Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г




Скачать 129.43 Kb.
НазваниеИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Дата конвертации12.02.2016
Размер129.43 Kb.
ТипДокументы
источникftp://ftp01.kgmu.kz/OZ/1 kurs/EUR/KAZ/lec/8.doc
Ф КГМУ 4/3-06/01

ИП №6 УМС при КазГМА


от 14 июня 2007 г.

Қарағанды мемелекеттік медицина университеті

Тағам гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасы

(жалпы гигиена және экология курсы)


ДӘРІС


Тақырыбы: «Топырақ – биосфераның элементі. Топырақты ластанушы көздері және ластану сипаты. Қазақстанның табиғи және жасанды биогеохимиялық аймақтары және республика аймақтарындағы тұрғындар денсаулығының ерекшеліктері»


Пән: «Экология және тұрақты даму»

Мамандығы: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Курс: бірінші

Уақыты: 1 сағат (50 минут)


Құрастырған: доц. ___________ Жарылқасын Ж.Ж.


Қарағанды 2013


Жалпы гигиена, экология курсының

отырысында талқыланды және бекітілді

Хаттама № ______ от ____ __________ 2013ж.


Жалпы гигиена, экологияға жауапты _______ Калишев М.Г.


Тақырыбы «Топырақ – биосфераның элементі. Топырақты ластанушы көздері және ластану сипаты. Қазақстанның табиғи және жасанды биогеохимиялық аймақтары және республика аймақтарындағы тұрғындар денсаулығының ерекшеліктері»

  • Мақсаты: Топырақтың ластануы көздері мен сипаты жайлы, Қазақстанның табиғи, жасанды биогеохимиялық аймақтары және республиканың осы аймақтарындағы тұрғындардың денсаулығы ерекшеліктері мәселелерін қарастыру

  • Дәріс жоспары

  1. Топырақтың экологиялық мәселелері

  2. Жасанды және табиғи топырақ эрозиясы

  3. Литосфераның құрылымы, құрамы.

  4. Топырақтың ластануы көздері және сипаты.

  5. Топырақтың ластануының тұрғындар денсаулығына әсері.

  6. Қазақстандағы табиғи және жасанды биогеохимиялық аймақтар, тұрғындардың денсаулығы ерекшеліктері.

  7. Топырақтың өздігінен тазалануы

  8. Топырақты санитарлық қорғау шаралары


Топырақтың экологиялық мәселелері.

Қазақстандағы жер қоры 2,7 млрд. га жалпы егістік, оның 1-1,2 млрд. га эрозияға ұшыраған.

Қазақстанда жер қорлары көп 1953-1956 ж. тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде егістік ауданы 2 есе өсті. Соңғы жылдары егістіктер қысқарды, қолайлы және тиімді жерлердің барлығы игеріліп бітті, тек қолайсыз, сор, сортаң және құм жерлер қалады.

а) Қазақстанға эрозияға ұшыраған жер 18-20 млн. гектарды құрайды, олар астық егетін солтүстік, батыс және орталық ауданда орналасқан. Эрозиядан өсімдіктер өнімі азайды. Эрозияға құрғақ, шөбі жоқ, ормансыз жерлер ұшырайды.

б) Қазақстандағы тұзданған топырақпен күресу.

Тұздану құбылысы дегеніміз топырақтағы тез еритін тұздардың (Na2CO3,

NaCl-, SO42+ ) жоғарлауы, ол жер бетіндегі сулардан болады - біріншілік тұздану; дұрыс суармағанда болады - екіншілік тұздану. Тұз салмағы 0,1% асқандық топырақ тұзданады, бұл өсімдіктер үшін қауіпті.

в) Қазақстандағы топырақтың шөлдену мәселесі ерекше назар аудартады. Территорияның 40% шөл және 23% жартылай шөл экожүйелерге жатады. Көгал мен жайылымдарда әртүрлі мақсатқа және тың көтеруде көп күш түсіргендіктен, демалыссыз пайдаланылғандықтан қазір ол жерлер өз қалпына келе алмайды. Беткі шөп қабаты бұзылып жатыр, жайылым эрозиялық топыраққа, құмға айналады. Әсіресе, Нарын, Қызылқұм, Қарақұм және басқа құмдардың жағдайы өте қиын. Шөлдену нәтижесінде биологиялық түрлер азаяды, ауа райы өзгереді, су ресурстары қысқарады, соңында азық-түлік ресурстардың жетіспеулігіне ұшырайды. Шөлденудің жылдам темпі Арал және Каспий өңірінде жүріп жатыр.

г) Топырақтың батпақтануымен күресу.


Жасанды және табиғи топырақ эрозиялары.

Топырақ эрозиясы дегеніміз желдің немесе судың әсерінен топырақтың бұзылуы.

Топырақ эрозиясын су эрозиясы және жел эрозиясы деп бөледі.

Су эрозиясында бұзатын күш ретінде ағын суы болып табылады, ал жел эрозиясы - ауа ағымы. Адамның әсерінен эрозиялық процестер күрт өсті. Мысалы: XX ғ. 50 жылдары эрозиялық алынуына жылына 3 млрд. т. болса, 70 жылдары-24 млрд. жеткен, 2000 ж. 55-60 млрд. т. болды. Қазіргі кезде жел эрозиясына 1,7 млрд. т. топырақ алынады. Эрозия көбінесе, табиғи өсімдік жамылғысы жоқ жерде болады; Себебі, біріншіден, өсімдіктер топырақты тамырлармен бекітеді, екіншіден, жер бетіндегі бөліктері су мен ауаның әсер ету күштерін азайтады.

Биогеохимиялық провинциялар туралы түсінік. Қазақстанның табиғи және жасанды биогеохимиялық провинциялары.


А.П. Виноградовтың анықтамасы бойынша биогеохимиялық провинциялар бұл тірі организмдерде патологилық өзгерістерге әкелетін топырақта белгілі бір химиялық элементтің (немесе элементтердің) жетіспеушілігінен немесе артықшылығымен сипатталатын территория.

Биогеохимиялық провинциялар табиғи және жасанды (техногенді, антропогенді) болып бөлінеді.

Бұрынғы КСРО-да йодқа тапшы ( Украинаның батыс облыстарының териториясы) , кобалть пен мысқа тапшы ( Прибалтика елдері) 30 тан астам табиғи биогеохимиялық провинциялар белгілі.

Дегенмен, қоршаған ортаның химиялық заттармен қарқынды ластану көздерінің айналасында қалыптасатын техногенді биогеохимиялық првинциялар жиі орын алады. Адам үшін қауіптілік дәрежесі бойынша оларды бағаласа, бірінші орындарында ауыр металдар, хлорланған көмірсулар, нитриттер, асбест пен пестицидтер тұр.

Биогеохимиялық техногенді аномалиялырды техногенді фитогеохимиялыққа (өсімдіктерге жиналуы); техногенді зоогеохимиялыққа (жабйы және үй жануарларында жиналуы); техногенді антропогеохимиялыққа (адам организмде жиналуы)болып табылады.

Антропогенді биогеохимиялық провинциялардың пайда болу себептеріне мұнай қайта өндеу және мұнай газ қайта өндеу өнеркәсіптері, түсті және қара металлургия, көлік және отын- энергетикалық автокөлік жатады. Соңғы жылдары биосфераның ауыр металдармен қанығуы үдеуде. Бұл процестің негізгі көзі металлургия болып табылады. Адамның қолымен бүкіл тарихында 20 млрд тонна темір балқытылған, оның тек 6 млрд тоннасы ғана пайдаланылған.

Демек оның 14 млрд тоннасы темір қоршаған ортада шашыраған сынап пен қорғасынның шашырауы одан да қарқынды, бірқатар жағдайларда жылдық өндірістің 80% ке дейін, жүреді. Жоғары қанығу салдарынан ауыр металдардың топырақта болу уақыты ұзарды. Мысалы Магнитогорск қаласында бұл көрсеткіш келесідей: қорғасын – 46 жыл, мыс-1,5 ай, мырыш-0,7-1,5 жыл, никель-0,6жыл, марганец-81жыл, кобальт- 9,5жыл.

Жыл сайын әлемде 3 млрд тонна тас көмір жағылады, нәтижесінде жер шарының беткейі бойынша жүздеген мың тонна металл шашыраған. Бұл кезде көмірді жаққанда топырақта шөгетін кейбір металдардың, мысалы молибденнің, массасы оның шығарып өндіру шамасына тең. Көмір жаққан кездегі кобальт массасы жер қойнауынан шығарылатын кобальттан 3,6 есе жоғары.

Металдардың шашырауы рудаларды шығару, тасымалдау және байыту, сонымен қатар металлургиялық процесс кезінде де жүреді. Кейбір металдар, мысалы сынап пен кадмий биосфераға цемент шикізатын күйдіру кезінде түседі.

Аталмыш процестер жиі көптеген елдердің территорясын қамтитын жалпы техногенді фон туындатады. Әдетте өнеркәсіптік обьектілерді айналасында топырақтың локалды қарқынды ластану учаскілері – техногенді геохимиялық провинциялар қалыптасады. Шығарыстардың көлемі және таралу қашықтығы мыңдаған м2 аудан алатын провинцияларға ауысады.

Көптеген биогеохимиялық аномалиалар көліктік магистральдер жанында туындайды. Әдетте 10кг топырақта қорғасынның мөлшері 10мг аспайды, алайда автожолдарының маңында бұл мөлшер 700мг\кг дейін жетеді. Бұл территорияда металл аэрозольдерінің 80%-і шөгеді. Қалған 10% өте ұсақ бөлшектер 1 айға дейін ауада циркуляцалап, ұзақ қашықтыққа жйылады. Автотрассалардың маңында кадмий мен мырыштың мөлшері (резеңке қақпақшаларының жұқару салдарынан) форндықтан 2-3 есе артады.

Өнеркәсіптік өндірістердің түрлері қорғасын-мырыш, мұнай- газ, фосфор, мыс, отын-энергетикалық, металлургиялық және т.б. сияқты биогеохимиялық провинциялардың қалыптасуына себеп болды.

Қазіргі кезде Қазақстанның орасан зор территориясында табиғи да, техногендік те биогеохимиялық провинциялар анықталған.

Қазақстан ТМД елдерінде шығарылатын титанның, магнийдің, сары фосфордың хромның 90% -ін, мырыштың70 %-ін, қорғасынның60%-ін, күмістің50%-ін өндіреді. Республикада бай рулалар (Қостанай), түсті металдар (Шығыс- Қазақстан, Жезқазған), фосфор (Оңтүстік- Қазақстан облысы), көмір (Қарағанды,Павлодар облыстары) және мұнай (Атырау, Маңғыстау) өндіріледі.

Өндіру және қайта өндеу өнеркәсіптің артығымен қамығуы, өндірістегі технологиялардың артта қалуы қоршаған орта мен халық денсаулығының күрт нашарлануына, бір қатар жағдайларда глобалді экологиялық өзгерістерге, биогеохимиялық провинциялардың қалыптасуына әкеледі.

Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік кешені түсті металлургия мен тау-кен өнеркәсібінің кәсіпорындарынан тұрады. Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты қаланың дәл ортасында орналасқан, Ленинагорск қаламында ірі полиметал комбинаты нашар желдету жағдайында орналасқан. Бұл аймақта қоршаған орта обьектіліренің ауыр металдармен ластануы. Әсіресе адам организмінде көп мөлшерде жиналатын қоғасын, мырыш, кадмий деңгейлері жоғары.

Оңтүстік Қазақстанның да жағдайы ауыр. Шымкенттің қоршаған ортасы қорғасын және фосфор заводтардың шығарыстарымен, ластанып жатыр.

Таразда ластану көздерінен алыс топырақта тұнатын фосфор және құрамында фосфор және фтор қосылыстары бар суперфосфат шығарыстары жоғары деңгейде. Мұнда малда флюораз оқиғалары тіркелген.

Ақтөбе ферро қорытпа, хром қосылыстары заводтары, және ЖЭО атмосфераға хром мен бор қоспаларының үлкен көлемін шығарады. Ақтөбе облысында көзі тау жыныстары- серпентиниттер болып табылатын никельге байытылған геохимиялық провинция бар. Топырақта 133-2400 мг/кг никель анықталған, бұл қара топырақ үлгісіндегі бұл микроэлементтің мөлшері 12-52 есе жоғары. Жайылым өсімдіктерінде көрші аудандарға қарағанда гликольдің мөлшері 15-26 есе жоғары. Алға қаласында ауаның және топырақтың құрамында фтордық сутегінің мөлщері асады.

Орталық Қазақстанда түсті және қара металлургия мен қатар Теміртаудың атмосфералық ауасының, Нұра өзенінің суының және түбінің сынаппен ластану мәселесі өзекті болып отыр.

Қазақстанның қоғамын Семей ядролық полигонның маңындағы экологиялық жағдайы назарын алаңдатуда. Павлодар – Екібастұз отын- энергетикалық кешенінде көмір өнеркәсібінің және энергетикалық қарқынды дамуы алдағы экологиялық жағдайын күрт нашарлатты. Соңғы 5-7 жыл ішінде республиканың бір қатар аймақтарында мұнай- газ өндіру өнеркәсібі қарқынды дамыған, бұл да экологиялық күйдің нашарлануына әкелді. Жер асты және жер беткі су көздерінің жоғары минерализациясы және мұнай өнімдерімен ластанғаны анықталды. Топырақта және өсімдік шаруашылығының азық түліктерінде ванадий, барий және т.с.с химиялық заттардың жоғары концентрациясы анықталады. Бұл аймақтардағы антропогендік биогеохимиялық провинциялар көздері 20 км-ден асып жайылған.

Аталған заттардан басқа, елді мекеннің атмосфералық ауасы көмірдің, мазуттың, өнімдерімен, кейде шикі мұнаймен ластанады. Бұл қоршаған ортаға стронций, қорғасын, мышьяк, ванадий, кобальт, бериллий сияқты улы металдар бөлінеді.

Шшығыс Қазақстан территориясында қорғасын, мырыш және мыс мөлшері артық жасанды биогеохимиялық провинциялар ауданы 30 мың м2 асады.


Топырақты қорғау мәселесінің қазіргі уақыттағы жағдайы, топырақ ластануының негізгі көздері. Жер кез келген мемлекеттің ұлттық байлықтарының тізімінде әрқашанда негізгі орын алды және ондағы басты капиталы ауыл шаруашылық алқаптардың көлемі айқын қысқаруы байқалады, оның негізгі себептеріне топырақ эрозиясының түзілуі, ауыл шаруашылық емес қажеттіліктер үшін жерді ұтымсыз бөлу, су басу, батпақты жердің көбеюі, аридизация жатады.

ХХ ғасырда құнарлы топырақтық 20%-і жоғалған 1970-1990 жж аралығында жер шарында топырақтың жоғары қабатының 480 млрд тоннасы жойылған.

Қазақстанның негізгі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық аудандарының орасан зор территориялары экологиялық қанағатталарлықсыз жағдайға келген. Ауыл шаруашылық өндірісі дамыған аудандарда жер жырту мен мал жаюға арналған жер пайдаланудың экологиялық шектері асқан. Оның салдарына гидрологиялық режимнің бұзылуы, топырақтың дирадация процесінің үдеуі, биоалуандықтың қысқаруы, жатады.

Адамның өнеркәсіптік әрекеті нәтижесінде топырақтың әсіресе мұнай мен мұнай өнімдерімен, ауыр металдардың тұздарымен, агрохимия өнімдерімен химиялық ластануы едәуір ұлғайды. Бұл ластанудың негізгі компененттеріне өнеркәсіптік және тұрмыстық шығарыстары құрылыс қалдықтары, жылу электр станциялардың күлі, пайдалы қазбаларды өндіру орындарында бос жыныстардың шығарыстары жатады. Бұл ластар топырақтың құнарлы қабатын жауып қана қоймай, өсімдіктер мен микроорганизмдер үшін улы химиялық элементтерден құралады: күкірт, молибден, мыс, кадмий, цинк, мышья, аллюминий, фтор және т.б.

Мұнай өндіру және мұнай өнімдерін қайта өндеу орындарында көптеген мұнай құбырларының тұсында топырақтың мұнаймен ластануы фондық ластанудан 4-60 есе асады.

Сонымен қатар радиациялық ластану, дұрыс емес гидромелиорацмя және құрылыс жұмыстары (әсіресе жол салуда) кезінде жіберілген қателер салдарынан су басу және екінші реттік тұздану кеңінен таралған.

Қазақстанда белсенділігі 15486900 кюри 237197 мың тонна радиобелсенді қалдықтар жиналған. Радиобелсенді қалдықтардың көлемі бойынша бірінші орында 123700 мың тонна қалдықтары жиналған Маңғыстау облысы алады. Екінші орында Ақмола облысы алады (59976,72 мың тонна)

Геологиялық – барлау жұмыстары кезінде бұрғылауда қолданылатын жұғыш сұйықтардың құрамдас бөліктері , сонымен қатар дизельді отын, битум топырақты ластан, оның тұздалуына әкеледі. Бұл көптеген жағдайларда өсімдіктердің локальді өсіміне әкеледі.

Жердің бұзылуының негізгі себебі (жалпы ауданның 40% -іне дейін) қазба өнеркәсібінің кәсіпорындарынын әрекеті, күл, шлак қоймалары.

Қазақстанда қалдықтарды сақтаудың өзекті обьектілеріне Павлодар облысының Екібастұз МАЭС болып табылады, онда күл қоймасында қоршаған ортаға кең таралатын 1,5 млрд тонна қалдықтар жиналған.

«МЕТАЛЛ СТИЛЛ» және «ҚАЗАҚМЫС» ірі корпарациялары Қарағанды облысында қалдықтарды сақтаудың 350 полигоны құрылған. Балқаш тау-металл комбинатының көп жылдық өнеркәсіптік қалдықтары Балқаш өзені мен жағалауының ластануына әкеледі. Павлодарда «Химпром» АҚ территориясы сынаппен қарқынды ластануы жатыр. Атырау облысының мұнай өнеркәсібінде күкірт және оның туындылары жиналуда.

Ракеталарды жіберу және ракета – тасығыштармен ғарыштық құралдарды қосу нәтижесінде ракета – тасығыштың бөлінетін бөліктердің түсу аудандарының ракета отының компененттерінің (РОК) қалдықтарымен және металл фрагменттерімен химиялық ластануы жүзеге асады. Ракета – тасығыштардың бөлінетін бөліктерінің түсу аудандарында РОК қалдықтары 50м радиуста шоғырланады. Булану нәтижесінде төгілу аймағында бірнеше иәулік ішінде ШРЕК көп есе көбеюі орын алады.

Топырақтың ластануына ауыл шаруашылық іс- әрекеттерде әкеледі. Фермадағы қоймалардан сұйық көңнің ағып кетуі нәтижесінде топырақтың және грунт сулары ластанады. Қазақстанда органикалық қалдықтардың жылдық щығарыс 40 млн.тонна құрайды, оның 20 млн-і мал мен құс шаруашылығына келеді. Топырақтың ластануы минералды тыңайтқыштарды, гербицидтерді, улы химикаттарды,дұрыс емес қолданудан да жүзеге асады топырақтын «биологиялық» ластануының ерекше формасы үй жануарларының нәжістері арқылы гельминттер жұмыртқаларымен және патогенді микроорганизмдермен байланысты. Бұл жайылымдарға бау-бақша учаскілері тән.

Топырақ оған тағайындалуы ауылшаруашылық химикаттарды пестицидтерді, тыңайтқыштар арнайы енгізу нәтижесінде ластанады. Содан кейін олар азық- түліктерге, су қоймаларына, жер асты суларға соның салдарынан адам организміне түседі.

Арал аймағы пестицидтерді қолдану бойынша әлемде ең жоғары деңгейде тұр.

Топырақ ластануының едәуір көзіне атмосфералық шығарыстар жатады. Қалалық жерлердің ластануының негізгі себептеріне свалкалар, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтардың полигондары, автокөліктің және өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарыстары жатады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасда 20 млрд тонна қалдық жиналған, оның 6млрд тоннасы – улы. Жыл сайын 1 млн м3 тұрмыстық және 500-700 млн тонна өнеркәсіптік қалдықтар, оның 80 млн тоннасы улы қалдықтар жиналады. Қазақстанда тау- кен өндірісінің 4,8 млрд тонна, байытудан 1,7 млрд тонна, металлургия өндірісінің 0,2 млрд тонна улы қаладықтары шоғырланған.

Өнеркәсіптік қалдықтардың жиналуының негізгі үлесі Қарағанды және Павлодар облыстарына келеді, онда 5 млрд тонна астам өнеркәсіптік қалдықтар жиналған және Шығыс Қазақстан облысына келеді- 2 млрд тонна қалдықтар жиналған. Ірі қалаларды 150 мың тұрғындарға дейін қоқыстардың орташа жиналуы 1 тұрғынға шаққанда 1,3-2,2 м3. Салыстыру ретінде дамыған елдерде бұл сан 0,3-0,6 м3.

Аталмыш мәселелердің негізгі себептеріне мемлекеттік масштабта қалдықтар мәселесінің шешу стратегиясының болмауы, кәсіпорындар іс- әрекетінің нормасына айналған шаруашылық жүргізудің ұтымсыз шааралары, ескірген нормативтік негіз, табиғат қорғау және денсаулық сақтау органдары жағынан жеткіліксіз бақылау жүргізу, ағымды және ескірген қалдықтарды жою үшін экономикалық ынталардың болмауы жатады.



    • Көрнекті құралдар: кестелер, слайдтар.




    • Әдебиеттер:

Негізгі:
  1. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Экология и здоровье населения: Учебник для медицинских ВУЗов и колледжей. Алматы , 2002. – 260 с.

  2. Медицинская экология: Учеб. Пособие для студ. Высш. Учеб. Заведений / А.А.Королев, М.В.Богданов, Ал. А.Королев и др.; Под ред. А.А.Королева. – М.: Издательский центр «Академия», 2003 – 192 с.

  3. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

  4. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

  5. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

  6. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

  7. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.

  8. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

  9. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

  10. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.



Қосымша:

  1. Барлыбаев Х.А. Пути человечества: самоуничтожение или устойчивое развитие // Устойчивое развитие. - 2003. - № 2. - С. 3-5.

  2. Гирусов Э.В. Экология и экономика природопользования. М., 2000, 293с.

  3. Демина Т. А. Экология, природопользование, охрана окружающей среды: Пособие. - М.: Аспект Пресс, 1998.

  4. Закон об охране атмосферного воздуха (2002).

  5. Закон РК «Об охране окружающей природной среды» (1997).

  6. Закон об экологической экспертизе (1997).

  7. Миллер, Т. Жизнь в окружающей среде: Пер. с англ. В 3 т. Т. II. / Т. Миллер; Под ред. Г.А. Ягодина. - М.: Прогресс-Пангея, 1994.

  8. Никаноров А.М. Глобальная экология. Учеб. пособие / А.М. Никаноров. Т.А. Хоружая. - М.: ПРИОР, 2000, 286с.

  9. Никитин А.Ф., Жоголев Д.Т., Печенев В.Н. Основы общей экологии, экология человека. - С-Пб. - 1997. - 68с.

  10. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. Учеб. пособие для вузов - М., Агентство «ФАИР», 1998, 320с.

  11. Платонов Г.В. Диалектика взаимодействия общества и природы. - М.: МГУ, 1989.

  12. Реймерс, Н.Ф. Охрана природы и окружающей человека среды: Словарь-справочник. / Н.Ф. Реймерс. – М.: Просвещение, 1992, 320с.

  13. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. - Алма-Ата, 1991, гл. 3.




    • Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Литосфераның құрылымы, құрамы.

  2. Топырақтың ластануы көздері және сипаты.

  3. Топырақтың ластануының тұрғындар денсаулығына әсері.

  4. Қазақстандағы табиғи және жасанды биогеохимиялық аймақтар, тұрғындардың денсаулығы ерекшеліктері.

Похожие:

Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Таќырып:«Адаптация жєне компенсация. Регенерация. Жас шамасына байланысты ерекшеліктері»
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгму 4/3-04/01 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Дәріханалық ұйымның бухгалтерлік есеп беруі жүйесін ұйымдастыруымен таныстыру
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconФ кгма 4/3 – 04/02 ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: Вегетативті жүйке жүйесінің ауруы: медбикелік істі ұйымдастыру және диагностика
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Таќырып: «Ж‰рек-тамыр ж‰йесініњ аурулары. Ж‰ректіњ ишемиялыќ ауруы (жедел жєне созылмалы)»
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Ревматизм, ревматоидты артрит, ж‰йелік ќызыл ноќта кезіндегі асќынуы мен аќырын атау жєне сипаттау
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
...
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Студенттерді ұтымды тамақтану негізімен, тамақтық рационның сәйкестілігі түсінігімен, тамақтанудың сандық және сапалық сипатымен...
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Студенттерді тамақтануда белок, май және көмірсудың маңызымен, олардың тамақтық және биологиялық құндылығымен таныстыру
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Тақырыбы: «Тұрақты даму Концепциясы. Тұрақты даму Концепциясының медициналық- әлеуметтік және экологиялық аспектілері»
Ип №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г iconИп №6 умс при Казгма от 14 июня 2007 г
Мақсаты: Студенттерді жұқпалы емес ауруларға тамақтану сипатынын глобальді және региональді әсер ету мәселелерімен, алиментарлы-тәуелді...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница