Кіріспе




НазваниеКіріспе
страница5/5
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.92 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-бухгалтерлік-есеп-“Контал”-ЖШС.doc
1   2   3   4   5

3-бөлім Еңбекақы есебіне аудит жүргізудің ұйымдастырылуы.


3.1 Аудит негіздері және оны атқаратын қызметтері


Нарық экономикасына көшу кезеңінде тексеру жүйелерінің ішінде аудиторлық қызметке өте зор көңіл бөлінеді, себебі олар “Контал” жауапкершілігі шекетулі серіктестік бухгалтерлік (қаржылық) есептілігін тадау және тәуелсіз түрде эксперт жүргізу.

Бір орталықтан басқару, жоғарыдан жоспарлау кезеңінде тәуелсіз тексерудің қажеттілігі болады. өйткені, ол жұмысты ведомстволық жүйелер мен ведомствалық бақылаулар жасалады, есеп және есептілік жөніндегі жіберілген қателіктерді іздестіре отырып, оларды анықтаумен айналысты. Сонымен қатар жіберілген қателіктері үшін жазалау шараларын пайдаланды.

Нарық экономикасы экономикалық даму заңдарының қарым-қатынастарын, олардың еңбек өнімдерінің сату-алу арқылы жүргізілетіндігін анықтай отырып, оның ары қарай объективтік талабына сүйене отырып, қоғам мүшелерінің өзара дамуына әсерін тигізеді. Осыған орай нарық экономикасы кезеңінде нарық процесіне қатысушылардың талаптарын қамтамасыз ету белгілі бір ережеге сай жүргізілуі тиіс. Бұл

Осы айтылғандардың барлығы тұрақты түрде шыққан процес объективті түрде пайда болады.заңдарды, қаулыларды, уақтылы түрде бақылауды талап етеді. Сонымен қатар жекешелендіру процесіне көшу, басқару құрамының өзгеруі аудиттің дамуына әсер етті. Осы мәселелерді шешуде бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің және басқадай экономикалық ақпараттардың атқаратын ролі өте зор. Осы ақпараттардың арқасында экономикалық шешімге келіп, субъектінің мүмкіндігін жорамалдап, олардың одан ары қарай дамуына көмектеседі.

Нарық экономикасына көшу кезеңінде кәсіпкерлік қызметтердің жаңа түрлері пайда болады, акционерлік қоғамдар құрылады, бірлескен “Контал” жауапкершілігі шекетулі серіктестік комерциялық банктер, тағы сол сияқтылардың көбеюі аудит қызметтерінің кеңеюіне және өсуіне әсер етеді.

Нарық экономикасының қатынастарында шаруашылық операциялары жөніндегі шешімге келу, көпшілік жағдайда қаржы жөніндегі ақпараттарға негізделген, өйткені олар дұрыс, анық және талапқа сай болуы қажет. Осылардың барлығы нарық капиталының міндетті түрде үнемді пайдалануына әсерін тигізеді, оларды бағалауға мүмкіндік жасайды және экономикалық дұрыс шешімге келуге көмектеседі. Осы ақпараттардың дұрыстығын, заңдылығын тек тәуелсіз аудитор ғана анықтап айта алады. Тәуелсіз аудитор клиенттерге (жеке адамдарға, фирмаларға, акционерлік қоғамдарға және т.б.) қызмет етеді, олардың келісімі немесе шақырылуы бойынша. Бұл қызмет тек қана ақы төлеу арқылы белгіленген шарт бойынша жүргізіледі. Аудиторлық қызметтердің пайда болуына төмендегідей жағдайлар әсер етуі мүмкін:

  1. Серіктестік, бірлестік немесе кәсіпорынның операциялары сансыз көп және күрделі болуы мүмкін. Осыған орай қажетті ақпараттарды өз бетінше ала алмайтындықтан, олар аудиторлық қызметті керек етеді.

  2. Қаржы ақпаратын пайдаланушылар бірлестігін (кәсіпорынның) есеп көрсеткіштерін өз бетінше көруге рұқсаты болмайды. Сол себепті олар аудиторлық қызметке мұқтаж.

  3. Аудиторлар арқылы алынған ақпараттар, олардың толықтығы және анықтығы клиенттерге өте қажет. Осылар арқылы келешекте дұрыс шешімге келуге мүмкіндік туғызады.

Аудиторлар өздерінің қорытындысын пайдаланушыларға міндетті түрде айтуы қажет. Жалпы алғанда аудит көп ғасырлық тарихы бар ілім. Арнайы әдебиеттерде оның пайда болуы әртүрлі болып анықталады. “Контролинг” журналында аудиттің пайда болуы жөнінде былай делінген: “Тарихи жазуларға қарағанда , дүние жүзіндегі аудиторлық жүйені құрған бірінші мемлекет Қытай болуы мүмкін. Қытайлардың көне жазуы бойынша, біздің эрамызға дейінгі 700 жылдарда Бас аудитордың орны болған, оның негізгі міндеті өкімет чиновниктерінің тазалығына кепіл болу, оның міндеті бойынша өкіметтің ақшасы мен мүіктеріне пайдалануға қызмет жөнінде құқығы болған”. Осы айтылғандарды қорыта келсек, аудит көне заманда пайда болғандығы байқалады.

1773 жылы Шотландияның орталығы – Эдинбургке арналған адрестік кітапшада жеті аудиторлардан есімі айтылған. Осыған сүйене отырып, кейбір авторлар кәсіпқой аудитор батыс елдерінде, Шотландияда ХІХ ғасырдың орта шеңінде пайда болған деген ұғымға келеді.

Аудиттің одан ары дамуына 1862 ж. Британ бірлестігі жөніндегі шыққан заң әсерін тигізді. Бұл заңда бірлестіктің шоттары мен отчеттарын ең аз дегенде жылына бір рет аудиторлар тексерілуі қажет делінген. Бұл акционерлік қоғамның отчеттарына объективті баға беруді талап етілген және де Контал заводының қаржыларының нақты жағдайларын, оның шындығы жөнінде анық мәліметтерді белгілі уақытта алуына көмектескен.

Міне, осы айтылғандарға сүйенсек, аудиторлық қызмет нарық экономикасы дамыған мемлекеттерде тезірек дамыған.

Америка Құрама штаттарында аудиторлық жұмыс британдықтардың әсерінен пайда болған. 1896 ж. Нью-Йорг штатының заңды органдары аудиторлық қызметті реттеу жөнінде заң жобасын қабылдаған.

Қазіргі заманда нарық экономикасы дамыған дүние дүзіндегі барлық мемлекеттерде аудит жөнінде қоғамдық институттар құрылған. Көпшілік мемлекеттерде бухгалтер-аудит жөнінде кәсіби мекемелер құрылған. Мысалы, 1880 ж. Англияда машықтанған бухгалтерлер Институты құрылған 1887 ж. АҚШ-та – дипломатиялық бухгалтерлер Институты, Германияда аудиторлар Институты құрылған т.б.

Экономикасы дамыған мемлекеттерде тәуелсіз аудиторсыртқы қаржы бақылауының басты формалары болып есептелінеді.

Аудиторлық жұмыстың дамуы өте ірі трансұлттық аудиторлық кеңес фирмаларының құрылуына әсерін тигізді. [25,14 –16 бет]

Келтірілген кестеде қазіргі кездегі дүние жүзіндегі аудитор жөніндегі ең ірі фирмалар көрсетілген. Осыған қарасақ, аудиторлық қызметтің жоғары бағаланатындығы байқалады.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, нарық экономикасы дамыған шет мемлекеттерде аудитжұмысы өзінің дамуымен қатар басқару жүйесіндегі алдыңғы формалардың бірі болып есептелінеді.

Аудит Қазақстан Республикасында жаңадан пайда бола басьады. 1990ж. Бірінші аудиторлық фирма құрылды. Қазақстан Республикасының Министрлер Кеңесінің 1990 ж. Ақпан айының 15-ші жұлдызындағы №60 қаулысына байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің құрамынан «Қазақстан-аудит» атты аудиторлық орталық құрылған. 1992 ж. Жылдан бастап бұл фирма өз бетінше бөлек ірі акционерлік бірлестікке айналып, Қазақстан территориясындағы кәсіпорындар мен мекемелерге билік формасына қарамастан аудиторлық қызмет пен кеңес беру жұмыстарын атқара бастады.

Аудиторлық жұмыстың ары қарай дамуына 1993 ж. Қазан айының 18-ші жұлдызында шыққан “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет” туралы заңы әсерін тигізді. Бұл заң аудиторлық қызметпен байланысты қатынастарды реттеп отырады және оны Бухгалтерлік есептің стандарттарына, Бухгалтерлік есеп жөніндегі Заңға сәйкес қайтадан өңделіп, 1998 ж. Қараша айының 20-шы жұлдызында шықты.

Аудиттің бағыты – заңдылықтармен анықталған, аудиторлық қызметтің нормативтік жүйесін реттеу, аудиторлар мен клиенттердің шарттық міндеттемелерін нақтылы мақсатпен шешу болып есептелінеді. [24,34-36 бет]

Аудиторлық қызметтің негізгі бағыты – субъектілердің бухгалтерлік (қаржылық) отчеттарының дұрыстығын және олардың жасаған қаржылық және шаруашылық операцияларының нормативтік актілерге сай екендігін анықтау.

Сайып келгенде, аудиттің міндеті – қаржы отчетын төмендегідей бағыттары бойынша тексеру:

  • отчеттардың дұрыстығын, анықтығын растау;

  • тексеру кезінде есеп пен отчетта көрсетілген шығындардың, табыстардың, қаржы нәтижелерінің қорытындысының анықтығын, дұрыстығын, толықтығын және дәлдігін тексеру;

  • бухгалтерлік есепті жүргізуде олардың заңдар мен нормативтік құжаттарға сәйкестігін және отчеттардың жасалуын , активтерді, міндеттемелерді және меншікті капиталды бағалау әдістемелерінің дұрыстығын тексеру;

  • өзінің негізгі және айналым қорын дұрыс пайдаланудың арқасында, келешектегі резервтерді анықтау.

Қаржы отчеты жөніндегі аудиттің негізгі міндеті – отчетта көрсетілген активтердің, міндеттемелердің, меншікті капиталдың және субъектінің қаржы нәтижесінің толықтығына, дәлдігіне, дұрыстығына объективтітүрде белгілі бір мезгілге бағалау және де субъектіде қабылданған есеп саясатының заңдар мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру.

Аудит қызметінің қажеттілігі төмендегі жағдайларға байланысты пайда болды:

  1. пайдаланушылардың өздеріне қажетті ақпаратты әкімшіліктер жағынан дұрыс мәліметтер бермеудің нәтижесіндепайда болған дау жайында;

  2. ақпараттың апалығы жөнінде қабылданған шешім-тәуелділігінің әсері;

  3. ақпаратты тексеру үшін арнаулы білімнің қажеттілігі;

  4. сапасын анықтауға ақпарат пайдаланушылардың мүмкіншілігінің жоқтығы.

Осы айтылған алдыңғы жағдайлар тәуелсіз экспорттің қызметтерінің қажеттілігін анықтады. Ол эксперттер немесе аудиторлар өздеріне сай дайындалған, тәжірибесі бар мамандар және аудиторлық қызмет жасауға куәлігі және құқығы бар адамдар немесе фирмалар.

Дұрыс ақпараттың барлығы капитал рыногінің үнемділігін, (тиімділігін) жоғарылату үшін қажет және әртүрлі экономикалық шешімдерді жобалауға және бағалауға мүмкіндік жасайды. Аудиторлық тексеруді жүргізу міндетті болмаса да, дегенмен оның келешекте дұрыс шешім қабылдау үшін маңызы өте зор.

Меншік иелері, әсіресе акционерлер, пайщиктер жәнеде қарыз берушілер, кәсіпорынның көптеген орындалып жатқан шаруашылық операцияларына бейтаныс, олардың осы операциялардың дұрыстығына көзі жетпейді немесе мүмкіншілігі жоқ. Міне, осы айтылған ақпараттардың дұрыстығын анықтайтын тәуелсіз аудиторлардың шешімі керек. Тәуелсіз аудиторлар “Контал” жауапкершіліг шектеулі серіктестік шаруашылық жұмысының нәтижесі жөніндегі ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеп, оның заңға сәйкес екендігін және дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді. Осыған орай аудиторлық қызметтің ролі ерекше орын алады.

Аудиторлық қызмет деп аудит жұмысын ұйымдастыру мен әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексеруді іс жүзінде орындау және басқа да аудиторлық қызметті көрсету түріндегі кәсіпкерлік қызмет.

Аудиторлық қызметтер қаржылық есеп берудің заңдарға, өзге де қалыпты құжаттарға сәйкестігі мен ондағы қаржы-шарушылық қызметі нәтижелерінің дұрыс көрсетілуі, бухгалтерлік есеп, қаржы, салық салу, құқық және сақтандыру ісі, өндірісті дұрыс ұйымдастыру, нарықтық динамика жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қуаттарының тиімділігін арттыру үшін резервтерді анықтау мақсатында ақы төлеу негізінде жасалған шарттар бойынша тәуелсіз түрде аудиторлық тексерулер, кеңес беру түрінде көрсетіледі.


3.2 Еңбекақы есебіне аудит жүргізу үшін түзетілетін аудиторлық бағдарлама


Жұмыскерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырсудың аудитінің міндеті күшіндегі еңбек және жалақы есебін жүргізу ережелерін тәртіптерінің сақталуын және бухгалтерлік есептің жағдайын сондай - ақ еңбек ақы бойынша жүргізіліп отырған есеп айырсулардың нормалары мен нармативтік құжаттардың талаптарына жауап беретіндігін анықтау болып табылады.

Аудитор шаруашылықтың есеп жүргізу саясатында қаралған еңбекақы есептеу есеп айырсу тәртіптерімен танысқаннан кейін, еңбекақы болйынша есеп айырсуларға аудторлық тексеру жүргізудің шараларын толық қамтитын болып мынадай мазмұнда бағдарлама жасайды:

  • күшіндегі заң актілерінің баптарында қаралған жалақы төлеу есебінің жүргізу тәртібінің сақталуын тексеру;

  • бастапқы құжаттардың түп нұсқасын олардың жалақы есептеу және төлеу бойынша нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексеру;

  • мерзімді және кесімді тарифтік қойылымдар бойынша еңбекақы есептеудің негізділігін тексеру;

  • шаруашылықтың қолданыстағы сыйақы есептеу жүйесі бойынша жұмыс көлеміне және істеген уақытына қарай сыйақы есептеудің дұрыстығын және негізділігін тексру;

  • уақытша жұмысқа қабілетсіздігі бойынша жәрдем ақы және әр түрлі қосымша ақы септеудің дұрыстығын тексеру;

  • жалақыдан ұсталынған ұсталымдардың дұрыстығын тексеру;

  • депоненттегі жалақыны тексеру;

  • еңбекақы төлеу және есептеу бойынша, жасалған шоттарының корресподенцияларынның дұрыстығын тексеру;

  • шруашылықтың жұмыскерлерімен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсудың есебін жүргізуде анықталған ауытқуларды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар жасау.

Шаруашылық жүргізушінің шаруашылықтың еңбек ақы төқлеу бойынша қарыздары туралы ақпараттарды жинақтау үшін 681 “Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсулар” шоты қаралған. 681 “Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсулар” шоты бойынша аналитикалық есеп мәліметтері синтетикалық есеп мәліметтерімен сәйкес келмейтін жағдайлары жиі кездеседі. Бұны осы шот бойынша қалдықты, есептеу төлеу ведмосындағы қортынды сомасымен салыстыру жолымен анықтайды. 681 “Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсулар” шоты бойынша мәліметтердің аналитикалық есеп пен сәйкесіздік жағдайы кездессе, аудитор оның есебін анықтап, анықталған ауытқуларды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар беруге міндетті.

Еңбекақы бойынша есеп айырсуды аудиттеу кезінде ішкі бақыдлауыдң жағдайын және бухгалтерлік есепттің жүйесін зерттеу үшін тест жүргізу арқылы пысықтай түсуі керек.

Аудиторға тестің нәтижесі бойынша жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсуды талдаға бухгалтерлік есеп жүйесіне ішкі бақылаудың жағдайы туралы қортынды жасауға мүмкіндік алады.

Ішкі бақылаудың және бухгалтерлік есептің деңгейінің төмендігі, барлық есеп айырсу операцияларының нақыт құжатталғандығына 681 “Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсулар” шоты бойыншща мәліметтердің дұрыстығына күмән кеелтіреді.

Бұндай жағджайда аудитор бастапқы құжаттардың түп нұсқалығын олардың дұрыс толтырылғандығын, жалақы есептеу оын төлеу және басқа да еңбек ақы төлеуден түрлері бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін зерттеу қажет. Аудитор бұл іс - әрекетті жүргізген ензінде орындалған жұыстардың есебі үшін жауапкершілікті лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылғандығын, барлық реквизиттердің дұрыс толтырғандығын, құжаттарында келсілмеген түзетулердің және тазартудың жоқтығын анықтайды.

Еңбек ақы төлеу бойынша жұмыскерлермен есеп айырсуларды тексерген кезде аудитор анықтауға міндетті:

Шаруашылықта еңбекақы төлеудің қандай түрлері және жүйелері қолданылатын (кесімді, мерзімді, аккордты); жұмыскерге еңбекақы төлеу және ұжымдық еңбек шарты туралы ішкі ережелерінің сақталғанын; жұмысқа қабылданған күннен бастап жұмыскердердің тізімдегі және орташа тізімдегі құрамы; еңбекақы төлеу бойынша жұмыскерлдермен есеп айырсудың есебін кім жүргізетінін (қызметі, білімі, бухгалтерлік стажы, туысқандық байланысы), осы участіктің бухгалтері қандай нормативтік құжаттарды басшылыққа алып, пайдаланатынын, ол кімге бағынады, оның жұмысының сапасын кім тексеретінін.

Бастапқы құжаттарын зерттеген кезде айдитор жұмыс уақытының есебінің табелін және нарядтарды, оларға жалған тұлғаларға еніп кетпегендігін тексеруге міндетті. Ол үшін нарядты берілген күні бойынша нарядтағы және жұмыс уақытының есебінің табельдегі жұмысшылардың аты жөнін, жеке құрамының есебін мәліметтерімен салыстырып талдау жасауы қажет. Бұрын еңбекақы есептеуге негіз болған бастапқы құжаттар бойынша екінші рет есептелінбегендігіне бір тұлғаның есептеу төлем ведмостарына бірнеше рет қайталанбағына назар аудару қажет.

Әсіресе, шаруашылқтың тек құрамының тізімінде жоқ және шамалы уақыт жұмыс істеген тұлғаларға жазылған нарядтарға, сондай - ақ ақауды қалпына келтіру және төменгі сапада ораныдалған жұмыстарды қайта жасау бойынша толтырылған нарядтарға баса назар аударып, мұхият тексеру жүргізу қажет.

Әр бір жұмысқа қабылданған тұлғаға (тұрақты, уақытша, маусымдық) жеке карточка ашылып оған табельдік нөмір беріледі.. Шаруашылықтың төрағасының бұйрығының немесе өкімінің негізінде бухгалтер әрбір жұмыскерлерге бет ашып береді.

Осы ведомостың негізінде 681 “Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырсулар” шотына және 63 “Бюджетпен есеп айырсулар” бөлімшесінің тисіті шоттарына тиісті жазулар жүзге асырылады. Ведомосқа шаруашылықтың басшысының және бас бухгалерінң қолы қойылып, біреулерге тиісті соманы, жұмыскерлердің атын жөнін, табельдік номерін көрсетіп төлем ведмостарына көшіріп жазып, ведмостарды нөмерлеп, олардың әрқайсына жеке жеке кассалық шығыс ордерлері бухгалтерінің басшының және бас бухгалтерінің қолдары қойғаннан кейін жалақы таратылады.

Бастапқы құжаттарын және есептеу- төлем ведмостарын тексерген кезде арифметикалық еңбек ақы есептеу тәртіптерімен ережелерінің дұрыс назар аудару қажет.

Аудиттің маңызды іс әрекетінің бірі әр түрлі жағдайлардағы байланысты еңбекақыны есептеу тәртіптерімен ережелерінің дұрыс сақталғандығына ішінара тексеру жүргізу болып табылады.

  • кесімді, мерзімді, тарифтік қойылымдар, жалақы мөлешрі бойынша төлемдердің дұрыстығына, мерщзіміне қарай еңбек ақы төлеу кезінде шаруашылқтың жұмыскерлерінің, қызметкерлерінің штаттық кестедегі қаралған жалақы мөлшерінің сақталуын, еңбек келісімі бойынша еңбек ақы төлеудің нгізділігін, тарифтік қойылымдардың дұрыс қолдануын тексеру қажет, ал кесімді кезінде қолданылған шаралардың және нарықтардың жұмыс санының және сапсын орындау көрсеткіштерінің дұрыстығын, еңбекақы есептелген жұмыс көлемінің қаншалықты нақыт орындалғандығын, шаруашылқа кіріске алынған өндірілген өнімнің оның сапасына сәйкестілігін;

  • шаруашылқты қолданылып жүрген сыйақы төлеу жүйесі бойынша кессімді жәнке мерзімді жұмысшылрағы есептелген сыйақының негізділігін. Сондай – ақ сыйақы және ынталандыру ақыларына ресми түрде қабылданған рұқсаты болуы керек;

  • жұмыстың қалыпты жағдайдан аутқуына байланысты түнгі уақөыттағы жұмыстар үшін, мерзімінен тыс атқарылғанжұмыстар үшін жұмыскердердің кінәсінен болмаған өндірістегі уақытша кідірісті төлеу үшін ауыр және зиянды жұмыстар үшін демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстар үшін есептелінген қосымша ақының дұрыстығын.

Егер еңбекқа есептеу бойынша бастапқы құжаттарын тексерген кезде дұрыс есептелмеген едәуір кемшіліктерге жол берілсе, аудитор құжататрын тереңдетңп тексеру туралы шешім қабылдауға мінетті, өйткені еңбекақының дұрыс есептелуі, өнімнің өзіндік құнының және қаржылық нәтижесінің дұрыстығына әсер етеді. Практикада бухгалтерлер бастапқы құжатардың мәліметтері бет есептерде жеке ессептеу төлем ведмостарында көрсеткен кезде қате жіберу фактілері көптеп кездеседі.

Мұның нәтижесінде қаржылық нәтижені дұрыс анықтаудың мүмкіндігі төмендейді.

Аудитор қалыпты жұмыс жағдайының ауытқуына байланысты қосымша ақы есептеудің дұрыстығын тексерген кезде себеп болған жағдайларда анықтауға тиісті. Жұмыстың қалыпты жағдайы деп- жұмыс орны тапсырма нарядтарға, жолдама беттерге және бақса да құжатарына сайкес шикізатпен, материалдармен, жабдықтаушылармен, саймандармен толық қамтамасыз етілуін айтамыз.

Бұл айтылғандардың қатарына жұмыс орындарының жабықталуы, сақтандыру шаралыраның қаралғандығы және қалыпты жағдайда жұмыс істеуге басқа барлық мүмкіндікттің жасалғандығында назардан тыс қалмауы керек. Егер бұл жағдайлар орындалмаса, жұмысшыларға қосымша уақыт жұмысауға тура келеді. Сондықтан бұл уақыттарға және оны төлеуге қосымша есептеулер жасалды.

Бұрынғы құжаттарда қаралмаған қосымша технологиялық операциялар анықталған жағдайда, осы мақсат үшін кесімді жұмысқа жазылып, толтырылған нарядтар бойынша ессептелген еңбекақыларға жұмыстың нақты жағдайы жоспарланған мен, сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылған қосымша төлеу бетеріне тексеру жүргізіп, қосымша төлемдердің заңдыығына негізділіген назар аудару қажет.

Аудитор түнгі жұмыстарға және жұмыстан тыс уақыттарға қосымша еңбекақының дұрыстығына тексмеру жүргізгенде жұмыстың осындай түрлеріне жатқызылу тәртіптерін назар аударуға тиісті.

Анықталған ақауы бар өнімдерге акті жасап, онда ақаудың шығындары және шеккен зиян сомасы көрсетіледі.

Сонымен қатар, аудитор мереке күндері үшін жұмысқа еңбекақы төлеудің дұрыстығымен танысып, олардың талаптарға сайкестілігін анықтауға тиісті.

Мереке күндері жұмыстар үшін мынадай еңбекақы төлеу тәртіптерінің сақталғандығын анықтауға тиісті:

  • кесінді жұмыстағы жұмысшыларға екі еселенген кесінді нарықтан кем емес;

  • сағатпен және күндік тарифтік қойылыммен жұмыс істейтін жұмыскерлерге сағатына егер жұмыс уақыты айлық нормадан жоғары болған жағдайда немесе күндік қойылым мөлшерінен жоғары екі еседен кем емес, жұмыс айлық нариаттағы уақыттың көлемінен жоғары болған жағдайда халықты бір еселенген еңьекақынын көлемінде есептелгендігін.

Жұмыскерлердің келісімі бойынша ақшалай қосымша төлемдер еселенбей қалыпты төлем күйінде басқа күнге демалыс беру немесе кезекті еңбек демалысына қосу тәртіптерінің қолдану арқылы алмастырылуы мүмкін.

Егер жұмысшы мереке және түнгі уақытқа жиі кез келетін алмасуда жұмыс істесе, сәйкес келген нақты жұмыс істеген сағаты ғана екі еселеніп төленеді. Түнгі уақытта істеген жұмыс уақыты еселенбей, қолданыстағы норма бойынша төленеді. Мереке күндері, жұмыстан тыс істеген уақытқа қосымша төленбейді. Өйткені барлық сағаты екі еселенген көлемде төленетін болғандықтан, жұмыскерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аудитінің келесі кезеңі жалақыдан ұсталатын ұсталымдардың дұрыстығын тексеру болып табылады.

Жұмыскерлердің жалақысынан заң актілеріне сәйкес мынадай ұсталымдар жүзеге асырылуы мүмкін: табыс салық, бұрын берілген аванстар, жұмыскерлердің шаруашылыққа келтірген материалды зиянын өндіруге, орындау беттері бойынша, өнімдердің ақауы үшін және басқа да ұсталымдар.

Табыс салық, 2001 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Қазақстан Республикасының “Салық кодексі” анықталған тәртіптерге сәйкес ұсынылады.

Орындау беттері бойынша, тек қана қолдағы бар беттер немесе жұмыскерлердің өзінің арызы бойынша ұсталғандығына назар аудару керек.

Жұмыскерлердің шаруашылыққа келтірілген материалдық зиянын өндіру үшін шаруашылықтың төрағасының бұйрығы немесе соттың шешімі бойынша ұсталынғандығын анықтау қажет.

Аудиторлық тексеру қортындысында елеулі ықпал ететін мынандай мәселені анықтау қажет.

    • белгіленген мерзімде алмаған жалақыны сомасы дер кезінде депонетке жатқызылғанын;

    • жұмысты қосып төленгендігін және талап етілмеген депоненттік борыш табыстың құрамына аударғандығын;

    • күшіндегі заң актілерінде қаралған жұмыс істемеген уақытқа төлем жұмысқа уақытша қабілетсіздігі бойынша еңбек ақының дұрыс төленгенін;

    • шығынның еңбек ақы төлеу қорына дұрыс жатқызылғандығын;

    • кейбір төлемдердің өнімнің өзіндік құнына дұрыс жатқызылғаныны;

    • аналитикалық және синтетикалық есеп жүргізудің, жиынтық мәліметтерінің және қаржылық қортынды есеп үлгілерін толтырудың дұрыстығын;

    • еңбек ақы қоры бойынша бухгалтерлік есеп коррсепонденцияларының дұрыс жазылғандығын. [25.194-201 беттер]




    1. Еңбекақы есебіне аудиторлық талдау


Аудит жұмысы бір жүйеге клтірілген белгілі бір құжаттар арқылы жүргізілетін құжаттар арқылы сатылып жүргізілетін тиянақты жұмыс.

Аудит тоериясында оның жүргізілуі бірнеше сатыға бөлінеді:

Бірінші сатысы Жалпы қарастыру. Тапсырушылармен жұмыс істеу, аудитор ұйымдарды үшін жасау кезеңнен басталады. Аудитор ұйымы өзінің тапсырушының аудиті аудит жүргізгенен бұрын оның қаржы шаруашылығына толық зерттеу бастап, алдын ала өз пікірін тұжырымдайды. Сонымен қатар нақыт материалдарға сүйене отырып, оның маркетинг жұмысын, құрал жабдықтық жағдайын, өндірістік жағдайын, өнім сату процесін толық зерттейді.

Екінші сатысы. Алдын ала танысу. Аудитор ұймы шарт жасасқан шаруашылық субьектісі мен аудит жұмысын бастаудан бұрын оның қаржы шаруашылық жағдайымен танысу мен зерттеуден бастайд. Осы кезде аудитор субьектінің қаржы есебін басылымға шыққан көресткішерін сұрастырулар зерттеп ғана қоймай сол субьекті туралы әр түрлі жүргізеді. Яғни субьект шаруашылығы күрделі болса оны зерттеу, танысу процесі де күрделі болады. Аудит жұмысын сәтті, жедел, тиімді жүргізу қажет.

Үшінші сатысы: Аудит жұмысына бағдарлама.

Қандай жұмыс болмасын оның тиянақтылығы және жүйелі орындалуы үшін сол жұмысқа бағдарлама,жоспар жасауы қажет. Қазақстанның аудит стандарты (7-шілдесінде) аудит жұмысының жоспарлануы, оның тиімділігін, сапалылығын және белгіленген уақытта орындалатындығын атап көрсеткен. Аудит бағдарламасын жасау дегеніміз оның мағынасын және мақсатын тапсырушы талабына сәйкес, оның шаруашылық процесін түгелдей қарастырып тексеру жасауды тиянақты жүргізуге негіз болады. Аудит бағдарламасында аудит объектісі түгелдей анықталуы қажет.

Аудитті орындау сатысында, аудит процесін жүргізу үшін ол тиімді әрі жайлы болуы үшін бағдарламада оның тақырыбын немесе обьектілерін тізбектеп атап көрсету орынды:

  • негізгі құрал, материалдық емес активтер және күрделі шығындар аудиті;

  • материалдар есебінің аудиті;

  • өндіріс шығындарының аудиті;

  • дайын өнім және оны сату процесінің аудиті;

  • ақша қаржысының, есептеу процеснің, инвестициясының аудиті;

  • әр түрлі қорлар, резервтер, қаржылық табыстылық көрсеткіштерінің аудиті.

Аудитор аудиторлық тексеру нәтижесі туралы есебін жасайды. Оны тапсырушыға шартында белгіленген мерзімінен кешіктірмей өткізуі қажет. Ол арнайы құжат “Қабылдау- өткізу актісі” арқылы орындалады. Негізінде аудит есебі қортынды Қазақстанның бесінші стандартында келтірілген “қаржы есебін тексерудің аудиторлық қортындысы” талабына сәйкес жасалынады.

Басқадай көрсетілген аудиторлық қызметтер арнайы анықтама жазып берумен, сараптау қортындылары немес басқадай түрдегі актілермен анықталып тапсырылады.

Негізінде аудит есебінің мазмұнымен түрі арнайы принциптерге сәйкес болуы қажет.Олар:

  • есебінің тақырыбы болуы қажет, себебі әр бір есеп басқа есептерден өзінше бөлектеніп байқалатын болуы қажет;

  • аудит есебінде аудит көлемі, мақсаты, ондағы мәліметтің шектелуі анықталуы қажет;

  • аудит есебі басылымға шығатын болса, онда оған қоса сол есепте негіз болған қаржылықты анықтаушы құжаттар да басылымға бірге шығуы қажет;

  • аудит есебінде барлық тексерілген қаржылықты анықтайтын құжаттар түгелдей көрсетілуі тиіс;

  • есебінде аудитті құқылық негіз болатын за құжаттары, нормативті құжаттар көрсетілуі қажет;

  • есебінің мазмұнында тұтынушылар үшін қажетті мәліметтер бухгалтерлік жәгне аудиторлық стандарттар талабына сай, тексеру әдістемесін дұрыс қолданғаны анықталған болуы қажет;

  • есептің мазмұнында келтірілген анықтамалар, түсініктер өте тиянақты түсінікті, күдіксіз, анық болуы қажет.

Осы принциптерге негізделе отырып, Қазақстанның 5-ші стандартында аудит қортындысының негізгі элементтері келтіріліп, оның мазмұны мен жүйесі анықталады.

Аудитор қортындысының негізгі бөлімінде аудитор тексеруін жалпы көлемі, мазмұны келтіріліп, оның құқықтық жағы Қазақстан стандарттарына сүйенен отырып жүргізілетіндігі көрсетіледі. Осы аудит материалы қолданушылар, тұтынушылар үшін сенімді мәлімет болады.

Аудит қортындысының негізгі бөлімінде келтірілген мәлімсет қаржы есебінде жіберілген қате немесе кемшіліктер болуы мүмкіндігін, аудит күдігі қандай мөлдшерде зияныды болатынын қарастырады. Яғни ол көрсеткіштерді мәлімет тұтынушылардың есіне салады. Одан кейін, аудит технологиясының барысы көрсетіледі:

  • тест арқылы талдау жасау. Қаржы есептерін құжаттар арқылы дәлелдеу, анықтау;

  • бухгалтерлік есеп принциптерін, оның қаржы есебін жасаудағы тиімділігін нақты, дәлелді түрде көрсету;

  • жалпы қаржы есебіне баға беру;

Аудит есебінің қортындлау бөлімінде аудит қортындысын жасау қажет. Оның негізгі мақсаты субьектінің қаржы есебінің дұрыстығын, оныңғ мемлекет заңына, нормативтік құжаттар талабына, бухгалтерлік және аудиторлық стандарт талабына сайкес жасалғандығын көрсету. Қаржы есебі туралы басқадай нақты мәлімет қажет болған жағдайда аудитор оны жеке анывқтамалар, сараптау қортындылары арөқыл көрсетіледі.Қазақстандағы аудит стандартының талабына сәйкес аудит қортындысының түрі мен мазмұны бір жүйеге келтіріледі. . [24. 125-134 беттер]

«Контал» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 2003-204-2005 -2006 жылдардағы еңбекақы диаграмасын қарастыратын болсақ,2003 жылғы еңбекақысы 59млн 718 мың теңге, 2004- жылы 68млн 888 мың теңге, 2005- жылы 77 млн 128 ммың теңге, 2006- жылы 79 млн 424 мың теңгені құрап жылма –жыл еңбекақының өскенін байқаймыз яғни, 2003 жылды 2006 жылдың еңбекақысымен салыстыраитын болсақ,32,9 пайызға өскендігін байқаймыз.

Осының өзі еңбекерлдердің орташа еңбекақысы 24882 теңгеден 32417 теңгеге өскен.27,4-6 беттер




Қорытынды.


Қорыта келе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және жұмысшылар арасында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруда жаңа қатынастар пайда болды. Нарықтық экономикаға көшу кезеңі еңбек қатынастарын реттеу формаларына өзгеріс енгізілді. Ендігі жерде еңбек қатынастарын реттеуші формалары заң арқылы тарифтік және ұжымдық келісімдермен реттелетін болды. Жұмыс беруші қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім-шарттарын жасайды. Жеке еңбек келісім-шарты-жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орын, келісім шарттың мерзімі, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқада мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады және тараптардың жауапкершілігі міндеті, құқықтары белгіленеді.

Дегенмен де “Контал” жауапкершіліг шектеулі серіктестік жұмысшылар және қызыметкерлер мен түзілген келісім-шартына “Қазақстан Республикасының еңбек туралы” заңының 7,8 және 9 баптары енгізілуі тиіс.

Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әр түрлі ұсталымдар жасалады: міндетті зейнеткерлер жарнасын жинақ зейнеткерлер жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын, сондай-ақ еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін тағы басқа ұсталымдар ұсталады.

Өндіріс технологиясымен оны ұйымдастыруға, еңбек төлемінің қолданылатын жүйесіне, өнім сапасын бақылауға, есеп пен басқада жайларын компьютерлендіру деңгейінің әр түрлі әдістері қолданылады.

Бухгалтерияға келіп түскен жұмыс уақыты мен көрсетілген қызыметтің есебі жөніндегі құжаттар тексеріледі де, тек содан соң есептік өңдеуге жіберіледі.

Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 68 “Қызметкерлер мен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу” үшін 682 “Лауазымды тұлғаларға қарыз” шоты арналған.

Кез келген деңгейдегі шаруашылықтарды басқару үшін, оған ғылыми жағынан негізделген жедел талдау жүйесін тұрақты түрде жүргізіп отыру керек. Экономиканы дамыту мен қызымет етудің жетекші категориясы болып жалғыз ағымдағы тапқан пайдасы ғана емес сондай-ақ оның стратегиясы да болған жөн. Бұл экономикаға мемлекеттің ықпалын және қызымет етуі үшін қолайлы жағдайларды туғызудың кезектегі және қажеттілігі келіп жеткендігін көрсетеді.

Сонымен жедел талдаудың талаптарына жауап бере алатын және экономикалық бұрыннан танымал әдістерді пайдаланады, атап айтсақ

  • Ауытқуды талдау әдістерді;

  • “Шығын-көлем –табыстарының ” ара қатынасы;

  • зиян сыздықты талдау;

  • жедел басқарушылық талдау - бұл ішкі ресурстардың ситуациялық процесін және жоспарлаудың қисынды өзгерістерін үйлесімін талдлау болып табылады:

Серіктестіктің шаруашылық қызметтеріндегі басты экономикалық көрсеткіштердің келесі тобы – шығыстар, көрсетілген қызыметтің көлемі және табыстар болып бөлінеді, осылардың ара қатынасын, яғни оптималды деңгейін сақтап, басқарудың ең тиімді деңгейін қалыптастыру керек.

Қаржылық жағдайын ескеріп және сонымен бірге қаржылық теңдігін сақтай отырып, көптеген басшылар бірінші кезекте тұрақты шығындарды қысқартуға барады және соның көмегімен рентабельділіктің дәрежесін анықтайды.

Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде тексеру жүйелерінің ішінде аудиторлық қызметке өте зор көңіл бөлінеді, себебі олар қаржылық есебін талдау және тәуелсіз түрде экспорт жүргізуді жүзеге асырады. Нарықтық экономика кезеңінде кәсіпкерлік қызметтердің жаңа түрлері пайда болады, акционерлік қоғамдар, бірлескен коммерциялық банктер, мемлекеттік кәсіпорындар тағы сол сияқтылардың көбеюі аудит қызметтерінің кеңеюіне және өсуіне әсер етеді. Аудиттің бағыты – заңдылықтармен анықталған, аудиторлық қызметтің нормативтік жүйесін реттеу, аудиторлармен клиенттердің шарттық міндеттемелерін нақты мақсатпен шешу болып есептелінеді.

Нақты аудиторлық тексеру дегеніміз – натуралдық түрде тексеретін обьектінің көрсеткіштерінің нақты жағдайын зерттей оларды анықтау.

“Контал” жауапкершіліг шектеулі серіктестікте бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру үшін төмендегідей ұсыныстар жасаймын:

  • Бухгалтерлік есеп жүйесін 1.С. 7,7 “Бухгалтерия” програмасына көшіру.

  • Еңбеккерлермен есеп айырысуды карточка жүйесіне көшіру.

  • Бюджетпен есеп айырысу жүйесін автоматтандыру.

Осы жоғарыда көрсетілген мәселелер толықтай шешімін табатын болса, бухгалтерлік есеп жүйесі өз дәрежесінде жүргізу мүмкіндігіне ие болады деген пікірдемін.


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. 26.12.95ж. № 2732-ші “Бухгалтерлік есеп жайлы” Заңды күші бар. ҚР Президентінің қаулысы- “Нормативтік актілер” №1, 1996ж

  2. Бас счеттар жоспары

  3. “Бухгалтерлік есеп стандарттары және оны әдістемелік нұсқаулар” Алматы-1999 ҚР. Қаржы министрлігі- Бух есеп және аудит әдістемесінің Департаменті

  4. Библиотека бухгалтера и предпринимателя № 17-18(83-84), 1997 ж қырқүйек

  5. “Бухгалтерлік есеп және аудит” №2, 2000ж. Ғылыми- практикалық журнал.

  6. Бухгалтер бюлетені. №1 (106), №2 (107) 2000ж. Қаңтар, №6 (111), №7(112) 2000. ақпан, №24 1997ж

  7. Дүйсембаев К.Ш. “Анализ финансового положение предприятия” 1998г. уч. пособие, Алматы “Экономика”

  8. Дүйсембаев К.Ш. “Аудит и анализ финансовый отчетности” Егемен Қазақстан 1998ж. 11 наурыз

  9. Қаржы - Қаражат 2000ж. №1-2 және 1999ж. №2

  10. ҚР-ның Президентінің “Салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер жайлы” Заңды күші бар Қаулысы

  11. 1С: Предприятия 7.7. ІІ бөлімі –фирма “1С: предприятия

  12. Радостовец В.В., Шмидт О.И. “Бух учет на предприятиях” Алматы-97 НАК “Центраудит”

  13. Радостовец В.К. “Финансовый и управленческий учет на предприятиях” Алматы –97 НАК “Центраудит”

  14. Радостовец В.К. “Финансовый и управленческий учет на предприятиях” Алматы –97 НАК “Центраудит”

  15. “Организация финансового учета” под редакцией В. К. Радостовеца

  16. Скала В.И. Белкин А.И. “Сборник бухгалтерских проводок” учебное пособие

  17. Толпаков Ж.С. “Учет основных средств”

  18. Тасмағанбетов Т.А. “Қаржы есебі” Алматы - 98, ИД “LEM”

  19. Белкин А.И., Скала Н.В. “Сборник бухгалтерских проводок”, Алматы –1999, ИД “LEM”

  20. Русакова Е.А., Ибрагимов Н.А. “Учет основных средств”, москва –1990, “Финансы и статистика”

  21. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Фининсовый анализ. Москва –1995г

  22. Баканов М.И. Шеремет А.д. Теория анализа хозяйственной деятельности. Москва –1987г.

  23. Радостовец В.К., Шмидт О.И. “Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп” Алматы., 2000ж

  24. А.А. Сәтмырзаев Б.Е. Укашев., Аудит теориясы., Алматы-2000ж Республикалық баспа кабинеті.

  25. М.Байдаулетов С.М. Байдаулетов “Аудит” Алматы “Қазақ университеті”2004ж

  26. “Контал” жауапкершіліг шектеулі серіктестіктің қаржы шаруашылық жағдайы туралы есебі

  27. “Контал” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 01.01.2005 жылғы бухгалтерлк балансы






1   2   3   4   5

Похожие:

Кіріспе iconИнфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе
Кіріспе 3
Кіріспе iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары
Кіріспе
Кіріспе iconIi мазмұны Кіріспе
Кіріспе «Геронтология және гериатрия» жас ерекшелігі физиологиясын, қартаю заңдылықтарын, егде және қарттык кезеңдегі ауруларды зерттейтін...
Кіріспе iconПән: «клиникалық медицинаға кіріспе»
Силлабус ішкі аурулары пропедевтикасы кафедрасымен 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Медиициналық клиникаға кіріспе»...
Кіріспе icon«Мамандыққа кіріспе» пәнінен барлық мамандық студенттеріне арналған
ПОӘК оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Мамандыққа кіріспе» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Кіріспе iconШетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар
Т93 Тіл біліміне кіріспе: дәрістер конспектісі/құраст. О. Қ. Жармакин. –Павлодар, 2007. – 81б
Кіріспе icon«Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы
«жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені
Кіріспе iconДәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік
Халық саны жыл сайын 12ж милрядқа өсуде. Африкада мемлекетде азық тапшы. Дүние жүзінің көп бөлігін азық құрайды. Балық шаруашылығы...
Кіріспе iconКіріспе: Экология ғылым ретінде анықтамасы
Кіріспе: Экология – ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, есептері және әдістері. Экологияның даму тарихы. Экология – табиғатты...
Кіріспе iconҚорытынды
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница