Автореферат 2010 жылы «26» шілдеде таратылды




НазваниеАвтореферат 2010 жылы «26» шілдеде таратылды
страница1/5
хатшысы А К
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.67 Mb.
ТипАвтореферат
источникhttp://old.ablaikhan.kz/upload/avtoreferats/avorefnurbekov.doc
  1   2   3   4   5




ӘОЖ 378.018.43(574) Қолжазба құқығында


НҰРБЕКОВ БАҚЫТ ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ


Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері


13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдiстемесi

(бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесін ақпараттандыру)


педагогика ғылымдарының докторы

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ






Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде орындалған



Ғылыми кеңесшілері:

педагогика ғылымдарының докторы

Е.Ө. Медеуов




педагогика ғылымдарының докторы

Е.Ы. Бидайбеков


Ресми оппоненттері:

педагогика ғылымдарының докторы

Т.О. Балықбаев





педагогика ғылымдарының докторы

С.С. Үсенов





педагогика ғылымдарының докторы

Ә.І. Тәжіғұлова







Жетекші ұйым:

әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті




Қорғау 2010 жылы «27» тамыз күні сағат 14.30-да Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.08.04 біріккен диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050022, Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі, 200, 208 ауд., мәжіліс конференц -залы


Диссертациямен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің (050022, Алматы қаласы, Мұратбаев көшесі, 200) және Ұлттық ақпараттандыру орталығының (050036, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 61а) кітапханасында танысуға болады.


Автореферат 2010 жылы «26» шілдеде таратылды.





Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы А.К. Қозыбай




КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында белгіленген Ұлттық инновациялық жүйені жасау адам іс-әрекетінің жаңа ғылыми және кәсіби бағыттарын айқындауды көздей отырып, бұл үшін кадрлар дайындаудың мамандандырылған жүйесін іске асыруды талап етеді.

Кадрларды дайындаудың мамандандырылған жүйесін жасауда ғылыми техникалық прогресстің қазіргі деңгейін ескере отырып, білім беру саласына қойылатын жоғары халықаралық талаптарды да қанағаттандыру қажет. Осыған орай, қазіргі қоғамға ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оның ішінде, қашықтықтан оқытуды ендіру осы салада нақты біліктілігі мен мамандығы бар кадрларға деген сұранысты арттырады.

Қашықтықтан оқыту тарихы ХІХ ғасырдың ортасынан басталады. Қашықтықтан оқытудың шетелдік және отандық тәжірибесі көрсеткендей бүгінде аккредитацияланған қашықтықтан оқыту сапа жағынан дәстүрлі оқытудан кем түспейтіні белгілі болып отыр.

Қазірде қашықтықтан оқытудың әртүрлі білім беру сатылары үшін іске асырылып қана қоймай, тіпті докторлық бағдарламалар бойынша да аккредитацияланған қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған.

Қазақстанда қашықтықтан оқыту, бүгінде, 20-дан астам оқу орындарында эксперименттік режимде жүргізілуде. Республикада қашықтықтан оқыту бойынша алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының (әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (ҚазМУ), Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (ҚазҰТУ), Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (ПМУ), Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ) және т.б.) тәжірибесі белгілі.

Алайда, қашықтықтан оқыту бірде «оқыту формасы» ретінде, бірде «қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып оқыту» ретінде басқада бірқатар жоғары оқу орындарында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, Қазақстанда бірқатар шетелдік оқу орындары (Лондон университеті, ТГУ, СГУ, ТИАСУР және т.б) қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда. 100 000-нан астам студенттері бар қашықтықтан оқыту мекемелері мегауниверситеттерге айналып, қашықтықтан оқытуды ірілендіруді көздеген бірлестіктер, консорциумдар құрылуда. Сол сияқты елімізде Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, С.Торайғыров атындағы ПМУ, ПМПИ, ИнЕУ сияқты Қазақстанның бірқатар оқу орындары кіретін, жалпы 40-тан астам оқу орындарын біріктірген «Сибирский открытый университет» ассоциациясы қашықтықтан оқытуды ірілендіруді көздейтін ашық білім беру бірлестігінің мысалы бола алады.

Осыған байланысты ашық білім беру кеңістігіндегі бәсекелестік жағдайда әлемнің алдыңғы қатарлы университеттер рейтингісіне еліміздің жоғары оқу орындарының енуі үшін қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығы деңгейінің жоғары болуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Кәсіби даму менеджменті тұжырымдамасы (А.И.Каптеров) оның әдіснамалық, тарихи, теориялық, технологиялық негіздерінің болуын қажет етеді. Салалық, жүйелік, іс-әрекеттік және ақпараттық-коммуникациялық әдіс-тәсілдер кәсіби қызмет дамуының әдіснамалық негізі болып табылады. Сол себепті, оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негізі жүйелік, іс-әрекеттік және ақпараттық-коммуникациялық тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы қажет.

Кәсіби қызметтің еңбек субъектісі, еңбек құралдары мен еңбек пәнін өзара байланыстыратын тұлғааралық қатынастар аясындағы үрдіс ретінде қарастырылатыны белгілі. Сондықтан, еңбек қызметі мен оның жүзеге асырылу шарттарын біріктіре негіздеу теориялық тұрғыда маңызды болса, ал еңбекті технологиялық тұрғыдан бөліп қарау кәсіби қызметті дамытуда практикалық тұрғыда маңызды. Олар біріге отыра, кәсіби құзырлылықты қалыптастырудың ғылыми-практикалық негізін құрайды.

Әрине, педагогика ғылымында кәсіби құзырлылық ұғымы жалпы анықталған. Біздің жағдайда оқытушылардың қашықтықтан оқыту бойынша кәсіби құзырлылығы - бұл оқыту барысында қалыптасып, қашықтықтан оқытуды кәсіби тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін кәсіби маңызды қасиеттер жиынтығы, сонымен қатар, кілттік, жалпы кәсіби, сол сияқты арнайы ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықтары жүйесін толықтыратын жүйе құраушысы ретінде оқытушылардың қашықтықтан оқыту кезінде іске асырылып, кәсіби іс-әрекеттер барысында дамитын интерактивті сапа.

«Қашықтықтан оқыту» ұғымына ғылыми-әдістемелік әдебиетте әртүрлі анықтама берілген. Осы зерттеу шеңберінде қашықтықтан оқыту ретінде, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қашықтықтан оқытудың арнайы дидактикалық құралдары негізінде ұйымдастырылатын оқыту формасын қарастырамыз.

Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың үздіксіз дамуы қашықтықтан оқытудың әдістемелік жүйесінің, яғни мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлерінің ақпараттандыру үдерісінің деңгейіне сәйкес болуын талап етеді.

Білімді ақпараттандыру мен қашықтықтан оқыту мәселелерін шешуде Қазақстанда Г.К.Нургалиева, С.С.Құнанбаева, Б.Б.Баймұханов, Е.У.Медеуов, Д.М.Жүсібалиева, Е.Ы.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, В.В.Гриншкун, Е.А.Нәбиев, Ж.К.Нұрбекова, А.Т.Шәкілікова, С.С.Үсенов, Г.Б.Ахметова, А.И.Тәжіғұлова, Ж.М.Тусубаева және т.б. ғалымдар елеулі үлес қосқан. Сонымен қатар, келесі шетел ғалымдарының Дейкстра, П. Деннинг, Д.Коллинс, Д.Кнут, С. Пейперт, Б.Хантер, И.В. Вострокнутов, С.Г. Григорьев, В.П.Демкин, С.А.Жданов, А.Ю.Кравцова, Г.А. Краснова, В.В. Лукин, Е.С.Полат, И.В. Роберт, И.Н.Скопин, О.Г.Смолянинова, А.Н.Тихонов, И.И.Трубина, С.А.Щенников және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады.

Алайда, қашықтықтан оқытуды талдау, білім беру мекемелерінің көбінде қашықтықтан оқыту бойынша ақпараттық-коммуникация құралдарын ғылыми -педагогикалық негізде қолдану тәжірибелерінің, оның үстіне, ол бойынша зерттеулердің де жеткіліксіздігін көрсетті. Тағы да бір шешімін таппай жүрген мәселе ретінде қашықтықтан оқытуда қолданылатын қолда бар ақпараттандыру құралдарының шашыраңқылығы мен олардың сапасының күмәнділігін айтуға болады.

Қашықтықтан оқыту бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектер мен тәжірибелерді зерттеу желілік оқу-әдістемелік кешендерді таратудағы кемшіліктермен қатар, қашықтықтан оқыту жүйесінің әртүрлі синхронды және асинхронды режимдерінде қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру деңгейінің төмендігі, желілік оқу материалының құрылымдалмағандығы, ақпараттандыру құралдарының қашықтықтан оқыту ерекшелігіне сәйкес жүйеленбегендігі сияқты келеңсіздіктерді көрсетті.

Қашықтықтан оқыту құралдары ақпараттандыру құралдары ретінде арнайы әдістемелік және технологиялық тәсілдерді талап етеді, ал бұл, өз кезегінде, оқытушылардың кәсіби құзырлықтарына қашықтықтан оқыту тиімділігіне әсер ететіндей маңызды талаптар қояды.

Қашықтықтан оқыту жүйелерінің стандартталған, қажет қызметтері толық қамтылған, қазіргі оқу орындарының жергілікті талаптарына сәйкес жасалынған қашықтықтан оқыту жүйесінің, сонымен қатар, қашықтықтан оқыту барысында ақпаратық-коммуникациялық технологияларға ғылыми түрде негізделген қолданбалы ресурстарды пайдалану әдістемесінің жоқтығы қашықтықтан оқыту бойынша педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін интеграциялап, әмбебап пайдалануға құзырлы оқытушыларды дайындауды қажет етеді.

Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің өзіндік жұмысы оқыту үдерісінің бастапқы құраушысы болады. Осыған байланысты, қашықтықтан оқыту сапасына оң әсер ететін тәсілдерді, оның ішінде, кәсіби құзырлы жеке тұлғаға бағытталған тәсілді іске асырудың қажеттігі туындайды.

Жоғарыдағы айтылғандар қашықтықтан оқыту бойынша, бір жағынан, оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру қажеттілігі, ал, екінші жағынан, педагогикалық, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың ғылыми тұрғыдағы әдіснамалық негіздерінің жоқтығы арасында қарама-қайшылық бар екенін көрсетеді.

Осы келтірілген қарама-қайшылықтан қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудың қандай педагогикалық, ғылыми-әдістемелік қажетті және жеткілікті шарттары бар, сондай-ақ теориялық және әдіснамалық негіздері қандай деген зерттеу мәселесі туындайды.

Жоғарыда келтірілген оқытушылардың қашықтықтан оқыту бойынша кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудың қажеттігі мен көрсетілген қарама-қайшылықты шешу зерттеу тақырыбының көкейкестілігін білдіреді.

Зерттеу мақсаты қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздерін жасау және оларды жүзеге асыру.

Зерттеу нысаны – жоғары оқу орнында қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру үдерісі.

Зерттеу пәні – қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері.

Зерттеудің болжамы: егер, қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздерінде:

  • қашықтықтан оқыту әдістерінің даму тенденциялары айқындалып, жеке тұлғаға бағытталған тәсіл негізінде қашықтықтан оқыту моделі жасалса,

  • қашықтықтан оқытудың анықталған тенденциялары ескеріліп, жеке-тұлғаға бағытталған оқытуды іске асыруды көздей отыра, ұсынылған қашықтықтан оқытудың моделін жүзеге асыратын қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру теориясы негізделсе,

  • педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ақпараттық интеграциялау негізінде қашықтықтан оқытудың аспаптық құралдарын интеграциялау арқылы пән мазмұнына сай қашықтықтан оқыту құралдары жасалып, қашықтықтан оқытуды басқару жүзеге асса,

  • белгілі бір ғылыми саланың жетістіктерін ескеріп, оқыту мазмұны мен оқыту әдістерін үнемі жетілдіру мақсатында қашықтықтан оқыту құралдарын жасаудың информатика-математикалық әдістері анықталып, апараттық-коммуникациялық технологиялардың, пәндік саланың ерекшеліктерін ескеретін қашықтықтан оқыту әдістемесі жасалынса,

  • қашықтықтан оқытудың педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларының даму тарихы мен логикасына сай оқытушыларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мен әлемдік заманауи ақпараттық магистральдың әдіснамасы бойынша оларды оқытудың арнайы курстары жасалынса,

онда қашықтықтан оқытудың ерекшелігін, студенттердің кәсіби дайындығының бағыты мен оқылатын пәндердің ерекшеліктерін ескере отырып оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қашықтықтан оқыту бойынша кәсіби құзырлылықтың қажетті деңгейде қалыптасуы қамтамасыз етіледі, өйткені, құзырлылық тұрғыда жеке тұлғаға бағытталған қашықтықтан оқытудың әдістемелік жүйесі іске асырылады.

Зерттеудің мақсаты, пәні және ғылыми болжамы келесі зерттеу міндеттерін қойып, шешу қажеттігін анықтады:

  • қашықтықтан оқытудағы педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ерекшеліктерін қарастырып, қашықтықтан оқыту жағдайын оқып талдау;

  • қашықтықтан оқытудың қазіргі даму тенденцияларын анықтай отыра, оларды қашықтықтан оқыту үшін ақпараттандыру құралдарын құралдарын жасау мен оларды қолдану ерекшеліктерін айқындау;;

  • есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыздандырудың динамикалық дамуы негізінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздерін жасау;

  • қашықтықтан оқыту құралдарын жасаудың информатика-математикалық әдістерін анықтау;

  • қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудың әдістемелік жүйесін жасау;

  • қашықтықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және педагогикалық технологиялардың даму тарихы мен логикасына сай қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мен әлемдік заманауи ақпараттық магистральдың әдіснамасы бойынша оқытудың арнайы курстарын жасау;

  • қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудың құралдары мен әдістерін, жасалынған әдістемесін эксперимент жүзінде сынақтан өткізіп, оқытушыларда қашықтықтан оқыту бойынша кәсіби құзырлылықтың қажетті деңгейде қалыптасуының қамтамасыз етілетіндігін көрсету.

Зерттеудің жетекші идеясы – қашықтықтан оқытудың даму тенденцияларын ескеретін, қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздерін жүзеге асыру қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастырудың негізгі факторы.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін педагогикалық білімнің әдіснамасына арналған іргелі дидактикалық зерттеулер, атап айтқанда (В.В.Краевский, П.И.Пидкасистый), білім берудің тұтастығы (В.С.Ильин, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин), жүйелілік тәсіл (И.Д.Зверев, Н.В.Кузьмина), кәсіби даму менеджменті тұжырымдамасы (А.И.Каптеров), қабылдау нысанын категориялау мен ойлау әрекетін кезеңмен қалыптастыру теориясы (В.П.Беспалько, В.С.Леднев), білім берудегі ақпараттық-телекоммуникациялық құралдарын қолдану әдіснамасын (И.В.Роберт, О.К.Тихомиров, М.П.Швецкий), ашық білім беру әдіснамасы, қашықтықтан оқыту теориясы (Е.С.Полат, С.А.Щенников) және басқа теориялар мен әдістер құрайды.

Зерттеу базасы. С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің қашықтықтан оқыту факультеті, біліктілікті арттыру факультеті, білім беруді ақпараттандыру орталығы және басқа қашықтықтан мамандарды дайындайтын факультеттер, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика факультеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультеті, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультеті мен аймақтық мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру орталығы.

Зерттеу көздері ретінде зерттеу мәселесіне қатысты философтардың, психологтардың, педагогтардың ғылыми-зерттеу еңбектері, Қазақстан Республикасының ресми, нормативті құжаттары, (Қазақстан Республикасы “Білім туралы” заңы, Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы), қаулы-қарарлары, қашықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешендер, электрондық оқулықтар, білім беру порталдары алынды.

Зерттеу мәселелерін шешу барысында келесі ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды: білім беруді ақпараттандыру, ашық білім беру мен қашықтықтан оқыту бойынша отандық және шетелдік ғылыми еңбектерді зерттеп талдау, сонымен қатар, оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талдау, жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттары мен нормативтік құжаттарын талдау, әңгімелесу, бақылау, дәрістік және практикалық сабақтарды жүргізу, оқытудың әдістемелік жүйесін модельдеу, тәжірибені талдау және жалпылау, педагогикалық зерттеулер мен эксперименттер.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • қашықтықтан оқытуды теориялық-әдіснамалық талдау негізінде қашықтықтан оқыту әдістерінің даму тенденциялары анықталды;

  • жеке тұлғаға бағытталған қашықтықтан оқыту моделі жасалды;

  • қашықтықтан оқытудың анықталған тенденцияларын ескеріп, жеке-тұлғаға бағытталған оқытуды іске асыруды көздей отыра, ұсынылған қашықтықтан оқытудың моделін жүзеге асыратын қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру теориясы негізделді;

  • қашықтықтан оқытудың жеке-тұлғалық тәсілге негізделген педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларын ақпараттық интеграциялау негізінде қашықтықтан оқытудың аспаптық құралдарын интеграциялау бойынша пән мазмұнына сай қашықтықтан оқыту құралдарын жасап, пайдалану арқылы қашықтықтан оқытуды басқарудың қажеттігі анықталып, жүзеге асырылды;

  • берілген ғылыми саланың жетістіктерін ескеріп, оқыту мазмұны мен оқыту әдістерін үнемі жетілдіру мақсатында қашықтықтан оқыту құралдарын жасаудың информатика-математикалық әдістері анықталды;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, пәндік саланың ерекшеліктерін ескеретін қашықтықтан оқыту әдістемесі жасалды;

  • қашықтықтан оқытудың педагогикалық және ақпараттық коммуникациялық технологиялардың даму тарихы мен логикасына сай оқытушыларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мен әлемдік заманауи ақпараттық магистральдың әдіснамасы бойынша оларды оқытудың арнайы курстары жасалынды.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша зерттеу нәтижелеріне талдау жасап, қашықтықтан оқытудың даму тенденцияларын анықтаудан, оқытушыларды қашықтықтан оқытуды жеке тұлғаға бағыттап жүргізуге дайындаудың мазмұны мен қашықтықтан оқыту бойынша кәсіби құзырлылықты қалыптастыру әдістемесін жасаудан, білімді ақпараттандыруды педагогика ғылымының саласы, ғылыми практикалық іс- әрекет ретінде, кадрларды дайындаудың бағыты ретінде қарастырып, дамытудан тұрады. Сонымен қатар, жеке тұлғаға бағытталған қашықтықтан оқытуды интеграциялау тұрғысынан жүргізу мүмкіндігі көрсетілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы жеке тұлғаға бағытталған қашықтықтан оқыту моделі қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыруда қолданылатындығымен қатар, қашықтықтан оқытуды бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуді іске асыруда оқу материалдарын іріктеп, логикалық құрылымдаудың, қашықтықтан оқыту құралдарын жасаудың информатика-математикалық әдістерінің ұсынылуында. Ұсынылған әдістеме қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлықтарының деңгейін арттыруға барынша мүмкіндік береді.

Диссертациялық зерттеу нәтижелерінің шынайылығы жүргізілген тәжірибелік эксперименттік жұмыстың кең ауқымымен, Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарынан алынған сарапшы ғалымдардың қатысуымен, сонымен қатар, зерттеу пәніне және қойылған міндеттерге сай жасалынған қашықтықтан оқытудың аспаптары, технологиялары мен әдістерін ендірудің оң нәтижелі көпжылдық тәжірибесімен қамтамасыз етіледі.

Зерттеудің негізгі кезеңдері.

Бірінші кезеңде (2006-2007 жылдар) зерттеу мәселесі бойынша философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге талдау жасалынды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты айқындалды.

Екінші кезеңде (2007-2008 жылдар) оқытушыларды қашықтықтан оқыту бойынша дайындау жолдары, сонымен қатар қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың әдістемесі жасалды.

Үшінші кезеңде (2008-2010 жылдар) оқу-әдістемелік кешені дайындалып, тәжірибелік-эксперимент жүргізілді.Алынған нәтижелер жоғары оқу орындарында практикаға енгізілді. Бұл кезеңде теориялық және тәжiрибелiк-эксперименттiк зерттеулерден алынған нәтижелер қорытындыланып, жүйеленді. Диссертацияны талапқа сай рәсімдеумен аяқталды.

Қорғауға ұсынылатындар:

  • қашықтықтан оқытуды теориялық-әдіснамалық талдау негізінде анықталған қашықтықтан оқыту әдістерінің даму тенденциялары;

  • жеке тұлғаға бағытталған қашықтықтан оқыту моделі оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

  • қашықтықтан оқытудың анықталған тенденцияларын ескеріп, жеке-тұлғаға бағытталған оқытуды іске асыруды көздей отыра, ұсынылған қашықтықтан оқытудың моделін жүзеге асыратын қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастыру теориясының негізделуі;

  • жеке-тұлғалық тәсілге негізделген қашықтықтан оқытудың педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларын ақпараттық интеграциялау негізінде, қашықтықтан оқытудың аспаптық құралдарын интеграциялау бойынша пән мазмұнына сай қашықтықтан оқыту құралдарын жасап, пайдалану арқылы қашықтықтан оқытуды басқарудың қажеттігі және оның жүзеге асырылуы;

  • белгілі бір ғылыми саланың жетістіктерін ескеріп, оқыту мазмұны мен оқыту әдістерін үнемі жетілдіру мақсатында қашықтықтан оқыту құралдарын жасаудың анықталған информатика-математикалық әдістері;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялары мен пәндік саланың ерекшеліктерін ескеретін қашықтықтан оқытудың жасалынған әдістемесі;

  • қашықтықтан оқытудың педагогикалық және ақпараттық коммуникациялық технологияларының даму тарихы мен логикасына сай оқытушыларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мен әлемдік заманауи ақпараттық магистральдық әдіснамасы бойынша оларды оқытудың арнайы курстары.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Диссертация мазмұны және оның негізгі қағидалары халықаралық ғылыми конференцияларда: «Математикалық модельдеу және білім беру мен ғылымдағы ақпараттық технология, IIІ» (Алматы, 2005), «Халықаралық 11-ші жоғары оқу орындары арасындағы математика және механика бойынша конференция» (Астана, 2006), «АКТ жаңартпашылық қоғам дамуының негізгі факторы ретінде» (Өскемен, 2007), «Мұнай-газ өндіру өнеркәсібінде ғылыми-технологиялық және экологиялық проблемаларды математикалық модельдеу» (Астана, 2007), «Физика-математикалық пәндерге оқытудың теориясы және әдістемесі», (Алматы, 2007), «Үздіксіз кәсіби білім беру жүйесінде ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалану» (Қызылорда, 2007), «Аймауытов тағылымы» (Павлодар, 2007), «Посткеңестік кезеңдегі саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуы: тәжірибелер, проблемалар мен ізденістер» (Павлодар, 2008), «Білім берудегі АКТ» (Екатеринбург, 2009), «III Торайғыров оқулары» (Павлодар, 2009), «АКТ дамуындағы ашық қашықтықтан білім берудің келешегі» (Алматы, 2009), «Дифференциалдық теңдеулер, анализ және алгебра проблемалары» (Ақтөбе, 2009), «Педагогикалық білім-Қазақстанның интелектуалдық және инновациялық ресурсы» (Семей, 2009), «Біріңғай білім беру ақпараттық орта: проблемалары және даму жолдары» (Томск, 2009) және республикалық ғылыми конференцияларда: «Педагогикалық білім бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың негізі іспетті» (Павлодар, 2009), «Ғылым мен өнеркәсіптің ықпалдасуы - ҚР экономикасы дамуының шешуші факторы» (Павлодар, 2005), V, VІІ,VІІІ, IX, X Сәтбаев оқуларында (Павлодар, 2005, 2007, 2008, 2009, 2010) баяндалды.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, 5 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

  1   2   3   4   5

Похожие:

Автореферат 2010 жылы «26» шілдеде таратылды iconАвтореферат 2010 жылы «27» наурызда таратылды
Республикасындағы көші-қон және оның әлеуметтік-демографиялық дамуға әсері (1991-2009 жылдар)
Автореферат 2010 жылы «26» шілдеде таратылды iconАвтореферат 2010 жылы «24» қыркүйекте таратылды
...
Автореферат 2010 жылы «26» шілдеде таратылды iconАвтореферат 2010 жылы қыркүйекте таратылды
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Автореферат 2010 жылы «26» шілдеде таратылды iconАвтореферат 2010 жылы қыркүйекте таратылды
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Автореферат 2010 жылы «26» шілдеде таратылды iconАвтореферат 2007 жылы «19» қыркүйекте таратылды
Жетекші ұйым: Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Автореферат 2010 жылы «26» шілдеде таратылды iconАвтореферат 2010 жылдың «28» қазан айында таратылды
Нәрестелердің қалыпты микрофлорасының құрылуы мен қалыптасуы кезіндегі колибактериофагтардың маңызы
Автореферат 2010 жылы «26» шілдеде таратылды iconАвтореферат 2010 жылы «15»
Диссертация 2010 жылы «3» шілде сағат 10. 00-де М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының...
Автореферат 2010 жылы «26» шілдеде таратылды iconАвтореферат 2010 жылы
Жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археология және этнология кафедрасында орындалды
Автореферат 2010 жылы «26» шілдеде таратылды iconАвтореферат 2008 жылѓы 20 мамырда таратылды
Ж±мыс Абай атындаѓы Ќазаќ ±лттыќ педагогикалыќ университетініњ теориялыќ жєне ќолданбалы саясаттану кафедрасында орындалѓан
Автореферат 2010 жылы «26» шілдеде таратылды iconРеферат 2012 жылы «10» мамырда таратылды
Педагогика жғне психология магистрі академиялық дғрежесін алу ‰шін дайындалѓан диссертацияныњ
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница