Физика пәнінде оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін дамыту




Скачать 46.78 Kb.
НазваниеФизика пәнінде оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін дамыту
Дата конвертации12.02.2016
Размер46.78 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://akmol-orleu.kz/images/Publication/0022.doc
ФИЗИКА ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ДАМЫТУ


жауапкершілікпен атқарамың.

Ибраева Р.С.

Көкшетау қаласы, №8 ОМ математика және физика мұғалімі


«Тәрбие құлшылық етуге,

ал білім болашақ тұлғаны өмір сүруге

және өз күшімен жетістікке жетуге

мәжбүр етеді».

Д. Писарев


Қазіргі заман талабы оқытудың, тәрбиелеудің жаңа әдістерінің технологияларын меңгеру. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім десек, ондай адамдарды дайындайтын жан да мұғалім, сапалы білім, тәрбие беру педагогтердің шеберлігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Ал мұғалімнің шеберлігі мен іскерлігін дамытуға жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор.

Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Жалпы физика күрделі оқушыларға қиынырақ берілетін пән болғандықтан, оны жаттап оқу мүмкін емес, түсініп оқу қажет. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің кәсіптік, адамгершілігін, рухани, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі [1].

Ғылыми-техникалық және әлеуметтік қауырт прогресс жағдайында сабақтың рөлі бұрын-соңды болмаған дәрежеде артатындығы, міндетті түрде оқушыларға ғылым негіздерінен берік білім беру екендігі, олардың жоғары сана-сезімін қалыптастыру екендігі өмірге дайындау, саналы түрде мамандық таңдап ала білуге дайындау, тәрбиелеу екендігі және орта білім беруді жетілдіру мақсатымен әр сабақта берілетін білім мазмұнын түрлі тәсілдер және сындарлы оқыту негіздерін қолдану мен ойлауға үйретуге тырысамын.

Мен де өзге мұғалімдер тәрізді сабағымда шығармашылық жұмыс, оқушыларымның салыстыру мен талдау жасай білгенін, ізденуін, проблемалық жағдайларды сараптап, өздерінін көзқарастары мен шешімдерін білдіргенін қалаймын.

Оқушыларға физиканы ойдағыдай оқыту үшін мұғалім оқытудың бұрыннан қалыптасқан жүйесін, әдістемесін игеруі тиіс және осының негізінде ол өз бетімен шығармашылық жұмыс істей алуы керек.

Физиканы оқыту кезінде оқушыларда материалистік көзқарастың бастамасы қалыптаса бастайды, демек, оқушылар өзі бұрыннан білетін ақпаратты есіне түсіреді, оның ішінен қажеттісін алып, ойын түйінді жеткізе біледі [2]. Сол сияқты «Үйкеліс күштері және оларды техникада қолдануы» тақырыбын ашу барысында осы тақырыпқа байланысты жұмбақтар шешілді, «Материялық нүкте» тақырыбын ашу барысында бірнеше суретті слайд беріп, «Не көріп отырсындар?», «Осы суреттерге қарағанда, ойларына не келеді?» деген балалардың ой қозғау сұрақтары қойылады. «Ерікті және еріксіз тербелістер» тақырыбын ашу үшін оқушыларға салыстыру мәтіндері беріліп, тақырыпқа қажетті сөздерін тауып, өз ойларын айтып көрді. «Булану және конденсациялану», «Жылу қозғалтқыштары. Жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдары. Тоңазытқыш» бұл тақырып бойынша топтармен жұмыс жасалды, әр топқа ақпарат беріліп, бірінші топ кесте арқылы, екінші топ сызба сызып, үшінші топ сурет салып, төртінші топ сұрақтар құрастырып сыни ойлай алатындықтарын көрсете білді. Өз ойларын дәлелді қорғап, қарсы пікір тудырды. Физикалық құбылыстарды, нақты анықтамаларды, ережелерді, жүйелерді, физикалық шамаларды алғашқы ұғымдар басқа пәндерде оқылған энциклопедияда берілген нақты мәліметтерді пайдалана отырып, арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылығын ажыратуын үйренеді. Физикалық ұғымдарды «біржақтан алынбағанын нақты дүниеден алынғанын» оқушы түсініп білуге тиісті. Сондықтан физиканы оқытудың өмірмен байланысын жүзеге дұрыс асыра білу өте маңызды жұмыс. Бір жағынан, оқушыларды бізді қоршаған өмір құбылыстарынан физикалық фактілерді (абстракцияларды) тани білуге үйрету, екінші жағынан, физиканы нақтылы практикалық есептерді шешу үшін қолдану, әрбір адамға күнделікті өмірде қажет болатын практикалық білімдермен оқушыларды қаруландыру мысалы: формуланы қолданып берілген есепте ток күшін есептеуге немесе таразы арқылы дененің массасын өлшеуді орындау, онша күрделі емес есеп-қисапты шығару.

Оқушыларды жаңа материалды игеруге дайындаудың тағы бір маңызды жағы бар - ой операцияларын орындай алу білігін қалыптастыру: анализ (талдау); синтез жасай білуін, объектілерді салыстыра білуін, елеусізге көңіл бөлмей, негізгі жалпы мәселені айыра білуін (жалпы қорытынды жасай білуін) қалыптастыру. Осы аталған оймен орындалатын операцияларды қалыптастыру жөнінен істелетін жұмыс балаларды мектепте оқытудың алғашқы күндерінен басталуы және материалды оқып үйренумен органикалық байланыста болуы тиіс. Мысалы, «Деформация. Гук заңы. Динамометр» тақырыбында оқушылар алдымен өздеріне берілген ақпаратпен жеке танысты содан соң жұпта талқылап, соңында ақпарат бойынша өз ойларын ортаға салады. Содан соң алған ақпаратты өзге топтарға жеткізудің жолын бірлесе іздестіреді. Объектілерді салыстыра білуге үйретуге ерекше назар аударылуы керек, өйткені салыстыру үшін анализ (талдау) және синтез жасай білулері керек, ал салыстыру жаттығулар әр түрлі формада ұсынылады, мұның өзі балалардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандыра түседі [3]. Көбінесе тапсырмалар қызықтыру сипатты. Жаттықтыру арқылы оқушылар курстың ұқсас мәселелері араласып келгенде, жіберіліп жүрген қателіктерден алдын ала сақтандырады; бұл жағдайда қай мәселе сөз болып отырғанын салыстыру (есептерді салыстыру, есептеу әдістерін салыстыру т.с.с.) жолымен ашып айқындауға тапсырмалар беріледі оқулықтарда ұсынылып жүрген көптеген жаттығулар, практикалық жұмыстар беріледі. Мысалы, таблицаны толтыру ұсынылады. «Сәйкестік қой?», «Лото», «Пазлдарды жина», «Иә, жоқ» ойын өткізу, «Сиқырлы доп», формулаларды толтыр, Синквейн, «Автобус аялдамасы», слайд жасау және АКТ-ны қолдану. Әр сабақтың соңында рефлексия өткізу «Бүгін не үйрендім?», «Тағы не туралы білгім келеді?»

Ойлауға бағытталған тапсырмалар оқушыларды өз білімдерін еске түсіріп, ойлануға жетелейді, біліктілігін, дағдыларын жетілдіру, қызығушылығын арттырады, адамгершілікке жоғары саналылыққа, үлкен жетістіктерге, теориялық білімдерін практикалық шеберлікпен ұштастыра алуға үйретемін.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Башарұлы Р. және басқалар. Физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы, Атамұра, 1998 ж. 202 бет.

2. Фридман Л.М. Турецкий Е.И.А. Есептерді қалай шығаруға үйрену. М. : Просвещение 1983 ж. 71 бет

3. Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы (Онлайн http:// kitaphana. 236 – pedagogika)

ынМатематика,физика,негізгі жоғарғы математика, математиканы оқыту әдістемесі сабақтарын жоғары ғылыми - әдістемелік дейгейде және үлкен ыждахаттылықпен өткізуге тырыс Сыныптағы оқушалармен өзара тіл табысып, алға қойылған мақсаттарды жауапкершілікпен атқарамың.

ыптағы з[[]сабақтарын жоғары ғылыми - әдістемелік дейгейде және үлкен ыждахаттылықпен өткізуге тырысамын. Сыныптағы оқушалармен өзара ті

л табысып, алға қойылған мақсаттарды


Похожие:

Физика пәнінде оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін дамыту icon) 13. 00. 02- оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (физика) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін Құсман Қапез
Төле би көшесі 86, 415 ауд.) 13. 00. 02- оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (физика) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының...
Физика пәнінде оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін дамыту icon10. 02. 01 Орыс тілі; 13. 00. 02 Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі); 13. 00. 02 Оқыту және
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі орыс тілі) мамандықтары бойынша д 14....
Физика пәнінде оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін дамыту iconПсихологиялық- медициналық- педагогикалық консультациялардың қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ереже
Проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық- медициналық- педагогикалық тексеру арқылы халыққа көмек көрсетеді, оқыту...
Физика пәнінде оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін дамыту icon«Ынталы» жалпы орта мектебі Ашық тәрбие сағаты Тақырыбы: Тәуелсіздік қазақтың сан ғасырлық
Сабақтың мақсаты: Қазақтың тарихын оқыту. Тәуелсіздік бағаларын түсіндіру. Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу. Елін, жерін, Отанын...
Физика пәнінде оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін дамыту iconАлдабергенова айгүл оңалбекқызы ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі (алгебраны оқыту мысалында)
Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі ақпараттандыру)
Физика пәнінде оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін дамыту iconОқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін...
Физика пәнінде оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін дамыту iconДипломдық ЖҰмыс
ОҚушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселелері
Физика пәнінде оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін дамыту icon«Халықтар достығы- ынтымақта» Мақсаты
Мақсаты: Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдерінің бірлігін, достығын оқушылардың бойына сіңіру. Оқушыларды мемлекетіміздің...
Физика пәнінде оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін дамыту iconСабақтың тақырыбы: Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік
Оқушыларды туған өлкенің тарихына құрметпен қарауға, Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, еңбекқорлыққа мақсат қоя білуге тәрбиелеу
Физика пәнінде оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін дамыту iconАҚпараттылық ЖӘне компьютерлік технологиямен оқыту
Біздің зерттеуіміздегі оқушыларды оқытуда ақпараттылық технологияны қолдану үшін, біздің ойымызша, “Ақпараттылық технология” және...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница