Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы




НазваниеОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
страница5/27
Дата конвертации12.02.2016
Размер3.51 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://ontustik.gov.kz/sites/default/files/pages/oblistin_2011-2015_j.j._damy_bagdarlamasi.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Жеңіл өнеркәсіп

Облыстағы жеңіл өнеркәсіп тоқыма және тігін өнеркәсібін, былғары және оған қатысты өнімдерді құрайды. Облыстың өңдеу өндірісі көлемі 2009 жылы 4,3 %-дан 2013 жылы 6,7 % өсті. Облыстың жеңіл өнеркәсібі келесі мекемелерінен құрылған: «Меланж» АҚ, «SOUTH TEXTILINE KZ», «Ютекс» АҚ, «Восход фирмасы» ЖШС, «Эластик LTD», «Арайлы» ЖШС, «Гауһар»тігін фабрикасы»ЖШС, «Сәуле» тігін фабрикасы» ЖШС, «Turan-Skin» ЖШС және басқалар. Сала мекемелері 7270,7 млн.теңге сомасында өнім шығарған. 2010 жылы өндіріс көлемі 8964,3 млн.теңге, 2009 жылмен салыстырғанда өсу көрсеткіші – 123,0 %. 2013 жылы 23643,4 млн.теңге немесе 2012 жылмен салыстырғанда 103,0 % құрайды. 2014 жылдың қаңтар-маусымында өнім көлемі 11663,1 млн.теңге немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 117,9 % құрады.

2015 жылға саланың өндіріс көлемін 18036,5 млн.теңгеге асыру жоспарланып отыр немесе 2009 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 2,5 есеге өседі. Сала кәсіпорындарымен 2012 жылы 12350,7 млн. теңгенің өнімі шығарылды немесе 2008 ж. (7380,7 млн.тг.) жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 1,7 есеге өсті.

Осы салаға заманауи технологиялар тартылып жаңа өндірістер құрылуда.


Тоқыма өнеркәсібі

Тоқыма өнеркәсібі мекемелері 2009 жылы 5187,7 млн.теңге сомасында өнім шығарды, немесе оның физикалық индексі 2008 жылмен салыстырғанда 77,3% құрады. Өндірістің төмендеуі жіп иіру, тоқыма және әрлендіру өндірісі көлемінің төмендеуі есебінен (2009 жылы – 3164,5 млн.теңге) 27,7 % болды, тоқыма бұйымдарының өндірісі (2009 жылы – 1766,8 млн.теңге) – 15,1 %, ал басқа да тоқыма бұйымдарының өндірісі 2009 жылы өсіп, 256,4 млн.теңгені құрады, немесе физикалық көлем индексі 2008 жылмен салыстырғанда 117,6 % құрады. 2010 жылы 9312,7 млн.теңгені құрады, немесе физикалық көлем индексі 2009 жылмен салыстырғанда 99,7 % құрады.

Тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарымен 2012 жылы 8951,8 млн. теңге сомасында өнім шығарды, немесе оның нақты көлем индексі 2011 жылға қарағанда 121,7 % құрады. 2008 жылмен (7380,7 млн.тг.) салыстырғанда өндіріс көлемі 21,3 %-ға артты.

2012 жылы облыста 105,8 мың тонна мақта талшығы өндірілді, бұл 2011 жылға қарағанда 40,1 %-ға немесе 30269 тоннаға артық өндірілген. Алайда 2008 жылдың (133,3 мың тонна) көрсеткішінен төмен. Басым бөлігінде шитті мақта өңдеумен Мақтарал ауданындағы кәсіпорындар айналысады. 2012 жылы аудан өнеркәсібіндегі кәсіпорындарымен 70107 тонна мақта талшығы өндіріліп, 2011 жылға қарағанда мақта талшығын өндіру 26,1 мың тоннаға немесе 59,4 %-ға өсті (2008ж.-78661т).

Облыстың даму бағдарламасының бірінші кезеңінің (2011-2013 жылдың) жүзеге асырылуы бойынша сала өнеркәсіптері: 2011 жылы - 6748,6 млн.теңге (НКИ - 70,1 %), 2012 жылы 8951,8 млн.теңге (НКИ-121,7 %), 2013 жылы - 19439,7 млн.теңге (НКИ - 103,2 %) құрады, өнімнің нақты көлем индексі 2010 жылы 88,0 % (2008 жылы - 67,9%). 2014 жылдың қаңтар-маусымында өндіріс көлемі 9951,3 млн.теңге немесе 2013 жылға қатысты 117,4 % құрады.

Тоқыма өнеркәсібінде «South Textiline Kz » ( 2009 жылы құрылған 100 % м/м иірімі және 100 % м/м кендір мата), өндіріс көлемі 2000 тонна мақта-мата, 35 млн.м2 мата жылына. Жұмысшылар саны 410 құрайды. 2013 жылы 4701 тонна мақта-мата, жалпы сомасы 4008,8 млн.теңге құрайтын 24286,6 мың.м2 мата немесе 2012 жылға қатысты 138,8 % өнім өндірген.

«Меланж» АҚ өндірістік қуаты – 4800 тонна мақта-мата жібі, жылына 6 млн.метр мата. Неміс фирмасы «RIETER», «Dornie» құралдарымен жабдықталған мекеме еуропалық стандарттарға сәйкес келетін жіп иіруде.

«Меланж» АҚ-да 2009 жылы шыққан өнім көлемі 754,8 млн. теңгені құрады, 2,7 мың тонна жіп, 4,9 млн.шаршы метр мата өндірілді. 2010 жылы – 3095,0 млн.теңге сомасында 2,5 тонна жіп және 10,9 млн. шаршы метр мата. Даму перспективалары:жоғары сапалы мақта-мата жібі мен матасының өндірісін өсіру.

Өндіріске озық технологияларды енгізу есебінен компания сапасы жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес мақта-матаның элиталық түрлерін шығарады, осы себептен өнім әлемдік нарықтың мықты бәселестігіне төзімді келеді. «Меланж» АҚ және «Ютекс КZ» айналым қаражаты және жиналған қарыздарына байланысты қызметін тоқтатты.

«Ютекс» АҚ – мекеме жоғары сапалы трикотаж мақта-мата жіптерін тұрақты түрде шығаруға мамандандырылған. Бұл 6 жыл бойында әлемдік нарықта қазақстандың иірілген жіптерді көрсетіп жүрген және сапалық көрсеткіштері жағынан болымды сынсөзге ие болып келген мекеме. Бәсекеге қабілетті өнімді үлестіру нарыққа шығуға, әлемдік брендті өндірушілермен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді.

2009 жылы шығарылған өнім көлемі 647,7 млн.теңгені құрады, 1407 мың тонна иірілген жіп шығарылды. 2010 жылы – 12,6 мың тонна иірілген жіп.

2009 жылы облыста мақта талшығы 97,2 мың тонна көлемінде өндірілді, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 29,3 % төмен немесе 40372 тоннаны құрады. Негізінде шикі мақтаның өңдеуімен Мақтаарал ауданының мекемелері айналысады. 2009 жылы ауданның өндірістік кәсіпорындары 62108 тонна мақта талшығын өндірді, 2008 жылмен салыстырғанда мақта талшығы 8,1 мың тоннаға немесе 11,6 % азайды.

«Ютекс» АҚ Казақстандағы мақта талшығынан киім өндірісіне дейінгі өндіріс айналымы толық ең ірі тоқыма кешені болып табылады.Өндірген өнімін Канадаға, Италияға, Украинаға, Белоруссияға, Чехияға, Туркияға, Австралияға, Германияға және әлемнің басқа да елдеріне экспорттаған, бірақ дағдарыс кезінде шығындарына байланысты 2011-2012 жылдары қызметін тоқтатқан.

«Ютекс» АҚ және «Меланж» АҚ өндірістерінің қалпына келтірілуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 4 наурызындағы №225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейінгі қайта құру бағдарламасы аясында басталды.

Дағдарыстан кейінгі қайта құру бағдарламасында мемлекеттік қолдаудың бірқатар құралдары бар. Бағдарлама шеңберінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» басқару жиналысында 2013 жылдың 16 қыркүйегіндегі №02/28 қаулысымен «Магистралды желісінің дирекциясы» «Ютекс» АҚ бір көзден сатып алу жүргізеді. 2013-2017 жылдарға арналған жеңіл қнеркәсіп өнімін сатып алу бойынша ұзақ мрзімді келісім шарт жасалды.

Келісім шарт негізінде 2013 «Ютекс» АҚ 700 млн.теңге сомасында дайын өнімге тапсырыс қабылданған, оның ішінде 221,4 млн.теңге өнімі жүзеге асырылған.

2010 жылы «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС жалпы құны 3 850,0 млн.теңге және 224 жұмыс орны бар «Гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасының және техникалық карбоксометилцеллюлозаның мақта шикізатынан алу өндірісін ұйымдастыру» жобасы енгізілді.

Қазіргі таңда, мақта целлюлозасының өндірісі қолға алынды. Химиялық мақта шикізатын сатып алу мен жеткізу іске асырылуда. Кәсіпорын тұрақты түрде жұмыс істеуде. Экспортталатын өнімдер түрлерінің Стандарты алынды. Мақта целлюлозасын экспорты іске асырылуда. Әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізілуде. Шығаратын өнімдерге келісім шарттар түзілуде.

2012 жылы кәсіпорынмен жалпы құны 426,2 млн.теңгеге 1929,9 тонна өнім шығарды, ал 2013 жылы - 2211,6 тонна өнім жалпы 538,6 млн.теңге. 2014 жылдың қаңтар-маусымда 1340,6 тонна жалпы құны 348,5 млн.теңгеге өнім шығарды.

2009 жылы облыста 97,2 мың.тонна мақта талшығы шығарылды, бұл 2008 жылға қарағанда 29,3% төмен немесе 40372 тонна. 2013 жылы облыста 105,8 мың.тонна мақта талшығы өндірілді немесе 2012 жылға 100%. Негізінен Мақтарал ауданындағы кәсіпорындар мақтаны қайта өңдеумен айналысады. 2013 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарымен ауданда 75739 тнна мақта талшығын, 2012 жылмен салыстырғанда мақта талшығының өндірісі 5632 тоннаға немесе 108,04 % өсті.

Тігін өнеркәсібі

Тігін өнеркәсібінің мекемелерімен 2009 жылдан бастап 2080,2 млн.теңге сомасында өнім шығарылды, немесе физикалық индексінің көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 95,1 % құрады. Өндірістің төмендеуі бірқатар бұйымдар өндірісін азайту есебінен орын алды: асханалық сүлгілер – 26,5 %, машиналық немесе қол тоқымасы трикотажынан дайындалған шұлықтар – 42 %, әйелдерге арналған жұмыс киімі – 25,4 %, басқа да жұмыс киімінің үлгілері- 48,0 %, машиналық немесе қол тоқымасы трикотажынан дайындалған сытқы киім – 5,2 %, трикотаждық киімнен әйелдерге және қыздарға арналған басқа киім үлгілері – 1,3 %. Сонымен қатар жатын төсеніштерінің өндірісі 25,9 % өсті, машиналық немесе қол тоқымасы трикотажынан дайындалған іш киім – 85,8 %, іш киімнің басқа түрлері – 72,5 %, бас киімдер мен шляпалар – 24,8 %. Кәсіпорындармен 2010 жылы 1814,9 млн. теңге немесе НКИ 2009 жылы 74,3 % құрады.

2011-2013 жылдары бағдарламаны іске асыру кезінде аталған саладағы кәсіпорындармен : 2011жылы – 2335,5 млн. теңге (НКИ – 125,9 %), 2012 жылы – 3206,6 млн. теңге (НКИ – 149,6%), 2013 жылы – 4131,0 млн. теңге (НКИ – 102,3 %), 2010 жылы физикалық индекс көлемі 192,7 % ( 2008ж.- 136,1 %). 2014 жылдың қаңтар-маусымда 1682,1 млн. теңге немесе 2013 жылмен салыстырғанда 122,1 % өсті.

«Ютекс» АҚ – мақта-мата жібін иірумен қатар мата шығарумен айланысатын мекеме. 2010 жылы өндіріс көлемі – 5314,8 млн.теңге сомасындағы 693,0 мың дана тігін өнімдері. Мекемеде ИСО 9001-2000 халықаралық сапа менджментінің жүйесі енгізілген. Даму перспективалары: иірілген жіп шығару көлемін арттыру, сырт келбетінен ерекше болатын элиталық тігін өнімдерін шығару және т.б.

«Арайлы» ЖШС 2005 жылы құрылды. Кәсіпорын шағын корпуста орналасқан 50 адам жұмыс істейді, өнім көлемі 13,2 млн.теңге. Негізінен ассортиментте арнайы формалық киімдері бар құқық қорғау органдарына.Бағдарламаны мерзімінен бұрын орындау үшін модернизация жасау, азаматтық ассортиментер, экспортқа бағытталған және жаңа технологияларды игеру бағдарлама әзірленген. 2007 жылы өндіріс көлемі 20,8 млн. теңгеге ұлғайған. Сол жылда PFFAF фирмасының жабдықтарының алғашқы кезеңі орнатылды. Екінші тігін корпусы енгізілді. Бұл өз кезегінде өнім көлемін 506,9 млн. теңгеге ұлғайтуға септігін тигізді. 2008 жылы кәсіпорын азаматтық костюмдер ассортименттерін енгізуге шешім қабылданды. Бұл мақсатта 2009 жылы үлкен 3 этажды корпус сатып алынды. Жартылай автоматты жұмыс істейтін машиналар сатып алынды. Жабдық 1 млрд.теңгені құрады. 2010 жылы 3 кезеңнің жартылай автоматты PFFAF фирмасының жабдықтары алынды. 2011 жылы 2-3 этажа жаңа корпус, жылдық өнім көлемі 1119 млн. теңге. 2012 ж.- өндіріс көлемі 1187 млн. теңге. Фабрика 2 ғимараты бар: костюмдер тігетін цехтар жазғы және қысқы киімдер тігетін. Фабрики жаңа корпусы 3 бөлек линиялары бар-пиджак цехі, шалбар цехтары Кәсіпорын 2013 жылы өндіріс көлемі 1175,9 млн. теңгені құрады немесе 126,2 % 2013 жылдың тиісті кезеңімен.

«Восход» фирмасы» ЖШС-де 2009 жылы өнімді шығару көлемі 107,1 млн.теңгені құрады. 2008 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемінің төмендеуі 40,1 % құрады. Оның себебі - орындалған жұмыстар мен тапсырыста көлемінің шектелуі. Өнімнің негізгі тұтынушылары – Қазақстан Респбликасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің Қарулы күштері, Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясы, «Семсер» АҚ. 2005 жылдың мамыр айынан бастап фирма халықаралық стандарттар бойынша жұмыс жүргізуде, осының есебінен өндіріс үрдісін жүйелендіруге, өндіріс біліктілігін арттыруға мүмкіндік туындады. «Восход» фирмасы» ЖШС мемлекеттік сатып алымдар байқауларына ұжымды жұмыспен қамтамасыз ету және өндірістік қуаттарды үздіксіз жүктеп отыру мақсатымен белсенді қатысып жүр. 2010 жылы өнім шығару көлемі – 117,5 млн.теңге. 2013 жылы өнім шығару көлемі 49,0 млн.теңгені немесе 2012 жылмен салыстырғанда 100 % құрады.

2005 жылдың 6 шілдесінде №1605 бұйрықпен бекітіліген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аумақты құру туралы» Қазақстан Респбликасы Президентінің Жарғысымен «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағы құрылған. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта-мата иірілген жіптерін және матасын өндіру бойынша пилотты кластердің жүйетүзегіш құрамасы болып табылады. «Оңтүстік» еркін экономикалық аумағы (осыдан кейін – «Оңтүстік» ЕЭА) өңір және жалпы Қазақстан үшін перспективті саналатын тоқыма секторына инвесторларды тарту мақсатымен құрылған болатын.

2010 жылы «Оңтүстік» АЭА аумағында «Охy-Textile» ЖШС – кешенді автоматтандырылған иіруширату фабрикасы . Жалпы құны 5879,8 млн. теңге, 260 жаңа жұмыс орындармен.

Кәсіпорынмен 2011 жылдың 1 тоқсанында 131,6 тоннаға жалпы құны 73 913 мың. тенгеге өнім шығарды. Кәсіпорынның қуаттылығы айына 515 тонна иірілген жіп шығарды. Фабрикада - 2018 адам жұмыс істейді.

2011 жылдың 15 ақпанынан өндіріс тоқтады, айналым қаражат болмауы және шикізаттың болмауы.

«Oxy Textile» ЖШС (толлинг) қайта өңдеуге «Sarmat trading» ЖШС келісім шартқа қол қойылды, Кәсіпорынның жүктелуін 1 жыл көлемінде арттыру шикізатпен қамтамасыз етіледі.

«БРК-Лизинг» АҚ және «ИФК» АҚ және басқада кредиторлармен ішкі бақылау аясында Облыстың Арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2013 жылғы 8 тамыздағы шешімімен «Кредиторлар Комитеті құрылды.

Облыс әкімдігімен Кредиторлар Комитетімен кәсіпорынды қосу бойынша келісімге келді. «Oxy Textile» ЖШС. Қаржыландыру схемасы әзірленді және Кредиторлар Комитетінде 2013 жылы 19 қарашада Шымкент қаласында презентациясы жасалды.

Қазіргі таңда, ӘКК гарант есебінде «Oxy Textile» ЖШС. Электрмонтаждау жұмыстары кабелдер және жабдықтарды жөндеуі аяқталған. Жабдықтар диагностикадан өткізілді. «Piter» компаниясы жабдықтар өндірісі бойынша коммерциялық ұсыныстар күтілуде. Лабораторияға қажетті қосалқы материалдар сатып алынды және 2014 жылы «Oxy Textile» ЖШС іске қосылды.

«Оңтүстік» АЭА толық циклды дайын тігін бұйымдарын ұйымдастыру үшін 2012 жылы «ПК «АГФ групп» ЖШС киім өнідірісі жобасы іске қосылды. Жобаның құны – 251 млн. теңге. 2013 жылы өндіріс көлемі - 43,0 млн.тг құрады.


Тері, тері өнімдерін және аяқ киім өндірісі

Тері, тері өнімдерін және аяқ киім өндірісінде кәсіпорындармен 2009 жылы 2,8 млн. тенгеге өнім шығарылды, НКИ 2008 жылмен 93,1 % құрады. 2010 жылы өнім көлемі 51,1 млн. теңгені құрады, 2009жылмен салыстырғанда 8,9 есеге өсті. 2015 жылға қарай өнім көлемін 5,0 млн.тегеге дейін өсіру немесе 2009 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге арттыру көзделіп отыр.

2011-2013 жылдары облыста бағдарламаны іске асыру кезінде кәсіпорындармен шығарған өнімі: 2011жылы – 247,8 млн. теңге (НКИ – 27,3 есе), 2012 жылы – 192,4 млн. теңге (НКИ – 131,2 %), 2013 жылы – 72,7 млн. теңге (НКИ – 69,2 %).

2014 жылдың қаңтар-маусымда өнімді 29,7 млн. теңге немесе 118,8 % 2013 жылдың тиісті кезеңімен.

Нақты салада ірі қара малдың және жылқы тектес жануарлардың терісін өңдеуде шағын мекемелер де қызмет етеді. Заманауи тенденциялар өндірістік кәсіпорындардың жабдығын қайта құруды, түбегейлі өзгертуді, оны бүгінгі күн талаптарына сәйкес деңгейге шығаруды талап етеді.

2010 жылы келесі жобалар іске қосылды:

- жүнді өңдеумен айналысатын «ШКПОШ» ЖШС;

- «Ылғал жұтқыш мақтаны, мақта целлюлозасын және техникалық карбоксиметилцеллюлозаны мақтақұрағыш шикізаттан өндіруді ұйымдастыру» «Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС;

- «Мақта-мата жібін иіру өндірісін ұйымдастыру» «Oxy-Textile».

Тігін өнеркәсібінің кәсіпорындарымен 2012 жылы 3206,6 млн. теңге сомасында өнім шығарылды, немесе 2011 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 149,6 % құрады. Өндірістің өсуі ұлттық компаниялар мен қарулы күштер тапсырыстардың (арнайы жұмыс киімдері 93,6 % артқан) өсуі есебінен орын алды.

«Арайлы» ЖШС 2005 жылы құрылған тігін өндірісінің негізгі ассортименті қарулы күштер құрылымдарына нысаналы киімдер тігу. Кәсіпорында өндірісті дамытудың ұзақ мерзімді бағдарлама әзірленді, ол бойынша негізгі қорларды жаңғырту, экспортқа бағытталған азаматтық ассортименттерді енгізу және жаңа технологияларды игеру қарастырылған.

Кәсіпорын түскен пайданы заманауи негізгі құралдарды сатып алуға және ассортименті кеңейтуге жұмсады. 2007 жылы немістің PFFAF фирмасының тігін жабдықтары орнатылды, екінші тігін корпусы іске қосылды. 2009 жылы 3 қабатты корпус, жартылай автоматты машиналар, ылғалды-жылу өңдеу бағдарламамен басқарылатын машиналар сатып алынды, ылғалды-жылу өңдеу линиясы қойылды, кәсіпорынның өнім көлемі 1 млрд.теңгеге жетті. 2011 жылы – 1119 млн.тг., 2012 жылы - 1187 млн.тг. Фабрика 2 ғимараты бар: камуфляждалған жазғы және қысқы костюмдер тігетін цех және жаңа копус, онда 3 линия жұмысы жасайды (пиджак, шалбар және көйлек).


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы туралы
Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы“ Қазақстан Републикасы Президентiнiң 2003...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған
Облыстың 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница