Скачать 380.5 Kb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ «ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» ЕРЕЖЕ ПОЛОЖЕНИЕ «О СИСТЕМЕ ЭЛЕКТРОННОГО ОБУЧЕНИЯ В ОРГАНИЗАЦИЯХ ТЕХНИЧЕСКОГО И ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ» Алматы, 2011 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқыту жүйесі туралы» ереже 1. Қолдану саласы 1.1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқыту жүйесі туралы осы ереже (одан әрі – Ереже): - кәсіптік мектептердегі (лицейлердегі), колледждердегі электрондық оқытудың мақсатына қойылатын нормалар мен талаптардың жүйесін,, мазмұнын, құралдарын, формалары мен әдістерін тағайындайды; - ақпараттық қатынастық технологиялар саласындағы оқушылары мен педагогтардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын тағайындайды; - ақпараттық қатынастық технологияларды пайдалану көлеміне қойылатын талаптарды анықтайды. 1.2 Ереже:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдары білім беру іс-әрекетін лицензиялау, жалпы орта білім беру ұйымдарын аттестаттау, жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларды дайындау, құжаттардың орындалуын бақылау кезінде осы ереже пайдаланылады. 2. Нормативтік сілтемелер Осы Ережеде келесі құжаттарға сілтемелер пайдаланылды: 2.1. «Білім беру туралы» № 389-1 2007 ж. 27 шілдеден Қазақстан Республикасының заңы. 2.2. «Ақпараттандыру туралы» № 217-3 2007 ж. 11 қаңтардан ҚР-ның заңы 2.3. «Қазақстан – 2030» Ұзақмерзімді Стратегия. 2.4. «Келешекті бірге құрамыз» 2011 ж. 2 қаңтардан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы2.5. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу» 2010 ж 30 қаңтардан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы2.6. «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» 2009 ж. 6 наурыздан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы2.7. «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының өсуі – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» 2008 ж. 6 ақпаннан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы2.8. «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы» 2007 ж. 28 ақпаннан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы2.9. Қазақстан Республикасында 2011-2014 жылдарға Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. 2.10. Қазақстан Республикасында 2007-2012 жылдарға Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. 2.11. ҚР Укіметінің № 39 қаулысымен 2010 ж. 29 қаңтардан бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспары. 2.12. Бағдарламалық құжаттаманың біртұтас жүйесі. Терминдер мен анықтамалар» және б. СТ ҚР 1091-2002 Мемлекеттік стандарты. 2.13. ҚР Білім және ғылым минстрінің 04.06. 2009 ж. № 266 қаулысымен бекітілген «Қашықтықтық білімдік технологиялар бойынша оқытуды ұйымдастыру. Негізгі ережелер» ҚР Білім берудің Мемлекеттік жалпы міндетті стандарты. 2.14. «Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарында толық компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің №781 27.09.2004 ж. бұйрығы. 2.15. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің № 548 бұйрығымен 03.10. 2008 ж. бекітілген «Қазақстан Республикасының білім берудегі біртұтас ақпарат жүйесін ұйымдастыруы мен жұмыс істеуінің ережесі» 2.16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 452 қаулысымен 2007 ж. 2 маусымда бекітілген «Білім беру іс-әрекетін лицензиялау кезінде қойылатын мамандық талаптар» 2.17. ҚР МК 05-2008 «Орта білім беруден кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру кәсіптері мен мамандықтарының топтамасы». 2.18. «Орта білім беру. Техникалық және кәсіптік білім беру. Негізгі ережелер. ҚР МОББ 4.05-2008 ҚР Білім берудің Мелекеттік жалпы міндетті стандарты. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің № 587 бұйрығымен 30.12. 2010 жылы бекітілген. |