Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы




Скачать 373.85 Kb.
НазваниеТөтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы
страница1/4
Дата конвертации12.02.2016
Размер373.85 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://mid.gov.kz/images/stories/npa/1298_post_kz.doc
  1   2   3   4
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 21.04.2010 16:07:29


Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298 Қаулысы

(2008.18.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының авариялардан, апаттардан және табиғи зiлзалалардан пайда болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жетiлдiру, осы салада бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Қазақстан Республикасының мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiн құру туралы ұсынысы қабылдансын.

ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiне жалпы басшылық жасау табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға жүктелсiн.

3. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары мен ұйымдарының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi негiзгi функциялары қосымшаға сәйкес айқындалсын.

4. "Төтенше жағдайларды болдырмау және олар кезiндегi iс-әрекеттер жөнiндегi республикалық жүйе құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 25 маусымдағы № 395 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

1997 жылғы 28 тамыздағы

1298 қаулысымен

ЕКIТIЛГЕН

ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы», «төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның», «төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы орган», «төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның», «төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органның», «төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органымен», «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының» деген сөздер тиісінше «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган», «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның», «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органымен» (бұр.ред.қара)

 

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк

жүйесi туралы

ЕРЕЖЕ

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерiн, жұмыс iстеуiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбiн белгiлейдi.

2. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi (ТЖМЖ) бейбiт уақытта және соғыс кезiнде төтенше жағдайлардың (ТЖ) алдын алуға, ал олар пайда болған жағдайда - зардаптарын жоюға (адамдардың өмiрi мен денсаулығына төнетiн тiкелей қауiп-қатердi жою жөнiндегi құтқару, авариялық-қалпына келтiру және басқа кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу, халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қалпына келтiру айтылып отыр. Төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шеккен объектiлер мен аумақтарды қалпына келтiру ТЖМЖ-ның құзыретiне кiрмейдi) халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, қоршаған табиғи ортаны қорғауға және халық шаруашылығына келтiретiн зиянын азайтуға арналған.

Әлеуметтiк-саяси, ұлтаралық қақтығыстар мен жаппай

тәртiпсiздiктердiң алдын-алу және олардың зардаптарын жою

жүйенiң құзыретiне кiрмейдi.

ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

3. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi:

бейбiт уақытта және соғыс кезiнде төтенше жағдайлар туа қалған жағдайда олардың алдын алу, адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтарды, қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу;

халықты, аумақтарды қорғауды, техникалық және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесiн қалыптастыру;

төтенше жағдайларға ден қою, олардың зардаптарын жою, олардың туындау себептерiн тексеру тәртiбiн айқындау;

мониторинг пен халықты хабардар етудi ұйымдастыру;

авариялар, апаттар, табиғи және экологиялық зiлзалалар, жұқпалы аурулар, эпизоотиялар, эпифитотиялар пайда болған кезде төтенше жағдайлардың алдын алуға, адамды және оның тiршiлiк ету ортасын қорғауға, шаруашылық жүргiзу және әлеуметтiк сала объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн арттыруға бағытталған мемлекеттiк мақсатты және ғылыми-техникалық бағдарламалар әзiрлеудi және оларды орындауды ұйымдастыру;

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң басқару органдары мен пункттерiнiң, байланыс және хабар беру жүйелерiнiң төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға күштерi мен құралдарының жоғары әзiрлiгiн қамтамасыз ету, оларды жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;

төтенше жағдайлардың әлеуметтiк-экономикалық зардаптарын болжау және бағалау; зардап шеккен халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз ету;

халықты төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға үйрету және даярлау, Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң маман кадрларын әзiрлеу және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;

төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою, авариялардың, апаттар мен табиғи зiлзалалардың зардаптарын жою iсiнде шет мемлекеттерге көмек көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.

ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

4. ТЖМЖ құрамына:

аумақтық органдарымен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен қоса табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган;

өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюды қамтамасыз ететiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басқару органдары, ұйымдары;

ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың iс-қимылын үйлестiру үшiн төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мынадай комиссиялар құрылады:

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия;

облыстардың, қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық комиссиялары;

Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялары (бұдан әрi - төтенше жағдайлар жөнiндегi салалық комиссиялар);

Мұнайдың төгiлуiне ден қою жөнiндегi ұлттық комиссия;

көлiктегi қауiпсiздiк пен терроризмге қарсы iс-қимылды қамтамасыз ету жөнiндегi үйлестiру кеңесi;

көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық (қалалық) комиссиялар;

республикалық және аумақтық эвакуациялық комиссиялар;

орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары;

Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешiмi бойынша құрылатын, ұйымдардың төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялары, эвакуациялық және эвакуациялық қабылдау комиссиялары;

ТЖМЖ аумақтық, функционалдық және салалық (объектiлiк) кіші жүйелердi қамтиды және олардың екi деңгейi бар: жергiлiктi және республикалық (мемлекеттiк).

Сiлтеме . Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардағы қолда бар, сондай-ақ құрылатын ТЖ алдын алу және жою жөнiндегi құрылымдар, күштер мен құралдар.

ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

6. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң аумақтық кiшi жүйелерi қабылданған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiске сәйкес келедi.

Әрбiр аумақтық кiшi жүйе ведомстволық бағыныстағы аумақта төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған және әдетте төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссияны (облыстың, аудандық, қалалық, поселкалық, объектiлiк) немесе оның функциясын орындайтын басқа органдары, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарын (төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, қалалық басқарманы, аудандық бөлiмдi), күнделiктi басқару органын (кезекшi қызметтi) немесе 051 құтқару қызметiн, осы аумақтағы функциялық және ведомстволық кiшi жүйелердiң күштерi мен құралдарын, оның iшiнде қаржы, азық-түлiк, медициналық және материалдық-техникалық ресурстарды, байланыс, хабар беру, ақпаратпен қамтамасыз ету жүйелерiн, сондай-ақ арнаулы оқу орындарын қамтиды.

Аумақтық кiшi жүйелердiң нақты құрылымын жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды.

Аумақтық кiшi жүйелердiң мiндеттерi, жұмыс iстеуiн ұйымдастыру және оның тәртiбi, мемлекеттiк органдардың объектiлiк және жергіліктi төтенше жағдайлар кезiндегi өзара iс-қимыл жасау тәртiбi табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органымен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдар бекiтетiн ережелермен айқындалады.

ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

7. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң функциялық кiшi жүйелерi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және ұйымдарының: қоршаған табиғи ортаның жай-күйiн қадағалау және қауiптiлiгi ықтимал объектiлердегi жағдайға бақылау жасау; төтенше жағдайлардың алдын алу; адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау; төтенше резервтiк қорларды пайдалану; төтенше жағдайларды жою жөнiндегi тiкелей мiндеттердi шешетiн басқару органдарынан, күштерi мен құралдарынан тұрады.

Бұл ретте жекелеген функциялық кiшi жүйелердiң құрамына осындай мiндеттердi немесе бiрiн-бiрi толықтыратын мiндеттердi шешетiн бiрнеше орталық атқарушы органдардың, ұйымдардың басқару органдары, күштерi мен құралдары кiруi мүмкiн.

Функционалдық кiшi жүйелердiң негiзгi мiндеттерi, қызметiн ұйымдастыру және оның тәртiбi табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық қызметтерi туралы ережелермен айқындалады. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiнiң тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмiмен айқындалады.

ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

8. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң салалық (объектiлiк) кiшi жүйелерi Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарында, ұйымдарында, құрылады және тiкелей олар басқаратын объектiлерде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға арналған.

Салалық (объектiлiк) кiшi жүйелердiң нақты құрылымын, олардың мiндеттерiн, қаржыландыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының тиiстi орталық атқарушы органдары, ұйымдары, айқындайды және олар осы кiшi жүйелер туралы ережелермен бекiтiледi.

Бұл ретте әрбiр салалық (объектiлiк) кiшi жүйеге, оның буындарына әдетте басшы органдар, күнделiктi басқару органдары (кезекшi-диспетчерлiк қызмет), қауiптiлiгi ықтимал объектiлердегi жағдайға бақылау жасайтын және табиғи ортаның жай-күйiн қадағалап отыратын күштер мен құралдар, төтенше жағдайларды жою жөнiндегi күштер мен құралдар кiредi. Осы саладағы ұйымдардың, органдар мен қызметтердiң iс-қимылдарын жүзеге асыруды нұсқауларын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi шешiмдер қабылдаған кезде саланың басшы органдары ескерiп отыратын Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялары (бұдан әрi - төтенше жағдайлар жөнiндегi салалық комиссиялар) үйлестiрiп отырады.

9. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiндегi Республикалық (мемлекеттiк) деңгейге табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, сондай-ақ басқа да орталық атқарушы органдар, орталық кезекшi-диспетчерлiк пункттер, төтенше жағдайларды байқау, бақылау және жою күштерi мен құралдары, басқару мен байланыстың жұмылдыру пункттерi жатады. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi шеңберiнде олардың iс-қимылын үйлестiрудiң шешiмi нұсқаулық сипатта болатын. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

10. Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесiндегi жергiлiктi деңгейге жергiлiктi атқарушы органдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары (төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, қалалық басқармалар мен аудандық бөлiмдер), мекемелердiң кезекшi-диспетчерлiк қызметтерi, осы аумақтағы төтенше жағдайларды байқайтын, бақылайтын және жоятын күштер мен құралдар жатады. Олардың қызметiн үйлестiрудi шешiмдерi нұсқаулық сипатта болатын төтенше жағдайлар жөнiндегi тиiстi аумақтық комиссиялар жүзеге асырады.

11. Барлық деңгейлердегi төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрi мен денсаулығын, материалдық және мәдени құндылықтарды, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешуге қоғамдық ұйымдар (кәсiптiк одақтар, құтқару құрылымдары ассоциациялары, ерiктi қоғамдар және басқа қоғамдық құрылымдар) ерiктi негiзде Қазақстан Республикасының заңдарына және өздерiнiң жарғыларына сәйкес қатыса алады. Олар бұл мiндеттердi өз мүшелерiнiң және халықтың басқа топтарының арасында қажеттi түсiндiру жұмыстарын жүргiзу жолымен, сондай-ақ түрлi зiлзалалардың алдын алуға және олардың келеңсiз зардаптарын азайтуға (мемлекеттiк аттестация бекiткен арнайы әзiрлiгi болған жағдайда), авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыруға және зiлзала болған аудандарда зардап шеккен халыққа көмек көрсету жөнiндегi қажеттi шараларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттiк ұзақ мерзiмдi мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыруға тiкелей қатысу жолымен шешедi.

ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1387
  1   2   3   4

Похожие:

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы iconАлматы қалалық ЖҰмылдыру дайындығЫ, азаматтық ҚОРҒаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының
Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру және дамыту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың...
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы iconӘлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу ережесiн бекiту туралы
Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесi туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы n 827 Жарлығына...
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы icon2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi
...
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы iconАзаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы
Азақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15 және 238-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi...
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы iconЗайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы
Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналғАН
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы iconТөтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру жөніндегі нұсқауды бекіту туралы
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2009 жылы 27 шілдеде №5728 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы...
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы iconҚазақ Советтiк Социалистiк Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы
Президентi Н.Ә. Назарбаевтың елде жүргiзiп отырған әрелi саясатының арқасында мемлекеттiк билiктiң мықты жүйесi құрылды. Қазiргi...
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы iconПриказ по отделу образования города Актобе г. Актобе №103 “4” марта 2008 г. Об усилении охраны и безопасности
Көктемгі су тасқыны кезеңінде балалар мен оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау және бақытсыз жағдайлардың алдын алу...
Төтенше жағдайлардың алдын алудың және жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Студенттерді жұқпалы емес ауруларға тамақтану сипатынын глобальді және региональді әсер ету мәселелерімен, алиментарлы-тәуелді...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница