Екпінді ауылдық округі әкімі Қ.Қожамжаровтың 2013 жылдың 9 айы бойынша жасаған есебі




Скачать 56.93 Kb.
НазваниеЕкпінді ауылдық округі әкімі Қ.Қожамжаровтың 2013 жылдың 9 айы бойынша жасаған есебі
Дата конвертации12.02.2016
Размер56.93 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://zhanakorgan.gov.kz/upload/files/Ekpindikz.doc.doc
Екпінді ауылдық округі әкімі Қ.Қожамжаровтың 2013 жылдың 9 айы

бойынша жасаған есебі..


Ауылдық окрукте қазіргі таңда тұрғын үй саны 159, отбасы саны 180, халық саны 968 адамды қамтиды. Тұрғындардың 505 ерлер, 463 әйелдер, мектеп жасындағы балалар- 222, мектеп жасына дейінгі балалар- 138. Жұмыспен қамтылған адамдар - 322, оның ішінде бюджеттік мекемелерде жұмыс жасайтындар- 118 . Жеке кәсіпкерлер- 4. Ауылдық округте 56 зейнеткер, 32 мүгедек , 9 Ұлы отан соғысына теңестірілгендер, 1 ауған соғысының ардагері тұрады.

Екпінді ауылдық округі әкімі аппаратында 3мемлекеттік әкімшілік қызметкер жұмыс істейді. Ауыл әкімі, 2 бас маман , және 5 техқызметкер келісім шарт негізінде жұмыс істейді. Ауылдық округ әкімі аппараты Қазақ телеком ғимаратында орналасқан. Екпінді ауылдық округі әкімі аппаратында азаматтарды жеке қабылдау кестесі ілінген. 2013 жылдың тоғыз айында жоғарғы органдардан және басқада бөлімдерден 271 қатынас құжаттары келіп түсті. Олардың мерзімі көрсетілген уақытта жауап қайтарылды. Жоғарғы және басқа органдарға 221 құжат жолданып барлық құжат айналымы 492 құжатты құрайды.

Ауылдық округ әкімінің аппаратының жанынан құрылған үкіметтік емес ұйымдарда 2005 жылдан бері жұмыс атқарады.Атап айтатын болсақ СТК «Бегіс»,ауылдық Ардагерлер кеңесі, Жастар ұйымы, Әйелдер кеңесі. Жоғарыда атлған үкіметтік емес ұйымдардың барлығымен ауылдық округ әкімі аппараты тығыз байланыста. Ауылдық окрукте өтетін іс-шаралар осы ұйымдардың қатысуымен өткізіледі.

Ауылдық округ бойынша 2013 жылдың қабылданған нормативтік құқықтық кесімдер саны- 41 ; өкім-37 , шешім-4 . Есепті кезеңде ауылдық округ әкімі аппаратында 5 өтініш тіркелген. Оның 1 заңды тұлғадан, қалғандары жеке тұлғалардан. Өтініштерді қарау «Жеке және заңда тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы аясында жүргізіліп отырды. Ауылдық округі әкімі аппаратында қызметкерлердің, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, нашақорлықтың алдын алу және есірткі күресіне қарсы туралы, Қазақстан Республикасының Заңдарын үйрену мақсатында құқықтық оқу ұйымдастырылуда. .

ҚР Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы Заңына сәйкес Жаңақорған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен көктемгі күзгі шақыру кезінде ауылдық округ бойынша 18-27 жас аралығындағы жастардың тізімін нақтыланып 20 бала медициналық сараптамадан өткізілді.Үш азамат әскери борышын өтеуге жіберілді.Сонымен қатар жасы 27- ге толған азаматтарға әскери билет алу бағытында жұмыстар жүргізілуде.

2013 жылы облыстық бюджеттен көркейту көгалдандыру аббаттандыру жұмыстарына 5000,0 млн теңге бөлінді.

Қаралған қаржы мемлекеттік сатып алу заңдылығына сәйкес вебпорталға орналастырылып жеңімпаз анықталып шағын спорт алаңы салынды. Шағын спорт алаңының құрылысын ЖК «Т.Абдеймов» жүргізді. Қазіргі таңда ауыл жастарының, мектеп оқушыларының игілігіне пайдаланылуда.

Республикалық бюджеттен бөлінген 2000,0 млн теңге қаржыға балалар ойын алаңы салынып пайдалануға берілді. Бөлінген қаржы вебпорталда жарияланып, жеңімпаз атанған ЖК «Мәлікова» ойын алаңының жұмыстарын атқарды.

Жергілікті бюдждеттен бөлінген 500,0 мың теңге қаржының 250,0 мың теңгесі көктемгі көркейту –көгалдандыру жұмыстарына жұмсалып елді мекен көшесіне орнатылған билборд, панолардың банерлері жаңартылып, тұғырлары сырланды. Сонымен қатар орталық көше бойындағы, ауыз су скважинасының қоршауы ішіндегі, мешіт ауласындағы, ескі мектеп ауласындағы ағаштар әктеліп әріленді. Елді мекеннің санитариялық тазалығын сақтау мақсатында қаралған 178,0 мың теңге қаржы игеріліп ауылдың шығыс және батыс бөлігіне бей берекет тасталынған күл-қоқыс, тұрмыстық қалдықтар арнайы орынға шығарылды. Көктемгі тазалық айлығында бюджеттік мекеме қызметкерлерінің, мектеп оқушыларының, ауыл тұрғындарының қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 2013 жылға бөлінген әлеуметтік төлемдердің қаржы мөлшері, жаратылуы:

2013 жылдың І тоқсанында 30 отбасының 116 баласына 563,0 мың теңге, ІІ тоқсанында 28 отбасының 110 баласына 533,0 мың теңге, ІІІ тоқсанында 27 отбасының 104 баласына 504,0 мың теңге, Тұрғын үй көмегіне І тоқсанда 7 отбасына 140,0 мың теңге,ІІ , ІІІ тоқсанда (жаз айларында төлемдер жүргізілмеді)

Ауылдық округ бойынша 2013 жылы көктемгі жұмыстарға 2-ай мерзімге 12 азамат жұмысқа тартылып 447840 тенге төленді. Елді мекенде санитариялық тазалық сақтау мақсатында 9 адама 1 ай мерзімге жұмысқа тартылып 167940 теңге қаржы төленді.


Байланыс саласы және басылымдарға жазылу:

Екпінді ауылдық округінде бір пошта халыққа қызмет көрсетеді. Елді мекен тұрғындарына баспасөз басылымдарын тарату және зейнетақы тарату жұмыстарын атқарады. Баспасөзге жазылу барысы : 2013 жылдың ІІ жарты жылдығына 80 аудандық,117 облыстық, 107 дана республикалық баспасөзге жазылу ұйымдастырылды. Елді мекенде сандық АТС 2006 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Ауылдық округ бойынша 140 телефон нүктесі жұмыс істейді.


Білім саласы бойынша:

№166 орта мектебінде 222 оқушы оқып, 47 мұғалімнен білім алады және 44 тех қызметкер жұмыс істейді. 2013 жылы 12 оқушы бітіріп ҰБТ ға 4 оқушы қатысты. Орташа көрсеткіш 73 пайыз.

№166 орта мектебі жанында «Нұр» шағын балалар орталығы ашылып 25 бала тәрбиеленуде.


Денсаулық сақтау саласы бойынша:

Округте 1 фелдьшерлік акушерлік пунктінде 2 медицина қызметкері және 3 тех қызметкер жұмыс істейді. 2013 жылы есепте тұратын науқастарға (жүрек аурулары,қан қысымы,диспансерлік есепте) 100 пайыздық жеңілдікпен дәрі дәрмек берілді, рентгенен өткен адамдар саны 131 адамды қамтиды. Өткен жылы ауылдық окрукте сметалық құны 37207,0 мың теңгені құрайтын фельдшерлік акушерлік пункт құрлысы жүргізіліп пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарын «Айдана» ЖШС жүргізді.


Ауылдық округтегі мәдени ошақтардың жұмысы бойынша:

2013 жылдың наурыз мерекесі Ұлыстың Ұлы күні 19 наурыз күні аталып өтті. Іс-шара ұйымдастырушысы болғандар ауылдық округ әкімінің аппараты, №166 орта мектебінің ұжымы мен ауылдың Е.Жексенбиев көшесінің тұрғындары. Іс-шара барысында көп балалы аналар мен Батыр аналарға, ауыл ардагерлеріне мерекелік сый-сиапат көрсетілді. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 68 жылдығына орай тыл ардагерлерінің тізімі нақтыланып аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылды. Бұл кісілер өздеріне тиесілі жәрдемақыларын және жеңілдіктерді пайдалануда. Екпінді ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Жеңіс күніне орай жиын өткізіліп тыл ардагерлеріне


Ауылдық кітапхана үйінде:

Ауыл кітапханасы №166 орта мектебінің ескі ғимаратында орналасқан. Кітап қоры – 8205 дана, оқырмандар саны – 376. Мемлекеттік тілдегі кітаптар саны -6000, қалған кітаптар өзге тілдерде-2205. Белгіленген жоспар бойынша кездесулер мен кештер өткізілген.


Спорт саласы бойынша:

Ауылдық окрукте 2009 жылдан бері облыстық «Қайнар» спорт клубының бастамасымен спорт үйірмелері (баскетбол, футбол, валейбол, шахмат, шашка) жұмыс жасауда. Спорт үйірмесінде бір спорт нұсқаушысы жұмыс атқарады. Үйірменің басты мақсаты салауатты өмір салтын, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру болып табылады.

Кестеге сәйкес ауыл жастарының спорт жарыстарын ұйымдастыруға №166 орта мектебінің спорт залы пайдаланылуда. Мектеп жанында аудандық спорт мектебінің қазақша күрес үйірмесі жұмыс жасайды.


Ауыл шаруашылық саласы бойынша:

Екпінді ауылдық округінде 2 шаруа қожалығы жұмыс істейді «Бастау» және «Еркебұлан Нұртөре» шаруа қожалықтары. Аталған шаруа қожалықтары егін шаруашылығымен айналысады.

«Бастау» шаруа қожалығының үлесінде 854 га жер бар. 2013 жылы шаруашылық 50 га жоңышқа , 350 га күріш дақылдары екті.

Ауылдық округ бойынша мүйізді ірі қара 851 бас, қой мен ешкі 2027 бас, жылқы 30 бас тіркелген. 2013 жылы мал басын бірегейлендіру жұмыстары толық жүргізіліп дерек қорға түсірілді. Сырға, паспорт қаржысы толығымен жиналып тиісті органға өткізілді.


Ауыз су мәселесі:

Жиделі су торбынан келетін су жүйесі 2008 жылдан бері толығымен жұмыс істеп келеді. Ауыз су тәулігіне қыс айларында бір, жаз айларында екі мезгіл беріледі. Елді мекенде 144 отбасы аталған су торабынан су ішсе, 122 отбасы жеке тұрғын үйлеріне кіргізген. Осыған байланысты су есептегіш құралдарын орнатуға жұмыстар атқарылуда. Ауыз су қызметінің және электр энергиясының шығындары ауыл тұрғындарының пайдаланған су ақысының төлемі арқылы төленуде.


Аяқ су мәселесі:

Екпінді ауылдық округінде аяқ су мәселесі түбегейлі шешілді. Қызылорда облысында ашылған «Табиғат» кәсіпорнымен алыс-беріс актісі жасалынып ауылдық округ әкімінің теңгеріміндегі Ақбастой, Жаманбала каналдарының, К-3-4 қашыртқысының құжаттары тапсырылды. Алдағы уақытта аталған каналдардың қазу тазалау жұмыстары «Табиғат» мекемесі арқылы жүргізіледі.

Похожие:

Екпінді ауылдық округі әкімі Қ.Қожамжаровтың 2013 жылдың 9 айы бойынша жасаған есебі iconМұқаншы ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың 9 айлығында атқарған жұмыстары жайлы есебі

Екпінді ауылдық округі әкімі Қ.Қожамжаровтың 2013 жылдың 9 айы бойынша жасаған есебі iconДолон ауылдық округі әкімінің есебінің тезистері
Долон ауылдық округі бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына халық саны- 1603 адам, шаруашылық аулалары- 481
Екпінді ауылдық округі әкімі Қ.Қожамжаровтың 2013 жылдың 9 айы бойынша жасаған есебі iconҚарасаз ауылдық округі әкімінің және әкімі аппаратының қызметін ақпараттық –сараптамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық–техникалық қамтамасыз ету. Көрінуі
«Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
Екпінді ауылдық округі әкімі Қ.Қожамжаровтың 2013 жылдың 9 айы бойынша жасаған есебі iconДайыр ауылдық округі бойынша 2011 жылы атқарылған жұмыстар
Дайыр ауылдық округі әкімі аппараты 2011 жылда атқарылатын жұмыс жоспарын жасап, осы жоспар негізінде жұмыстар атқарылды
Екпінді ауылдық округі әкімі Қ.Қожамжаровтың 2013 жылдың 9 айы бойынша жасаған есебі iconҚ арақобда селолық округі әкімі С.Құрмансейтовтың 2013 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Шаруа қожалықтары мен тұрғындар негізінен мал шаруашылығы саласымен айналысады. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша селолық округте...
Екпінді ауылдық округі әкімі Қ.Қожамжаровтың 2013 жылдың 9 айы бойынша жасаған есебі iconАуылдық округі бойынша 2009 жылы атқарылған
...
Екпінді ауылдық округі әкімі Қ.Қожамжаровтың 2013 жылдың 9 айы бойынша жасаған есебі iconНұрлыкент округі әкімнің және әкімі аппаратының қызметін ақпараттық –сараптамалық, ұйымдастырушылық–құқықтық және материалдық–техникалық қамтамасыз ету. Көрінуі
«Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
Екпінді ауылдық округі әкімі Қ.Қожамжаровтың 2013 жылдың 9 айы бойынша жасаған есебі iconҚаңбақты ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың
Алмалы, Ақжар, Дөңши елді мекендері орналасқан. Ондағы тұрғын халық саны 1330 адамды құрап отыр. Аула саны 215
Екпінді ауылдық округі әкімі Қ.Қожамжаровтың 2013 жылдың 9 айы бойынша жасаған есебі iconСарытерек ауылдық округі әкімі әкімшілік- аумағындағы есеп беру кездесуінде айтылған

Екпінді ауылдық округі әкімі Қ.Қожамжаровтың 2013 жылдың 9 айы бойынша жасаған есебі iconАлтынемел ауылдық округі бойынша әлеуметтік экономикалық дамуының қорытынды ақпараты баяндама
Республикасы Президентінің 2013 жылдың 15 тамызындағы №615 «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница