«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы




Название«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы
страница9/17
Дата конвертации12.02.2016
Размер2.06 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Econ/Oralova.TabKorEcon-Z.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

15 - тақырып. Орман қорын қорғау, молайту, кешенді пайдалану мәселелері

Жоспар:

  1. Орманның табиғат ортасының сапасына ықпалы

  2. Орман қорын шаруашылықта пайдалану тиімділігін арттыру

Лекция мақсаты: Казақстанның биологияық қорларын қорғау және тиімді пайдалану мәселелерін қарастыру

Лекция мәтіні.

1. Қазақстан территориясының едәуір бөлігін жайылым мен шабындықтар алып жатыр. Жайылым 183,2 млн. га, шабындық 5,1 млн. га. Жайылымның 27%-і шөл және шөлейтті аймақтарда, 25%-і қүмда, 18%-і тау беткейлерінде, 5%-і ойпаттарда. Шабындықтар негізінен ойпаттарда, су жағалауларында (71%), жазық жерлерде (23%), тауларда (6%) орналасқан.

Жайылымның жемдік қоры 576,6 млн.ц (немесе 296,1 млн.ц жем бірлігі), шабындықта - 58,2 млн.ц (28,2 млн.ц жем бірлігі).

Жайылымдарды жүйесіз пайдалану - ондағы өсімдік қорының азаюына, әсіресе қүнды өсімдіктердің кемуіне әкеп соғады. Ауыл шаруашылығына берілген жайылымдардың 50-60%-ке дейінгі шамасының жемдік қоры нашарлаған, қүндылығы төмендеген (тақырланған, сортаңданған, бүта, арамшөп, қүм басқан). Әсіресе, құмдауытты, шөлейтті аймақтарда жайылым

күйі нашар.

Шабындықтың 18%-і тақырланған, түсімі азайған, 2%-і батпақтанған, 6%-і бұта, арамшөп басқан және эрозияға ұшыраған.

Жайылымды, шабындықты пайдалануды ғылыми негізде жүйеге келтіру өзекті экономикалық мәселе. Олардағы қүнды жемдік өсімдіктерді қорғау, қорын молайту және әр аймақтың өзіне тән өсімдіктер қорын сақтау керек. Мысалы, тау бөктеріндегі шабындықтан қазір 3-7 ц/га шөп дайындалады, ал ғылыми институт үсынған технология бойынша оны 30-50 ц-ге жеткізуге болады. Жүмсалған шығын бір-екі жылда қайтады.

22 млн. га сортаң жердің өнімділігін 2-3 есө арттыруға болатындығы дәлелденген. Шығын 4-5 жылда қайтарылады.

Жайылымды ғылыми негізде пайдалану арқасында әр гектардан алынатын өнімді 5-6 ц жем бірлігіне дейін арттыруға болады екен, сонымен қоса, суландырылса өнімділігі 8-10 ц-ге дейін артады. Суландырылған жайылымдар Қазақстанның барлық аймағында тиімді.

Шабындықты тиімді пайдалану мақсатында шөп шабу, тасымалдау және сақтау технологияларын жетілдіру қажет, ең бастысы шөптің жемдік қасиетін сақтау, малға сіңімділігін арттыру.

Жайылымды жақсарту үшін құнды өсімдіктердің түқымын жинап, іріктеп, қолдан сеуіп өсірудің қазіргі кезде маңызы артып келеді. Бүл жолмен изен, теріскен, күйреуік, т.б. өсірудің тіиімділігі дәлелденді, бірақ кең қолданыс тапқан жоқ.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің 100-ге жуық түрі өседі, бірақ олар барлық аймақтарда толығымен зерттелген жоқ, кейбір аймақтарда олардың таралуы туралы мәліметтер ғана бар. Кейбір өсімдіктөрдің таралу картасы жасалған және дайындауға болатын шамасы бағаланған.

2. Дәрілік, тағамдық, техникалық өсімдіктерді сақтаудың (қорғаудың), тиімді пайдаланудың Қазақстандағы басты бағыттары:

• дайындау, кептіру талаптарын, ережелерін қатаң сақтау;

• өсімдіктер қорының сақталуына, молаюына жағдай туғызу;

• өсімдіктердің өндірістік плантацияларын үйымдастыру;

• зерттеу, қорғау, тарату жүмыстарымен айналысатын қорықтар үйымдастыру.

Соңғы кездері республикамызда балық өнімдері азайып келеді, әсіресе Арал, Балқаш, Алакөл су бассейндерінде. Бүл да табиғатты дүрыс пайдалан-баудың бір көрінісі. Жылдық аулайтын балық шамасы 50 мың т кеміді.

Аралдың балық өндірістік қоры таусылды деуге болады, Кезінде мүнда жылына 20 мың т балық өндірілген. Балқаш балығы 10 мың т, Бүқтырма су қоймасында - 6 мың т, Алакөлде - 30%-ке кеміді. Басқа су қоймаларында да осындай қүбылыс байқалуда.

Осы жағдайларда балық өнімдерін өсірудің басты бағыттары:

• барлық су қоймаларын балықтандыру, балықтың қүнды түрлерін өсіру;

• балық шаруашылығын жетілдіру, жас шабақтарды өсірумен айналысатын шаруашылықтар құру;

• балықты қорғау жүмыстарын жақсарту, мүнда әкімшілік шаралармен қоса экономикалық шараларды кеңінен қолдану;

• су қоймаларын, өзендерді пайдалануды реттеу.

3. Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының болжамы бойынша осындай шаралар жүзеге асырылғанда таяу жылдарда жылдық өнеркәсіптік балық аулау деңгейін 46 мың т арттыруға болады, яғни екі есе арттырып бүрынғы қалпына келтіруге боладыі.

Зоология институтының деректеріне қарағанда, ғасыр басында Қазақстан жерін жабайы аңдар мен жануарлардың 250-ге жуық, құстардың 800-дей түрі мекендеген. Солардың бүгінгі күнге жеткені аңдар мен жануарлардың - 150, құстардың 300-ге тарта түрі ғана.

Кәсіптік маңызы бар тұяқты аңдар саны (мың): қарақүйрық - 540; бүлан - 3,7; қабан - 9,0; марал -18; елік - 25; таутеке - 18. Бұлардың аулауға болатын шегі: бүланның - 10-20%-і, қабанның - 50%-і, маралдың - 10-15%-і, еліктің - 20%-і, таутекенің -10-15%-і, қарақүйрықтың жылына - 75-120 мыңы ауланады.

Аң етін даярлау жүмысын дұрыс жолға қойғанда қазіргіден екі есе артық өнім алуға болады.

Терісі бағалы аңдардың 24 түрі ауланады. Оның ішінде: суыр, байбақ, саршүнақ, ақ тиін, қүндыз, қасқыр, қорқау қасқыр, түлкі, т.б.

Аң терілерін дайындауды 2-3 есе арттыруға мүм-кіндік бар. Ол үшін олардың санын, таралуын анықтап, аулауға болатын шамасын белгілеп, қорғау шараларын жақсарту, аң шаруашылықтарын ұйымдастыру қажет.

Құстарды қорғау үшін олардың тіршілік ету ортасын сақтау қажет, қорықтар, қорықшалар ұйымдастыру маңызды.

Елімізде тұқымы жойылып бара жатқан сирек кездесетін жануарлар "Қызыл кітапқа" тіркелген. Онда жойылу қаупі төнген омыртқалы жануарлардың 18 түрі, олардың 7-і сүт қоректілер, қүстардың 8 түрі, балықтың 3 түрі жазылған. мүнан басқа "Қызыл кітапқа" сирек кездесетін жануарлардың 69 түрі тіркелген.

Өсімдіктер мен жануарларды, табиғат және мәдениет ескерткіштерін қорғау үшін қорықтар, қорықшалар, ұлттық парктер және ерекше қорғалатын территориялар ұйымдастыру аса маңызды. Мұнда оларды қорғаумен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстанда ұйымдастырылған қорықтар: Ақсу -Жабағылы (1926 ж.), Алматы (1931 ж.), Наурызым (1934 ж.), Қорғалжың (1958 ж.), Марқакөл (1976 ж.), Барсакелмес (1939 ж.), Үстірт (1984 ж.), Батыс Алтай (1992 ж.), Іле Алатауы (1996 ж.).

Ақсу - Жабағылы қорығында сирек кездесетін өсімдіктің - 300 түрі, қүстардың - 259, сүт қоректілердің-42, жәндіктердің-9,балықтың – 2, омыртқылардың –300түрі бар. Олардың - 21-і "Қызыл кітапқа" тіркелген.

Алматы қорығында қүстардың - 200 түрі, сүт қоректілөрдің - 36, өсімдіктердің - 930 түрі бар. Барсакелместе өсімдіктердің - 256 түрі, сүт қорек-тілердің -11, құстардың - 211, омыртқалылардың -20, құрт-құмырсқалардың - 107 түрі тіркелген. Қорғалжыңда гүлді өсімдіктердің - 331, оның ішінде сирек кездесетіндері - 45, сүт қоректілердің - 38, қүстардың - 298 түрі бар. Марқакөлде тек қана онда өсетін балықтың - 5 түрі бар. Өсімдіктердің - 721, олардың - 4-і "Қызыл кітапқа" тіркелген. Сүт қорөк-тілердің - 59, құстардың - 254 түрі бар, Наурызымда өсімдіктің - 687, омыртқалылардың - 700, қос ме-кенділердің - 42, қүстардың - 260-ы тіркелген. Үстіртте өсімдіктердің - 200, кесірткенің - 17, жыланның - 9, құстардың -111, сүт қоректілердің -44 түрі бар.

Жалпы барлық қорықтарда өсімдіктердің - 950 түрі, жануарлардың - 700, құстардың - 300, жәндіктердің, балықтардың бірнеше түрлері қорғауға алынған.

ЕлІмізде ұйымдастырылған 59 қорықша бар, оның- 39-ы зоологиялық, 17-сі ботаникалық, 1-уі ботаника-геологиялық, 2-уі кешенді. Олар - 5762 мың гектар жерді алып жатыр.

Баянауыл ұлттық паркі 50,5 мың гектар жерді алып жатыр, онда 442 өсімдік түрі, сүт қоректілердің

- 40, балықтың - 8, қүстардың - 54 түрі тіршілік етеді. Елімізде төрт табиғат паркі: Қарқаралы, !ле Алатауы, Бурабай, Алтын Емел құрылмақшы. Алғашқы еқеуі туралы шешім қабылданды.

Елімізде мемлекет қорғауында - 25 табиғат ескерткіштері бар, алдағы уақытта тағы - 10-ын ашу көзделіп отыр.

Республикамызда 85-тен астам емдеу-сауықтыру мекемелері жұмыс істейді. Олардың минералды арасан сулары, балшьіғы, тұздары және табиғи аймақтары әр түрлі ауруларды емдеуге пайдаланылады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Өсімдіктерді сақтаудың (қорғаудың), тиімді пайдаланудың Қазақстандағы басты бағыттары

  2. Су қоймаларын, өзендерді пайдалануды реттеу



16 - тақырып. Әуе кеңістігін қорғаудың әлеуметтік-экономикалық мәселелері

Жоспар:

  1. Атмосфераны ластаушы көздер, ластаушы заттар

  2. Ластаушы заттардың табиғи ортаға әсері

Лекция мақсаты: Ауада ластаушы заттарды шоғырландыратын жағдайларды қарастыру

Лекция мәтіні.

1. Жерді қоршаған ауа қабаты - атмосфера жердегі тіршілікке қажетті жағдай болып табылады. Атмосфера күн энергиясының жартысына жуығын өзіне сіңіреді, қысқа толқынды, тіршілікке керекті гамма сәулесі толығымен атмосферада ұсталып қалады. Атмосфера жер бетін метеоридтерден қорғайды. Жер беті мен атмосферада тұрақты жылу, ылғал алмасуы болып түрады. Ауа сонымен қатар ерекше өндірістік табиғат байлығы болып табылады көптеген өндірістерде, әуе және автомобиль транспортында пайдаланылады.

Атмосфераның тазалығы жердегі тіршіліктің маңызды шарты. Сондықтан оның тазалығын сақтау маңызды міндет. Оған тек қана үкімет, кәсіпорын басшылары ғана емес әрбір саналы азамат жауапты.

Атмосфераның тазалығына ауаға әр түрлі ластаушы заттардың (шаң, түтін, күйе, улы газдар, күкірт, азот тотықтары, т.б.) таралуы және оттегін түтыну, көмірқышқыл газдарын шығару әсер етеді.

Қүрғақ атмосфера ауасы - 73,09% азот, 20,95% оттегі, 0,93% аргон, 0,03% көмірқышқыл газдарынан түрады. Қалған (неон, галий, сутегі, криптон, ксиптон) газдарының үлесі 0,01%-тен аспайды.

Атмосфера ауасының салмағы - 5,15 -1015 т (5,15 квадрилион). Атмосфераның төменгі тығыз қабатында - оның 80%-і орналасқан. Тропосфера қабатының қалыңдығы жер полюстерінен - 8 км, экватор шеңберінен - 18 км. Атмосфераның 20%-і стратосферада жерден - 55 км-re дейінгі қашықтықта орналасқан.

Жергілікті жер бетінің ауасының тазалығына онда зиянды заттардың таралуына және шоғырлануына атмосфералық қүбылыстар жауын-шашын, түман, жел әсер етеді. Әсіресе жер бетіне жақын ауа қозғалысы - желдің әсері күшті. Ауа алмасуы жер бетінен жоғары аспанға бағытталғанда (турбалента қүбылысы) ондағы зиянды заттардың таралуын (сейілуін) күшейтеді. Керісінше, ауа қозғалысы жер бетіне бағытталса (инверсия қүбылысы) зиянды заттарды шоғырландырады.

Мүндай қүбылыстардың қайталануын, тұрақтылығын білу өндірісті орналастыруды жоспарлау үшін аса қажет. Инверсиялық қүбылыстардың қайталануы Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне қарай біртіндеп арта береді. Солтүстікте оның жиілігі - 34-35% болса, оңтүстікте, әсіресе тау етектерінде - 48%-ке жетеді. Негізінен желсіз, тымық күндерде ауада зиянды заттардың таралуы нашарлайды. Ондай ауаның қозғалысы - 0-1 м/секундтан артпайтын күндер Сарыарқада - 20%-тен аспайтын болса, оңтүстікте, тау бөктеріндегі аудандарда - 41-60%, кей жерлерде тіпті 80%-ке жетеді.

2. Ауада ластаушы заттардың шоғырлану мүмкіндігінің жиынтық көрсеткіші - атмосфераның ластану потенциалы (АЛП) деп аталады. Ауада ластаушы заттарды шоғырландыратын жағдайлар жоғары потенциалдық, ал таралатын жағдайлар - төменгі потенциалдық көрсеткіштерге сәйкес келеді. Бүл көрсеткіштің орташа шамасы Қазақстанда 2,4-3,6 аралығында.


Қазақстан қалаларындағы атмосфералык көрсеткіштер жиілігі және АЛП


Ауа райын бақылау станциялары

Инверсия %

0-1 м/сек

жел, %

Тымық күндер,

%

Түман

%

АЛП, коэффи-циент

Астана

34

18

11

2

2,5

Алматы

48

59

31

3

3,6

Ақтөбе

39

27

15

2

2,7

Балқаш

46

13

6

1

2,6

Қарағанды

43

17

16

2

2,8

Көкшетау

34

15

11

1

2,4

Қостанай

25

14

5

2

2,4

Павлодар

35

11

9

1

2,4

Петропавл

34

12

11

2

2,4

Семей

38

37

25

1

3,0

Тараз

45

42

20

3

3,1

Өскемен

43

53

20

3

3,2


Атмосфера ауасы ешқашан абсолютті шамада таза болмайды. Егер мүхит бетіндегі ауаны ең таза деп алатын болсақ, ауыл шаруашылық жеріндегі ауаның тазалығы одан 10 есе кем, шағын қалаларда 35 есе, үлкен қалада 150 есе, өнеркәсіп орталықтарында 1000 есе кем.

Ауаның тазалығын сақтау үшін алдымен оны лас таушыларды білу керек. Ауаны ластаушы заттарды үлкен екі топқа: табиғи және антропогендік ластау-шылар деп бөледі. Табиғи ластаушылар:

1) радиоактивті ластау;

2) жанартаулар;

3) орман және жер өрттері;

4) шаң, түз көшкіндері;

5) ғарыш шаңы.

Антропогендік ластаушылар:

1)өнеркәсіп, оның ішінде үлес салмағы бойынша электроэнергетика, отын өндірісі, металлургия, құрылыс материалдар өнеркәсібі, машина жасау, тау-кен өндірісі;

2) транспорт (автомобиль, темір жол, су, әуе транспорттары);

3)тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (орталық және жеке жылу орталықтары, қоқыстарды өртеу, олардың шіруі);

4) ауыл шаруашылығы (мал, құс өсіру кешендері, химиялық заггар қолдану, ауыл шаруашылық заттарын өңдеу, ағаш өңдеу).

Ауаны ластаушыларды бүлай сұрыптау әр сала бойынша ластау мөлшерін анықтап, атмосфераны қорғау шараларын жоспарлауға ыңғайлы. Сонымен қатар, ластаушы заттардың қүрамы, түрі бойынша, оларды шығаратын кәсіпорындарды топтастырып сұрыптаулар да қолданылады. Бүл табиғат қорғау шараларын аймақтық жоспарлағуа пайдалы.

Атмосфераның ластануы шаруашылықтың барлық саласына зиян келтіреді.

Мысалы, ауыл шаруашылық өнімдерінің түсімі кемиді, ағаштар қурайды немесе өсуін баяулатады, малдардың, жануарлардың өсуі азаяды, зиянды ауру-лар көбейеді. Өнеркәсіпте негізгі қордың тозуы тездөйді немесе істен шығады, сондықтан оларды жендеу, жаңарту шығындары артады. Коммуналдық, тұрғын үй шаруашылықтарында мүліктердің тозуы, істен шығуы артады. Адамдардың денсаулығына ең үлкен зиян келтіріледі, соның салдарынан еңбек өнімділігі төмендейді, әлеуметтік, емдеу шығындары артады, адамдардың жасы, әсіресе еңбекке жарамды жасы қысқарады.

Ауаны ластаушы заттарды білумен қатар, оның келтірген залал түрлерін де білу керек. Сұрыптаулар залалдың түріне, масштабына, әсеріне, уақытына қарап қолданылады. Әсер ету механизмі бойынша: нақты және жанама әсер ететін деп бөлінеді. Әсер ету түрлері бойынша: натуралды, рухани эстетикалық, әлеуметтік, экономикалық, қүқыктық болып бөлінеді. Залалдың әсер ету уақыты: қазіргі кезде немесе болашақта болуы мүмкін. Масштабы бойынша: әлемдік, материктік, аймақтық, жергілікті және нысаналық болуы мүмкін. Экономикалық зиянын потенциалды, мүмкін, нақты, болдырмаған және жойылған деп бөледі.

Ауаның ластануын болдырмау және оның зиянды зардаптарын жою мынандай негізгі бағыттарда жүргізіледі:

1) зиянды, ластаушы заттарды ауаға шығармау;

2) ластаушы заттардың әсерлерінен қорғану;

3) ластаушы заттардың зиянды әсерін, зардабын жою;

4) зиянды әсерлердің алдын алу, оларды болдырмау (нормалау, тиым салу, т.б.).

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Похожие:

«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«сырдария» университеті «математика және экономика» факультеті «экономика» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 25. 05. 2005
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«экономика, басқару және қҰҚЫҚ» факультеті «экономика» кафедрасы «бекітілді»
В050600 «экономика» мамандығына арналған профильдік пәндер бойынша қорытынды мемлекеттік бақылаудың кешендік тестілеу
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«экономика, басқару және қҰҚЫҚ» факультеті «экономика» кафедрасы «бекітемін»
«КӘсіпорын экономикасы», «КӘсіпкерлік», «табиғатты пайдалану экономикасы» ПӘндері бойынша 5В050600 «экономика» мамандығына арналған...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«Сырдария» университеті Математика және экономика факультеті
Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«Сырдария» университеті Математика және экономика факультеті
Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«Сырдария» университеті Математика және экономика факультеті
Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«Экономика, басқару және құқық» факультеті «Маркетинг және құқық» кафедрасы «бекітемін»
«Кедендік әкімшіліктендіру», «Кедендік бақылаудың техникалық құралдары», «Кедендік инфрақұрылым және қойма шаруашылығы» пәндерінің...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«ЖОҒАРҒы оқу орнынан кейінгі білім беру»факультеті «экономика» кафедрасы «бекітемін» ОӘК төрайымы
М050600 «экономика» мамандығы бойынша түсуге арналған емтихан пәндерінің тізімі
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«Экономика, басқару және құқық» факультеті «Маркетинг және құқық» кафедрасы «бекітемін»
«Маркетинг» мамандығының типтік жоспарына сәйкес, типовым учебным программам дисциплин «Маркетинг», «Маркетингті басқару», «Маркетингті...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Отан және шетел тарихы» кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасының негізінде жасалынған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница