«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы




Название«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы
страница4/17
Дата конвертации12.02.2016
Размер2.06 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Econ/Oralova.TabKorEcon-Z.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ


1-тақырып. Табиғатты пайдалану экономикасына кіріспе

Жоспар:

  1. Қоғам дамуындағы табиғат ресурстарының ролі

  2. Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі мәселелері және міндеттері

Лекция мақсаты: Табиғат пайдалану экономикасының мақсаттарын және әдістерін анықтау.

Лекция мәтіні.

1. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру, соның нәтижесінде халықтың тұрмысын, әл ауқатын жақсарту өндірістің еңбек, материалдық және табиғи қорларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде және болашақта өндіріс қорларының барлық түрін кешенді, үнемді пайдалану мәселесін шешкенде ғана экономиканың даму қарқынын арттыруға болады.

Бүкіл адамзат қоғамының даму тарихы – табиғат пен адамзаттың қарым-катнасынан тұрады. Осы уақыттың барлығында да табиғат адамзаттың өмір сүру ортасы, материалдық байлық көзі болып келді. Қоғамның өндірістік дамуына байланысты адамның табиғи ортаға әсері екі сипатта. Бір жағынан, ғылыми-техникалық жетістіктің арқасында табиғи орта жақсартылады, оның қорын молайтып, ұқыпты пайдалануға мүмкіндік туады.

Ал екінші жағынан, табиғи ортаны бүлдіру ауқымы да артып келеді.

Қоғамдық өндіріске табиғаттың жаңа байлықтары ұдайы косылып және оларды игеру мөлшері артып отырады. Ғылыми-техникалық жетістіктер бұрын игеруге мүмкін болмаған, сапасы төмен табиғат байлықтарын өндіріске қолдануға мүмкіндік береді, натижесінде өндірістің табиғи ортаға әсері кушейеді, табиғат байлығын пайдалану мәселесі шиеленісе түседі. Табиғат байлығын пайдалану қарқынының артуы халық санының өсуіне де байланысты, халық тұтынатын өнімдерді арттыруға, оған щикізат ретінде табиғат байлығын пайдалану мөлшерін кеңейтуге тура келеді. Сонымен қатар табиғат байлығы қорының шексіз еместігін де ескерген жөн. Әсіресе қалпына келмейтін табиғат байлықтарының, оның ішінде отын энергия қорының тапшылығы сезілуде. Түсті металлдардын көпшілігі – мыс, қорғасн, мырыш, қымбат бағалы металлдар тапшы бола бастады. Олардың әр тоннасын өндіруге бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп еңбек жұмсауға тура келеді.

Осындай жағдайда экономикалық даму факторларының: еңбек және табиғат қорының, өндіріс құралдарының даму себеп-салдарын айқындай білу қажет. Бұл факторлар бір-бірімен диалектикалық байланыста және қарама-қайшылықта болады. Қоғамның экономикалық өсуі өндіріс масштабымен, табиғат байлығын игеру қарқынының артуымен байланысты. Сонымен қатар өндіріс күштері қоғам мен табиғаттың қоғамдық-экономикалық қатынастары негізінде құрылады.

“Адам және табиғи орта ” жүйесінде өндіріс күштерінің, өндіріс қатынастарының даму процестерін тереңірек түсіну қажеттілігі жана экономикалық ғылым – табиғат пайдалану экономикасының қалыптасуын туғызды. Бұл ғылымның пайда болуы мен дамуын ең алдымен шаруашылық қажеттіліктен деп ұғу керек.

2. Табиғат байлығын пайдалану экономикасының мәні – қоғамдық өндіріс кезінде қалыптасатын қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық, экономикалық қатынастар болып табылады.

Табиғат пайдалану экономикасы: табиғат пайдалану процестерінде туындайтын экономикалық заңдылықтарды, өндірістің табиғи ортаға тигізетін әсерін және оның кері әсерінен қорғануды ұйымдастыруды:

  • халық шаруашылығын табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету жағдайларын;

  • табиғат байлығын экономикалық бағалау әдістерін, табиғи ортаны бүлдіруден, табиғат байлығын ысырап етуден келетін зиян мөлшерін есептеу әдістерін;

  • табиғат байлығын неғұрлым тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғау мүмкіндіктерінің тиімділігін айқындау жолдарын;

  • табиғат байлығын тиімді пайдалануды табиғи ортаны қорғауды басқарудың экономикалық механизмін, оны жетілдіру бағыттары мен жолдарын зерттейді.

Табиғат пайдалану экономикасының негізгі атқаратын міндеттері: халық шаруашылығында табиғат байлығын тиімді пайдалану, табиғатты қорғау, экономикалық басқару механизмін зерттеу және жетілдіру болып табылады. Экономикалық басқару механизмі табиғат пайдалануға байланысты үш кезенді қамту керек: жақсарту, игеру, ұқсату.

Табиғат пайдалану экономикасының ғылыми зерттеу негізі – диалектика.

Диалектикалы әдіс бойынша зерттелетін құбылыс жан-жақты, қайшылықта, даму үстінде қарастырылады. Диалектикалық әдіс бойынша ғылыми ой–таным жинақталған іс-тажрибені қолданады. Тажрибедегі кемшіліктері мен жетістіктерге ғылыми талдау жасалып, нәтижелері іс жүзінде қолданылып отырады.

Табиғат пайдалану экономикасы үшін тарихи тану әдісінің маңызы зор . Әрбір қубылыс қалай пайда болды, қалай дамыды, қазіргі жағдайы қалай, ертеңі қалай болмақ, осы турғыдан өткен мен бүгінгінің байланысын сабақтастыра зертеп отырады.

Табиғат пайдалану экономикасының негізгі әдістерінің бірі – жүйелік. Осы әдісті қолдану арқылы жүйені құраушылар анықталады, олардың бір-бірімен қатынасы, бір – біріне ықпалы, жүйедегі алатын орны зертеледі.

Табиғат пайдалану экономикасында мөлшерлеу әдісі де кеңінен қолданылады. Табиғат байлығын пайдалану нормалары, шектері, ауада, суда, жер бетінде және жер қабатында улы заттардың жинақталуы, шоғырлануы, таралуы, өнім шығаруға табиғат байлығын пайдалану мөлшері, қалдық шамасы, т.б. нормалар бекітіледі.

Табиғат пайдалану экономикасында аталғандармен қатар экономика-математикалық, статистикалық талдау, сараптану әдістері кеңінен қолданылады.

Табиғат пайдалану экономикасы тек қана экономика-экологиялық заңдылықтарды зерттеп қана қоймай, одан туындайтын өндірістік мәселелерді шешудің нақты экономикалық тетіктерін жетілдірумен айналысады.

Экология-экономикалық қатынастар мен табиғаттану және басқа да экономикалық ғылымдарды бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды. Табиғат байлығын пайдалану экономикасы әсіресе халық шаруашылығын жоспарлау, аймақтық және салалық экономика, статистика және талдау, экономикалық кибернетика ж.т.б экономикалық қылымдармен тығыз байланыста.

Табиғат пайдалану экономикасы техникалық ғылымдармен тығыз байланыста, өйткені өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес ұйымдастыру, жүргізу барлық ғылыми-техникалық жетістіктерді ескеруді талап етеді. Техника экономикалық шешімдердің де тиімдісі – қолданылатын техника мен технологияның және табиғи ортамен үйлесімділігі болады.

Табиғат пайдалану экономикасы география ғылымымен де маңызды байланыста. Аймақтық үйлесімділік, табиғат байлығын орналасу тиімділігі, табиғат байлығын пайдаланушы өндірістерді орналастыру тиімділігі ортақ шешетін мәселелер.


Бақылау сұрақтары:

  1. Табиғатты пайдалану экономикасының мәні неде?

  2. Табиғатты пайдалану экономикасының мақсаттары.



2-тақырып. Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану экономикасы

Жоспар :

  1. Табиғат ресурстары мен табиғат ортаның саласы- экономикалық дамудың негізі

  2. Экологиялық игіліктер және табиғи орта

Лекция мақсаты: Табиғат байлығын тиімді пайдалану мәселелерін қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. Қазіргі кезде табиғи ортаны қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалану мәселесі ұзақ мерзімдік экономикалық дамудың ең негізгі стратегиялық бағытына, түп қазығына айналды. Бұл стратегия қоғамдық өндірістің үздіксіз дамуын, адамзат өмір сүруінің қалыпты жағдайы сақтауын қамтамасыз етуге тиіс. Аталған мақсатқа тек табиғи ортаны қорғау, табиғат байлығын ұқыпты, тиімді пайдалану нәтижесінде ғана жетуге болады.

Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянді әсерін болдырмауға бағыттал. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы казба байлықтар, су, орман, жер тек қана өндіріс шикізаты емес, сонымен катар, өндіріс құралы да болып табылады. Өндірістік қатынасқа қосылмаған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек.

Бұл турғыдан Табиғи ортаны қорғау мен Табиғат байлығын қорғау түсініктерін ажырата білу керек. Екеуі бір-бірі мен тығыз байланысты, көп жағдайларда бір мағынада қолданыла береді. Әйткенімен нақты шараларды ұйымдастыру кезінде екеуін бөліп қараған дұрыс. Табиғи ортаны қорғау деп –табиғи ортаны сақтауға, оның байлығын молайтуға бағытталған заңдылық, шаруашылық, ұйымдастырушылық шаралар жүйесін айтамыз. Табиғат байлығын қорғау – оны тиімді пайдалану болып табылады

Табиғи орта өндіріс тұрғысынан шикізат көзі және өндіріс орналасу ортасы ретінде қаралып одан өндіріс қажетін өтеу қорын көбірек алу көзделеді. Ғылым-техникалық жетістіктер табиғат байлығының қорын орасаң зор мөлшерде өндіріске қатыстыруға мүмукіндік береді. Соның әсерінен табиғи ортаның тендестігі бұзылып, жалпы нашарлауна әкеп соғады. Осыдан табиғат байлығын қорғау, молайту және табиғи ортаны қорғау мәселелерін қатар шешу қажеттігі , сондай-ақ қоғамның экологиялық қаупсіздігі мәселесі туындайды.

Табиғат байлықтары, табиғат куштері экономикалық жағынан – пайдалану тиімділігі бойынша қарастырылады. Ал экологиялық жағынан - өмір суруге шаруашылық ұйымдастыруға қолайлығы бойынша қарастырылады. Табиғат негізі екі нысанға бөлініп қаралады: табиғи орта және табиғат байлықтары .

Табиғи орта деп - өндіріске тікелей қатыспаса да адамзаттың, жан жануарлардың тіршілік етуіне мүмкіндік беретін табиғи заттар мен табиғи куштерді айтамыз. Мысалы: күннің қызыу, сәулесі, атмосфералық ауа, гидросфера, литосфера, т.б. жер бетіндегі барлық тіршілікке қажетті жағдай болып табылады.

2. Табиғат байлығы деп – адамзат пайдаланатын немесе пайдалану мумкіндігі бар табиғи заттар мен күштерді айтамыз. Табиғат байлығын адамзат шаруашылығымен тікелей байланысты қараймыз. Табиғат байлығын өндірістік материалдық байлық ретінде пайдаланғанда оны табиғат қоры немесе табиғи ресурс деп те атайды. Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтары , кун радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі , жер қабытындағы жылу энергиясы, т.б. жатады.

Табиғи ресурстар әртурлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке, пайда болуына, химиялық табиғатына, көздері мен орналасуына, қолдану міндетіне, пайдалану өрісіне байланысты. Ресурстар сонымен қатар бастапқы және қосымша материалдық болып та болінеді .

Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді, ал алғашқысын қалпына келетін және қалпына келмейтін табиғат байлықтары деп ажыратады.

Іс жузінде қолдану тұрғысынан көбінесе табиғи сұрыптану бойынша мына топтар бөлініп қаралады: минералдық шикізат, жер, су, ауа, өсімдіктер, жануарлар .

Пайдалану тиімділігіне байланысты экономикалық сұрыптану экономикалық бағалау негізнде құрылады. Осы мақсатта халық шаруашылығының маңыздылығы тұрғысынан сұрыптау да қолданады.

Халық шаруашылық салаларын: өндірісттік, бей-өндірістік, және экологиялық деп бөліп қарауға болады .

Экологиялық шаруашылықтың пайда болуы табиғатты қорғау міндеттерінің қажеттігінен туды. Сондықтан, экологиялық шаруашылық табиғаты қорғауға, оның байлығын жаңғыртуға бағытталған мақсатты еңбек.

Табиғатты қорғау шаруашылығының мақсаты экология-экономикалық жүйелерді қалыптастырып дамыту . Ғылыми тұрғыдан экология-экономикалық жүйе деп - табиғат пен экономиканың дамуын айтамыз, яғни қоғамдық өндірістің табиғи қүбылыстарға сәйкес дамуын айтамыз .

Осыған сәйкес экология-экономикалық катынас – адамдардың табиғат пайдалану процестерінде табиғат байлығын қорғау, игеру және ұқсату жөніндегі бір – бірімен қарым-қатнасы. Ол екі жақты болады: әлеуметтік және ұймдастырушылық. Әлеуметтік қатнас негізіне меншік табиғат байлығын иеленушілік жатады. Ал ұйымдастырушылық негізіне өндіргіш куштердің даму дәрежесі және өндірістік қатынас жүйесі жатады. Қатынастың әлеуметтік жағы қоғамның экономикалық зандарын қолдану арқылы табиғат байлығын пайдаланудың қоғамдық ұйымдасуын қалыптастырады, ал ұйымдастырушылық жағы өндіріс кезінде тұрақты болып тұратын экологиялық мәселелерді шешіп отырады.

Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, тибиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуға тиіс. Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет.

Табиғатты қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану процестері бір-бірімен тығыз байланысты, оларды ешқашан бөлек қарастыруға болмайды. Табиғатты қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту табиғат байлығын пайдаланудың ең алғашқы бастапқы кезеңі. Оның басқа кезеңдері – табиғат байлығын игеру және ұқсату. Соңғылары өндірістік салаларға жатады.

Түптеп келгенде, табиғатты қорғау оның байлығын тиімді пайдалану қоғамның қажетін өтеуге бағытталған бір процесс болып табылады. Сондықтан, «табиғатты пайдалану», «табиғат байлығын пайдалану» сөзән қолданғанда оған табиғатты қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалану мәнін береміз.


Бақылау сұрақтары:

  1. Табиғи ортаны қорғау

  2. Табиғат байлығын қорғау



3-тақырып. Табиғатты пайдаланушы өндіріс салаларының даму болашағы

Жоспар:

  1. Экономикалық шығындар және оларды қысқарту жолдары

  2. Экономикалық оптиум

Лекция мақсаты: Табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау жүйесіндегі заңдылықтарын қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жургізіледі. Заңдылықтардың үйлесімділігі және жүргізілген шаралардың осы заңдылықтарға сәйкес болуы басты міндет. Табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау жүйесінде негізгі екі заңдылық тобын атауға болады. Бірінші, жалпы заңдылық – табиғат пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі тұрақты байланыстар заңдылығы. Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген арнайы заңдылықтар.

Осы заңдылықтар бойынша табиғат пайдалану мына төмендегі принциптер негізінде жүргізілуі керек

1. Басымдылық принципі. Табиғат заңдылығының қоғам заңдылыгынан үстемділігі. Табиғат және қоғам жүйесінде табиғат заңдылығы қатаң ескеріліп сақталып отыруы керек. Табиғат – қоғам бірлестігі табиғат заңдылығымен берілген, олар өзара тығыз байланысты. Осы байланыс бұзылмау үшін адамзат өзінің табиғатпен қатынасын табиғат заңдарына сүйене отырып жүргізуі керек. Табиғатқа ықпал жасау сол табиғат заңдылығының негізінде болуы керек. Бұл принципті сақтамау қоғамның дамуын тежеуге әкеп соғады.

2. Табиғат пайдалануды әлеуметтік қажетке бағыттау – табиғатты адам игілігіне айналдыру болып табылады. Табиғат байлығын пайдалануда қоғам мүддесі жеке салалардағы өндірістік мүдделерден жоғары қойылуы керек.

  1. Ондірісті экологиязациялау принципі. Өндірісті экологиязациялау табиғат қорын түгесілмейтін, оған нұқсан келтірмейтін технология арқылы өндірісті ұйымдастыру, экологиялық еңбектің өнімділігін арттыру. Өндірісті экологиязациялау мына бағыттарда жүргізіледі: экологиялық жүйелерді сақтау, қалпына келтіру; шикізат өндіруде озық технология қолдану; табиғат қорғау шараларын кеңіту; өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес орналастыру; табиғи ортаны ластауды азайту, жою, т.б.

4. Табиғат байлықтарының қоғамдық пайдалылығын арттыру және ұлғаймалы қалпына келтіру. Табиғат байлығын пайдаланушы салаларда ұлғаймалы өндіріс мына томендегі шарттар сақталғанда мүмкін болады:

-шикізат өндіру қарқыны материалдық өндіріс қарқынынан төмен болуы керек;

-шикізатты тиімді пайдалану арқасында өңдеуші салалардың өсу қарқыны -өндіруші салалардың өсу қарқынынан артық болуы керек ;

-қалдықсыз, аз қалдықты технология және табиғатты қорғау құрылымдарын қолдану қарқыны табиғатқа нұқсан келтіруші салалардың өсу қарқынынан басым болу керек ;

-табиғат байлығын қалпына келтіру шараларының дамуы табиғат байлығын өндіруші салалардың өсуінен кем болмауы керек ;

-табиғатты қорғуға жұмсалатын қаржының өсу қарқыны барлық материалдық өндіріске жұмсалатын қаржының өсу қарқынынан артық болуы керек.

5. Табиғат байлығын пайдалануды ғылыми негізде жүргізу принципі. Табиғат байлығын пайдалану, әсіресе оның тиімділігін арттыру мүмкіндігі ғылыми жолға қойылғанда ғана мүмкін болады. Қазіргі кезде табиғат байлығын пайдалану аса күрделі процесс. Табиғат байлығын қорғау және тиімді пайдалану процесстерінің табиғи ортаға әсерін, әсіресе ұзақ мерзімдік әсерін ғылыми негізде ғана болжауға және тиімді бағытта жүргізуге болады.

6. Оптималдық принцип. Табиғат байлығының пайдалану мүмкіндіктері, варианттары сан алуан. Олардың ішіндегі ең тиімдісін оптималдық принципін қолданып анықтауға болады.

7. Аймақтық принцип. Табиғат байлығының аймақтық орналасуы, рексурстың бір түрінің екінші түрімен бір аймақта үйлесімді орналасуы, орналасу тиімділігі аймақтық принцип колдануға мүмкіндік береді. Аймақтық принцип табиғат байлығын пайдаланудың, табиғи ортаны қорғаудың тиімділігін арттырудың басты негіздерінің бірі.

8. Кешенділік. Табиғат байлықтары адамзаттың сан алуан қажеттігін өтеіді, оларды ұқсату, өндіру, өндеу әдістері де сан қилы. Сондықтан кешенді пайдалануды талап етеді. Көптеген материалдық шикізат табиғатта таза турінде кездеспейді, қоспа түрінде болады. Сонымен қоса минералдық шикізатты өндіргенде, одан әлдеқайда мол мөлшерде тау жыныстары қазылады. Негізгі өнімдермен қатар жанама өнімдері, өндіріс қалдықтарын пайдалану кешенділік негізінде ғана жүзеге асады.

9. Нарықтың заңдарына сәйкес барлық табиғат байлықтарын пайдалану төлемді болуға тиіс.Төлемділік принципінің негізінде ғана табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау тиімділігін арттыруға болады.

Сонымен, табиғат қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты кешенді мәселе және олардың жиынтығын табиғат пайдалану деп айтамыз. Табиғат пайдалану экономикасы ғылымның жеке саласы ретінде өзге ғылымдармен байланысты дамиды және көп мәселелерді қамтитін сипатта болады.

Табиғат пайдалануда жіберілген кемшіліктердің бірі – мәселені жеке биологиялық, физикалық, механикалық, географиялық, құқықтық, денсаулықсақтау, философиялық тұрғыдан қарастыру. Мәселенің әлеуметтік-экономикалық жақтары нашарлау зерттелді. Жеке өндірістің салаларында да табиғат жүйесінің жеке заттары оларды өсіру, қорғау, пайдалану тұрғысынан қарастырылып, кешенді зерттеуге көп көңіл бөлінбеді. Егер мәселе табиғатты пайдалану пайдалану тұрғысынан зерттелсе, табиғат қорғау назардан тыс қалдырылды және керісінше, табиғат қорғау шараларын қарастырғанда тиімді пайдалану мәселесі ойластырылмады.

Табиғат пайдалану мәселелерін зерттеудің біртұтастығына жету өте күрделі. Сондықтан оған жеке мәселелерді іс-тәжірібелік тұрғыда зерттеу арқылы жетеміз. Сонымен қатар табиғат қорғау мен пайдаланудың жалпы мәселелерін қарастыру арқылы нақты мәселелердің шешімін табамыз. Жалпы заңдылықты білмей жеке мәселелер шешілмейді. Зерттеуде жалпыдан – жекеге, абстракциядан – нақтыға, одан тәжірибеге көшу әдісі қолданылады.

2. Табиғатты қорғау және пайдалану мәселелері табиғи кешендер бойынша, аймақ бойынша және жеке табиғат жүйелереін, ресурстарын пайдалану бойынша, жалпы кез келген жағдайда кешенді қарастырылуы керек. В.И.Вернандскийдің айтуы бойынша биосфера біртұтас зерттелуі керек, өйткені жеке организмдерінің дамуы бүкіл биосфераның эволюциялық дамуымен байланысты.

Табиғат пайдалану халықаралық мемлекеттік және аймақтық мәселе. Сондықтан барлық деңгейде қарастырылады.

Табиғат пайдалану дәрежесін бағалау әдістері барлық деңгейді қамтитын және алдын алу сипатында болуы керек. Өйткені табиғатқа әсерді, оның сипатын, зиянын алдын ала бағалау оның болдырмау шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Табиғат пайдаланудың мемлекеттік және жергілікті мәселелерін экономикалық механизмдерді жетілдіру арқылы шешуге болады. Бұл табиғат пайдалану экономикасының міндеті. Сонымен қатар табиғат пайдалану экономикасы табиғат қорғау заңдарына сүйенедеі және заңдардың орындалуын ұйымдастыру, бақылау, экономикалық ынталандыру тәсілдерін үйретеді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері

  2. Табиғат пайдалану мәселелерін зерттеу әдістері



4-тақырып. Табиғи ортаның сапасын және табиғат ресурстарын экономикалық бағалау теориясы

Жоспар:

  1. Табиғатты пайдалану және табиғат ресурстарын, табиғи ортаны бағалау қажеттілігі

  2. Экономикалық бағалау мәні, мағынасы, атқаратын қызметтері, міндеттері

Лекция мақсаты: Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың негізгі бағыттарын қарастыру.

Лекция мәтіні

1. Табиғат пайдаланудың мағынасы табиғат байлығын адамның қызметіне, оның белгілі бір тұтыну қажетін өтеуге жарату болып табылады. Осыган сәйкес өндіргіш күштердің белгілі даму дәрежесін игеруге болатын және экономикалық мәні бар, өндіріс қатынастарына тікелей аралысатын немесе пайдалануы мүмкін табиғи заттар мен күштерді табиғат байлығы деп білеміз.

Осы тұрғыдан кем дегенде екі негізгі қорытынды жасауға болады. Бірінші – табиғат байлыгы өндірістің негізгі элементтерінің бірі, онсыз өндіріс жоқ. Табиғат ресурсының өндіріске қатыстырылуын айтқанда біз оның тек алғашқы сатысын ғана аламыз, яғни табиғат байлығын өз ортасынан бөліп алу немесе сол ортада жұмыс істеу, табиғи заттарға еңбекпен тікелей әсер ету немесе табиғи күштерді еңбекте пайдалану. Алғашқы өңдеуден өткен, соның арқасында тауарға айналған заттарды қайта өңдегенде, тұтыну тауарларын шығарғанда жұмсалатын затты табиғат байлығы деп қарастырмаймыз. Мысалы, саз балшықтан кірпіш жасасақ, табиғат байлығын пайдаландық деп есептейміз, ал сол кірпіштен үй салсақ, олай деп айтпаймыз.

Екінші қорытынды – табиғат байлығын пайдаланудың алғашқы сатысынан бастап белгілі дәрежеде оны бағалауды бастаймыз. Саналы түрде ме, ғылыми тұрғыдан ба немесе іс қажекттілігінен бе әйтеуір бір бағалау болады.

Табиғат байлығын пайдалану керекпе? Тиімді ме? Қандай қажетімізге жаратамыз? - деген сияқты бағалау әрқашанда болады. Осылай бағалаулардың нәтижесінде табиғи заттар мен күштердің пайдалануға болатын, оның тиімділігін, қолданатын техника мен технологияны анықтаймыз. Яғни, табиғи заттар мен күштер бағалау нәтижесінде ғана табиғат байлығына айналады.

2. Бүгінгі күні табиғат байлығын экономикалық бағалаудың мәні ерекше артып отыр және біздің экономикамызда әлі толық зертелмеген мәселе. Өйткені көп жылдар бойы табиғат байлығын тегін пайдалану принципі үстемдік етті. Тегін затты экономикалық бағалаудың қажеттігі де жоқ еді.

Қазір табиғат байлығын экономикалық бағалау не үшін керек, қайда қолданылады, десек төмендегі негізгі бағыттарды атау керек:

1. Ұлттық байлықты есептеу;

2. Табиғат байлығын игерудің оптималды мерзімін анықтау, қай түрін, қандай кезекпен, қанша мерзімде игеру қажетін анықтау;

3. Ренталық табыстарды және төлемдерді анықтау;

4. Өндіру салаларының өнімдерінің өзіндік құнын, бағасын дұрыс есептеу;

5. Табиғат байлығын пайдаланушы кәсіпорындардың шаруашылық есеп мүмкіндіктерін есептеу;

6. Жеке экономикалық аймақтардың экономикалық мүмкіндіктерін есептеу және болжау;

7. Табиғат байлығын пайдалануды болжау,жобалау және жоспарлау;

8. Жеке кәсіпорындарды жобалау және экономикалық тұрғыдан жобаны дәлелдеу;

9. Арендалық, концессиялық тағы басқа төлемдерді есептеу;

10. Табиғат байлығын игергенде табиғи ортаға келетін экономикалық зиянды есептеу және табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін бағалау.

Осы келтірілген табиғат байлығын экономикалық бағалау негізінде шешілетін мәселелер оны қаншалықты маңызды екеніне және тез арада шешімін табу керек екеніне көзімізді толық жеткізеді. Нарық қатынасына толығымен өткен кезде қандай да болмасын шаруашылық мәселелерін, әсіресе өндіруші салаларында табиғатты пайдалануды экономикалық бағалаусыз шешуге болмайды. Өйткені барлық кәсіпорын табиғат байлығын пайдаланады, табиғи ортада жұмыс істейді және оған ықпал етеді. Біреулері табиғат байлығын өсіретін болса, екіншілері оны зерттейді, барлау жұмыстарын жүргізеді, санын,с апасын зерделейді; үшіншілері табиғат байлығын өндіріп пайдаланады немесе пайдалануға әзірлейді; төртіншілері – табиғатқа ластаушы заттар шығарып ауаға, суға,с жерге әсер етеді; бесіншілері – табиғаттың ассимиляциялық, рекрециялық потенциалын пайдаланады.

Егер бұрын экономикалық бағалау оптималдық есептеулерде, жоспарларда, болжамдарда ғана қолданылып келсе, енді ол тікелей шаруашылық қатынастарда қолданылады, меншік иесі мен табиғат байлығын пайдаланушылар арасындағы экономикалық қатынастрады реттеуде, арендалық қатынастарда, мемлекеттік және жергілікті салық, қаржы несие жүйелерінде толық қолданылады. Табиғат қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру, жауапкершілікті арттырып мұдде туғызу да экономикалық бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Табиғат байлығының экономикалық бағасы - оның халық шаруашылық құндылығының табиғат қорғау, байлағын өсіру, жаңғырту,қалпына келтіру, иғеру және ұқсату тиімі арқылы анықталған шамасы.

Табиғат байлығын экономикалық бағалау негізгі екі қызмет атқарады: есептеу және ныталандыру. Табиғат байлығы – ұлтық байлық, қоғамдық еңбекті үнемдеуші фактор, өндіріс қоры ретінде есептеледі. Құндылығын анықтау арқылы табиғат байлығын тиімді ,үнемдеп пайдалану ынталандырады, табиғатты қорғау жауапкершілігі арттырады. Сапасы, орналасу тиімділігі әр түрлі табиғат байлығын пайдаланушыларға біркелкі бәсекелестік жағдай туғызылады.

Экономикалық бағалаудың қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты шаруашылықбасқару экономикалық механизмі мен тетіктері арқылы табиғатты тиімді пайдалануға, оның қалыпты жағдайын қорғауғажұмылдырады.

Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі: шығындық және ренталық қағидасы және олардың бірнеше түрлері бар. Шығындық қағида бойынша табиғат байлығын экономикалық бағалаудың негізіне оны игеруге, пайдалануға жұмсалған шығындар алынады, ал ренталық қағида дифференциалдық рента түріндегі табиғат ресурстарыныңхалық шаруашылық тиімдерін есептеуге қурылған.

Ренталық қағидаға сәйкес табиғат ресурстарының экономикалық бағасы (Р) мына формуламен есептеледі:


Р = (Z - S) В,


мұнда: Z - өнімге жұмсалатын шеткі (жоғары) шығын немесе шеткі шығынмен есептелген өнімнің құны (бағасы);

S - табиғат ресурстарынан алынатын өнімге жұмсалатын дербес шығын;

В - уақыт факторын ескеріп, Z, S, шамаларының өзгерісін есептейтін дисконттау коэффициенті, нәтижелердің, шығындардың өзгерісін (құнсыздануын) есептеуге қолданылатын коэффициент.

Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі түрін ажыратуға болады: абсолюттік және салыстырмалы экономикалық бағалау.

Абсолюттік экономикалық бағалау табиғат байлығын ұлттық байлық құрамында, кәсіпорындардың, жеке аймақтардың балансында есептеу үшін, табиғат пайдалану төлемдерін анықтау үшін және табиғат байлығын тиімді пайдалануға ынталандыру мақсатында қолданылады.

Өз кезегінде абсолюттік экономикалық бағалау ағымдағы және ұзаќ мерзімдік экономикалық бағалаулар болып бөлінеді. Алғашқысы бір жылдық көрсеткіштер бойынша анықталады, табиғат ресурстарын пайдаланудың жылдық тиімі (жылдық дифференциалдық рента) есептеледі. Соңғысы табиғат ресурстары пайдаланылатын барлық жылдардағы тиімдер - ренталар жиынтығы болып табылады.

Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау түрлерін мына сызбадан көруімізге болады.


Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау түрлері

Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Похожие:

«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«сырдария» университеті «математика және экономика» факультеті «экономика» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 25. 05. 2005
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«экономика, басқару және қҰҚЫҚ» факультеті «экономика» кафедрасы «бекітілді»
В050600 «экономика» мамандығына арналған профильдік пәндер бойынша қорытынды мемлекеттік бақылаудың кешендік тестілеу
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«экономика, басқару және қҰҚЫҚ» факультеті «экономика» кафедрасы «бекітемін»
«КӘсіпорын экономикасы», «КӘсіпкерлік», «табиғатты пайдалану экономикасы» ПӘндері бойынша 5В050600 «экономика» мамандығына арналған...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«Сырдария» университеті Математика және экономика факультеті
Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«Сырдария» университеті Математика және экономика факультеті
Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«Сырдария» университеті Математика және экономика факультеті
Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«Экономика, басқару және құқық» факультеті «Маркетинг және құқық» кафедрасы «бекітемін»
«Кедендік әкімшіліктендіру», «Кедендік бақылаудың техникалық құралдары», «Кедендік инфрақұрылым және қойма шаруашылығы» пәндерінің...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«ЖОҒАРҒы оқу орнынан кейінгі білім беру»факультеті «экономика» кафедрасы «бекітемін» ОӘК төрайымы
М050600 «экономика» мамандығы бойынша түсуге арналған емтихан пәндерінің тізімі
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«Экономика, басқару және құқық» факультеті «Маркетинг және құқық» кафедрасы «бекітемін»
«Маркетинг» мамандығының типтік жоспарына сәйкес, типовым учебным программам дисциплин «Маркетинг», «Маркетингті басқару», «Маркетингті...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Отан және шетел тарихы» кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасының негізінде жасалынған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница