«Казпо ш та» а қ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді




Скачать 56.21 Kb.
Название«Казпо ш та» а қ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
Дата конвертации12.02.2016
Размер56.21 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.kazpost.kz/uploads/content/files/kazkvalif-ya.rtf
«Казпошта» АҚ

Директорлар кеңесінің

шешімімен бекітілді

(«03» қараша 2011 жылғы
№ 09/11 хаттама)



«ҚАЗПОШТА» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІМЕН БІЛІКТІЛІКТІ ЖОҒАРЛАТУ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САРАПШЫЛАРДЫ ТАРТУ ЖӨНІНДЕГІ САЯСАТ


Астана қ., 2011ж.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. «Қазпошта» АҚ директорлар Кеңесінің мүшелерімен біліктілігін жоғарлату және сыртқы сарапшыларды тарту жөніндегі нақты Саясат (бұдан әрі – Саясат) «Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республкасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құрастырылған, директорлар Кеңесі мүшелерінің біліктілігі мен машықтарын дамыту механизмдерін ашық, құрылымды және жүйелі енгізу арқылы және егер директорлар Кеңесімен қарастырылатын мәселелерге сыртқы кәсіби және тәуелсіз сарапшылар талап етілетін болса, сыртқы сарапшыларды тартуға олардың құқықтарын іске асыруда «Қазпошта» АҚ директорлар Кеңесі (бұдан әрі – Қоғам) жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында, корпоративтік басқарудың ең жақсы тәжірибесін қолдану.

2. Нақты Саясат біліктілігін жоғарлату және сыртқы сарапшыларды тарту мәселелері бойынша директорлар Кеңесі мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін регламенттейді және директорлар Кеңесі мүшелерімен жоспарлау тәртібі мен біліктілігін жоғарлату және сыртқы сарапшыларды тарту туралы шешімді қабылдауды реттейді.

3. Директорлар Кеңесі мүшелері сайланғанда қызметтерін орындау үшін жеткілікті білім мен тәжірибеге ие болады. Директорлар Кеңесі шешіміне сәйкес бекітілген директорлар Кеңесі мүшелерін лауазымға енгізу Бағдарламасымен барлық директорлар Кеңесі мүшелері лауазымға ресми түрде енгізілуі керек.

4. Нақты Саясат Қоғам Басқармасының мүшесі болып табылатын, Қоғам директорлар Кеңесі мүшелеріне таратылмайды.

5. Нақты Саясатта анықталмаған, бірақ қолданылатын атаулар нақты Қазақстан Республикасы заңнамаларының, Жарғының және Қоғамның ішкі құжаттарының атауларына сәйкес келеді.


2. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН ЖОҒАРЛАТУ ТӘРТІБІ

6. Директорлар Кеңесі мүшелері Қоғам бюджетімен қарастырылған, қаражат есебінен ішкі және сырқы оқыту бағдарламаларына, семинар мен тренингтерге, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, форумдар мен біліктілікті жоғарлататын басқа да түрлеріне қатыса отырып, Қоғам директорлар Кеңесінің құзыреттілігі және аралас мәселелер бойынша жылына 2 (екі) рет өздерінің біліктілігін жоғарлатуға міндетті.

7. Қоғамның директорлар Кеңесі Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелерінің біліктілігін жоғарлатудың жылдық жоспарын бекіту арқылы немесе Қоғамның директорлар Кеңесінің жеке мүшелерінің сұрауы бойынша, директорлар Кеңесі, директорлар Кеңесі мүшелері мен оның Комитеттерінің қызметін жыл сайынғы бағалау қорытындысы бойынша, директорлар Кеңесі мүшелерінің біліктілігін жоғарлатуға қажеттілік туындаған негізде, Қоғам қаражаты есебінен тұтастай немесе олардың жеке мүшелерін директорлар Кеңесі мүшелерінің біліктілігін жоғарлату туралы көпшілік дауыспен шешім қабылдайды.

8. Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелерінің сұрауында біліктілігін жоғарлатуға қажетті сұрақ, ондай қызмет ұсынатын, болжамды ұйым көрсетілуі тиіс.

9. Қоғам Басқарманың Төрағасы Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелері үшін ішкі оқыту шарасын ұйымдастыру мүмкіндігі туралы Қоғамның директорлар Кеңесіне хабарлайды.

10. Қоғамның директорлар Кеңесі шығыстарды салыстыру және біліктілігін жоғарлатудың әртүрлі түрінің Қоғам директорлар Кеңесінің тәуелсіздік әсерін бағалау негізінде, Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелерінің біліктілігін жоғарлату түрі туралы көпшілік дауыспен шешім қабылдайды.

11. Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелерінің біліктілігін жоғарлату құқықтарын іске асыру мақсатында Қоғамның жылдық бюджетінде шығыстардың сәйкес баптары қарастырылады, ол Қоғамның директорлар Кеңесі шешімімен мақұлданады және Қоғамның директорлар Кеңесімен мақұлданатын шешімісіз түзетуге жатпайды.

12. Қорпоративтік хатшы директорлар Кеңесі мүшелерінің біліктілігін жоғарлатуды ұйымдастырудың барлық кезеңдерінде көмек көрсетеді. Көбіне, Қоғамның Корпоративтік хатшысы Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелерінің біліктілігін жоғарлатуға жәрдем болатын, Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелеріне жиі ақпараттар беруді ұйымдастырады.

Соның ішінде:

1) Қоғамдағы Кеңес директорлар мен Қоғамның басқа да органдары қызметінің ережесін қайтадан сайланған директорлар Кеңесі мүшелеріне түсіндіреді, Қоғамның құрылымдық ұйымдастырушылығы және лауазымды тұлғалары туралы ақпараттар, оның ішкі құжаттары және директорлар Кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін нақты орындау үшін мағынасы бар, басқа да ақпараттар ұсынады;

2) Қорпоративтік басқару саласындағы заңнамалар ережелерімен, мемлекеттік органдар талаптарымен байланысты мәселелер бойынша, Қоғамның лауазымды тұлғаларына кеңес ұйымдастыру және беру;

3) Қазақстан Республикасында, шетел де корпоративтік басқару саласын дамыту болашағын, беталысын, тәжірибесін талдау және мониторингін жүзеге асыру және органның лауазымды тұлғаларына және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына аналитикалық анықтама, ақпарат, ұсыныс енгізу (жолдау);

4) Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы беталыс мониторингін жүзеге асыру және Қоғамның директорлар Кеңесін осындай беталыс шолуына дайындау, сонымен қатар осы мәселелер бойынша Қоғамның есебі бойынша кеңес беру.


3. ҚОҒАМНЫҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІМЕН СЫРТҚЫ САРАПШЫЛАРДЫ ТАРТУ ТӘРТІБІ

13. Қоғамның директорлар Кеңесі Қоғам қаражаты есебінен кезкелген директорлар Кеңесі мүшесінің сұрауы немесе Қоғамның директорлар Кеңесі Комитетінің ұсынысы бойынша, егер Қоғамның директорлар Кеңесімен қарастыралатын мәселелерге сыртқы кәсіби және тәуелсіз сарапшылар талап етілетін болса, Қоғамның директорлар Кеңесі Комитетінің және Қоғамның директорлар Кеңесі құзырлығының жеке мәселелері бойынша кеңес беру үшін сыртқы сарапшыларды тарту туралы көпшілік дауыспен шешім қабылдайды.

14. Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелерінің немесе Қоғамның директорлар Кеңесі Комитетінің ұсыныстарының сұрауында, қажетті кеңес бойынша сұрақтар және кәсіби кеңес алуға болатын ұйым көрсетілуі керек.

15. Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелерінің біліктілігін жоғарлату құқықтарын іске асыру мақсатында Қоғамның жылдық бюджетінде шығыстардың сәйкес баптары қарастырылады, ол Қоғамның директорлар Кеңесі шешімімен мақұлданады және Қоғамның директорлар Кеңесімен мақұлданатын шешімісіз түзетуге жатпайды.

16. Қоғамның қаражаты есебінен Қоғамның директорлар Кеңесі құзырлығының жеке мәселелері бойынша кеңес беру үшін сыртқы сарапшыларды таңдау барысында тараптардың тәуелсіздік қағидалары қамтамасыз етілуі тиіс.

17. Қоғамның қаражаты есебінен Қоғамның директорлар Кеңесі құзырлығының жеке мәселелері бойынша кеңес беру үшін сыртқы сарапшыларды тарту, Қоғамның директорлар Кеңесі мүшелерінің жеке бастарына қатысты мәселелер бойынша іске асырылмайды.


___________

Похожие:

«Казпо ш та» а қ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді 2009 жылғы 20 қазандағы №
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің дәрежесін, құзыретін, құрамын, жұмыс істеу және қызмет ету тәртібін,...
«Казпо ш та» а қ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«бекітілді» «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12»
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы «12» қыркүйектегі №10/08 хаттамасының шешімімен, 2009 жылғы «5» ақпандағы №02/09,...
«Казпо ш та» а қ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«ҚазМұнайГаз» Ұк ақ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді №9/2010 хаттама
Басшылықтың үндеуі
«Казпо ш та» а қ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«kegoc» АҚ-тың 2009 жылғы 20 қазандағы Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
«электр желілерін басқару жөніндегі қазақстан компаниясы» акционерлік қОҒамы kazakhstan
«Казпо ш та» а қ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«Казпо ш та» АҚ директорлар Кеңесіне үміткерлерді таңдау бойынша Саясат
«Казпошта» АҚ директорлар Кеңесіне үміткерлерді таңдау бойынша осы Саясат (одан кейін Саясат) Қазақстан Республикасының заңнамасына...
«Казпо ш та» а қ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді iconДиректорлар кеңесінің шешімімен
Жалпы ережелер
«Казпо ш та» а қ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді
Ереже) Қазақстан Республикасының Азаматтық, Еңбек кодекстеріне, «Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13...
«Казпо ш та» а қ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«сенім-банк» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 22 қарашадағы №92 Шешімімен Бекітілген

«Казпо ш та» а қ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидасы
АҚ директорлар кеңесінің сыртқы отырысының 2011 жылғы 5 наурыздағы №62 шешімімен енгізілген толықтырулармен және «Самұрық-Қазына»...
«Казпо ш та» а қ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді icon«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2010 жылғы 8 маусымдағы
ЖӨніндегі қазақстан компаниясы акционерлік қОҒамының корпоративтік хатшысы туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница