Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі




Скачать 171.61 Kb.
НазваниеҚарағаш ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі
Дата конвертации12.02.2016
Размер171.61 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://aktobe.gov.kz/sites/default/files/Node_4534/Карагаш ауылдык округи.rtf
Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысы туралы

ЕСЕБІ


Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты тарихи жолдауы ел болашағы үшін маңызы зор. Өйткені, Қазақстан көпұлтты, экономикасы дамыған мемлекеттердің қатарында. Кез - келген мемлекеттің биік белестен көрінуіне елдегі татулық пен тұрақтылық үлкен әсер етеді. Сондықтан мемлекет басшысының жолдауы көпұлтты Отанымыздың келешек қадамына бағыт – бағдар берер, халқымызға күш – қуат берер қайнар көзі. Жолдау барысында Елбасы барша қазақстандықтарға еліміздің қандай сынақ, қиындық болса да одан сүрінбей өту үшін ауқымды жұмыстардың күтіп тұрғандығын атап өтті. Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыруда Қарағаш ауылдық округі бойынша 2014 жылы бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Қарағаш ауылдық округінің жалпы жер көлемі – 50029 гектарды құрайды, оның ішінде жеке шаруа қожалықтарының меншігінде - 38611 га, оның ішінде егістік көлемі – 3566 га. Қарағаш ауылдық округіне Самбай, Нұрбұлақ, Құмдақтықыр елді мекендері кіріп, 264 аулада, 320 жанұя тұрады. Жалпы халық саны 1401 адамды құрайды. 2014 жылы жергілікті салықтарды жинау бойынша мүлік салығы - 27493 теңге ,жер салығы – 101940 теңге көлік салығы - 7125394 теңге жиналып,салық жинау 100 % -ға орындалды. Үстіміздегі жылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз - шағым, өтініштер толық қанағаттандырылып, 16 шешім қабылданды. Мемлекеттік қызмет көрсетуде жыл басынан 243 адамға 344 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 56 өкім шығарылып, 63 нотариалдық іс – әрекет жасалды.

Биылғы жылы 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 34 аз қамтылған отбасына тағайындалып, 7 отбасы тұрғын үй көмегін, 1 отбасы арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алды.

Ауылдық округ аумағында 78 шаруа қожалығы жұмыс жасайды, оның ішінде мал шаруашылығымен – 26, егін шаруашылығымен –16, бау – бақша өсірумен – 2, шөп дайындаумен – 32 айналысады.

Егін шаруашылығы саласында үстіміздегі жылы 1212 га жерге дәнді дақылдар, 2690 га жерге судан шөбі егілді. Егін жинау барысында 1112 га арпа жиналып, 465 тонна өнім алынды. 100 га бидай алқабынан 10 тонна өнім жиналды. Мал азығын дайындауда 9200 тонна шөп жиналды.

Жеке тұрғындардың, шаруа қожалықтардың шаруашылықтары кеңейіп, ірі қара және ұсақ малдардың санын көбейту есебінен елді мекендегі мал басы өсуде. Қарағаш ауылдық округі бойынша барлық мал басы ірі қара – 720, ұсақ жандық - 950 ,жылқы – 23, түйе – 6, шошқа – 2 бас, құс – 1123 дана.

Алдына бір мақсат қойып, ерінбей еңбектенген ғана әрқашан өз жұмысының жемісін көріп, ел алғысына бөленері сөзсіз. Демек, ауыл шаруашылық құрылымдарының басты мақсаты ауыл шаруашылық өнімдерін мол өндіріп, қала халқын ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс, астық өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылатыны бәрімізге мәлім. Міне осындай мақсатпен қажырлы жұмыс атқарып жүрген көптеген ірі шаруа қожалықтары бар, атап айтсақ «Құлагер»,«Бесата», «Ақжол», «Қаршыға», «Жансая», «Арай-М», «Жаңа бұлақ», «Патимат», т.б. шаруа қожалылықтары мал басын өсіріп, мал шаруашылығын өркендетуге үлкен үлес қосумен қатар қала тұрғындарын ауыл шаруашылық өнімдерімен төменгі бағамен қамтамасыз етуде. «Сыбаға» Бағдарламасы бойынша 1 шаруа қожалық «Нұр – сері Мараби» мал басын көбейту мақсатында 10,150 мың теңге несие алды. Мал басының өнімділігі төмен малдарын ығыстыру мақсатында асыл тұқымды бұқа жеке тұрғындардың мүддесіне Самбай ауылына 3 бас, Нұрбұлақ ауылына 3 бас, шаруа қожалықтары «Аманбай» 2 бас, «Бес - Ата» 2 бас, «Арай - М» 2 бас, «Н-Азамат» 2 бас, «Патимат» 1 бас, «Қаршыға» 1 бас, «Атамұра» 1 бас, «Коля» 1 бас сатып алды. «Вадим» 30 бас қазақтың асыл тұқымды ақ бас қашарын, 2 шаруа қожалық «Бес -Ата» 20 бас, «Арай» 30 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды. Шаруа қожалықтар иелігіндегі 1673 бас ірі қара, 7105 бас қой, 696 бас ешкі, 512 бас жылқы, 5 бас түйе, 106 шошқа қысқы күтімге түсіп отыр. Шаруа қожалық басшылары лизинг бойынша жаңа техникалар,соның ішінде трактор,шөп тайлағыштар,шөп тығыздағыш сатып алды. Мал азығын , жем - шөп қорын жеткілікті дайындады. Толассыз еңбектің арқасында кәсібін кеңейтіп, түрлендіруді көздеген «Құлагер» шаруа қожалығы 2013 жылдан бері жылыжай құрылысын бастап, өздерінің күшімен газ кіргізу, екі үлкен жылыту қазандығын орнату, скважина қазып, сумен қамтамасыз ету жұмыстарын атқарды. Биылғы жылы мамыр айында жылыжай кешені қияр өсірумен айналысып, өнімдерін сатуға шығарды. Жазда көтерме саудамен 3 тоннадай қияр өткізді. Жылыжайда 500 шаршы метр жерге қызанақ, 500 шаршы метрге жерге қияр егіліп, өнімдері сатылды . «Аманбай» шаруа қожалығы тауарлы – сүт фермасы құрылысын бастап кетті. Қазіргі таңда 2 мал базасы, 4 пәтерлі малшы үйі салынып, мал басын көбейтуде. «Бажа» шаруа қожалығы жиһаз құрастыратын, ағаш өңдейтін және пластикалық есік, терезе даярлайтын цех ашты. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылымды дамыту барысында «Қаршыға» шаруа қожалығына отын мен су құбырын жеткізуге 1,600 мың теңге бөлініп, оның 400,0 мың теңгесі игеріліп, газ құбыры тартылуда. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту аясында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына орай Нұрбұлақ ауылының көшелерін жарықтандыруға 810,0 мың теңге қаржы игеріліп, жарық Тәуелсіздік күнінің қарсаңында іске қосылды. Су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту мақсатында Нұрбұлақ ауылын сумен қамтамасыз етуде 2014 жылдың шілде айынан бастап су қорын барлау жұмыстары жүргізілуде.

Мал басын бірдейлендіру бойынша мүйізді ірі қара 964 бас, ұсақ жандық 3519 бас, жылқы 130 бас, шошқа 21 бас компьютерге енгізілді. Ауылдық округ бойынша ағымдағы жылы бруцеллез ауруына оң нәтиже берген 71 бас ірі қара және 6 бас ұсақ жандық сойылып, талапқа сай көзі жойылды. Мал иелері қора - қопсыларына дизенфекция жұмыстарын жүргізіп, едендерін ауыстырып, еден астының топырағын ауыстыру жұмыстарымен қатар жаңадан қоралар салу жұмыстарын жүргізді.

Қарағаш ауылдық округі бойынша елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру шаралары жүргізілді. Жасылдандыру мақсатында 150 түп ағаш отырғызылып, алуан түрлі гүлдер егілді. Елді жасылдандырып, санитарлық тазалықты жақсартуда «Атамекен» жастар отряды жұмыс жасап, гүл, тал суару, ауыл тазалығына септігін тигізді.


Білім

Білім сапасына қойылатын талап қай кезеңде де төмендеген емес. Ұзтаздық жол біліктілік, ақыл – парасатпен қатар үлкен төзімділікті ізденіс – мақсат пен талмас жігерді қажет етеді. Ауылдық округке қарасты Самбай, Нұрбұлақ ауылдарында 2 орта мектеп жұмыс жасайды. Самбай селосында орналасқан А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінде 150 бала білім алуда, 2 топқа арналған шағын орталық жұмыс жасайды, ыстық тамақпен азқамтылған отбасынан - 25 бала, бастауыш сынып оқушыларынан – 68 бала тегін және жоғарғы сынып оқушылары төмендетілген бағамен ыстық тамақпен толық қамтамасыз етілген. Нұрбұлақ ауылында орналасқан 120 балаға арналған Шибаевка орта мектебіне 4,0 млн. теңгеге Крон -1535 (Буран) маркалы 2 жылу қазандығы жылыту жүйесіне қосылып бірқалыпты жұмыс жасап тұр. Мектеп бойынша 110 оқушы білім алуда. Ыстық тамақпен 73 бала қамтылған,оның ішінде 48 бастауыш сынып оқушылары, жалпы қордан 26 бала. Шағын орталықта 30 бала даярлық топпен қосқанда тәрбиеленуде. А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінде 28 мұғалім, соның ішінде 23 жоғары, 5 арнаулы білімді. Жоғары санатта – 4, І санатта – 9, ІІ санатта – 8, санатсыз – 7 мұғалім. Шибаевка орта мектебінде 29 мұғалім жұмыс жасайды, соның ішінде жоғары білімді – 25, арнаулы орта - 4, жоғары санатта – 2, І санатта – 9, ІІ санатта – 14, санатсыз – 4. Ақтөбе облысының білім саласының бақылау департаменттінің қараша айының 17 – 21 аралығында өткен қорытындысы бойынша 71,4 көрсеткішпен өтті. 2013 – 2014 оқу жылында А.Байтұрсынов атындағы орта мектебін 155 оқушы аяқтап, білім сапасы – 61 пайызды құраса, Шибаевка орта мектебін 117 оқушы аяқтап, білім сапасы - 68 пайызды құрады. А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінде білім алған 11 сынып бойынша 16 бала бітірді, 1 бала денсаулығына байланысты үйінде, 1 бала жоғарғы оқу орнына грантқа, 3 бала колледжге грантқа, қалғандары ақылы негізде оқуға түсті. 9 сынып бойынша 6 бала, соның ішінде 3 бала тегін лицейге, 3 бала грантқа колледжде оқиды. Шибаевка орта мектебі бойынша 11 сыныпты 10 бала бітірді, соның ішінде 2 грантқа жоғарғы оқу орнына, 3 жоғарғы оқу орнына, 5 колледжге ақылы негізде, 9 сынып бойынша 3 оқушы, соның ішінде 1 грант, 2 ақылы негізде колледжде оқиды. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдау мемлекетік қызмет бойынша Ақсазды ауылынан 8 бала мектеп автобусымен Шибаевка орта мектебінде білім алуға тасымалданады. Мектептер көгілдір отынмен жылытылып, ауыз сумен қамтылған. Балалардың спорт залы, акт залы, кітапхана, медициналық пункт, асхана, киім шешетін бөлме, терезелер толық жөндеуден өткізіліп, су қондырғылары қайта жөндеуден өткізілді.

Ауылдық округ бойынша 1 учаскелік инспектор қызмет жасайды.Діни ахуалды қалыпты жағдайда ұстау үшін учаскелік полиция қызметкері,ауыл ақсақалдары мен мектеп мұғалімдері бірігіп мектеп оқушылары мен жастар арасында түсіндерме жұмыстар жүргізілді. Тәртіп бұзушылықтың алдын алу барысында кешкі кезекшілік ұйымдастырылып отырады. Аула клубының, «Демалыс орталығының» жұмысы да жақсы жолға қойылғандықтан ауыл жастары салауатты өмір салтын қалыптастыруда кешкі уақыттарын тиімді пайдалануда. Биылғы жылы 7 мал ұрлығы, 1 ұялы телефон ұрлығы тіркеліп, іздестіру шаралары барысында 3 мал ұрлығы ашылып, 112 бас мал және ұялы телефон иелеріне қайтарылды. Қылмыстық Кодекстің 177 бабына сәйкес 14 факті бойынша 1 қылмыстық іс, 1 бұзақылық тіркеліп, 6 қылмыстық іс бойынша іздестіру жұмыстары жүргізілуде.


Медицина

Қарағаш селолық округі Самбай ауылының ФАП – ті әкімшілік ғимаратында орналасқан. Нұрбұлақ ауылында заманауи үлгідегі жаңа медициналық пункт жұмыс жасап жатыр. Бүгінгі күні 2 ауылдағы медициналық пункт көгілдір отынмен жылытылып,таза ауыз сумен, 2 автокөлікпен қамтамасыз етілген. Ауылдық округ бойынша 5 маман,оның ішінде 2 мед. бике мектептерде, 3 медицина қызметкері халыққа қызмет көрсетуде жұмыс жасайды. Ауыл тұрғындары жыл сайын жылжымалы флюраға түсіп,тексеруден өткізіледі. Халықтың әл - ауқатының, тұрмыс деңгейінің жақсаруына орай, бала туу көрсеткішінің жоғарылауы, демографиялық өсімі соның айғағы. 2014 жылы туберкулезбен ауыратын 1 науқас тіркелген.

Мәдениет және спорт

Самбай ауылдық кітапханасында 11045 кітап қоры бар.Оның ішінде 879 дана кітап қазақ тілінде.Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының кітапқа деген қызығушылықтарының арқасында оқырман саны артып,түрлі мәдени шаралар өтуде. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі жастар мен жасөспірімдер бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту аясында, яғни ғасыр дертін алдын – алу барысында спорттық шаралардың үздіксіз өтуімен қатар аула клубының жұмысы да жақсы жолға қойылған. Ауыл жастары салауатты өмір салтын қалыптастыруда кешкі уақыттарын тиімді пайдаланып, түрлі спорттық шараларға қатысуда. Биылғы жылғы қазан айында Ә.Ә.Ізтілеуовтің мерей тойына арналған аудандық спартакиадада волейболдан қыздар және ер балалар жүлделі І орынды иеленіп, «Үздік ойыншы» номенациясымен Биманов Елтай, Айназар Мөлдір марапатталды. 1 желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылған волейболдан жарыста жүлделі І орынды иеленді. Аудандық деңгейде өткен Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған іс – шараға Айсұлтан Бекет қатысып жүлделі ІІ орынға ие болып, Ізтәй Мәмбетовтың 85 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған іс – шараға Жамбылова Әйгерім қатысып, жүлделі І орынға иеленіп, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, ұялы телефонға ие болды. «Жыр жазамын жүрегімнен» атты облыстық орталықта өткен іс – шараға Сексенбай Лаура қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Қарағаш жасөспірімдері жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілуден таңбай келеді.


Ауыл тынысы

Қарағаш ауылдық округіне қарасты Самбай ауылы аудан орталығынан 12 шақырым қашықтықта орналасып көгілдір отынмен,ауыз сумен,Нұрбұлақ ауылы 28 шақырым қашықтықта орналасып,көгілдір отынмен қамтылғандықтан перспективті ауылдарға жатады. Ауылдық округ аумағында 2 фельдшерлік медициналық пункт,6 дүкен,1 тойхана, 4 монша халыққа қызмет көрсетеді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында былтырғы жылы көшені жарықтандыруға 1264,0 қаражат бөлініп, Самбай ауылының көшесі жарықтандырылды. Самбай ауылы көгілдір отынға, таза ауыз суға, байланыс, интернет жүйесіне қосылып, көше жарықтандырылып өркениеттің игілігін көруде. Нұрбұлақ ауыл тұрғындары, Шибаевка орта мектебі, мед пункт көгілдір отынға қол жеткізіп, ауыл тұрғындарының әл - ауқаты, тұрмыс деңгейі жоғарылауда.

Келешегі зор Нұрбұлақ ауылына қоныс аударушылардың саны артуына орай жер телімдері бөлініп, екі көше бой түзеп, электр желісі тартылды. Нұрбұлақ ауылында орналасқан «Құлагер» шаруа қожалығы жылыжай кешенінің құрылысы аяқталды. Елді мекендерді көріктендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөнінде екі айлық барысында ұжымдардың қатысуымен көшелер, мектеп ауласы тазартылды. Самбай ауылына қарасты «Аманбай» шаруа қожалығына сүт өңдеу цехы, мал шаруашылық кешенінің құрылысын жүргізуге жер телімі бөлініп, құрылыс жұмысы жүргізілді. Самбай ауылына 150 орындық «Мәдениет үйін» және әкімшілік ғимаратын салу үшін жерге орналастыруға рұқсат алу, сметалық құжат дайындалды. Самбай ауылында «Қаршыға» шаруа қожалығына төменгі қысымды газ құбыры тартылуда, су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. «Билайн», «Теле 2» байланыс мұнарасын орнатуға өтініш берілді, алдағы уақытта қондыру күтілуде.


Алдағы жылы атқарылатын межелі істер өз кезегін күтуде.

1.Самбай ауылына «Бала бақша» салуға сметалық құжат дайындау.

2.Нұрбұлақ ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, 2013 жылдың шілде айынан бастап су барлау жұмысы жүргізілуде.

3.Жол жөндеу жұмыстарына құжат дайындау қаражат көзін қарастыру.

4.Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту,көріктендіру,абаттандыру.

5. Ұялы байланыс үшін «Билайн», «Теле 2» мұнарасын орнату.

Елдің ертеңі үшін еңбек етіп жүрген азаматтарды Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығымен, есік қаққалы тұрған жаңа 2015 жылдарыңызбен құттықтаймын! Рухымыз биік, намысымыз берік бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын,ағайын!

Баршаңызға зор денсаулық,отбасына береке,бірлік,еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.


Б.О.Кныков

Қарағаш ауылдық

округінің әкімі

Похожие:

Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconТезисы глуховка ауылдық округінің 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2015 жылға міндеттері туралы округ әкімінің есебі
Глуховка ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде айтылған сын ескертпелері
Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconДайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыстар атқарылды
Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconМұқаншы ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың 9 айлығында атқарған жұмыстары жайлы есебі

Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconШілікті ауыл округі бойынша 2010 жылы і-ші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы анықтама
Округі көлемінде 12–қаңтар,18-қаңтар аралығында ауыл әкімінің халық алдында есеп беру жиналысы өтті. Сын-ескертпелер жинақталып,...
Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconДолон ауылдық округі әкімінің ауыл жиналысында тұрғындар алдында есебі
Бесқарағай ауданы әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес «Округтің әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындысы туралы» және өткен...
Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconАуылдық округі бойынша 2009 жылы атқарылған
...
Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconҚ арақобда селолық округі әкімі С.Құрмансейтовтың 2013 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Шаруа қожалықтары мен тұрғындар негізінен мал шаруашылығы саласымен айналысады. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша селолық округте...
Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconДолон ауылдық округі әкімінің есебінің тезистері
Долон ауылдық округі бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына халық саны- 1603 адам, шаруашылық аулалары- 481
Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconБиржан ауылдың округі бойынша 2011 жылдың 1 – жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Ауылдық округ әкімінің аппаратына 2011 жылдың 1 қаңтарынан есептік кезеңге дейін мемлекеттік мекемелер мен ведомоствалардан 124 қатынас...
Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі iconБіржан ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша 2012 жылдың I – ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар
Ың әкімдігінің 7 қаулысы келіп түсті. Келіп түскен 3 қаулы бойынша ауылдық округінде су тасқынына, дала өрттеріне қарсы және округ...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница