Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы




НазваниеОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
страница17/27
Дата конвертации12.02.2016
Размер3.51 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://ontustik.gov.kz/sites/default/files/pages/oblistin_2011-2015_j.j._damy_bagdarlamasi.doc
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27

Спорт

Облыс көлемінде 2009 жылы - 61 мемлекеттік спорт мекемелері қызмет атқаруда, оның ішінде 35 БЖСМ, 17 ОРДБЖСМ, 2 ЖСШМ, Б.Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернаты, 4 МКҚК және «Ордабасы» кәсіби футбол командасы» акционерлік қоғамы жұмыстар жүргізуде.

2013 жылы облыста 76 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары жұмыс атқарды. Оның ішінде: 18 облыстық, 48 қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен 8 облыстық және 1 аудандық мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары мен 1 акционерлік қоғамы.

2009 жылы облыс көлемінде спорт нысандарының жалпы саны - 3529 бірлікті құрап, оның ішінде 21 стадион, 1 спорт сарайы, 1 оқу-жаттығу орталығы, 27 спорт кешені, 18 жүзу бассейні оның ішінде, 2 жабық бассейн, 16 ашық бассейін жұмыс жасайды. Ал, облыстың ауыл-аймақтарында барлық спорт нысандарының саны 2772 бірлікті құрап отыр.

2013 жылдың қорытындысымен облыс көлемінде спорт нысандарының жалпы саны - 4932 бірлік тіркелген. Оның ішінде: 27 - жүзу бассейні, спорт залдары – 846, спорттық манеждер – 11, ашық ату тирі – 203, қарапайым спорт алаңдары – 3608, ипподром – 2, хоккей корттары – 1, ату алаңы – 1, теннис корттары – 34 және ыңғайластырылған залдар - 137.

Облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың 2009 жылы жалпы саны 176 837 адам немесе жалпы тұрғындардың 9,9% құрады. 2012 жылдың қорытындысымен 427 602 мың адам 16 %-ға жетсе, 2013 жылы 488321 мың адам 18 %-ға дене шынықтыру және спортпен шұғылданған.

Облыстың спорт мектептерінде спортпен айналысушылар спорттың 49 түрімен шұғылданады, оның ішінде 27 олимпиадалық спорт түрімен 28 212 адам шұғылданады, ал, олимпиядалық емес спорт түрімен 7 610 адам шұғылданады. Облыс бойынша 2013 жылы спорттың 58 түрі дамуда: 35 - олимпиадалық, олимпиядалық емес – 23.

Спорт түрлерінен облысымыздың 638 спортшысы Қазақстан Республикасының ұлттық командасының құрамына еніп, оның ішінде: 254 – ересектер, 201 - жастар, 183 - жасөспірімдер құрамасына енген. 924 спортшы 1-ші санатты, 1126 спорт шеберіне үміткерлер, 110 – спорт шеберлері, 20 халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктерінде 2009 жылы облыс спортшылары 259 алтын, 224 күміс және 269 қола медаль жеңіп алған (2008 жылы, 247 алтын, 208 күміс және 271 қола медаль).

2009 жылы Азия чемпионаттары мен біріншіліктерінде облыс спортшылары 55 алтын, 24 күміс және 27 қола медаль жеңіп алды (2008 жылы, 51 алтын, 23 күміс және 26 қола медаль).

2012 жылы облыс спортшылары спорттың 52 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, барлығы 1086 медаль жеңіп алған. Оның ішінде: 367 алтын, 348 күміс, 310 қола медальдарына қол жеткізді.

2013 жылдың қортындысымен Азия чемпионаттарында облыс спортшылары, 34–алтын, 20 – күміс және 23 – қола медальге қол жеткізді (2012 жылы 13 алтын,7 күміс, 10 қола) осы уақыт арасында өткен Әлем чемпионаттарында облыс спортшылары, 9 - алтын, 9 - күміс және 13- қола медальге ие болды.(2012 жылы 15 алтын, 4 күміс,12 қола).

Сонымен қатар, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 13 алтын, 7 күміс және 10 қола медальге, Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында 15 алтын, 4 күміс және 12 қола медальге ие болды.

2013 жылы 713 медальге қол жеткізіп отыр. Оның ішінде: Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктерінде 221 алтын, 213 күміс, 228 қола, Азия чемпионаттарында облыс спортшылары 19 алтын, 11 күміс және 13 қола медальге, Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медальге ие болып отыр. Облыс спортшылары 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 26 медальге көбейген.

Жалпы әлеуметтік саланың негізгі проблемалары:

- облыс ауыл тұрғындарының қалаға көшуі;

- орта кәсіптік білім беру мекемелеріне мұғалімдердің жетіспеушілігі;

- дәрiгерлiк қызыметкерлердің бiлiктiлiк деңгейiнің жеткiлiксiздігі;

- медицина мекемелерiндще құрал- жабдықтардың жеткiлiксiздігі;

- Шымкент қаласында нәрестелiк өлiм-жiтiмнiң көрсеткiштерiнiң өсуi;

- халықтың мәдени белсенділігінң жеткіліксіздігі;

- әлеуметтік салада бюджет қаражатын қолдану тиімділігінің төмендігі.


2.2.3. Инфрақұрылым кешені

Элетроэнергетика

Электрэнергетика облыс экономикасының базалық саласы болып табылады. Энергияның ішкі көздері аймақтың электроэнергиясына деген жалпы тапшылығының 45 %-47 % қамтамасыз етеді.


Электр және жылу энергиясын өндірудің динамикасы


Атауы

Өлшем бірлігі


2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж

2010 ж.%

Электр энергия

млрд. кВт. Сағ.

1,32

1,38

1,23

85,4

Жылу энергия

млн. Гкал

1,2

1,4

1,5

128,3


Өнеркәсіп өндірісінің жылдан жылға артуымен экономиканың нақты секторының және облыс тұрғындарының электр энергиясына қажеттілігін толығымен қанағаттандыруда. Стансалар өндіретін электр энергияның көлемі келесі таблицада көрсетілген.


Стансалар өндіретін электр энергияның көлемі

Электрстанциялар


2008 жылы

2009 жылы

2010 жылы

2011 жылы

2012 жылы

2013 жылы

2014 жылы 9 айға


Өсуі, %

«Шардара СЭС» АҚ


627,5

627,5

670,5

495,7

569,3

464,5

446,9

96,2

«3-Энергоорталық» АҚ

683,3

753,4

867,9

824,4

804,8

741,7

934,1

125,9

«Келесгидрострой» АҚ

4,8

4,8

3,2

3,2

5,0

5,2

5,23

100,4

Барлығы:

1315,6

1385,7

1541,6

1323,3

1 379,1

1211,4

1386,2

114,4



Әр түрлі иеліктегі 3 электр стансасында электр энергиясы өндіріледі.


Оңтүстік Қазақстан облысындағы электр стансалар


Электрстансалар

Белгіленген қуаты

«Шардара СЭС» АҚ

100

«3-Энергоорталық» АҚ

160

«Келесгидрострой» АҚ

1,32

Барлығы:

261,32
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы туралы
Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы“ Қазақстан Републикасы Президентiнiң 2003...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған
Облыстың 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница