Самұрық Энерго АҚ Директорлар Кеңесі отырысының хаттамасы 2013 жылғы 25




Скачать 498.24 Kb.
НазваниеСамұрық Энерго АҚ Директорлар Кеңесі отырысының хаттамасы 2013 жылғы 25
страница1/4
Дата конвертации12.02.2016
Размер498.24 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.ekrec.kz/images/Zhargu.doc
  1   2   3   4
«Шығыс Қазақстан Аймақтық

Энергетикалық Компания» АҚ

Жалғыз акционерінің

шешімімен бекітілді

(«Самұрық – Энерго АҚ Директорлар Кеңесі

отырысының хаттамасы)

2013 жылғы «_25_»_сәуір__




«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания»

Акционерлік қоғамының

ЖАРҒЫСЫ


Өскемен қ., 2013 жыл


Осы Жарғы Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - «ҚР») заңнамасына сәйкес жасалынған, «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компания» акционерлік қоғамының заңды тұлға ретінде құқықтық статусын айқындап, бұдан әрі «Қоғам» деп аталынады.


1-ші бап. Жалпы ережелер

1.1. Қоғамның толық атауы:

а) мемлекеттік тілде: «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компания» акционерлік қоғамы;

б) орыс тілінде: акционерное общество «Восточно-Казахстанская Региональная Энергетическая Компания»;

в) ағылшын тілінде: «East Kazakhstan Regional Energy Company» joint stock company.

1.2. Қоғамның қысқаша атауы:

а) мемлекеттік тілде: «ШҚ АЭК» АҚ;

б) орыс тілінде: АО «ВК РЭК»;

в) ағылшын тілінде: «EK REC» JSC.

1.3. Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері: 070000, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Бажов көшесі, 10-үй.

1.4. Қоғам қызметінің мерзімі шектеусіз.

1.5. Қоғамның қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады.

1.6. Қоғамның меншік нысаны – жеке меншік.


2-ші бап. Қоғамның заңды мәртебесі


2.1. Қоғам Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, банктік шоттары болады, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды, міндеттерді иеленуге, атқаруға, сотта арыз беруші және жауапкер болуға құқылы.

2.2. Қоғамның атауы көрсетілген мөрі, мөртаңбасы, бланкілері үлгілерін Қоғамның Басқармасы бекітетін және белгіленген тәртіппен тіркелетін өз тауарлық белгісі мен рәмізі болады.

Қоғам ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.

2.3. ҚР заңнамасына сәйкес Қоғам ҚР аумағында және одан тыс жерлерде басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы.

2.4. Қоғам өз қызметін ҚР заңнамасына, осы Жарғыға және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

2.5. Қоғам Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде өзінің филиалдары мен өкілдіктерін ашуға, оларға құқық беруге құқылы.

2.6. Қоғамның филиалдары мен өкілдіктері ҚР заңнамасымен және олардың орналасқан мемлекеттерімен белгіленген тәртіпке сәйкес құрылып, жабылады.


3-ші бап. Қоғам қызметінің мақсаты мен нысанасы

3.1. Қоғамның негізгі қызметі мен құру мақсаты пайда табу болып табылады.

3.2. Қоғамның негізгі қызмет түрі болып табылады:

Электр энергиясын беру және тарату, сонымен бірге, бірақ онымен шектелмей келесі жұмыстар мен қызметтер көрсету:

1) қосалқы станциялар мен электр желілерді пайдалану;

2) электр берілісі желілері мен электржабдықты монтаждау, баптау және жөндеу;

3) жедел-диспетчерлік басқару;

4) жоғары вольтті сынақтан өткізу;

5) технологиялық қажеттілігін жабу үшін электр энергиясын кіші гидроэлектр станциялар мен дизельдік станцияларда өндіру;

6) негізгі қызметтің технологиялық процессінің құрамды бөлігі болып табылатын өзге де жұмыстар мен қызметтер.

3.3. Қоғам өзінің негізгі мақсатына жету үшін ҚР заңдарымен тыйым салынбаған кез-келген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

Кез-келген қызмет ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, егер ҚР заңнамасында белгіленген тəртіппен алынуы қажет лицензияның, рұқсаттың жəне/немесе мақұлдаудың өзге де түрін талап ететін қызметтің түрлері тиісті лицензиялар немесе рұқсаттың өзге де түрлері алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.


4-ші бап. Қоғамның және оның акционерлерінің жауапкершілігі

4.1. Қоғамның өз акционерлерiнiң мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады және олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

4.2. Қоғам өз мүлкінің шегінде өзінің міндеттемелері бойынша жауаптылықта болады.

4.3. Қоғамның акционерi оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялардың құны шегiнде Қоғам қызметiне байланысты залалдарға тәуекел етедi.

4.4. Қоғам мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, Қоғам немесе мемлекет мұндай жауапкершiлiктi өзiне қабылдаған жағдайда және ҚР заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, сол сияқты мемлекет Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.


5-ші бап. Қоғамның жарғылық капиталы

5.1. Қоғамның жарғылық капиталының мөлшері барлық жай және артықшылықты акцияларын орналастыру құнына тең және ол ҚР ұлттық валютасымен көрсетiледi.

5.2. Қоғамның жарияланған жарғылық акциялар санын көбейтуге Акционерлердiң Жалпы жиналысының шешiмi бойынша, сонымен қатар ҚР заң актілерінде көрсетілген өзге жағдайларда жол берiледi. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту Қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

5.3. Акцияларды орналастыру, оның ішінде жарияланған акциялардың саны, оларды орналастыру (сату) әдісі мен бағасы шегінде, Қоғамның орналастырылатын (сатылатын) акцияларының саны туралы шешімді Қоғамның Директорлар кеңесі қабылдайды.


6-шы бап. Қоғам акциялары мен өзге құнды қағаздары

6.1. Қоғам облигациялар мен құнды қағаздардың өзге түрлерін шығаруды жүзеге асыруға құқығы бар. Қоғамның құнды қағаздарды шығару, орналастыру, олардың айналымдары мен өтемінің шарттары мен тәртіптері ҚР заңнамасы және осы Жарғымен белгіленеді.

6.2. Қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.

Қоғам айырбасталынатын құнды қағаздарды шығаруға құқылы.

6.3. Жай акция акционерге дауыс беруге ұсынылатын барлық мәселелерді шешу кезінде акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқық береді, қоғам таза кіріс алса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіппен қоғамның жеке меншік мүлкінің бөлігі болған жағдайда дивиденд алуға құқық береді.

6.4. Қоғам өз акцияларын олардың шығарылуы мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін орналастырады.

Акцияларды орналастыру бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында өткізілетін жазылу немесе аукцион арқылы, немесе бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында өткізілетін жазылу немесе аукцион арқылы жүзеге асырылады.

6.5 Қоғамға өзiнiң жарияланған акцияларын бағалы қағаздардың бастапқы нарығында орналастырған кезде оларды өзi сатып алуына жол берiлмейдi.

6.6. Орналастырылатын акциялар төлемі ретінде ақша, мүліктік құқық (оның ішінде зияткерлік меншік нысаналарына құқығы) және ҚР заңымен қарастырылған жағдайлардан бөлек, өзге мүлік болуы мүмкін.

Ақшадан бөлек өзге мүлікпен төлеу ҚР заңына сәйкес берілген лицензия негізінде әрекет ететін бағалаушы анықтайтын баға бойынша жүзеге асырылады.

6.7 Егер Қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге мүлікті пайдалану құқығы енгізілсе, мұндай құқықты бағалау осы мүлікті пайдалануға төленетін ақының мөлшері негізге алына отырып, Қоғамның оны пайдаланған бүкіл мерзіміне жүргізіледі. Аталған мерзім өткенге дейін бұндай мүлікті Жалпы акционерлер кеңесінің келісімісіз алуға тыйым салынады.

6.8 Қоғам орналастырылатын акцияның құны толық төленгенге дейін Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімінің жүйесіндегі (атаулы ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі) оны сатып алушының дербес шотына осы акцияны есепке алу туралы бұйрық беруге хақысы жоқ.


7-ші бап. Дивиденттер

7.1. Дивиденд - акционердiң өзiне тиесiлi акциялар бойынша акционерлiк Қоғам төлейтiн кiрiсi.

7.2. Егер дивиденттерді төлеу туралы шешім дауыс беретін Қоғам акцияларының жай көпшілігі арқылы Акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған жағдайда Қоғамның акциялары бойынша дивиденттері ақшалай немесе Қоғамның құнды қағаздар түрінде төленеді.

7.3. Дивидендті Қоғамның акциялары бойынша оның құнды қағаздарымен төлеу, егер

мұндай төлем акционердің жазбаша келісімі бар болып, Қоғамның жарияланған акцияларымен және олар шығарған облигациялармен жүзеге асырылатын болса ғана рұқсат етіледі.

7.4. Дивидендтерді жыл қорытындысы бойынша Қоғамның жай акцияларымен төлеу туралы шешімді Акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды.

Дивидендтер жыл қорытындысы бойынша Акционерлердің жалпы жиналысының дивиденд

төлеу туралы шешім қабылдау кезінде белгілеген мерзімінде төленеді.

Қоғамның акциялары бойынша тоқсан немесе жарты жылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу тек қана Акционерлердiң Жалпы жиналысы қабылдайды.

7.5. Акционерлердiң Жалпы жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап, он жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялай отырып, Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдауға құқы бар.

7.6. Осы шешім Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы

шешімі қабылданған күннен бастап, он жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қажет.

7.7. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімде келесі деректер болу қажет:

  1. Қоғам атауы, мекен-жайы, банктік және өзге деректемелері;

  2. Дивидендтер төленетін кезең;

  3. бір жай акцияға шаққанда дивиденд мөлшері;

  4. дивидендтерді төлеу басталатын күн;

  5. дивидендтерді төлеу тәртібі.

7.8. Акционер Қоғам берешегі туындаған мерзімге байланыссыз алынбаған дивидендтердің төленуін талап етуге құқылы.

7.9. Дивидендтерді оларды төлеу үшін белгіленген уақытта төлемеген жағдайда, акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындау күнінде ҚР Ұлттық Банкінде белгіленген қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес есептелетін өсім төленеді.

7.10. Орналастырылмаған немесе Қоғамның өзімен сатып алынған акциялар бойынша, сонымен қатар сотпен немесе Акционерлердің Жалпы жиналысымен Қоғамды тарату туралы шешім қабылданған жағдайларда да дивидендтер есептелмейді жəне төленбейді.

7.11. Дивидендтер алуға құқылы акционерлердiң тiзiмi дивидендтер төленетiн күннен бір күн ерте құрастырылуы қажет.

7.12. Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер жыл қорытындысы бойынша Акционерлердiң Жалпы жиналысын өткiзген сәттен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей жыл қорытындысы бойынша жылына бір рет есептелінеді. Есептелетін дивиденттердің кепілдік мөлшері бір артықшылықты акцияға артықшылықты акция құнының оннан бір пайызын құрайды.


8-ші бап. Қоғам акционерлерінің құқықтары мен міндеттері

8.1. Қоғам Акционері:

  1. ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңында (бұдан әрі- «Заң») және осы Қоғамның жарғысында көзделген тәртiппен қоғамды басқаруға қатысуға;

  2. дивидендтер алуға;

  3. Акционерлердiң Жалпы жиналысында немесе Қоғамның Жарғысында белгiленген тәртiппен Қоғамның қызметi туралы ақпарат алуға, оның iшiнде Қоғамның қаржылық есебiмен танысуға;

  4. Қоғамның тiзiлiмдi ұстаушыдан немесе бастапқы ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын көшiрмелер алуға;

  5. Акционерлердiң Жалпы жиналысына Қоғамның директорлар кеңесiне сайлау үшiн кандидатура ұсынуға;

  6. Қоғамның басқару органдары қабылдаған шешiмдерге сот тәртiбiмен дау көтеруге;

  7. Қоғамның дауыс беретiн акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жинақтап алғанда иеленген кезде, осы Заңның 63 және 74-баптарында көзделген жағдайларда, өз атынан сот органдарына қоғамның лауазымды адамдарының қоғамға келтiрiлген залалдарды қоғамға өтеуi және қоғамның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың аффилиирленген тұлғаларының iрi мәмiлелер және (немесе) мүдделiлiк болуына орай жасалатын мәмiлелер жасасу (жасасуға ұсыныс) туралы шешiм қабылдау нәтижесiнде алған пайданы (табысты) қоғамға қайтаруы туралы талаппен жүгiнуге;

  8. Қоғамға оның қызметi туралы жазбаша сұрау салуға және Қоғамға сұрау салу келiп түскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде дәлелдi жауаптар алуға;

  9. Қоғам таратылған кезде мүлiктiң бiр бөлiгiне;

  10. ҚР заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Заңда белгiленген тәртiппен өз акцияларына айырбасталатын Қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға құқылы;

  11. ҚР заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар.

8.2. Бiр-бiрiмен жасалған келiсiм негiзiнде әрекет ететiн, өзiне (жинақтап алғанда өздерiне) акционерлiк қоғамның дауыс беретiн акцияларының он және одан да көп пайызы тиесiлi акционер немесе бiрнеше акционердің (бұдан әрі - «Ірі акционер»), сондай-ақ:

  1. Акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге немесе Директорлар кеңесi акционерлердiң Жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге;

  2. Қоғамның директорлар кеңесiне Заңға сәйкес Акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiне қосымша мәселелер енгiзудi ұсынуға;

  3. Қоғамның директорлар кеңесiнiң отырысын шақыруды талап етуге;

  4. өз есебiнен аудиторлық ұйымның Қоғам аудитiн жүргiзуiн талап етуге құқығы бар.

8.3. Қоғамның акционерi:

  1. акцияларды төлеуге;

  2. осы акционерге тиесiлi акцияларды Қоғамның тiркеушiсiне және нақтылы ұстаушыға Қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргiзуге қажеттi мәлiметтердiң өзгерiсi туралы он күн iшiнде хабарлауға;

  3. Қоғам немесе оның қызметi туралы қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етпеуге;

  4. осы Жарғыда және ҚР қазіргі заңнамасында белгiленген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.

  5. акционердiң осы Жарғының 8.3-бабының 2) тармақшасында белгiленген талаптарды орындамауының салдары үшiн Қоғам мен тiркеушi жауапты болмайды.



9-шы бап. Қоғам құқықтары мен міндеттері

9.1. ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшін Қоғам құқыққа ие:

  1. өз атынан мәміле жасау, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар алуға және жүзеге асыра алу;




  1. құнды қағаздарды шығару;

  2. басқа ұйымдарды құруға не олардың қызметіне қатысуға;

  3. сотта талапкер және жауапкер болуға;

  4. технологияларға, «НОУ-ХАУ» мен өзге зияткерлік меншік объектілерге, өзге ақпаратты алуына және оларды иеленуге және пайдалануға құқық бере алады;

  5. ҚР және шет елде өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құру, өзінің мүлік есебінен оларды негізгі және айналмалы қаражатпен қамту, олардың әрекет ету тәртібін анықтау;

  6. ҚР заңнамасына сәйкес берілген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

Қоғам міндетті:

  1. ҚР заңнамасын сақтау;

  2. белгіленген тәртіппен салықты және басқа да міндетті төлемдерді төлеу;

  3. өз міндеттемелері мен өзінің мүлкінің шегінде жауапкершілік артады;

  4. ҚР заңнамасы мен осы Жарғыда көзделген өзге міндеттерге де жауапты.



10-шы бап. Қоғамның органдары

Қоғамның органдары мыналар болып табылады:

1) жоғары орган – Акционерлердің жалпы жиналысы;

2) басқару органы - Директорлар кеңесі;

3) алқалы атқарушы орган – Қоғам Басқармасының Төрағасы басшылық ететін Басқарма;

4) Ішкі аудит қызметі - Қоғам қызметін жетілдіру мақсатында қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, ішкі бақылауды бағалау, тәуекелдерді басқару саласындағы бағалауды, құжаттардың корпоративтік басқару және кеңес беру саласында орындалуына бақылауды жүзеге асырушы орган.


  1   2   3   4

Похожие:

Самұрық Энерго АҚ Директорлар Кеңесі отырысының хаттамасы 2013 жылғы 25 icon«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидасы
АҚ директорлар кеңесінің сыртқы отырысының 2011 жылғы 5 наурыздағы №62 шешімімен енгізілген толықтырулармен және «Самұрық-Қазына»...
Самұрық Энерго АҚ Директорлар Кеңесі отырысының хаттамасы 2013 жылғы 25 icon«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ереже
Директорлар кеңесімен, «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) басқармасымен, Қоғамның еншілес/тәуелді ұйымдарымен...
Самұрық Энерго АҚ Директорлар Кеңесі отырысының хаттамасы 2013 жылғы 25 icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен
Саясатының (бұдан әрі Саясат) мақсаты – халықаралық ohsas 118001-2007 стандартына сай келетін менеджмент жүйесін енгізу
Самұрық Энерго АҚ Директорлар Кеңесі отырысының хаттамасы 2013 жылғы 25 icon«самұРЫҚ-энерго» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар бойынша комитеті туралы ереже
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Тағайындаулар бойынша комитеті (бұдан әрі Қоғам) туралы бұл ереже Қазақстан Республикасының...
Самұрық Энерго АҚ Директорлар Кеңесі отырысының хаттамасы 2013 жылғы 25 icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2010 жылы өткен корпоративтік шараларының күнтізбесі
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасы «Богатырь Көмір» жшс-ға иелік етуші «Forum Muider B. V.» компаниясының 50 пайыз акциясын сатып алуымен...
Самұрық Энерго АҚ Директорлар Кеңесі отырысының хаттамасы 2013 жылғы 25 icon«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитеті туралы ереже
Ереже Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит бойынша комитетінің мәртебесін, құзыретін, құрамын, жұмыс тәртібін және функцияларын,...
Самұрық Энерго АҚ Директорлар Кеңесі отырысының хаттамасы 2013 жылғы 25 icon«Самұрық» холдингінің 2007 жылдың 12 қарашасындағы №165-п бұйрығына арналған қосымша «самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамның корпоративтік басқару кодексі астана қ
Кіріспе
Самұрық Энерго АҚ Директорлар Кеңесі отырысының хаттамасы 2013 жылғы 25 iconДиректорлар Кеңесінің шешімімен
Саясат) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы»...
Самұрық Энерго АҚ Директорлар Кеңесі отырысының хаттамасы 2013 жылғы 25 icon«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Ішкі бақылау жүйесі туралы ереже
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) Ішкі бақылау жүйесі туралы ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның бірлескен басқару Кодексіне...
Самұрық Энерго АҚ Директорлар Кеңесі отырысының хаттамасы 2013 жылғы 25 icon«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ
Жалпы ережелер
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница