Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы




Скачать 161.66 Kb.
НазваниеКөлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Дата конвертации12.02.2016
Размер161.66 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://mid.gov.kz/images/npa/pprk_21072014_kz.doc
Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың

кейбір мәселелері туралы


«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі;

2) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2. Мыналар:

1) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары;

2) теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі айқындалсын.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарының және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан кейін қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов


Қазақстан Республикасының Үкіметінің

2014 жылғы 20 қарашадағы

1463 қаулысымен бекітілген

 

 

Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

 

РР/с №

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды

Құжаттар

Ескертпе

 

1

2

3

4

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 бекітілген «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті мен «Тұрақты және тұрақты емес тасымалдар бойынша автокөлік қызметтері» 2273 ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғаларға жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі автобус пен шағын автобустар

жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздерде иелігіндегі автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері




2

жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасы не ұйыммен (дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарт

жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының болуын растайтын құжаттардың не ұйыммен (дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмелері

 

3

автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді (инженер-механик) және жүргізушілерді рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексеруді жүргізу үшін білікті мамандар не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттар

автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді (инженер-механик) және жүргізушілерді рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексеруді жүргізу үшін қызметтің және білікті мамандардың болуын растайтын құжаттардың не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың көшірмелері




4

автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификат

тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері




5

автобустармен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамның міндетті техникалық байқаудан өткізгені туралы қолданыстағы куәлік

автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті мақтандыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсынылатын барлық жылжымалы құрамның міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің көшірмелері




6

автобустар мен шағын автобустардың жүргізушілерінде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретінде жұмыс өтілін растайтын құжат

жеке тұлға үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлға үшін - жүргізушілер құрамының тиісті санаттағы жүргізуші куәліктерінің, тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері




7

тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрығы

тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрықтың көшірмелері





_________________________


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы _______________

_____ қаулысымен

бекітілген

 

 

Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті

лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары

және оларға сәйкестікті растайтын

құжаттардың тізбесі

 

РР/с



Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4



меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздерде өндірістік активтер, олар мыналарды қамтиды:

вагондарды дайындау пункттері және жуу-булау станциялары;

техникалық және коммерциялық қызмет көрсету пункттері;

ағымдағы ағытып жөндеу пункттері;

вагон жөндеу депосы;

кірме жолдары;

тиеу/түсіру машиналары және жабдықтары;

бағдарламалық-техникалық құралдар (тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орны, қабылдап-тапсырушының автоматтандырылған жұмыс орны)

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздердегі өндірістік активтердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

 



қауіпсіздік талаптарына сай келетін тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жарамды жылжымалы құрам

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес қауіпсіздік талаптарына сәйкес тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жарамды жылжымалы құрамның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

 



білікті қызметкерлер штаты

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес білікті қызметкерлер штатының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

 



тасымалдаушының қарамағындағы теміржол көлігі объектілеріндегі әскерилендірілген күзет

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес тасымалдаушының қарамағындағы теміржол көлігі объектілерінде әскерилендірілген күзеттің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

 



теміржол көлігімен тасымалдау кезде жүкті алып жүру үшін әскерилендірілген күзет

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес теміржол көлігімен тасымалдау кезінде жүкті алып жүру үшін әскерилендірілген күзеттің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

 



тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрам паркін сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарлама

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрам паркін сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламаның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

 



қауіпсіздікті басқару жүйесі

осы біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес қауіпсіздікті басқару жүйесі аудитінің жүргізілуін растайтын құжаттың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны

 




_________________________


Теміржол көлігімен жүкті

тасымалдау бойынша қызметті

лицензиялау кезінде қойылатын

біліктілік талаптарына және

оларға сәйкестікті растайтын

құжаттар тізбесіне

қосымша

 

 

Көрсетілетін қызметті алушының теміржол көлігімен жүкті

тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін біліктілік алаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне

сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны


1. Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау бойынша кіші қызмет түрі үшін мыналардың болуы:

1) жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде өндірістік активтердің, оның ішінде:

вагондарды дайындау пункттері және жуу-булау станциялары;

техникалық және коммерциялық қызмет көрсету пункттері;

ағымдағы ағытып жөндеу пункттері;

вагон жөндеу депосы;

кірме жолдары;

тиеу/түсіру машиналары және жабдықтары;

бағдарламалық-техникалық құралдар (тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орны, қабылдап-тапсырушының автоматтандырылған жұмыс орны), олар мыналарды қамтиды:

жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі ________________________________________________________________;

өндірістік активтерді сатып алу-сату не жалға алу шарттарының

нөмірі және қол қойған күні ____________________________________________________________________________;

вагон жөндеуші зауыттармен және (немесе) жылжымалы құрамға

қызмет көрсету және жөндеу деполары және шеберханаларымен шарттардың

нөмірі және қол қойған күні ____________________________________________________________________________;

тиеу/түсіру машиналары және жабдықтарының, бағдарламалық-техникалық құралдардың (тауар кассирінің автоматтандырылған жұмыс орны, қабылдап-тапсырушының автоматтандырылған жұмыс орны) болуы туралы ақпарат __________________________;

2) қауіпсіздік талаптарына сәйкес тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жарамды жылжымалы құрам мыналарды қамтиды:

жылжымалы құрамды сатып алу-сату, жалға алу және (немесе)

лизинг шарттарының нөмірі және қол қойған күні _________________________________________________________;

жылжымалы мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі

және күні ____________________________________________________________________________________________;

3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 424 бұйрығымен бекітілген теміржол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (мамандықтарының) тізбесіне және оларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білікті

қызметкерлердің штаты, мыналарды қамтиды:

тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)______________________________________________________________;

лауазымы ___________________________________________________________________;

тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі және қол қойған күні _________________________________________________;

мамандығы бойынша жұмыс өтілі ___________________________________________________________________;

білімі бойынша мамандығы ___________________________________________________________________;

арнайы білім туралы дипломның нөмірі және берілген күні __________________________________________________;

дипломды берген оқу орнының атауы ____________________________________________________________________;

4) өндірістік активтерді күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған, мыналарды қамтитын шарт:

өндірістік активтерді күзетуге арналған шарттың нөмірі және қол

қойылған күні ____________________________________________________________________;

шартты жасаған, күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы, күзет қызметіне берілген лицензияның нөмірі және күні

_______________________________________________________________________________________________________;

5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің
2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-І бұйрығымен бекітілген теміржол көлігімен тасымалдау кезіңде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің
тізбесіне сәйкес күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жүкті күзетуге арналған шарты, ол мыналарды қамтиды:

өндірістік активтерді күзету шартының нөмірі және қол қойған

күні _____________________________________________________________;

мамандандырылған ұйымның атауы, күзет қызметіне арналған

лицензиясының нөмірі және берілген күні ___________________________________________________________________;

6) тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрам паркін сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарлама, ол мыналарды қамтиды:

бекітілген инвестициялық бағдарламаның нөмірі және күні _______________________________________________________________________________________________________________________________________;

7) қауіпсіздікті басқару жүйесі, ол мыналарды қамтиды:

аудиттің қорытындысын жасау нөмірі және күні _______________________________________________________________.




_________________________


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы ___________

400 қаулысына

қосымша


Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі


1. «Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
20 қарашадағы № 1463 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2013 ж., № 79, 1175-құжат).

2. «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,2013 ж., № 78, 1030-құжат).

3. «Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
20 қарашадағы № 1463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1111 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,2013 ж., № 60, 824-құжат).


_________________________

Похожие:

Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы icon2013 жылғы 31 желтоқсан №1514 Астана, Үкімет үйі Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6, 16-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі...
Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы iconИндустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша...
Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы icon«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесі басқармасының қаулысы
Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Азаматтық қорғау туралы» Заң жобасымен «азаматтық қорғау саласындағы құзыретті орган» деген ұғым енгізіледі, жоғары көрсетілген...
Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы iconБілім беру қызметін лицензиялаудың Ережесі Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы
Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 7 маусымындағы Заңына және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995...
Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы
Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу...
Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы iconКөлік және коммуникация саласындағы салалық біліктілік шеңбері
Көлік және коммуникация саласындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі сбш) – саланың еңбек нарығындағы танылатын біліктілік деңгейлерін...
Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Көлік саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница