«Педагогика және спорт» факультеті “Педагогика бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы “ Бастауыш мектепте




Название«Педагогика және спорт» факультеті “Педагогика бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы “ Бастауыш мектепте
страница5/19
Дата конвертации12.02.2016
Размер2.19 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.153.154:280/CDO/Sillabus/PP/Abdukadirova.BastMekDun.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Тақырыбы: Кеңес дәуіріндегі жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі



Жоспары:

1. Б.Е.Райковтың әдістемелік еңбектері.

2. И.И.Полянский және Л.С.Севруктың еңбектері.

3. Қазақстан Республикасының ғалым әдіскерлерінің еңбектері.


Пайдаланатын әдебиеттер :


  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.

  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.

  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.

  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.

  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.

  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.

  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.

  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.

  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.

  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М., Просвещение, 1983.

  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.

  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.

  13. Красная книга Казахстана. Аламаты, 1998.

  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение, 1990.

  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.

  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.

  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1980.

  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.

  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.

  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.


Лекция мәтіні :


Жаратылыстану пәндерінің оқыту әдісін дамытуда профессор Борис Евгеньевич Райковтың (1880-1966) еңбектерінің маңызы ерекше. Ол сабақ беру әдістерінің проблемалары мен даму тарихын зерттеудегі еңбектері мен зоология оқулығының авторы. Ең бірінші рет биология пәнін оқытуда арнайы кабинеттік жүйеге көшуді қолдады.

Б.Е.Райков 1924 жылы Ленинградта биологиялық станция ашып ғылыми зерттеулер мен бақылаулар жүргізді. Табиғатқа экскурсиялар өткізудің білім деңгейін көтерудегі маңызын атап көрсетті.

Осы жылдары Наркомпрос мектептерде сабақ берудің жаңа әдістерін “лабораториялық” және “жоспарлау әдістерін” қолдануды нұсқады. Лабораториялық әдіс класс, сабақ кестесі, сабақтардың орнын алып, мұғалімнің рөлін кеңесші дейгейінде көрсетті. “Жұмыс кітапшаларында” тапсырмалар беріліп, ай соңында конференциялар өткізілді. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап оқу-ағарту жүйесінде жаратылыстану пәндерін оқытудың жалпы және арнайы оқу-әдістемелері қарқынды дами бастады.

1914 жылы Б.Е.Райков “Мектептегі жаратылыстану” жинағында А.Я.Гердтің еңбектерінің маңызын ашып көрсетті, ал 1922 жылы В.Ф.Зуевтың аса маңызды әдістемелік еңбектерін жаңғыртты.

1937-1941 жылдары “Мектеп биологиясы” журналы Б.В.Всесвятскийдің редакциясымен жарық көрсе, 1946-1948 жылдары Б.Е.Райковтың редакциясынан Ленинградтағы “Мектептегі жаратылыстану” журналы қайта жаңғырып кейіннен Москваға “Мектептегі биология” – деген атпен ауысты.

ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы Ч.Дарвиннің ілімін мектепке белсенді насихаттаушылардың бірі И.И. Полянский болды. 1917 жылы Полянскийдің “ Бастауыш жаратылыстану курсының әдісі ”- атты оқулығы жарық көрді. Автор оқушыларға сабақ берудегі ең басты міндет биологиялық құбылыстарды, организмдердің бейімделушілік қасиеттерін эволюциялық факторлармен байланыстырып түсіндіруді насихаттады.

А.Я.Гердтің еңбегін жинақтаушы Л.С.Севрук (1867-1918) болды. 1902 жылы “Жаратылыстанудың бастауыш курсының әдісі” атты еңбегін жазды.

Бұл оқулықта өлі табиғатпен қатар, өсімдік, жануар, адам организмдерін оқытатын арнайы әдістер де болды. Бұл әдістер сұрақ-жауап сабақтары, мұғалімнің әңгімесі, оқушыларға арналған сұрақтар және жауаптар түрінде жазылды. Сабаққа қажетті құрал- жабдықтар , препараттар даярлау және тәжрибелер қою тәртіптері, оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстары көрсетілді.

Автор оқушылардың психологиясын жетік білгендіктен олардың ойлау қабілетінің белсенділігін дамытуға, саналы түрде білім қалыптастыруына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, қабылдау кезіндегі эмоцияға көңіл аударды. Л.С.Севруктың әдістемесі қала училищелерінде, жоғары мектептердің мұғалімдерінің арасында кеңінен тарады.

Қазақстан Республикасының ғалым-әдіскерлері жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесіне өздерінің елеулі үлестерін қосты.Соның бірі педагогика ғылымдарының кандидаты, ботаник, 70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы Тәліп Мұсақұлұлы Мұсақұлов (1909-1987) болды.Ол “Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігін” (1962), “Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясын” және жоғары оқу орындарына арналған “Ботаника” оқулығын жазды.Қазіргі кездегі көрнекті әдіскерлер, бастауыш мектептегі “Дүниетану” оқулықтарының авторлары Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж,. Олейник З. т.б. әдіскерлер жаратылыстану пәндері әдістемесінің дамуына үлес қосты. Осы орайда Қыздар педагогикалық институтының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Қ.А..Аймағамбетованы ерекше атап өтуге болады.


Лекция №6

Тақырыбы: Дүниетану пәнінің мазмұны


Жоспары:

1.Оқу пәнінің мазмұнындағы жүйелілік және ғылымилық принциптері.

2. Оқу пәнінің мазмұнындағы түсініктілік және дәйектілік принциптері.


Пайдаланатын әдебиеттер :


  1. Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж. “Дүниетану” оқулығына әдітемелік нұсқау. Алматы, 1998.

  2. Аймағамбетова Қ.А. Олейник З. Дүниетану оқулығының хрестоматиясы Алматы, 1998.

  3. Аймағамбетова Қ.А., Олейник З. “Дүниетану оқулығына үлестірмелі дидактикалық материал, Алматы, 1998.

  4. Батурицкая Н.В. Дидактический материал по природоведению 4 класс. Минск, Нар - Асвета, 1985.

  5. Бибик Н.М. Ознакомление с окружающим миром во 2 классе. Пособие для учителей. Киев, 1984.

  6. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1984.

  7. Горощенко В.П. Хрестоматия по природоведению. М., Посвещение, 1979.

  8. Деревягин Г.Я. Птицы – друзья леса и сада. Алматы, 1995.

  9. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе. М., Просвещение, 1984.

  10. Запартович Б.В. Дидактический материал по природоведению для начальной школы. М., Просвещение, 1983.

  11. Ишмухамедова Н.Б. Сезонные экскурсии с основами экологии. Алматы, 1995.

  12. Ковалева Г.Е. Методика подготовки студентов к преподаванию природоведения в 4 классе. Л., ЛГПИ, 1976.

  13. Красная книга Казахстана. Аламаты, 1998.

  14. Клепинина З.А., Чмсиова Л.П. Уроки природоведения во 2 классе. М., Просвещение, 1990.

  15. Минаева В.М. Внеклассная работа по природоведению в начальных классах. Минск. Нар. Асвета, 1980.

  16. Муханов Б.В. Растительный и животный мир Казахстана. Алма-ата, 1978.

  17. Пакулова В.М., Кузнецова В.П. Методика преподования природоведения. М., Просвещение, 1980.

  18. Папорков М.А. Учебно-опытная работа на пришкольном участке. Пособие для учителей. М., Пргосвещение, 1980.

  19. Пакулова Н.А. Формирование познавательных интересов младших школьников в процессе изучения природоведения во 2 классе. Свердловск, СПИ, 1983.

  20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994.


Лекция мәтіні :


“Дүниетану” пәні – педагогикалық ғылымдар саласына жататын болғандықтан, оқыту процесінің жалпы заңдылықтарына сүйенеді.Оқыту процесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді.

Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды.Оқыту процесінің бірнеше принциптерін атауға болады.

Оқыту процесінде оқу бағдарламалары мен тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынша теориялық және практикалық мәселелер бірізділікпен белгіленеді. Жүйелілік және бірізділік принципі оқыту процесінде балаларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге (сабақ үстінде, үйде кітаппен, зертханада т.б.), сонымен бірге балалардың білімін жүйелі түрде тексеріп, есебін алып отыруда, оларды күнделікті сабақтарға дайындықпен келуге де үйретеді.Әр пәнде жүйелілік және бірізділік принципін ұстанудың маңызы зор. Мысалы, дүниетану пәнінде “адам” тарауын өтпей, “қоғам” тарауын өтуге болмайды, өйткені балалар өзін танып-білмей, қоғамдық қатынастарды түсіну қиынға соғады.

Оқытудың ғылымилық приципі табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді.Ғылыми принцип оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда еске алынып, оқыту процесінде жүзеге асырылады. Ғылыми принцип оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.

Оқыту процесі ғылыми ережелер мен теориялардың оқушылардың көзқарасы мен сеніміне ұласуымен сипатталады.Оқыта отырып тәрбиелеу – бұл баланың өмірге, білімге қатысы, ақыл-ойының қабілеттілігі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы.

Бастауыш мектептегі “Дүниетану” пәнінің әр тақырыбы қарапайым болып көрінсе де, ғылыми мазмұнға ие. Ал оны оқушыларға жан-жақты талдап түсіндіру мұғалімнің жан-жақты ізденушілігін қажет етеді.

Түсініктілік принципі оқытуды оқушылардың дайындық деңгейіне сай ұйымдастыруды талап етеді. Түсініктілік принципінен ережелер туады.Мысалы:

1.Жеңілден қиынға көшу. Мұнан оқушыларды таным іс-әрекетіне бірте-бірте үйрету, яғни нақты фактілерден жалпы қорытындыға көшу ұғымы туады.Дара фактілерді жинақтау негізінде жеке нәрседен жалпы қорытындыға көшуді индуктивті жол деп атайды.

2.Қарапайымдылықтан күрделілікке көшу. Мәселен, оқушыларға өсімдіктердің көбею жолдарын түсіндіру үшін, оларды ең алдымен өсімдіктердің құрылысымен таныстыру қажет.

3.Белгіліден белгісізге көшу деп оқушылардың өткен сабақтан алған біліміне сәйкес жаңа сабақ материалын меңгеруін, яғни сабақ үстінде білімді терең түсіріп, игеруін айтады.

Педагогикалық процестің дәйектілік принципі жеке адамның әр жақты дамуына, оқыту мен тәрбие үйлесімдігіне ықпал жасайды.Ақыл-ой, адамгершілік және еңбек тәрбиесін тығыз бірлікте қамтамасыз ету педагогикалық роцестің дәйектілік принципінің негізін құрайды.Адамның білімге, әр түрлі іс-әрекетіне сенімділігі, сонымен бірге ақыл-ой тәрбиесі қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек процесінде дамиды.

Дүниетану пәнінде осы аталған принциптермен қоса оқытудың мақсаттылық, саналылық және белсенділік, көрнекілік принциптері қоса ескеріледі және басшылыққа алынады.


Лекция №7

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Похожие:

«Педагогика және спорт» факультеті “Педагогика бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы “ Бастауыш мектепте iconЛекция: 30 сағат
«Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі»,050103 “Педагогика және психология” мамандықтарының студенттері үшін
«Педагогика және спорт» факультеті “Педагогика бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы “ Бастауыш мектепте icon«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін»
М010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханының
«Педагогика және спорт» факультеті “Педагогика бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы “ Бастауыш мектепте iconТаутаева гүлдариға батыршақызы бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
«Педагогика және спорт» факультеті “Педагогика бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы “ Бастауыш мектепте iconПедагогика кафедрасы «Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» пәнінен ДӘріс жинағЫ 5В010300-Педагогика және психология
«Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий)
«Педагогика және спорт» факультеті “Педагогика бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы “ Бастауыш мектепте icon«Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы»
«Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының типтік оқу бағдарламасы (Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ) негізінде құрастырылды....
«Педагогика және спорт» факультеті “Педагогика бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы “ Бастауыш мектепте iconДиссертация тақырыбы
Педагогика ғылымдары бойынша 13. 00. 02 – оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі...
«Педагогика және спорт» факультеті “Педагогика бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы “ Бастауыш мектепте iconКурс – 2
«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған Абай ат. ҚазҰпу -інің педагогика және психология факультетінің...
«Педагогика және спорт» факультеті “Педагогика бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы “ Бастауыш мектепте iconНакыпова Гулнур Кабылтаевна Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары
М010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін
«Педагогика және спорт» факультеті “Педагогика бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы “ Бастауыш мектепте iconЗаурбеков талғат талапбекұлы педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі математика)
«Педагогика және спорт» факультеті “Педагогика бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы “ Бастауыш мектепте iconМазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру
Т. И. Бастауыш мектепте тұЛҒаны ұжымда тәрбиелеудің ерекшеліктері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница