Скачать 2.19 Mb.
|
Лекция №12 Тақырыбы: Дүниетану пәнінің тұлға қажеттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері Жоспары: 1.Оқушыда ақпараттылық мәдениет қабілетін қалыптастыру. 2.Оқушыны сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру. 3.Оқушыға өз бетімен жұмыс істей білуге үйрету. Пайдаланатын әдебиеттер :
Лекция мәтіні: Қазір кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен білім деңгейімен анықталады. Сондықтан да әрбір мемлекеттің азаматы білім алуға міндетті. Біздің елде білім алуға көп көңіл бөлінеді. Себебі білімді адам ақ пен қараны айыра алатын, жоғары дәрежеде мәдениетті, еліне адал қызмет ететін болып келеді. Бастауыш мектептен бастап оқушыларға ақпараттылық мәдениеттілік қабілеттерін қалыптастыру қажет. Өйткені олар әлемде болып жатқан құбылыстар, саяси әрекеттер, ғылымның сан алуан жетістіктері, әртүрлі өнер түрлерінің пайда болуынан хабардар болуы керек. Оқушыларды жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеп, оқытудың нәтижесінде елдің алдыңғы қатарлы тұлғалары қалыптасады. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет білім беру жүйесін жаңарту болып табылады.Ал бұл міндет бастауышта оқыту саласына тікелей қатысты да маңызды. Сондықтан да бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуы керек. “Дүниетану” сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау негіздерін қалыптастырудың мәні өте зор. Оқушылар бүгінгі заман талабы, қоршаған ортамызда, табиғатта болып жатқан табиғи құбылыстар, олардың адам өміріне зияны мен пайдасын ажырата алуы үшін сыни тұрғыдан ойлау негіздерін қалыптастыруды қажет етеді. Сын тұрғысынан ойлау кез келген мазмұнды сынау емес, оны жан-жақты терең зерттеу, бақылау, талдау жасау үрдісі болып табылады. Сол шешімді іздеуде жай ойлау емес, шындалған ойлауды қолдану қажет. “Дүниетану” пәні негізінен үш блокты: “Адам”, “Табиғат”, “Қоғам” бірлестіретін пән болып табылады. Яғни “өмір әліппесі” болып саналған “Дүниетану” пәні бастауыш сыныпта жаратылыстану пәндерінің негізін қалайды. Дүниетану сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау негіздерін қалыптастырудың алғы шарттары мыналары:
Сын тұрғысынан ойлау негіздерін қалыптастырудың бірнеше әдіс-тәсілдері зерттелген. Бұл әдіс-тәсілдер дүниетану сабағының ұтымды да қызықты өтуіне ықпал етеді. Негізгі белгісі – оқушылардың оқу мәселелерін шешу барысында меңгерілетін жаңа білімдерді өздігінен табуы, сын тұрғысынан ойлау негіздерінің, шығармашылық ойлауының және оқушылардың танымдық белсенділігінің артуына мүмкіншілік тудырады. Дүниетану сабақтарында оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту олардың дүниетанымын, өмірге көзқарасын, сыни тұрғыда мәселені талдай алуын дамытып отырады. Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше. Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасын ұйымдастырудың тәсіл-амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
Оқушылардың өздік жұмыстарына сабақ үстінде меңгерген оқу материалын пысықтау үшін оқулық не басқа құралдар бойынша жұмыс істеуі, жаттығу жұмыстарын жазба түрде орындауы, түрлі практикалық немесе лабораториялық бақылау жұмыстарын өткізуі, шығармалар, пікір жазуы және көрнекі құралдар түрлерін жатқызуға болады. Оқушылардың үй жұмыстары мен оқу материалын қайталау кезіндегі өздігінен істейтін жұмыстарының да маңызы ерекше.Бұған қоса көрнекі құралдарын (карточкалар, схемалар, оқу карталары т.б.) пайдалана отырып өздік жұмыстарын ұйымдастырудың да пайдасы зор. Лекция №13 Тақырыбы: Дүниетанымдық ұғымдарды қалыптастыру Жоспары: 1.Оқушыларды сезімдік, логикалық, абстрактылы ойлауға бағыттау. 2.Алғашқы ұғымдардың біртіндеп ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру. 3.Білімнің білік пен дағдыға айналуы. Пайдаланатын әдебиеттер :
Лекция мәтіні: Дүниетанымдық ұғымдар бала кезден қалыптаса бастайды.Дүниетанымның негізі бастауыш мектептің өзінде қаланады да бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы дүниетанымының өмірмен байланыстығы берік сенімнен туады. Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс-әрекеті мен тәжрибесіне байланысты бекімеген дүниетаным берік болмайды.Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Бастауыш мектепте дүниетану пәнінің мұғалімі оқушылардың көзқарасаын өзіне аудартып, сеніміне кіру керек.Содан соң мұғалімнің басты міндеттерінің бірі оқушылар санасында интелектілік сезімдерді қалыптастыру болып табылады.Ол үшін көп оқу қажеттігін, оқусыз ешбір мақсатқа жете алмайтынын оқушыларға түсіндіру керек. Мұғалім дүниетану сабақтарында табиғат заңдылықтарын, өсімдіктер мен жануарлар әлемімен, олардың ерекшеліктерін, адам мен қоғам жайлы мәліметтерді бере отырып, оқушылардың бойында жанашырлық, адамгершілік, жауапкершілік, бауырмалдық т.б. сезімдерін тудырып дамытады. Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез-құлқының жиі көрінетін сезімдерінің бірі - адамгершілік сезімдер. Ал бұл сезімді бала бойында қалыптастыру ата-аналардың және мұғалімнің басты борышы. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Баланың сабақта жазуы, сабақ айтуы оның ойын дамытады. Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарының нәтижесінде оқушыларды логикалық ойы дамиды.Нәтижесінде оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттері шыңдала түседі. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды. Мысалы, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде “ақшыл” деген сөзді алсақ, бұл абстракциялық ұғымға жатады. Дүниетану сабақтарында оқушылардың абстракциялы ойлауын былай қалыптастыруға болады: мысалы, аға, іні, жиен, бөле десек “бауырмал” деген абсракциялық ұғым келіп шығады. Оқыту процесінде оқушылардың ойлау іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру олардың білімінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін фактордың бірі.Түсінік – шындықтың санадағы бір моделі. Ол тек объектілер мен құбылыстардың санадағы бейнесі болып қана шектелмейді, ойлаудың туындысы арқылы болатын іс-әрекет. Бастауыш мектепте дүниетану сабақтарында білім беру әдетте эмпирикалық (тәжірибелік) деңгейде жүргізіледі. Бұл түсініктерді дамытудың әдістемесі мына тұрғыда: табиғи объектілерді немесе оның көріністерін қабылдау – одан оны елестетуге, елестетуден – түсінікке, қарапайым түсініктен – күрделіге, күрделіден – арнайы түсінікке, арнайыдан – жалпы дүниетанымдық түсініктерге қарай,жүргізіледі. Дүниетану сабақтарында оқушылардың “адам”, “табиғат”, “қоғам” бөлімдерінен алған білімдері мынадай білік-дағдылардың жалғасын табады: Табиғат:
Адам:
Қоғам:
Лекция №14 Тақырыбы: Дүниетануды оқыту әдістері мен тәсілдері Жоспары: 1.Оқыту әдістері және оларға қойылатын талаптар. 2.Оқыту тәсілдері. Пайдаланатын әдебиеттер :
Лекция мәтіні: Оқыту әдісі дегеніміз-мұғалімнің оқушыларға білім мен тәрбие беру тәсілдері және оқушылардың білімді қабылдау барысындағы іс-әрекеттері - деп айтуға болады.Екі жақты бір-біріне тығыз байланысты және бір мақсатқа жету үшін жасалатын әрекеттер жиынтығы.Оқыту,білім беру көзі мен оқулықтың мазмұны міндетті түрде оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша анықталады. “Дүниетануды” пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі әдістер мен тәсілдердің қалыптасқандығы белгілі, және олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтастыруға болады.
Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негізгі болып табылады.Дәстүрлі сабақ беру ежелден келе жатқан білім беру жүйесі.Осы орайда білім берудің негізгі классикалық әдістері үшеу екендігі белгілі, олар сөздік әдіс,көрнекілік және практикалық әдістер.Қазіргі заманның талабына сай білім берудің жаңа әдістерді де оқу-тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда.Оқыту әдістері ғылыми- таным әдістеріне байланысты,өйткені оқытуда ең басты оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды.Бұл ережелер:оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практикамен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды;идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады.Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады. “Әдіс”пен “тәсілдің” шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы,сондықтан оның шекарасын анықтау өте қиын.Өйткені,әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Мысалы: 1.Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациялап көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады. 2.Оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып,тақырып бойынша нақты білім алса,онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады. 3.Лабораториялық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдістерінде қолданылады. 4.Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдаланылады. Лекция №15 Тақырыбы: Оқыту әдістерінің түрлері Жоспары: 1.Сөздік әдістер. 2.Практикалық әдістер. 3.Дүниетануды оқытуды көрнекілік әдістердің қолданылуы. Пайдаланатын әдебиеттер :
Лекция мәтіні: Дүниетану сабақтарында түрлі әдістер қолданылады. Солардың бірнешеуіне тоқталайық. Сөздік әдістерді қолдануда оқушылардың алатын білім көзі,мұғалімнің немесе оқушылардың сөзі болып табылады.Оқушылар тек пассивті тыңдаушы ғана емес тыңдау барысында олардың ойлау әрекеті дамиды. Сөздік әдістерге сұрақ-жауап, “сұқпат”, түсіндіру немесе баяндау,мұғалімнің әңгімесі,мектеп лекциялары,пікірталас жатады.Сұрақ-жауап әдісінің басты мақсаты оқушылардың сана-сезімін ояту,алға қойған мәселені, сұрақты шешу.Алға қойған мәселені,сұрақты шешу үшін мұғаліммен оқушының белсенді түрде қатысуы шарт, мұғалімнің педагогикалық дұрыс қойған сұрағына оқушылар жауап іздейді,ойлау қабілеттері артады.Мұғалім оқушылардың бұрынғы қалыптасқан білімдеріне сүйене отырып білім алуына мүмкіндік жасайды.Мұғалімнің жетекшелігімен сабақ соңында оқушылар өз білімін жаңа материалдың мазмұнын меңгеріп белгілі бір қорытынды жасауға дағдыланады.Сұрақ-жауап әдістерін жинақтап қорыту сабақтарында,жаңа білімді бұрынғы өтіп кеткен тақырыптармен байланыстыруы өте тиімді. Бірнеше ұқсас обьектілермен құбылыстарды оқу кезінде, сұрақ-жауап әдісін индуктивті түрде қарастыруға болады.Индуктивті әдісте жеке фактілерді таңдай отырып,бағыттаушы сұрақтар арқылы оқушыларды жалпы қорытынды жасауға итермелейді. Дедуктивті сабақты жүргізу барысында мұғалім оқушыларға бұрыннан белгілі жалпы ережелерді,көзқарастарды,пікірлерді,түсініктерді айта келіп,одан жеке-жеке таңдау арқылы қорытынды жасайды. Практикалық әдістер бұл мұғалімнің ұйымдастыруымен бағыттауының нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілетін асыратын сөздік, көрнекілік және практикалық жұмыстардың күрделі байланысы болып табылады.Практикалық әдістерді қолдану оқушылардың рецепторлары мен анализаторларын белсендіреді,еңбекке баулиды.Оқу- тәрбиелеу жұмысын іске асыруға практикалық жұмыстарды орындау өте құнды.Оқушылар бұрынғы алған білімдерін іс-жүзінде практикалық тапсырманы орындау нәтижесінде жүзеге асырады, дағдылары қалыптасады. Осындай жағдай ғана практикалық жұмыстар білім көзі болып табылады. Практикалық әдістердің түрлеріне жататындар: 1.Табиғи обьектілерді танып білу және анықтау. 2.Құбылысты бақылап есепке алу. 3.Эксперимент жасау. Практикалық жұмыстың барысында қойылған мәселе мен сұрақты практикалық жұмыстың көрсеткіші мен оқушылар дәлелдеуі керек. Көрнекілік әдісі мен практикалық әдіс кезеңіндегі оқушылардың бақылауының айырмашылығы жер мен көктей.Практикалық бақылау кезінде оқушылар өз бетінше жұмыс жүргізеді,өлшейді,есептейді келтіреді т.б. Осындай бақылаудың нәтижесінде оқушылар құбылысты дәлелдейтін материалдар жинайды. Осындай бақылаулар және эксперименттер сабақтарды,үйде, экскурсия кезінде, мектептің оқу-тәжірбие учаскісінде жүргізіледі.Оқушылар оны ауызша немесе жазбаша тапсырма бойынша жүзеге асырады. Көрнекілік әдісін қолдану,оқушылардың жаңа мазмұнды қабылдау және ойлау қабілетін дамытады. Дүниетану сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер 2 топқа бөлінеді. 1.Табиғи түріндегі (табиғи тірі обьектілер және препараттар). 2.Бейнелеу құралдары (таблицалар,сызба нұсқалар,муляждар,бейнефильмдер) Әсіресе табиғи обьектілерді демонстрациялау пәнді оқытудағы тиімділігі өте жоғары.Оқушылардың санасында өсімдіктер мен жануарлар жайында нақты ұғымдар қалыптастырылады.Дүнтетану пәндерін оқытуда өсімдіктерді демонстрациялауға мүмкіншіліктері мол өсімдіктері алдын-ала табиғаттан, тірі табиғат мүйісінен т.б. дайындауға болады. Лекция №16 Тақырыбы: Оқыту технологиялары және оларды пайдалану жолдары Жоспары: 1.Оқыту технологиялары жайлы түсінік. 2.Дүниетану пәнінде қолданылатын оқыту технологиялары. Пайдаланатын әдебиеттер :
Лекция мәтіні: “Технология” дегеніміз өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы.Міне технология сөзінің анықтамасы осындай. Ал педагогикалық технология-практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы. Педагогикалық технология үш деңгейде болуы мүмкін: 1.Жалпы педагогикалық деңгейдегі іс әрекеттер. 2.Салалық технология -бір пән шеңберінде қолданылатын әдіс тер мен құралдар жиынтығы. 3.Локальдік технология - жаңа материалды меңгерту технологиясы,қайталау мен бақылауды ұйымдастыру технологиясы т.б. сияқты жеке әреке ттерді орындау. Жаңа технологияға қойылатын талаптар:
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үзіліссіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталыа негізделеді. Педагогикалық технология бастауыш сатыда оқушының эмпирикалық (көрнекі бейнелі және көрнекі әрекетін), ойлау түрлерінің деңгейі жоғары болса, осыны тірек ете отырып логикалық (теориялық) ойлауын дамыту көзделеді. Бастауыш мектепте дүниетану сабақтарында мынадай жаңа оқыту технологияларын қолдануға болады: 1.Оқушылардың әрекетін жандандыру және жетілдіру негізінде:
2.Оқу процесін тиімді ұйымдастыру және басқару негізінде:
3.Табиғатты сүю және ұлттық педагогика әдістерін пайдалануға негізделген технологиялар:
В.М.Монахов “педагогикалық технология – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі” – деген анықтама берген. Ендеше педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеген әрбір ұстаз осы технологиялардың біреуін басшылыққа алып өз жұмысын сол технологияға сәйкестендіріп құрғаны жөн. Лекция №17 Тақырыбы: Оқыту нысандары Жоспары: 1. Оқыту нысандары туралы түсінік. 2. Дүниетану пәнін оқыту нысандары. Пайдаланатын әдебиеттер :
Лекция мәтіні: Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі нысандары пайдаланылды. Оқыту нысандарының бірте-бірте өзгеруі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және үдемелі ғылыми –техниканың өзгеруіне байланысты болды.Ерте кезде оқытудың жеке, топтық т.б. түрлері болды. Оқыту процесін ұйымдастыру нысандары дегеніміз арнайы ұйымдастырылып белгіленген тәртіппен режимне жүргізілетін оқу танымдық іс-әрекеттің процесі. Оқытуды ұйымдастырудың нысандары (“форма” – латынша сыртқы түрі, пішіні деген мағынаны білдіреді).Оқытудың жеке, топтық түрлері қалыптасқан. Оқыту процесін ұйымдастыру нысандарының классификациясының негізіне төменгі принциптер жатады.
Сабақ – оқушылардың топқа ұйымдасқан сынып (класс) деп аталатын мұғалімнің басқаруымен жүргізілетін оқу жұмысы.Сабақта әртүрлі оқыту нысандарын пайдалануға болады.Оқытуды сабақта ұйымдастырудың әр түрлі формаларында ұжымдық, топтық, жұп және дербес нысандары жатады.Оқыту нысандарын таңдап алу, біріншіден, оқу-тәрбие жұмысының міндеттеріне, екіншіден, оқу материалының көлемі мен күрделілігіне, үшіншіден, ұжымдағы оқушылардың оқу мүмкіншілігіне байланысты. Мектептегі “Дүниетану” пәндерін оқыту барысында сабақтан басқа да оқыту нысандары қолданылады. Сабақтың мазмұнына байланысты міндетті түрде өткізілетін танымжорықтар (экскурсия), сабақтан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар, жұмыстар, міндетті емес сыныптан тыс жұмыс түрлері, мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар мен тірі табиғат мүйісінде, арнайы кабинетте орындалатын жұмыстар. Сабақ кезінде мұғалім оқытудың барлық әдіс-тәсілдерін қолданады.Өсімдіктер мен жануарларды демонстрациялайды, зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу барысында, олардың құрылысымен таныстырады. Тірі ағзалар тіршілігінің дамуын, бір-бірімен қарым-қатынастарын білу үшін ұзақ уақыт бақылау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды, сондықтан оқытудың басқа нысандары қолданылады және ол сабақ оқыту нысанын толықтырады. Сабақ кезінде орындалатын практикалық жұмыстар, зертханалық жұмыстар, оқу-тәрбие учаскесі, тірі табиғат мүйісі, жас табиғатшылар үйірмесіндегі орындалатын жұмыстардың үлкен тәрбиелік маңызы бар. Олар оқушылардың танымдық қызығұшылығын, ұйымдастыру қабілеттілігі мен қоғамдық дағдыларын, еңбек мәдениетін және көпшілдік сезімін дамытады. Табиғаттың көркемділігі, оның байлығымен танысу, әсіресе топсеруен кезіеде отаншылдық және эстетикалық, экологиялық сезімдерін тәрбиелейді. Табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға бағытталған тәрбие жұмыстары жеке бастың әтикалық ерекшеліктерін де қалыптастырады. Лекция №18 Тақырыбы: Сабақ – оқытудың негізгі нысаны Жоспары:
Пайдаланатын әдебиеттер :
Лекция мәтіні: Оқытудың кең таралған сынып-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Сынып-сабақ нысаны оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізігі нысаны ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт-бағдар беріп, жетекшілік ролін атқарады. Сабақ – оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты нысаны болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді. Сабақ – күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады. Сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар мынадай болып келеді:
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшын маңызы ерекше.Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болады. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі мынадай:
Лекция №19 Тақырыбы: Дәстүрлі сабақ түрлері Жоспары: 1. Аралас сабақты өткізу әдістемесі 2.Зертханалық-практикалық сабақтар. З.Экскурсия және семинар сабақтары сабағы. Пайдаланатын әдебиеттер :
Лекция мәтіні: Дәстүрлі сабақ деп – бұрыннан қалыптасқан, бір жүйемен жүргізілетін сабақ түрлерін атаймыз.Бірнеше дәстүрлі сабақ түрлеріне сипаттама берейік. Аралас сабақты басқаша жалпы сабақ деп те атайды.Ол сабақтардың ең жиі кездесетін түрі. Сабақтардың қазір қолданылып жүрген жүйесін М.Н.Скаткин мен И.Я.Лернер ұсынған. Онда мынадай элементтер болуы мүмкін:
Озат мұғалімдер В.Шаталовтың, В.Давыдовтың, Л.Зориннің ұсынған нұсқаларын аралас сабақтарда қолданып, уақытты үнемдей отырып жаңа материалды терең игеруге негізделген. Олар: ақпаратты ірілеп беру, структуралық схеманы жетілдіру, ақпаратты модельдеу, тірек схемаларын пайдалану, сабақ үстінде оқушылармен кері байланысты жетілдіру, оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру т.б. Оқушылардың оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру керек: сыныптың белсенді оқушылар тобын құру, ауыспалы жұптық, өзара жарыса оқитын топтық ұжымдар өзіндік жұмыстар орындау керек. Бағалау қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болуы үшін оны тек мұғалім ғана емес оқушылар да қолдана алатындай болуы керек. Жаңа материалды бекіту үшін:
Үй жұмысын орындағанда оқушылар оқи білуге, өзіндік жұмыс істеуге үйренеді. Ол жайлы озат мұғалімдердің ұсынысы мынадай:
Оқушылардың дәптерін тексеруге оқушылардың өзін жұмылдырудың оқушылардың пәнге қызығуын арттырады. Тіпті оқушылардың өзіндік жұмыстарын да белсенді оқушыларға тексертуге болады. |
![]() | Лекция: 30 сағат «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі»,050103 “Педагогика және психология” мамандықтарының студенттері үшін | ![]() | «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін» М010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханының |
![]() | Таутаева гүлдариға батыршақызы бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның | ![]() | Педагогика кафедрасы «Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» пәнінен ДӘріс жинағЫ 5В010300-Педагогика және психология «Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий) |
![]() | «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы» «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының типтік оқу бағдарламасы (Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ) негізінде құрастырылды.... | ![]() | Диссертация тақырыбы Педагогика ғылымдары бойынша 13. 00. 02 – оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі... |
![]() | Курс – 2 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған Абай ат. ҚазҰпу -інің педагогика және психология факультетінің... | ![]() | Накыпова Гулнур Кабылтаевна Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары М010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін |
![]() | Заурбеков талғат талапбекұлы педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі математика) | ![]() | Мазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру Т. И. Бастауыш мектепте тұЛҒаны ұжымда тәрбиелеудің ерекшеліктері |