланысты, ұсақ шаруашылықтарды қолдап, шағын жобаларды дамыта отырып, жаңа кооперация жүйесін қалыптастыру. Қабылданған іс-шараның басымды бағыттары:

- 10-15 бастық шағын мал бордақылау алаңдары-8460 бірлік ;

- шағын жанұялық сүт ауарлары-1529 бірлік;

- сүт қабылдау бекеттері-91 бірлік;

- шағын құс фермалары-26 бірлік;

- аталған құрылымдарға сервистік қызмет көрсететін селолық тұтыну кооперацияларын ұйымдастыру-22 бірлік құруды көздейді.

Ауыл шаруашылығы шикі заттарын қайта өңдеу

Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын 10 ірі, 33 орта және 108 кішігірім цехтар бар.

2011 жылы еттің қайта өңдеу үлесі 16,0 %, сүттің 16,5 %, көкөніс 7,4 % құрады. 2011 жылдың қорытындысымен:

- өңделген ірі қара мал, шошқа, ешкі, қой, жылқы, түйе еті, балық және тағамдық ішек-қарын, 14195 тоннаны құрады, сәйкесінше 2010 жылмен салыстырғанда 3495 тоннаға артық, немесе 132,6%; ет өңдеумен айналысатын 3 ірі, 8 орта кәсіпорындар бар;

- өңделіп алынған сұйық сүт және кілегей және т.б. сүт өнімдері 140603 тонна, 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36202 тонна артық немесе 134,7%, сүт өңдеу бойынша 2 ірі, 2 орта және 18 кіші кәсіпорындар бар;.

- өсімдік майы және тазартылған мал майы 34320 тонна, немесе 2010 жылмен салыстырғанда 20,0% кем. Облыста 4 ірі май өңдеу кәсіпорындары бар;

- жеміс және көкөніс шырыны 9025,4 мың литр, 2010 жылмен салыстырғанда 159,1 мың тонна артық немесе 101,8% құрайды. Көкөніс және жеміс өңдеу бойынша 2 ірі кәсіпорындар бар.

2012 жылы еттің қайта өңдеу үлесі - 16,2 %, сүт - 22,8 %, жеміс-көкөніс - 11,6 % құрады. 2012 жылдың қорытындысымен:

- өңделген ірі-қара мал, шошқа, ешкі, қой, жылқы, түйе еті,құс,балық және тағамдық ішек-қарын 21340 тоннаны құрады, сәйкесінше 2011 жылмен салыстырғанда 7145 тоннаға артық, немесе 150,3%; ет өңдеумен айланысатын 1 ірі, 3 орта кәсіпорындармен 23 кіші цехтар бар;

- өңделген сұйық сүт және кілегей,т,б сүт өнімдері 135849 тонна, 2011 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 96,6% құраған, сүт өңдеу бойынша 2 ірі, 3 орта кәсіпорындармен 22 кіші цехтар бар;

- өңделген өсімдік майы және тазартылған мал майы 45235 тонна, 2011 жылмен салыстырғанда 10915 тоннаға артық немесе 131,8%, майлы дақылдарды өңдеу бойынша 3 ірі, 3 орта кәсіпорындармен 6 шағын өңдеу цехтары бар;

- өңделген жеміс-көкөніс шырыны өнімдері 9694,2 мың литр, 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 668,8 мың литрге артық немесе 107,4%, жеміс-көкөніс бойынша 1 ірі, 5 орта және 24 шағын өңдеу цехтары бар.

2013 жылы еттің қайта өңдеу үлесі – 17,0 %, сүт – 23,3 %, жеміс-көкөніс – 12,4 %құрады. 2013 жылдың қорытындысымен:

- өңделген ірі-қара мал, шошқа, ешкі, қой, жылқы, түйе еті, балық және тағамдық ішек-қарын 24276 тоннаны құрады, сәйкесінше 2012 жылмен салыстырғанда 2936 тоннаға артық немесе 113,8%; ет өңдеумен айланысатын 1 ірі, 3 орта кәсіпорындар мен 29 кіші цехтар бар.

- өңделген сұйық сүт және кілегей, т.б. сүт өнімдері 155773 тонна, 2012 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 19924 тоннаға артық немесе 114,7%, сүт өңдеу бойынша 2 ірі, 3 орта кәсіпорындар мен 28 кіші цехтар бар;

- өңделген өсімдік майы және тазартылған мал майы 34370 тонна, 2012 жылмен салыстырғанда 24 % кем, майлы дақылдарды өңдеу бойынша 4 ірі, 3 орта кәсіпорындармен 6 шағын өңдеу цехтары бар;

- өңделген жеміс-көкөніс шырыны өнімдері 5197,4 мың литр, 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 53,6% құрады, жеміс-көкөніс бойынша 1 ірі, 6 орта және 28 шағын өңдеу цехтары бар.

2013 жылдың қорытындысымен қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылыққа шығуы: ет өңдеу - 91,8%, сүт өңдеу - 180,3%, жеміс-көкөніс өңдеу - 41,0%.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарықта бәсекелестігін арттыру мақсатында ИСО және ХАССП халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстары жалғасуда. Облыста 45 мекеме ИСО және ХАССП стандарттарын енгізген, 2015 жылға дейін 6 мекеме енгізуді көзделуде.

Агроөнеркәсіп кешенін ғылым және кадрмен қамтамасыз ету

Саланы ғылыммен қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылдан бастап 019 «Инновациялық тәжірибені тарату мен енгізу жөніндегі іс-шараларды өткізу» облыстық бюджеттік бағдарламасы бойынша инновациялық жобалар іске асырылуда. Осы бағдарлама арқылы соңғы 4 жылда 114,5 млн.тг (2010 ж. 25,5 млн. тг., 2011 ж. 13,8 млн.тг., 2012 ж. 25,8 млн.тг., 2013 ж. 49,4 млн.тг.) 18 жоба қаржыландырылып іске асырылды. Оның ішінде 2013 жылы 6 инновациялық жобалар қаржыландырылып, өндіріске ендірілді. Бағдарлама шеңберінде мал тұқымын асылдандыру және оның сапасын жақсарту мақсатында ІҚМ, қой шаруашылығында қолдан ұрықтандыру жұмыстарын жүргізу және ветеринариялық қауіпсіздікке басымдылық берілді. Егін шаруашылығында жоғары өнім беретін ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын өндіріске ендіру және мақта шаруашылығында күзде жерді айдамай терең копсыту технологиясын қолдану бойынша жобалар іске асырылып, өз нәтежиесін беруде.

Облыста ауыл шаруашылығының ғылыми жұмыстарымен «ҚазАгроМаркетинг» АҚ-на қарасты «Оңтүстік-Батыс өсімдік және мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-гі, Мақтарал ауданында орналасқан «Қазақ мақта шаруашылығы институты ғылыми зерттеу институты» ЖШС-гі, Сайрам ауданында орналасқан «Тассай» білім тарату орталығы және Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті оқыту және консультациялық қызметін көрсетеді.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы туралы
Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы“ Қазақстан Републикасы Президентiнiң 2003...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған
Облыстың 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница