Ақсу қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының




Скачать 205.55 Kb.
НазваниеАқсу қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының
Дата конвертации12.02.2016
Размер205.55 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.pavlodar.gov.kz/upload/files/files/Informaciya_o_xode_ispolneniya_Plana_meropriyatij_
Ақсу қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған

Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының

2014 жылғы 3 тоқсан ішінде орындалу барысы туралы ақпарат


Р/с



Жос-пар бойынша

Іс-шараның атауы

Орындау (іске асыру) мерзімдері, жылдар

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

1-бағыт. Ақсу қаласын тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру

  1. 1

2

Ақсу қаласын нысаналы қолдау бойынша жаңа даму келешегі үшін ұсыныстар жасау және пысықтау


3 тоқсан

жыл сайын

2013 жылы Индустрияландыру картасына 1 жоба енгізілді - инвестициялық құны 3,2 млрд. теңге, өндірістік қуаттылығы жылына 8,0 мың тонна, 240 жұмыс орны құрылып, «Қызылжар-Құс» ЖШС қайта жаңартылып жатқан фабриканың аумағында бройлер құсының етін өндіру бойынша құс фабрикасын ұйымдастыруға жәрдемдесу.

Инвестициялық жоба Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасына қатысады, 1,7 млрд. теңге сомасында кредит алынды, сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі 5% құрайды, субсидиялау мерзімі – 3 жыл.

2-бағыт. Қала халқының жұмыспен қамтылғандарының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру және шағын, орта бизнесті дамыту

1. Ақсу қаласының экономикасын әртараптандыру

1) Қаланың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру



3

Қайта құрылатын «Қызылжар-Құс» ЖШС фабрикасының аумағында бройлер құсы етін өндіру бойынша құс фабрикасын ұйымдас-тыруға жәрдем көрсету

2013-2015


Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы №378/12 қаулысымен инвестициялық құны 3,2 млрд. теңге, өндірістік қуаттылығы жылына 8,0 мың тонна, 240 жұмыс орны құрылып, «Қызылжар-Құс» ЖШС қайта жаңартылып жатқан фабриканың аумағында бройлер құсының етін өндіру бойынша құс фабрикасын ұйымдастыруға жәрдемдесу – жаңа зәкірлік жоба енгізілді.

Фабриканы қайта бейімдеу барысында құрама жем өндіру бойынша зауытты және құс өсіруге арналған корпусты қайта жаңарту жүргізілуде. Қазіргі уақытта ветеринариялық блок, жөндеу шеберханасы, құрама жем зауыты жөнделді. Жылумен жабдықтау жүйесінің құрылысы аяқталды, кәріз және сумен жабдықтау жүйесі жүргізілуде. Бес құсхананың, мал сою цехы құрылғыларының, инкубатор жабдығының монтажы аяқталды, тоңазытқыш цехының жабдығын бөлшектеу аяқталуда, тағы төрт құсхананың, жемшөп цехы құрылғыларының, ет-сүйек ұнын өндіру бойынша технологиялық жабдықтың монтажы жалғасуда.

Пайдалануға енгізу - 2016 жылғы.

Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

  1. 3

4

Тік жіктік болат құбырлар өндіру бойынша «ДАНиЕР» ӨСҚФ» ЖШС бизнесін кеңейтуге жәрдем көрсету

2013-2015


«ДАНиЕР» ЖШС орналастыру үшін Ақсу қаласының шегінде 0,3 га жер бөлінді және ресімделді. Қазіргі уақытта «ДАНиЕР» Өндірістік сауда-құрылыс фирмасы» ЖШС полимерлік құбырлар, фитингілер мен люктар - әлемдік нарықта сұранысқа ие өнімді шығару бойынша заманауи жоғары технологиялық өндірісі бар серпінді дамып келе жатқан компания болып табылады.

Бүгінгі күні «ГРЭССтрой» ЖШС ғимаратын салу үшін жер телімдері сатып алынды (50 млн. теңге), болатты тік жікті құбырлар өндірісі үшін жабдықтар тестіленді, жаңа өндірістік цехтың жобасы әзірленді және бекітілді, материалдар, басқару және бақылау микропроцессорлық техникасымен жабдықталған өндірістік жабдық ішінара сатып алынды.

Ағымдағы жылғы сәуірде диаметрі 40 мм-нен 114 мм дейін жабдықтың бірінші бөлігі жеткізілді. Бұл жабдықты орнату және баптау ағымдағы жылғы 10 шілдеден басталады. Жобаны түбегейлі іске қосу – 2014 жылғы 4 тоқсан.

2. Ұлттық холдингтердің Ақсу қаласында қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарын орналастыруы



5

Шағын және орта бизнес субъектілеріне қосалқы өндірістерді құруға және қызмет көрсетуге ұлттық холдингтердің қатысуымен жәрдемдесу

2013-2015



Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұлттық холдингтердің қатысуымен жәрдемдесу жүргізілмейді. Зәкірлік жобалардың ерекшелігіне қарай ұлттық холдингтермен өзара іс-қимыл жасау қажет етілмейді.

3. Қала құраушы кәсіпорындардың Ақсу қаласында қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарын орналастыруы



6

Тік жіктік болат құбырлар өндіру бойынша «ДАНиЕР» ӨСҚФ» ЖШС бизнесін кеңейтуге жәрдем көрсету

2013-2015


«ДАНиЕР» ЖШС өнімі Ақсу қаласы әкімдігінің жәрдемдесуімен облыстық, республикалық көрмелерге қатысуда.

Кәсіпорынды дамыту перспективасында – металл-пластикалық бұйымдар шығару, болатты құбырлар өндірісін кеңейту, инфрақұрылымды дамыту.

4. Ақсу қаласында бұрынғы мамандандыруды қалпына келтіру



7

Шағын және орта бизнес кәсіпкерлік субъек-тілермен қала құрайтын кәсіпорындарда тапсырыстарды орналас-ыру бойынша берілген ұсыныстардың таладауын өткізу

2013-2015


Қалада қолданыстағы мамандандыру дамуын жалғастырғандықтан, бұрынғы мамандандыруды қалпына келтіру талап етілмейді.

Бұрынғы мамандандыруды жаңарту мақсатында «Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ-да және «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-да мынадай іс-шаралар әзірленді:

- № 4-цехтың №47-48 пештерінің қалқасынан кері үрлеу әдісімен регенерциялаудың және жылдамдықты сүзгілеудің қысымды түрдегі газ тазартқышын салу, іске асыру мерзімі – 2009-2014 жылдар;

- № 2 циклдік-аршынды кешен салу, іске асыру мерзімі – 2013-2017 жылдар.

Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

Арнайы киім-кешек тігу және жөндеу, жолдарды абаттандыру (Клочан ЖК), жалпы құрылыс жұмыстары («RUSPO» ЖШС), адамдарды тасымалдау «Акс. ПАТП» ЖШС, өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату («Виктория» ЖШС), медициналық қызметтерді көрсету «Аскар-мед» ЖШС, емдеу-алдын алу тамақтандыру қызметтері («КаскадLLC» ЖШС), азық-түлік өнімдерін жеткізу «Арлан» ЖШС бойынша Ақсу қаласының шағын кәсіпорындарымен ынтымақтастық шарттары жасалды.



8

Ақсу қаласының шағын және орта бизнес суб-ъектілері мен «Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ және «Еуроазиат энергетикалық корпорациясы» АҚ қала құраушы кәсіпорындары арасында серіктестік бағдарламаларды ұйым-дастыруға жәрдемдесу

2013-2015


5. Ақсу қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

1) Жаңа өндірістерді құруға 1,5 млн.-нан 3,0 млн. теңгеге дейінгі көлемде гранттар беру



10

Конкурстық негізде гранттарды беру үшін жобаларды қарау және мақұлдау: (жыл сайын кем дегенде 4 жоба)

Жыл сайын түсуіне қарай, бірақ бір ай ішінде кем дегенде бір рет

Шағын және орта кәсіпкерлікті жандандыру үшін 2014 жылы 4 кәсіпкерге жаңа өндірістер құруға және олардың өндірістік инфрақұрылымын дамытуға 10,0 млн. теңге сомаға грант беру көзделді.

2014 жылға Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінде 10 млн. теңге сомаға 4 жоба мақұлданды. 100% игерілді.

Қаражат игерілді және 2014 жылғы 29 сәуірде грант алушылардың шотына толық көлемде аударылды.

2) Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту



11

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту (жыл сайын кем дегенде 2 жоба)

Жыл сайын түсуіне қарай, бірақ бір ай ішінде кем дегенде бір рет

2014 жылға өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамытуға нысаналы трансферттердің сомасы қарастырылды, ол 64 787 (алпыс төрт миллион жеті жүз сексен жеті) мың теңгені құрайды, оның ішінде 58 308 мың теңге республикалық бюджеттен, 6 479 мың теңге жергілікті бюджеттен «Облыстық бюджеттерге «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға берілетін нысаналы даму трансферттері» 018 бюджеттік бағдарлама бойынша мына инвестициялық жобалар бойынша:

  • «Жапан-Махуза» ЖК - 3 360 000 теңге сома - «Ақсу қаласы Камзин көшесі, 2/1 тері мен жүн қабылдау пунктінің ғимаратын электрмен жабдықтаудың сыртқы желісі»;

  • «Даниер» ЖШС - 60 000 000 теңге сома - «Ақсу-5, Промышленная көшесі бойынша болаттан тік жікті құбырларды шығару жөніндегі өндірістік базаға инженерлік желілер (электрмен жабдықтау, жылу трассасы, су құбыры және кәріз) салу».

Осы жобалар Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында қарастырылды. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алулар қорытындысы бойынша «ГРЭССтрой» ЖШС мердігерлік ұйым болып анықталды, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

3) Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі (мемлекеттің қала құраушы кәсіпорындармен) әріптестік бағдарламаларды іске асыру



12

Қала құраушы кәсіп-орындар тарапынан шағын және орта бизнестің кәсіпорын-дарымен ұзақ мерзімді тапсырыстарды орналастыруы

2013-2015


«Қазхром» ТҰК АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытында қосалқы қызметтерді көрсету үшін жүкті жеткізу және жолаушылар тасымалы бойынша «АқсуТрансЛогистик» ЖШС, «ЕЭК» АҚ жанынан – пластикалық терезелерді орнату және оған сервистік қызмет көрсету бойынша «Гарант-Ақсу» ЖШС құрылды.

6) Өздігімен жұмыспен қамтылғандар, жұмыссыздар және табысы аз тұрғындардың

кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуі



15

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі

қалалық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру

2013-2015



Кәсіпкерлік бөлімі өңірдегі ШОБ басымдық бағыттарын анықтап, қала мен ауылдық өңір үшін кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірледі.



16

«Старт-ап жобалар» бойынша «Бизнес-Кеңесші»

Бағдарламасы бойынша жедел-курстарды ұйымдастыру

2013-2015


2014 жылғы 26 мамырда жұмыс істеп жүрген және ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлер үшін «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша оқыту курстары өткізілді. Семинарларға 26 адам қатысты.



17

«Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша оқыту-семинарын өткізу

2013-2015

2014 жылы «Іскери байланыстар» жобасы бойынша семинарлар өткізілген емес.



18

Ақсу қаласында кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу бойынша шаралар қолдану (микрокредиттеу)

2013-2015


Микрокредиттер - 65,3 млн. теңге.

Жаңа өндірістерді ашуға және қолданыстағы бизнесті дамытуға республикалық бюджеттен 2014 жылы микрокредит беруге 65,3 млн. теңге бөлінді.

2014 жылғы 20 қыркүйектегі жағдай бойынша АШҚҚҚ 65,3 млн. теңге сомаға 28 жобаны мақұлдады және берді, 100% игерілді.

Субсидиялау.

Ақсу қаласында Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламалары шеңберінде 2014 жылға республикалық бюджеттен банк кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға 100,0 млн. теңге бөлінді. 52,0 млн. теңге сомаға 20 жоба мақұлданды.



19

Ақсу қаласында кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу бойынша шаралар қолдану (кәсіпкерлікке оқыту)

2013-2015




20

Еңбек нарығының білікті жұмысшылар мен мамандарға қажеттілігін талдау

2013-2015


Қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі талдау жүргізуде, қажеттілік нәтижелеріне қарай талап етілетін кәсіптер бойынша кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлауға топтар құрылуда.

3-бағыт. Моноқалалар еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, экономикалық өсу орталықтары және әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендерге ерікті көшіп-қонуын ынталандыру

1. Моноқалалардың жастарын облыстың техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқыту үшін жағдайлар жасау



21

Еңбек нарығындағы қажеттілікті ескеріп жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру

2013-2015


Ақсу қаласында 2014 жылы кәсіптік қайта даярлықты ұйымдастыруға, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға, жастар тәжірибесін ұйымдастыруға республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» шеңберінде 23,9 млн. теңге бөлінді, соның ішінде қалалық бюджеттен - 64,4 млн. теңге.

2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 597 жұмыссыз жүгінді, соның ішінде 241 - ауылдық аймақтан. Олардың ішінен 106 - әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, 67 - жастар тәжірибесіне жіберілді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген жұмыссыздар санатынан 2014 жыл ішінде 283 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішіне ауылда – 89 адам. 184 адам ірі кәсіпорындарға жұмысқа тұрды, олардың ішінен 174 адам – «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытына, 13 – «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ.



22

Жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру

2013-2015




23

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру

2013-2015


4-бағыт. Қаланың инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санын есепке ала отырып дамыту

1. Ақсу қаласының инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санын есепке ала отырып дамыту

1) Тұрғындардың оңтайлы санын есепке ала отыра (даму бюджетінің шеңберінде) тіршілікті қамтамасыз ету (су, жылу, электр, газбен жабдықтау, кәріз және телекоммуникациялар, жолдар, экология) инфрақұрылымын қайта жаңарту және (немесе) салуды қамтамасыз ету



25

7, 9-шағын аудандардың оралым ішіндегі жылу трассаларын ауыстыру

2014-2015

Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 2014 жылы 257,0 млн. теңге сомаға қаланың жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстарын жалғастыру бойынша жобаларды қаржыландыру көзделді. 1 қазандағы жағдай бойынша 100% игерілді.



28

Фекальдық сорғы стан-цияларын қайта жаңарту

2014

Бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылды. Жоба 64025,0 мың теңге сомасында 2015 жылға мақұлданды.



30

Ақсу қаласы су құбырының магистраль-ды желілерін қайта жаңарту

2014-2015

1427,9 млн. теңге сомаға жоба 2013 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне тапсырылды. 2013 жылғы 7 қазандағы № 16-0732/13 сараптама. 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет қалыптастырылған кезде жоба Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығарылды. 2015 жылға алдын ала мақұлданғаны – 300,0 млн. теңге.



31

Ақсу қаласының оралым ішіндегі жылу желілерін қайта жаңарту

2014-2015

206,2 млн. теңге құнымен 2014 жылы Ақсу қаласының жылу желілерін қайта жаңарту көзделді (2 кезең, СҚС (НП)-1-ден (РОК-2) ЖК-1, ЖК-80-ге дейін). Жоба – 2013 жылдан бері жалғасуда. «Байлық-А» ЖШС-мен шарт жасалды, жұмыстар басталды, ағ.жылғы 1 қазанға игерілу 161,1 млн. теңгені құрады.



32

Ақсу қаласының су құбыры желілерін қайта жаңарту

2014-2015

Бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылды. 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет қалыптастырылған кезде жоба Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығарылды. 2015 жылға алдын ала мақұлданғаны – 125,7 млн. теңге.



33

Ақсу қаласы көшеле-рінің жолдарын қайта жаңарту

2014

Қала көшелерінің жолдарын қайта жаңарту үшін құны 202,2 млн. теңге қаржыландыру көзделді. 1 қазанға 168,3 млн. теңге игерілді. Жалпы ұзындығы 4,2 км болатын асфальтбетон жабыны төселді. 3 учаскеде жаяу жүргіншілер жолдарын төсеу жүргізілді, 100 жол таңбасы орнатылды, 4200 м жол белгісі жүргізілді, 9000 м жиек тас, соның ішінде қырөрнек те орнатылды. Әк тасты жол төсемін табиғи тасқа ауыстыру жүргізілді.



34

Қамзин көшесінен «ЕЭК» АҚ-ға дейін жарықтандыруды орнату

2014-2015

Жоба Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жіберілді. 2014 жылғы 19 ақпандағы № 16-0066/14 сараптама. Жоба 97781,0 мың теңге сомаға 2015 жылы қаржыландырылуға мақұлданды.

2) Ақсу қаласын (ағымдағы бюджет шеңберінде) жайғастырудың бірінші кезектегі мәселелерін шешу



36

Ақсу қаласының жылу трассасын күрделі жөндеу

2013-2015


2014 жылға бекітілген жоспарға сәйкес Ақсу қаласына ЖК-1-ден ЖК-11-ге дейін жалпы ұзындығы 2,1 шақырым, диаметрі 600 магистралдық жер беті жылу трассасын, екі желіге ілмекті арматураны ауыстырумен 11 жылу камерасын жөндеумен күрделі жөндеуді (127,4 млн. теңге) жалғастыру жоспарлануда. Бүгінгі күні екі желіге ұзындығы 450 м құбырды бөлшектеу жүргізілді. 1 қазанға игерілу 70,2 млн. теңгені құрады, нақты игерілмеу 16,1 млн. теңгені құрайды (мердігер жұмысын уақытылы орындамады), 33,6 млн. теңге соманы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Вице-министр Өскенбаевтың хатымен жылу маусымының басталуына байланысты игерілмеуді болдырмау үшін аула аумақтарын абаттандыру бойынша жобаға аударды.



37

Ақсу қаласының су құбыры желілерін күрделі жөндеу

2014-2015


2014 жылы қаржыландыру көзделмеген.



39

Ақсу қаласының аула ішіндегі аумақтарын көріктендіру

2013-2015


2014 жылы 3 ауланы абаттандыру көзделді (65,2 млн. теңге). Қаржыландыру жоспарына сәйкес жұмыстар ағымдағы жылғы маусымда басталды. Бүгінгі күні бірінші аула - Набережная көш. 51-үй бойынша жұмыстар 100 %-ға атқарылды, екінші аула - Теміржол көш. 2-үй бойынша 100 %-ға орындалды, үшінші аула - Астана көш. 7-үй бойынша жұмыстар жалғасуда. 1 қазанға игерілу 86,2 млн. теңгені құрайды.



40

Лифтерді ауыстыру және жаңғырту

2013-2015


14,4 млн. теңге сомаға 3 лифтіні ауыстыруға арналған жоба Павлодар облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына тапсырылды. 2014 жылға қаржыландыру көзделмеген. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өтінімді қабылдамады.



41

Ақсу қаласының көшелерін және оралым ішіндегі аумақтарын жарықтандыру

2013-2015


2014 жылы қаржыландыру көзделмеген. 2015 жылға бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылды.



42

Ақсу қаласы көшелерін ағымдағы жөндеу

2014

Асфальттық жабын төселіп, көшелерге ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жалпы 36,0 млн. теңге сомаға жиынтық сметалық есеп-қисап бар. 1 қазанға игерілу 100 % құрады.



43

Ақсу қаласы көшелерін орташа жөндеу

2014

Советтер көшесіне асфальттық жабын, жаяу жүргіншілер жолдары төселіп, жол белгілері орнатылып, жөндеу жүргізілді. ЖСҚ бар, жалпы 12,1 млн. теңге сомаға жұмыстар ағымдағы жылғы маусымнан бастап жүргізілуде. 1 қазанға игерілу 100 % құрады.



44

Ақсу қаласының Орталық жағалауын күрделі жөндеу

2014-2015

Аталған жоба бойынша 2014 жылға қаржыландыру көзделмеген. 2015 жылға бюджеттік өтінім Ұлттық экономика министрлігіне жіберілді, 2014 жылғы 27 ақпандағы № 16-0076/14 сараптама. Жоба мақұлданды, 2015 жылға қаржыландыру сомасы 80000,0 мың теңгені құрады.



45

Қалалық стадионды қайта жаңарту

2014-2015

Аталған жоба бойынша 2014 жылға қаржыландыру көзделмеген. 626,3 млн. теңге сомаға бюджеттік өтінім, 2014 жылғы 20 наурыздағы № 16-0131/14 сараптама Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жіберілді.



46

Жас натуралистер станциясының ғимаратын қайта жаңарту

2014-2015

Аталған жоба бойынша 2014 жылға қаржыландыру көзделмеген. 2014 жылғы 26 тамызда ЖСҚ-ға № 16-0535/14 мемлекеттік сараптама алынды. Жоба 2015 жылға өтінілмеген.



47

«Юность» мәдениет үйін қайта жаңарту

2014-2015

Аталған жоба бойынша 2014 жылға қаржыландыру көзделмеген. Кешенді даму жоспарынан алынып тасталды.



48

Оқушылар сарайын салу

2014-2015

Аталған жоба бойынша 2014 жылға қаржыландыру көзделмеген. Кешенді даму жоспарынан алынып тасталды.

2. Басқа мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде, сондай-ақ басқа көздерден қаржыландырылатын іс-шаралар

1) Тұрғындардың оңтайлы санын есепке ала отыра, тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын қайта жаңарту және (немесе) салуды қамтамасыз ету (су, жылу, электр, газбен жабдықтау, кәріз және телекоммуникациялар, жолдар, экология)



52

Ақсу қаласының оралым ішіндегі жылу желілерін қайта жаңарту (1-кезең)

2014

2014 жылы қаржыландыру көзделмеген.

2) Ақсу қаласын жайғастырудың бірінші кезектегі мәселелерін шешу



54

Ақсу қаласының аумақ-тарын абаттандыру

2013-2015


Төсемтас төселді, орамішілік және білім беру объектілерінің аумағына асфальт төселді. Қаланы абаттандыруға және көгалдандыруға 40,0 млн. теңге көзделді. Игерілу - 100 %.



55

Ақсу қаласының елді мекендерінің көшелерін жарықтандыру

2013-2015


Сыртқы жарықтандыру қондырғыларына ағымдағы жөндеу жүргізілді және күтіп-ұсталды. Жиынтық сметалық есеп-қисап бар. Елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға 15,5 млн. теңге көзделді. Игерілу - 100 %.



57

Ақсу қаласында ЭБЕАЖ жүйесін енгізу

2013-2015


Жоба Кешенді даму жоспарынан алынып тасталды.



58

Ақсу қаласының сани-тариясын қамтамасыз ету

2013-2015


Ақсу қаласын санитариялық тазалау және ағаштарды санитариялық кесу жүргізілді. Жиынтық сметалық есеп-қисап бар. Ақсу қаласы елді мекендерінің санитариясын қамтамасыз ету үшін 49,2 млн. теңге көзделді. Игерілу - 100 %.



59

Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізу (инженерлік желілерді және тұрғын үйлердің шатырын жөндеу)

2013-2015

113,0 млн. теңге 8 үйді күрделі жөндеу үшін (жабынды, жылытуды, жертөлелерді жөндеу) ТҮКШ жаңғырту бағдарламасының операторы – «Ақсу Коммунсервис» ЖШС шотына аударылды.



61

Ақсу туберкулезге қарсы ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеу

2014-2015

2014 жылға қаржылай қаражат көзделмеген. Қаржыландыру 2015 жылы жоспарланып отыр.



63

6 автокөлікке арналған өрт депосын салудың үлгі жобасына жалғама жүргізу

2014

Аталған іс-шара бойынша 2014-2015 жылдары қаржыландыру көзделмеген. Ақшалай қаражатты 2016 жылы бөлу жоспарлануда.

3) Тұрғын үй құрылысы саласын дамыту



65

Кезекте тұрғандарға жалдамалы тұрғын үй салу

2013-2015


Строитель көшесіндегі 34-тұрғын үйдің құрылысына 2014 жылға 332 305,0 мың теңге бөлінді. Ғимараттың 5-қабатын тұрғызу аяқталды. Әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сылақ жұмыстары жүргізілді. Кәбіл орнатылды. Сумен жабдықтау, кәріз және жылыту жұмыстары жүргізілді. 1 қазанға игерілу 316305,0 мың теңгені құрады. Пайдалануға енгізу – 2014 жылғы 30 қазан.




66

Жас отбасыларға арналған жалдамалы тұрғын үй салу

2013-2015


Строитель көшесіндегі 36-тұрғын үйдің құрылысына 2014 жылға 381 455,0 мың теңге бөлінді. Ғимараттың 4-5-қабаты тұрғызылды. Сылақ жұмыстары, жылыту, сумен жабдықтау, кәріз жүйелері жүргізілуде. Пластикалық терезелер орнатылуда. 1 қазанға игерілу 290310,0 мың теңгені құрады. Пайдалануға енгізу – 2014 жылғы 15 қараша.


Похожие:

Ақсу қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының iconЕкібастұз қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының
Екібастұз қаласы халқының жұмыспен қамтылғандарының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру және шағын орта...
Ақсу қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының icon«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылуы есеп
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған
Ақсу қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының iconҚазақстан Республикасының 2015 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Республикасының 2015 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл...
Ақсу қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының iconМаңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған Кешендi жоспарын 2012 жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша іске асыру барысы туралы жиынтық ақпарат
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған
Ақсу қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының icon«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2011 – 2015 жылдарға арналған кешенді
«Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі...
Ақсу қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының iconЖұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы
Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мен Басқарманың Стратегиялық жоспарының аясында іске асырылады
Ақсу қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының iconҚазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының бірінші кезеңің іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы
Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 31 қаңтарында №78 «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын...
Ақсу қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат
Бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен бекітілді....
Ақсу қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының iconЖоба Қазақстан Республикасымен 2010 жылғы 12 наурызда ратификацияланған Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенциясының ережелерін іске асыру жөніндегі 2010-2013 жылдарға арналған кешенді жоспары
Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенциясының ережелерін іске асыру жөніндегі 2010-2013...
Ақсу қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының iconЗайсан ауданы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы паспорт
Рақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница