Скачать 1.88 Mb.
|
3.3.7. Жер ресурстарының жұтаңдануы және шөлейттену Елдiң iшкi континенталды орналасуы шөлейттену үдерiстерiнiң дамуына ықпал ететiн негiзгi табиғи фактор болып табылады, бұл климаттың қуаңшылығын, су ресурстарының тапшылығын және дұрыс таратылмауын, құмның (30 млн. га-ға дейiн), сортаң және тұзды жерлердiң (93 млн. га-дан астам) кеңiнен таралуын айқындайды. Қазақстанның осындай табиғи ерекшелiктерi табиғи ортаның орманды заңсыз кесу, өрт, жүйесiз рекреация, топырақ пен жерасты суларының ластануы сияқты антропогендiк әсерлерiне қарсы тұруының әлсiздiгiн негiздейдi. Ел тұрғындарының шамамен 43 %-ы ауылды жерлерде тұрады да олардың көпшiлiгi табысы аграрлық секторға және жер пайдалануға тiкелей немесе жанама түрде байланысты кiрiстерге тәуелдi. Қазақстан өзiнiң жайылым ресурстарының көлемi (188 млн. га) бойынша әлемде алтыншы орынға ие, ал 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұтаңданған жайылымдық жерлердiң жалпы ауданы 48 млн. га астам, бұл шамамен 26 %-ды құрайды. Бұдан басқа 180,2 мың га бүлiнген жер бар. 3.3.8. Ластанған аумақтардың проблемалары Көп жылдар бойы тарихи ластану проблемасы қоғамдық резонанс тудырып келедi. Бұқаралық ақпарат құралдарының беттерiнде табиғи ортаның төтенше жағдайы туралы көптеген мақалалар мен жарияланымдар жарық көрдi. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, экологиялық апат аймақтарына жатқызылған аумақтардың (бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны мен Арал өңiрi) экологиялық жай-күйi күрделi болып қалуда. Семей сынақ полигонының жерлерiн халық шаруашылығының пайдалануына беру мүмкiндiгi туралы мәселе әлi де өз шешiмiн таппай отыр. Өңiрдiң инфрақұрылымы баяу дамытылуда, iрi инвестициялық жобалар жоқтың қасы. Арал өңiрiндегi экологиялық тұрақсыздық табиғи кешендерiнiң едәуiр трансформациясына алып келдi. Әскери-сынақ полигондары әсерiнiң аймағында қоршаған ортаның радионуклидтермен, ауыр металлдармен және уытты заттармен нормадан тыс радиациялық ластануы анықталған. Аталған аумақтағы су объектiлерi шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшiн мүлдем жарамсыз. Қазақстан аумағында уран өндiру саласы жұмыс iстеген кезең аралығында 200 млн. тоннаға жуық радиоактивтi қалдықтар түзiлдi. Уытты және радиоактивтi қалдықтарды сақтау үйiндiлерiнiң проблемасы барынша өзектi болып қалуда. Жыл сайын мұнай кен орындарын пайдалану кезiнде қомақты жер ауқымы терiс әсерге ұшырайды. Майланған жердiң жалпы алаңы 5 мың га-дан астам. Бұл ескi авариялық құюлар, мұнай қамбалары мен авариялық мұнай ұңғымалары. Каспий теңiзi суының жайылу және басу аймағында 1485 ұңғымалары бар 19, оның iшiнде үнемi су басу аймағында 90 мұнай кен орындары бар, бұлар теңiздiң ластануына айтарлықтай қауiп төндiредi. Ел аумағында орнықты органикалық ластағыштардың, хромның және қорғасын, кадмий, мен мырыш сияқты ауыр металлдардың едәуiр көлемi жинақталған, бұлар қоршаған орта қүрамдауыштары мен халық денсаулығының қауiпсiздiгi үшiн жоғары қауiп көзi болып табылады. Хроммен ластанған өзен суларынан ауланған балықты тамаққа пайдалану қаупi, радиоактивтi заттардың, жұқа дисперстi уытты материалдың айналадағы үйлерге, өзендерге, жыртылатын жерлерге шашылу қаупi бар. 3.3.9. Халық денсаулығының жай-күйiне қоршаған ортаның әсерi Радиациялық, химиялық, биологиялық ластану ошақтарының қалыптасуы қоршаған орта объектiлерiнiң бұзылуына әкелiп соқты, халық денсаулығының жай-күйiне тiкелей қауiп төндiруде. Проблема, әсiресе iрi қалалар мен өнеркәсiптiк орталықтарда асқынып тұр, мұнда тыныс алу мүшелерiнiң аураларымен, онкологиялық аурулармен, жүрек-тамыр жүйесiнiң ауруларымен, неврологиялық және тағы басқа аурулармен науқастанудың және солардың салдарларынан болатын өлiм-жiтiмнiң жоғары деңгейi байқалады. Иондаушы сәулеленудiң табиғи көздерi де бiрқатар аурулардың негiзгi себебi болуы мүмкiн. Мысалы, сарапшылардың бағалауы бойынша халықтың барлық радиация көздерiнен алатын жиынтық мөлшердiң 70 %-ы және өкпенiң барлық қатерлi iсiгi ауруларының 20 %-ы радон радиоактивтi газының әсерiмен негiзделген. Қазақстан аумағында Ақмола, Солтүстiк Қазақстан облыстарының бiрқатар аудандары мен басқа облыстардың таулы аудандарындағы тұрғын және қоғамдық ғимараттарда радон мен оның ыдыраған өнiмдерiнiң таралуы қолданыстағы гигиеналық нормативтердiң көрсеткiшiнен ондаған есе артық. Сондықтан, халық денсаулығы жай-күйiнiң өлшемiне елдiң экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн, әсiресе, ядролық қаруды сынау салдарынан зардап шеккен немесе экологиялық апат аймақтарында тұратын халықты сауықтыру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу мен iске асыру үдерiсiнде басым сипат берiлуге тиiс. Халықтың денсаулығын қолайсыз экологиялық факторлардан қорғау мыналардың: экологиялық тәуекелдi бағалау және оны азайту жөнiндегi бағдарламаларды қалыптастыру; елдi мекендердiң аумақтарында қоршаған орта сапасының нормативтерiмен сөзсiз қамтамасыз ету; өнеркәсiп объектiлерiн қоныстану аймақтарынан тыс жерлерге шығара отырып, қала құрылысы шешiмдерiне жаңа тәсiлдердi енгiзу; су құбыры және шөлмекке құйылған ауыз судың сапасына қойылатын талаптарды күшейту; тұрғын үйлер ортасының жай-күйiне, әсiресе радиоактивтi параметрлердiң ерекшелiгi бойынша бақылау есебiнен қол жеткiзiледi. 3.3.10. Қоршаған ортаның сапасын басқарудың қолданыстағы жүйесi Қолданыстағы экологиялық саясат құралдарының қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына антропогендiк әсердi төмендетудi ынталандыруы мардымсыз және одан әрi жетiлдiрудi талап етедi. Қазақстан Республикасында халықаралық стандарттарға барынша жақындатылған Экологиялық кодекс қабылданған, ол елде қабылданған қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесiне айтарлықтай өзгерiстер енгiздi. Әкiмшiл-әмiршiл тәсiлдердiң, бұрынғы нормалау жүйесiнiң, айыппұл санкциялары басымдылығының орнына табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану жөнiндегi шаруашылық қызметтi реттеудiң қуатты факторы болып табылатын тиiмдi экономикалық иiнтiрек келуде. Олардың арасында экологиялық құқық бұзудың алдын алу және жаңа технологияларды енгiзудi ынталандыру ерекше орын алады. Қазiргi уақытта бiрқатар көп жақты келiсiмдердi iске асыру жөнiнде ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда, оның iшiнде халықаралық табиғат қорғау конвенциялары ерекше маңызға ие. Алайда, ратификацияланған халықаралық 18 конвенцияның 4-еуiнiң талаптарын орындалуға әлi де өте нашар назар аударылуда (Киото хаттамасы, Орнықты органикалық ластанулар туралы Стокгольм конвенциясы, Халықаралық саудадағы жекелеген қауiптi химиялық заттар мен пестицидтерге қатысты алдын ала негiзделген келiсiм рәсiмi туралы Роттердам конвенциясы, Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау туралы Базель конвенциясы). Су ресурстарын бiрлесiп басқару және қорғау саласында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжiкстан, Түрiкменстан, Қытай және Ресей арасында ынтымақтастық туралы бiрқатар келiсiмдер әрекет етуде. Су келiсiмдерiнiң iске асырылуын талдау қазiргi экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешуде тиiмдiлiгiнiң төмендiгiн көрсеттi. Бар келiсiмдер не мазмұны мен құқықтық нысаны жағынан жетiлмеген не дұрыс орындалмайды. Әлемдiк деңгейде гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингтi жүзеге асыру үшiн ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жаңғыртылуда. Алайда, толықтай жаңғырту жөнiндегi мiндеттердi шешу және мониторинг жүйесiнiң техникалық, ұйымдық және кадрлық әлеуетiн ел экономикасы мен қоғамының заманауи талаптарын қанағаттандыратын деңгейге дейiн жеткiзу үшiн қазiргi уақытта бөлiнiп жатқан қаржыландыру көлемi жеткiлiксiз. Елде қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары жеткiлiктi түрде iске асырылуда, дегенмен бiр тақырыпқа бөлiнетiн қаражат көлемiнiң жеткiлiксiз екенi сөзсiз. Сондықтан, ғылыми зерттеулердiң тақырыптық бағыттарын оңтайландыру қажет. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемдер жергiлiктi бюджеттерге нысаналы мақсатсыз түсетiнiн және, әдетте, осы қаражаттың қомақты бөлiгi жергiлiктi атқарушы органдардың қалауы бойынша тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етудiң ағымды мәселелерiн шешуге, әлеуметтiк саланы қолдауға, инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге және тағы басқаларға бағытталатынын атап өту қажет. Сондықтан, экологиялық жобаларды iске асыру, көбiнесе, калдық қағидаты бойынша қаржыландырылады. Мысалы, 2009 жылы табиғат қорғау iс-шараларына бөлiнген қаражат сомасы 23,8 млрд. теңгенi немесе келiп түскен төлемдер мен айыппұлдардың жалпы көлемiнiң 27,9 %-ын құрады. Осылайша, Қазақстанда экологиялық төлемдер бойынша мейлiнше қалыпты мемлекеттiк саясат болғанмен, табиғат қорғау iс-шараларына арналған қаражатты пайдалану тетiгi пысықталмай қалып отыр. Экологиялық мәселелер экологиялық салықтар, экологиялық қорлар, тартылған инвестициялар, бiрлескен жобалар (бiрлесiп жүзеге асыру жобалары), көмiртегi квоталары есебiнен қалыптастырылатын «жасыл инвестициялар» жүйесiн енгiзу есебiнен шешiлетiнiн әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отыр. Қалыптасу көзi ластанулар мен қоршаған ортаға әсер болып табылатын ақша қаражатының 100 %-ы экологиялық мәселелердi шешуге қатысты жұмсалуға тиiс. Қазақстанға келсек, «жасыл инвестициялар» экологиялық төлемдер (2009 жылы 97 млрд. теңге), табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау iс-шаралары (2009 жылы 124 млрд. теңге) және халықаралық ұйымдарының гранттары есебiнен жинақталады. 3.4. Қазiргi нормативтiк құқықтық базаның сипаттамасын қоса алғанда, саланы дамытуды мемлекеттiк реттеудiң қолданыстағы саясатын, қолданыстағы практиканы және саланы дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды iске асыру нәтижелерiн талдау Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы жетiлдiру мақсатында 2007 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi қабылданды. Кодексте қоршаған ортаны қорғау мәселелерi заңнамалық тұрғыда қорытылып, жүйеленген, экологиялық талаптар мен нормативтер мәртебесi тiкелей қолданылатын заңнамалық акт деңгейiне дейiн көтерiлдi, халықаралық стандарттар қоршаған ортаны қорғау практикасына енгiзiлдi. Әкiмшiл-әмiршiл тәсiлдердiң, бұрынғы нормалау жүйесiнiң, айыппұл санкциялары басымдылығының орнына табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану жөнiндегi шаруашылық қызметтi реттеудiң қуатты факторы болып табылатын тиiмдi экономикалық иiнтiрек келуде, олардың арасында экологиялық құқық бұзудың алдын алу және жаңа технологияларды енгiзудi ынталандыру орын алған. Қазiргi уақытта Экологиялық кодекстiң негiзгi ережелерiн iске асыру үшiн, оның iшiнде экологиялық нормалау жүйесiн дамыту жөнiндегi негiзгi нормативтiк әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеу жүргiзiлуде. Рұқсат беру жүйесiн, экологиялық сараптаманы және лицензиялауды жетiлдiру мақсатында 2005 жылдан бастап қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен жергiлiктi атқарушы органдар арасында табиғатты пайдалану, мемлекеттiк экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзудi реттеу бөлiгiндегi функциялардың аражiгi ажыратылды. Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн мiндеттi лицензиялау алып тасталды, iрi табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатын алу мерзiмi ұлғайтылды, қоршаған ортаға айтарлықтай терiс әсерiн тигiзбейтiн кәсiпорындарға рұқсат алу рәсiмi едәуiр оңайлатылды (Қазақстан кәсiпорындарының 70 %-дан астамы рұқсатты қарапайым хабарлама декларациясы негiзiнде алады). Сарапшылардың бағалауы бойынша қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының экономикалық өсуi, негiзiнен, шикiзатқа және табиғи капиталдың шығасыларымен және жұтаңдануымен сүйемелденетiн табиғи ресурстардың айтарлықтай көлемiн пайдалануға әлемдiк бағалардың өсуi есебiнен жалғасуда. Осы бағыттағы маңызды жетiстiктерге қарамастан, теңгерiмсiз даму проблемасы әлi де Қазақстанға тән болып қалуда, ал табиғи жүйелердi қалпына келтiру және сақтау мәселесi басты мiндет болып қала бередi. 3.5. Қазiргi проблемаларды шешуде Қазақстан Республикасының жағдайларына бейiмдеуге болатын шетелдiк оң тәжiрибеге, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүргiзiлген маркетингтiк зерттеулердiң нәтижелерiне шолу Барған сайын жаhандық сипат алып бара жатқан экологиялық проблемаларды шешудiң өзектiлiгi мен қажеттiлiгiн қазiргi уақытта әлемнiң барлық дерлiк елдерi мойындады. Олардың жан-жақтылығы және өзара шарттылығы елдердiң географиялық орналасуына және олардың экономикалық даму деңгейiне қарамастан, ортақ ұсыныстар мен шараларды әзiрлеуге мүмкiндiк бередi. Адамзаттың теңгермелi дамуы - қазiргi экологиялық проблемаларды шешудiң бiрден-бiр жолы. Дамыған елдердегi табиғат пайдалануға мемлекеттiң араласуының ауыз толтырып айтарлықтай сипаты бар. Басқарудың иерархиялық жүйелерi құрылған, онда табиғат қорғау саясатының мақсаттары, оның объектiлерi, сондай-ақ жүзеге асыру деңгейлерi бөлiп көрсетiледi. Көптеген дамыған елдерде экологиялық саясатты жүргiзудiң және оны қаржыландырудың негiзiнде қоршаған ортаның нормативтi сапалы жай-күйiнiң қағидаты жатыр, ол түрлi ластануларға стандарттарды белгiлеу жолымен жүзеге асырылады. Осы стандарттарға көшу дотациялау, жеңiлдетiлген кредит беру пайдаланылатын, ластанулар саудасы жүйесiн немесе олардың нормативтi және нормативтен тыс деңгейлерi үшiн төлемдердi, айыппұлдарды практикаға енгiзiлетiн жазалаушы сипаты да, ынталандырушы сипаты да болатын тиiстi салық саясатымен қамтамасыз етiледi. Дегенмен де, экологиялық төлемдердiң негiзгi мақсаты - мемлекеттiк бюджеттi толықтыру емес, төлеушiнi қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан жақсы мiнез-құлыққа ынталандыру. Экологиялық салықтар үнемi бюджеттерге түседi. Айталық, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Ресей Федерациясының Заңына сәйкес эмиссиялық төлемдердiң жалпы сомасының 10 %-ы федералдық бюджетке жiберiледi және экологиялық бақылау органдарын ұстауға жұмсалады. Қалған 90 %-ы экологиялық қорларға (жергiлiктi, өңiрлiк, федералдық) аударылады және табиғат қорғау iс-шаралары мен экологиялық бағдарламаларды қаржыландыру үшiн пайдаланылады. Бұл ретте алынатын қаражат тұтынушыларды табиғатты қорғауға ынталандыруға, қалдықсыз технологияларды әзiрлеуге және енгiзуге, қалдықтарды кәдеге жаратуға, ескi қоқыс үйiндiлерiн тазартуға және тағы басқаларға жұмсалуы мүмкiн. Экологиялық мәселелер экологиялық салықтар, экологиялық қорлар, тартылған инвестициялар, бiрлескен жобалар (бiрлесiп жүзеге асыру жобалары), көмiртегi квоталары есебiнен қалыптастырылатын «жасыл инвестициялар» жүйесiн енгiзу есебiнен шешiлетiнiн Ресей Федерациясының тәжiрибесi көрсетiп отыр. Қалыптасу көзi ластанулар мен қоршаған ортаға әсер болып табылатын ақша қаражатының 100 %-ы экологиялық мәселелердi шешуге қатысты жұмсалуға тиiс. Бұл тәжiрибенi Қазақстанға енгiзу экологиялық мәселелердi экологиялық төлемдер (2009 жылы 97 млрд. теңге), табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау iс-шаралары (2009 жылы 124 млрд. теңге) және халықаралық ұйымдарының гранттары есебiнен шешуге мүмкiндiк бередi. Халықаралық тәжiрибеге сәйкес мемлекеттiк табиғат қорғауды бақылау жүйесiнiң жұмысы экологиялық заңнаманың қатаң сақталуына, қоршаған ортаға терiс әсерлердi төмендету жөнiндегi iс-шараларды iске асыруға сайын келетiн түпкiлiктi нәтижеге, қолданылатын санкциялардың орындалуына бағытталатын болады. 4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және оны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi 4.1. Бағдарламаның мақсаты Бағдарламаның мақсаты табиғи экожүйелердi сақтау және қалпына келтiру жөнiнде жағдай жасау болып табылады. 4.2. Бағдарламаның мiндеттерi Алға қойылған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi орындау қажет: «жасыл экономиканы» дамыту; қоршаған орта құрамдауыштары мен денсаулыққа антропогендiк әceрдi төмендету; табиғи экожүйелердi сақтау және қалпына келтiру; қоршаған орта сапасын басқару жүйесiн дамыту және жетiлдiру. 4.3. Нысаналы индикаторлар Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде мынадай көрсеткiштерi қол жеткiзу межеленiп отыр: кешендi экологиялық рұқсаттарға енгiзiлген ресурс үнемдеу көрсеткiштерi 2014 жылы 1 дананы құрайды; атмосфераға зиянды заттар шығарындыларының төмендеу пайызы 2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылға кемiнде 5,9 % болады; ластағыш заттар төгiндiлерiнiң деңгейi 2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылға кемiнде 3,5 %-ды құрайды; 2014 жылға қалдықтардың түзiлуiне оларды қайта өңдеу үлесi 21,9 %-ды құрайды; 2014 жылы 1992 жылмен салыстырғанда парниктiк газдардың шығарындылары көлемiнiң асырылмауы 96%-ды құрайды; шөлейттенген және жұтаңданған жерлер алаңының өзгеру серпiнi 2014 жылға 0,05 га құрайды; сирек кездесетiн және жойылу қаупi бар жабайы тұяқты жануарлар түрiнiң санын мекендейтiн аймақтарында ұлғайту 2014 жылға: тоғайдағы асыл марал - 2 %-ды; құлан - 4 %-ды; жайран - 4 %-ды; арқар - 2 %-ды құрайды; киiктер санының өсуi 2014 жылға 10 %-ды құрайды; табиғи су айдындары мен су қоймаларына бағалы кәсiптiк балықтардың тiршiлiк етуге қабiлеттi шабақтарын өсiру 2014 жылға 170,0 млн. дананы құрайды; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: жаңаларының саны - 13 аумақ кеңейтiлетiндерiнiң саны - 7 аумақ ағаш отырғызу көлемiн ұлғайту 2014 жылға 65,0 мың га құрайды; бақылау пунктерiнiң саны 2014 жылға: метеорологиялық станциялар - 261; агрометеорологиялық бекеттер - 79; гидрологиялық бекеттер – 305; автоматты режимде жұмыс iстейтiн атмосфера ауасының жай-күйiн – 67; гидрометеорологиялық қауiптi және дүлей кұбылыстар туралы дауыл ескертулерiнiң алдын ала берiлу уақытын арттыру 2014 жылға 72 сағатты құрайды. 4.4. Әрбiр мiндет бойынша жоспарланған мәнге қол жеткiзу болжанып отырған нақты (орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi) кезеңдi көрсете отырып, Бағдарлама мiндеттерiнiң шешiлу дәрежесiн сипаттайтын, сандық және сапалық жағынан өлшенетiн мәндер ретiнде белгiленетiн нәтижелер көрсеткiштерi
4.5. Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, мiндеттерге, нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге жауапты мемлекеттiк және өзге органдар Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi, Экономикалық даму және сауда министрлiгi, Мұнай және газ министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Туризм және спорт министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi, Төтенше жағдайлар министрлiгi, Байланыс және ақпарат министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Бiлiм және ғылым министрлiгi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi, Көлiк және коммуникация министрлiгi, Жер ресурстарын басқару агенттiгi, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, «Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы. 5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi Бағдарламаны iске асыру екi кезеңде жүзеге асырылады. Бiрiншi кезеңде (2010 - 2012 жылдар) табиғи ортаның ластану деңгейiн оның сапасын басқару жүйесiн оңтайландыру, экологиялық орнықты даму тетiктерiн құру, қоршаған ортаны ластайтын iрi өнеркәсiп кәсiпорындары үшiн ең үздiк қолайлы технологиялар негiзiнде нормалауға көшу жөнiнде нұсқаулық пен жоспар әзiрлеу және жануарлар дүниесiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, тиiмдi пайдалану ормандарды қорғау және өсiмiн молайту жолымен азайту жөнiндегi жұмыстар мен ұйымдастыру iс-шаралары көзделген. Екiншi кезеңде (2013 - 2014 жылдар) табиғи ортаны басқару сапасын жақсарту, орнықты даму тетiктерiн iске асыру және жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу, қолда бар үздiк технологияларды енгiзу, қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткiштерiне және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қолайлы деңгейге қол жеткiзу көзделген. 5.1. «Жасыл экономиканы» дамыту «Жасыл экономикаға» көшу климаттың өзгеруiне негiзделген проблемаларды шешуге ықпал етедi. Бұл ретте, жоспарлау және жобалау үдерiстерiне төмен көмiртектi экономика мен парниктiк газдар шығарындылары көлемiне жаңа жоспарлар мен жобалардың әсер ету қағидаттарын есепке алудың мiндеттi талаптарын енгiзу көзделiп отыр. Таза технологияларды ендiру және ресурс үнемдеу жүйесiн құру үшiн Қазақстанның төмен көмiртектi дамуы жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу, көмiртегi бiрлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу жөнiнде бағдарламалық кешендi сатып алу және оған қолдау жасау қажет. Энергия үнемдеу технологияларын енгiзу тек өнiм шығынын төмендетiп, бәсекелестiктi жоғарлатып қана қоймай, ол отын-энергетикалық кешеннiң орнықтылығын арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етедi. Энергия тиiмдiлiк пен таза технологияларға бағытталған бәрiн қамтитын шаралар пакетi экономика мен қоғамға жақсы әсер етедi, елдiң экологиялық қауiпсiздiгiн арттырады, климаттың өзгеруiнiң терiс салдарларын азайтады. Кешендi экологиялық рұқсат беруге енгiзiлген ресурс үнемдеу көрсеткiштерi 2014 жылы 1 дананы құрайды. 5.2. Қоршаған ортаның құрамдауыштары мен халықтың |
![]() | «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы... | ![]() | Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы |
![]() | Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін | ![]() | 2011 – 2020 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің |
![]() | «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы | ![]() | Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1... |
![]() | Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері Жолдауын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің... | ![]() | Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы №1158 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының... |
![]() | 1. бағдарламаның паспорты Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің... | ![]() | Т ұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту Республикасы Президентінің «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына... |