Омарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі




НазваниеОмарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі
страница1/11
Дата конвертации12.02.2016
Размер1.58 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://89.218.18.41/6287D342AAA58B7B/96319afc46bef9eba20545a167295694/Adistemelik_nuskhaulykh.do
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Омарова Лейла Ганиевна


Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде

практикалық мазмұнды есептерді қолдану

танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі




әдістемелік көмекші құрал


Астана 2014

Құрастырған: Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылсуат ауылының №39 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Омарова Лейла Ганиевна


Пікір бергендер: Ахтанова С.К. п.ғ.к., доцент Еуразия Ұлтық университеті


Сакенова А.К. Ақмола облысы Целиноград ауданы

Қызылсуат ауылы № 39 негізгі мектебінің директоры

Уздембекова А.К. Ақмола облысы Целиноград

ауданы Қызылсуат ауылы № 39 негізгі мектебінің

әдістемелік кеңестің төрайымы


Аталған әдістемелік нұсқауда мектептің бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамытудың жолдары көрсетілген. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, шығармашылыққа, алғырлыққа, зеректікке, тапқырлыққа баулиды.

Әдістемелік нұсқаулық бастауыш сынып мұғалімдеріне, жас мамандарға арналған.

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылсуат ауылы № 39 негізгі мектебінің әдістемелік кеңесінде қорғалды.

№ 1 хаттама.24.09.2014ж.


Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызыл суат ауылы № 39 негізгі мектебінің әдістемелік кеңестің төрайымы

Уздембекова Алтыншаш Кенесқызының бастауыш сыныптар мұғалімі Омарова Лейла Ганиевнаның «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі» тақырыбындағы әдістемелік көмекші құралына


ПІКІР


Қазіргі кездегі бастауыш мектептің маңызды міндеттерінің бірі-баланың логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамыту,ізденушілік дағдыларын қалыптастыру.Аталған міндеттерді шешуде математика пәнінің алатын орны ерекше. Бұның өзі математика сабақтарын оқушыларды ойлантатын,ізденімпаздыққа жетелейтін жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы жүргізу керектігін қажет етеді.

Аталған әдістемелік көмекші құрал оқушыларға логикалық ойлау қабілеттерін,ой-өрісін жетілдіреді,тапқырлыққа,қырағылыққа,ұқыптылыққа,сауаттылыққа,

ыждағаттылыққа баулиды.

Омарова Лейла Ганиевнаның «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі» тақырыбындағы әдістемелік көмекші құралы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытып,пәнге деген қызығушылығын арттырады.


Ақмола облысы Целиноград ауданы

Қызыл суат ауылы

№ 39 негізгі мектебінің

әдістемелік кеңестің төрайымы: Уздембекова А.К.


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ....................................................................................................................3


1 ПРАКТИКАЛЫҚ МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


  1. Практикалық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық
    қызығушылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері..........7

1.2 Оқушылардың танымдық іс -әрекеттерін практикалық мазмұнды есептер арқылы арттыру..................................................................................................... 20

1.3 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға қойылатын талаптар............................................................................................... 31

1.4 Бастауыш сынып математика оқулықтары мен оқу-әдістемелік
құралдарда практикалық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық
қызығушылығын дамытудың жағдайы................................................................43


  1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ПРАКТИКАЛЫҚ`МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


2.1 Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған практикалық мазмұнды есептерді іріктеу ............................................................63

2.2 Практикалық мазмұнды есептердің мәтінімен жұмыс істеу білігін қалыптастыру ..........................................................................................................83

2.3 Практикада мазмұнды есептерді қолдану ..................................................100


ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................103

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………...................................106


КІРІСПЕ

Ғылым мен техниканың ұдайы өсуі қоғам өміріне мәнді өзгерістер әкеліп жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жоғары талаптар қояды. Мұндай талаптар Қазақстан Республикасы жоғары білімінің мемлекеттік стандартында бекітілген. Олар «Қазақстан республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңында міндеттер түрінде нақтыланды. Атап айтқанда: «...жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» [1, 6 б.].

Аталған міндеттерді жүзеге асыру мектептің бастауыш сатысынан басталады. Бұл жайында «жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасында» бастауыш мектептің қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушының тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталатындығы негізделген. Онда: «бастауыш саты оқушысының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мақсаты оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарланады... әр пән ғылыми білім элементтерін, ұғымдар жүйесін міндетті түрде қамтиды және танымдық, дамытушы рөлімен қоса пропедевтикалық та қызмет атқарады» делінген [2, 7 б.].

Оқу пәндерінің ішіндегі «математика» пәнінің алатын орны ерекше. Математика пәнінің мазмұны мазмұндық-логикалық есептер мен тапсырмалар жүйесінен тұрады, ол оқушының зейінін, қабылдауын, қиялын, есте сақтауын, логикалық ойлау элементтерін дамытуға бағытталады. Бұл пән оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін, интеллектісін қалыптастырып дамытуды, математикалық тілдің элементтерін меңгертуді, «математикалық сауаттандыруды» басты мақсат етіп қояды [2, 13 б.].

Осы мақсатқа қол жеткізуде оқушылардың математикалық дайындығының үлесі мол. Оқушыларды математикадан терең және тиянақты білім, білік, дағдымен қаруландыру қоғамымыздың уақыт күттірмейтін талабы. Ондай талаптардың бірі - оқушылардың әрекеттерін есеп шығаруға бағыттау. Ал осы талаптарды орындаудың бірден бір жолы - практикалық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту.

Бастауыш сыныпта оқушылардың танымдық қызығушылығы тұрақты сипатқа ие бола бастайды, яғни білімге деген талпыныстары пайда болып, ғылымның әр түрлі салаларына, табиғаттың әр түрлі құбылыстарына және қоғамдық өмірге танымдық көзқарастары біртіндеп өзгереді. Оқушылардың танымдық қызығушылығының дамуына негізінен білім мазмұны, мұғалімнің оқу үдерісін тартымды ұйымдастыруы, қолданылатын материалдардың нақты, көрнекі болып келуі, оқушыларды белгілі нысанды тануға бағытталған белсенді ұжымдық әрекетке жұмылдырылуы әсер етеді. Танымдық қызығушылықты дамытуға мазмұны мен түрі жағынан жаңа, оқушылардың өз бетімен белсенді ойлауын тудыратын тапсырмаларды таңдау арқылы қол жеткізіледі.

Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында олардың іс-әрекетін белсенділендіруде есептерді, оның ішінде практикалық мазмұнды есептерді қолданудың мүмкіндігі зор.

Көптеген ғалымдардың, зерттеушілердің, математик-әдіскерлердің, психологтардың, математика мұғалімдерінің еңбектері осы мәселені шешуге бағытталған.

Окушылардың таным үдерісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығуын дамыту жөнінде зерттеулер аз емес. Бұл аса маңызды мәселенің психологиялық негізін В.В. Давыдов, А.Н. Леонтьев, А.М. Лурье, С.Л. Рубинштейн, Л.В. Эльконин, педагогикалық жақтарын Л.В. Занков, Т.И. Шамова, Г.И. Щукина, П.И. Пидкасистый және т.б. ғалымдар зерттеді. Бұл зерттеулерде танымдық әрекет пен қызығудың табиғаты мен мәні ашылды, оларды қалыптастырып жетілдірудің психологиялық-педагогикалық жағдайлары анықталды, құрамдары мен әдістері сараланды.

Математиканы оқытуда есептердің рөлі мен орнын анықтау және есептерді шешуді оқыту әдістемесін жетілдіру мәселелері Б.Б. Баймұхановтың, И. Бекбоевтың, Ю.М. Колягиннің, Л.С. Ланың, А. Нұғысованың, А.М. Пышкалоның, В.П. Радченконың, Н.К. Рузиннің, С.И. Сельдюкованың, Е.Н. Тальянованың, Ю.И. Хайдуковтың, және тағы басқалардың еңбектерінде орын алған.

Әр түрлі типтегі есептерді шешу әдістемесіне И.Ц. Ачараевтың, Т.Ә. Әлдібаеваның, Ж.Т. Билялованың, О.А. Ивашованың, К. Изатуллоевтың, Т.Б. Лидің, М. Мирзоахмедовтың, Р. Тасболатованың, С. Утепкалиевтің зерттеулері арналған [3, 25 б.].

Бастауыш мектептің математика сабағында есептер, оның ішінде практикалық мазмұнды есептер шығару арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мәселесінің қаншалықты зерттелгендігін анықтау мақсатында жүргізілген талдау нәтижелері мыналарды көрсетті: жалпы математиканы оқытуда есептердің алатын орны, рөлі және маңыздылығы, оларды шығару әдістемесі және т.б. мәселелер әр түрлі деңгейде қарастырылғанымен бұл зерттеулерде нақты бастауыш мектептің математика сабағында практикалық мазмұнды есептер шығару арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мүмкіндігі арнайы көрініс таппаған.

Ғылыми-практикалық мәнділігі, бастауыш мектептегі математиканы оқыту үдерісінің ерекшілігі диссертациялық жұмыстың тақырыбын: «Бастауыш мектептің математика сабағында практикалық мазмұнды есептер шығару арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту» - деп атадық.


1 ПРАКТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Практикалық мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері

Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Психологияда бастауыш мектеп оқушыларының жасы, көбінесе, білімді меңгерудің, зейінділіктің жасы деп саналса, педагогикада - бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, қалыптастыру сияқты өмірлік маңызы бар функцияларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады [4. 70 б.]. Осы функцияларды табысты орындау кіші жастағы баланың танымдық қызығушылығының дамуына қолайлы жағдай жасайды.

В.И. Крупич оқыту үдерісі үш бөліктен тұратын жүйе болып табылады деген қорытындыға келеді, олар: оқытудың мазмұны, оқыту - мұғалімнің қызметі, оқу - шәкірттің танымдық қызметі және танымдық практикалық әрекеті [5, 133 б.].

Оқыту үдерісі - мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді. Оқыту үдерісінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық үдерістерін басқарушы, ұйымдастыра білуші (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субъект. Оқыту үдерісінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту - баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз ететін, бала дамуының алғы шарты. Демек, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады.

Оқыту мен дамытудың арасындағы тығыз байланыстың үш концепциясын Э.Торндайк, Ж. Пиаже және Л.С. Выготский құрды. Э. Торндайк оқыту мен даму ұғымдарын бірдей деп санайды Ж. Пиаженің ойынша оқыту дамытудан кейін жүреді, өйткені оқыту баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикалық дамуына, ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді. Бұл пікірден үшінші концепция туындайды. Л.С. Выготскидің айтуынша, оқыту өзінен кейін дамуды алып жүреді, өйткені баланың психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой өрісін алға қарай жүргізетін болады дей келе, баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді. Осыған орай, бала дамуының "екі аймағын" қарастырады. "Бірінші аймақ" - бала дамуының қазіргі қол жеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалімнің оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысына ("екінші аймаққа") жеткізуге міндетті екендігін айтады.

Қызығушылық - әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым. Қызығушылық - адамның затқа немесе шынайлық құбылысқа белсенді танымдық бағыттылығы, әдетте ол нысанды танымға немесе белгілі бір әрекетті меңгеруге оң сезімдік қатынастан көрінеді. Қызығушылық бұл зейіннің интенсификациясы ретінде анықталатын психикалық құбылыс (Н.Ф. Добрынин); белгілі нысанға сананың бағыттылығы (М.Ф. Беляев); ойлау, эмоционалды белсенділік және ерік сияқты бірнеше психикалық үдерістердің біріккен қоспасы (Л.А. Гордан, С.Л. Рубинштейн); адамның қоршаған әлемге, оның нысанына, құбылыстарына, үдерістеріне талғамды қатынасы (Г.И. Щукина); объектінің ағза үшін өмірлік маңызды және эмоционалды тартымдылық күшіне байланысты талғамды қатынасы (М.В. Матюхина); адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі, субъектінің өз әрекетіне оң бағалық қатынасы; адамның сезімге, ерікке, зейінге байланысты қажеттілігін қанағаттандыруда оның сыртқы жағдайларға таңдаулы қатынасы (Ю. Н. Тюфанов) [6, 6б.]; ынтықтылық, алғырлық, тұрақтылық және білуге құмарлық тәрізді бөліктерден тұратын, белгілі бір нәрсеге зейін қою арқылы эмоция тудырып, жүзеге асатын жеке басқа тән ерекшелік (Қ. Қабділрашид) [7 10 б.]. Мұндай әр түрлі көзқарастарының болуы осы мәселенің күрделігін дәлелдейді.

Қызығушылықтың негізі - адамның қажеттілігі. Қажеттілік адам өмірінің жеке жағдайларымен анықталады. Қызығушылықтың физиологиялық негізі - болжамды рефлекс.

Қызығушылықты оның мазмұны, кеңдігі, тұрақтылығы, күші және әрекеттілігі жағынан сипаттауға болады. Қызығушылықтың мазмұны - қызығушылыққа бағытталған нысандар. Тұлға жан-жақты даму үшін оның қызығушылығы кең болып, әр түрлі нысандарға бағытталуы тиіс. Қызығушылық оқу, ойын, еңбек үдерістерінде, адамның қоғамдық әрекетінде қалыптасып, оның өмір жағдайына, оқыту мен тәрбиеге байланысты ары қарай дамиды. Бала мектепке келген сәттен бастап қызығушылығы өзгере басталады. Олар ойын әрекетінен оқуға ауысады. Алғашқыда оқу жұмысының барлық түрлеріне қызығушылық туындап, келе-келе даралана түседі. Біртіндеп оқушының қызығушылығы әрекет үдерісінен мазмұнды әрекет қызығушылығына, фактілерге, алғашқы қарым-қатынасқа, себептерге, заңдылықтарға ауысады (сипаттаудан түсіндіруге). Жұмыстың шығармашылық жағына қызығушылығы артады. Оқу әрекетінде оқушыларға неғұрлым көбірек бостандық пен өзбетімен әрекеттенуге жол берілсе, соғұрлым оған оқушылардың қызығушылығы арта түседі. Белгілі бір әрекеттің нәтижелігіне қызығушылықтың тәуелділігі де өзгереді: бастауыш сынып оқушысы әдетте өзі сәтті жүзеге асыра алатын, оңай әрекетке қызығады, кейін олардың қызығушылығы қиындықтарды жеңуге де бағытталады. Бастауыш сынып оқушылардың негізгі қызығушылығы оның өмірінің мазмұнымен, үйдегі, мектептегі әрекетімен анықталады.

Танымдық іс-әрекетке тәуелді, қызығумен мәндес, туындауы жағынан астарлас ұғымдар бар, олар: стимул, түрткі, қажеттілік және мотив. Кейде танымдық қызығушылыққа ұсынылатын анықтама осы ұғымдарға негізделіп берілуде. Сондықтан танымдық қызығушылық ұғымына берілген нақты анықтамалар жоқ.

Таным әрекеті қажеттілік арқылы жүзеге асады. Өзінің тіршілік және рухани қажеттігін өтеу үшін оқушы дүниені танып, білгісі келеді. Алайда ол өзі қажетті нәрсеге, мәселен, оқу пәніне қызығады. Кейіннен бұл нәрсе оқушы іс-әрекетінің мақсатына, қозғаушы күші - мотивіне айналуы мүмкін. Осыдан келіп кейбір ғалымдар қызығуды тек танымдық ғана емес, басқа да қажеттіліктердің көрініс беруіне апарып саяды. Енді біреудері танымдық қызығушылықты оқушыны өзіндік дербес іс-әрекетке жұмылдыратын мотив ретінде қарастырады.

Мысалы, Н.Г. Морозова, Қ. Қабділрашид танымдық қызығушылықты қызығушылықтың бір түрі ретінде сипаттайды. Н.Г. Морозова: «танымдық қызығушылық - бұл білім алуға және ғылымға қатысты қызығудың бір түрі» [8, 10 б.]. Қ. Қабділрашид танымдық қызығушылық: «Оқып білім алу және ғылыми зерттеу кезіндегі қызығуды - танымдық қызығу деп атайды» - дей келе, қызығу ұғымын мағынасының тарылып, шектелуіне қарай мына бағытта орналасуын көрсетеді: қызығу танымдық қызығу бір пәнге қызығу [9, 9 б.].

Оқушылардың оқу пәндерін оқу барысында қызығушылығын тудыру педагогикада «танымдық қызығушылық» деп аталады (Г.И. Щукина, Л.И. Божович, А.Н. Леонтьев және т.б.). Танымдық қызығушылық адам қызығушылығының ерекше түрі ретінде белгілі оқу пәнінің мазмұнына ғана емес, сонымен қатар бұл білімді меңгеру үдерісіне, яғни таным әрекетіне де бағытталады.

Ғалымдардың бір тобы танымдық қызығушылықты психологиялық үдерістермен және жеке бас психологиясының ерекшеліктерімен байланысты қарастырады.

Психологияда танымдық қызығушылық оқу үдерісінің ең мәнді факторы, оқу әрекетінің маңызды мотиві, тұлғаның тұрақты көрсеткіші ретінде қарастырылады (М.В. Матюхина, Т.С. Михальчик, К.П. Патрина) [3, 10 б.].

Л.А. Григорович, Т.Д. Марцинковская танымдық қызығушылықты қажеттілік ретінде сипаттайды: «Тынымдық қызығушылық дегеніміз - интеллектуалды белсенділікке және жаңа білім, білік, дағдыны игеруге қажеттілік».

Танымдық қызығушылық – әр қырлы құбылыс, сондықтан оқыту, тәрбиелеу және дамыту үдерісіне өзінің әр түрлі жақтарымен әсер ете алады.

Жоғарыда баяндалғандардың бәрін түйіндей келіп, біз танымдық қызығушылыққа: «Танымдық қызығушылық дегеніміз - ынта, әуестену, қажеттілік және білуге құштарлық тәрізді компоненттерден тұратын, оқушының мақсатты, саналы түрде білімді меңгеруге бағытталған танымдық мотиві» деген
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Похожие:

Омарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі iconЖунисова асия талгатовна «Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Кәсіптік оқыту (сала бойынша) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін
Омарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі icon«Педагогика және спорт» факультеті “Педагогика бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасы “ Бастауыш мектепте
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту теориясы мен технологиясы” пәні бойынша 050102- “Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі”мамандықтарының...
Омарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі icon«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы «бекітемін»
М010200 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханының
Омарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі iconНакыпова Гулнур Кабылтаевна Өзіндік жұмыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары
М010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін
Омарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі iconАлдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі (алгебраны оқыту мысалында)
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру)
Омарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі iconХимия кафедрасы
Жолымбаев О. М. физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының доценті
Омарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі iconБілім беру үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалану заман талабы
Бүгінгі күні білім беру үдерісіндегі басты мақсатымыз инновациялық технологияларды енгізу. Білім беру үдерісінде нновациялық технологияларды...
Омарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі icon10. 02. 01 Орыс тілі; 13. 00. 02 Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі); 13. 00. 02 Оқыту және
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі орыс тілі) мамандықтары бойынша д 14....
Омарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі iconI – тарау. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының оқу – танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселелерінің зерттеу жағдайы
Омарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі iconБілге қаған, Күлтегін, Тоныкөк жазбалары туралы жан-жақты мағлұмат беру, маңызына тоқталу
Дамытушылық: Жеке, топтық жұмыс жасай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница