Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы




НазваниеОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
страница16/27
Дата конвертации12.02.2016
Размер3.51 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://ontustik.gov.kz/sites/default/files/pages/oblistin_2011-2015_j.j._damy_bagdarlamasi.doc
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27

Мәдениет

Облыста 745 мәдениет және өнер мекемелері халыққа тұрақты мәдени қызмет жасап келеді. Оның ішінде: 268 клуб мекемелері, 435 кітапхана, 12 мұражай, 8 кәсіби театр, 11 демалыс саябағы, 2 кинотеатр, 1 концерттік ұйым, 1 кинобейне орталығы, 1 облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, 1 қалалық мәдениет және өнер орталығы, 1 «Өркен» ойын-сауық орталығы, 2 сурет галереясы, 1 зоопарк және 1 тарихи-мәдени мұраны сақтау, қолдану мен қалпына келтіру орталығы.

Облыстық клуб мекемелерiнде 908 құрылым жұмыс iстеуде, оның «Халықтық» атағы бар көркемөнерпаздар ұжымдардың саны 37-ге жеткен.

Мәдениет мекемелерінің қызметі. 2009 жылы аумақта 215 концерт, 11283 мәдени iс-шаралар өткiзiлiп, ал 2440 қойылым қойылып, оның ішінде 43 жаңа.

Жалпы көрермендердің саны 4 миллионға жуық адамды құрады.

2 видеофильм, 2 ғылыми-көпшілік кітап, 2 фотоальбом, 2 ғылыми-анықтамалық кітап жарыққа шықты.

Облыстық кітапханалардың кітап қоры 6 536 535 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 2 507 мың дана, 2009 жылы алынғаны 129 412 дана.

Мұражайлардың 122 614 экспонат қоры бар, көрермендердің саны 130 мыңға жуық адамды құрайды.

Тарихи-мәдени мұраларды қорғау, сақтау және пайдалану саласы бойынша облыс бойынша 1130 нысан қорғауға алынған, оның ішінде археологиялық ескеркіштер саны – 1012 болса, архитектуралық ескеркіштер саны -118.

23 республикалық және 2 облыстық маңызы бар ескерткіштеріне реставрациялық жұмыстар жүргізілді.

2012 жылы аумақта 120 концерт, 11000 мәдени iс-шаралар өткiзiлiп, ал 2401 қойылым қойылып, оның ішінде 42 жаңа. Жалпы көрермендердің саны 4 миллионға жуық адамды құрады.

2010-2012 жж. «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығы 130 дана, 2013 ж. - 72 том, 2014 жылы - 238 том кітап жарыққа шықты.

Архивтік сала

Оңтүстік Қазақстан облысында мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес мұрағаттарды материалдық-техникалық жағынан жарақтандыру едәуір жақсарды.

ОҚО Ұлттық мұрағат қоры Өзбекстан Республикасының Орталық мұрағаттарынан әкелінген, тарихи құндылығы бар құжаттармен 446 сақтау бірлігіне көбейді. Оның ішінде «1864-1936 жылдардағы Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы бойынша Өзбекстан мұрағаттарынан әкелінген құжаттар» коллекциясы 293 сақтау бірлігіне, ал «Түркістандағы қазақ ұлттық интеллигенциясының өмірі мен қызметі туралы» құжаттар коллекциясы 83 сақтау бірлігіне артты.

«Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында шетел мұрағаттарынан өңіріміздің тарихына қатысты құжаттарды іздестіру және олардың көшірмелерін әкелу жұмысы жалғасын табуда. 2013 жылы Өзбекстан Республикасының Орталық кітапханаларында арнайы жұмысшы тобы құжат ісдестіру жұмыстарын жүргізіп, 2142 парақтан тұратын құжаттардың көшірмелері әкелінді. 2014 жылы Өзбекстан Республикасынан 30 істен тұратын құжат көшірмесі әкелінді.

Жеке құрам бойынша құжаттардың орналасқан жері туралы картотекаларды толтыру үшін мәліметтер жинақтау жұмыстары жүргізілуде.

2013 жылдың 1 қаңтарына ОҚО бойынша 1413998 сақтау бірлігі мемлекеттік мұрағаттарға қабылданды. Оның ішінде 538558 с.б. жеке құрам құжаттары, 2013 жылы 861479 с.б. басқару құжаттары, 2013 жылы - 13691 с.б., фотоқұжаттар. 2011 жылмен салыстырғанда құжат қабылдау көлемі 4083 с.б. өскен.

2014 жылдың 1 қаңтарына 1476131 сақтау бірлігі мемлекеттік мұрағаттарға қабылданды. Оның ішінде 2014 жылы 549125 с.б. жеке құрам құжаттары, 2014 жылы 871605 с.б. басқару құжаттары, 2014 жылы - 28754 с.б, фотоқұжаттар. 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда құжат қабылдау көлемі 22235 с.б. өскен.

2013 жылы жеке және заңды тұлғалардан 30732 сұраным келіп түсті, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету Орталықтары арқылы 20797 сұраным қабылданды. Қабылданған сұранымдардың 30087-і (98%-ы) қанағаттанарлық нәтижемен орындалды. Алыс және жақын шетелдерден келген 3856 сұранымның 3233-іне (84%-на) оң нәтижелі жауаптар жіберілді.

2013 жылы 30 млн. теңгеге мұрағат құжаттарын электронды жүйеге көшіруге арналған техника сатып алынды. 2013 жылдың қазан айынан бастап 2014 жылдың 1 тамызына дейінгі аралықта барлығы 707 істің 103142 парағы сканерленіп, сандық таңбаға көшірілді. Халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінің (мұрағаттық анықтамалар беру) сапасын жақсарту мақсатында Е-әкімдік жүйесі енгізілді.

Шымкент қалалық мұрағаты ғимаратының құрылысы үшін облыстық бюджеттен 525,0 мың теңге (2014 жылға – 418,052 мың теңге, 2015 жылға – 103,0 мың теңге) бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіледі.


Тілдерді дамыту

Оңтүстік Қазақстан облысының тіл саясаты мемлекеттік тілдің ұлт бірлігінің негізгі факторы ретінде кеңінен қолданылуын қамтамасыз етуге жағдай жасауға, өңірдің лингвистикалық капиталын сақтауға бағытталған.

Облыста Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік тілді оқыту орталығы бар. Ол орталықта 9456 облыс тұрғыны мен мемлекеттік қызметкер оқытылды.

Тіл үйрету базасын қамтамасыз ету мақсатында «Ономастикалық анықтағыш» анықтамалығы (1000 дана) мен «Көпсалалы электронды сөздік» көпсалалы электронды сөздігі (800 дана), «Ісқағазының мемлекеттік тілдегі стандарттық үлгілері», «Ісқағаз жүргізуде жиі қолданылатын сөз тіркестері» мен өзге ұлт өкілдеріне арналған әдістемелік құралдар әзірленіп, шығарылды.

Тұрақты түрде мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізуге мониторинг жүргізіледі.

2009 жылы мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізу көрсеткіші 90,2%-ға жетті.

Өңіріміздегі лингвистикалық капиталды сақтау мақсатында 20 этномәдени орталық жанындағы 11 жексенбілік мектепте облыста тұратын этностардың тілдері оқытылады. Бұл мектептерде 300 тыңдаушы өз ана тілдерін (татар, неміс, иран, корей, еврей, грек, грузин, түрік, поляк, ұйғыр, күрді) оқып-үйренуде.

Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тілді 2017 жылға қарай 80 %-ға, 2020 жылға 95 %-ға, ал ағылшын тілін 20 %-ға жеткізу тапсырылған.

2012 жылы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 88,4%, 2014 жылы - 89,2%, орыс тілін 2012 жылы - 60,4 %, 2014 жылдың 9 айында - 63,5 %, ағылшын тілін 2012 жылы - 6,4 %, 2014 жылы - 7,0 % меңгерген.

2013 жылы тіл оқыту орталықтарында 3467 адам тіл оқып үйренді. Оның ішінде, 1654-і мемлекеттік тілді, 634-і орыс тілін, 1179-ы ағылшын тілін оқып шықты.

Облысымызда ақысыз тілдерді оқыту мемлекеттік орталықтары ашылды. Ақырында, оның саны 15 бірлікке дейін өсті.

2014 жылы 9 айында тіл үйренушілер саны 2912-ге жетті (мемлекеттік тілді 1212 адам, орыс тілін 696, ағылшын тілді 1004 адам). Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 96%-ы қазақ, 4%-ы өзге ұлт өкілдерін құрайды. Олардың 99%-ы мемлекеттік тілде еркін іс-қағаз құжаттарын жүргізе алады. Ал, 76%-ы орыс тілін, 2%-ы ағылшын тілін еркін меңгерген.


Ішкі саясат

Жастар саясаты

2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 14―29 жасындағы жастар саны 701,1 мың адамды құрайды, немесе облыс халқының 30,6 %, 2013 жылы 773,4 мыңнан астамын құрап, 28,9 % болды. Оның ішінде ауыл жастары 473,3 мың болса, 300,1 мыңнан астамы - қала жастары. Бұл көрсеткіш республикадағы кейбір облыстың тұрғындарымен салыстырғанда 1,5 есеге көп.

Жастардың қоғамдық өміріндегі негізгі рол атқаратын және жастардың мәселесін шешетін 52 қоғамдық жастар бірлестіктері тіркелген. Кеңестік орган статусын иеленген облыс әкімі жанындағы облыстық жастар істері жөніндегі Кеңес, «Жастар орталығы» МКҚК және облыстық жастар ресурстық орталығы қоғамдық бірлестікпен мемлекет арасындағы қарым қатынасты реттейді.

Облыстық Әділет департаментінде тіркелген 78 жастар қоғамдық ұйымдары бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 2013 жылдан бастап барлық деңгейдегі аудан, қала әкімдіктері жанындағы Кеңеске аудан, қала әкімдері төрағалық етуде. Сонымен қатар 2013 жылы барлық деңгейдегі Кеңестің 52 отырысы өткізілсе, онда 205 тапсырма беріліп, бүгінгі таңда 200 тапсырма толығымен орындалып, 5 тапсырма 2014 жылдың І-ші тоқсанында толығымен орындалды.

Облыста 2008-2010 жылдарға арналған жастар саясаты жөніндегі өңірлік бағдарламасы аясында мемлекеттік жастар саясаты белсенді жүзеге асырылуда, нәтижесінде жастардың дамуына және әлеуметтік қалыптасуына, шығармашылық потенциалын жүзеге асыруға қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық жағдай және кепілдіктер жасалған, жастар арасында патриоттық деңгейдің жоғарлағаны байқалады.

Оқушыларды және студент жастарын жазғы демалыс кезінде уақытша жұмыспен қамту мақсатында студенттік құрылыс отрядының облыстық штаб жұмысы ұйымдастырылды. 2009 жылы СҚО жалпы студенттер саны 730 адамды құрады, «Жасыл ел» отрядында 3180 адам астам жұмыс істеді.

Нашақорлық, токсикомания және алкоголизм проблемаларын алдын алу және күресу мақсатында облыста 10 балалар-жасөспірім клубтары құрылып, 3500 адам қамтылған, оның ішінде аз қамтылған және қолайсыз отбасылардан 2800 адам.

Оқушылар, студенттер және аспиранттар арасында талантты жастарды таңдау мақсатында қоғамдық, техникалық және гуманитарлық ғылымдыр бойынша үздік ғылыми жұмыстарға байқаулар, олимпиадалар өткізіліп тұрады. «Жас Қазақстандық» атты облыс әкімінің премиясы айқындалған.

Жастар проблемасын шешуге бағыталған жобаларды жүзеге асыру және оларды қоғамдық өмірге тарту мақсатында, жыл сайын жастардың әлеуметтік жобаларының байқауы өткізіліп тұрады.

Облыста «Студент», «Жастар дауысы», «Молодежка» қосымша басылымдар және «Ұркер», «На самом деле», «Час без родителей», «Жас толқын» т.б. телевизиялық бағдарламалар көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 603 қаулысымен «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілген болатын. Аталмыш тұжырымдаманың 3 кезеңнен тұратын іс-шаралар жоспары негізгі 10 бағыт бойынша жұмыс жасалды.

Қол жетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету бағыты бойынша бүгінгі таңда облысымызда 11 жоғары оқу орны мен 92 арнаулы орта оқу орындары бар. Жоғары оқу орындарында барлығы 71 942 студент білім алса, арнаулы орта оқу орындарында білім алатын студенттердің саны 77 094  мыңнан асып отыр.

Облыста 2013 жылы жоғары оқу орындарын аяқтап, жұмысқа орналасқан студенттер туралы мәліметтер базасы жинақталып, сараптама жұмыстар жүргізілді. Сараптама нәтижесінде 10 жоғары оқу орнын (Оңтүстік Қазақстан фармацевтика академиясынан басқа) 2013 жылы 20 398 студент бітірсе, соның ішінде 14 527- сі жұмысқа орналасқан.

Жоғары оқу орындарында білім алатын студенттердің өзекті мәселелерінің бірі – жатақхана мәселесі. Яғни облысымыздағы 9 жоғары оқу орнында 22 жатақхана бар. Облыстағы 71 мыңнан астам студенттің 6000-нан астамы жатақханада тұрса, қалғандары пәтер жалдап, туыстарының үйлерінде тұруда. Облыстағы жатақханалардың жеткіліксіздігі туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар ісі кеңесінде бірнеше рет көтеріліп, Білім және ғылым министрлігіне ұсыныстар берілді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны жыл сайын артуда. 2010 жылы дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 296 352 адамды немесе 12 % құраса, 2011 жылы бұл көрсеткіш 379 218 адамды немесе 14,5 % құраса, 2012 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатындардың саны 427 602 адам қамытылып, облыстағы барлық жастағы халықтың қамтылуы 16 %-ға жетіп отыр. Ал, 2013 жылдың қорытындысы бойынша жалпы шұғылданушылар саны 6,5 % құрап отыр. Жыл соңында 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарға сәйкес 18 % жету жоспарланған.

Жоспар бойынша 14 аудан, қалаларда 186 ауыл округінің 2000 астам жастарының тікелей қатысуымен «Ауылдың болашағы – жастардың қолында!» марафоны аясында «Спорт бізді біріктіреді» ауыл жастарының волейбол және шахматтан спорттық сайысы өтті. Қорытындысы Шымкентте облыстық жарыспен ұйымдастырылып, қорытындыланды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында «Жастар практикасына» 2014 жылдың 1 қаңтарына 1651 кәсіпорынмен келісім-шарттар жасалып, оларға жастар практикасына жұмыссыз жүрген 7242 оқу бітіруші түлек жас маман жіберілді, (оның ішінде ауылдық жерлерден 3320 адам). Жұмыс мерзімінің аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс орнына орналасқан 4960 адам, яғни 68,4 % қамтылды.

Аталған бағдарлама бойынша биыл кәсіби оқуға 1658 жас азамат жолданған (оның ішіндегі ауылдық жерлерден 953 адамның немесе 57,5 % жастар құрайды) Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарына 2953 нысаналы топтағы жас азаматтар жолданған (оның ішінде ауылдық жерлерден 1494 адам).

2013 жылдың мамыр – желтоқсан айлары аралығында «Жастар шағын және орта бизнесте!» жобасы аясында «SHYMKENT START UP» үздік бизнес жобалар конкурстарын өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласы, қызмет көрсету, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салалары бойынша үздік бизнес жобаларға 250 000 теңгеден 1 000 000 теңге көлемінде сыйақы берілді. Жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттау мақсатында мотивациалық ақпараттық брошюралар, буклеттер, әдістемелік құралдар таратылды.

2013 жылдың қыркүйек айында жастардың үздік бизнес жобаларын қолдау мақсатында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен бірлесе отырып «ОҚО Коворкинг орталығы» жастар бизнес инкубаторы жұмысы ұйымдастрылды. «ОҚО Коворкинг орталығы» жастар бизнес инкубаторы базасында жұмыс жасауға «Shymkent technologies» компаниясы, «Алтын-ғасыр» дизайн компаниясы, «Otau home services» клинигтік компаниясы, «Sulu models» агенттігі, «Оңтүстік аударма» агенттігінде 52 жас жұмыспен қамтылды.

Облыстың аудан, қалаларында және оқу орындарындағы жастармен 6 жоба аясында «Жастарға ой толғаймын», «Тәрбие тал бесіктен», «Жастық самғау бал кеші», «Ізгілікпен махаббат байқауы», «Отан – отбасынан басталады», «Ұлттық Дельфий ойындары» тақырыптарында 70-ке жуық іс-шаралар мен байқаулар ұйымдастырылып, оған 20 мыңға жуық жастар қамтылды.

Жастар ұйымдарының белсенді тарта отырып, жастар ортасында жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған 12 бейнероликтер әзірленіп жергілікті телеарналарда көрсетілімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар 120 баннер дайындалып аудан, қалаларда ілінді. Сондай ақ, азаматтарды патриоттық тәрбиелеу жөніндегі 6000 дана әдістемелік құралдар шығартылып аудан, қалалардың жастар орталықтарына таратылды.

Сонымен қатар аудан, қалалардағы ауыл жастарына қолдау көрсету аясында олардың белсенділіктерін арттыру, талантты, дарынды, шығармашыл жастардың өнерін шыңдау мақсатында «Жастар Отанға» саяси лагері, жоғары оқу орындары арасында «Студенттік көктем» фестивалі, түрлі этнос жастарының «Достық лагері» мен «Бірлігіміз жарасқан» этно-керуені сияқты бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

2014 жылғы облыстық статистиканың мәліметі бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 773,4 мыңнан астамын құрап отыр, облыс халқының 28,9 %. Оның ішінде ауыл жастары 473,3 мың болса, 300,1 мыңнан астамы қала жастары.

Облысымыздың барлық аудан, қалаларда "Жастар орталығы" мемлекеттік коммуналдық мекемелері құрылып, материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген.

2013 жылы облыстағы аудан, қаланың барлық ауылдық округтерінде бір штаттық қызметкерден берілді, қазіргі танда жастар жұмысымен 238 маман бар.

Жастарды отансүйгіштік, туған елінің патриоты болуға, жастардың белсендігін арттыру мен талантты, дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында 21 бағытта арнайы жоба жүзеге асырылып, 9 айдың нәтижесі бойынша 120 дан астам іс-шаралар өткізіліп оған 12 мыңға жуық жастар қатыстырылды.

2014 жылы 458 студентті демалыс айларында құрылыс нысандарына жұмысқа тарту мәселесі бойынша қазіргі таңда облыстық бірнеше мердігер компаниялармен келісімге келіп, студент құрылыс жасақтары тиісті компанияларда жұмыстар атқаруда.

«Жасыл Ел» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2014 жылы «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының республикалық штабынан Оңтүстік Қазақстан облысына 857 жасқа квота бөлініп және жұмыс жасайтын әр бір жас тегін жұмыс киімімен (күртеше, жейде, беисболка, аяқ киім) қамтамасыз етілді

Бұқаралық ақпарат құралдары

Облыста 2012 жылы - 433, 2014 жылы - 240 БАҚ тіркелген, оның ішінде әрекет етіп тұрған – 194, оның ішінде 2012 жылы - 181 немесе 93 %, 2014 жылы - 220 немесе 91,6 % - баспа басылымдар (2012 ж. 170-газет, 11-журнал, 2014 ж. 182-газет, 38-журнал), электрондық БАҚ – 2012 ж. 13 немесе 7 %, 2014 ж. 20 немесе 8,3 % (2012 ж. 8, 2014 жылы 10 телекенал, 3 радио, 2 кабелдік теледидардың операторлары, 2014 жылы 7 – интернет ресурс).

Тематикалық бағыт бойынша ақпараттық бағыттағы БАҚ үлесі жоғары –2012 жылы 41,9%, 2014 жылы - 46,7 %, қоғамдық саяси бағытта 2012 жылы 22,6%, 2014 жылы - 53,3 %, 90% мемлекеттік емес БАҚ.

Басылымдардың және телевизиялық бағдарламалардың сапасы және деңгейінің жоғарылағаны байқалады.

Интернет сайты бар БАҚ саны өсуде.

Басылымдардың тираждары да өсуде (қоғамдық саяси бағыттағы басылымдардың саны 5 мыңнан 36 мың экземплярға дейін барады).

«Қазтелерадио» инфрақұрылымы облыс аймағын «Хабар»-92,7 %, «Қазақстан» - 98,9 %, «Евразия» -78 %, «Қазақстан-Шымкент» -78,6 % қамтиды.

Кабелдік теледидарда кең тараған, қазіргі таңда ол 2 операторлармен ұсынылған.

2012 жылдан бастап облыс көлемінде жұмыс жүргізіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының саны 235. Оның 95 % баспа (192-і газет, 31-і журнал) 5 % электронды БАҚ (9-ы телеарна, 3-уі радио, 4 кабельді оператор).

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы туралы
Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы“ Қазақстан Републикасы Президентiнiң 2003...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған
Облыстың 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница