Скачать 2.19 Mb.
|
Тақырыбы:“Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” пәнінің негізгі компоненттеріЖоспары:
Пайдаланатын әдебиеттер :
20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994. Лекция мәтіні : Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні көптеген ғылым салаларымен байланысты.Ең алдымен студенттер мектеп курсында өткен табиғаттану, ботаника, жануартану, тәнтану, тіршіліктану , астрономия және т.б. пәндерінен алған білімдеріне сүйенеді.Сонымен қатар “Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы” пәні бұрынғы курстарда оқылған жаратылыстану негіздері және физиология пәндерінен білім негіздерін пайдалана отырып оқытылады, гуманитарлық пәндердің көзделген мақсаттарын сәйкестендіреді. Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні мынадай: педагогика, психология, валеология, мектеп жасындағы балалар физиологясы пәндерімен тығыз байланыста оқытылады. Осы білім негізінде дүниенің даму заңдылықтарын түсінетін жеке тұлғаны қалыптастыруға болады. Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру үшін енгізілді. Бұл пәннің теориялық негізі студенттер оқыған жаратылыстану циклі мен педагогика және психология пәндері болып табылады. Бұл пәннің көп бағыттылығы, көп пәнділігі және олардың арасындағы пәнаралық байланыс, оқытудағы жүйелілік және болашақ “дүниетану” пәнінің мұғаліміне қажетті білім мен білік деңгейі көрсетілген. Бұл пәнде студенттер әдістемелік білім мен білік дағдыларды жаратылыстану циклі және педагогика-психология пәндерінен білуі қажет екендігі байқалады. “Дүниетану” пәнінің мазмұнын меңгеру бастауыш мектеп мұғалімдерінен оқу-тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау және табиғатты, адамды, қоғамды, еңбек адамдарын оқуда оқыту әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдауды қажет етеді. Студенттер дүниетану пәнінің мазмұнында экологиялық, табиғатты қорғау, гумандық т.б. бағыттарды көре білуге үйрену қажет. Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәнін оқу барысында студенттер мынадай білімдермен қарулану қажет:
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы пәні студенттерді бастауыш мектепте “Дүниетану” пәнін жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстырып қана қоймай, адамзатты қоршап жатқан дүниені қорғау қажеттілігін сезінуге және оны жас буынның бойына сіңіре білуге бағыттайды. Лекция №3 Тақырыбы: Жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесінің даму тарихы Жоспары:
2. Академик В.Ф. Зуев – жаратылыстану әдістемесінің негізін салушы, еңбектері. Пайдаланатын әдебиеттер :
20. Сорокумова Е.А. Уроки экологии в начальной школе. Пособие для учителя, М.,1994. Лекция мәтіні : Жалпы жаратылыстану саласындағы ғылымдарды оқытып үйрету әдістемесі, мектептерде оқыту әдістерінің дамуы 18-ші ғасырдың екінші жартысынан дами бастады. Пәннің дамуына биология мамандары, ғалымдар, көптеген әдіскер мұғалімдер, көп жылдар бойы жүргізілген оқу- әдістемелік жұмыстардың нәтижесі зор үлес қосты. Әдістемелік құралдар мен оқулықтардың мазмұны тарихтың дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қоғамдық-әлеуметтік құрылымның ерекшкліктеріне тікелей байланысты болды. 18-ші ғасырдың бастапқы кезеңдерінде табиғат туралы пән жарық көрген жоқ. Осы ғасырдың екінші жартысында арнайы мектептерде жаратылыстану пәні оқыту процесіне енгізіле бастады. Екатерина ІІ-ші өз еліне білімді мамандар қажет болғандықтан, Ресейде мұғалімдер дайындайтын семинариялар (1783 ж), Халық училищелерін ашты, сол кезде “5 жылдық бас училищелер” және “2 жылдық кіші училищелер” деп аталатын оқу орындар ашылды.. Осы оқу орындарында академик Василий Феодорович Зуев (1757-1794) дәріс берді. 1786 жылы В.Ф.Зуев өз тегін көрсетпей 2 бөлімнен тұратын оқулық жазды. Оқулық “Орыс империясының халық училищелеріне арналған табиғат тарихының нұсқасы”-деген атпен жарық көрді. Осы кезеңнен бастап жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесінің тарихы басталды. Оқулықтың бінінші бетінде автор пәннің мақсаты мен міндеттерін алғаш рет ашып берді. Оқулықта В.Ф.Зуев жаратылысты, табиғатты оқытудың жүйесі мен оқыту тәртібін былай көрсетті: 1. Қазба байлықтар (Өлі табиғат ); 2. Тоңатын әлем (Өсімдіктер әлемі); 3. Жануарлар әлемі ( Зоология). Оқулықта өсімдіктер мен жануарларға, олардың биологиясына тоқтала отырып, адам өміріндегі пайдалану жолдарын да қамтыған. Оқулықта 148 жуық өсімдіктер мен 157-ге жуық омыртқалы жануарларға сипаттама берілген. Мазмұндауда автор Карл Линнейдің систематикасын басшылыққа алып, саралаудан аулақ болып, адам тіршілігіне пайдалы өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне көбірек тоқталған. Оқулықтың кіріспе бөлімінде, сабақ берушілерге арналған ұсыныстар келтірілді. Сабақты әңгімелеу барысында көрнекіліктерді пайдаланудың тиімділігін көрсетті. Оқулықтың екінші бөлімі “Жаратылыстану тарихының бейнелері” деп аталып, онда 57 сызбанұсқа, 193 сурет берілді. Осы бейнелер сабақ өту барысында оқушыларға таратылып берілуі тиіс. Оқулықтың құндылығы барлық биологиялық мәліметтер нақты, ғылыми тұрғыдан дәлелденген, оқушылардың алған білімдерін іс-жүзінде пайдалану жолдарын көрсете білген. Әулие Петр қаласында “Растущий виноград” журналының бас редакторы қызметін атқарды. Жаратылыстану пәнін оқытумен қатар В.Ф.Зуев сол кездегі жаратылыстануды оқытудың маңызды проблемаларын шешу барысында көптеген еңбек етті. Пәннің ғылымилығы, көрнекілігі, оқушылардың білімді саналы түрде игеруі, оқыту әдістерінің практикалық мәселелеріне тоқталды. Қорыта айтқанда, 18-ші ғасырдағы жаратылыстану пәнін оқытудың негізін қалаушы, оны бірінші рет оқу жүйесіне енгізуші В.Ф.Зуев болды. Лекция №4 |
![]() | Лекция: 30 сағат «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі»,050103 “Педагогика және психология” мамандықтарының студенттері үшін | ![]() | «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін» М010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханының |
![]() | Таутаева гүлдариға батыршақызы бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның | ![]() | Педагогика кафедрасы «Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» пәнінен ДӘріс жинағЫ 5В010300-Педагогика және психология «Қазіргі мектепте интерактивті оқыту әдістері» пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий) |
![]() | «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы» «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының типтік оқу бағдарламасы (Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ) негізінде құрастырылды.... | ![]() | Диссертация тақырыбы Педагогика ғылымдары бойынша 13. 00. 02 – оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі... |
![]() | Курс – 2 «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған Абай ат. ҚазҰпу -інің педагогика және психология факультетінің... | ![]() | Накыпова Гулнур Кабылтаевна Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары М010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін |
![]() | Заурбеков талғат талапбекұлы педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі математика) | ![]() | Мазмұны мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру Т. И. Бастауыш мектепте тұЛҒаны ұжымда тәрбиелеудің ерекшеліктері |