Нұрсұлтан назарбаев конфессияаралық келісім, толеранттылық және дін туралы арнайы шығарылым Астана 2014 ж




Скачать 479.53 Kb.
НазваниеНұрсұлтан назарбаев конфессияаралық келісім, толеранттылық және дін туралы арнайы шығарылым Астана 2014 ж
страница1/4
Дата конвертации12.02.2016
Размер479.53 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://dinvko.gov.kz/uploads/CitataPrezidenta.doc
  1   2   3   4


қАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ


МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ДІНДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ


Қазақстан республикасының президенті

Нұрсұлтан назарбаев

КОНФЕССИяАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ,

ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ және ДІН ТУРАЛЫ


Арнайы шығарылым


Астана – 2014 ж.

УДК 323/324 (574)

ББК 66.3 (5 қаз)

Қ18

Жобаның авторы және жетекшісі:

М.А. ӘЗІЛХАНОВ,

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі


Жауапты редакторлар:

Ғ.Н. Шойкин,

Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Төрағасы, с.ғ.к.

А.П. Әбуов,

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, филос. ғ.д., профессор


Құрастырушылар:

Қ.Т. Қалилаханова,

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы директорының орынбасары, п.ғ.к., доцент, (РФ) ХПБҒА корр.мүшесі

Д.Б. Есенова,

Конфессияаралық қатынастар бөлімінің басшысы, магистр

М.М. Келесов, аға сарапшы

А.Т. Токмурзина, сарапшы


Қ18 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев конфессияаралық қатынастар, толеранттылық және дін туралы // Дәйексөздер жинағы. – Астана, МДХО, 2014. – 43 б.

ISBN 978-601-80503-2-9


Жинақта конфессияаралық келісім, толеранттылық және дін туралы тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына көрнекті үлес қосқан Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтқан сөздері берілген.

Қазіргі отандық тарихқа қызығатын оқырман, біздің мемлекетіміздің Басшысының мағынасы жағынан іргелі әрі терең сөздері, қазіргі көпұлтты және көп конфессионалды Қазақстаннның дамуының стратегиялық басымдығын осы жинақта табады.

Берілген басылым мектеп және студент жастары, жалпы білім беретін мектеп оқытушылары, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, ғылыми қызметшілер мен көпшілік оқырмандарға арналған.


УДК 323/324 (574)

ББК 66.3 (5 қаз)

ISBN 978-601-80503-2-9

© Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, 2014







Қазақстанның діни конфессиялардың бір-біріне деген өзара сыйластығы олардың маңызды ерекшелігі болып табылады.

Қазақ жерінен барлық әлемдік діндер жүріп өтті, дегенмен бұл жерде ешқашан фанатизм мен төзімсіздік болған емес.

Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстан халқына қашанда айрықша толеранттылық, өзара сыйластық пен өзара жәрдемдесудің айрықша рухы тән еді. Бұл рухани дәстүр бүгінгі күні де сақталған.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басқаруымен бірінші Дүниежүзілік рухани келісім Конгрессінде сөйлеген сөзінен,

1992 ж., қазан







Конфессияаралық келісім





...Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!

Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан!

Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.

Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.

Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.


Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»атты Қазақстан халқына Жолдауынан,

2014 ж., 17 қаңтар


*****


...Біз сақтап және нығайтып отырған ұлысаралық және конфессияаралық келісім түбегейлі және кең ауқымда қайта құруларды қарқынды жүргізуге мүмкіндік берген іргетас болғандығына сенімдімін.

Ол саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы табыстарды қамтамасыз етті.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезінде сөйлеген сөзінен,

2003 ж., 25 қыркүйек


*****

...Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі посткеңестік кеңістікте барынша табысты тәжірибелердің бірі ретінде мойындалған.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезінде сөйлеген сөзінен,

2003 ж., 25 қыркүйек

*****


...Съезге қатысушылар қазақстандық қоғамдағы рухани келісімнің деңгейін жоғары бағалап, біздің еліміздің конфессияаралық келісім аумағы және әлемдік діндердің өзара түсіністік көпірі болуға деген табандылығына қолдау білдірді.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының X сессиясындағы баяндамасынан, 2003 ж., 23 желтоқсан


*****


...Қазақстан діни сенім-наным бостандығын қамтамасыз етіп, конфессиялар аралық келісім мен діни теңқұқылық саясатын дәйекті жүргізіп келеді.

Бізде түрлі конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүруі қамтамасыз етілген, әрі діни экстремизмге қарсы дәйекті күрес жүргізіледі.

Астанада өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезі еліміздің бітімгершілік әлеуетінің өсіп келе жатқанының айқын айғағына айналды.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан

халқына Жолдауынан, 2005 ж., 16 ақпан


*****


...Қазақстандағы конфессиялар аралық татулықтың аса маңызды тұғырларының бірі.

Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этностар аралық, конфессиялар аралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымалмыз.

Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта да мұқият сақталып, дамытыла береді.

  1   2   3   4

Похожие:

Нұрсұлтан назарбаев конфессияаралық келісім, толеранттылық және дін туралы арнайы шығарылым Астана 2014 ж icon1176 шығарылым Сәрсенбі, 22 желтоқсан, 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Алтын сапа» сапа саласындағы және «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы Президент...
Нұрсұлтан назарбаев конфессияаралық келісім, толеранттылық және дін туралы арнайы шығарылым Астана 2014 ж iconУчебное пособие Политология. 1 экз
Назарбаев, Н.Ә. Тәуелсіздік белестері/ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Алматы: Атамұра, 2003. 335, [1] б
Нұрсұлтан назарбаев конфессияаралық келісім, толеранттылық және дін туралы арнайы шығарылым Астана 2014 ж icon1191 шығарылым – Сейсенбі, 18 қаңтар, 2011
...
Нұрсұлтан назарбаев конфессияаралық келісім, толеранттылық және дін туралы арнайы шығарылым Астана 2014 ж iconНазарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы

Нұрсұлтан назарбаев конфессияаралық келісім, толеранттылық және дін туралы арнайы шығарылым Астана 2014 ж iconЕурокомиссия және нато басшылары қарсылықтарға қарамастан, Кәрімовпен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованы қабылдады
Нұрсұлтан назарбаев конфессияаралық келісім, толеранттылық және дін туралы арнайы шығарылым Астана 2014 ж iconҚазақстан халықтары Ассамблеясының Стратегиясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесі туралы//Н. Назарбаев – этносаралық және конфессияаралық келісімінің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы / Жалпы ред басқ. Ж.Ә.Әлиев. А., 2006. б. 163 – 182
«Аcсамблея Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бір белгісіне айналды, ол барлық этностардың мүдделерін бірарнаға тоғыстырады, ұлттың...
Нұрсұлтан назарбаев конфессияаралық келісім, толеранттылық және дін туралы арнайы шығарылым Астана 2014 ж iconСписок книг, поступивших в библиотеку Казну им аль-Фараби
Бәйтерек: Президент Н. Назарбаев туралы замандастар толғанысы:[поэма және мақалалар, әдеби-публ жинақ / Н. Айтұлы және т б.]. Астана:...
Нұрсұлтан назарбаев конфессияаралық келісім, толеранттылық және дін туралы арнайы шығарылым Астана 2014 ж iconТауар, қызмет көрсету мемлекеттік сатып алу туралы келісім шартының қол қою мерзімі келісім шарт жобасы ұсынылған күннен 5 жұмыс күні аралығы болып табылады. Елеулі шарттары көрсетілген мемлекеттік сатып алудың келісім шарт жобасы №1 қосымшада берілген
...
Нұрсұлтан назарбаев конфессияаралық келісім, толеранттылық және дін туралы арнайы шығарылым Астана 2014 ж iconІ бөлім: Дін теориялары мен дін әлеуметтануының қалыптасуы және әлеуметтік функциялары
Кіріспе
Нұрсұлтан назарбаев конфессияаралық келісім, толеранттылық және дін туралы арнайы шығарылым Астана 2014 ж iconОблыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница