«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»




Название«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
страница2/11
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.88 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.enbek.kz/sites/default/files/Жасыл даму бағдарламасы.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3.3.2. Атмосфералық ауаның ластануы

      Атмосфералық ауаның ластануы халықтың денсаулығына терiс әсер ететiн қоршаған ортаға әсер етудiң жетекшi факторларының бiр болып қалуда. Атмосфералық ауаға жылу энергетикасы және мұнай-газ секторы, кен өндiру және тау-кен өндiру саласы, қара және түстi металлургия неғұрлым терiс әсер етедi.
      Қазақстанның өнеркәсiп кәсiпорындарының атмосфераға шығарындылары жылына шамамен үш миллион тоннаны құрайды, оның iшiнде 85 %-ы 43 iрi кәсiпорынға тиесiлi. Елдiң атмосферасына стационарлық көздерден және улы қалдықтардың елеулi үлесiнiң пайда болу шығарындыларының 10 %-ы шикi мұнай мен iлеспе газ өндiру саласында жұмыс iстейтiн кәсiпорындарға тиесiлi. Ластағыш заттардың атмосфераға шығарындыларының көлемi 2009 жылы 3,4 млн. тоннаны құрады. Өткен жылға қарағанда шығарындылардың төмендеуi 6,1 %-ды құрады.
      Ауаны автомобиль көлiгiмен ластау көлемi неғұрлым қауiп төндiруде, бұл республика аумағында автокөлiк құралдары санының қарқынды өсуiне байланысты. Бұл проблема республиканың iрi қалалары үшiн аса өзектi, мұнда автокөлiктiң әуе бассейiнiн ластаудағы үлесi жалпықалалық шығарындылардың 60 %-на және одан жоғарыға жетедi.

3.3.3. Су ресурстарының ластануы

      Қазақстан Республикасының ластану дәрежесi жоғары және ағындарының аумақтың бөлiнуi тең еместiгiмен сипатталатын өзiндiк су ресурстары шектелген. Жерасты тұщы сулары барланған запастар шамасының 12 % көлемiнде ғана пайдаланылады.
      Жыл сайын таза суды тұтыну, суды тасымалдау кезiндегi шығындар және тазартылмаған немесе жеткiлiктi түрде тазартылмаған ағынды суларды су айдындарына ағызу көлемi ұлғаюда. Бұл ретте ауыл шаруашылығы мен өнеркәсiп негiзгi су тұтынушылар болып табылады: барлық пайдаланылатын судың тиiсiнше 75 % және 20 %-ы.
      Ұзақ уақыт iшiнде күрделi жөндеу жүргiзiлмегендiктен, қалалардағы және қалалық кенттердегi су бұру құрылыстарының 34 %-ы және кәрiздiк тазалау құрылыстары көпшiлiгiнiң физикалық тозуы 70 %-ға жеткен. Бiрқатар ағынды суларды тазалау құрылыстары артық жүктемемен жұмыс iстеудi, бұл жобалық деректер бойынша ағынды суларды тазалау технологиясының сәйкессiздiгiне алып келедi. Желiлер мен құрылыстарды жоспарлы жөндеу барлық жерде дерлiк авариялық-жөндеу жұмыстарына жол беруде, бұл peтте оларды жүргiзуге арналған бiржолғы шығындар, әдетте, жоспарланған жұмыстардан 2,5-3 есе жоғары.
      Ел халқының сапалы ауыз суға қол жеткiзуi бұрынғыдай өткiр проблема күйiнде қалып отыр, бұл ретте Қазақстан Республикасы тұрғындарының 20 %-на дейiнгi нормативтiк сапа стандарттарына сәйкес келмейтiн суды тұтынады.
      Жер үстi суларының ластану, қоқыстану және сарқылу үдерiсi жалғасуда су айдындарына тазартылмаған немесе жеткiлiктi түрде тазартылмаған суды ағызу оның негiзгi себебi болып табылады. Жыл сайын су объектiлерiне су ағызу шамамен 2,5 млн. тоннаны құрайды. 2009 жылы бұл көлем 2,85 млн. тоннаны құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 1,7 %-ға төмен. Халықтың сапалы, ауыз суға қол жеткiзуi бұрынғыдай өткiр проблема болып тұр.

3.3.4. Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының жинақталуы

      Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын өңдеу басымды экологиялық бағыттардың бiрi болып табылады.
      2009 жылы елде 669,3 млн. тонна қалдық жиналды, оның iшiнде 665,6 млн. тонна - өндiрiстiк қалдық, 6 млн. тоннасы - тұрмыстық. Елдiң бip тұрғынының үлесiне орта есеппен 1,4 мың тонна жинақталған өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдық келедi.
      2010 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша республика аумағында 43 млрд. тоннадан астам өндiрiстiк қалдық бар, оның 587,8 млн. тоннасы уытты қалдықтар.
      Өндiрiстiк қалдықтар, оның iшiнде техногендi минералды түзiлiмдер (бұдан әрi - ТМТ) ахуалы қанағаттанарлықсыз күйде қалып отыр. Қазiргi уақытта республикада шамамен 34 млрд. тонна қалдық жинақталған 775 ТМТ объектiсi тiркелген, бұл ретте олардың жыл сайын өсу үрдiсi байқалады.
      Өндiрiс қалдықтарын, оның iшiнде уытты қалдықтарды қайталама өңдеу тәжiрибесi Қазақстанда жоқ. Қалдықтар көлемi үнемi өсiп отыратын техногендiк интенсивтi тозаң шығаратын ландшафтарды қалыптастыра отырып, арнайы полигондарда, жинақтағыштарда және қалдықтар сақтау қоймаларында сақталады. Мысалы, республикада электр станциялардың күл-қоқыс қалдықтарын кәдеге жарату және пайдалану 1 %-дан аспайды, ал Еуропада бұл көрсеткiш орташа 60 % құрайды.
      Өнеркәсiптiк және уытты қалдықтарға байланысты мәселелерден басқа республиканың барлық елдi мекендерiнде дерлiк, әсiресе Қазақстанның iрi қалаларында тұрмыстық қалдықтардың ұлғайған көлемiн сақтау және қайта өңдеу мәселесi өзектi болып тұр (1-кесте). Бұл ретте елдегi полигондардың көпшiлiгiн және тұрмыстық қатты қалдық қоқыстарын пайдалану нормативтiк өлшемдерге сәйкес келмейдi.
      Қалдықтарды жинау мен шығару жөнiнде жеткiлiктi инфрақұрылымның болмауы елдi мекендерде стихиялық қоқыстар пайда болуының және оларды жою үшiн жыл сайын жергiлiктi бюджеттен қаражат шығындардың бiрден-бiр себебi болып табылады. Қазақстандағы коммуналдық қалдықтардың негiзгi бөлiгi (97% астам) фракцияларға бөлiнбестен, ашық қоқыс жинау орындарына шығарылады және сақталады, бұл топырақтың, жер асты және жер үстi суларының, атмосфералық ауаның ластануына алып келедi.

1-кесте. Қазақстан Республикасында жинақталған және шығарылған
коммуналдық қалдықтар көлемiнiң серпiнi

Атауы

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Коммуналдық қалдықтар, млн.т.

6,5

6,8

3,6

      Кеңес Одағы кезеңiнде қалыптасқан тарихи ластанулар мәселесi Қазақстан үшiн өткiр мәселе болып тұр. Әскери мақсаттағы объектiлердi, тау-металлургиялық кешен кәсiпорындарын ұзақ уақыт пайдалану салдарынан елдiң, едәуiр аумағы адам мен өзге де биологиялық объектiлер үшiн қауiптi концентрациядағы радиоактивтi, биологиялық және химиялық заттармен ластанған.

3.3.5. Климаттың өзгеруiнiң экологиялық жүйелерге әсерi

      Қазiргi таңда ел аумағында орташа температура деңгейiнiң орташа есеппен 100 жылда 1,8оС көтерiлуiне байланысты климаттың өзгеру проблемасы Қазақстан үшiн өзектi мәселе болып табылады.
      Климаттың өзгеруi биоәртүрлiлiкке әсер етедi. Бүгiнгi күнi биотүрлiлiктiң арқылы және экожүйелердiң жұтаңдануы республика аумағының 70 %-да, әсiресе шөлдер мен далалық аймақтарда, жер жырту мен малды көп жаю кезiнде байқалады. Қазақстан аумағының басым бөлiгi шөл және шөлейттi ландшафттық аймақтар болғандықтан, олардың экожүйелерi, оның iшiнде ауыл және су шаруашылығы климаттық жағдайлардың өзгеруiнiң байқалатын аномалияға қауқарсыз болып отыр.
      Климаттық өзгеруi нәтижесiнде ылғалдану аймақтарының шекарасы солтүстiкке қарай ығысуы мүмкiн, ендеше өңiрлерде ылғалдану жағдайының нашарлауын күтуге болады.
      1955 жылдан бастап Iле Алатауының солтүстiк бөктерiнде мұздықтардың ауданы 40,8 %-ке қысқарғаны байқалады. Климаттың өзгеруi болжамдарының есепке ала отырып, жақын болашақта мұздықтардың қарқынды еруiнiң жалғасуы мүмкiн. Мұз басқан аудандардың азаюы тау өзендерiнiң су режимiнiң өзгеруiне алып келедi, бұл ретте Iле Алатауының солтүстiк бөктерiнiң ағынды сулары шамамен 16 %-ға төмендейдi.
      Жалпы табиғаттың қауқарсыздығымен қатар республиканың антропогендiк жүйесiнiң бейiмделушiлiк әлеуетiнiң едәуiр төмендегенi байқалады.

3.3.6. Биоәртүрлiлiк

Орман шаруашылығы және елдi мекендердi көгалдандыру

      2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттiк орман қорының жалпы ауданы 28,4 млн. га немесе республика аумағының 10,4 %-ын құрайды. Орманды алқаптар 12,3 млн. гектарды немесе орман қоры жерлерi жалпы ауданының 43,3 %-ын құрайды. Республиканың ормандылығы 4,5 % құрайды.
      Уәкiлеттiң органның қарамағында мемлекеттiк орман қорының 4,8 млн. га (17,3 %), облыстық атқарушы органдардың қарамағында 22,8 млн. га (82 %) және басқа мемлекеттiк органдардың қарамағында 0,8 млн. га (0,7 %) бар.
      Қазақстанда ормандар барынша әркелкi орналасқан. Орман өсiмдiктерiнiң түрлерi табиғи аймақтардың әртүрлiлiгiне негiзделедi. Шөлдi аймақтарда сексеуiл ормандары өседi. Тау ормандарының негiзгi бөлiгi Алтай, Жоңғар және Iле Алатауында қою түстi кылқан жапырақты орманмен қамтылған. Дала мен далалы орманды аймақтардың жазық бөлiгiнде қайын-көктеректi ормандар, қарағай ормандар, Ертiс бойының салалы ормандары өседi.
      Ормандар құрамында ормандармен қамтылған ауданның 49,6 % иеленетiн сексеуiл басым болып келедi және шөл және дала аймақтарда бұталы екпелер 24,1 % алады.
      Бағалы қылқан жапырақтылар 13,1 %, ал жұмсақ жапырақтылар 11,2 % құрайды.
      Республика ормандары климаттық реттеу, орта қалыптастыру, дала және топырақ қорғау, су сақтау және санитариялық-гигиеналық функцияларын атқарады және елдiң биологиялық алуан түрлiлiгiнiң 86 %-ы табиғи резерваттар болып саналады.
      Республиканың орманды аумақтарын көбейтуде орман дақылдарын егудiң маңызы зор. Бүгiнгi күнi жасанды отырғызылған өсiмдiктер 1029,3 мың га немесе орманды жерлердiң шамамен 10 % құрайды.
      Орман дақылдарын отырғызу жұмыстарын қамтамасыз ету үшiн республикада 143 орман питомнигi бар, мұнда жылына 200 млн-ға жуық дана түрлi стандартты тұқым екпе көшеттерi өсiрiледi. Аталған көлемдегi отырғызу материалдар шамамен 60,0 мың га орман дақылдарын құруға жеткiлiктi.
      Қазiргi уақытта аталған питомниктерде стандартты отырғызу материалының 60,0 млн. данасы өсiрiлуде.
      270 ағаштан, 45 га екпеден, 850 га астам ағаш тұқымды учаскелерден және ағаш тұқымды плантациялардан тұратын селекциялық негiздегi ағаш тұқымды база қалыптастырылуда.
      Астана қаласының жасыл аймақты аумағында 1998 жылдан 2009 жыл аралығында 45 мың га екпелер отырғызылды, оның iшiнде 14,7 мың гектары Астана қаласы әкiмдiгiнiң теңгерiмiне берiлдi.
      2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы ауданы 1724,4 мың га орман ресурстары 394 жеке және заңда тұлғалардың ұзақ мерзiмдi пайдалануына берiлдi.
      Қолданылып жатқан шараларға қарамастан орман өрттерi мен орманды заңсыз кесу жалғасуда.
      Орман өрттерiнiң себебi табиғи факторлармен қатар адам әрекетiнен де болады, бұл көктемгi және күзгi өрт қауiпi өршiп тұрған кездерде аса қатерлi.
      Республика бойынша iрi орман өрттерiн талдау дала өрттерiнiң мемлекеттiк орман қорының аумағына ауысуы салдарынан туындаған ең iрi ауданы - 62 %-ды құрайтынын көрсеттi.
      2009 жылы орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерi аумағының 3,5 мың га ауданында 230 орман өртi оқиғасы болды, оның iшiнде орманмен көмкерiлген жерлер 1,7 мың га құрады. Орман өрттерiнен болған залал 69842 мың теңгенi құрады.
      Өртке қарсы жұмыстарды жүргiзу нәтижесiнде орман өрттерiнiң саны 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 1,4 есеге төмендедi, өрт шарпып өткен аудан көлемi 1,6 есеге қысқартылды.
      2009 жылы орманды заңсыз кесу жағдайлары 2008 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге, ал 2007 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге төмендедi, бұл ретте, олардың көлемi 2008 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге, 2007 жылмен салыстырғанда 5,6 есеге төмендедi.

Жануарлар дүниесi

      Аумақтың кеңдiгi (272,5 млн. га), фауна түрлерiнiң көптiгi (омыртқалылардың 835 түрi, омыртқасыздардың 50000 түрi) елiмiздiң ерекшелiгi болып саналады. Қазақстан фаунасын түгендеу тек омыртқалы жануарлар үшiн ғана аяқталды, олардың жекелеген сыныптары бойынша жалпы фауналық мәлiметтер басып шығарылған.
      Қазақстан аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрi мекендейдi, оның iшiнде: сүтқоректiлер - 178, құстар - 489 (оның iшiнде 396 осында ұя салады, қалғандары қыста ұшып келедi немесе көктем мен күзде ұшып өтедi), бауырымен жорғалаушылар - 49, қос мекендiлер - 12, балықтар - 104, домалақ ауыздылар - 3.
      Қорғауды талап ететiн эндемикалық және реликтi сирек түрлер арасында омыртқалы жануарлардың 300 түрi кездеседi, олардың көп бөлiгi жоғалып кету шегiнде тұр.
      Қазақстанның Қызыл кiтабына омыртқалы жануарлардың 128 түрiмен кiшi түрi, оның iшiнде құстың - 57, сүтқоректiлердiң - 40, Қызыл кiтаптың екiншi бөлiгiне омыртқасыз жануарлардың 96 түрi енгiзiлген.
      2009 жылдың есепке алу мәлiметтерi көрсеткендей киiктер санының төмендеуi тоқтатылды және олардың санының өсу динамикасы: 2003 жылы 21,2 мыңнан 2009 жылы 81 мыңға, оның iшiнде үстiрт популяциясы 9,2 мыңға жайық киiгi 26,2 мыңға, Бетпақдала киiгi 45,2 мыңға көбейдi. Киiк санының өсуi 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 32,7 % құрады.
      2008 жылмен салыстырғанда жабайы тұяқты жануарлардың сирек және жойылып жатқан түрлерiнiң саны 2009 жылы тұрақталды.
      2007 - 2009 жылдары ғана 300 аңшылық шаруашылығы құрылды, 679 аңшылық шаруашылығына 119,8 млн.га немесе 51,3 % аңшылық жерлер бекiтiлген.
      Жануарларды браконьерлiкпен аулау, басқа да антропогендi факторлар (көлiк жүйелерiн төсеу, жер қойнауын пайдалану, сулы-батпақты алқаптардың кебуi) республикамыздың жануарлар дүниесiнiң ресурсына терiс әсерiн тигiзуде. Қазақстан аумағында 20 ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан құланы, тұран жолбарысы, гепард жойылып кеттi.
      Республика iшiнде киiктiң етiн және мүйiзiн сату нарығының болуы және оларды шетелге контрабандалық жолмен шығару, сондай-ақ ұсталған адамдардың жауапкершiлiктен қашуы киiктердi сақтау қатерi факторын туындатады және оларды сақтау жөнiнде мемлекет қолданып жатқан шаралардың тиiмдiлiгiн төмендетедi.
      Бұған қоса, Қазақстанда балық өсiру және балық аулауды үдемелi дамыту үшiн балық шаруашылығының бай су қоры бар әрi жағдай да қолайлы.
      Каспий теңiзiн есепке алмағанда, су қоймаларының жалпы ауданы шамамен 3 млн. га құрайды. Республиканың су айдындарында жалпы балық аулау 1965 жылы 111,9 мың тоннаны құраған. Соңғы үш жыл iшiнде iс жүзiнде орташа есеппен 52,4 мың тоннаны құрады.
      Балықтың құрып бара жатқан сирек түрiне жататын бекiре тұқымдас балық түрлерiн сақтау және оңтайлы пайдалану жөнiнде барлық қажет шаралар қабылданып, жыл сайын аулау көлемi төмендетiлуде.
      2002 жылдан бастап жыл сайын Қиғаш және Жайық өзендерiнiң арналарында уылдырық шашатын орындардан бекiре түрлерiн өндiрушiлердiң кедергiсiз өтуiн қамтамасыз ету мақсатында түбiн тереңдету жұмыстары жүргiзiлуде. Осы мақсаттарға мемлекеттiк бюджеттен жыл сайын 300 млн. теңгеге дейiн (2,5 млн. АҚШ доллары) қаражат бөлiнедi.
      Жыл сайын республиканың балық шаруашылық су қоймаларынан 156,4 млн данаға жуық жас балық және личинкалар, оның iшiнде шамамем 7,0 млн. ға жуық бекiренiң жас балықтары шығарылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

      Қазiргi уақытта республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының (бұдан әрi - ЕҚТА) жүйесi 10 мемлекеттiк табиғи қорықтан (бұдан әрi - MTҚ), 10 мемлекеттiк ұлттық табиғи парктен (бұдан әрi - МҰТҚ), 4 мемлекеттiк табиғи резерваттан (бұдан әрi - МТР), 52 республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қорықтан, республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткiшi, 3 зоологиялық парктен (Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында), 5 республикалық ботаникалық бақтан (Алматы, Қарағанды, Риадер, Жезқазған қалаларында, Бақанас ауылы), республикалық мемлекеттiк қорық аймақтарынан және жергiлiктi маңызы бар 2 мемлекеттiк табиғи парктен тұрады.
      Заңды тұлға мәртебесi бар ЕҚТА 5277,0 мың га немесе республика алаңының 1,9 % алып отыр.
      Соңғы бес жылда қолда бар және 1865 мың га жаңа ЕҚТА құру есебiнен республикалық маңызы бар ЕҚТА-ның алаңы ұлғайтылды.
      Табиғи-қорық қор объектiлерiн қазiргi заманғы орналастыруды есепке алу мен талдау республиканың флорасы мен фаунасының генқорының қоймасы болып қызмет ете алатын, қорғалатын жаңа учаскелердi ұйымдастыру үшiн қосымша жарамды аумақтарды айқындауға мүмкiндiк бередi.
      Арқар (Алтай, Қазақстан, Қаратау және Қызылқұм арқары) мекендейтiн жерлерде, шөл сүтқоректiлерi - жайран, құлан, манұл, қарақал, сұр алабажақ кесiртке үшiн нақты қорғалатын аумақтар қажет. Жалғыз теңiз сүтқоректiсi - каспий итбалығы, Каспийдiң солтүстiк бөлiгiндегi заңды тұлға болып есептелмейтiн қорық аймағымен iшiнара қорғалған.
      Аймақтық-ландшафты бөлу негiзiнде қорықтардың, ұлттық парктердiң, резерваттардың орналасуын талдау мынадай тұжырым жасауға мүмкiндiк бередi:
      далалық аймақта шөлейттенген аймақтардың кiшi аймақтары қорғауға алынбаған;
      Үстiрт қорығында оңтүстiк (бiрқалыпты - жылы) шөлдерi фрагментальды түрде ұсынылған, бiрақ сораңдар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн түрлерiнiң қауымдастығы, жануарлардың жойылу үстiндегi және сирек түрлерi қорыққа алынбаған болып саналады;
      таулы аудандарда Оңтүстiк Алтайдың, Сауыр-Тарбағатайдың өсiмдiк және жануарлар дүниесiнiң бiрегей түрлерi, орта Қаратаудың, Кетменнiң, Күнгейдiң, Жоңғар Алатауының бай реликтi және эндеминдi түрлерiнiң қауымдастығы қорғалмаған;
      өзiндiк Орталық Азия тоғайлары мен кең шалғындардағы ЕҚТА аумақтарына мәртебе беру қажет;
      Қазақстанда рептилиялар генқорын сақтау үшiн Қызылқұм құмында (тек осында ғана ең iрi кесiртке - сұр алабажақ кесiртке мекендейдi), Оңтүстiк Балқаш маңы құмында, Бетпақдаланың сазды шөлiнде, Солтүстiк Балқаш маңының тастақты шөлiнде, Iле аңғарының және Зайсан ойпаты шөлiнде Бiрқатар шөлдi қорықтар құру қажет.
      Каспий итбалығының популяциясын сақтау мақсатында Каспий теңiзiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - теңiз қорығын құру қажет. Каспий итбалығы Каспий теңiзiндегi эндеминдi түрдегi және жоғалып кету қаупi бар жалғыз сүтқоректi жануар.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық бағытына сәйкес қазiргi уақытта елде қазiргi заманғы экономикада туристiк кластердiң рөлi күшеюде.
      Әлемдiк тәжiрибеде экологиялық туризм ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүзеге асырылады.
      Жыл сайын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару ұлғаюда, 2006 жылы ЕҚТА-ға барғандардың жалпы саны 321,2 мың адам, 2007 жылы - 346,9 мың адам, 2008 жылы - 547,9 мың адам, 2009 жылы - 594,9 адам.
      Iле Алатауы, Баянауыл, «Көкшетау» және «Бурабай» мемлекеттiк ұлттық табиғи парк келушiлер арасында кеңiнен танымал.
      ЕҚТА-ға барушылар санының ұлғаюы сервистiң жақсаруымен, ЕҚТА туризм инфрақұрылымының, қонақ үйлердiң, Визит-орталықтарының құрылуымен және жақсаруымен, ЕҚТА-ны абаттандырудың жақсаруымен байланысты.
      Қазiргi уақытта ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың арнайы бөлiнген учаскелерiнде 100 бақылау-өткiзу пунктi құрылған, 102 туристiк бағыт пен 52 экскурсиялық бағыт ұйымдастырылған. Туристiк соқпақтар мен бағыттардың ұзақтығы 5 мыңнан астам шақырымды құрайды, 66 байқау алаңдары мен көрсету учаскелерi, 143 бивуак алаңдары мен лагерьлер, автокөлiктер үшiн 81 тұрақ, 84 қонақүй, кемпингтер, туристiк базалар, қоғамдық тамақтанудың 65 объектiсi жабдықталды, 1 мыңнан астам аншлаг, нұсқағыштар және ақпараттық стендiлер орнатылды. 4 ұлттық парктiң (Алтын Емел, Шарын, Көлсай көлдерi және Iле Алатауы) аумақтары бойынша «Алтын шеңбер» атты тiкелей туристiк бағыты әзiрлену сатысында.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» icon2011 – 2020 жылдарға арналған
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» icon«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconЖаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері
Жолдауын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconҚазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы №1158 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» icon1. бағдарламаның паспорты
Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің...
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» iconТ ұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту
Республикасы Президентінің «Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница