Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы




НазваниеОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
страница8/27
Дата конвертации12.02.2016
Размер3.51 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://ontustik.gov.kz/sites/default/files/pages/oblistin_2011-2015_j.j._damy_bagdarlamasi.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

Инновациялар

Инновациялық-белсенді мекемелер үлесі 2009 жылы - 2,2 % құрады, 2011 жылы - 7 %, 2012 жылы - 5 %, 2013 жылы - 6,4 % құрады, оны 2015 жылға қарай 9,6 % жеткізу жоспарлануда.

Мекемелердің инновациялық белсенділігі

2008 жылмен салыстырғанда инновациялық өнім көлемі 3 есеге өсіп, 4422,5 млн.теңгені құраған, инновациялық сипатта көрсетілген қызметтер – 352,9 млн.теңгені құрады. Технологиялық инновацияларға арналған капиталдық және ағымды шығындар 713,0 млн.теңгені құрады (2008 жылы – 1367,9 млн.теңге). Бұл жағдайда технологиялық инновациялармен байланысты машиналарды және жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындар 46,4 %, жаңа өнімдерді, өндірістік үрдістерді зерттеуге және әзірлеуге – 46,1 % бағытталды. Инновациялық жобаларды инвестициялаудың негізгі үлесі мекемелердің жеке қаржысына түседі – 55,1 %, республикалық бюджетке – 41,0 %, дамыту институттарының қаржысына – 3,7 %, жергілікті бюджетке – 0,2 %.

2009 жылы орындалған ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі 367,0 млн.теңгені құрады, ғылыми-техникалық жұмыстардың жалпы көлемінде негіз қалаушы зерттеулер үлесі – 17,7 %, қолданбалы – 61,9 %, ғылыми-техникалық әзірлемелер – 20,4 %.

2012 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 2081 кәсіпорынның инновациялық қызметіне статистикалық байқау жүргізілді. Есепті кезеңде 104 шаруашылық жүргізуші субъектілер технологиялық инновацияларға ие болды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 2009 кәсіпорындарының инновациялық қызметіне статистика-лық байқау жүргізілді. Есепті кезеңде 129 шаруашылық субъектілері инновацияларға ие болды (2012 жылы – 104 кәсіпорын).

2012 жылы инновациялық өнімнің көлемі 22588,7 млн. теңгені құрады, (2009 ж. - 4422,5 млн.тг) инновациялық сипаттағы қызметтер 936,7 млн. теңге көлемінде көрсетілді.

2013 жылы инновациялық өнімнің көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 46,9 %-ға өсіп, 33177,5 млн. теңгені құрады (2009-4422,5 млн. тг) және одан 37134,9 млн. теңгенің өнімі өткізілді. Өткізілген инновациялық өнімнің ішінен 3591,4 млн. теңгенің өнімі экспортқа шығарылды.

Жүргізілген зерттеулер бойынша өнімдік және үдерістік инновациялар үлесі 2,3 есе өскен, өткен жылмен салыстырғанда 26382,3 млн.теңгені құрады (2012 ж. – 11208,2 млн. теңге). Кәсіпорынның өз қаражаты 10726,4 млн.теңге, жалпы қаражаттың 40,7 % құрайды.

2013 жылы жүргізілген зерттеу мәліметтері бойынша өнімдік, үдерістік, ұйымдық және маркетингтік инновациялары бар кәсіпорындардың көпшілігі Шымкент қаласында (67,4 %), Сайрам ауданында (8,5 %) және Түркістан қаласында (7,0 %) істейді.

Инновациялық қызметті белсендіру және технологияларды трансферттеу мақсатында облыс әкімдігінің жанынан «Шымкент инновация» ЖШС 2012 жылы 18 мамырда құрылды. Нәтижесінде облыста жалпы сомасы 527,5 млрд. теңгені құрайтын шетелдік қатысуы бар 46 жаңа инвестициялық-инновациялық жобалар жүзеге асырылуда.

2013 жылы «Шымкент инновация» ЖШС және ОҚО кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасымен бірге мемлекетке тиесілі гранттар бойынша "Бизнес жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында үш байқау өткізілді.

Инновациялық қызметтің негізгі проблемалары:

  • Инновациялық қызметті дамыту үшін қаржыландыру көздеріне қол жеткізу.

Проблемаларды шешу жолдары:

- Қазіргі таңда, «Шымент инновация» ЖШС қызметін қаржыландыру бойынша, «Индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау» 004 мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде (қызмет көрсету) Астана Innovations» АҚ аналогиясы бойынша «Шымкент инновация» ЖШС қызметін облыс бюджетінен тікелей қаржыландыруды ұсынылды. (Анықтама: Астана Innovations» АҚ аналогиясы бойынша «Шымкент инновация» ЖШС қаржыландыру бойынша Ұлттық даму институттарының және индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесіне «Шымкент инновация» ЖШС енгізу туралы ұсыныс ҚР Премьер-Министрі С.Ахметовтың атына жолданған (2013 жылдың 13 қыркүйекте №05/73 облыс әкімдігінің хаты)).

1 кесте


Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша индустриализациялаудың республикалық

Карта жобаларының тізбесі




Жобаның атауы

Жобаның өтінім берушісі

Жүзеге асыру мерзімі, жылдары

Пайдалануға беру, жылы

1

2

3

4

5

1

«Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ-да іске қосылған қуаттарды кеңейту және GMP стандарттарына сәйкестеп Астана қаласында фармацевтикалық фабрика салу»

«Химфарм» АҚ

2009-2013

2013

2

«Үшбас пен Герес кен орындарының базасында моноаммоний- және диаммонийфосфатты өндіру»

ЖШС «МК «Казахстанские минеральные ресурсы»» («ҮшГер» АҚ )

2010-2016

2016

3

«Шардара ГЭС-сын модернизациялау»

«Самрук-Энерго» АҚ

2011-2016

2016

4

«Мақтаның сұрыптық ұрығын өндіруге арналған зауытын салу»

«Қазақстан мақтасы» АҚ

2008-2010

2010

5

«Мақта жіп өндірісін ұйымдастыру»

«Oxy-Textile» ЖШС

2008-2010

2010

6

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта тоқыма өндірісін ұйымдастыру»

«Ютекс KZ» АҚ

2007-2016

2016

7

«Мақтақұрамдас шикізаттан ылғал жұтқыш мақта, мақталық целлюлоза және техникалық карбоксиметилцеллюлоза өндірісін ұйымдастыру»

«Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС

2008-2010

2010

8

«Түйе тауықты өсіретін, оның етін өндіретін және қайта өндіретін тауықкомплексі»

«Ордабасы Құс» ЖШС

2009-2010

2010


2 кесте


Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша индустриализациялаудың республикалық Карта жобаларының тізбесі




Жобаның атауы

Жобаның өтінім берушісі

Жүзеге асыру мерзімі, жылдары

Пайдалануға беру, жылы

1

2

3

4

5

1

«Жоғары санатты жағар материалдарын өндіретін зауытын салу»

«Hill Corporation» ЖШС

2007-2010

2010

2

«Цемент зауыты»

«Стандарт Цемент» ЖШС

2008-2010

2010

3

«Керамогранитті жылына 2,5 млн. м2 қуатымен өндіретін зауыты»

«Азия керамик» ЖШС

2006-2010

2010

4

«Битум зауытын салу»


ТОО «Битум»


2009-2011

2011

5

«Өсімдік май өндірісін ұйымдастыру»

«Бақдәулет» ЖШС

2009-2011

2011

6

«Металлоконструкция (үйлесім) өндірісі»

«Alageum Electric» АҚ

2009-2011

2011

7

«Шошқа бағу, қарқынды жем беру ісін үдету, ет өнімдеріне арналған шошқа етін қайта өндіру өнеркәсіптік технологиясын енгізу арқылы бұрын жұмыс істеген шошқа фермасын жандандыру»


«Племенной комплекс Ордабасы» ЖШС

(«Ордабасы асыл тұқым комплексі» ЖШС)

2009-2011

2011

8

«Өсімдік май өндірісін ұйымдастыру»

«Шардара май-жем комбинаты» ЖШС

2009-2012

2012

9

«Минералды тыңайтқыш өндірісі»

ТОО «Қайнар»

2008-2011

2011

10

«Шымкент қаласында сауда-логистикалық орталығын салу»

«Торгово-логистический центр г.Шымкент» ЖШС

2009-2015

2015

11

«Келес өзенінде орналасатын шағын гидроэлектростансасын салу»

«Келес-гидрострой» ЖШС

2009-2013

2013


Туризм

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның тарихи орталығы болып табылады. Облыста 2010 жылы - 1111, 2013 жылы - 1209 тарихи және мәдени ескерткіштері орналасқан. Облыс аймағында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстанбаб кесенесі, Домалақ Ана кесенесі, сонымен қатар, ежелгі қаланың орны «Отырар», «Сауран» және көптеген басқа да тарихи нысандар орналасқан. Өңіріміз этнографиялық, тарихи-археологиялық нысандармен қамтылған және әлемдік туристік нарықта сұранысқа ие табиғи демалыс аймақтарына Ақсу-Жабағлы, Сайрам-су, Өгем, Қырыққыз, Біркөлік шатқалдарын жатқызуға болады. Жыл сайын облыстық, республикалық маңызы бар жолдар ағымдық және күрделі жөндеуден өткізілуде, мұның өзі туризмді дамытуға үлкен үлес қосады.

Облыста туризмді дамытуда төмендегі басымдық бағыттарда жұмыстар жасалынуда:

- мінәжат ету туризмі;

- экологиялық туризм;

- емдеу-сауықтыру туризмі;

- балық, аң аулау туризмі.

Облыс өзінің туристік мүмкіндігін халықаралық туристік іс-шараларға, көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысуын қамтамасыз етуде.

«Оңтүстік Қазақстанның туристік мүмкіндіктері» Веб-сайтының ақпараттары тұрақты жаңартылып отырады. «Оңтүстік Қазақстанға қош келдіңіздер!» атты бейне таспасы шығарылды.

Оңтүстік Қазақстан облысының туристік өнімге маркетинг жүргізу мен өткізуді ұйымдастыру мақсатында «Оңтүстік Қазақстан» атты деректі фильмі, сонымен қатар, «Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық сәулет өнері» атты фильм дайындалып түсірілді. Фильмді электронды нұсқада қолданушыларға ағылшын және орыс тілдерінде 500 данасы шығарылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 4 стандартты жарнамалық-ақпараттық буклеттер дайындалды: «Орта ғасыр сәулет өнері», «Тау-экологиялық туризм», «Шымкент», «Этникалық туризм».


Көрсеткіштер атауы

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж. 6 айында

Туристік ұйымдардың саны

25

31

52

89

114

114

Қонақ үй (бірлік)

62

63

71

99

104

109

Театр (бірлік)

8

8

8

8

8

8

Театрға келушілер саны (1000 адамға шаққанда)

116

122

115

124

118

116

Кинотеатр (бірлік)

2

2

2

2

2

2

Мұражай (бірлік)

12

12

13

13

24

24

Мұражайға келушілер саны (1000 адамға шаққанда)

86

88

87

91

92

91

Кітапхана (бірлік)

431

435

432

434

432

432

Кітапханаға келушілер саны (1000 адамға шаққанда)

220

212

208

207

201

198

Клуб (бірлік)

287

266

267

271

268

264

Демалыс саябағы мен жануарлар саябағы (бірлік)

8

12

13

13

13

11

Қонақ үйлермен көрсетілген қызмет көлемі (млн.тг.)

403,5

453,6

800,5

1030,9

1398,2

1399,2

Қонақ үйлермен қызмет көрсетілген туристер саны (адам)

83055

92648

80990

101877

117785

64250

Резидент емес (адам)

7211

7700

7160

8012

14638

5817

Бір реттік сыйымдылық төсек-орындар

2181

2347

2323

4167

4224

4708

Орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі ( млн.тг.)

356,9

518,1

681,3

1085,6

1398,2

1455,2



Туризм саласының 2009-2014 жылдарға арналған көрсеткіштері


Сонымен қатар, ОҚО әкімдігінің арнайы жүргізген сараптамасы бойынша, 2014 жылдың 6 айында туристердің, экскурсанттардың қызмет кґрсету орындарына, мұражайларға, кесенелерге келушілер саны: ішкі туризм - 823 287 адамды, сыртқы туризм - 23243 адамды, соның ішінде ТМД елдерінен - 10 307 адамды құрады.

Сондай-ақ, статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2013 жылы туристік саладан түскен жиынтық табыс көлемі 6 798 812,0 мың тг. құрап 2012 жылмен салыстырғанда (6 346 900,0 мың тг.) 8 %-ға өсіп отыр.

Туризмнің әлеуетті салалары анықталып отыр, яғни, Түркістан қаласы және Отырар ауданындарын орталық ете отырып тарихи-танымдық туризм, Сарыағаш ауданын орталық ете отырып емдік-сауықтыру, Төлеби ауданын орталық ете отырып экологиялық туризм және тау-шаңғы және жағажай туризмін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде – «Қасқасу» және «Шардара».

1. Төлеби ауданында тау-шаңғы курортын дамыту мақсатында «Қасқасу» туристік-рекреациялық кешенінің құрылысын жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2011 жылы «Қазақстан Республикасы туристік индустриясының әлеуетті салаларын дамыту бойынша 2011-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасының» аясында «Қасқасу» IРК инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына» республикалық бюджеттен 103,5 млн. тг. жобалық-сметалық құжаттар (ЖСҚ) әзірленді. Жобаның жалпы құны – 2 899,745 млн. тг.

2013 жылы «Қасқасу» туристік рекреациялық кешенінің инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін «БЖК 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 200,0 млн. тг. және облыстық бюджеттен 100,0 млн. тг. қаржы бөлінді.

2. Сарыағаш ауданында минералды және термальді су көздерін қолдану арқылы емдік-сауықтыру туризімін дамыту мақсатында жаңа курорт аумағын салу жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

2014 жылы облыстық бюджеттен 27,0 млн. тг қаржы бөлініп егжей-текжей жоспары әзірленуде.

Облыс әкімдігімен «Сарыағаш» жаңа курортты қалашығында минералды және термальді суларды 2020 жылға дейін дамыту бойынша шебер-жоспар әзірлеу үшін «IPK International» неміс консалтингтік компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

3. Шардара су қоймасы аумағында жағажай туризмін дамыту мақсатында 245,0 га жер учаскесі анықталып, ол жер учаскелері орман қорының балансында болғандықтан, қазіргі таңда елді мекен санатына ауыстыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

2014 жылы облыстық бюджеттен 16,2 млн. тг. қаржы бөлініп Шардара су қоймасы жағажайының жоспары әзірленуде. Қазіргі таңда, әлеуетті инвесторлар анықталып отыр.

4. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында Түркістан қ., Сайрам, Түлкібас және Бәйдібек аудандарында 4 жол бойы қызмет көрсету нысандарын салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында 84 номерлі «Holiday Inn» халықаралық брендтік қонақ үйінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылдың аяғында іске қосылуы жоспарланып отыр.

Жыл сайын туристік нысандарға алып баратын жолдардың құрылысы және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, соңғы үш жылда Сауран қалашығы, Үкаш ата және Гауһар ана кесенелеріне кіре беріс жолдар салынды, сондай-ақ, «Ақ бура» туристік кешеніне баратын жолдың құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленді.

2014 жылы Сайрам ауданы Ақсу ауылында жолбойында қызмет көрсету орталығы «Алматы motel» нысаны салынды.

Бұдан бөлек, қалған 3 ауданда инвесторларға жер телімдері бөлініп, эскиздік жобасы әзірленді.

2010-2013 жылдары облысымызда 45 туристік нысандар құрылды, оның ішінде «Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны - 6,8 млрд. теңге құрайтын 28 нысан жүзеге асырылды.

Төлеби ауданында бірқатар демалыс аймақтары салынды: «Алтын дан», «Тау самалы», «Eco village Kaskasu», «Науытсай- Керегетас», және Сарыағаш ауданында «Aray de luxe», «Kazakhstan KZ» шипажайлары және т.б..

Төлеби ауданында «Изуми» 50 орындық (жоба құны 148,0 млн. тг.)және «Тау-самалы» емдік-сауықтыру орталығы 200 орындық (жоба құны 1 104,0 млн тг.) демалыс аймақ құрылыстары жеке инвестициялардың есебінен жүргізілуде.

Шымкент қаласында 2014 жылы 180 орынды бес жұлдызды «Rixoss Shymkent» қонақ үйін іске қосылуы жоспарланып отыр, бұл жоба «БЖК 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асып отыр. Жобаның жалпы құны 9 150,0 млн. тг.

Сондай-ақ, мінәжат ету туризмін дамыту мақсатында жергілікті бюджет есебінен Түркістан қаласында «Саяхатшыларға қызмет көрсету орталығы», «Халық қолөнері шеберлері орталығы» және «Тарихи-мәдени этнографиялық мұражайы» іске қосылды.

Туризм саласындағы маңызды бағыттардың бірі туристік имиджді қалыптастыру және ұлттық туристік өнімді алға жылжыту.

Облыс делегациясы жыл сайын халықаралық туристік көрмелер мен форумдарға қатысуда.

Оңтүстік Қазақстан облысының туристік тартымдылығын насихаттайтын жарнамалық-ақпараттық материалдар (буклеттер, туристік карта, туристік жол сілтегіштер) әзірленіп шығарылды.

2014 жылы ОҚО туристік тартымдылығы туралы 5 минуттық және 45 секундтық бейне роликтер мен 26 минуттық фильм әзірленді. Бүгінгі күні Еуропа, Азия және Африка елдеріне арналған CNN телеарнасында 45 секундтық ролик, «Хабар», «Қазақстан», «Бірінші арна Еуразия» телеарналарында 26 минуттық фильм трансляцияланды.

Сонымен қатар, Еуропа және ТМД елдеріне арналған National Geographic телеарнасында 5 минуттық роликті трансляциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысының туристік тартымдылығы мен туристік нысандары бойынша «Travel talk», «FVW Daily», «FVW Magazines», «BIZ», «Central open Asia» халықаралық журналдарында 120 000 тиражды жарияланым шығарылды.

Кіру және ішкі туризмін дамыту мақсатында облыс көлменіде бірнеше ірі туристік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді:

  • «Бард әндері» халықаралық фестивалі;

  • «Сарқылмас саяхат» республикалық жәрмеңкесі;

  • шет елдік туристік ұйым БАҚ өкілдеріне ақпараттық тур ұйымдастырылып өткізілді.

  • бірқатар этникалық, және балалар туризмін дамыту мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

2014 жылы қазан айында халықаралық туристік-инвестициялық форум өткізу жоспарлануда.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы туралы
Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы“ Қазақстан Републикасы Президентiнiң 2003...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған
Облыстың 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница