«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы




Название«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы
страница10/17
Дата конвертации12.02.2016
Размер2.06 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/Econ/Oralova.TabKorEcon-Z.doc
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

Бақылау сұрақтары:

  1. Табиғи ластаушылар

  2. Антропогендік ластаушылар



17-тақырып. Ластаушы заттарды шығарудың, табиғи ортада шоғырлануының жол берілетін шектері туралы ұғым

Жоспар:

  1. Атмосфераны қорғау шаралары

  2. Қорғау шараларының тиімділігін анықтау

Лекция мақсаты: Атмосфераны қорғаудың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. Атмосфераны қорғау шараларын төрт топқа бөлуге болады:

1. Техникалық тазалық шаралары: түтін мұржаларын биік салу, түтін, газ тазартқыштарын орнату, жабық газ шығармайтын технологиялық және тасымал машиналарын, қондырғыларын қолдану.

2. Технологиялық шаралар: толық немесе жартылай түйықталған технология қүру; шикізатты қалдықсыз өңдеу; шикізаттың, отынның зиянсыз түрлерін пайдалану; шикізатты өңдөу технологиясының зиянсыз түрлерін қолдану; өндірісті автоматтандыру.

3. Өндірісті үйымдастыру шаралары: ендірістік жасыл алаңдар, санитарлық алқаптар құру; өндірісті жел бағытына, жер жағдайына тиімді орналастыру; зиянды өндірістерді қаладан тысқары орналастыру; қалаларды, елді мекендерді көгалдандыру және тиімді орналастыру.

4. Тыйым салу, бақылау шаралары: ластаушы заттардың шығарылуын нормалау, шектерін белгілеу. Оларды уақыт, территория және зерзаттар бойынша шектеу. Атмосфера қорғау бағдарламаларын бекітіп, олардың орындалуын қадағалау. Жекелеген өте зиянды заттарды шығаруды тоқтатү, өндірісте қолдануға тыйым салу, т.б.

Бұл шаралар кешенді бір-бірімен үйлесімді қолданғанда ғана нәтижелі болады. Атмосфера қорғау шараларын жоспарлаудың басты мақсаты - табиғат қорғау шығындары мен экономикалық зиянның ең аз жиынтық, оптималды мөлшерін анықтау.

Кәсіпорыи шығаратын қалдықтарын тазаламайтын болса, оның табиғат қорғау шығындары аз болады, оның есөсіне табиғатқа келтіретін экономикалық зияны көп болады. Оларға табиғат қорғау, айып төлемдері белгіленеді. Түптеп келгенде, бәрібір шығынданады. Атмосфера қорғау шығындарын өздігінен жүргізенде экономикалық зиянға жол бермейді және айып төлемдерден құтылады.

2. Табиғи ортаның ассимиляциялық мүмкіндігі деп - оған біршама зиянды заттар шығарылғанда табиғат ресурстары алынғанда және басқа әсерлер келтірілгенде өзінің табиғи жағдайын сақтап қалатын мүмкіншілігін айтамыз, Табиғаттың осындай қасиетінің арқасныда белгілі бір шамаға дейін ауаға ластаушы заттарды шығара беруге болады, ауа өздігінен тазарады және ауаны тазартуға осы шамаға дейін ластаушы заттарды шектеуге (жоюга) ешқандай шығын шығармаймыз. Былайша айтқанда, табиғи ортаның ассимиляциялық қүндылығына сәйкес табиғат қорғау шығындары үнемделеді.

Атмосфераның ассимиляциялық сыйымдылығына топырақтың, минералдық шикізаттың, т.б. сапасы, өнімділігі көрсеткіштер сияқты көрсеткіш болып табылады. Соған қарап атмосфераға әсер ету мүмкінділігін, оның масштабын, шегін анықтаймыз.

Табиғи ортаға әсер етудің белгілі бір дәрежесіне жеткеннен кейін табиғи ортаның ассимиляциялық мүмкіншілігі таусылады, одан әрі қарай табиғи ортаның қалыпты жағдайы бүзылады. Мүндай жағдайда табиғат қорғау шығындарын күрт арттырүға тура келеді.

Әдетте, атмосфераның ассимиляциялық сыйымдылығы дөп - ластаушы заттарды шығарудың жол берілетін шамасы алынады. Ластаушы заттарды атмосфераға шығарудың нормалары жоғарыда айтылған талаптарға сай келеді.

Нормадағы мөлшерде ластаушы заттар табиғи ортаға, адамның дөнсаулығына зиян келтірмейді, яғни табиғат қорғау шығындары да жүмсалмайды. Ал егер шығарылған ластаушы заттар жиынтығы норма-дағы шамадан артатын болса, табиғи ортаның бар-лық рецепиенттеріне зиян келеді. Сондықтан оларды болдырмау шараларын қолдану керек, зиян бола қалған күнде оның зардаптарын жою керек, яғни табиғат қорғау шығындары жүмсалады.

Атмосфера қорғау шығындарына қазіргі кезде әрбір кәсіпорындарда, республика бойынша және халықаралық деңгейде едәуір шығындар жұмсалады және болашақта арта түседі. Күрделі тазарту қондырғыларын салу құрылыс қымбаттылығымен қоса, оларды пайдалану, жұмыс істеткізу шығындарына да едәуір қаржы жұмсауды талап етеді. Тазарту дәрежесін арттырған сайын өзіндік шығын мөлшері арта береді. Сондықтан әрқашан тазартудың оптималдық шамасын анықтай білу керек. Оптималдық шама табиғи ортаның сыйымдылығымен тікелей байланысты.

Табиғат қорғау шығындары өндірістің тазалығымен, шығарылатын зиянды қалдықтарды тазалау дәрежесімен тікелей байланысты. Қалдықтарды тазалау дәрежесін арттырған сайын шығындар артады. Тазалау көрсеткішіне қарсы шама ластау көрсеткіші дейтін болсақ, оны кеміту шығындарды арттырады. Яғни ластау көрсеткішінің нөл процентке таяу шамасына ең жоғары табиғат қорғау шығыны, ал 100 пайызы сәйкес келеді. Онын есесіне экономикалық зиян көрсеткіштің бастапқы төменгі дәрежесінде жоқтың қасы, ластау артқан сайын ол үдей түседі.

Атмосфера қорғау шаралырын жоспарлаудың басты мақсаты – табиғат қорғау шығындары мен экономикалық зиянның ең аз жиынтық, оптималды мөлшерін анықтау.

Атмосфераны ластаудан қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтау әр түрлі деңгейлерде шешімдер қабылдау үшін қажет болады. Бұл өте күрделі мәселе. Оның басты қиындығы ауаның кең таралып әр түрлі реципиенттерге уақыт және кеңістік бойынша әсер етуінде. Ауаны тазарту шараларының тиімділігін әр түрлі салалардан, әр түрлі мерзімде қарастыру керек болады. Мысалы, өнеркәсіпте қолданылатын тазарту қондырғысының тиімін денсаулық сақтау, орман, ауыл шаруашылығы, коммуналдық-тұрмыс салалардан іздеуіміз керек.


Бақылау сұрақтары:

1. Техникалық тазалық және технологиялық шаралары

2. Атмосфераның ассимиляциялық сыйымдылығы


18 – тақырып. Атмосфераның ластануынан болатын экономикалық зиянды есептеу әдістері

Жоспар :

  1. Экономикалық, экологиялық, әлеуметтік зияндарды есептеу, орнын толтыру шығындары

  2. Болдырмаған зиян шамасын есептеу

Лекция мақсаты: Экономикалық зиянды бірнеше көрсеткіштер кешенімен есептеу әдістерін қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. Атмосфераның ластануынан болатын экономикалық зиянды анықтау өте күрделі, бірақ қажетті жүмыс. Ол үшін: жеке зияндарды тура есептеу; ластану мөлшерімен зиянның сандық сипатын анықтау; халықтың денсаулығына, шаруашылықтың әр саласына, табиғат кешендеріне келетін өзіндік зияндарды анықтау; ластаушылардың жиынтық (энөргиялық) әсерін анықтау; ластаушылар әсерінің өзіндік нормаларын анықтау және т.б. әр түрлі әдістер қолданылады.

Осы аталған әдістерді қолданып экономикалық зиянды бірнеше көрсеткіштер кешенімен есептеуге болады. Олар: натуралдық, салыстырмалы, дәрежөлік, сандық және сапалық көрсеткіштер.

1) Ең алғаш атмосфераның ластану деңгейі бақылау нүктелерінде анықталады;

2) ластаушы заттардың ауада шоғырлануы немесе таралуы қарастырылады;

3) ластау шамасының адамның денсаулығына, табиғатқа, шаруашылық зерзаттарына натуралды әсерлері айқындалады;

4) осы әсерлердің сандық мөлшері арқылы экономикалық зиян шамасы есептеледі.

Экономикалық зиянды есептеудің негізгі үш тәсілі қолданылады:

1) тура есептеу;

2) талдау және факторлар бойынша есептеу;

3) тәжірибе негізінде (эмпирикалық) болжау және сарапшылардың бағалауы.

Тура есептеу тәсілі бойынша аймақтағы кәсіпорындар тағы басқа атмосфераны ластаушылар шығаратын зиянды заттар саны және сипаты анықталады. ол кәсіпорындарда қолданылатын технология, шикізат, отын-энергия, өндірілетін өнім, шығарылатын қалдықтарға сәйкес есептеледі. Содан кейін шығарылатын ластаушы заттардың атмосферада таралу немесе шоғырлану мүмкіншілігі айқындалады. Тәжірибелік өлшеулерге байқауларға сүйеніп, атмосфераның ластау дәрежесінің табиғат кешендеріне, шаруашылық салаларына, адамның денсаулығына әсерінің натүралдық көрсеткіштері анықталады. Ең соңында натүралдық көрсеткіштермен экономиклық зиянның түрақты байланысы, экономика-математикалық моделі жасалады және зиянның ақшалай шамасы есептеледі.

Факторлық талдау тәсілі бойынша экономикалық зиян шамасына әсер ететін факторлар анықталады, олардың экономикалық зиян шамасымен байланысы айқындалады. Әр фактор өскенде немесе кемігенде экономикалық зиянның өзгеру экономика-математикалық моделі жасалып жалпы мөлшері есептеледі.

Тәжірибелік тәсілде атмосфөраның ластануынан болатын зиян әрбір рецепиенттер бойынша зерттеу орындарында шағын өндірістерде, кәсіпорындарда, аймақта тексеріледі және алынған нәтиже кең аумақта, сала бойынша, аймақта сондай болады деп болжам жасалады. Сондай-ақ әр түрлі сала мамандарының сараптамалық бағалаулары қолданылады.

Атмосфера қорғау шараларының экономикалық көрсеткіштермен айқындауға болатын әлеуметтік, экологиялық, экономикалық нәтижелері есептеледі.

Экологиялық нәтиже деп - табиғи ортаға зиянды әсердің кемуін, зиянды әсерлерді болдырмау салдарынан табиғаттың жай-күйінің қалыпты жағдайының сақталуын, жақсаруын айтамыз. Табиғат байлықтарының генетикалық тұқым қорларының сақталуы және т.б. экологиялық нәтижегө жатады.

Әлеуметтік нәтиже - халықтың түрмысының жақсаруы, ұлттық байлықтың өсуі, халықтың ауруының азаюы, еңбекке жарамды жасының үлғаюы, денсаулығының, еңбек және демалыс жағдайларының жақсаруы және т.б.

2. Экономикалық нәтиже - табиғат ресурстарының, қоғамдық еңбектің үнемделуі, ысыраптың азаюы немөсе жойылуы, табиғат ресурстарынан алынатын өнімдердің артуы, сапасының жақсаруы, еңбек өнімділігінің артуы, шығындардың, оның Ішінде табиғат қорғау шығындарының үнемделуі.

Қолданылатын уақытша әдістеме бойынша негізінен экономиклық тиім есептеледі. Экологиялық және әлеуметтік нәтижелер жәнө оларға сәйкес тиімдер экономикалық көрсеткіштерге қосымша ретінде қолданылады. Бірақ, экономикалық тиімділік экологиялық, әлеуметтік тиімділік болғанда ғана қарастырылуы тиіс. Экономикалық тиімділігі қанша жоғары болса да, адамның денсаулығына, табиғатқа зиян келтіретін болса, ондай шаралар қарастырылмауы тиіс. Өлеуметтік, экологиялық түрғыдан қажетті деп табылған шаралардың экономикалық тиімділігі есептеледі. Ол үшін атмосфера қорғау шараларының түпкі нәтижесі мен жұмсалған шығындар салыстырылып, таза тиім, жалпы (абсолютті) және салыстырмалы тиімділіктер анықталады.

«Уақытша әдістеме» бойынша экономикалық зиян деп екі шығынның жиынтығы алынады: табиғат ластануын болдырмау үшін жұмсалатын шығындар және табиғатқа ластаушы заттар әсерінен болатын зиянның орнын толтыру, зардабын жою шығындары.

Экономикалық зиянмен қоса, әлеуметтік зияндар есептеледі. Оларды толық есептеу мүмкін емес, бірақ кейбір түрлерін нақты немесе жанама есептеуге болады.

Атмосфераның ластануынан болатын зиян құрамды, ол табиғи ортаның әрбір құраушыларына, халық шаруашылық салаларына келетін зияндардан тұрады. Экономикалық зияндарды есептеу үшін көптеген шартты қабылданған, экономика – математика әдістерімен анықталған шамалар қолданылады. Дәлділігін арттыру үшін оларды әлсін-әлсін қайта қарап нақтылап отыру керек.

Атмосфераны қорғау шараларының экономикалық тиімі экономикалық нәтиже мен жұмсалған шығын-дарды салыстыру арқылы анықталады. бұл көрсеткіш табиғат қорғау шараларының тиімділігін дәлелдеу үшін керек. Нәтиже мен шығындарды салыстыру үшін олар бір жылдық өлшемге келтіріледі. Әдөтте, таби-ғат қорғау шараларының құрылысы аяқталған жылға келтіріледі.

Еңбек ресурстарын, материалды, құралдарды, отын-энергия қорын пайдалануды жақсартқаннан болатын тиімдер:

- материалдық өндірісте – таза өнімнің өсімі бойынша есептеледі;

- бейөндіріс салаларында – шығындардың үнемімен анықталады;

- шаруашылық тиімі – пайданың өсімімен және шығынның үнемделуімен есептеледі.

Еңбек құралдарын, техниканы пайдалану жақсарғаннан болатын тиім олардың жұмыс істемей, ремонтта тұруының азаюынан, еңбекте машина қолдану уақытының артуынан, ремнтқа және басқа машиналарды жұмыс істету шығындарының азаюынан , еңбек өнімділігінің артуынан алынатын таза табыс бойынша анықталады.

Шикізаттың, материалдың, оттың ысырап болуының азаюынан болатын тиім таза өнімнің (пайданың) өсімі бойынша есептеледі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Ең алғаш атмосфераның ластану деңгейі бақылау нүктелерінде анықталады

  2. Еңбек ресурстарын, материалды, құралдарды, отын-энергия қорын пайдалануды жақсартқаннан болатын тиімдер



19 - тақырып. Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану және бағалау

Жоспар :

  1. Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану

  2. Табиғат сыйымдылығы

Лекция мақсаты: Минералдық шикізатты кешенді пайдалануды бірнеше натуралдық және құндық көрсеткіштермен сипаттау

Лекция мәтіні.

1. Табиғат байлығын тиімді пайдаланудың ең негізгі бағыты кешенділік. Табиғат қорғау шаралары да кешенділікті талап етеді.

Кешенді пайдалану деп - табиғат байлығының барлық тиімді қасиеттерін табиғи ортаға зиян келтірмей пайдалануды айтамыз.

Кешенді пайдалану уғымына өндіріс және түгыным қалдыкгарын пайдалануда кіреді.

Белгілі бір жағдайда минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану деп аймақтағы барлық ресурстарды пайдалануды айтады. Бұл ұғымға, минералдық шикізат кешенді барлау, мейлінше толық өндіру, өндірілген қорды кешенді пайдалану, шикізаттың жеке түрлерін кешенді үқсату үғымдары кіреді.

Минералдық шикізатгы кешенді пайдалану -өндірілген кешендегі пайдалы негізгі және қосымша элементтерді және өндіріс қалдықтарын пайдалану. Минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану - кен қорын және оны өндіргенде қосымша өнім болып табылатын тау жыныстарын, жер асты суларын, газдарды толық үқсату.

Аймақтағы кен көздерін кешенді пайдалану деп жақын орналасқан кендерді бір-бірімен байланысты ортақ игеруді айтады. Жеке-дара игеруге тиімсіз үсақ кеніштерді бірге пайдаланғанда тиімді болуы мүмкін. Өйткені ортак, байыту фабрикалары, ортақ өндірістік және әлеуметтік инфрақүрылымдар салынады. Соның нәтижесінде шығындарды үнемдеуге мүмкіндік туады.

Минералдық шикізатты кешенді пайдалануды бірнеше натуралдық және құндық көрсеткіштермен сипаттауға болады. Кешенді пайдалану дәрежесі: тауарға алынған элементтер саны, шамасы; кеннің құрамындағы пайдалы элементтерді айырып алу дәрежесі; тауарға алынған элементтер мен компоненттер құны; экономикалық тиім және тиімділік, т.б.

Минералдық шикізатты көшенді пайдалану көрсеткіштері: кешенді пайдалану дәрежесі - тауарға алынған элементтер саны; минералдық шикізат қо рын толық пайдалану - кеннің қурамындағы элементтерді айырып алу; жалпы көрсеткіш - тауарға алынған элементтер құнының кеннің құрамындағы элементтер құнына қатынасы, кешенді пайдалану тиімділігі - эко номикалық тиімдер сомасының шығынға қатынасы.

Шикізат қорын толық пайдалану дәрежесі жіберілген (жоғалтылған) қалдықтың шамасын өлшеу арқылы анықталуы мүмкін немесе алынған өнім мен есептелген өнім шамасын салыстырады.

Минералдық шикізатты кешенді пайдалану экономикалық тиіммен қатар экологиялық және әлеуметтік тиімдер береді. Минералды шикізатты кешенді пайдаланудың нәтижесінде: одан алынатын өнімнің түрлері және мөлшері кебейеді; қалпына келмейтін шикізат үнемделеді; өнімді алуға жұмсалатын шығындар үнемделеді; табиғи ортаға зиянды серлер азаяды; табиғат қорғау шығындары үнемделеді.

Қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктер кендегі барлық элементтерді алуға мүмкіндік береді, бірақ соның ішінде тиімділері ғана алынады. Міне, осы тиімді кешенділікті анықтау ерекше экономикалық мәселе болып табылады. Сонымен, шикізатты кешенді тиімді пайдалану мәселесі варианттардың тиімдісін анықтау мәселесіне айналады.

Кешенді пайдалану варианттарының экономикалық тиімділігін анықтаудың түпкі мақсаты – халық шаруашылық қажетін шикізаттан алынатын өнімдермен неғұрлым аз шығын жұмсап қанағаттандыру. Бұл тұрғыдан шикізатты кешенді пайдалану вариантын анықтау өндірістің, қолданылатын технологияның тиімдісін таңдау болып табылады. Осыған сәйкес шикізатты кешенді пайдаланудың тиімді вариантын таңдау әдісі өндірістің халық шаруашылық тиімділігін анықтау әдістерінен туындайды.

Минералдық шикізат қалдық шығарылмай кешенді пайдаланылатын болса табиғи ортаны ластамайды, сауықтыруға әсерін тигізеді. Соның салдарынан өсімдіктердің, жануарлардың өсіміне, адамдардың денсаулығына зиян келмейді, судың, ауаның, топырақтың тазалығы сақталады, негізгі қордың, басқа да мүліктердің тозуы тездетілмейді, пайдаланылатын табиғат ресурстары артады, т.б.

Кешенді пайдаланудың мүндай нәтижелерінің біршамасын экономикалық көрсеткіштермен айқындауға болады: нақты шығындар, болдырмаған шығын немесе орнын толтыру шығындары бойынша. Әйткенмен табиғат ресурстарын кешенді пайдаланудың толық нәтижелері нақты көрсеткіштермен есептеуге келмейді. Сондықтан кейбір нәтижелерді арнаулы әдістер қолданып есептеуге тура келеді.

Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану тиімділігі тек олардың саны мен сапасына ғана байланысты емес, олардың аймақтық үйлесімділігін тұтынушыларға жақындылығын, еңбек ресурсымен қамтамасыз ету жағын да қамтиды. Сондықтан табиғат ресурстарының аймақтык, үйлесімділігін экономикалық бағалау қажеттігі туады.

Табиғат ресурстарының аймақтық үйлесімдігін бағалалаудың бірнеше әдістері белгілі. Олардың ішінде ең қарапайымы - табиғат ресурстарының және түрлерінің бағалауларына, оларды үйлесімді, кешенді пайдалану тиімін қосу.

Табиғат ресурстарының жеке түрлерінің экономикалық бағасын ренталық негізде анықтайды. Сондықтан олардың аймақтық үйлесімдігін де кешенді ренталық бағалау қажет болады.

Алғаш кешен үйымдастыруға негіз болатын табиғат ресурстары бағапанады. Содан кейін оларменбірге пайдаланылатын табиғат ресурстары бағаланады.

2. Табиғат ресурстарын кешенді пайдаланумен байланысты табиғат сыйымдылығын үмытпауымыз керек. Ол әрқашан өндірісті шоғырландыруды шектеуші фактор болады. Табиғат ресурстарын кешенді пайдалануға байланысты өндірістің шоғырлануы артқанда, экономикалық тиімділік артады, бірақ табиғи ортаға зиян да еселеп артады, яғни жалпы экологиялық, әлеуметтік, экономикалық тиім кемиді. Сондықтан табиғат сыйымдылығын әрқашан ескеру керек. Сыйымдылық шегінде қорғауға аса көп қаржы жүмсамайақ табиғатты пайдалана беруімізге болады, ал шектен асқанда табиғат қорғау шығындары күрт артады және табиғаттың өздігінен қалпына келу мүмкіндігі жойылады немесе шектеледі. Сондықтан оны одан әрі пайдалану сарқылуға әкеп соғады.Сарқылудың әсері тек табиғаттың өзіне ғана емес, бүкіл адамзат, жан-жануарлар, өсімдіктер дүниесіне қауіпті.

Табиғат сыйымдылығын кешенді пайдаланудың тағы бір ерекшелігі, оның барлық табиғат пайдаланушыға бірдей болатындығы. Және табиғат пайдаланушылар өзіне тиістісін бөліп алып, басқалардың қажеттерімен санаспай оны пайдалана алмайды.

Табиғат сыйымдылығы барлығымызға ортақ, сондықтан да кешенді пайдалануды талап етеді. Табиғи тепе-теңділік заңдылығы да осы табиғат сыйымдылығына байланысты. Адамзат тіршілігінде мүндай заңдылықтың сақталуы үшін табиғат сыйымдылығын пайдалануды реттеп отыру керек.

Жеке табиғат пайдаланушылар тек қана өз мүддесін көздеп, табиғат сыйымдылығының шегінің өзінде, басқалардың табиғат пайдалану мүмкінділігін шектеуі мүмкін. Мысалы, бір ағаштың саясында бір мезгілде бірнеше адам ғана демала алады, одан артықтарының ондай мүмкіндігі болмайды. Қаланың паркінде бір мезгілде барлық қала түрғыны демала алмайды, ал парк құрылысына барлығының үлесі бірдей болуы мүмкін, соған қарамастан соның нәтижесін бірдей пайдалана алмайды. Қалада табиғат сыйымдылығының шегінде бір немесе бірнеше табиғатты ластаушы кәсіпорын салуға болады. Бүрын ондай кәсіпорын салынған болса, жаңа кәсіпорын орналастыру мүмкінділігі шектеледі.

Табиғат сыйымдылығын кешенді пайдалануды су қорын кешенді пайдаланумен сәйкес қарастыруға болады. Мысалы, бір өзен аумағында орналасқан бірнеше шаруашылық келісіп оны теңдей пайдаланбаса, өнімнің жоғары ағысында орналасқандар таза суды шектеусіз пайдаланады, өзеннің төменгі ағысындағыларға су жетпейді немесе ластанған су қалады. Сол сияқты табиғат сыйымдылығын реттеп пайдаланбаса, оған бұрын қол жеткізгендерге шектеусіз көрінгенмен, кейінгілерге жетпейді. Ал табиғат сыйымдылығын кешенді пайдаланғанда оның мүмкіншілігі жеке-жеке пайдалану мүмкіншілігінің жай ғана қосындысы емес одан анағүрлым артық болады. Пайдалану тиімділігі де жеке тиімдер қосындысынан артық болады. Өйткені мұнда синергиялық-үйлесімділік тиімі пайда болады.

Сонымен табиғат ресурстарын, оның ішінде табиғат сыйымдылығын, кешенді экономикалық бағалау мағынасы оларды үйлесімді пайдаланғанда алынатын қосымша тиімді барлық экономикалық, экологиялық, әлеуметтік тиімдерге қоса есептеу. Кешенді экономикалық бағалау да барлық табиғат ресурстарын экономикалық бағалау сияқты ренталық қағиданың негізінде жүзеге асырылады.

Минералды шикізатты кешенді пайдаланудың нәтижесінде: одан алынатын өнімнің түрлері және мөлшері көбейеді; қалпына келмейтін шикізат үнемделеді; өнімді алуға жұмсалатын шығындар үнемделеді; табиғи ортаға зиянды әсерлер азаяды; табиғат қорғау шығындары үнемделеді.

Өнімнің түрінің мөлшерінің көбеюі, шығындардың үнемделуі тау-кен рентасы арқылы көрініс табады, сондықтан арнайы есептеді талап етпейді.

Тиімді өндірістің ең басты белгісі – нақты және өткен еңбектің, табиғат ресурстарының үнемделуі, табиғи ортаға нұқсан келтірмеу. Осы белгіні табиғат ресурстарын кешенді пайдалануды бағалауға қолдануымызға болады. Варианттарды салыстыру үшін баланстық есептеулер жүргізілу қажет. Бірақ бұлай істеу көп қиындықтармен байланысты. Мысалы, минералды шикізатты пайдаланудың тиімді вариантын таңдау үшін әр кезде кәсіпорындарда, аймақ бойынша немесе республика көлемінде шикізаттан алынатын барлық өнімдерінің баланстық есептеулерін жүргізіп және оларды басқа балама варианттармен салыстыру қажет. Варианттар өте көп болуы мүмкін, сондықтан оларды есептеу электронды есептеу машинасының өзіне де қиынға соғады, шығыны көп.


Бақылау сұрақтары:

  1. Шикізат қорын толық пайдалану дәрежесі

  2. Тиімді өндірістің ең басты белгілері



20 - тақырып. Табиғат ресурстарын кешенді экономикалық бағалау және кешенді пайдалану варианттарын таңдау

Жоспар:

  1. Табиғат ресурстарын кешенді пайдаланудың табиғи ортаға әсері

  2. Қалдықты пайдалану тиім

Лекция мақсаты: Табиғат байлығын кешенді пайдалану жолдарын қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. Өткен тақырыпта табиғат ресурстарын кешенді пайдалану көпшілігінде минералдық шикізат мысалында қарастырылды. Сондықтан басқа табиғат ресурстарын кешенді пайдалану жолдарын айта кетейік.

Жер ресурстарын кешенді пайдалану ауыспалы егістік; маусымдық жайылым; климат жағдайларына сәйкес дақылдарды өсіру; жерді пайдалану қүрылымын жақсарту, қүнарлы жөрлерді ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге пайдаланып, басқа мақсатқа бөлуді шектеу: елді мекендерді, қалаларды, өнеркәсіпті, қүрылысты, қатынас жолдарын, т.б. жер жағдайын, қүндылығын ескеріп орналастыру; жер қорын қорғау, қалпына келтіру шараларын ұдайы үдете жерді пайдаланумен үйлестіріп жүргізу, т.б.

Су қорын кешенді пайдалану - ең бірінші кезекте ауыз су қажетін өтеу; ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, коммуналдық шаруашылықта, т.б. су үнемдеуші озық технологиялар қолдану, айналымды, қайтарымды, түйық су жүйелерін пайдалану; ластанған суларды тазарту; ілеспе жер асты суларын,

минералданған, тұзды, термалды (жылы) суларды пайдалану; су қоймаларын балықтандыру; су пайдаланудың барлық бағыттарын үйлестіру, т.б.

Орман қорын кешенді пайдалану - орманның экологиялық (ауаны тазартүшы, денсаулықты түзетуші, су қорғаушы, егістікті, жайылымды эрозиядан, қорғаушы, генофондтарды сақтаушы, т.б.) қызметтерін кешенді пайдалану; орманның қалпына келтіру, күтіп баптау, сауықтыру, санитарлық және басқа кесімдерін пайдалану; кесілген ағаш қорын кешенді пайдалану, т.б. Орманды жанама пайдалануға: мал жаю, шөп шабу, жеміожидек, саңырауқұлақ, дәрілік, техникалық өсімдіктер теру; шайыр, шырын даярлау; бал шаруашылығын құру; аң шаруашылығына, қүс өсіруге пайдалану, т.б. жатады. Қосалқы пайдалану: негізгі өнімдер мен қызметтерінен басқа өнімдер бүйымдар шығаруға пайдалану.

Биологиялык. қорларды кешенді пайдалану -негізінен олардың өсуіне, түқымын сақтауға, өнімділігін арттыруға жағдай жасай отырып пайдалану.

Атмосфераны кешенді пайдалану - оның табиғи және антропогендік ластануына жол бермей, өздігінен тазару қасиетін жетілдіру, тазалық норма-тивтерін, шектерін сақтау, т.б.

Табиғат сыйымдылығын кешенді пайдалану -оның қасиеттерін нашарлатпай пайдалану.

Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялардың тиімділігін және экологиялық, әлеуметтік тиімдерді есептеуге арналған бірнеше әдістемелер бар. Тиімділікті бағалаудың бірнеше белгілері ұсынылады.

Варианттардың салыстырмалы тиімділігін бағалау белгісі бойынша табиғи ортаға келетін экономикалық зиянды ескере отырып варианттар бойынша келтірілген шығындар салыстырылады.

Э = (С2 + ЕнК2 + У2) - (С1 + ЕнК1 + У1),

мұнда: Сгжәне С2,

К1 және К2- варианттар бойынша ағымдағы шығындар және күрделі қаржы;

У1 У2- табиғи ортаға келтірілетін экономикалық зиян.

2. Қапдықты пайдапану халық шаруашылығының тиімі табиғи шикізаттың орнына қалдықты пайдалану және табиғи ортаға қалдықтың зиянын болдырмау, сондайақ әлеуметтік тиімдердің жиынтығы болады. Қалдықты пайдаланып нақты өнім өндірудің халық шаруашылық тиімін әр түрлі саладағы тиімдерді қосып анықтауымызға болады.

Э1хш = Э1 + Э2 + Э3,

Э1 - қалдықты пайдаланып өнім шығаратын кәсіпорын алатын тиім. Ол табиғи шикізаттың орнына одан арзанға түсетін қалдықты қолданғанда алады. Әдетте өз өндірісінің қалдығын тегін пайдаланады, тек оны жинау, өндіріске қолдануға бейімдеу шығындары жүмсалады. Өндіріс шығындары сәл артуы мүмкін, ал оның есесіне шикізат қүны үнемделеді.

Эг - қалдықтан шығарылған өнімді түтынушылар алатын тиім. Жоғарыдағы айтқандарға сәйкес қалдықтан шығарылған өнімнің бағасы, шикізаттан шығарылатын сондай өнімге қарағанда арзан болуы мүмкін.

Э3 - қалдықты пайдаланудың экологиялық, әлеуметтік, экономикалық тиімдері



мұнда: Sші ,Sқі-і өнімді алғашқы шикізаттан және

қалдық қолданып өндіру шығындары; қалдықтан шығарылған өнім шамасы.

Э2=(S1 -S2) А2

мұнда: S1, S2 - шикізаттан және қапдықтан алынған өнімдерді пайдаланғанда А2 өнімді түтынушылардың шығындары.


Э3=(У12) Ао0


мұнда: У1 У2 - шикізатты және қалдықты пайдаланғанда табиғи ортаға келетін зияндар;

Ао - жылдық қалдық пайдалану шамасы;

Уо - қалдықты пайдаланбағанда табиғи ортаға келетін зиян.

Көпшілік жағдайда қалдықты пайдалану тиімін бүлай тура есептеу мүмкін болмайды. Өйткені алынатын өнімдер ассортименті, ресурстарды пайдалану дәрежесі, мерзімі, өндірістің табиғатқа әсері әр түрлі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда минимум шығындар бағалау белгісін қолдануға болмайды. Сондықтан қалдықсыз технология тиімділігін бір жағынан алынған өнімдердің қүндылығын және болдырмаған экономикалық зияндарды салыстырып, екінші жағынан, технологиялық процестерге жүмсалатын шығындарды салыстырып анықтау ұсынылады. Мұнда тиімді вариантты таңдау белгісі - ең жоғары тиім. Варианттар бойынша нәтижелерді есептегенде өнімнің бағасы, келтірілген шығын, шеткі шығын көрсеткіштері қолданылады. Бірақ бірыңғай әдістемелік негіз қамтамасыз етілуі керек.

Біраз экономистер қалдықсыз және аз қалдықты өндіріс, сондай-ақ табиғат ресурстарын кешенді пайдапану тиімін жалпы жиынтық нәтижеден (й) жиынтық шығыны (5) шегеру арқылы анықтауды қолдайды.

Варианттардың қайсысында жиынтық тиім ең көп болса, сол вариант тиімді деп есептеледі. Ұзақ мерзімде жүзеге асырылатын шаралардың экономикалық тиімін есептегенде жылдық нәтижелерді және шығындарды дисконттау әдісі қолданылады.

Жиынтық халық шаруашылық экономикапық тиім: өнімді шығару және түтыну тиімдерінен, қалдықтарды орналастыру, залалсыздандыру шығындарының үнемінен; шикізатты қалдықпен алмастыру тиімінен; табиғат ресурстарын өсіру, қорғау шығындарының үнемінен; геологиялық барлау, зерттеу шығындарының үнемінен; аймақтың кешенді даму, оны ресурспен кешенді қамтамасыз ету тиімінен; сыртқы сауда тиімінен; экологиялық және әлеуметтік тиімдерден түрады.

Тұтыну тиімі табиғат ресурсын кешенді пайдаланғанда алынатын қосымша өнімді түтынудан да болады. Мысалы, ауыл шаруашылық өнімдерін молайтуға керекті минералдық тыңайтқыш өндіруге қажетті күкірт қышқылын қалдықты пайдаланып алатын болсақ, онда тиімді қосымша алынған ауыл шаруашылық өнімдерін қоса есептейміз. Мүндай жағдайда тапшы өнімді қалдықтан өндіру тиімін қажеггі шеткі шығын шамасымен дербес шығындарды салыстырып есептейміз. Кейбір сирек кездесетін өнімдер, элементтер тек қана минералдық шикізатты кешенді өңдеу (қалдықты пайдалану) арқылы алынады.

Қалдықтан шығарылған өнімнің сапасы шикізаттан алынған өнімнен жақсы болғанда да тұтыну тиімі алынады. Мысалы, бетонның орнына жылу электр станцияларының күлін араластырған бетон қолдансақ, ол еңбек өнімділігін арттырады және өнімнің өзіндік қүнын арзандатады. Ауыл шаруашылығында сортаң жерлерді қүнарландыру үшін қолданылатын табиғи гипстің орнына фосфор өндірісінің қалдығынан шығарылған фосфо-гипс қолдансақ, жердің өнімділігін 20%-ке арттырады.

Қалдықтарды жинауға едәуір ауыл шаруашылық жерлері бөлінеді. Ал қалдықты пайдаланғанда жердің ондай ысырабы болмайды және қалдық жинауға бөлінген жердің орнына жаңа жер игеру шығындары үнемделеді. Сонымен қоса, қалдық полигондарын салуға және оларды пайдалану шығындары азаяды. Жиналған қалдықтардың табиғи ортаға келтіретін зиянды әсерлерінің салдарынан болатын экономикалық зияндар қысқартылады (немесе жойылады). Осыған сәйкес табиғат қорғау шығындары үнемделеді.

Қалдықты пайдалану тиімділігінің мысалын қарастырып көрейік.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

Похожие:

«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«сырдария» университеті «математика және экономика» факультеті «экономика» кафедрасы
Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне Ќр бѓМ 25. 05. 2005
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«экономика, басқару және қҰҚЫҚ» факультеті «экономика» кафедрасы «бекітілді»
В050600 «экономика» мамандығына арналған профильдік пәндер бойынша қорытынды мемлекеттік бақылаудың кешендік тестілеу
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«экономика, басқару және қҰҚЫҚ» факультеті «экономика» кафедрасы «бекітемін»
«КӘсіпорын экономикасы», «КӘсіпкерлік», «табиғатты пайдалану экономикасы» ПӘндері бойынша 5В050600 «экономика» мамандығына арналған...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«Сырдария» университеті Математика және экономика факультеті
Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«Сырдария» университеті Математика және экономика факультеті
Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«Сырдария» университеті Математика және экономика факультеті
Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«Экономика, басқару және құқық» факультеті «Маркетинг және құқық» кафедрасы «бекітемін»
«Кедендік әкімшіліктендіру», «Кедендік бақылаудың техникалық құралдары», «Кедендік инфрақұрылым және қойма шаруашылығы» пәндерінің...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«ЖОҒАРҒы оқу орнынан кейінгі білім беру»факультеті «экономика» кафедрасы «бекітемін» ОӘК төрайымы
М050600 «экономика» мамандығы бойынша түсуге арналған емтихан пәндерінің тізімі
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«Экономика, басқару және құқық» факультеті «Маркетинг және құқық» кафедрасы «бекітемін»
«Маркетинг» мамандығының типтік жоспарына сәйкес, типовым учебным программам дисциплин «Маркетинг», «Маркетингті басқару», «Маркетингті...
«сырдария» университеті «экономика және қҰҚЫҚ» факультеті «Экономика» кафедрасы icon«сырдария» университеті «Гуманитарлық білім» факультеті «Отан және шетел тарихы» кафедрасы
Жұмыс бағдарламасы Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасының негізінде жасалынған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница