Скачать 2.19 Mb.
|
Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесіЖоспары: 1. А.Я.Гердтің жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі бағытындағы еңбектері.
Пайдаланатын әдебиеттер :
Лекция мәтіні : ХІХ ғасырда жаратылыстану бағытында А.Любеннің, А.Н.Бекетовтың еңбектері әйгілі болатын.Олардың оқулықтары шағын көлемді, әрі оқушылардың оқып-білуіне жеңіл болды. Бірақ любенисттердің әдістемесі мен оқулықтарына қарсы пікірлер көбейді. Олардың әдістемелік нұсқаулары оқулық мазмұнына сай келмеді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудан алшақ болды, қажетті биологиялық білім қалыптастыратындай мазмұнда болмады. Бұл проблеманы шешумен Александр Яковлевич Герд (1841-1888) айналысты. Гердтің еңбектері әдістеменің ғылыми негізін қалады. Гердтің мақалаларында, оқытудың мазмұны ғылымның жетістіктері мен дамуына сәйкес, сонымен қатар ғылыми көзқарасты қалыптастыратындай болуы тиіс делінген. А.Я.Герд оқытудың тәсілдерінде бірінші кезекте оқушылардың өзіндік ойлауын, тәрбиелеу, байқампаздығын және танымдық қызығушылығын дамытуды көздеді. Өзінің мақалаларында, оқулықтарының алғы сөзінде оқытудың нағыз биологиялық бағыттарын көрсете білді. Өсімдіктер мен жануарларды даму кезеңдерімен қоршаған ортаға бейімделуі және олардың құрылысын тіршілік қызметтеріне байланыста оқытуды көздеді. Индуктивті және дедуктивті әдістерді қатар қолдану керектігін айтты. Герд оқушылардың байқаған фактілер негізінде, қорытындылау, сараптау жасау арқылы ойлауын дамытуды бірінші кезекке қойды. Герд сол кездегі барлық мектептерде қолданылатын “ мазмұндау” әдісіне сын көзбен қарап, ол оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпайды, тек айтқанды есте сақтап қалу ғана көзделеді, сондықтан айтылған мазмұн тез арада естен шығады деп тұжырымдады. А.Я.Герд Ресейдегі Ч.Дарвин ілімін жалғастырушылардың бірі болды. 1868 жылы Ч.Дарвиннің “ Жануарларды үйсіндіру және өсімдіктерді қолдан өсіру” атты кітабын аударып, мектеп зоология курсын дарвинизм негізінде құрды, мектеп жоспарында биология курстарын оқытудың жүйесін көрсетті: 1.Бейорганикалық әлем ( өлі табиғат); 2.Өсімдіктер дүниесі; 3. Жануарлар әлемі; 4. Адам; 5. Жер тарихы. Осы құрылған жүйе әдістемелік тұрғыдан дұрыс деп қабылданып, совет мектептерінде оқу процесінде қолдана бастады. А.Я.Герд бастауыш мектеп үшін жаратылыстанудың жаңа курсы “Өлі табиғат” және оған “Мир божий” атты қосымша оқулық және мұғалімдерге арнап оқу -әдістемелік құрал “Пән сабақтары ”-еңбегін жазды. Әдістемелік құралдың бірінші бөлімінде сабақтардың өңделулері, топсеруендер, практикалық сабақтар және ізденіс бағытында жасалған үй тапсырмаларының әдістемелері берілді. “Минералогия сабақтары” ботаникадан қиын сабақтардың тақырыптық-жоспарлары берілген әдістемелік құралдары жарық көрді. Осы кезеңдегі Ресейдегі революциялық қозғалыстар халық-ағарту жұмыстарына кері әсер етті. Сол себепті 1871 жылы жартылыстануды оқыту ерлер гимназиясынан, қала училищелерінде, әйелдер және әскери гимназиялардың оқу бағдарламасынан алынып тасталды. 1901 жылы қайтадан гимназияның төменгі кластарына енгізілді. Сонда А.Я.Гердтің әдістері В.Ф.Зуевтың есімі сияқты ұмытылды. Жаңа мектептің ашылуы, оқу бағдарламаларының және жоспарларының жасалуына көптеген ғалымдар ат салысып, жаратылыстану пәнінің әдістемелік проблемаларын шешуге көптеген үлес қосты. Солардың бірі ботаника ғылымдарының профессоры Валериан Викторович Половцев (1862-1919) болды. 1901 жылғы Петербургте өткен орыс жаратылыс зерттеу ғалымдары мен дәрігерлердің ХІ-ші съезінде В.В.Половцев “ Орта мектептердегі оқу пәндерінің мақсаты” тақырыбында жасаған баяндамасында, жаратылыстану пәнін оқытудағы негізгі мақсат тәрбие және оны қалыптастыру үшін төмендегідей мәселелерге тоқталу керектігін көрсетті: 1.Сыртқы қоршаған ортаның құбылыстарын түсіну. 2. Өз организміндегі құбылыстарды тусіну. 3. Сезім мүшелерінің дамуы адамның психикалық дамуының басты, маңызды факторлар екендігін білу. 4.Белгілі тәртіпте және кең көлемде ойлау әдістерін жемісті түрде дамыту. 5.Оқушының тұлға ретіндегі рухани талаптарын кеңейту. Половцевтің негізгі ұстанымы оқушылардың дүниеге ғылыми – материалистік көзқарасын тәрбиелеу болды.Осы жылдары Половцевтің басшылығымен алғашқы “Мектептегі табиғат” атты әдістемелік журнал жарық көрді. В.В.Половцев өзінің оқу тәрбие жұмысындағы тәжірибелеріне және биолог-әдіскерлердің теориялық қағидаларына сүйене отырып жаратылыстану пәнінің алғашқы әдістемелік курсын жасады, 1904 жылдан бастап Петербург университеттерінде лекциялар оқыды. Осы жылдан бастап әдістеме жоғары оқу орындарында ғылыми пәндер қатарына қосылды. Лекция оқу барысында 1907 жылы “ Жаратылыстануды оқыту әдісінің негіздері” атты теориялық еңбегі жарық көрді. Половцев “биологиялық әдісті” өңдеуге аса көңіл бөлді және оны негізі үш принціпте қарастырды:
Половцев өзінің теориялық қағидаларын мұқият зерттеп, өңделген құралдарында көрсете білді: 1894-“Мектеп ботаникасының бағдарламасы” , 1941-“Ботаникадан практикалық сабақтар”, 1910-“Петербург аймағына, көктем мезгілінде жасалатын экскурсиялар”. Лекция №5 |
![]() | Лекция: 30 сағат «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі»,050103 “Педагогика және психология” мамандықтарының студенттері үшін | ![]() | «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін» М010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханының |
![]() | Таутаева гүлдариға батыршақызы бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның | ![]() | Педагогика кафедрасы «Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» пәнінен ДӘріс жинағЫ 5В010300-Педагогика және психология «Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий) |
![]() | «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы» «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының типтік оқу бағдарламасы (Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ) негізінде құрастырылды.... | ![]() | Диссертация тақырыбы Педагогика ғылымдары бойынша 13. 00. 02 – оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі... |
![]() | Курс – 2 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған Абай ат. ҚазҰпу -інің педагогика және психология факультетінің... | ![]() | Накыпова Гулнур Кабылтаевна Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары М010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін |
![]() | Заурбеков талғат талапбекұлы педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі математика) | ![]() | Мазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру Т. И. Бастауыш мектепте тұЛҒаны ұжымда тәрбиелеудің ерекшеліктері |