Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі




Скачать 475.41 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
страница4/5
Дата конвертации12.02.2016
Размер475.41 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/8ea8d2d1-83ee-11e3-9ea3-f6d299da70eeЕкпе ормандар дәрістер.doc
1   2   3   4   5

«б» категориясы – кеспе ағаш, өртең, түбірлер саны 600 дана/га дейінгі жерлерде, топырақты жолақтап немесе қарықтап өңдейді, таулы жерлерде – жолақтап немесе террасалап жүргізіледі;

  • «в» категориясы – түбірлер саны 600 дана/га көп жерлерде топырақ өңдеу алаңшалап немесе қарықтап жүргізіледі;

  • «г» категориясы табиғи жаңаруы әлсіз кеспе ағаштар, өскіндерді сақтау үшін топырақ алаңшалап өңделеді.

    Топырақты дайындауға пайдалану техникасы болуы мүмкін:

    • механикалық – топырақты қопсыту, өңдеуге қолданылатын механикалық құралдар және т.б.;

    • химиялық – топырақты қопсытпай, гербицидтермен өңдеу;

    • өртеу – механика қолданбай, арамшөптерді жағу арқылы;

    • құрама (комбинирлі) – механикалық және химиялықты қосып.

    2 Топырақты жаппай өңдеу.

    Өсу орны жағдайына, топырақтың механикалық құрамына және шымдану дәрежесіне байланысты топырақ өңдеудің сүдігер, көктемгі жырту, қара және ерте пар жүйелері қолданылады.

    • Сүдігер өңдеу жүйесі жеңіл құмды және құмдауытты аз шымдалған топырақтарға қолданылады. Сонымен қатар ауылшаруашылығы пайдалануынан уақытша шыққан жерлерде, егер ол жерлер тамыр сабақты және тамыр атпалы арамшөптерден тазартылған болса. Ол келесі топырақ өңдеу жұмыстарынан тұрады:

    • күзде топырақты дискілі құралдармен тереңдігі 10-12см сыдыра жырту;

    • сыдыра жыртудан 12-15 күннен кейін топырақты тереңдігі 30 см кем емес тереңдікте сүдігер жырту;

    • ерте көктемде ылғал жабу мақсатында 2 ізбен тырмалау;

    • ағаш отырғызу алдында қопсытумен бірге тырмалау.

    • Көктемгі жырту жүйесі сүдігер өңдеу жүйесі секілді жеңіл құмды және құмдауытты аз шымдалған және ауылшаруашылығы пайдалануынан уақытша шыққан жерлерде қолданылады. Ол ерте көктемде топырақ жыртумен бірге ағаш отырғызу алдында қопсытумен бірге тырмалау арқылы жүргізіледі.

    • Қара пар жүйесі дала және жартылай шөлейт аймақтағы күшті шымданған орташа және ауыр сазды топырақтарда ылғал жинау және арамшөптермен күресу үшін қолданылады. Бұл жүйеде топырақ өңдеу келесі жұмыстардан тұрады:

    • дискілі құралдармен топырақты 10-12см тереңдікте күзгі сыдыра жырту;

    • 12-15 күннен соң топырақты 30 см жоғары тереңдікте сүдігер жырту;

    • ерте көктемде ылғал жабу мақсатында 2 ізбен тырмалау;

    • жаз бойы 3-4-мәрте қопсытумен (10-12см тереңдікте) бірге тырмалау;

    • күзде парды 30-35 см тереңдікте сыдыра жырту;

    • ерте көктемде ылғал жабу мақсатында 2 ізбен тырмалау;

    • ағаш отырғызу алдында қопсытумен бірге тырмалау.

    • Ерте пар жүйесі алдыңғы жүйелерден айырмашылығы көктемде топырақ жырту, 3-4-мәрте қопсытумен бірге тырмалау, күзде парды қайта жырту, ерте көктемде ылғал жабу үшін тырмалау және ағаш отырғызу алдында қопсытумен бірге тырмалау. Бұл айтылған әрбір топырақ өңдеу жұмысының мақсаты, топырақ өңдеудің қара пар жүйесімен бірдей. Бұл жүйе әлсіз шымдалған механикалық құрамы жеңіл және орташа сазды топырақтарда қолданылады.

    3 Ауылшаруашылығына пайдаланылған жерлерді жаппай өңдеу. Екпе орман қорында бұрын ауылшаруашылық дақылдары себілген жерлер кездесуі мүмкін.

    Егер екпе орман алаңшаларында топырақты жаппай өңдегенде, ол жерді арамшөптер басқан болса, барлық шаралар солармен күресуге бағытталады. Қазақстанда кең тараған тамырсабақты арамшөптерге – жатаған бидайық, жауқияқ, ақбаттауық; атпа тамырлы арамшөптерге – күлгін және сары қалуен (тікенқурай), егістік шырмауығы, сүттіген.

    4 Топырақты терең өңдеу (плантажды). Екпе орман құру кезінде, әсіресе қуаңшылық жағдайда, топырақ өңдеуде арнайы терең жыртқыш (плантажды) соқаны пайдалану эффективті болады. Қазіргі заманғы плантажды соқалардың маркалары ППН-50, ППУ-50А. Олар топырақты терең жыртуға (тереңдігі 60см, алым ені 50см)мүмкіндік береді.

    Топырақты терең жырту кәдімгі және оңтүстіктің қара топырақтарында пайдалануға ұсынылады. Сонымен қатар Қазақстанның солтүстік облыстарындағы қоңыр топырақ типіндегі тығыз корбонатты горизонттан төмен жыртуға ұсынылады.

    5 Топырақты жарым-жартылай өңдеу. Топырақты жарым-жартылай өңдеу алаңшаларда, ол жерлерде топырақты жаппай өңдеу мүмкін емес: кеспе ағаш, өртең, сирек орман, алаңшалар, жалпақ жапырақты жас жабайы шыбық және бұта өскен жерлер; тік беткейлер, құмды жерлерде, яғни, топырақты жаппай өңдеу жел эрозиясын тудыратын жерлерде қолданылады.

    Екпе орман тәжірибесінде топырақты жарым-жартылай өңдеудің келесі түрлері ажыратылады: қарықтап жырту, әртүрлі ендегі жолақтап, террасалап, алаңшалап және шұқырлап.

    Қарықтап жыртудың құрылымы екі қайырмалы соқамен іске асырылады: ПЛ-70, ПКЛ-70, ПЛП-135. Қарық ені 1,3-1,4м олардың арасының қашықтығы 4-6 м. Сеппелерді қарықтың үстіне отырғызады.

    Сондықтан, Қазақстан жағдайында екпе ормандарға топырақты жарым-жартылай өңдеу кезінде жолақтап немесе алаңшалап әртүрлі мөлшерде жүргізіледі. Бұл үшін келесі талаптарды сақтау керек: екпе орман учаскесінің орман өсу жағдайы нашар, құрғақ топырақты және күшті шымды болған сайын, жолақтар ені кең және алаңшалар мөлшері үлкен болуы керек.

    1. Еңістігі 200 жуық тік беткейлер екпе ормандарға топырақ өңдеу терраса жасайтын машина мен әмбебап бульдозер арқылы (баспалдақ құру) жүргізіледі. Терраса ені 3,5–4м, террасалар осінің арақашықтығы тік беткейдің еңістігіне байланысты болады. Мысалы, (20-300) беткейлерде 7 ден 9м арасында ауытқиды. Терраса керісінше бағытта 4-50 еңіс болу керек. Өйткені жауын және ағынды сулар ағып кетпей, жақсы сіңу үшін.

    2. Солтүстік Тянь-Шаньнің таулы ормандары еңістігі 5-60 тан 20-250 болатын тік беткейлі учаскелерде топырақ өңдеу жарым-жартылай жолақтап немесе қарықтап жырту қолданылады. Еңістігі 100 беткейлерде жолақ енін 5-6м етіп, олардың арасына ені 2-5м болатын өңделмеген жер қалдыру ұсынылады. Еңістігі 10-150 беткейлерде А.Н.Протасов және П.А.Ган жолақ енін 2,5-5,5м қысқартуды ұсынады. Олардың арасына да осы мөлшер ұсынылады.

    Топырақты алаңшалап дайындау, тек қана жолақтап және қарықтап өңдеу мүмкін болмаған жағдайда: кеспе ағаш, өртең, басты ағаш түрлердің табиғи жаңаруы сирек және қажетсіз ағаш түрлері мен бұталар өскен сирек ормандарда, сонымен бірге еңістігі 200 жоғары тік беткейлерде, күшті тастанған топырақтарда қолданылады. Егер басты ағаш түрінің табиғи жаңаруы жоқ механикалық құрамы нашар және жеңіл топырақтарда алаңшалар мөлшерін 0,2х0,2м, ал олардың санын 1га 5-8мың дана арасында етіп жасау ұсынылады. Ал құнарлығы жеткілікті топырақтарда алаңшалар мөлшерін 2х2м үлкейтіп, ал олардың санын 600-800 дана/га қысқарту ұсынылады.


    Негізгі және қосымша әдебиеттер

    1. Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В. Лесные культуры. М., 1985.

    2. Новосельцева А.И., Родин А.Р. Справочник по лесным культурам. М.,1984.

    3. Байзаков и др. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2т., 2007.


    11 Дәріс.


    Тақырыбы: Екпе ормандарды күтіп-баптау


    Дәрістің мақсаты мен міндеті: негізгі терминдер мен түсініктерді игеру, екпелерді агротехникалық және орманшылық күтіп-баптаудың қағидалары, негізгі тыңайтқыштарды енгізу мөлшерін оқытып-үйрету

    Дәрістің жоспары:

    1. Агротехникалық күтіп-баптаулар

    2. Тыңайтқыштарды енгізу және оларды енгізу ұсыныстары

    3. Күтіп-баптаудың орманшылық шаралары


    1 Агротехникалық күтіп-баптаулар. Екпелерді күтіп-баптаудың 2 негізгі түрі бар: агротехникалық және орманшылық.

    Агротехникалық күтіп-баптау – бұл арамшөптермен күресу және топырақты қопсыту; орманшылық – екпелердің құрамы мен жиілігін күтіп-баптау.Агротехникалық күтіп-баптау екпені отырғызғаннан бастап бөрікбастары қосылып және оларды орманмен қамтылған аумаққа аударғанға дейін жүргізіледі. Агротехникалық күтіп-баптауға келесі негізгі шаралар жатады:

    • механикалық отырғызудан кейін сеппелер мен тікпелерді қолмен түзеу, жел эрозиясынан кейін топырақ шашу және нығыздау;

    • топырақты қопсыту және арамшөптерді жою;

    • отырғызылған екпелерді көлеңкелемеу үшін арамшөптерді шабу және таптау;

    • арамшөптерді жою үшін топырақты гербицидтермен өңдеу.

    Мейілінше ұтымды әрі мұқият күтіп-баптауды негізінен алғашқы екі жылда жүргізсе, оларды отырғызған жылы ерекше жүргізу керек.

    Кесте 3 - Қазақстанның орман өсетін аймақтарында екпе ормандарды күтім

    Екпелердің жасы, жыл

    Орман өсетін аймақтардағы күтіп-баптаудың саны

    құрғақ-далалы

    далалы

    орманды-

    дала

    аралас орман

    ну орман

    1

    6

    5

    4

    3

    1- 2

    2

    5

    4

    3

    2

    1- 2

    3

    4

    3

    2

    1

    1

    4

    3

    2

    1

    -

    -

    5

    2

    1

    -

    -

    -

    Барлығы

    20

    15

    10

    6

    3 - 4

    Арборицидтер – бұл қажетсіз ағаш және бұта түрлерін жою немесе өсуін ығыстыру үшін қолданылатын химиялық заттар. Екпе ормандарды күтіп-баптаудың ерекше түріне оларды толықтыру жатады. Екпелерді толықтыру жұмысы Колесов семсері немесе күрекпен қолмен жүргізіледі.

    2 Тыңайтқыштарды енгізу және оларды енгізу ұсыныстары.

    Орман екпе ағашын қоректік элементтермен қамтамасыз етуді анықтау әдістері:

    • Айқындылық – өсімдіктің сыртқы белгілеріне қарап анықтау:

    • Өсуінен айқындау, қылқандағы, жапырақтағы, қоректік элементтердің құрамына, қоректік элементтердің құрамы қолайлы жағдайда қоректену ең қолайлы шекке жетеді.

    • Тепе-теңдік әдісі, топырақтан өнім арқылы қоректік элементтерді шығарып алу теориясына құрылған, мысалы басты мақсатта кесуде.

    • Топырақты талдау бұл қоректік заттар қорының жалпы көрінісін береді.

    3 Орманшылық күтіп-баптау шаралары. Орманшылық күтіп-баптауды жүргізген кезде екпе ормандардың өсу фазасын есепке алу керек.

    Жерсіну фазасы (алғашқы 2-3 жыл) өсімдіктің дара өсуімен сипатталады. Бұл фазада жаңа орынға отырғызылған сеппелердің жерсіну процессі жүреді, көп ағаштардың қурауы байқалады. Дара өсу фазасы (3-тен бастап 5-6жылдар), екпелердің қатар ішінде бөрікбастарының тоғыса бастауы байқалады және қатар арасында да сирек кездеседі. Тоғысу фазасы (5-6 жылдан бөрікбасы толық тоғысқанға дейін). Агротехникалық күтіп-баптау тоқтатылады, екпе ормандар орманмен қамтылған аумаққа ауыстырылады және орманшылық күтіп-баптау шараларын жүргізуге болады.

    Сүрекдіңнің қалыптасу фазасы Бұл фазадағы бәсекелестікті төмендету үшін күтіп-баптау үшін кесудің жарықтандыру және тазартпалы түрлерін жүргізу керек.

    Жарықтандыру келесі жағдайларда жүргізіледі:

    • жаппай егілген аралас құрамды екпелерде бағыттас түр мен бұталарды қатар бойында жекелеп кесу арқылы жүргізіледі;

    • жарым-жартылай отырғызылған екпелерде аз бағалы жас ағаштарды қайта жаңарту кезінде қажетсіз түрлердің бұтақтарын кесу.

    Тазартпалы кесу таза және аралас екпелерде отырғызу жиілігі жоғары болса, өсімдіктің нәр алу аумағын ұлғайту мақсатында жүргізіледі.

    Сырық ағаш фазасы. Бұл фаза қылқанды ағаштар үшін 40 жасқа дейін, ал жапырақты ағаштар үшін 20 жасқа дейін созылады.


    Негізгі және қосымша әдебиеттер

    1.Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В.Лесные культуры.Москва, 1985ж.

    2. Новосельцева А.И., Родин А.Р.Справочник по лесным культурам.М 1984ж.

    3. Байзақов С.Б. және т.б. Лесные культуры Казахстана. Алматы, 2 к., 2007ж.


    12 Дәріс.


    Тақырыбы: Екпе ормандарды техникалық қабылдау және түгендеу


    Дәрістің мақсаты мен міндеті: екпе ормандарға техникалық қабылдау жүргізуге машықтану сабақта үйренгенді тәжірибеде қолдана білу


    Дәрістің жоспары:

    1. Екпе ормандарды жобалау

    2. Техникалық қабылдау

    3. Екпе ормандарды түгендеу

    4. Екпе ормандарды орманмен қамтылған аумаққа ауыстыру


    1 Екпе ормандарды жобалау. Келесі жылғы екпе орман отырғызуға арналған екпе орман қоры учаскесін таңдау ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін аяқталуы керек.

    Әрбір учаскеге орманшы екпе орман жобасын жасайды. Бұл екпе орман өндірісі жұмысындағы негізгі және маңызды құжат. Әрбір жобада мейілінше технологиялық картаны есептеу керек. Жобаны құрудағы, тексеру мен бекітудегі барлық жұмыстар ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін аяқталуы керек.

    2 Екпе ормандарды техникалық қабылдау. Екпе ормандарды техникалық қабылдау жұмысын жүргізудің мақсаты – орманды отырғызу мен себу жұмыстарының нақты көлемі мен сапасын анықтау және жобаға сәйкестігі тексеру. Бұл орман отырғызу жұмысын аяқтағаннан соң 10 күннен кейін жүргізіледі. Техникалық қабылдаудың негізгі мақсаты – жобаны іске асырудың дұрыстығын тексеру және атқарылған жұмыстың көлемін анықтау.

    Екпелерге техникалық қабылдау жүргізу үшін орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі директорының бұйрығымен арнайы комиссия құрылады. Олардың құрамы: бас орманшы, екпе ормандар инженері, бас бухгалтер және кәсіподақ ұйымының өкілі. Орманшылықта комиссиямен жұмыс істейтіндер: берілген мемлекеттік мекеме өкілі, орманшы, орман шебері, айналымның орман күзетшісі және кәсіподақ ұйымының өкілі. Отырғызу орындарының нақты санын бақылау алаңшасын салу әдісімен анықтаймыз. Екпе ормандар аумағының мөлшері келесідей болуы керек: 3га дейін – 5 %; 4-5 га болса – 4 %; 6-10 га болса – 3 %; егер 10га жоғары болса – учаске аумағының 2 % құрауы керек. Отырғызу (себу) орындарының саны жобадан ± 5-10 % аралығында ауытқуына рұқсат етілген. Техникалық қабылдаудың нәтижесінде берілген учаскедегі екпелер жобасы келтірілген арнайы акті толтырылады.

    3 Екпе ормандарды түгендеу. Екпе ормандарды түгендеу жұмысын жүргізудің мақсаты атқарылған орманды қайта қалпына келтіру жұмысының сапасы мен тиімділігін анықтау, олардың жағдайын жақсарту шараларын белгілеу. Бұл күзде 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында жүргізіледі.

    Екпелерді түгендеуді жүргізу үшін мекеме директордың бұйрығымен комиссия құрамы белгіленеді: бас орманшы (комиссия төрағасы), екпе ормандар инженері, бас бухгалтер, кәсіподақ ұйымының өкілі және орманшылықтағы комиссиямен бірге мемлекеттік мекеме өкілі (комиссия төрағасы), орманшы, орман шебері, екпе ормандарды қай жерде екенін айту үшін айналымның орман күзетшісі және кәсіподақ ұйымының өкілі.

    Бақылау алаңшасының мөлшері келесідей болу керек: аумағы 3га дейінгі екпе ормандарда – 5%; аумағы 4-5га болатын екпе ормандарда – 4%; аумағы 6-10га болатын екпе ормандарда – 3%; аумағы 10га жоғары екпе ормандар көлемінің – 2% алуы керек. Өміршеңдігі 25 % және одан төмен екпелерді қанағаттанарлықсыз деп есептейді. Бұндай екпелерді қураған деп санап, есептен шығарады.

    4 Екпе ормандарды орманмен қамтылған аумаққа ауыстыру. Екпе орманды орманмен қамтылған аумаққа ауыстыру, екпелердің дара өсу фазасы аяқталған соң іске асырылады. Екпе ормандарды орманмен қамтылған аумаққа ауыстыруда сапа бағалаудың негізгі көрсеткіштері болып табылатындар:

    • 1га өсімдіктер санының жеткілікті болуы мен учаскедегі басты ағаш түрінің біркелкі таралуы;

    • екпелердің бөрікбастарының тоғыса бастауы;

    • екпелердің жалпы орташа биіктігі;

    • соңғы жылдағы биіктікке өсуі;

    • екпелердің қосымша сапа белгілері жағдайы есепке алынады, өйткені топырақты күту жұмысы тоқтайды.

    Бақылау алаңшаларының мөлшері онда өскен 100-150 данадан кем емес басты ағаш түрі есебімен анықталады:

    Бақылау алаңшасында жаппай есептеу жүргізіледі, басты түрдің әрбір оныншы сеппесінің биіктігі мен ағымдағы жылдағы биіктікке өсімі өлшенеді. Бөрікбасының тоғысу дәрежесі көзбен анықталып, % белгіленеді.

  • 1   2   3   4   5

    Похожие:

    Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
    Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2015 ж. 29 қазанында...
    Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
    Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы №261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға...
    Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
    Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...
    Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconДиссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады
    Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті...
    Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
    Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2003 ж. 23 маусымдағы (№8 хаттама)...
    Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
    Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
    Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
    Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
    Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
    Республикасы Білім және ғылым министрінің 09. 07. 2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген
    Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
    Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекітілген
    Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының
    Республикасы Білімжәне ғылым министрлігі Білім және ғылымсаласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми баспалар тізбесі
    Разместите кнопку на своём сайте:
    Документы


    База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
    обратиться к администрации
    Документы
    Главная страница