Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы




НазваниеОңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
страница1/27
Дата конвертации12.02.2016
Размер3.51 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://ontustik.gov.kz/sites/default/files/pages/oblistin_2011-2015_j.j._damy_bagdarlamasi.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27


Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының

2014 жылғы 11 желтоқсандағы №34/261-V

шешіміне қосымша


Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының

2010 жылғы 28 желтоқсандағы №36/366-IV

шешіміне қосымша





ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ





Шымкент қ. – 2014 ж.


МАЗМҰНЫ


1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3

2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8

3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 129


4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР,

НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР,

НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ

ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 131



5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 157


6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 158



  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ




Бағдарламаның атауы

Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Әзірлеуге негіз

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы», 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс-шаралар жоспары туралы» № 302 Қаулысы


Аймақтың негізгі сипаты

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағы 117,3 мың шаршы шақырым немесе республика аумағының 4,3%, облыс Туран ойпатының шығыс бөлігінде, Тянь-Шань тауының батыс сілімдерінде орналасқан және батысында - Қызылорда, солтүстігінде – Қарағанды, шығысында – Жамбыл облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстанмен шекаралас жатыр.

Облыста 11 ауылдық аудандар, 4 облыстық маңызы бар қалалар, 7 қалалар (Шымкент қаласынан басқа), 11 кенттер, 868 елді мекендер бар.

Облыс халқының саны 2429,5 мың адам, халықтың тығыздығы 1 шаршы шақырымға орташа 20,7 адамнан келеді.

Әкімшілік орталығы – Шымкент қаласы


Бағыттары

  • Аймақтың экономикасын дамыту;

  • Әлеуметтік саланы дамыту;

  • Инфрақұрылым кешенін дамыту;

  • Аумақтық (кеңістік) орналасуын дамыту;

  • Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару жүйесін дамыту.




Бағдарламаның мақсаты

Оңтүстік-Қазақстан облысының өзекті мәселелерін шешу және соның негізінде халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, өндірістік, еңбек және интеллектуалдық әлеуетін дамыту.

Азаматтардың өмірі, денсаулығы, құқығы, бостандығы және құқықтық мүдделерінің қорғалу деңгейін қамту және қолдау.

Ауылдық елді мекендерді әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарымен қамту.


Міндеттері

- өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

- агроөнеркәсіп кешенін дамыту;

- құрылыс индустрия және құрылыс материалдарының өндірісін дамыту;

- кәсіпкерлік дамуына қолайлы жағдай жасау;

- жоғары нәтижелі қызметтер көрсету;

- аймақтың туристтік тартымдылығын арттыру;

- облыстың экологиялық ахуалын жақсарту;

- облыста қолайлы демографиялық жағдай жасау;

- аймақтық еңбек нарығын жақсарту, жұмыс күшінің сапасын және азаматтардың еңбек рыногында бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

- кедейлік деңгейін төмендету және облыс халқының өмір сүру сапасын арттыру;

- халықтың сапалы білімге қол жетімділігін қамту, білім, ғылым және өндірістің әрекет жасауының жаңа үлгілерін дамыту, әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу;

- халықтың денсаулығын жақсарту мен аурушандықты төмендету, сапалы және нәтижелі әлеуметтік-медициналық көмекке халықтың барлық санаттарының қол жетімділігін қамту;

- мәдениет ұйымдарының желісін дамыту, отандық және шетелдік мәдениет мұралары мен құндылықтарына халықтың барлық санаттарының қол жетімділігін қамту;

- дене шынықтыру және спортты дамыту;

- көлік дәліздерін пайдалану нәтижелігін арттыру;

- автомобиль жолдарының сапасын, желісін және өткізу мүмкүндіктерін арттыру;

- аймақтың энергияға тапшылығын азайту, энергия көздерінің альтернативтік түрлерін, оның ішінде, гидро, жел және күн жарығын дамыту;

- жылу, газ және су жүйелерін дамыту және жетілдіру;

-«өсу нүктелерін» қалыптастыру;

- ұлттық маңызы бар тірек қала ретінде Шымкент қаласын дамыту;

- мұсылман әлемінің рухани орталығы ретінде Түркістан қаласын дамыту;

- ауылдық елді мекендердің әлеуетін көтеру және оған жағдай жасау;

- депрессивтік және еңбек күші артылған аймақтардың проблемаларын шешу;

- жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің жұмыс жағдайын және біліктілігін арттыру;

- жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;

- жергілікті бюджетке түсімдердің орындалуына мониторинг жүргізу;

- қоғамдық тәртіпті нығайту және халықтың өмір сүру қауіпсіздігін, денсаулығын, құқықтары мен бостандығын қамту, қылмыскерліктің алдын алу шараларын арттыру;

- жол қауіпсіздігін қамту;

- қылмыспен, нашақорлықпен және наша бизнесімен күресу бойынша нәтижелікті арттыру.



Нысаналы индикаторлар

- Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 107,2 % жеткізу (2011 ж. – 105,7 %);

- Өнеркәсіптегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 102,0 % жеткізу (2011 ж. – 101,9 %);

- Кен өндіру өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 101,0 % жеткізу (2011 ж. - 103,1%);

- Металл кендерін өндірудің нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 100,5 % жеткізу (2011 ж. - 102,6 %);

- Өңдеуші өнеркәсіптегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 102,8 % жеткізу (2011ж. - 100,5 %);

- Металлургия өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 109,0 % (2011ж. - 116,5 %);

- Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 105,0 % жеткізу (2011ж. - 80,2%);

- Өзге металл емес минералдық өнімдерді шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 107,0 % жеткізу (2011ж. - 120,3 %);

- Жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 110,0 % жеткізу (2011 ж. - 89,6 %);

- Машина жасау өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 105,0 % ( 2011 ж. - 131,9 %);

- Жеңіл өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 110,0 % жеткізу (2011ж. - 77,0 %);

- Фармацевтика өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 101,5 % жеткізу (2011 ж. - 108,7 %);

- Химия өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 101,0 % жеткізу (2011ж. - 109,0 %);

- Резеңке және пластмасса бұйымдарын шығарудың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 102,0 % жеткізу (2011ж. - 142,7 %);

- Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндірудің нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 100,5 % жеткізу (2011ж. - 100,7 %);

- Тамақ өнімдерін өндірудің нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 103,0 % жеткізу (2011ж. - 93,5 %);

- Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың жалпы көлеміндегі шетел инвестицияларының үлесін 2015 жылға дейін 26,0 % жеткізу (2011ж. - 19,9 %);

-Жалпы өңірлік өнімдегі негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың үлесін 2015 жылға дейін 24,0 % жеткізу (2011 ж. - 18,1 %);

- Инновациялық өнімдер өндірісі көлемінің өсуін 2015 жылға дейін 108,0 % жеткізу (2011 ж. - 316,3 %);

- Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 105,0 % жеткізу (2011 ж. – 111 %);

- Ауыл шаруашылығына негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 108 % жеткізу (2011 ж. – 129,3 %);

- Жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестицияларды 2015 жылға дейін 126,9 мың теңгеге жеткізу (2011ж. - 105,3 мың теңге);

- Энергияны көп қажет етуді төмендетуді 2015 жылға дейін 0,1% жеткізу (2011 ж. – 0,026 %);

- Энергияны жалпы тұтынудың көлеміндегі жаңартылатын энергия көздері үлесінің ұлғаюын 2015 жылға дейін 0,303% жеткізу (2011 ж. - 0,088 %);

- Бөлшек сауданың нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 120,0 % жеткізу (2011 ж. – 111,2 %);

- Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды (2-3 жас) 2015 жылға дейін 80% жеткізу (2011 ж. – 54,6%);

- Техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған типтік жастағы (14-24 жас) жастардың үлесін 2015 жылға дейін 15,5% жеткізу (2011 ж. – 14,8 %);

- 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесін (NEET – англ. Not in Education, Employment or Training) 2015 жылға дейін 27 % жеткізу (2011ж. - 41%);

- Халықтың туылғаннан бастап күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2015 жылға дейін 71,53 жасқа жеткізу (2011 ж. - 69,86 жас);

- Жұмыссыздық деңгейін 2015 жылға дейін 5,3% төмендету (2011 ж. –5,7 %);

- Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесін 2015 жылға дейін 6,4 % төмендету (2011 ж. – 10,4 %);

- Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағын (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында) 2015 жылға дейін 99,5 % жеткізу (2011 ж. – 98,6 %);

- Мәдениет ұйымдарына 1000 адамға шаққандағы келушілердің орташа саны: кітапханаға келушілер санын 2015 жылға дейін 195 жеткізу (2011 ж. - 208); театрға келушілер санын 2015 жылға дейін 114 жеткізу (2011ж. – 115); мұражайға келушілер санын 2015 жылға дейін 90 жеткізу (2011ж. – 87);

- Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесін 2015 жылға дейін 90 % жеткізу (2011 ж. – 87,7 %);

- Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайтуды 2015 жылға дейін 22 % жеткізу (2011 ж. – 14 %);

- Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағын 2015 жылға дейін 35,6% төмендету (2011 ж. - 26,9);

- Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексін 2015 жылға дейін 103% жеткізу (2011 ж. – 100,6 %);

- Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру көлемін, жалпы алаңның шаршы м. 2015 жылға дейін 471,1 мың шаршы м. жеткізу (2011 ж. – 228,4 мың шаршы м.);

- Жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 2015 жылға дейін 77 % жеткізу (2011ж. – 50 %);

- Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар тұрғындардың үлесін ұлғайтуды 2015 жылға дейін 84,4 % жеткізу (2011ж. – 67,8 %);

- Жылумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін ұлғайтуды 2015 жылға дейін 95,5 % жеткізу (2011ж. – 94,4 %);

- Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның тозуын төмендетуді 2015 жылға дейін 47,6 % жеткізу (2011ж. - 54,6 %);

- Жылумен жабдықтауды 2015 жылға дейін 51,8 % жеткізу (2011 ж. – 65 %);

- Сумен жабдықтауды 2015 жылға дейін 43,1% жеткізу (2011ж. - 46,2 %);

- Электрмен жабдықтауды 2015 жылға дейін 58,3 % жеткізу (2011 ж. – 67 %);

- Су бұруды 2015 жылға дейін 37,3 % жеткізу (2011 ж. – 40,3 %);

- Халықтың су бұру қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыруды 2015 жылға дейін 22,4 % жеткізу (2011ж. - 17,3 %);

- Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің жалпы ауданынан ауылшаруашылық айналымына тартылғандардың үлесін ұлғайтуды 2015 жылға дейін 79,9 % жеткізу (2011ж. - 75,2 %);

- Халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейін 2015 жылға дейін 100 % жеткізу (2011ж. - 99,2 %).


Қаржыландыру көлемі және көздері

Қаржыландыру көздері: республикалық және облыстық бюджет, инвесторлардың жеке қаржылары, қарыз қаржылар.

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жыл – 225,473 млрд. теңге

республикалық бюджет – 49,45 млрд. теңге;

жергілікті бюджет – 107,76 млрд. теңге;

басқа көздер – 68,25 млрд. теңге.

2012 жыл – 191,214 млрд. теңге

республикалық бюджет – 67,155 млрд. теңге;

жергілікті бюджет – 106,0 млрд. теңге;

басқа көздер – 18,05 млрд. теңге.

2013 жыл – 310,767 млрд. теңге

республикалық бюджет – 73,594 млрд. теңге;

жергілікті бюджет – 110,296 млрд. теңге;

басқа көздер – 126,87 млрд. теңге.

2014 жыл – 268,185 млрд. теңге

республикалық бюджет – 76,393 млрд. теңге;

жергілікті бюджет – 88,163 млрд. теңге;

басқа көздер – 103,629 млрд. теңге.

2015 жыл – 326,313 млрд. теңге

республикалық бюджет – 43,684 млрд. теңге;

жергілікті бюджет – 98,60 млрд. теңге;

басқа көздер – 184,02 млрд. теңге.

Ескерту: қаржыландыру көлемі нақтыланатын болады.



2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ


2.1 Өңір жағдайының позитивті және негативті жақтарын, сонымен қатар олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау

Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) Қазақстанның оңтүстігінде, Тұран етегінің шығысы мен Тянь-Шянь тауының батыс бөлігінде орналасқан. Аймақтың үлкен бөлігі – Қызылқұм (Оңтүстік-батыста, Сырдария өзенінің сол жақ жағалауы) және Мойынқұм (Солтүстігінде, Шу өзенінің сол жақ жағалауы) төмпешік-қатарлы құмдармен, төменгі қыратты тегістік (биіктігі 200-300м.).

Оңтүстік шетінде – жапан дала, солтүстігінде - Бетпақ-Дала шөлі. Облыстың орталық бөлігінде Қаратау тармағы созылып жатыр (Бессаз қ. – 2176 м.), Оңтүстік-шығысында – Талас Алатауының батыс шеті, Қаржантау (биіктігі 2824 м. дейін) және Ұғам (биіктігі 4238 м. дейін) тау тізбегі.

Ірі өзендері – Сырдария (Келес, Күріккелес, Арыс, Бөген және т.б құйылымдарымен) облыс аумағының оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай ағып жатыр, Шу өзені (төменгі ағыс) солтүстікке қарай ағып Мойынқұм құмдарында жоғалады. Оңтүстік Қазақстан облысы шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен, батысында Қызыл Орда облысымен, ал оңтүстігінде Өзбекстанмен шектескен.

Облыс орталығы – Шымкент қаласы, республиканың ежелгі қалаларының бірі, оның жасы 800 жылдан астам. Солтүстік және оңтүстік бөліктерінің тікелей арасы 600 шаршы шақырымды құрайды.

Облыс ауданы 117,3 мың шаршы шақырым немесе республика аймағының 4,3 % құрайды. Облыс тұрғындары - 2429,5 мың адам немесе Республика тұрғындары санының 15,1 % құрайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы, өзінің ерекше бәсекелік артықшығын құрайтын мол ресурстарға ие. Халық санының 47% құрайтын еңбекке қабілетті тұрғындардың көп саны. Табиғи қазбалардың қорлары барит, көмір, темір және полиметалдық рудалар, уран, форфор, бентониттік лай, вермикулит, тальк, әк, гранит, мрамор, гипс, кварцтық құмдардың бай кен орындарымен көрінеді. Облыста 156 жер қойнауын пайдаланушылар өз қызметтерін атқарады, олардың 13-і уран, алтын, мұнай, гипс және жер асты суларын өндіруде қызмет ететін, шет елдің қатысуындағы кәсіпорындар.

Қолдағы бар транзиттік басымдылық облыс территориясының Азия, Жақын және Орта Шығыс аймақтары мен Еуропа мемлекеттерін өзара байланыстыратын жолдардың (әуе, теміржол және автокөлік) қиылысында, экономикалық тиімді орналасуымен сипатталады. Туристтік әлеуметті дамыту үшін демалыс-қорықты аймақтардың болуы мен осы аймақтардың рекреациялық ресурстарына, оқиғаларға бай тарихи-архитектуралық ескерткіштеріне негізделген үлкен мүмкіндіктер бар.

Осыған қарамастан, тұрғындардың өмір сапасы, адамдық даму индексі, облыстың аймақтық жалпы өнімі, жол және коммуникация инфрақұрылымдарының дамуы сияқты, бірқатар көрсеткіштер динамикасында абсолютті және салыстырмалы мәні бойынша, ОҚО инвестицияларын қаржыландыру көздерінде өзіндік қаражаттардың үлесі республика бойынша ең соңғы қатарды алады.

Өнеркәсіп өңір экономикасының дамуын анықтайтын басты саланың бірі болып табылады.

Еңбектің аумақтық бөлінісінде облыс ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру, құрылыс материалдары, тоқыма, металлургия өнімдері мен металл кендерін (уран) өндірумен мамандандырылған.

Жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіптің үлесі 2008 жылы 15,4 %-дан 2013 жылы 24,7 %-ға дейін өсті. Сонымен 2008 жылы жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіптің үлесі 15,4 %-ды (2009 ж. - 21,2 %) құрап, осы кезеңде өңірдің өнеркәсіп өнімінің үлесі жалпы республика көлемінде 2,1 % (2009ж. - 2,8 %) құрады. 2013 жылы жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіптің үлесі 24,7 %-ды құрап, осы кезеңде өңірдің өнеркәсіп өнімінің үлесі жалпы республикалық көлемде 3,1 % құрады.

Өңір экономикасын дамытудың басты басымдықтарының бірі нақты сектордың бәсекелесу қабілетін арттыру болып табылады және өнеркәсіптің салаларын тұрақты дамуына қол жеткізу, халықаралық стандарттарға өту, жаңа технологияларды ендіру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған кешенді шараларды іске асыруды көздейді.

Өнеркәсіптің дамуына позитивті әсері бар өңірдің күшті жақтары:

- ауыл шаруашылығын тиімді дамытуға мүмкіндік беретін өңірдің топырақ-климаттық жағдайының қолайлы болуы;

- жеңіл және тамақ өнеркәсібінің дамуы үшін, жергілікті шикізаттың болуы;

- өндірістік-экономикалық әлеуеттің болуы;

- экспортқа бағдарланған өндірістердің болуы (тоқыма, металлургия, кен өндіру өнеркәсібі, мұнай өңдеу);

- кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайдың болуы: қаржылық-несиелік ұйымдар (қаржылық даму институттары, екінші деңгейлі банктер, шағын несиелік ұйымдар, «Максимум» АИО» ЖШС), «Шымкент» ӘКК ҰК» АҚ, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ, индустриалды аймақтар, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС, «Шымкент инновация» ЖШС, «ОҚО өңірлік технобақ» ЖШС, түрлі консалтингтік компаниялар және бизнес-инкубаторлар.

Қол жеткен жетістіктерге қарамастан, өнеркәсіптік өсу мен экономикалық белсенділік әлеуетіне ие қалалар мен аудандардың, оларды экономикалық өсу орталықтарына айналдыруда нүктелік көзқарас бойынша дамытудағы мәселелер жеткілікті дәрежеде шешілмеуде.

Негізгі құралдардың тозу дәрежесінің жоғары пайызы басым аудандарда байқалады, өнеркәсіпті жаңғырту дәрежесі, оның өңір экономикасына әсері жеткіліксіз болып қалуда, экспорт көлемінде өнеркәсіптің шикізаттық сектор тауарларының үлесі жоғары болуда. Экспорттың осындай құрылымы өңірдің сыртқы факторларға экономикалық тәуелділігін арттырып отыр, бұл жағдай әсіресе соңғы жылдары тауарлық нарықтарда байқалып отырған жаһандық коньюнктураның тұрақсыздығына байланысты.

Бірқатар салаларды диверсификациялық қайта жабдықтау саясаты, өңірге тән жүйелік әлсіз факторлардың орын алуына байланысты, толық көлемінде іске асырылмады:

  • облыста шығатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің жоғары сапалық сипаттамаларын қамтамасыз ететін заманауи технологиялардың жеткіліксіздігі;

  • облыс бюджетінің субвенциялылығы;

  • инженерлік инфрақұрылымдар мен коммуникациялардың төмен деңгейі;

  • облыстың энергия ресурстарының тапшылығы;

  • шикізаттық емес сектордағы жобалардың өзін-өзі өтеуі ұзақ уақыт алады, заманауи өндірістік жабықтарға, технологияларға едәуір инвестициялар қажет;

  • еңбек өнімділігінің төмен болуы, өндірістің ескірген үлгіде ұйымдастырылуы, көлік-логистикалық, үйлестіру компаниялардың болмауы;

  • жоғары мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі және өндірісті ұйымдастыруда әкімшілік кедергілердің орын алуы.

Өңірдің бәсекелестік тұрақтылығына жету жолында өңір салалық құрылымының үйлесімділігінің, бір шектің өнімі өзінен анағұрлым жоғары шектің шикізаты ретінде шығатын технологиялық тізбектерді құрудың маңызы аз емес. Осындай вертикаль-интеграциялық үлгіде құрылған кәсіпорындар белгілі салалардың бәсекелестік табысына қажетті болымды массаны құрауға, өнеркәсіп құрылымының қалыптасуына әсерін тигізеді.

Облыс өнеркәсіп құрылымында өңдеу салаларының үлесі басым болып тұр.

2009 жылдағы Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп құрылымы



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon1 –ші кесте Аудандық бюджеттің 2012 -2014 жылдарға арналған негізгі параметрлары
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚызылорда облысының 2004-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму аймақтық бағдарламасы туралы
Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы туралы“ Қазақстан Републикасы Президентiнiң 2003...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon«Әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына
Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconШығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы әң желтоқсандағы №26/315-iv шешімімен бекітілген
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы
Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconОңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған
Облыстың 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан...
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница