Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі




Скачать 475.41 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
страница5/5
Дата конвертации12.02.2016
Размер475.41 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/8ea8d2d1-83ee-11e3-9ea3-f6d299da70eeЕкпе ормандар дәрістер.doc
1   2   3   4   5

Негізгі және қосымша әдебиеттер

1.Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В.Лесные культуры.Москва, 1985ж.

2. Новосельцева А.И., Родин А.Р.Справочник по лесным культурам.М 1984ж.

3. Байзақов С.Б. және т.б. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2 к., 2007ж.


13 Дәріс.


Тақырыбы: Төмен бағалы екпе ағашты қайта жаңарту


Дәрістің мақсаты мен міндеті: негізгі терминдер мен түсініктерді игеру, екпе ағаштарды қайта жаңартудың қағидалары мен олардың әдістері


Дәрістің жоспары:

1. Екпе ағаштарды қайта жаңарту

2. Қайта жаңартудың тәсілдері


1. Қайта жаңартуға көбіне төмен бағалы орман екпе ағаштарын шаруашылық-бағалы түрлерге ауыстыру екпе орман құру немесе күту үшін кесу арқылы жүргізіледі (МЕСТ 17559-82). Орман екпе ағаштарын қайта жаңарту ағаш түрлері құрамын жақсарту және олардың өнімділігін жоғарылату үшін жүргізіледі. Қайта жаңартуға көбіне 5 жастағы немесе одан жоғары төмен бағалы екпе ағаштар жатады. Құрамы, толымдылығы, күтілетін пісіп-жетілу жасы, өнімділігі мен атқаратын пайдалы қызметтері бойынша орман өсу жағдайы мен орманды арнайы мақсатта өсіруге сай келмейтін учаскелер жатады.

Қайта жаңарту қорына жататындар:

  • қажетсіз бұталар өскен, өнімді сүрекдің өсіруге жарамды учаскелер;

  • табиғи жаңарған жас екінші дәрежелі төмен бағалы жұмсақ жапырақты түрлер, бұлар басты ағаш түрін алмастырған;

  • төмен толымдылықтағы (толымдылығы 0,5 және одан төмен) немесе аз өнімді сүрекдіңді екпе ағаштар және қажетсіз түрлер өскен жасы 2 класс және одан жоғары екпе ағаштар;

  • көп жылдық шірік діңнен өскен балақ шыбықтар мен атпа тамырлы екпе ағаштар.

2. Қайта жаңартудың тәсілдері.

Қайта жаңартылатын екпе ағаштың жағдайына, олардың түр құрамына, басты түрдің ағаш санына және олардың учаске аумағында біркелкі таралуына байланысты екпе ағаштарды жаңартудың келесі тәсілдері қолданылады: жаппай; дәлізді; шоғырлы-топты.

  • Жаппай тәсіл төмен бағалы екпе ағаштарды толық ауыстыру жағдайында қайта жаңарту қолданылады, мысалы, жабайы өскен бұталар.

  • Дәлізді тәсіл алдын-ала кесу немесе екпе ағашты дәлізді тазарту арқылы ені 3-6 метр жүргізіледі. Қалдырылған дәліздер ортасындағы жердің ені де осы шамалас болады. Дәліздер ені қайта жаңартылатын екпе ағаштың биіктігінен кем болмау керек.

  • Шоғырлы-топты тәсіл толымдылығы бірдей емес, құрамында басты ағаш түрі бар екпе ағаштарда қолдануға ұсынылады. Өсіп тұрған екпе ағашты қопару жүргізілмейді, ал бағалы ағаш түрлерін топырағы жарым-жартылай дайындалған ашық алаңқайларға, терезелерге шоғырлап немесе топтап отырғызады.

Қайта жаңартылатын екпе ағаштарды құру үшін отырғызу материалы ретінде сеппелер мен тікпелерді қолдануға болады. Бірақ көбіне тікпелер қолдану тиімді.

Қазақстан Республикасының барлық орман өсетін аймақтарындағы орман құрамында төмен бағалы екпе ағаштар кездеседі. Оларға қайта жаңарту шарасын жүргізу қажет.

  • Солтүстік Қазақстанның шоқ ормандары мен Қазақтың ұсақ шоқылы аймағының ормандарында (қайта жаңартудың дәлізді тәсілі) қайта жаңарту жүргізілетін алқаптар категориясына жататындар:

  • жаңа кесілген шығу тегі қайың өскен ормандар, табиғи жаңаруы атпа тамырлы көктерек пен қайың балақ шыбықтары;

  • түрлі толымдықтағы көктерек және қайыңның 1-класс жасындағы жас ағаштар, орман өсу жағдайы жаңа құрылымды қарағай типті орман. Қарағай ағашы мен өскіндерінің саны аз немесе кездеспейтін жерлер;

  • төмен толымдылықтағы (0,3-0,4) пісіп жетілген және пісіп келе жатқан қайыңның тамырдан тараған балақ шыбықтары, өскіндерінің саны жеткіліксіз.

    • Солтүстік Тянь-Шаньнің таулы ормандарында төмен бағалы көктерекке ерекше көңіл аудару керек. Бұл таудың солтүстік беткейіндегі теңіз деңгейінен 1200-1800м биіктікте құнарлы топырақта өсіп тұр. Көктеректі жекелеген шоғырлар немесе ені әр түрлі дәліздер жасау арқылы жоюға болады. Ағаш діңдерін кесіп және атпа тамырларын жойғаннан кейін келесі ағаш түрлерін себу және отырғызу ұсынылады: Шренк шыршасы, балқарағай, емен, алма, алмұрт, өрік және тағы басқалары.

    • Батыс Қазақстанның өзен бойы мен тоғай ормандарын жабайы өскен бұталардан тазартқаннан кейін, тал мен теректен басқа өсу жағдайы сәйкес келетін кәдімгі еменді өсіруге болады. Тоғай ормандарын қайта жаңарту үшін шоғырлы-топты тәсіл қолданған дұрыс.


Негізгі және қосымша әдебиеттер

1.Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В.Лесные культуры.Москва, 1985ж.

2. Новосельцева А.И., Родин А.Р.Справочник по лесным культурам.М 1984ж.

3. Байзақов С.Б. және т.б. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2 к., 2007ж.


14-15 Дәрістер.


Тақырыбы: Арнайы мақсаттағы екпе ормандарды құру


Дәрістің мақсаты мен міндеті: негізгі терминдер мен түсініктерді игеру, арнайы мақсатта екпе ағаштарды өсіру


Дәрістің тақырыптары:

  1. Сүрекдің алу үшін теректің плантациялық екпелері

  2. Себет тоқу және қазақ үй жабдықтарын жасау үшін талдың плантациялық екпелері

  3. Жаңа жылдық шырша алу үшін Солтүстік Тянь-Шаньнің таулы ормандарындағы шырша плантациялары.



1 Сүрекдің алу үшін теректің плантациялық екпелері.

Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жоғары өнімді терек плантациясы екпесін құру үшін профессор П.П.Бессчётновтың ұсынған жергілікті селекция бойынша алынған теректің будан формаларына – «Қазақстан», «Қайрат», «62027-1»; терек түрлеріне – Болле, алжир терегі жатады.

Жоғары өнімді екпе плантациясын құру үшін республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жергілікті селекция бойынша теректің буданды формаларын алған профессор П.П.Бессчётновтың «Қазақстан», «Қайрат», «62027-1»; терек түрлеріне – Болле, делтатәрізді және алжир терегін өсіру ұсынылады.

Топырақ дайындау. Плантациялық екпелерді жақсы өңделген топырақтарда құрады. Бұл жұмыс аумақты тегістеуден басталады. Өйткені болашақта қарықтар тегіс суарылу керек. Тегістеуден кейін топырақтың механикалық құрамына байланысты, шымдану дәрежесі мен арамшөптердің болуына қарай топырақты қара пар немесе ерте пар жүйесімен дайындайды. Бұл кезде міндетті түрде күзде қайтадан терең жырту немесе терең қопсыту керек.

Тікпелерді отырғызу. Плантациялық екпелер құру кезінде әлсіз немесе орташа тұзды топырақтарда тек қана ақ теректің секцияларын - Болле, «62027-1» буданын пайдаланған жөн. Отырғызуды күзде тікпелердің жапырағы түскен соң немесе ерте көктемде бүршік жарғанға дейін жүргізеді.

Бір жылдық қалемше тікпелерді дайындалған шұқырларға қолмен отырғызады. Терек тікпелерін отырғызу кезінде, олардың тамыр мойынын топырақ бетінен 20-25см терең отырғызылады.

Тәжірибелер көрсеткендей, терек тікпелерінен плантация құру кезінде отырғызу орны 3х1,5 немесе 3х2м, 1га саны 2220 және 1660дана болуы керек.

Тікпелерді отырғызғаннан кейін, қатардан 20-25см қашықтықтан суарылатын қарықтар қазылады. Қарықтар қазылған соң бірден суару жүргізіледі. Бұл тамыр мен топырақтың тығыз байланысын туғызады.

Плантациялық екпелерді күтім жұмыстары. Ағаш отырғызғаннан кейінгі алғашқы екі жылда топырақты қопсыту мен арамшөптерді отау 3-4 мәртеден кем жүргізілмейді. Бірінші жылы күзде плантацияны түгендеу жүргізіледі, ал келесі жылғы көктемде қажет болса – толықтыруға екі жылдық тікпелер пайдаланылады. Үшінші және төртінші жылы қатар арасы мен қатар ішінде жүргізілетін күтім жұмысының санын жыл сайын екіге төмендетуге болады. Плантацияны алғашқы екі жыл міндетті түрде вегетациялық кезеңде 4-5 мәртеден жоғары суару керек. Келесі жылдары суару санын 2-3 мәртеге қысқартуға болады. Суару мөлшері – 500-600 м3/1га.


2 Себет тоқу және қазақ үй жабдықтарын жасау үшін талдың плантациялық екпелері.

Талдың ассортименттері. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында екпе плантация құруға жарамды талдың түрлері: жатаған тал (себетке) – қазақ үй жабдықтары, пурпурлы тал – себет тоқуға, жиһаздар мен жабдықтар жасауға, ақ тал – себет тоқуға, қазақ үй қаңқасын жасауға, өткір жапырақты тал (қызыл тал) – себет тоқу және қазақ үй жабдығына.

Тікпелерді отырғызу. Себет тоқу материалдары үшін плантация құру кезінде біржылдық тал тікпелер пайдаланған дұрыс. Тікпелерді көктемде немесе күзде отырғызады. Плантация құру кезінде қолмен және механикалық отырғызу орындарының саны бірдей (0,8 × 0,5м) болады. Ауыр топырақтарда сеппелерді отырғызғанда тамыр мойынын жер бетінен 10-15см тереңдеу, ал жеңіл топырақтарда 15-20см терең көму керек. Бұл тікпе діңінде қосымша тамырлардың қалыптасуына жағдай жасайды. Күзде және көктемде тікпелерді жер бетінен 20-25см кесіп алады.

Плантацияны күтім жұмыстары. Плантацияны отырғызған соң бірден суғарады. Бірінші жылы вегетациялық кезеңде суару саны 8-10 мәрте. Суару мөлшері – 700-800 м3/1га. Екінші және содан кейінгі жылдары суару саны 5-6 қысқартылады.


3 Солтүстік Тянь-Шань таулы ормандарындағы жаңа жылдық шырша плантациялары.

Учаске таңдау. Жаңа жылдық Шренк шыршасынан плантацияны таудың солтүстік, солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс беткейіндегі теңіз деңгейінен 1700-2300 м биіктіктегі таулы-шалғынды немесе қара түсті таулы-орманды топырақты жердегі тереңдігі 30 см жуық ұсақ құрылымды қабаты бар жерлерде салынады.

Жаңа жылдық шыршаларды өсіру мерзімі: биіктігі 1,5-2 метрліктер – 15 жыл, ал биіктігі 0,5-1 метрліктер – 10 жыл.

Плантацияға арналған барлық аумақ көлемі теңдей 16 учаскеге (танапқа) бөлінеді (шыршаны өсіру жыл саны мен бір танап таза парға арналған). Әрбір танап көршілес танаптан биіктігі 1 метрлік бағаналар арқылы арасы бөлініп тұрады, ол бағаналарда танап номерлері көрсетіліп тұрады.

Шырша сеппелерін отырғызу жыл сайын бір танапта жүргізіледі; жыл сайын бір танап келесі жылы шырша отырғызу үшін топырағы дайындалады, ал 15 жылдан кейін, барлық 15 танапта шырша сеппелері өсіп тұрғанда, жыл сайын бір танап жаңа жылдық шырша үшін кесіледі. Сондықтан, плантациядағы кесу айналымы 15 жылды құрайды.


Негізгі және қосымша әдебиеттер

1. Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В. Лесные культуры. М., 1985.

2. Новосельцева А.И., Родин А.Р. Справочник по лесным культурам. М.,1984.

3. Байзаков и др. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2т., 2007.

1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2015 ж. 29 қазанында...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы №261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2003 ж. 23 маусымдағы (№8 хаттама)...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының
Республикасы Білімжәне ғылым министрлігі Білім және ғылымсаласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми баспалар тізбесі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница