Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы




НазваниеОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
страница6/27
Дата конвертации12.02.2016
Размер3.51 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://ontustik.gov.kz/sites/default/files/pages/oblistin_2011-2015_j.j._damy_bagdarlamasi.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Тері, тері өнімдерін және аяқ киім өндірісінде

2012 жылы сала кәсіпорындарымен 56,6 мың пар аяқ кимі шығарылды немесе 2011 жылмен салыстырғанда НКИ 120,9% құрады.

Қазіргі кезде тері бұйымдар өндірісіне басты назар аударылуда. Осы келесідей кәсіпорындар жұмыс жасауда: «Turan-Skin» ЖШС (жартылай фабрикат былғары, ірі қара малдың (ІҚМ) және майда мүйізді малдың (МММ) иленген терісі), «LEON» ЖШС (ІҚМ және МММ терісін өңдеуші). Сондай-ақ, Шымкент қ. «Оңтүстік» индустриялды аймағында 3 зауыт салынуда: «Узал-Дери» ЖШС-ның ІҚМ және МММ терісін өңдейтін фабрика, «AL-SHYM» ЖШС-ның тері өңдеу өндірісі мен тері бұйымдарын шығару цехы, «Куат-2002» ЖШС-ның жүн жуу және өңдеу, тері шикізатын өңдеу фабрика.

ҮИИДМБ аясында Индустрияландыру картасы шеңберінде жеңіл өнеркәсіп саласының жалпы құны шамамен 30,5 млрд. теңге құрайтын және 2373 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 11 жобасы жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда, олардың ішінде жалпы құны 9,6 млрд. теңге құрайтын және 835 жаңа жұмыс орнын ашқан 5 жоба іске қосылған.


Құрылыс материалдар өндірісін дамыту

2009 жылы металл емес минералды өнімнің басқа түрлерінің өндірісі 14800, 430 млн.теңге сомасын құрды, 2008 жылмен салыстырғанда физикалық өнім индексі 108,2 % құрады. 2010 жылы 19653,3 млн. тенгеге өнім шығарды, НКИ 2009жылдың тиісті кезеңімен 134,5% құрады.

2011-2013 жылы бағдарламаның іске асыру кезінде кәсіпорындармен шығарған өнімі: 2011 жылы – 23529,6 млн. теңге (НКИ – 120,3 %), 2012 жылы – 27715,0 млн. теңге (НКИ – 122,5 %), 2013 жылы – 39729,9 млн. теңге (НКИ – 109,4 %), НКИ 2010 жылы 161,2 % құрады (2008 ж.- 234,6 %). 2014 жылдың қаңтар-маусымда 17535,2 млн. теңге немесе 110,2 % 2013 жылдың тиісті кезеңімен. Аталған салада негізінен құрылыс матиралдары:: цемент, кірпіш, шифер және асботруб т.б.

Облыстың нақты саласы келесі мекемелерден құрылған: цемент өндіру бойынша – «Шымкентцемент» АҚ, «Sas-Tobe Technologies» ЖШС, кірпішті өндіру – «Құрылыс материалы» ЖШС, «Рауан» ЖШС, «Батсу қыш» ЖШС, «Дина-Н» ЖШС, шифер және асбоқұбыр – «Асбоцемтконструкция» АҚ, темірбетон өнімдерін өндіру – «ТурАхмет және Компания», «Яссы трансформер» ЖШС, «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС, «Ныш-Ер» ЖШС және құрылыс материалдарының өндіру негізін құрайтын басқа мекемелер.

«Шымкентцемент» АҚ 2009 жылы 697,2 мың тонна цементті 6,2 млрд.теңгеге өндірді. 2010 жылдың бағалауы – 712,0 мың тонна цемент 7,0 млрд.теңгеге. Зауытта өндірісті қайта құру ісі жалстырылуда. Клинкерлік тоңазытқыштардың модификациясы, №3 цемент диірменін қайта орнықтыру, сығылған ауа жүйесін модернизациялау бойынша жобалар іске асуда. 2009 жылы экологияны жақсарту мақсатымен зиянды шығаруларды азайту бойынша электрсүзгілерін орнату аяқталды. Мекемеде ИСО 9001-2000 халықаралық сапа менеджментінің жүйесі енгізілген.

«Құрылыс материалы» ЖШС 2009 жылы 70,0 млн. теңгеге өнім шығарды, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 7,7 % аз. 2010 жылы 16,4 мың куб метр кірпішті 95,6 млн.теңгеге өндірілді.

«Асбоцемконструкция» АҚ 2009 жылы 292,8 млн.теңгеге өнім шығарды, шифер табиғи мәнінде 904,5 мың куб м, асбоқұбыр – 126 тонна. Өндіріс көлемі тапсырыстың аз түсуінен болды.

2010 жылы – 750,5 млн.теңге құрады немесе шифер – 1000,0 мың кв.м., асбоқұбыр – 250 тонна.

«Sas-Tobe Technologies» ЖШС-нің өнім шығару көлемі 2009 жылда 2070,2 млн.теңгені құрады, шығарылған цемент – 256,8 мың тона, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 78,7 % құрады. Өнімді шығару көлемінің төмендеуі сұраныстың төмендеуніне болды. 2010 жылдың бағалауы – 3350,8 млн.теңге немесе 432,7 мың тонна өнім.

Ордабасы ауданында «Рауан» ЖШС-де 2009 жылы 91,2 млн.теңгеге өнім немесе 4988,6 мың дана кірпіш шығарылды.

«Батсу» ЖШС 2009 жылы құрылыс крпіштерін 72,0 мың теңгеге немесе 5800,0 мың дана шығарды.

Түркістан қаласындағы «КСД және К» ЖШС 2009 жылы бетоннан дайындалған өнімдерді құрылыс мақсаттарына 42,1 млн.теңгеге немесе 2448 тонна СБӨ шығарды, 2010 жылы мекеме 45,0 млн.теңгеге өнім шығарылды. «Ныш-Ер» ЖШС 2009 жылы бетоннан дайындалған өнімдерді 133,6 млн.теңгеге немесе 12300 тонна СБӨ шығарды. 2010 жылы мекеме 135,0 млн.теңгеге өнім өндірілді. «Яссы Трансформер» ЖШС 2009 жылы өнімді 523,4 млн.теңгеге шығады.

2010 жылы құрылыс кірпішіні өндірумен айналысатын мекемелермен 114,9 мың куб.м өнім шығарылды немесе 2009 жылмен салыстырғанда 3,5 % өсті. 2010 жылы цемент өндірісін 987,3 мың тоннаға дейін, тауарлық бетонды – 306,3 мың тоннаға дейін, өсу қарқыны 4,5 %, құрылыс мақсаттары үшін бетоннан дайындалған бұйымдар – 141,5 мың тонна, өсу қарқыны 5,5 % құрады, басқа да металл емес өнімдер қаржылай мәнінде 16500,0 мың теңге, өсу қарқыны 11,5 % құрады. 2009 жылдың мамыр айында «Дина-Н» ЖШС-нің жылына 40 млн. кірпіш қуатымен «Күйдірілген кірпіштің өндірісі» бірінші жобасы ендірілді, бұл жерде 80 жұмыс орны пайда болды. Жоба 700,0 млн.теңге сомасындағы несие ресурстары есебінен іске асырылды. 2010 жылдың наурыз айында керамогранитті тақтайларды өндірумен айналысатын «Азия керамик» ЖШС-нің зауыты ашылды. Жобаның құны жылына – 5550, млн.теңге, қуаты – 2,5 млн.шаршы метр керамогранит. Құрылған жұмыс орындарының саны – 200. Мекеменің Қазақстан мен Орталық Азия өңірі бойынша теңесі жоқ. «Barbieri Tarozzi S.R/L» итальяндық компаниясының қондырғыларымен жабдықталған мекеменің шығаратын өнімі халықаралық стандарттарға сәйкес болады.

Цемент өндірісі. Аталған сала кәсіпорындар: «Шымкентцемент» АҚ, «Sas-Tobe Technologies» ЖШС , «Стандарт Цемент» ЖШС (2010ж.қосылған). 2009 жылы облыс бойынша 953,1 мың.тонна цементі 8224,0 млн. теңге, соның бірге: «Шымкентцемент» АҚ – 696,4 мың. тонна (6153,8 млн. теңге), «Sas-Tobe Technologies» ЖШС – 256,7 мың. тонна (2070,2 млн. теңге). 2012 жылы облыс бойынша 1739 мың. тонна цемент өндірісі 17546,8 млн. тенгеге, және: «Стандарт Цемент» ЖШС – 696,2 мың. тонна (6481,8 млн. теңге), «Шымкентцемент» АҚ – 609,6 мың. тонна (7746,1 млн. теңге), «Sas-Tobe Technologies» ЖШС – 433,2 мың. тонна (3318,9 млн. теңге). 2013 жылы облыс бойынша 1909,8 мың. тонна цемент 22417,0 млн. тенгеге өнім шығарды, және «Стандарт Цемент» ЖШС – 848,1 мың. тонна (9698,6 млн.теңге), «Шымкентцемент» АҚ – 644,8 мың. тонна (8714,1 млн. теңге), «Sas-Tobe Technologies» ЖШС – 416,8 мың. тонна (4004,3 млрд. теңге). 2013 жылы цемент өндірісі табиғи түрде 2010 жылмен салыстырғанда 60,0 % өсті, ақшалай түрде 2,7 есеге.

«Стандарт Цемент» ЖШС 2010 жылы іске қосылды, кәсіпорында құрғақ әдіс технологиясы қолданылады жылына 1,0 млн.тг цемент шығаруға мүмкіншілігі бар. Сапа жағынан халықаралық стандарттарға сай келеді. Жобаны қаржыландыру Қытайлық «Эксим Банка» – 6,7 млрд. теңге, кредиттік желі «ДойчеБанка» – 1,5 млрд. теңге, кредиттік желі БТА – 2,25 млрд. тенге, барлық кредиттің операторы БТА болып табылады.

«Шымкентцемент» АҚ аталған әдіспен жүйені енгізу жобасы іске асырылуда. Жобаны іске асыру 2014 жылға жоспарланған.

Кірпіш өндірісі. 2009 жылы облыс бойынша кірпіш өнімі 97,5 мың. шаршы метр. немесе 70,2 % 2008 жылға. 2013 жылы облыс бойынша кірпіш өнімі 159,2 мың. шаршы метр. өнім шығарылды.

Облыста кәсіпорындармен: «Курылыс материалы» ЖШС, «Айгул-ТЖ» ЖШС, СП «Уйтас К» ЖШС (Шымкент қаласы), «Батсу Водоканал» ЖШС, «Рауан-7» ЖШС, «НИМЕКС Констракшн» ЖШС, «Куан» ЖШС, «Бадам онимдери» ЖШС, «Шахар» ЖШС, «Отырар кыш» ЖШС, «Керемет-Центр» ЖШС, «Болашак-7» ЖШС, ЧП Докучаев (Ордабасы ауданы), «Кумбез курылыс» ЖШС, «Хаджи-К» ЖШС, ЧП Орашев, «КНМ и К» ЖШС (Сайрам ауданы), «Дина-Н» ЖШС, «Муслим и К» ЖШС, ЧП Байсупиев (Сарыағаш ауданы), «Бинэкс» ЖШС (Туркестан қаласы), «Женис и К» ЖЖШС (Казығұрт ауданы), «Ауыл курылыс» ЖШС, «Балыкты кирпич» ЖШС (Түлкібас ауданы), «Арай-Толеби» ЖШС, «Карим Т» ЖШС (Төлеби ауданы).

2010 жылы наурызда керамикалық плиталар шығаратын «Азия керамик» ЖШС. зауыты ашылды. Жобаның құны – 5550, млн. теңге, қуаттылығы – 2,5 млн. кв. м керамогранит жылына. Жобаны қаржыландыру Қазақстандық даму Банкінің несие ресурстары есебінен жүзеге асырылды. Жоба 2011 жылдың күзінен тоқтап тұр. Себебі шетелдік инвесторлардың өз міндеттемелерін орындамағаннан болды. Қазіргі таңда, аталған жоба тоқтап тұр.

Әк өндірісі. Аталған саланың кәсіпорындарымен: «Тюлькубасский известковый завод» ЖШС және «Умид СД» ЖШС (Түлкібас ауданы). 2009 жылы облыс бойынша әкті 36,2 мың. тоннаға өнім шығарды немесе 42,9 % 2008 жылға. 2013 жылы облыс бойынша әкті 99,6 мың. тонна немесе 113,1 % 2012жылға. 2009 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 2,8 есеге өсті.

Құрылыс қажетігіне арналған бетон заттары. 2009 жылы облыс бойынша бетон бұйымдарын 151,4 мың.тонна. Негізінен өнім өндірісі: Шымкент – 57,5 мың.т, Түркістанда – 76,2 мың. т, Отырар – 7,4 мың. т, Сайрам - 2,2 мың. т, Сарыағаш – 8,0 мың. т.және Төлеби аудандарында – 0,1 мың. тонна.

2013 жылы облыс бойынша бетон бұйымдары 364,5 мың. тонна өнім шығарылды. Аталған өндірістердің орналасқан жері: Шымкент қаласы – 182,8 мың.т, Түркістан – 125,7 мың. т, Ордабасы ауданы– 9,9 мың. т, Сайрам - 40,7 мың. т, Сарыағаш - 5,0 мың. т және Төлеби – 0,4 мың.т. 2009 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 2,4 есеге өсті.

Тауарлық бетон өндірісі. 2009 жылы облыс бойынша тауарлық бетонды 388,2 мың. тоннаға өнім шығарды. Аталған өндірістердің орналасқан жерлері: Шымкент қаласы – 188,1 мың. т, Түркістан – 45,1 мың. т, Ордабасы ауданы – 1,4 мың. т, Сайрам - 124,9 мың. т, Сарыағаш - 11,7 мың. т, Төлеби – 12,9 мың. т және Түлкібас – 4,1 мың. т.

2013 жылы облыс бойынша тауарлық бетон өнімін 1044,8 мың. тонна шығарды. Аталған өндірістердің орналасқан жерлері: Шымкент қаласы – 530,3 мың. т,Түркістан – 171,1 мың. т, Бәйдібек ауданы – 3,4 мың. т, Қазығұрт – 95,4 мың. т, Ордабасы – 91,2 мың. т, Сайрам – 59,8 мың. т, Сарыағаш – 60,2 мың. т, Созақ– 15,8 мың. т, Төлеби – 4,5 мың. т және Түлкібас аудандарында – 13,1 мың. т. 2009 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 2,7 есеге өсті.

Шифер және асботрубалар өндірісі. Облыста шифер және асботрубалар өндірісімен «Асбоцемконструкций» АҚ жұмыс істейді. Кәсіпорынмен 2009 жылы 292,8 млн. теңгеге өнім шығарылды. Табиғи түрде шифер – 904,5 мың.шаршы метр асботрубалар – 126 тонна. Төмендеудің себебі тапсырыс шектеуінен.

2010 жылы – 750,5 млн. теңге немесе шифер – 1000,0 шаршы.метр асботрубалар – 250 тонна. Қазіргі таңда, кәсіпорын қаржат жағынан қиындықтар туындауда. Бұл кәсіпорынның тоқтап тұруына әкеп соқтырды. Қазіргі таңда, зауытты іске қосу үшін инвесторлар іздестірілуде.


Металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл бұйымдарының өндірісі

Сала мекемелері 2008 жылы 12139,1 млн.теңгеге, ал 2009 жылы 16532,0 млн.теңгеге өндірілген, 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда физикалық көлем индексі 160,8 % құрады.

Металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл бұйымдарының өндірісі көлемінде негізгі үлес уран өндірісіне түсіп (уранның тотығы мен қышығы) – 2009 жылы 9,8 %, 2013 жылы 13,9 % құрады.

Сала мекемелері өнімнің өндіру шығарылымы 2009 жылы 16532,0 млн.теңгеге,соның ішінде: металлургиялық өнеркәсіп бойынша 14983,3 млн.теңге және дайын металл бұйымдар өндірісі бойынша 1548,7 млн.теңге, металлургиялық өнеркәсіптің физикалық индекс көлемі 2008 жылы 160,8 % құраса, дайын металл бұйымдар өндірісі физикалық индекс көлемі 74,0 % құрайды. 2010 жылы 26105,1 млн.тг. өнім шығарылды (сәйкесінше тиісті кезеңмен 23482,9 млн.тг.; 2622,1 млн.тг.), физикалық индекс көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 154,5 % құрайды.

2011-2013 жылы облыста Бағдарламаны дамыту бойынша осы саладағы кәсіпорындардың шығарған өнім көлемі: 2011 жылы – 37840,7 млн. теңге (34344,5 млн.тг.; 3496,2 млн.тг., НКИ – 116,5 % және 80,2 %), 2012 жылы – 65598,0 млн. теңге (61321,0 млн.тг.; 4277,0 млн.тг., НКИ – 121,6 % және 148,5 %), 2013 жылы – 49462,7 млн. теңге (43670,6 млн.тг.; 5792,1 млн.тг., НКИ – 109,4 %), НКИ 2010 жылы: металлургияда - 175,2 %, дайын металлдық бұйымдар – 67,6 %; (2008ж. тиісті кезеңімен - 327,7 % және 175,2%). 2014 жылдың қаңтар-маусымда өнім көлемі металлургияда 22814,2 млн. теңгені құрады немесе 129,6 % 2013 жылдың тиісті кезеңімен, дайын металлдық бұйымдар – 2874,3 млн. теңге немесе 113,1 %.

Металлургия өнеркәсібіндегі кәсіпорындармен 2012 жылы 61321,0 млн. теңгеге, 2011 жылға қарағанда нақты көлем индексі 121,6 %-ды құрады; ал дайын металл бұйымдарының өндірісі 4277,0 млн. теңгені құрады. Облыста металлургиялық өнеркәсіпте және дайын металлдық бұйымдар өңдеу өнеркәсібінде 13,9 % орын алады.

Бағдарламаны іске асыру кезінде металлургиялық көрсеткіштің структурасы айтарлықтай өзгерді. Бастапқыда металлургиялық өнерксәіптің үлесі уран өнеркәсібі өндірісі тиесілі болған 60 % жоғары, ал 2013 жылы - 90 % жоғары.

Соңғы жылдары өсу қарқыны байқалады және уран өніміне сұраныс бар. Уран көлемін ұлғайту, Үкіметтің шешімімен іске асырылады .

Облыстың Созақ ауданында «Бетпақ Дала»СП» ЖШС, «Катко»СП»ЖШС, «Таукент КХП» ЖШС, «Степное-РУ»ЖШС, «Тау-рудалық компания»ЖШС, «СП Инкай» ЖШС және табиғи уранды шығарумен айналысатын басқа да мекемелер табысты еңбек етуде.

Дүниежүзілік дағдарыс өз әсерін тигізді. Атап айтқанда қара және түсті металлдар мен металлургияда. Кейбір машина жасау зауыттарында өнім шығарудың азаюы және жабылуы, аталған салалардың көрсеткіштерін төмендеуіне себеп болды.

Облыстың металлургиялық өндірісі «Оңтүстік Полиметалл Өнеркәсіп корпорациясы» АҚ-мен түрлі-түсті металл өндірісінде көрсетілген. Оның құрамына компанияның жұмысында толық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тау-кен қазушы мекемелер, құнарландыру фабрикасы, металлургиялық өндіріс, басқа дә өнеркәсіп және жөндеу өндірістері енеді. Құнарландыру фабрикасында өндірістік көлемдерде өзін-өзі жақсы жағымды жағынан көрсеткен шымкенттік инженер-металлургтердің қорғасын құрамдас тозаңды хлор, мыс, сүрме, мырыштан шайып шығару бойынша ноу-хау пайдаланылады, осының есебінен металлургиялық өндірісте техногенді қалдықтарды пайдалануға мүмкіндік туындады. Мекеменің жоғары сапалы түрлі-түсті металдар өндірісі үшін үлкен технологиялық мүмкіндіктері бар. Жаңа технология есебінен сапасы жақсы шликерлердің электрмен балқытуы іске асты, тозаңнан висмутты және сиректопырақты ренийді шығару проблемасы шешілді.

«Оңтүстік Полиметалл Өнеркәсіп корпорациясы» АҚ 2009 жылы түрлі-түсті металл – 653,6 млн. теңге сомасында, рафинирленген қорғасын – 1167 тонна, өңделмеген күміс - 1867 кг, Доре балқымасы - 6 кг өндірілді.

2009 жылы «Оңтүстік Полиметалл Өнеркәсіп корпорациясы» АҚ-ның «Аккумуляторлық батареялар өндірісі» жылына 1 млн.дана қуатымен іске қосылды. Қаржы қиыншылықтарынан және шикізаттың болмауы себебінен (қорғасын) нақты өндіріс іссіз тұр, қазір тек моноблоктарды және оларға арналған қақпаларды шығарып отыр.

2010 жылдың шілдесінде «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Оңтүстік Полиметалл Өнеркәсіп корпорациясы» АҚ және өндірістік жұмыстар операторы - «А-mega TRADING»ЖШС арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.

2010 жылдың қазан айында қорғасынның сынақ жөнелтілуі жүргізілді.

«Оңтүстік Полиметалл Өнеркәсіп корпорациясы» АҚ 2009 жылы түрлі-түсті металл – 653,6 млн. теңге сомасында, рафинирленген қорғасын – 1167 тонна, өңделмеген күміс - 1867 кг, Доре балқымасы - 6 кг өндірілді. 2012 жылы аталған кәсіпорын жабылды. Қазіргі таңда, Шымкент қаласының сыртына шығару жұмыстары жүргізілуде.

«Ferrum-Vtor» (Феррум-Фтор) ЖШС – қара металдан дайындалған бұйымдарды өндіретін қарқынды дамып отырған мекеме. Мекеме 2006 жылы құрылып, қысқа мерзім ішінде тек Қазақстан нарығында емес, оның шет жақтарынан да өз тұтынушыларына ие болды. Компанияның саясатының негізгі басымдылықтары - өнім сапасы. Оның жоғары деңгейін қолдап отыру үшін өз зертханасы күшімен металдың әр балқытуы зерттеу жүгізілуде. Өндірілетін өнім сапасы барлық стандарттарға және ГОСТ-ға (Мемлекеттік стандарттарға) сәйкес. Индустрияландыру картасы аясында 2 жобаны іске асырды жалпы құны 1244 млн.тг 150 жұмыс орны ашылған және Сұйық әйнек өндірісі зауытының құрлысы жалпы құны 75 млн.тг 100 жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар металлургиялық өндірісте «Гермес БЕ» ЖШС (бұрыштар, арматура, катанка), «Махатай» ЖШС (мыс, алюминий) және «Нұран» ЖШС қызмет етеді. «Нұран» ЖШС – бұл мекеме дайындаумен, сұрыптаумен және қайта өңдеумен (қара және түрлі-түсті металл бұйымдарын шығару), сонымен қатар қара және түрлі-түсті металдың сынықтарын үлестірумен айналысады.

2009 жылы 31,0 мың тонна дайын өнім 1590,8 млн.теңге сомасында өндірілді. 2010 жылы – 32,6 мың тонна 1614,4 млн.теңге құрады.

Дәнекерлеу электродтарын шығарумен айналысатын зауыт (Сайрам ауданындағы «ОңтүстікПолиметалл» ӨК филиалы) жоғары көміртегілендірілген болат үшін МР-3 және УОНИ маркалы электродтарды және сұйық шыныны өндіреді.

Дайын металл бұйымдарын өнірумен айналысатын мекемелер: «Юсталькон» ЖШС –металлқұрастырғыштары; «Трубмашхолдинг» ЖШС –диаметрі 108 мм ГОСТ (мемелекеттік стандарты) 10705-80 электрдәнекерлеу құбырларын; «Темп» ЖШС – металл құрастырғыштары; «Оңтүстіксантемонтаж» АҚ ШФ СТИ «Оңтүстіксантемонтаж» АҚ – металл бұйымдары, металл құрастырғыштары және тігісті құбырлар; «МодульЗауыты» ЖШС – металл құрастырғыштары. ЭМИ зауыты «ЭЛМО»АҚ - трансфоматорлық қосымша стансалар, ЛЭП металл құрастырғыштары, «Эталон Шымкент зауыты» АҚ, «Темп» ЖШС, «Металл құрастырғыштарының зауыты» ЖШС – металл бұйымдары және металл құрастырғыштары, сонымен қатар шағын және қосалқы мекемелермен 2009 жылы 1576,2 млн.теңгеге өнім өндірілген, немесе 2008 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 4,3 % өскен. 2010 жылы – 1615,9 млн.теңге құрады. 2014 жылдың қаңтар-маусымда кәсіпорындармен 4,4 мың. тонна құрылыс металл құрастырғыштар.

ЭМИ зауыты «ЭЛМО» АҚ филиалы Алматы қаласындағы «Электромонтаж» АҚ-ның филиалы болып табылады.

Зауыт құрылыста аса қажет типтік емес электро және металл құрастырғыштарын өндірген, сонымен қатар шығарылып жүрген кабельді құрастырғыштарды халықаралық стандарттарға бағдар алып өзгертуді жүргізді (мысалы, КП типті перфоқораптардан және КПЗ типіне ауысу және т.б.). Зауыт өнімдер тізімін кеңейтті, олар ұнтақты бояу тәсілімен боялатын болды. Сонымен қатар ұйымдарға олардың өнімдерін ұнтақпен бояу қызметін кеңейтіп көрсете бастады, 10-110 кВ кернеуіне жоғарывольтты ЛЭП үшін жинақтаушы бөлшектерінің жаңа түрлері игерілді. Ыстық мырыштаудың гальваникалық бөлімнің тәуліктік жұмысы Қазақстанның мұнайлы-газ өңірлеріне өнімді ыстық мырышталған түрінде жеткізу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 2009 жылы мекеме 436,1 млн.теңгеге өнім шығарды, өсу көрсеткіші 2008 жылмен салыстырғанда 128,5 % болды. 1124 тонна металл құрастырғыштар өндіріліп, өсу көрсеткіші 114,8 % -ды құрады. Зауыттың қаржылай-экономикалық жағдайы тұрақты.

2012 жылы кәсіпорын 456,1 млн.теңгеге өнім шығарды, 2011 жылмен салыстырғанда өсуі 108,5 % құрады. 2013 жылы кәсіпорындармен 407,5 млн. теңгеге өнім шығарды, немесе 2012 тиісті кезеңімен 98,0 %.

ҮИИД бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасы шеңберінде металлургия өнеркәсіп саласында жалпы құны 22,3 млрд. теңгені құрайтын және 2590 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 7 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, бүгінгі таңда жалпы құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асырылды және 428 жаңа жұмыс орны ашылды.


Ағаштың өндірісі және ағаштан бұйымдарды өндіру

Саланың мекемелері 2009 жылы 1063,0 млн.теңгеге өнім шығарды, немесе физикалық көлем индексі 2008 жылмен салыстырғанда 86,9 % құрады. Олардың ішінде ағаштан өнімді шығару көлемінде – 883,7 млн.теңге, ал ағаш кесі және жону өндірісі – 179,3 млн.теңге. 2010 жылы – 1118,3 млн.теңге немесе өсу көрсеткіші 105,2 % құрады. 2015 жылға қарай өндіріс көлемін 1410,6 млн.теңгеге өсіру күтіледі, немесе 2009 жылмен салыстырғанда өндіріс 132,7 % өседі.

2011-2013 жылдары Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында осы саладағы кәсіпорындар өнім шығаруы: 2011жылы – 1414,4 млн. теңге (НКИ – 89,6 %), 2012 жылы – 1211,4 млн. теңге (НКИ – 142,1 %), 2013 жылы – 1483,2 млн. теңге (НКИ – 143,5 %), 2010 жылы тиісті кезеңімен 43,5 % (2008ж. - 75,2 %). 2014 жылдың қаңтар-маусымында аталған салада 1169,4 млн.теңге немесе 87,0 % 2013 жылы тиісті кезеңімен.

Облысымызда Ағаш өндірісі және ағаштан бұйымдарды өндіру өндірісін шығару көлемі бойынша 0,4 % алады.

2012 жылы 1211,4 млн. теңгеге өнім шығарды, немесе нақты көлем индексі 2011 жылмен салыстырғанда 142,1 % құрады. Олардың ішінде ағаштан өнімді шығару көлемінде – 848,7 млн. теңге, ал ағаш кесі және жону өндірісі – 362,7 млн. теңге.

Нақты салада негізінде ағашты өңдеумен және ағаштан дайындалған өнімдер өндірісімен айналысатын шағын мекеме-цехтар қызмет көрсетеді (терезелер, есіктер, олардың рамалары, табалдырықтар, құрылысқа арналған ағаш құрастырғыштар, столярлық өнімдер және т.б.).


Целлюлозалық-қағаз өнеркәсібі, баспа ісі

Сала мекемелері 2009 жылы 1476,1 млн.теңгеге өнім шығарған немесе олардың физикалық көлем индексі 2008 жылға қатысты 168,2 % құрады. Олардың ішінде қағаз және қағаз өнімдері көлемінде 945,4 млн.теңге, ал баспа және терілген материалдарды қайта өңдеп шығару – 530,7 млн.теңге. 2010 жылы – 1773,5 млн.теңге немесе өсу көрсеткіші 96,5 % құрады. 2015 жылға қарай өнім көлемін 2415,6 млн.теңгеге өсіру жоспарланып отыр, немесе 2009 жылмен салыстырғанда 1,6 есе өседі.

2011-2013 жылдары Бағдарламаны іске асыру мақсатында облыста кәсіпорындармен шығарылғын өнімі: 2011 жылы – 2684,0 млн. теңге, және қағаз және қағаз өнімдерін 2009,9 млн. теңгені құрады, баспаханалар баспа материалдарын – 674,1 млн. теңге. (НКИ – 66,8 % және 101,8 %), 2012 жылы – 2278,7 млн. теңге, (1510,7 млн.теңге; 768,0 млн.теңге; НКИ – 142,2 % және 112,5 %), 2013 жылы – 4532,8 млн.теңге (2618,0 млн.теңге; 1914,8 млн.теңге; НКИ – 142,9 % және 107,0 %). 2014 жылдың қаңтар-маусым өнім көлемі 1169,4 млн. теңгені құрады немесе 87,0 % 2013 жылдың тиісті кезеңімен.

Нақты салада негізінде баспаханалар баспа қызметін және шағын мекемелер қағаз өнімдерін шығару бойынша қызмет көрсетеді.

2012 жылы 1510,7 млн. теңгеге қағаз және қағаз бұйымдары шығарылды немесе 2011 жылға қарағанда нақты көлем индексі 142,2 % құрады; баспа және жазылған материалдарды басып шығару – 768,0 млн. теңге, НКИ – 112,5 %.

Салада негізінде баспаханалар баспа қызметін және шағын кәсіпорындар қағаз өнімдерін шығару бойынша қызмет көрсетеді.

ҮИИДМБ аясында Индустрияландыру картасы шеңберінде салада жалпы құны 1332,0 млн. теңге құрайтын және 106 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 2 жоба жүзеге асырылуда.

2012 жылы «Kagaz Shahary SEZ» ЖШС (Қағаз өндірісін және картон бұймыдары жобасы ашылды. Кәсіпорын кеңселік қағаздарды шығарады 2013 жылы кәсіпорынмен 3,3 мың.тонна қағаз жалпы құны 563,4 млн. теңге. 2014 жылдың 6 айында 2,2 мың. тонна қағаз шығарылды жалпы құны 401,6 млн.теңге.


Электр қуатын, газды және буды өндіру және үлестіру

2009 жылы облыс бойынша электрқуатын өндіру және үлестіру 1 386,0 млн. кВт/сағ болды, немесе жалпы республикалық көлемі 1,4 %, 2013 жылы - 1231,2 млн. кВт/сағ, жалпы республикалық көлемнің 1,3 %-ын құрады. 2009 жылы жылуэнергиясының өндірісі мен үлестіруі 1 782,5 мың Гкал болды немесе жалпы республикалық көлемнің 2,1 %, 2013 жылы - 3332,7 мың Гкал, жалпы республикалық көлемнің 3,2 % құрады.

Облыстың ішкі көздерімен облыстың электр қуатындағы қажеттігінің жартысы өндіріледі.

2009 жылы электр қамтамасыздығы, газды, буды жеткізу және ауада кондиционирлендіруі 24009,4 млн.теңге, 2012 жылы - 6780,4 млн. теңгені құрады, физикалық көлем индексі 2008 жылмен салыстырғанда 106,2 %, 2011 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 135,9 % құрады.

2012 жылы облыс бойынша электр қуатын өндіру және үлестіру 1 399,9 млн. кВт/сағ болды немесе жалпы республикалық көлемнің 1,5 %-ын құрады. Жылу энергиясын өндіру мен үлестіруі 3332,7 мың Гкал болды немесе жалпы республикалық көлемнің 3,2 % құрады.

2012 жылы электр қамтамасыз ету, газды, буды жеткізу және ауаны кондиционерлеу 6780,4 млн. теңгені құрады, 2011 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 135,9 % құрады.

Салада өндіріс өндіру көлемін өсіру үшін, қызмет көрсетіп отырған өндірістер көлемін арттыру және инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған.

ҮИИДМБ аясында Индустрияландыру картасы шеңберінде энергетика саласында жалпы құны 14,2 млрд. теңгені құрайтын және 216 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 3 жоба жүзеге асырылуда.

Бағдарламаны іске асыру кезінде (2011-2013жж) электр қуатын өндіру және үлестіру 2011 жылы 33381,0 млн.тг, НКИ -105,2 %, 2012 жылы 37620,4 млн.тг НКИ 113,2 %, 2013 жылы 42366,4 млн.тг НКИ 95,6 %, НКИ 2010 жылмен 113,8 % (2008-133,4 %).

2014 жылдың қаңтар-маусымда 28052,9 млн. теңге немесе 117,8 % 2013 жылдың тиісті кезеңімен.

ҮИИДМБ аясында Индустрияландыру картасы шеңберінде энергетика саласында жалпы құны 62,9 млрд. теңгені құрайтын және 259 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 5 жоба жүзеге асырылуда.


Жергілікті мазмұнды дамыту

Қазақстандық мазмұндағы мәселедегі негізгі міндеттерді іске асыру мақсатымен ұйымдармен және мемлекеттік органдармен сатып алынатын ауарларды, жұмыстар мен қызмет түрлерін сатып алуда 2009 жылдан бастап қазақстандық мазмұнды және мемлекеттік тапсырыстарды ұлғайту, ұлттық өндірушілермен байланыстарды және отандық өндірушілерді қолдауды нығайту бойынша кезеңді жұмыс басталды.

Облыстың өндірістік кәсіпорындарына өнімді үлестірумен байланысты проблемаларын шешуде қолдау көрсету мақсатымен 2009 жыл бойында Шымкент қаласында «Самұрық-Қазына» ҰБҚ»АҚ ұлттық компаниялармен қазақстандық мазмұндағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуын арттыру бойынша Форум өткізілген.

Республиканың 7 облыс орталықтарында және жақыншетел өңірінде облыстың өндірістік кәсіпорындарының шығаратын өнімінің көшпелі тұсау-кеселері ұйымдастырылды.

Қазақстандық мазмұнды ұлғайту шеңберінде облыстың жүйетүзегіш мекемелерінің және ұлттық компаниялардың қызметіндегі жергілікті тауарлардың, жұмыстар мен көрстілетін қызметтің үлесін, сонымен қатар мемлекеттік сатып алымдардағы қазақстандық мазмұнның үлесін талдау және мониторингін жүргізу үшін облыс әкімінің бірінші орынбасарының басқаруымен жұмыс тобы құрылған. 2009 жылдың қорытындылары бойынша 31 келісім-шарт 9 926,2 млн.теңгеге жасалды, соның ішінде: ұлттық компаниялармен 28 келісім-шарт 7 644,4 млн.теңге сомасында, жүйетүзегіш мекемелермен 5 келісім-шарт 2 281,8 млн.теңге сомасында. Мониторинг нәтижелері бойынша осы келісім-шарттар түгел орындалды. 2010 жылы ұлттық компаниялармен өткізілген көшпелі мәжілістер аясында (Тараз қаласы) 7 меморандум 556,6 млн.теңге сомасында жасалды, осы меморандумдар негізінде 13 келісім-шарт 1 075,7 млн.теңге сомасында бекітілді.

2011-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы 3 жылдың қорытындысы бойынша Республикада бірінші қатарларда.

2013 жылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер:

Облыста бойынша жалпы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер 390,2 млрд.теңгеге сатып алынды, соның ішінде отандық тауарөндірушілерден тауарлар, жұмыстар мен қызметтер-302,5 млрд.теңге, қазақстандық қамту үлесі 77,5 % оның ішінде:

- мемлекеттік органдарда 203,6 млрд.теңге, отандық тауар өндірушілерден 185,1 млрд.теңге қазақстандық қамту үлесі 90,9 %;

- ұлттық компанияларда- 156,5 млрд.теңге, оның шінде отандық тауарөндірушілерден 102,9 млрд.теңге, қазақстандық қамту үлесі 65,7 % ;

- жүйе құраушы кәсіпорындарда - 30,2 млрд.теңге, оның ішінде отандық тауар өндірушілерден 14,5 млрд.теңге қазақстандық қамту үлесі 48,2 %;

2014 жылдың 1 жартыжылдығында тауарлар, жұмыстар мен қызметтер 75,6 млрд.теңгеге сатып алынды, оның ішінде ішінде отандық тауар өндірушілерден 56,7 млрд.теңге қазақстандық қамту үлесі 75 %. Оның ішінде:

- мемлекеттік органдарда 25,0 млрд.теңге, отандық тауар өндірушілерден 24,5 млрд.теңге (қазақстандық қамту үлесі - 97,9 %);

- ұлттық компанияларда - 49,5 млрд.теңге, оның шінде отандық тауарөндірушілерден 31,8 млрд.теңге (қазақстандық қамту үлесі - 64,3 %);

- жүйе құраушы кәсіпорындарда - 1,1 млрд.теңге, оның ішінде отандық тауар өндірушілерден 0,4 млрд.теңге (қазақстандық қамту үлесі - 34,5 %).

Мониторинг көрсеткендей жүйе құраушы кәсіпорындарда қазақстандық қамту үлесі төмен болуда, соның ішінде тауар сатып алуда. Қазақстандық қамту үлесі төмен болудың себебі отандық тауарөндірушілердің СТ-KZ сертификаты болмаса бұл көрсеткіш отандық емес деп есептелінеді. Аталған мәселені шешу үшін әкімдік тарапынан фифндустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ұсыныстар жолданды, сонымен қатар жүйе құраушы кәсіпорындардың тауар жеткізімшілерге СТ-KZ сертификатын алу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстандық қамту үлесінің өсу резерві облыста отандық тауарөндірушілердің белсенді индустриалды-инновациялық жобаларға қатысу.

Қазіргі таңда, әлеуметтік құрылыс нысандарында (мектеп құрылысы, аурухана, балабақша, газқұбыры және су құбыры) отандық тауарөндірушілерден құрылыс материалын алуға мониторинг жүргізілуде.

Құрылыс нысандарында отандық тауарөндірушілердің материалдарын қолданылады. Бұл өз кезегінде жергілікті қамту үлесін арттыруға және отандық тауарөндірушілерге қолдауға ықпал етеді. Қазақстандық қамту үлесін арттыру үшін «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС мен бірлесе 2013 жылдың 21 маусымында отандық тауарөндірушілердің көрмесі өткізілді. Көрменің мақсаты тауар сатып алуда мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, жүйе құраушы кәсіпорындардың жергілікті қамту үлесін ұлғайту. Облыста отандық тауар өндірушілер базасы құрылды онда 700-ге жуық жергілікті тауарөндірушелердің шығаратын өнімдері туралы ақпараттар сенсорлы экрандар мен мониторларда жарнамалары орнатылды.

2013 жылы 137 кәсіпорын 459 сертификат алды, ал 2014 жылдың 1 қазанында 559 кәсіпорын 2016 «СТ-KZ» сертификат алды. Қазақстандық қамту үлесін арттыру үшін жергілікті тауарөндірушілерді инвестициялық жобаларға тарту болып табылады.

ҚР 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялды-инновациялық бағдарламасына сәйкес республикалық және өңірлік индустриаландыру картасы құрылды.

Қазіргі таңда, облыста 170 жоба іске асырылуда жалпы құны 705,2 млрд.теңге, 21 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Соның ішінде 2 жоба республикалық индустрияландыру картасына енген, ал қалған 168 жоба өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген.

Жобаларды жүзеге асыруда қосалқы жабдықтарды сатып алынатын болады және жаңа технологиялар мен шетелдік компаниялардың құрылыс монтаждау жұмыстарына отандық мердігер мекемелері тартылуда.


Проблемалардың, қатерлердің, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктердің кешенді сипаттамасы

Өңір өнеркәсібінің жүйетүзегіш мекемелерінің сатып алған тауарларындағы қазақстандық мазмұн дәрежесінің жоғары болмауына:

  • республика экономикасындағы қосалқы салалардың даму деңгейінің жеткіліксіз болуы, шикізатты сатып алуға мәжбүрлік;

  • өңдеу секторы өнімінің бәсекеге қабілетінің төмен болуы, осыған себеп алдымен мекемелердің технологиялық деңгейінің төмен болйына, олардың физикалық тозығына және жабдықтардың моральды түрде ескіруіне байланысты;

  • отандық мекемелердің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

  • айналым қаржыларының жетіспеушілігі және пайыздық ставкасы төмен ұзын несиелердің қолжетімсіздігі әсерін тигізеді.

Одан басқа, өнеркәсіп мекемелерінің маркетинг қызметтерінің әлсіз деңгейі тұтынушылар жағынан сұранысты төмендетеді.

Қазақстандық мазмұнды арттыру мақсатымен келесі іс-шаралар өткізілуде:

Отандық тауарөндірушілердің республикалық Форумы, семинарлар, жұмыс бабында кездесулер. 2011-2015 жылдарға арналған қазақстандық мазмұнды дамытудың облыстық бағдарламасын әзірлеу жұмысы жүргізілуде, онда бірінші жетекшілердің қазақстандық мазмұн индикаторларына жетудегі жауапкершілігі қарастырылады. Қазақстандық мазмұн үлесін арттыру бойынша жұмысқа тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысы 2 жылдық кезеңнің (2011-2012жж.) және 2013 жылдың қорытындысы бойынша, жергілікті қамтуды дамытудың көрсеткіштері бойынша Республикада көш басында келеді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сатып алынған көлемі 196,3 млрд. теңгені құрады, жергілікті қамтудың үлесі - 80,4 %.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы туралы
Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы“ Қазақстан Републикасы Президентiнiң 2003...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған
Облыстың 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница