Кіріспе




НазваниеКіріспе
страница3/5
Дата конвертации12.02.2016
Размер0.92 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/02/Дип.-бухгалтерлік-есеп-“Контал”-ЖШС.doc
1   2   3   4   5

Шартты белгілері


Код

әріптік

Сандық

1

2

3

4

1

Жұмыс сағаттары (күндері)

Я

01

2

Түңгі жұмыс сағаттары

Н

02

3

Кешкі жұмыс сағаттары

ВЧ

03

4

Мерзімнен тыс жұмыс сағаттары







5

-кесімді қызметкер үшін

С

05

6

-мерзімді қызметкер үшін

СП

06

7

Кесімді қызметкердің толық сменалық мерзімді жұмысы

Ц

07

8

Қызмет бабындағы іссапарлары

К

10

9

Жыл сайыңғы демалыстар

ОТ

14

10

Жұмысқа уақытша жарамсыздығы


Б

17

11

Екіқабат болуға және бала табуға

байланысты берілетін демалыстар

Р

18

12

Қызметкердің кінәсінан болған толық сменалық кідірістер

П

20

13

Қызметкердің кінәсінан болған

сменалық кідірістер

В

21



2.2 Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны


Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбек ақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:

    • тарифтік кесте;

    • тарифтік еңбекақы мөлшері;

    • тарифтік мамандық анықталады.

Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалды. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшылармен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай оларға тариф бойынша әртүрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қайсаласыныда болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылықпен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифтік әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі және жұмысшылар мен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.

Тарифтік кестеде – жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатынасы айқындалады. Тарифтік кестеде: тарифтік еңбекақы (сағаттық, күндік, айлық) осы өндіріс саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Жоғары дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекке төленетін еңбекақы мөлшерімен осы қарастырып отырған дәрежелі еңбектің арақатынасының тарифтік коэффицентін, бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы төленетін еңбекақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.

Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді және мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді.

Тарифтік мерзімді еңбекақы мөлшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша бір сағатқа белгіленген немесе сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілетін өнім мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу үдірісін (процесін) жүргізу кезінде анықталады.

Өнім өндіру есебі ең алдымен орындалған жұмыстың, операцияның, өндіріп шығарған өнімнің саны мен сапасына қарай кесімді еңбекақыны есептеу үшін және жұмысшылар мен қызметкерлердің жекелік және топтық еңбек өнімділігіне бақылау жүргізу үшін керек. Өнім өндіру есебі негізінде тек қан кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар мерзімдік еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге де сандық және сапалық көрсеткіштердің артығымен орындалуына қарай жекеленген сыйақы төленеді. Жекеленген жұмысшылар мен қызметкерлер кесімді еңбекақысына қосымша өнім өндіру негізінде мөлшерлі тапсырманы орындағаны үшін сыйақы алады.

Өнім өндіру есебі әрбір кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруға және оларға есептелініп төленетін еңбекақы түріне байланысты. Кәсіпорындардың еңбекті ұйымдастыру көбіне ғылыми-техникалық даму деңгейіне және оларды тиімді пайдалануға, т.б байланысты болып келеді. Еңбекті жаңа техникамен жабдықтау, механикаландырылған, автоматтандырылған, өндірістің пайда болуына себебін тигізді. Ғылыми-техникалық прогрестің дамыған жағдайында қол еңбегін пайдалануды көп қажет ететін механикаландырылмаған өндіріс автоматтандырылған кешенді салаға айналады. Оларда қол еңбегі біртіндеп азайып, еңбектің ұйымдастырылуына жаңа техника мен технология өз әсерін тигізеді. Бұл айтылмағандардың іске асуы, яғни қолданылуы өнім өндіру есебін ұйымдастыруға өздерінің әсерін тигізеді.

Кәсіпорындарда өнімдердің өндіріп шығарылуы және жұмыстың орындалуы жайлы алғашқы құжаттарда мынадай мәліметтер мен ақпараттар болуы қажет:

    • орындалған жұмыстың аталуы;

    • оның қабылданған уақыты яғни күні, айы, жылы;

    • өндірілген өнімнің саны мен көлемі;

    • өнімді өндіруге, жасап шығаруға және жұмысты орындауға кеткен уақыт;

    • орындаушы жұмысшылар мен қызметкерлердің табельдік нөмірі немесе бригаданың нөмірлері;

    • цех бөлімшесінің шифрлары және оларға есептелген еңбекақы түрі.

Булар бойынша одан кейінгі уақыттарда жұмысшы және қызметкерлермен есер-айырысу жүргізіліп, сонымен атар өндіріліп шығарылатын өнімдер мен істелген жұмыстар бойынша төлем сомаларының мөлшері анықталады.

Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдарда өндіріс түрлеріне байланысты еңбек пен еңбекақы мөлшерінің есебін қолдануға сәйкес өнім өндіру есебінің әр түрлі жүйелері қолданылады. Олардың ішінде:

    • Жұмысшылар мен қызметкерлерге әрбір операция бойынша істелген жұмысы мен өндірген өнімнің саны мен сапасына сәйкес жеке-жеке еңбекақы есептен және оны төлеу жүйесі. Бұл дүйе бойынша керекті мәліметтерді жеке жұмысшылар мен қызметкерлердің істеген жұмысына байланысты әр цех бөлімшелері толтырған алғашқы құжаттардан алуға болады.

    • Өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстың жалпы көлемін ең соңғы операция орындалғаннан кейінгі анықтау жүйесі. Бұл жұйе бойынша бөлімшелер мен цехтардағы барлық жұмысшылар мен қызметкерлердің атқарған қызметі мен орындалған жұмысына бір жолды және жинақтаушы құжаттар толтырылады.

- Еңбек пен еңбекақыны өндірістің түріне қарай қолданудағы тағы бір жүйе – түгендеу жүйесі болып табылады. Бұл жүйе бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің жеке-жеке өндірген өнімінің, істеген жұмысының көлемінің санын анықтау үшін әр операциялардан кейінгі өндірілмей, аяқталмай қалған өндіріс қалдықтарына түгендеу жұмысы жүргізіледі.

Операцияла рбойынша қабылдау жүйесі жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдерін әр операцияны орындағаннан кейін ұйымның техникалық бақылау бөлімі қаблылдап, санап алғаннан кейін, ол туралы ақпаратты мәліметтерді алғашқы құжаттарға жазуды қажет етеді. Бұл жүйе бойынша көбірек қолданылатын алғашқы құжаттардың түрі “кесімді жұмыс” наряды болып табылады. Бұл құжат жұмыс орындалмай, яғни басталмай тұрып толтырылады және жұмысшылар мен қызметкерлерге беріледі. Тапсырма орындалғаннан кейін бұл нарядқа нақты өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстың саны, көлемі жазылып, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысын есептеу үшін кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырылады.

Кәсіпорын бойынша өндірілген өнімге, істелген жұмысқа күнделікті наряд жазу жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу жұмысын қиындатып жібереді. Оның үстіне нарядтар бойынша төленетін еңбекақы мөлшерін цехтардағы, бөлімшелердегі өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың көлемімен сай келуі бақылауға, салыстыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да өнім өндіру есебінің жаңа прогресивті еңбек сіңіруді жеңілдететін жүйесін енгізу қажет. Іс жүзінде жекеленген жұмыс нарядының орнына айлық немесе екі апталық жинақтаушы нарядтарды қолдану арқылы құжаттың санын азайтуға болады. Кәсіпорындарда өнім өндіру жайлы мәліметтер мен ақпараттар тек қана наряд арқылы жазылып қана қоймай, сонымен қатар өндірілген өнімнің жылжыуы яғни олардың қозғалысын бір операциядан келесі операцияға аусуын бақылау үшін және олар үшін толтырылатын құжаттардың санын азайту мақсатында маршруттық қарталар (карточкалар) тәжірибеде кеңінен қолданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі сериалы өндірісті машина жасау зауыттарының цехтар мен бөлімшемелерде кеңінен қолданылады. Бұл маршруттық картоларда (карточка) бір тектес материалдардан дайындалатын детальдар мен бөлшектердің барлық технологиялық үдерістерден өтіп қоймалы тапсырылғанға дейінгі қозғалысы жазылып отырады.

Кәсіпорының бақылау бөлімі өндірісте өндірілген, жасалып шығарылған өнімнің сапасы мен саның тексеру мақсатымен қатар болған ақауларды анықтап отырады және сонымен қатар бұл тауарлы мәліметтерді өнім өндіру жайлы құжаттарға жазып отырады. Өндіріс цехтары мен бөлімшемелерде өндірілген өнімнің әрбір топтарына бөлек маршруттық карта жазылады. Бұл маршруттық картада өндірістің осы топтағы өндірген өнімнің саны көрсетіліп бақылау бөліміне жіберіледі. Ал бөлімнің бақылаушысы картаға топты, яғни өнімдерді тексері барысында анықталған ақау немесе келшілігі бар өнімнің санын және оны жіберген (өндірген) жұмысшының табелінің нөмерін көрсетіп қол қояды.

Өндірілген өнімнің топтары бір бөлімшеден немесе цехтан екінші бөлімшеге, цехқа берілгенде оларға қоса маршруттық картаны жіберіп отырады. Егер топтағы өнімдер бөлініп кететін жағдайда жаңадан маршруттық карта жазуға тура келеді. Маршруттық карта сонымен қатар өндірілген өнімдердегі кездесетін ақаулардың қай жұмысшының кінәсінан болғанын анықтап жазып отыруға және өндірілген өнімнің санының дұрыс жазылуындағы (қате болмауын) бақылау жұмыстарын жеңілдетуге арналған. Маршруттық картрлар жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеуде өз алдына дербес карта ретінде пайдаланылады.

Кәсіпорындарда көп жағдайларда еңбекті ұйымдастырудың бригадалық түрі кеңінен қолданылады. Шаруашылықта өндірістік бригадалық топ құру өндірген өнімді есептеу жұмысын жеңілдетеді, сондай-ақ толтырылатын құжаттардың саны азаяды. Бригада бойынша еңбекақы есептелетін жағдайда да өндіріліп шығарылған өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесінің есебін алу жеткілікті болады. Өндірілген өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесі бойынша бойынша кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу техникалық бақылау бөлімінің қызметінің ең соңғы тексеру операциясынан өтіп, қоймаға тапсырылған және басқа жаққа қоймаға алынбай таратылып жіберілген, яғни басқаларға берілген, сатылған, тиеліп жіберілген дайын өнімнің , істелген жұмыстың саны мен сапасына қарай есептеледі.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге жоғарыда айтылғандай еңбекақыны есептеу және төлеу үшін ұйымдарда жинақтаушы құжаттар мен бригаданың өнім өндіру тізімдемесін (ведомосін) қолдануды қажет етеді.

Көпшілік өндіріс орындарында, әсіресе үздіксіз өндірістерде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақыны өндіріліп шығарылатын өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесі (операциясы) бойынша есептеу кеңінен қолданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі кәсіпорында өндірісті дамыту, өнімділікті арттыру үшін,

сондай-ақ өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстың көлеміне қосымша ақпараттар жазуға жол бермеу үшін қолданылады. Еңбекақының істелген жұмыс уақытына қарай, яғни мерзімді еңбекақыны төлеу нысаны (формасы) жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмыс істеуге белгіленген уақыт ішінде еңбек өнімділігін арттыруға айтарлықтай ынталандырмайды. Сондықтан да көптеген өндіріс орындары, яғни ұйымдар еңбекақыны мөлшерленіп белгіленген тапсырманың орындалуына қарай отырып төлейтін түріне көшті. Бұл жұмысшылар мен қызмтекерлерге мерзімде еңбекақы төлеу жағдайында да өнім өндіруге мөлшерленген тапсырманың орындалуын қажет етеді. Сонымен қатар тапсырманы уақытылы орындағаны және еңбек өнімділігін арттырғаны мүшін жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйлықтар мен сыйақылар, тағы басқалар беріледі.

Үздіксіз еңбек үдерістері ұйымдастырылған көп сериялы өндіріс орындарында өнім өндіру есебінің инвентарлық жүйесі қолданылады. Бұл жүйе бойынша жұмыстың яғни сменаның соңында (аяғында) өндірілген өнімнің саны мен көлемін анықтау үшін әр операция бойынша өңделмей қалған детальдардың қалдығына түгендеу жүргізіледі. Кәсіпорындарда жұмыс істейтін әрбір жұмысшының өндіріп шығарған өнімнің саны мен көлемін анықтау үшін смена кезінде өңдеу үшін алынған детальдар мен бұйымдардың санын қосып осы қосындыдан сменаны тапсырған уақыт барысында өңделмей қалған бұйымдар мен детальдардың санын азайту керек. Осының негізінде өндіріліп шығарылатын өнімдердің санын тиісті құжаттарға жазып отырады. Ұйымдарда кейбір кездерде әр түрлі себептермен өңдіріске керекті материалдық құндылықтардың, жабдықтардың дер кезінде болмауына байланысты жұмысты орындауға, өнімді өндіріп шығаруға қолайсыз, сапасы жағанан немесе физикалық, химиялық қасиеттермен талаптарға сай келмейтін материалдық-құндылықтарды пайдалануға тура келеді. Кейбір жағдайларда ондай материалдық-құндылықтарды пайдалану алдын ала өңдеуді қажет етеді. Сондықтан өндіріске басқа материалдар мен жабдықтарды қолдану істелетін жұмыстың белгіленген әдеттегі уақытында аяқталмауына әсерін тигізеді. Бұған белгіленген мөлшерде қосымша уақыт қажет болады. Сондықтан да ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге қосымша еңбекақы есептеліп төленуі тиіс. Кәсіпорындағы жұмыстың былай ауытқуына қосымша төленетін еңбекақыға мастер, прораб немесе бригадир, яғни ұйымдағы наряд толтырушы адам қосымша еңбекақы төлемін төлеу құжаттарын толтырылады. Бұл құжатқа негізгі еңбекақы есептеу үшін толтырылатын нарядтар мен алғашқы құжаттардың нөмірі жазылады. Егер әдетте техникалық ауытқуы қосымша операцияны қажет ететін болса онда бұндай жұмыстарға ерекше белгісі бар (қиғаш сызық түскен) нарядтар толтырылады. Қосымша төлеу құжатында жоспарлардан тыс өңдеу операциясына төленуге тиісті еңбекақымен қатар, қосымша төлем төлеудің себептері де жазылып көрсетілуі тиіс.


2.3 Жалақыдан ұсталынатын ұсталымдар


Жалақы - бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім-шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.

Еңбек тиімділігі арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқана: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, ˝Еңбекақы төлеу туралы˝ ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін , “Қызметкер туралы” ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастырумен еңбек келісім-шартын жасау үшін ғана емес, сондай-ақ, ол шығыстармен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке және ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.

Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгіленген жалақасының деңгейі заңда белгіленген ең төмеңгі жалақының деңгейінен төмен болмауы керек.

Іс жүзінде еңбек ақы ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады – кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (істеген күніне қарай төлеу). [23,354 бет]

Мерзімді еңбек ақысы деп, нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының (айлығының) мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын айтады. Мерзімдік еңбек ақының нысаны жай мерзімділік және сыйақылы-мерзімділік болып бөлінеді.

Жай мерзімділік жүйесінің кезінде өзіне берілген (иеленген) тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыты бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы есептейді. Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша еңбек ақы сыйақылы-мерзімділік төлем болып табылады.

Кесімді еңбек ақы төлеген кезде алдын – ала белгіленіп қойған деңгейде әзірлеген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді (дана , ткм , килограмм тб) . Кесімді еңбек ақы нысаны келесідей еңбек ақы жүйесіне бөлінеді:

Тікелей кесімді еңбек ақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді ;

Кесімді-сыйлық – бұл қосымша марапаттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;

Кесімді – прогрессивті (үдемелі) еңбек ақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады.Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді;

Жанама кесімді еңбек ақы төлемі . Мұнда қосалқы және басқада жұмысшылардың еңбек төлемі қызметін көрсететін учаскесінің, цехтың негізгі жұмысшылардың төлем-ақысына шаққандағы процентімен анықталады ;

Еңбек ақы төлемінің аккортық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің орындалуы және алдын-ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланылады. [23,355бет]

Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар. Жұмыс беруші еңбеккердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды : міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын (сот үкімінің қағаздары бойынша), сондай-ақ еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қоса олардың (еңбекерлердің) келісімінсіз : қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін т.б. ұсталымдар ұсталады.

Серіктестікте еңбек ақы төлеу тізімдемесі бойынша итогы 8405175.00 т.

Ұсталынатындар:

Алимент 4300т

Пенсионный фонд 731899.6 т (10%)
1   2   3   4   5

Похожие:

Кіріспе iconИнфляция: пайда болу себептері, салдары және онымен күресі жолдары Мазмұны Кіріспе
Кіріспе 3
Кіріспе iconМазмұны Кіріспе і-тарау. Америка мен Жапонияның тарихы, саясаты және тарихи-саяси қарым-қатынастары
Кіріспе
Кіріспе iconIi мазмұны Кіріспе
Кіріспе «Геронтология және гериатрия» жас ерекшелігі физиологиясын, қартаю заңдылықтарын, егде және қарттык кезеңдегі ауруларды зерттейтін...
Кіріспе iconПән: «клиникалық медицинаға кіріспе»
Силлабус ішкі аурулары пропедевтикасы кафедрасымен 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Медиициналық клиникаға кіріспе»...
Кіріспе icon«Мамандыққа кіріспе» пәнінен барлық мамандық студенттеріне арналған
ПОӘК оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Мамандыққа кіріспе» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Кіріспе iconШетел филологиясы кафедрасы О. Қ. Жармакин тіл біліміне кіріспе гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің конспектісі Павлодар
Т93 Тіл біліміне кіріспе: дәрістер конспектісі/құраст. О. Қ. Жармакин. –Павлодар, 2007. – 81б
Кіріспе icon«Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы
«жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешені
Кіріспе iconДәріс кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік Кіріспе. Балық шаруашылығы туралы түсінік
Халық саны жыл сайын 12ж милрядқа өсуде. Африкада мемлекетде азық тапшы. Дүние жүзінің көп бөлігін азық құрайды. Балық шаруашылығы...
Кіріспе iconКіріспе: Экология ғылым ретінде анықтамасы
Кіріспе: Экология – ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, есептері және әдістері. Экологияның даму тарихы. Экология – табиғатты...
Кіріспе iconҚорытынды
Кіріспе
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница